Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, құрамы және түрлері, тергеу ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... 77
1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы түсінігі, түрлері мен белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 77
1.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды топтастыру... 9
1.3Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгілері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ... 1
14
2.1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың объектісі 114
2.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың объективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 116
2.3 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 321
2.4 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 227
3 ЭКОНОМИКА АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТОПТАРҒА БӨЛІП ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАЙ САРАЛАУМЕН ТЕРГЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 3
334
3.1Кәсіпкерлік және басқа да қызмет саласындағы қылмыстар ... ... .. 334
3.2 Ақша . несие саласындағы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3.3 Сауда және қызмет көрсету саласындағы қылмыстар 66
3.4 Экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар
67
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .. 72
Қазақстанда, міне, он жылдан астам нарықтық қайта құрулар жүріп жатыр. Нарықтық қайта құруларға өту кезеңінде қылмыстың, оның ішінде экономикалық қызмет аясындағы қылмыстың белсенділігі бұрын -соңды болып көрмеген дәрежеде өсе түсіп отыр.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материалдық нұқсан келтіретін экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарының қауіптілігі ерекше. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар кең мағынасында жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату валюта операцияларының ережелерін бұзу, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық, жалған банкроттық, заңсыз кәсіпкерлік,несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану және т.б. жатады.
Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын, сауда ережесін бұзу, сапасыз өнімдерді сату, жалған кәсіпкерлік, монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі орасан зор.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар қазіргі кезеңде көп орын алған, олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны да ауқымды десек қателеспейміз, себебі бұл қылмыстар тікелей қасақаналықпен жасалатындықтан басқа қалмыстарға қарағанда, яғни адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейін келтірер зардабы жоғары қылмыстар болып табылады. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың өсуінің алдын-алу үшін, егеменді қазақстанның ішінде, сол сияқты одан тысқары көлеңкелі экономиканың қызметіне бақылау қажет. Бұл үшін, сондай көлеңкелі экономикадағы мемлекеттік және басқа статистикалық есептерді жетілдіру керек. Дамыған елдердегі қылмыстық заңдылықтар нарықтық қатынастарды дамытуға жағдай туғыза отырып, қорғау функцияларын орындайды
Қазіргі уақыттағы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың тамырын, ең алдымен экономикалық қатынастардан іздеу көзделеді. Қазақстанда, міне, он жылдан астам нарықтық қайта құрулар жүріп жатыр. Нарықтық қайта құруларға өту кезеңінде қылмыстық, оның ішінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белсенділігі бұрын -соңды болып көрмеген дәрежеде өсе түсіп отыр. Осыған орай, экономикалық еркіндіктің тұрақты ахуалы, басып - жаншитын салық салудың жоқтығы, ішкі және сыртқы сауданың жалғастықпен дамуы мемлекеттің қаржы - банкілік операцияларына, кеден, валюта және салық саясатына қатаң бақылаумен, оларды бұзғаны үшін санкцияларды қатайтумен қосарланып ілесе жүруі тиіс деген пікірді көптеген зерттеуші заңгерлер қолдайды
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он
1 Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі
2 Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 16.07.1997ж ( 2008жылғы 25 желтоқсандағы өзгерістермен, толықтырулармен)
3 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамызында республикалық референдумда қабылданып, 2007 ж. 21 мамырдағы №254-ІІІ Заңымен өзгертулер енгізілген
4 Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 5.03.1997 заңы
5 Алиев М.М. Некоторые аспекты борьбы с экономической контрабанды. Алматы.2008.31б
6 В.Бертовский.,В.А.Образцов. Выявления и расследования экономических преступлений. М. 2003.141б
7 Алиев М.М. Субъект преступления и уголовный ответственость. Алматы. 2002. 85б
8 Байсаков К.Г. Контрабанда- как угроза экономической безопасности страны. Астана.2002.24б
9 А.А.Ағыбаев. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы. 2004.57б
10 Борчашвили И.Ш.,Рахимжанова Т.К Комментарий к Уголовному Кодексу Республики Казахстан. Қарағанды.2007.134б
11 А.С.Михлин Состав преступления и его значения при квалификации преступлении.М.2000.49б
12 Е.А. Алауханов; Б. Асқар.Пайдақорлық-зорлық қылмыстарды саралау. Алматы.2005.74б
13 Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлении. М. 2002. 92б
14 Н.Ф.Кузнецова. Объект и предмет уголовно-правовой охраны. М. 2000.132б
15 Г.И.Баймурзин. Арнайы субъектінің белгілері және қылмысты саралаудағы орны. Алматы. 2002.91б
16 Б.С.Утевский. Классификация преступлений и ее правовое значение. М.2006.124б
17 Я.Н. Брайнин .Қылмыстық құқық және оның қолдану аясы. М.2003. 96б
18 Н.Д. Дурманов .Понятие экономической преступлении.М.2007.101б
19 А.Д. Гаухман, С.В Максимов.Квалификация преступлений.М. 2001.136б
20 Қазақстан РеспубликасыАзаматтық құқығы.Алматы. 2004.
