Мақта шиті тұқымын себуге арналған себу аппараты



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.04-08
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Елемес Еркебұлан Бауыржанұлы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы

мамандығы 5В080600 - Аграрлық техника және технология

Шымкент, 2016
Ф.7.04-09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
т.ғ.к., Г. С. Кенжибаева
__________________
"_____"______2016ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы

мамандығы 5В080600 - Аграрлық техника және технология

Орындаған Елемес Е. Б.

Ғылыми жетекшісі
т.ғ.к., доцент Манабаев Н.Т.

Шымкент, 2016
Ф.7.04-10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебі
Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы
Мамандығы 5В080600 - Аграрлық техника және технология

БЕКІТЕМІН
Су ресурстары, жерді
пайдалану және агротехника
Кафедрасы меңгерушісі _____________Г.С. Кенжибаева
"_____"____________2016 ж.

Дипломдық жоба орындауға
ТАПСЫРМА №2

Студент Елемес Еркебұлан АП -12-3к1
Жоба тақырыбы: Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы
Университет бойынша 16.11.2015 ж. №3-221 С бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі 28.04.2016 ж.
Жобаның бастапқы мәліметтері: Мақта шиті тұқымын себуге арналған себу аппараты
Дипломдық жобаны орындауға қатысты сұрақтар тізімі:

1.Мақта себу сепкішінің конструкциясы мен оның жұмысшы органдарына шолу.
2. Мақта себу аппараттарының ерекшеліктері.
3. Дискілі дәл себу аппараты сеялкасының ерекшелігі.
4. Мқта себу аппаратының ұяшық жасайтын қондырғысы.
5.Себу аппараттарын зерттеулерге қысқаша шолу.
6 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері.

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ


Бөлімдер
Кеңесші Т.А.Ә. қолы
1
2
3
1
Аналитикалық бөлім
Манабаев Н.Т.
2
Технологиялық бөлім
Манабаев Н.Т.
3
Тіршілік қауіпсіздігі
Манабаев Н.Т.
4
Экология
Манабаев Н.Т.
5
Экономика

6
Бизнес-жоспар

Графикалық материалдардың тізімі:

1.Алғашқы мақта егу құралы
2.Атқа жегетін мақта сеялкаларының соңғы конструкциясы
3.Мақта егуге арналған СЧХ-4Б сеялкасы
4.СЧХ-4Б сеялкасының техникалық сипаттамасы
5.ССК сеялкасының себу аппараты
6.Пневматикалық себу аппараты
7.СТВХ және СТХ-4сеялкелерінің себу аппараты
8.Ұяшық ұзындығы мен тұқымның салыстырма жылдамдығын негіздеу
6Экономикалық бөлім.

Ұсынылған негізгі әдебиет
1.Халанский В.И., Горбачев И.В. Сельскохозяйственные машины. - М.: Колос, 2004.
2.Программа по развитию агропромышленного комплекса в республике Казахстан на 2013-2020 годы (агробизнес - 2020). Астана, 2012.
3.Сеялка точного высева хлопковая СТХ-4. Руководства по эксплуатации, М.: Машгиз,1966.
5.Рудаков Г. М. Опанасенко Н. Ф. О высевающем аппарате для точного скоростного высева хлопчатника. Механизация хлопководства, 1967, №4.

Тапсырманың берілген күні 16.11. 2015ж.
Дипломдық жоба ғылыми жетекшісі ____________________ Манабаев Н.Т.
Тапсырманы орындауға алған студент ___________________ Елемес Е. Б.

Ф.7.04-11
Дипломдық жобаны орындауға
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ


Бөлімдер
Орындалу
%
Орындау мерзімі
Тапсырма
берілген күн
Тапсырма
орындалған күн
Кеңесші қолы
1
Кіріспе
5
5 күн
16.11.2015
21.11.2015

2
Аналитикалық бөлім
15
40 күн
22.11.2015
31.12.2015

3
Технологиялық бөлім
40
40 күн
01.01.2016
10.02.2016

4
Тіршілік қауіпсіздігі
5
15күн
11.02.2016
26.02.2016

5
Экология
5
15 күн
27.02.2016
13.03.2016

6
Экономика
10
20 күн
14.03.2016
04.04.2016

7
Бизнес-жоспар
10
20 күн
05.04.2016
25.04.2016

8
Қорытынды
5
1 күн
25.04.2016
26.04.2016

9
Пайдаланған әдебиет
5
2 күн
26.04.2016
28.04.2016

Жалпы
100

Дипломдық жоба жетекшісі ____________________________
(күні,қолы)

Дипломдық жоба орындаушы _________________________
(күні, қолы)
Норма бақылау ___________________________________ ___
(күні, қолы)

Аннотация

Жоба тақырыбы: Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы, студент Елемес Е. Б., ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Н.Т. Манабаев, қорғау мерзімі 2016 ж.
Жоба тақырыбы Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы тақырыбына жазылған дипломдық жоба 6 бөлімнен, 24-кесте, 19-сурет, 61-теңдеу, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
Студент Елемес Е., ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Н.Т. Манабаев, қорғау мерзімі 2016 ж.
Дипломдық жоба мақсаты мақта шаруашылығы өндірісін ілгері қарай дамыту жолында мақта өсіру шаруа қожалық жағдайында озық технологияны қолдану негізінде энергия сиымдылығы аз технологияларды пайдалану арқылы қажетті техника түрін пайдалануды дұрыс ұйымдастыру болып отыр.
Дипломдық жобада мақта өсіретін шаруашылық жағдайында машина пайдалануды ұйымдастыру, мақта дақылын сепкіштің себу аппаратын жетілдірілген нұсқасын жобалау қарастырылған.
Дипломдық жобада дақыл тұқымын сепкіштің себу аппаратын жетілділдірілген нұсқасы ұсынылады және есептеулері келтіріледі.
Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау шаралары қарастырылды. Жобаның экономикалық тиімділігі негізделіп берілді. Бизнес-жоспар жасалынды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
1.1 Мақта өнімінің өндірістік сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
1.2 Маркетингтік стратегия және нарық талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
1.3 Мақта себу сепкішінің конструкциясы мен оның жұмысшы органдарына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.4 Американдық сеялканың ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
2 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
2.1 Мақта себу аппараттарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23 2.2 Мақта себу аппаратының ұяшық жасайтын қондырғысы ... ... ... ... ... ... . 30 2.3 Себу аппараттарын зерттеулерге қысқаша шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.4 Бір тұқымды ұяшық формасын таңдау негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 39
2.5Тұқым өлшеміне байланысты ұяшық өлшемдерімен пішіндерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
3 Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
3.1 Өндірістің әлеуметтік қауіптілігі және зияндылығын талдау ... ... ... ... .. 54
3.2 Көлемдік жоспарлау шешімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 55
3.3 Электр қауіпсізді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
3.4 Өртке қарсы іс-шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 57
3.5 Азаматтық қорғаныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
4 Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
4.1 Қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу учаскесінің жұмысын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60
4.2 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
5 Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 65
5.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 66
5.2 Экономикалық тиімділігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 67
6 Бизнес-жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
6.1 Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
6.2 Түйіндеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 72
6.3 Кәсіпорынның сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 73
6.4 Өндірістік жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
6.5 Ұйымдастырушылық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
6.6 Қаржылық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 79
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі құжаттарға сілтемелер жасалған.
1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2.Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы.
3.Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Заңы құжаттары.
4. ОСТ-70.4.2-80 Ауыл шаруашылығы техникасын сынау. Топырақты беттік өңдеу машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері.
5. ОСТ -70.12.1-84 Мелиоративтік және суғару машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері.
6. Техника сельскохозяйственная. Методы эксплуатационно-технологической оценки. Техника сельскохозяйственная. Методы экономической оценки.
7. ГП 902-2-403,86 құжаттары.
8. СН и П 11-33-85 құжаттары.
9. МЕСТ 17.2.3.02-78 құжаттары.
10. ТП 903-1-212.84 бойынша қара көмірдің ең үлкен шығынын есептеу.