21 Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы» 5.06.1997ж. заңы
22 Қазақстан Республикасы Президентінің «Шетелдік инвестициялар туралы» 27.12.1994ж. заңы
23 Қазақстан Республикасы Президентінің «Жеке кәсіпкерлік туралы» 6.06.1997ж. заңы
24 Қазақстан Республикасы Президентінің «Табиғи монополиялар туралы» 9.07.1998ж. заңы
25 Қазақстан Республикасы Президентінің «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығатын орнының атауы туралы» 18.01.1993ж. заңы
26 Қазақстан Республикасы «Банктер мен банк қызметі туралы» 31.08.1995ж. заңы
27 Қазақстан Республикасы «Банкроттық туралы» 21.01.1998ж. заңы
28 Қазақстан Республикасы Президетінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 26.12.1995ж. Жарлығы
29 Қазақстан Республикасы «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы» 5.03.1997ж. заңы
30 Қазақстан Республикасы Президентінің «Валюталық зерттеу туралы» 24.12.1996ж. заңы
31 Қазақстан Республикасы Президентінің «Салықтар және басқа міндетті төлемдер туралы» 5.06.1997ж. Жарлығы
32 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықты заңдарын қолдану жөніндегі тәжірибелер туралы» 18.07.1997ж. қаулысы
33 Қазақстан Республикасы «Төлемдер мен ақша аудару туралы» 29.06.1998ж. заңы
34 Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» 5.06.1991ж. заңы
35 Статистические данные управлении комитета по статистике и специальным учетам при прокуратуре РК. Алматы.2008.
36 А.Н. Ералин., К.А. Бекишев «Контрабандамен күрес» Қарағанды. 2001.14б
37 Проблема борьбы с экономической преступностью в Казахстане.- Алматы: Жеті Жарғы. 1996. 34б
38 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 29.01.2010 жылы Қазақстан халқына арнаған жолдауы

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, құрамы және түрлері,
тергеу ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ МЕН 77
БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ...
1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы түсінігі, 77
түрлері мен
белгілері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
1.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды топтастыру... 9
1.3Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгілері мен 11
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..

2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ 1
СИПАТТАМАСЫ... 14
2.1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың объектісі 114
2.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың объективтік 116
жағы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісінің 321
түсінігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
2.4 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъективтік 227
жағы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
3 ЭКОНОМИКА АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТОПТАРҒА БӨЛІП ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС 3
ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАЙ САРАЛАУМЕН ТЕРГЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 334
3.1Кәсіпкерлік және басқа да қызмет саласындағы қылмыстар ... ... .. 334
3.2 Ақша - несие саласындағы 54
қылмыстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
3.3 Сауда және қызмет көрсету саласындағы қылмыстар 66
3.4 Экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар 67
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... . 72

КІРІСПЕ

Қазақстанда, міне, он жылдан астам нарықтық қайта құрулар жүріп жатыр.
Нарықтық қайта құруларға өту кезеңінде қылмыстың, оның ішінде экономикалық
қызмет аясындағы қылмыстың белсенділігі бұрын -соңды болып көрмеген
дәрежеде өсе түсіп отыр.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға
азаматтарға аса зор материалдық нұқсан келтіретін экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстарының қауіптілігі ерекше. Экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар кең мағынасында жалған ақшаларды немесе бағалы
қағаздарды дайындап сату валюта операцияларының ережелерін бұзу,
мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық, жалған банкроттық,
заңсыз кәсіпкерлік,несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану және т.б.
жатады.
Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында
жасалатын, сауда ережесін бұзу, сапасыз өнімдерді сату, жалған кәсіпкерлік,
монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі
орасан зор.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар қазіргі кезеңде көп орын
алған, олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны да ауқымды
десек қателеспейміз, себебі бұл қылмыстар тікелей қасақаналықпен
жасалатындықтан басқа қалмыстарға қарағанда, яғни адам мен азаматтарға
қарсы қылмыстардан кейін келтірер зардабы жоғары қылмыстар болып табылады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың өсуінің алдын-алу үшін, егеменді
қазақстанның ішінде, сол сияқты одан тысқары көлеңкелі экономиканың
қызметіне бақылау қажет. Бұл үшін, сондай көлеңкелі экономикадағы
мемлекеттік және басқа статистикалық есептерді жетілдіру керек. Дамыған
елдердегі қылмыстық заңдылықтар нарықтық қатынастарды дамытуға жағдай
туғыза отырып, қорғау функцияларын орындайды
Қазіргі уақыттағы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың тамырын, ең
алдымен экономикалық қатынастардан іздеу көзделеді. Қазақстанда, міне, он
жылдан астам нарықтық қайта құрулар жүріп жатыр. Нарықтық қайта құруларға
өту кезеңінде қылмыстық, оның ішінде экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстардың белсенділігі бұрын -соңды болып көрмеген дәрежеде өсе түсіп
отыр. Осыған орай, экономикалық еркіндіктің тұрақты ахуалы, басып -
жаншитын салық салудың жоқтығы, ішкі және сыртқы сауданың жалғастықпен
дамуы мемлекеттің қаржы - банкілік операцияларына, кеден, валюта және салық
саясатына қатаң бақылаумен, оларды бұзғаны үшін санкцияларды қатайтумен
қосарланып ілесе жүруі тиіс деген пікірді көптеген зерттеуші заңгерлер
қолдайды
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік
туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму
бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан асты.
Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам
елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты
жиналысында сөйлеген сөзінде: Біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған
жылдарға татырлық жылдан өттік, біз жаңа Конституция қабылдадақ, онда билік
құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға
алдық. Біздің басты жетістіктеріміз – 1995 ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы
Конституцияның жемісі,- деді. Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат
тұжырымдамасында көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын
әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының
бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс-, деген тұжырым
жасады [1].
Осы тұжырымға сәйкес Қазақстан Республикасында құқықтық саясатты
дамытуды одан әрі дамыту туралы тұжырымдама жасалып, онда алдағы уақытта
қылмыстардың түрлеріне қарай күресудің іс-шараларын ұйымдастырудың
жоспарлары ұсынылды. Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау
Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға
ықпал етеді. Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2005-2010
жж. арналған түбегейлі бағдарламасында әлеуметтік-экономикалық реформаларды
және қоғамдық демократияландыруды одан әрі тереңдете түсу, құқықтық салалы
реформаларды, қалыптасқан құқықты қолдану іс-тәжірибесінің өзгеруіне, жаңа
құқықтық институттардың құрылуына байланысты туындайтын қоғамдық
қатынастардың заңнамалық реттелуін қалайды.Осыған сәйкес дипломдық зерттеу
жұмыстарын жүргізе отырып, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың
қылмыстық-құқықтық сипаттамасын беру және оларды тергеу мен саралау
ерекшеліктеріне тоқталу. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың
түрінің көптігі оларды тергеу және саралау кезінде түрліше тәсілдер
қолдануды қажет ететіндігі сөзсіз, сондықтан осы зерттеу жұмысын жүргізу
арқылы кейбір тергеу әрекеттеріне талдау жасай отырып, ұсыныстар енгізу.
Дипломдық зерттеу жұмысының алға қойған міндеттері – елімізде жиі
кездесіп отыратын экономикалық қызметт саласындағы қылмыстарды болдырмау,
болу себептерін анықтау, оның болуына жол бермеу, экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қатайтатын нормаларды қарастыру
болып табылады. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары үшін
жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынастарды қорғауға, ел
экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы
қажет, ондай нормаларды қабылдаудың маңыздылығы да осында болуы тиіс. Жаңа
қылмыстық саясатты қалыптастыру, қылмыс үшін, оның ішінде экономикалық
қызмет саласындағы қылмыс үшін бақылаудың қажеттігін сезінуді болжайды.
Бақылаудың мұндай тетігі қылмыстың құқыққа, бұл проблемаларды шешуге басқа
әлеуметтік және құқықтық шаралар айқын түрде жеткіліксіз болғанда, соңғы
мүмкіндікті береді.
Экономикалық еркіндіктің тұрақты ахуалы, басып - жаншитын салық салудың
жоқтығы, ішкі және сыртқы сауданың жалғастықпен дамуы мемлекеттің қаржы -
банкілік операцияларына, кеден, валюта және салық саясатына қатаң
бақылаумен, оларды бұзғаны үшін санкцияларды қатайтумен қосарланып ілесе
жүруі тиіс.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың алдын алуда алға қойған
мақсаттарға жету үшін техниканың жаңа жетістіктерін пайдалану, республикада
ақпараттарды қорғаудың бірегей жүйесін құру, ақпараттар және электронды-
есептеу техникалары саласында құқықтық қатынастарды құқықтық реттеу қажет.
Қазіргі уақыттағы қылмыстың тамырын, ең алдымен экономикалық қатынастардан
іздеу көзделеді.
Сондықтан да жаңа қылмыстық саясатты қалыптастыру, қылмыс үшін, оның
ішінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыс үшін бақылаудың қажеттігін
сезінуді болжайтындығын естен шығармау қажет.

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ,ТҮРЛЕРІ МЕН
БЕЛГІЛЕРІ

1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, түрлері мен
белгілері

Қылмыстық кодекстің 7-тарауы "Экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстарға" арналған. Осы тарауға енген қылмыстардың топтық объектісі -
экономикалық қызмет саласын құқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес
қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады. Осы тарауға енген қылмыстардың
барлығы дерлік экономикалық қызметтің әр түрлі саласында көрініс табады.
Қылмыстың тікелей объектісі - экономикалық қызмет саласын реттейтін
нақты қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстардың құрамы қосымша
тікелей объектіге қол сұғуы мүмкін.
Көптеген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі - оның
заты болып табылады. Мысалы: жалған ақша немесе бағалы қағаз (206-бап);
тауарлық белгі (199-бап); осы топқа жататын қылмыстардың объективтік жағы
әрекет немесе әрекетсіздікпен сипатталады. Біршама экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстардың құрамының міндетті белгісі- қоғамға қауіпті іс-
әрекеттерді істеу тәсілі болып табылады. Мысалы: экономикалық контрабанданы
істеу тәсілдері (209-бап); салық төлеуден жалтару (221, 222-баптар); кеден
төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тәсілдері (214-бап) [2].
Көптеген қылмыстардың объективтік жағының белгісі - қоғамға қауіпті
зардаптың - зиян келтірудің орын алуы болып табылады. Зиян келтіру -
едәуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін, бұларға тиісінше түсінік кейбір
баптардың ескертуінде берілген (Мысалы 189, 190, 193- баптар).
Объективтік жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың
барлығы кінәның қасақаналық түрімен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдағы
қылмыстардың ішінде бірде-бір абайсыздықпен істелген қылмыс құрамы жоқ.
Бірақта жекелеген қылмыс түрлері кінәның екі нысанымен жасалады (іс-
әрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты абайсыздықпен) (Мысалы
189-бап).
Қылмыстың субъектісі - жалпы, сондай-ақ арнаулы субъекті болуы мүмкін.
Осы тараудағы барлық қылмыстар үшін субъектінің жауаптылығы 16-жастан
басталады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субъектілері болып
қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды адамдары,
сондай-ақ коммерциялық немесе басқа ұйымдардың басқарушылары немесе жеке
кәсіпкерлер танылуы мүмкін.
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі әрбір қылмыс түрлеріне
жекелеген анықтамалар беру болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы
қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігінің
анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы
осы қатынастарда реттеу-қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып
табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің ( әрекет немесе
әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады.
Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да
адамның нақты іс әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін
атап көрсетеді. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі
заңның өзінде көрсетіледі.
Қылмыстық заң бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың
белгісі- қоғамға қауіптілік, қылмыстық құқыққа қайшылық, кінәлілік және
жазаланушылық. Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі болып
табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті
осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді.
Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызатынын
білдіреді.
Қоғамдық қауіптілік тек қана қылмыстың өзіне тән қасиет емес. Әкімшілік
құқықты бұзу, мәселен, жеке басты адамға, қоғамға, мемлекетке зиян келтіруі
мүмкін. Бірақта олардың қоғамға қауіптік дәрежесі өте төмен. Қылмысты басқа
құқықты бұзу әрекеттерден бөлу заң шығарушы қылмыстың кодекестің ерекше
бөлімінің баптарындағы дипозицияларында қылмысты әрекеттердің белгілерін
көрсетеді.
Қылмыстың екінші белгісі – оның қылмыстық қайшылығы болып табылады.
Адамның қылмыстық заң тиым салмаған, осы заңды көрсетілмеген іс-әрекеттерді
істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі
бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін оның мәнді
белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып
осы заңда көрсетілген іс- әрекетті істеген жағдайда нақты нормада
көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазаның белгілі бір
түрінің тағайындалуы болып табылады.Іс- әрекеттің қылмыстық құқыққа
қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап іс-
әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-
әрекеттермен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік
алады.
Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Қылмыстық кодекстің 19
бабының үшінші бөлімімен сәйкес қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған
адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр
болғанына қарамастан, егер оны істеген адамның іс- әрекетінде кінәнің
белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды.
Кінәсіз қылмыс та, жазаға да жоқ. [1. 9 б]
Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен
жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі, қылмыстық заң
жазамен қорқытып тиым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Қылмыстарды топқа бөлу негізіне әртүрлі белгілер жатады.
Біріншіден, қылмыстық объектісі. Қылмыстың объектісіне сай Қылмыстық
кодекстің ерекше бөлімі тарауларға бөлінеді. Ол Кодекспен пайдалануға
жеңілдік жасайды. Осы белгінің маңызы зор. Әрбір әрекеттің әлеуметтік –
саяси маңызын дұрыстап ұғынуға, және оларды жүйелеуге мүмкіншілік туғызады.
Екіншіден, қылмыстардың топтастыру белгісі боп кінәліктің формасы
табылады. Барлық қылмыстық әрекеттер қасақана немесе абайсыздықтан жасалған
қылмыстарға бөлінеді.Осы белгі қылмыстың қоғамдық қауіптігіне, жазалауға,
оның салыну тәртібіне, қылмыстық жауапкершілік пен жазалаудан босатауына
әсер етеді. Кейбірде топтастырудың негізіне қылмыс жасаудың дәлелі
қосылады, мәселен, пайдақорлық.