Анықтамалар

Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі терминдерге анықтамалар берілген.
Топырақтың қаттылығы - оның табиғи күйінде сығылу мен сыналануға қарсыласу қабілеті.
Микробедер жасау - жырту қабатының қалыңдығын күшейту, топырақ пен атмосфера арасындағы газ айналымын жақсарту және топырақтың тез қызуын қамтамасыз ету.
Араластыру технологиялық операциясы - топырақ түйіршіктерінің өзара орналасуын өзгерту.
Топырақты тегістеу - беткі қабатының кедір-бұдырлығын жою.
Топырақ қопсыту - оның көлемін ұлғайту.
Профиль - топырақтың жырту қабаты кескінінің өзгеруі.
Гумусы молырақ - құнарлылығы жоғары.
Технологиялық операциялар - өсімдіктерді тіршілігіне қажетті жағдайлармен толық қамтамасыз етуде топырақты өңдеу.
Топырақты аудару - оның өңделетін жоғары және төменгі қабаттарының орындарын тік бағытта өзара алмастыру.
Биологиялық фактор - (микроорганизмдердің тіршілігі) әсерінен топырақтың беткі қабатында микробиологиялық процестер жақсы жүріп, өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қорының молаюы.

Белгілер мен қысқартулар

АШК - ауыл шаруашылық кешені;
108-Ф - мақта тұқымының сорты;
СТВХ- қолданыстағы сепкіш маркасы;
ШҰК-шекті ұйғарымды концентрация;
ШМК-шектік мүмкін концентрация;
ТҚК-техникалық қызмет көрсету;
АЖ-ағымды жөндеу;
МТС-машина трактор станциясы;
ВП-8- жер тегістегіші;
МВ-6-мала тегістегіші.
ПД-4-35- аспалы түрен;
ПД-3-35- аспалы түрен;
П-5-35- тіркемелі түрен;
БДТ-2,2- дискелі тырма;
РУМ - органикалық тыңайтқыш себу машинасы;
АРУП - 8 минерал тыңайтқыш себу машинасы;
АБА - 0,5 автомобилді минерал тыңайтқыш себу машинасы;

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентінің елімізді бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына енгізу мақсаты мен республикамыздың Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған кезеңде - бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр.
Жұмыстың актуалдылығы. Ауыл шаруашылығы өндірісінде бұл негізінен ауыл шаруашылығы машиналарының жаңа түрлерін жасау мен енгізумен және технологиялық процестерді орындайтын құралдарды аз энергия мен материалдар шығынымен жасаумен байланысты болады.
Ендеше өнімді өнімділігі жоғары технологиямен өндіруге көшу аграрлық өндірістің басты стратегиясына айналуы тиіс. Жаңа конструкциялар мен технологияларды өндіріске енгізу неғұрлым жоғары деңгейде жүрсе, аграрлық сала жұмыс да соғұрлым баянды болмақ, оған тиетін сыртқы қолайсыз ықпалдың теріс әсері жоққа саналмақ. Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы қазіргі таңның өзекті мәселесінің бірі болмақ.
Жұмыстың ғылымилығы. Машиналы технология мен техникалық құрал кешенін ауылшаруашылық өндіріске енгізудің ғылымилығы технологиямен техникаға ғылыми-зерттеу институты, машина сынау станциясы, т.б. қойған агро - және зоотехникалық талаптың әрдайым басымдылығы, технология мен техниканың бейімделушілігі; техникаға деген мұқтаждықты анықтау және оның коммерциялық сипаттамасына баға беруде маркетингтік зерртеудің жүргізілуі; жаңа техниканы ойластыру, жасап шығару және өндіріске пайдалану қызметін ұйымдастыруға әлеуметтік тапсырыста көрсетілген мерзімдегі біртұтас өндірістік процесс ретінде қарау.
Жұмыстың маңыздылығы. Агротехнология мен машиналар кешенінің одан әрі жетілуі, аграрлық сектордағы отандық және шетел ғалымдары мен практиктерінің еңбегін, ауылшаруашылық техникаларын дұрыс пайдалану агроинженердің біліктілігіне де тікелей байланысты. Жұмыс аграрлық сектордағы агроинженер мамандарының біліктілігін жоғарылатуда айтарлықтай маңызға ие.
Жұмыстың мақсаты. Сонымен бұл жобаның негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы шаруа қожалықтары жағдайында жаңа технологияларды қолдану, механикаландыру деңгейін жоғарылату негізінде егістікті өңдеу технологиясын жетілдіру және мақта шиті сепкішінің себу аппаратын жетілдіруге арналған қондырғыны жобалау болып отыр.
Жұмыстың тапсырмалары. Ауыл шаруашылығының тиімділігі еңбек өнімділігімен сипатталады Еңбек өнімділігін өсірудің дәйектігі бір жолы - ауыл шаруашылық өндірісін жарақтандыру. Өндірісті жарақтандырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі - шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі - сол техниканы ұтымды пайдалану. Машина пайдаланудың түпкі мұраты - дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, жарақталған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Жоғарыда атаған мәшине пайдалану ісінің әрқайсысы осы мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрбіреуінің өзіндік атқару технологиясы, техникасы, инженерлік қызметі мен материалдық - техникалық қоры бар. Жұмыс сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жабдықтау тапсырмасын орындайды.
Зерттеу объекті. Жоғарыдағылардың бәрін түпкі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды жолын мәшине пайдалануды ғылыми зерттеп, мақта шиті сепкішінің себу аппаратын жетілдіру, оның технологиялық, техникалық және ұйымдастыру шарасын белгілеу.
Еліміздегі Ауыл жылдары бағдарламасының жүзеге асырылуынан кейін және бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірудің стратегиялық бағыттары бойынша тұралаған ауыл шаруашылығын қайтадан қолға алу, ауыл шаруашылығын заманға лайық кең де терең реформалауға байланысты машиналы агротехнология мен оның техникалық құралын жүйелілік тұрғысынан жасау мұқтаждығы, бұрынғыдай жекелеген машиналы емес, машиналардың соңғы әрі келешектегі технологиялаларға негізделген кешенін ауылшаруашылық өндіріске енгізу қажет болып отыр. Сондықтан, зерттеу объекті мақта шиті тұқымын дәл себетін дискілі аппараты болып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында суғармалы егіншілік алқабын ұлғайту ұсынылған - бұл келешекте мақта, қызылша, дән, көкөніс, т.б. ауыл шаруашылық дақылдары көлеміннің кеңейуіне, азық-түлік өнімін арттырудың үлкен қоры.