Үшіншіден, қылмыстардың топтастыру негізіне әрекеттің қоғамға
қауіптігінің айырмашылығы мен дәрежесі салынады. Қылмыстық Кодекесте
көзделген әрекеттер сипатына қоғамдық қауптілік дәрежесіне қарай онша ауыр
емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше
ауыр қылмыстарға бөлінеді. Қылмыстардың осы санаттарға бөлінуі заңды бұзған
адамдарды жауапкершілікке тарту, жазалау, жауапкершілікпен жазалаудан
босатуға әр түрлі бабын табуға мүмкіншілік туындатады.

І.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды топтастыру

Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнін кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін
пайдалану құқығына кепілдік берген (26-баптың 4 тармағы) [3,13 б].
Монополистік іс әрекет заңмен реттеледі де шектеледі. Қара ниетті бәсекеге
тиым салынады. Осы айтылған Конституциялық ережелер Қазақстан Республикасы
экономикасын құқықтық реттеу номативтік базасын құрайды.
Нарыққа көшу салдарынан болған экономикадағы күрделі өзгерістер
мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғайтын қылмыстық- құқықтық нормаларын
реформалауға әкеп соқты.
Қылмыстық иесіздік, артық қосып жазу және басқа мемлекеттік
статистикалық есепті бұрмалау, ауыл шаруашылық машиналарды бөлшектеп
тарату, өз еркімен шөп шабу, өз еркімен жерді басып алу, сауда тәртібін
бұзу, бензинмен тағыда басқа жанармайды заңсыз жұмсарту, шегіне жеткен
деңгейден асқан бағамен тауарды сату және қызмет көрсету сияқты әрекеттер
қылмыссыз деп жарияланды. Тарауға тағыда 24 жаңа баптар қосылады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар деп қызмет бабын пайдаланып
мемлекеттік органның лауазымды адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе
басқа ұйымдардың басқарушылары немесе жеке кәсіпкерлер тарапынан
мемлекеттік мүддесіне қасақана зақым келтіріп жасаған іс- әрекеттер болып
табылады.
Экономикалық қызмет саласындағы барлық қылмыстарды төменгідей
топтастыруға болады: кәсіпкерлік және банктік қызмет саласындағы қылмыстар;
банкроттықпен байланысты қылмыстар; жалған ақша, бағалы қағаздар тағыда
басқа төмен құжаттармен байланысты қылмыстар; кеденді реттеу саласындағы
қылмыстар; шетел валютасына байланысты қатынастарды реттеу саласындағы
қылмыстар;салық төлеу саласымен байланысты қылмыстар. тұтынушыларды
алдаумен байланысты қылмыстар;
Бірінші топқа жататын қылмыстар:189 – бап-заңды кәсіпкерлік қызметке
кедергі жасау;190 – бап- заңсыз кәсіпкерлік;191 – бап- заңсыз банктік
қызмет;192 – бап.-жалған кәсіпкерлік;193 – бап -заңсыз жолмен алынған ақша
қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру;194 – бап- несиені заңсыз алу және
мақсатсыз пайдалану;195 – бап-несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару;200
– бап-коммерциялық немесе банктық құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу
мен жария ету; 219 – бап-банк операциялары туралы көріну, жалған мәліметтер
беру;220 – бап-банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану.
Екінші топқа жататын қылмыстар: 215 – бап- банкроттық жағдайындағы
заңсыз іс-әрекеттер; 216 – бап-әдейі банкроттық;217 –бап-жалған банкроттық.
Үшінші топқа жататын қылмыстар:202 – бап-бағалы қағаздарды шығару
(эмиссия) тәртібін бұзу,203 – бап- бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне
көріну, жалған мәліметтер енгізу;204 – бап-бағалы қағаздармен жүргізілетін
операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру;205 – бап-бағалы
қағаздармен операцияларды жүргізу ережелерін бұзу;206 – бап-жалған ақша
немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату; 207- бап-жалған төлем
карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе
сату;208 – бап-акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаумен
тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау және
пайдалану.
Төртінші топқа жататын қылмыстар: 209 – бап-экономикалық контрабанда;
214 – бап- кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару.
Бесінші топқа жататын қылмыстар: 213 – бап-шетел валютасындағы
қараржатты шетелден қайтармау.
Алтыншы топқа жататын қылмыстар: 218 – бап- бухгалтерлік есеп
ережелерін бұзу; 221 – бап-азаматтың салық төлеуден жалтаруы; 222- бап-
ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару.
Жетінші топқа жататын қылмыстар: 196 – бап-Монополистік іс- әркеттер
және бәсекені шектеу; 198- бап-Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану; 201 – бап-
кәсіптік спорт жарыстарының және ойын- сауықтық коммерциялық конкурстардың
қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу; 224- бап- заңсыз сыйақы алу;
225- бап-табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу; 227- бап-
компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау,
пайдалану және тарату.

І.3 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарың белгісі мен
ерекшеліктері

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі мен ерекшеліктері
төмендегідей бойып табылады:
Қылмыстың бірінші, негізгі сапалық белгісі – оның қоғамға қауіптілігі
болып табылады. Сондай-ақ, Қылмыстық Кодекстің 189- бабында Заңды
кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау талқыланатын әрекеттің қоғамға
қауіптігі заңды кәсіпкерлік дербестігін шектеу болып табылады Осы қылмыс
экономикаға жалпы зиян келтіреді.
196-бап. Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу.
Осы әрекеттің қоғамға қауыптігі нарықты бөліп алу, нарыққа кіруді
шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа да субъектілерін ығыстыру,
бірыңғай баға белгілеу немесе ұстап тұру арқылы бәсекені шектеу болып
табылады. Осы іс-әрекеттің нәтижесінде азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке
зиян келтіріледі.
202–бап. Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында мемлекеттің шаруашылық қызметінде
бағалы қағаздардың айналымының ролі арта түспек. Бағалы қағаздар белгілі
құндылыққа ие бола отырып, ол ақша қаражатымен бірдей төлем немесе айналым
құралы ретінде немесе заңда белгіленген басқа да қызметті атқарады. Осыған
байланысты бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу саласындағы әртүрлі
қиянаттардың қоғамға қауіптілік дәрежесі ерекше зор. Бұл туралы Бағалы
қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы
Заңында ерекше атап көрсетілген [5,13 б].
204-бап. Бағалы қағаздар мен жүргізілген операциялар туралы көріну
жалған мәліметтер беру.Осы қылмыстың қоғамға қауіптілігі мемлекеттік
органдарға көрінеу жалған мәліметтер беру арқасында еліміздің қаржы
пайдалылығына зиян келтіріледі.
205-бап. Бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу ережелерін бұзу. Осы
қылмыстың қоғамға қауіптілігі мемлекеттік ережелерін қасақана бұзудың
нәтижесінде мемлекеттік бюджетке кіріс түспейді, бағалы қағаздардың
айналымы мен тіркелуі бұзылады.
222- бап. Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару. Осы қылмыстың
қоғамға қауіптілігі мемлекеттің жоспар бойынша алам деген кірістерді ала
алмағаны боп табылады, сонымен еліміздің пайдасына экономикалық және қаржы
жағынан зиян келтіріледі.
225 - бап. Табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмлелерді тіркеу. Осы
қылмыстың қоғамға қауіптілігі. Табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз
мәмілелерді тіркеу салдарынан Қазақстан Республикасының пайдалығына
экономикалық зиян келтіріледі.
Қылмыстың екінші белгісі – оның қылмыстық құқыққа қайшылығы болып
табылады. Осы 7-тарауға енген қылмыстардың бәрінің қылмыстық құқыққа
қайшылығы бар. Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Қылмысқа
кінәлі деп қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам танылады. Мәселен
189-бапты алсақ қылмыс тікелей қасақаналық арқылы істеледі. Кінәлі адам
өзінің іс-әрекеті арқылы заңсыз кәсіпкерлік кедергі жасағанын сезеді,
біледі және соны тілейді.
196-бап. Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу тікелей
қасақаналықпен істеледі.
202–бап. Қылмыс қасақаналықпен жасалады. Лауазымды адам өзінің іс-
әрекеті арқылы көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін, бағалы
қағаздарды шығару жөніндегі көрінеу сенімсіз есепті бекіткенін сезеді де
оны тілейді.
204–бап. Қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өзінің
бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған
мәліметтер бергенін, ірі зиян келтіретінін сезеді де соны тілейді.
205-бап. Қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам
өзінің қызмет бабына сәйкес істеген әрекетінің құқықтық қайшылығын сезуге
міндетті. Бірақта өзінің пайдақорлық мінез-құлқын мақсатқа соны тілейді.
222-бап. Қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Лауазымды адам
міндетті жағдайларда жылдық жиынтық табыс туралы декларациялар біреудің не
декларацияға, бухгалтерлік құжаттарға әртүрлі бұрмалаулар енгізіп, салық
төленетін обьектілеріді жасырып, салықтар мен төлемдерді міндетті төлеуден
жалтарғанын қоғамға қауіпті екенін ұғады, одан туатын зардаптарды болжайды
және оның болуын тілеп істейді.
225-бап. Қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам
өзінің табиғат пайдалану жөніндегі көрінеу заңсыз мәліметтерді, табиғат
ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғат ресурстарын
қорғап, молықтырғаны үшін төлемді қасақана төмендету әрекеттерін істегенін
сезеді де соны тілейді.
Қылмыстың келесі белгісі жазаланушылық болып табылады. Жетінші тарауға
енген қылмыстардың диспозициясында тікелей жазалау шаралары
анықталады.Қылмыстарды топтастыру негізінде әртүрлі критерийлер жатады.
Бірінші критерий қылмыстың обьектісі болып табылады. Қылмыстық
кодекстің 7-ші тарауына енген қылмыстардың объектісі болып экономика
саласын мен байланысты қоғамдық қатынастар табылады.