1 Аналитикалық бөлім

1.1 Өндіріс саласындағы мақта өнімінің сипаты

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-шикізаты ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің 17% салыстырмалы салмақты құрайды.
Мақта талшықтары өсірілетін шикізаттың ең басты түрлерінің бірі тоқыма өнеркәсібінің және кең көлемде автомобил өнеркәсібінде, авиацияда және өндірістің басқа да салаларында қолданылады. Ол әртүрлі маталарды дайындауда қолданылады (ситец, сатин, бумазея, маркизет), трикотаждан тігілген киім, сызба маталар, жіптер, арқан т.б. Мақта талшықтары мен жүн араластырып жіңішке жартылай жүн маталар тоқылады.
Қысқа талшықты мақталар декоративті маталар тоқуда қолданылады, көрпе, вафельді сүлгілер. Шит сыртындағы талшықтардан жұқа киіз, дайындалған мақта, білте, пластмасса, целлюлоза, фотапленка, қағаз, метал үшін лактер жасалады. Мақта шитінен өсімдік майы, сабын, темірді майлау майлары, глицирин, стеарин алынады. Мақта күнжарасы - бағалы байытылған жануарлар үшін дайындалған жем, оның құамында 40% белок бар. Мақта шиті қабығынан этилді және метиді спирттері, лимонды қышқыл, сонымен қатар қағаз өндіріледі.
Қазақстан мемлекетінің мүмкіндігі тоқыма индустриясын дамытуға қабілетті. Мақтаның иірілген жібінен орташа шығуы - 88% талшық құрайды.
Жіптің басты қолданылу облысы: мата өндіру, трикотаж және шұлық өнімдері.

1.2 Мақта өндіру бойынша маркетингтік стратегия және нарықтық талдау

Мақта өндіруші басты мемлекеттер Қытай (20%), АҚШ (18%), Индия (13%), Пакистан (8%); әлемдік мақта өндірісі көлемінің ТМД елдері 8%, Өзбекстан үлесіне 5%. Әлемдік ірі мақта экспорттаушы мемлекет АҚШ, оның үлесі шамамен 40%.
Әлемдегі ірі мақта өндірушілердің бірі Өзбекстан болып табылады және жоғары сапалы талшықтарын өндіреді (мақта өндіру жағынан алтыншы орын 4,2% және мақта талшықтарын экспортқа шығарудан екінші орын 10,6%). Жылсайын 3,6 млн. тонна мақта-талшығын өңдейді. Оның ішінде 95% ортаталшықты ұзындығы 32-33 мм, қалған ұзынталшықтылар экспортты құрайды.
ТМД елдері жер аймағында мақта өндірушы алып мемлекет: Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Азербайжан, Қырғызстан және Қазақстан.
Қазақстан мақта-талшығын өсіруден 26 орынды иеленеді, оның құрамы 673 кгга, мақта-шикізаты - 22,5%, егу ауданы бойынша 25 орын (205 мың га) және жалпы талшық жинау -26 орын (118 мың тонна) мақта-шикізатының өнімділігі Австралияда 56,7 цга, Израйлде 49 цга, Өзбекстанда 25 цга, ал Қазақстанда -23 цга.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы болып табылады.

1.3 Мақта шиті тұқымы сепкішінің конструкциясы мен оның себу аппаратының жұмысына шолу

Мақта сеялкасы алғаш рет Орта Азияда 1912 жылы қолданылды. Бұл атқа жегіп қолданылатын бірқатарлы сеялканы АҚШ өндірісінде өндірілді. Оның ішінде ең көп тарағаны әр түрлі модификациядағы Кантон және Баннер сеялкасы (1 суретте). Кантон сеялкасы 155 мыналардан тұрады: рамадан, жүріс доңғалағынан, жегу құрылғысынан, себу аппаратынан, түренді анкер типінен және загортач қызметін атқаратын екі қопсытқыш табанынан тұрады. Себу аппараты - вертикаль айналу осі бар банкалы катушкалы айналдырғыштан тұрады. Аппарат бірнеше жетілдірілуден соң барлық мақта сеялкаларында кеңінен қолданысқа ие болды.

Сурет 1. Баннер үлгісіндегі америкалық мақта егу құралы

1924-1929 ж.ж. Совет Үкіметінің заводтарында атқа жегілген сеялкалардың сол типтегі жетілдірілген үлгілері шығарыла бастады, сонымен қоса Кантон 2 және Уртак сеялкалары Баннер сеялкасының модернизациясы. Кантон 2 сеялкасында анкерлінің орнына табанды түрен қолданылды және арнайы загортачтармен домалату катогы да қолданылды. Баннер сеялкасының Кантон 2 сеялкасынан айырмашылығы себу аппаратында, ол төмен жағы тарылған ағаш жәшіктен тұрады, орта жағына шыбықты айналдырғышы бекітілген, ал түбінде тілінген себу дискісі бар, ол қозғалмалы бүркеншіксіз шегеден тұрады.
1937ж және соғыс біткеннен соң Ташкентте атқа жегетін мақта сеялкаларының соңғы конструкциясымен СГК - 1 және СГК - 2 ұялы сеялкалары шығарылды (2 суретте). Сеялкалардың конструкцияларының айырмашылығы тор көзді дискісінің болуы, ол бір мезгілде себу аппартының ролін және ұялау аппаратының ролін атқарады.

Сурет 2. Атқа жегетін мақта сеялкаларының соңғы конструкциясы
СГК - 1 және СГК - 2 ұялы сеялкасы

Тракторлы сеялкаларды алғаш рет 1928-1929 ж.ж. қолдана бастады. Бұл сеялкалар Армавирдегі Армалит заводында және ФА-20, ФА-34,ФА-74, ФА-320 фирмаларында МҚЖМ АҚШ-та шығарыла бастады.
Армалит сеялка заводы сеялканы атқа жегуді екі қатарлы қылып шығарады, ал егуде тракторға екі сеялканы тіркейді. Кантон сеялкасының себу аппараты бір типті, ал түрендері бір дискілі. Рычакты механизмдегі топсалы рама, түренің жүрісіндегі тереңдікті реттейді. Конустың доңғалақ ободы тілінген жүріс доңғалақтарын түреннің артына орналастырады және ол бір мезгілде каток пен загортачтың ролін атқарады. ФА-20 және ФА-34 сеялкалары да қабатталған екі қатарлы сеялканы береді (3 суретте). ФА-20 сеялкасында шана табаны секілді түрендері бар және ұялап еге алатындығымен ерекшеленеді, ол үшін түренге клапан орнатылған және ол жұдырықшалы механизм арқылы жүргізіледі.
ФА-20 сеялкасының айырмашылығы мынада: әр екі қатарлы секция алдындағы доңғалақтың болуы, тереңдікті реттеу үшін винтті механизм, жұмысшы органын көтеру үшін және түренге екі дискілі беттік корпустарды орналастыру үшін автомат орнатады (борзданың түбіне егу үшін ). ФА-20, ФА-34 және ФА-320 сеялкасының жабдықталуы квадратты ұялап егу үшін бейімделеді және ол қалыпты сымның көмегімен жүргізіледі.

Сурет 3. ФА-34 сеялкасы

ФА-74 сеялкасы аталған екі сеялкадан айырмашылығы мынада: дискілі загортачымен және домалатылған катоктарының барлығынан, сонымен қоса дискілі пышақтың орнына орнатады. ФА-320 аспалы сеялкасы ФА-20 сеялкасы сияқты екі қатарлы секциядан тұрады Фармолл тракторының алдыңғы және артқы доңғалақтарына және жақтауларына асылған.
Ташсельмаш заводында отандық тракторлы сеялкалар ССГ (1934ж) және ССЖ (1936ж) шығарылды, олар КСРО-дағы мақта шаруашылығында кеңінен қолданылады.
ССГ сеялкасы екі қатарлы екі секциядан тұрады, олар егістік жердің бедеріне жақсы бейімделуі үшін шарнирлі қосылған. Оның рамасы үш жүріс доңғалағына сүйенеді, ол жалпы және алдыңғы білікке отырғызылады. Себу аппараты-банкалық катушка типті айналдырғышты жүріс доңғалағының қозғалтқыш білігінен алады. Түрендер-шана табанды-шектеулігімен шана табанды типін биіктігі арқылы реттеледі және қалақ тектес загортачты рычагты механизмнің көмегімен көтереді және домалау катогының толық майысқан доңғалақ ободы шарнирлі ілінген рамаға бекітілген және ол биіктігі жағынан орналасу мүмкіндігі бар, сонымен қоса топыраққа реттелген қысым беріледі.
ССЖ сеялкасы-ССГ сеялкасының модернизацияланған түрі оның айырмашылығы төрт жүріс доңғалағының бар болуы, түрендердің тереңделуінің мүмкіндігін жоғалтып, сонымен қоса қатар аралығындағы суару бороздаларын тілу үшін екі борозда тілгіштер қолданылады.
1937ж Ташсельмаш заводы жаңа өндіріс бастады, онда ССК жаңа мақта сеялкасының конструкциясы 1954 жылға дейін шығарыла бастады.
ССГ сеялкасымен оны салыстырғандағы негізгі ерекше ерекшеліктері мынадай. ССК сеялкасы орындықсыз екі доңғалақтан тұрады, ол сеялка рамасының ішінде орналасқан. Шана табанды түрендер табанының жеңілденген түрі төрт тағанды шарнерлі параллелограммға бекітілген, ал домалату катогы және загортачтары жеке шарнирлі ілінген рамада бекітілді және қысымы пружиналы мойыншаның көмегімен реттеледі. Осымен топырақ бедері жақсы және тұқымның терең әрі тегіс орналасуын қамтамасыз етеді. Жұмысшы органдарын көтеру және түсіру Универсал тракторының автоматы мен және қайтармалы серіппе арқылы жүргізіледі, сонымен қоса сеялкалар бұл операцияны автоматты түрде тракторшының көмегінсіз қайталағанда жүргізіледі. Сеялканың оң жақ доңғалағындағы себу аппарат тартпасын қосу және өшіру бір мезетте жүргізіледі.
Мақта сеялкасының конструкциясының әрі қарай дамуында ұялап себу, сонымен қоса шаршы-ұялап себу сеялкасын өндірдік. Бұндай сәтті үлгідегі бірінші ұялы - тіркеме сеялкасы СГ-4, мақташылықтағы ГСКБ машинасының конструкциясы тәжірибиелі партияда 1952ж шығарылды. СКГХ - 4 маркалы сеялкаға, шамалы модернизациядан соң және құрылғыларды жабдықтауға дейін квадратты ұяларды орналастырып, 1955ж бастап Узбексельмаш заводында шығарыла бастады.
СКГХ - 4 сеялкасы тік бұрышты қатқыл рамасынан тұрады, сонда екі сыртқы жүріс доңғалағы бар, сонда жәшік жинақталған, онда дән сақтағышы себу аппаратымен және ол шарнирлі төрт тағанды секциясының жұмысшы органдарын және бороздаларын, ССК құрылғыларына ұқсас құрылғыларды бекітеді. Әр түренге дискілі- қалақты вертикаль осьпен айналатын ұялау аппарат бекітілген, ал жүргізілгне айналу сеялкасының оң жақ доңғалағынан немесе шынжырлы біріктіргіші өлшеу сымы арқылы және ұзату жүйесіне жүргізіледі.
Аудару тракторы шығарыла бастағаннан соң гидрокөтергіштермен қамтамасыз етіледі, СКГХ-6А және СКГХ-4-6 аспалы мақта сеялкасы (4 сурет) өңделеді және қолданылады, себу үшін қатараралық және квадратты шаршылау әдісін қолданып қатар аралықтары 60, 50, 45 см. СКГХ-4 сеялкасына қарағанда СКГХ-4-6 сеялкасы аз салмақты және жұмысшы органдары ыңғайлы орналасады. Тұқымды тегіс қылып себуін жақсарту үшін себу аппаратының конструкциясына өзгерістер енгізеді.
Себу аппараты жетекті жүріс доңғалағынан алады, ол ұялы аппараты екі шынжырлы трапты ұстайтындықтан оны брустың қабырғасына орнатылады және ол өлшеуіш сымның көмегімен айналады.