Екінші критерий болып кінәліктің формасы болып табылады, кейбірде
топтастырудың негізіне қылмыстың мотиві мәселен пайдақорлық болады. Осы
критерий туралы жоғары да айтылған соң біз оған тоқтамаймыз.
Үшінші критерий болып іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі және оның
дәрежесі табылуға мүмкін. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық
кодексінде қылмысты санаттау туралы арнаулы норма енгізілген, онда
қылмыстар сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне
байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып
санаттарға бөлінген. Ауыр емес қылмыстарға бас бостандығынан айырмайтын
жаза қолданылуы мүмкін, немесе екі жылға бас бостандығынан айырудан
аспайтын қылмыс деп танылады. Осы критерийге жататын аталмыш тараудың 189-
бап, 196-баптың бірінші бөлімі, 225-бап жатады.
Ауырлығы орташа қылмыстарға қасақана немесе абайсызда істелген
қылмыстар, бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қылмыс деп
танылады. Осы 7-ші тарауға кіретін қылмыстардың ішінде ол 196- баптың
екінші және үшінші бөлімдері, 202-бап, 213-бап.
Ауыр қылмыстарға он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын
қылмыс деп танылады. Осы критерийге жататын 206 баптың екінші бөлімі, 209
баптың үшінші бөлімі.
Ең ауыр қылмыстарға он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан
айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы- қасақана жасалған әрекет деп
танылады. Осыған жататын 206 баптық үшінші бөлімі. Криминологиялық
әдебиеттерде қылмыстылықтың алдын алуды қылмыстылықтың түп - тамырымен
жоюмен, оны тудырып отырған себептерін жою мақсатындағы мемлекеттік
органдар мен көпшілік тарапынан жүргізілетін өзара байланысты амал шаралар
кешені ретінде қарастырылады [5. 21-бет].

2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
СИПАТТАМАСЫ

2.1Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың объектісі

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың мәнін ашу үшін қылмыстың
объектісін анықтаудың маңызы ерекше.Әрбір істелген қылмыс белгілі бір
объектіге қол сұғумен қатар оған белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады.
Қылмыстық заң нормасымен қорғалатын объектіге қылмыстың қол сұқпауы мүмкін
емес. Сондықтан да қылмысты қол сұғушылықтың объектісін дұрыс анықтаудың
теориялық, практикалық маңызы ерекше.
Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен,
қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі. Өйткені қылмыстық-
құқықтық қорғау объектісіне әрқашан да өзінің мәні мен дәрежесіне қарай
ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Объект маңызды болса соған
сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып саналады, соған орай оны қылмыстық-
құқықтық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық бойынша
қылмыстың объектісі деп қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша
қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз [5,31 б].Әрбір істелген қылмыс
белгілі бір жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян
келтіру қаупін туғызады.
Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарды
барлық қылмыстардың жалпы объектісі деп таниды.Қылмыс істеу арқылы қоғамдық
мүддеге елеулі қауіп келтіретін немесе қауіп келтіруі мүмкін жағдайда ғана
қылмыстық құқықтық нормамен қорғалатын қоғамдық қатынастар қылмыстың
объектісі болып табылады.Қылмыстың жалпы объектісі болып танылатын қоғамдық
қатынастардың өзі тарихи өзгермелі болып отырады. Оның қатары жаңа
құбылыстардың қылмыс болып танылуына байланысты кеңеюі немесе қылмыс болып
келген кейбір нормалардың күшін жоюына байланысты тарылуы мүмкін.
Қылмыстық ғылым теориясында қылмыстың объектісін жете білу үшін оның
маңызын және атқаратын ролін; қызметін түгел ашу мақсатымен қылмыстың
объектісін жалпы, топтық және тікелей деп бөлу қағидасы
қалыптасқан.Қылмыстың жалпы объектісі деп қылмыстың заң нормасы арқылы
қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз [6,141 б]. Қылмыстық
заңда көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттің кез келгенінің барлық уақытта да
қоғамдық қатынастардың белгілі бір түріне қиянат келтіруінің өзі қоғамдық
қатынастарды барлық қылмыстардың жалпы объектісі екендігін көрсетеді.
Топтық объект дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң
қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір
бөлігі болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі деп қылмыстық заң
қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе
тікелей бағытталуын айтамыз.Қылмыстық құқық теориясында тікелей объект:
негізгі, қосымша және факультативті тікелей объектілер болып бөлінеді.