Сурет 4. СКГХ -4-6 сеялкасы

1960ж тура себетін СТВХ-4 сеялкасын өндіруді бастады. Оның СКГХ -4-6 сеялкасынан айырмашылықтары мыналар-себу аппаратымен ұяларға өңделген мақта тұқымының белгіленген мөлшерін себу керек. Дискілі типтегі себу аппаратымен бір корпусқа дискілі-қалақты ұялау аппаратын біріктіреміз. Әр ұяға 5 тұқымнан себу қажет. Әрбір аппарат сеялка түріне бекітілген және вертикаль біліктен жетек алады, ол торапты ұстағыш сеялкасын айналуымен жүргізілген конустық редуктормен қосылған. СТВХ-4 сеялкасының т.б. ерекшеліктері торап ұстағышының үш бұрышты формасы, түреннің және катоктың, загортачтың аспасының өзгеруі түрінде орнатылған резеңкелі катогы дәнді топыраққа нығыздау үшін керек. СТВХ-4 сеялкасы 60х60 және 60х50см схемасы бойынша себуге арналған.
Бұл сеялканың келесі модификациясы қазіргі уақытта шығарылып жатқан СТХ-4 сеялкасы. Оның негізгі ерекшелігі мынада - белгілі мөлшерде тазартылған тұқымды (5 суретте) және өңделген дәндерді себу мүмкіндігі сеялкаға сәйкес себу және ұялау аппаратының орнатылуы және оған механизмге жетектеу жеткізеді. Тағы бір айырмашылығының бірі сеялкаға мақта және жүгері тұқымын себу үшін ауыспалы дискіні тіркейді, ол дақылдардың сортына, әр түрлі калибрленген өлшеміне тәуелді.

Белгіленуі: 1-сошник; 2-нығыздағыш каток; 3-себу аппараты; 4-буын жалғағыш; 5-маркер; 6-конустық редуктор; 7-тұқымға арналған сандық; 8-орындық; 9-барабан өлшеу сымымен; 10-тірек доңғалағы

Сурет 5. СТХ 4 мақта сеялкасы

Сонымен қатар ұялап себу әдісі үшін сеялкаларда тұқымды ұялау дискісі бар және өткінші формадағы пружиналық загортачын топырақ кесектерімен және өсімдік қалдықтарымен ұрынбау мақсатында қолданылады. Сеялкаға ауыспалы тіркеме берілген және ол екі жылжымалы конустық ободынан тұрады, сонымен қатар оны ылғал топыраққа егу үшін қолданылады. СЧХ-4А сеялкасы қатар аралығы 90см етіп егетін сеялка құрылды.
СЧХ-4Б сеялкасы ісінген мақтаны қатараралығы 90 см., 60 см. және (60х30) см етіп топыраққа егуге арналған. СЧХ-4Б сеялкасы мақта модификациясы немесе жалпы өндірістік тарту класы 0,9-1,4 т аспа жүйесінің жүккөтергіштігі 900 кг үш нүктелі аспа жүйесімен жабдықталған трактормен агрегатталады (6 сурет). Оның негізгі техникалық сипаттамасы 1 кестеде келтірілген.

Сурет 6. Мақта егуге арналған СЧХ-4Б сеялкасы

Кесте 1- СЧХ-4Б сеялкасының техникалық сипаттамасы
рс
Көрсеткіш атауы
Өлшем бірлігі
Көрсеткіш
1
Мақта егудегі жұмыс өнімділік
гасағ
3,6-ға дейін
2
Жұмыс жылдамдығы
кмсағ
6-10
3
Жұмыс қамту ені
м
3,6
4
Массасы
кг
650-+50
5
Маркер көтерілгендегі габарит өлшемі:
мм

6
-ұзындығы
---
1846-100
7
-ені
---
3720-150
8
Биіктігі (маркер бойынша)
мм
2050-150

Бұл СЧХ-4Б мақта сепкіші Ташкент қаласының АҚ Аграрлық завод-да жасап шығарылады.

1.4 Американдық мақта сеялканың ерекшелігі

Қазіргі таңда мақта сеялкасына (АҚШ) аспалы конструкциясы және үлкейтілген алымды тіркемелері қолданылды (сегіз қатарлы) 7 суретте, сонымен қоса төрт қатарлы секциялары бір секцияның құрамында аспалы қолданылады, ал шынжырлыда екі тіркемелі қолданылады.

Сурет 7. Сегіз қатарлы аспалы мақта сеялкасы

Себу аппаратының екі түрі өңделген дәндерді себу үшін дәл осындай құрылғылары отандық сеялкаларда және өңделген дәндерді себу үшін аппараттары, жүгері аппараттарына ұқсас себу құрылғысы және бұл сеялкалардың көмуші жұмысшы органы 8-10 кмсағ жылдамдықта себу жұмысын жүргізеді.
Американдық сеялканың маңызды ерекшеліктерінің бірі-әр түрлі топырақпен климаттық жағдайларда себу үшін жұмысшы органдарын ауыстыру мүмкіндігі жайлы толығырақ төменде айтылған.
АҚШ-та шығарылатын мақта сеялканың тағы бір ерекшелігі мынада, әр түрлі дақылдар үшін де қолданылады, яғни әмбебап болып табылады. Себу аппаратының көмегімен және сеялканың бекітілген жұмысшы органдарын қайта жабдықтау жүгеріні, тарыны, лобияны, бұршақты, арахисті және т.б айдалатын егістерді егу үшін жүргізіледі.

2 Негізгі бөлім

2.1 Мақта себу аппараттарының ерекшеліктері

Мақта сеялкасының себу аппараттарын екі негізгі топтарға бөлуге болады: қарапайым өңдеген тұқымдарды себуге арналған аппарат (дәл себетін аппараттар). Біріншісіне кеңінен қолданылатын, яғни отандық және шетелдік сеялкаларында да қолданылады, ол банкалы тұқым сақтағышы бар катушкалы аппаратты 1 және вертикальді айналу өсі бар шыбықты айналдырғышты 2, (8 сурет).

Белгіленуі:1-банка; 2-айналдырғыш; 3-себу катушкасы;
4-тосқауыл; 5-конустық шестерна

Сурет 8. ССК сеялкасының себу аппараты
Бұл аппараттың жұмыс істеу кезіндегі тұқымдар банкада 1 орналасқан, ол шыбықтың әсерінен айналдырғыштың тістеріне тап болады және себу терезесіне түседі, онда катушка 3 тістеріне ілінеді және ұрық шашатын жолға түседі.
Терезеден өту ауданы жапқышпен 4 реттеледі, нәтижеде тұқымды себу нормасы өзгертіп отырады, айналдырғыш жетегі мынадай жолмен жүзеге асады, яғни катушка білігінде орналасқан конустық тәждің конустық шестернямен ілінісуі 5. Сеялкалардың соңғы конструкцияларында (СКГХ-4-6 және СТХ-4) аппараттар модернизацияланған-банканың көлемі жоғарлаған, оған тұқым себу үшін екі түренге екі катушка диаметрі орнатылған, тілініп істелінген катушкаға және оның саңлауына қайтарғыш кіреді, бірнеше вертикаль шыбықтар айналдырғышқа қосымша дәнекрленген (9 суретте). Себу нормасын жапқышпен реттеу, катушканың айналым санын қарсы тұрғыш ауыстырылады. Бұл барлық өзгерістері (біреуінен басқасы) біртекті себуді жоғарлатуды жақсартуға мүмкіндік береді.

Сурет 9. СКГХ 4-6 себу аппараты

Екінші катушканы орнатуда кездейсоқ қоректендіргіші бар, тұқымды біртекті себуді нашарлатады. Аппараттың кейбір конструкцияларында тұқым түзетін тесіктің жоғарғы жағына горизонтальды пруток орнатылады, қимылсыз ворошитель катушкаға тұқым бағыттаушы болып табылады.
Атқа жегетін сеялканың себу аппараты басқа аппараттарға қарағанда көп уақыт қолданылған, яғни бұл Баннер сеялкасы қозғалмалы қалақты катушкасымен горизанталь осьпен айналатын айналдырғышымен байланысқан және ол төменгі жағы тарылған тік бұрышты қиылысқан тұқым сақтағышқа орнатылған.
Дәл себуге арналған себу аппараттары айдалатын егістерге жақсы сусымалы тұқымды себу үшін қолданылады, оған тазартылған мақта тұқымдары жатады. Сол себепті басқа да егістерде тұқымды дәл себу үшін көбірек белгілі аппараттармен мақтаға арналған аппараттарына тоқталуы керек.
КСРО-да және шетелдерде көпшілікке белгілі дәл себуге арналған аппараттарды жұмыс істету принціпі бойынша екі типке бөлуге болады: пневматикалық және механикалық.
Пневматикалық аппараттары айналу барабанының саңлауынан (сорғыштармен) сорып алуға арналған, оның бункерінің ішінде біртекті тұқымдары вакуумды құрайды (10 суретте) тұқым шашатын жолға немесе ұяқұрушы құрылғыға тасымалдаудан соң, олар вакуум жерінен босайды және түренге түседі.

Белгіленуі:1-барабан; 2-тұқым сақтағыш; 3-тесік; 4-ролик;
5-тұқым құбыры; 6-тазалағыш

Сурет 10. Пневматикалық себу аппараты

Бұл аппараттардың конструкциясының сенімділігінен және құрылғыларының күрделілігінің әсерінен соңғы уақытқа дейін кеңінен таралмаған бірақта лабаратория жағдайында жоғары дәл себуді (90%) қамтамасыз етті.
Қазіргі уақытта шет елдерде пневмотикалық аппараттар типінің сенімді конструкциясы пайда болуда.
Механикалық принциптегі аппараттардың іс-әрекеттерін, ұяшықтарды еркін толтыру аппараттарына және сорып алынған мәжбүрлеп толтыру аппараты деп бөлуге болады. Біріншісіне дискілі, катушкалы, ленталық аппараттар жатады. Дискілі дәл себу аппараты қазіргі уақытта шет елдермен, отанымызда кеңінен тараған, оған себеп конструкциясының қарапайымдылығында және айдалатын егістерде тұқымдардың дәл себілу мүмкіндігінің жоғарлылығында. Дискілі аппараттың негізгі жұмысшы органы айналу дискісі болып табылады, ол периферриде (немесе оған жақын) бір немесе топталған тұқымдарды алу үшін ұяшықтар орнатылған дискілі аппараттар горизантальды, верткальді, қиғаш осьтермен айналатыны белгілі.
Дискінің горизанталь осьпен айналатыны тек ағылшын сеялка фирмаларында Webd Marks және СТСН-6 қолданылады.
Қиғаш осьпен айналатын дискіні дәл себу үшін қызылша сеялкасында қолданылады көбінде СТСН-12 сеялка аппараттары және кейбір АҚШ сеялкалары түбі қиғаш банкадан тұрады (11 сурет) периферри ұяшығымен тегіс дискі орнатылған. Дискінің жоғары бөлігі қайтарғыш-көбікшелермен бүркілген, оны тұқым қабатының қысымынан қорғайды. Банканың төменгі бөлігіндегі ұяшық дискілерімен алынған тұқымдар, ұяшығымен бірге себу тесігінен жоғары орнатылады, ал ұяшыққа түспегендер төмен қарай сырғиды.

Сурет 11. Еңкіш айналу ості дискілі себу аппараты
Қызылша тұқымдары үшін артық тұқымдарды құртуда мынадай құрылғыда қайтарғышты қолдану талап етілмегені аса маңызды, ал кедір-бұдырлы тегіс емес беттердегі қайтарғыш бөлшегінің қыраттары тұқымға зиян тигізуі мүмкін.
Дискілі вертикаль осьпен айналатын дискілі аппараттарға кеңінен таралған жүгері сеялкаларының аппараттары жатады, оған СКГК-6 В, СКГН-6 және т. б. маркалары кіреді, дәл себуге арналған мақта сеялкасының СТВХ-4 және СТХ-4 аппараттары, сонымен қоса АҚШ және Канада фирмасындағы мақта және жүгері сеялкасының аппараттары жатады. Жүгері сеялкасы СКГН-6 дискілі аппаратының сақиналы дискіге ұқсастығы бар және ол біртекті ұяшықтарымен периферрилі жартылай шеңберлі болып орнатылған және орта жағы ісіңкі қақпақпен жабады оның винт тектес қабырғалары бар. Ұяшықтар дискінің айналасында біртекті бөлініп орнатылған.
Артық тұқымды жою үшін рычагты серіппелі қайтарғыш қолданылады. Тұқым шығарғыш ұқсас орнатылған және шығару мүмкіндігі бар, ол ұяшықтарға серіппенің көмегімен кіруге болады. Қайтарғыш және шығарғыш жалпы корпуста бірінің артына бірі орналасқан. Ұяшықтардағы тұқымдар банка тесігінің түбіне түседі, онда ол ұрық шашатын жолға клапанды ұялау құрылғысының көмегімен түседі. Аппарат калибрленген жүгері тұқымдарын себу үшін орнатылған.
Ертеректе шығарылған жүгері сеялкаларында (СШ-6А, СКГ- 6 және т.б.) дөңгеленген ұяшықты дискілер қолданылды, ол топталған тұқымдарды себуге есептелген. Дәл осындай дискілер СХТВ-Н мақта сеялкасында эксперименттілеу кезінде қолданылады. Мынадай дискілі аппараттарда ең төменгі себу дәддігі болғандықтан, біртекті дәнді ұялау аппаратына қарағанда , оны өндірістен алып тастайды.
СТВХ-4 және СТХ-4 мақта сеялкаларындағы дискілі себу аппараты бірден екі функцияны атқарады - себу дискісі арқылы берілген тұқымның көлемін жинау және ұялау дискісі арқылы ұяшық құру (12 сурет). Себу дискісі 8 ұяшық топтан тұрады, әр топта бір дәнді бес ұяшық бар, ол диск периферриінде орналасқан, ал ұялау дискісі-екі қалақшада орналасқан. Ұялау дискісі себу дискісіне қарағанда төрт есе тез айналады, сол себепті ұяға тұқым себу ұялауда әр (12) айналымда жүреді және себу дискісі әр 18 айналымда жүреді.
Дәнге толы себу дискісінің ұяшықтары айналғанда, себу терезесіне келеді, оның үстіне жүгері аппараттарындай типтегі қайтарғыш орнатылған, ол артық дәндерді жояды. Ұяшықтағы дәндер терезеге өзінің салмағының әсерінен түседі, сонымен қоса сына тәрізді жылжымайтын итергіштің де әсері бар, ол себу дискісінің сақиналы тесілген жерімен жылжиды. Тесіктен түскен дәндерді ұялау дискісінің қалақтарымен қағып алынады және түрен бетіне тасталады. Саңлауы бар шектеулі дискілер, дискіге түсетін дәннің қысымын төмендетеді, сонымен қоса олардың өзара қысылып сығылуын да төмендетеді.
СТХ-4 және СЧХ-4А сеялкаларында ұялап себу үшін (өлшеусіз сым), айналасын біртегіс бөлінген себу ұяшықты дискісін қолданады, ал ұядағы дәннің мөлшерін және ұяшық аралығын ұялау дискісінің қалағымен және себу ұяшығының әртүрлі санмен өзгертеді.

Белгіленуі: 1-себу дискісі; 2-ұялауыш диск; 3-нұр қайтарғыш;
4-итергіш; 5-диск шектегіші; 6-алмалы банка; 7-қақпақ

Сурет 12. СТВХ және СТХ-4сеялкелерінің себу аппараты

Бұрылыс жолдарда тұқым себу үшін, себу аппараттарын қатарлап себуге қайта қоюға болады. Бұл жағдайда тұқымды себу, себу аппараттарын банкасының бүйіріндегі саңлаудан да жүргізіледі. Эксперименттік аппарат катушкалы себу аппаратының үлгісі болып табылады, ол САИМЭ-де өңделіп сынаудан өтті. Банканың аппаратында қалақшалы ворошилка айналады ол периферридегі катушкалы ұяшыққа себу терезесінен түскен дәндер орналастырады.
Дәндерді ұяшыққа жақсы жіберу үшін және артық дәндерді жою үшін катушканың астына дірілді бөлшек орнатылған. Құрылғысының күрделілігінен және дәл себу мүмкіндігінің төмендігінен бұл аппаратты қолданбайды.
Ағылшын сеялкасы Стенхей-де ленталы типті аппарат қолданады. Бұл аппараттың негізгі жұмысшы органы шкивтен қозғалыс алатын саңлаулы белдік болып табылады. Бункердегі дәндер белдіктің төменгі шыбығына терезе арқылы жанынан беріледі, төменгі жағындағы саңлау серіппе көмегімен жабылады. Белдік саңлауының (ұяшығының) айналуынан дәнмен толтырылады және роликті қайтарғыштан түбінің қырына қарай өтеді, сөйтіп дәнін босатады, ал ленталық аппараты дәннің аз мөлшерін дәл себуде жақсы көрсеткішке ие болды. Бірақта аппараттың конструкциясы күрделі сонымен қоса өсімдік қалдығының көптігінде және ылғал топырақта жұмыс істеуге ыңғайлы.
Сарқып алынатын аппараттарға эксперименттік аппараттар жатады, ол САИМЭ-де құрылып зерттелуде және эксперимент сеялканың аппараты СТВХ-4М, ИЯФ АН УзССР конструкциясы болып табылады.
ИЯФ АН УзССР аппараты ұлутәрізді (13 сурет) корпустан, тұрады 1 оның ішінде горизанталь білікке диск кассетасымен-ұяшығымен 2 және ұялауыш-қалақша дискісі 3 бекітілген. Жеке дискіге шарнирлі рычагты итергіш 4 бекітілген, жұмысшы шеттері ұяшыққа кіреді, ол басқаларына жолмен бағытталып роликке 5 бекітілген.

Сурет 13. ИЯФ АН УзССР тәжірибелік себу аппараты

Біліктің айналуынан кассета ұяшықтарына дәндерді толтырып алады және оларды барабанның жоғарғы нүктесінің айналасына жеткізеді, онда дәндерді итергіш арқылы итереді және олар қиғаш ұрық шашатын жолға түседі оларды ұялау дискісінің қалақшаларының арасындағы жанынан береді. Корпустың төменгі бөлігінде ұялау дискісі қамтылған, терезесі бар, оның тілігінен дәндер қалақша арқылы түренге тасталады.
Аппаратты сынағанда СредазМИС-тен дәл себудің жақсы нәтижесі алынады олар СТВХ-4 сеялкасының көрсеткішінен аспаған, бірақ конструкциясының күрделілігінен ол дискілі аппараттан едәуір қалыңқырайды.
Күштеп салу аппаратына эксперименттік аппараттар жатады Гуларянаның зерттеуі бойынша және СГУ-4 сеялкасы Узбексельмаш заводында шығарылады. Гуларянаның аппаратында, банкасының аппаратының жанында серіппелі ұяшықты кассета орналастырылған, сол себепті дәндер банка дискісінен қысылып, қалақшалы серіппеден терезе арқылы банканың қабырғасына түседі. Екі иықты рычаг ұштарындағы ролигі кассетаны ұяшықтарымен оқтын-оқтын төменге қысады, клапанды ашық, ұяшықтарды төменнен жауып нәтижеде дәндер ұяшықтардан түрен бетіне төгіледі. Аппаратты сынауда дәл себу мүмкіндігі жоғары екені белгіленді, бірақ конструкциясының қиындығынан оның жұмысқа қабілеттілігі аз болып шықты.
СГУ-4 сеялка аппараты вертикаль айналу барабанынан тұрады, астық сақтағыш банкасына көшеді, оның қабырғасында тесік ұяшық 12 вертикаль қатардан тұрады, олар өзара сақиналы саңлаулармен байланысқан. Дәндер ұяшықтағы серіппелі-қалақты дискіде қысылып топталады, Гуларянаның дискілі аппаратының құрылғысына ұқсас. Ұяшықтағы дәндер сына тәрізді тегіс итергішпен шығарылады, ол ұяшықтың сақиналы саңлауына қойылады. Ұяшықтан түскен дәндер ұяшық құраушы құрылғысының клапанына түседі, ал сонан соң түренге түседі. Бұл аппараттар Гуларяна аппараты секілді кемшіліктерге ие, сонымен қоса дәндердің сақталуы жоғары.

2.2 Мақта себу аппаратының ұяшық жасайтын қондырғысы

Мақта сеялкаларымен және басқа да айдалатын егістер үшін қолдынылатын сеялкаларда ұялап себу құрылғысы қолданылады. Оларды екі негізгі топқа бөлуге болады:
а)ұялау аппаратының өзі - себу аппаратының функциясын және ұяқұрушы құрылғысын біріктіреді;
б)қатарлап себуді ұялап себуге қайта құру үшін бейімдейміз.
Екінші топқа қарасты құрылғылары көп жағдайда жұымысқа қабілетті, конструкциясы оңай және әмбебап, сол себепті көбіне жаңашыл сеялкаларда қолданылады.
Бірінші топқа ұялау аппараты жатады, ол атқа жегетін мақта сеялкаларында қолданады, яғни Никитина, Гарримана, Кунакова және Дефура сеялкалары, СГК-1 және СГК-2 эксперименттік тракторлы сеялкаларында СА-2 аппараты ойлап шығарған Зунунханова және т.б.
Никитина сеялка заводында ұялау аппараты өзінің ободындағы үш цилиндрлі саңлауды дискісін береді, олардың тереңдігі экстенсивті төлкенің бұрылысынан реттеледі ұяшықтың биіктігі бойыншы шарнирлі жылжыма орналастырады. Оның жоғарғы жағдайында ұяшықтың дәнмен толуы, дискінің бұрылысынан соң түренге төгіледі.
Гарриманның және Кунаковтың сеялкаларына цилиндірлі ұяшықты ұқсас дискілер қолдануда, онда еркін түрде массивті поршеньдер сыйып кетеді. Ұяшықтың жоғарғы жағдайында поршень батады және дәндер ұяшықты толтырады, ал төменгі жағдайда ол өзінің салмағының әсерінен түседі және ұяшықтан дәндерді шығарады. Кожух обод дискісін айналып өтеді, ол дәннің ұяшықтан мезгілсіз түсуінің алдын алады.
Дефура ұялау аппаратында барабан бар (14 сурет), ол жанындағы есіктен дәндер төгіледі. Барабан жұмыс істеу кезінде айналады және дәндер онда аударылады, араласады, ол арнайы ворошилканы қажет етпейді. Барабанның ободында шарнирлі бекітілген ожау бар, ол барабан тілігінен кіріп дәнге толтырып алады. Ожаулар барабанда жүктеледі және одан қарсы салмақтың әсерінен автоматты түрде шығады, ол ожаудың рычагтарына бекітілген.

Белгіленуі:1-ілгектің қозғалатын бөлігі; 2-қозғалмайтын бөлігі

Сурет 14. Дефура өнер тапқыш ұяшық аппараты

Барабан айналған кезде ожаудың ішіндегі дәндер екі рет ашылып жабылатын клапанның қуысына төгіледі, ол тұмсық түрде орнатылған. Тұмсықтың ашылып жабылуы арнайы құрылғының көмегімен (роликті рычагтар) топыраққа кірер кезде, онда дән тастап ашылады, ал топырақтан шыққанда қайта жабылады. Дефура аппаратының конструкциясының күрделілігінен кеңінен таралмаған.
СГК-1, СГК-2 және СА-2 сеялкаларында ұялау аппараты қолданады, оның дискісі (15 сурет), оның ободында орылған алдыңғы және түзу артқы қырлары бар. Жоғарғы жағдайда дискінің ұяшықтары дәнмен толтырылады, оған горизанталь осьпен айналатын ворошилкаға мүмкіндік береді, ал ұяшықтың төмен жағына дәндердің түсуіне өзінің салмағы әсер етеді. Бұл аппараттың қарапайымдылығының нәтижесінен көп уақыт сеялкаларда қолданылады, бірақта оның жұмыс көрсеткіші тұрақты емес (әсресе аз мөлшерде себу кезінде).

Сурет 15. СГК 2 сеялкасының ұялағыш аппараты

Ұқсас аппараттың ерекшеліктері тек мынада, суғарылатын науа, қамту дискісі серіппеленген, ал өзі қатарлап себуді ұялап себуге қайта құру үшін қызмет етеді, Алмес-Чалмерс сеялка фирмасында қолданылады.

2.3 Себу аппараттарын зерттеулерге қысқаша шолу

Көптеген зерттеулер дәл себу механизациясына негізделіп, жүгері тұқымдарын, қант қызылшасының тұқымдарын, күнбағыс тұқымын және тағыда басқа егіс дақылдарының тұқымын себуге арналған, бірақ оларда кез-келген тұқымдарды дәл себуге қатысты жалпы сұрақтардан тұрады. Негізінде мақта өсімдігін дәл себу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақтаның түкті шитін егіске жасанды қабықтандыру тәсілімен ұнтақ дайындау қондырғысын жобалау
Астық тұқымын себуде қолданылатын аппараттар
Мақта аурулары
Дәнді, дәнді –бұршақты дақылдар,т күріш және көкеніс егуге арналған машиналар көшет отырғызатын машианалар
Мақта қоңыр көбелегі
Қарбыз және қауын тұқымдарын егістікке себуге дайындау жұмыстарының өнімділікке әсері
Өсіру технологиясы
Себу тәсілі
Көпжылдық шөптердің тұқымдық егістерінің сапасын бағалау
Мақта дақылы
Пәндер