Негізгі тікелей объект деп бұл қоғамдық мүддені қорғау үшін қылмыстық заң
нормасы шығарылатын және осы басты белгі бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті
тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні айтамыз.Мысалы,
қарақшылықтың негізгі тікелей обектісі- бөтен біреудің мүлкі. Қосымша
тікелей объект дегеніміз қылмыстық заң бойынша қорғалып, негізгі объектіге
зиян келтірілгенде немесе зиян келтіру қаупі болғанда жол –жөнекей оған да
қауіп туатын, тағдыры негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні
айтамыз. Факультативті тікелей объект дегеніміз қылмыс жасалған кезде зиян
келтіру қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын,
қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Қылмыстың
тікелей объектісін анықтау қылмысты дұрыс саралау үшін, істелген қылмыстың
қоғамға қауіптілігін, мәні мен дәрежесін дәл анықтау үшін, істелген
қылмысқа тиісті әлеуметтік құқықтық баға беру үшін аса қажет.
Қылмыс объектісіне түсінік берілгеннен кейін объектінің түрлеріне
тоқталып, қылмыстық әрекетті саралаудағы объектілердің түрлерінің маңызын
ашу керек.Қылмыстарды объектісіне қарай саралауда ең алдымен қылмыстық
әрекеттегі қылмыс құрамының элементтеріне тән белгілерді анықтау
керек.Cонымен қатар ол белгілердің маңызы қандай және қылмысты саралауда
қандай роль атқаратындығына назар аударған жөн. Қылмыс құрамының
әлементтерінің әрқайсысына сәйкес көптеген белгілердің болуы мүмкін, бірақ
олардың барлығы бірдей қылмысты саралауда маңызды роль атқара бермейді.
Қылмыстарды объектілері бойынша саралауда ең алдымен қылмыстың жалпы
объектісін анықтау қажеттігі туындайды, өйткені объектінің маңыздылығына
қарай әрекеттің қылмыс немесе құқық бұзушылық екендігін анықтаймыз.
Қылмысты объектісіне қарай саралаудың маңыздылығы сонда, өйткені
саралау арқылы ұқсас қылмыстық әрекеттерді бір-бірінен ажыратуға болады
[7,85 б]. Мысалы, әділсоттылықты жүзеге асырушы судьяны қорлау- ҚК-тің 342-
бабы бойынша, ал өкімет өкілін қорлау- ҚК-тің 320- бабы арқылы қылмыстық
жауаптылыққа тартылады. Жоғарыда келтірілген мысалға жүгіне отырып, топтық
объектісіне қарай саралауда, жәбірленушінің кім екендігінің басты роль
атқаратындығын көруге болады.
Сонымен қатар, топтық объектісіне қарай саралауда, тағы да бір маңызды
роль атқаратын қылмыс субъектісінің белгілері болып табылады. Мысалы,
орташа ауырлықтағы дене жарақатын салғаны үшін ҚК-тің 104-бабы бойынша кез
келген есі дұрыс, жасы 16-ға толған физикалық тұлға қылмыстық жауаптылыққа
тартылады, ал тап осындай әрекетті әскери қызметші жасаса, онда ол ҚК-тің
370-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Арнайы объектісіне қарай
саралауда көптеген жағдайларда заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар
маңызды роль атқара қоймайды, маңызды роль атқаратын жағдай материалдық
құндылық, жеке тұлғаның денсаулығы, жеке мүлкі т.б. Объектінің бұл түрін
анықтау арқылы қол сұғылған қоғамдық қатынастардың маңыздылығын мен
әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылық дәрежесін анықтауға
болады. Қылмыстық заң теориясында арнайы объектіні негізгі, қосымша және
факультативті деп үшке бөліп қарастырады, өйткені көптеген криминалдық
әрекеттер бір уақытта бірнеше қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталуы
мүмкін. Мысалы, бұзақылықтың, арнайы объектісі-қоғамдық тәртіп, ал
факультативті объектісі- адамдардың денсаулығы, ал қарақшылықта- арнайы
объект- жеке мүлік, қосымша объект- жәбірленушінің денсаулығы. Бұл
жағдайларда қылмыстық әрекеттерді саралау негізгі арнайы объектілерге
байланысты жүзеге асырылады. Жоғарыда келтірілген объектілерді әлеуметтік
және мемлекеттік маңыздылығына қарай саралау да көзделген.
Қосымша және факультативті объектілер арасындағы айырмашылық
төмендегідей, қосымша объект көбінесе екі объектілі қылмыс құрамдарында, ал
факультативті объект жай қылмыс құрамдарында кездесетіндігінде. Мысалы,
несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану.
Факультативті объектіге қол сұғу қылмысты саралауда ешқандай роль
атқармайды, бірақ қылмыстық әрекетке жаза тағайындауда, сондай-ақ,
келтірілген зардаптың орнын толтыруда міндетті түрде есепке алынады.
Қылмыстық әрекетті саралаудағы қылмыс затын анықтау және оны объектіден
ажырату үшін төмендегідей мағлұматтарды білген жөн. Қылмысты объектісіне
қарай дұрыс саралауда қылмыс заты маңызды роль атқарады. Мысалы,
экономикалық контрабанда.
Қылмыс заты қылмысты саралауда ғана емес, сонымен бірге қылмыстық
әрекетке жаза тағайындауда да маңызды роль атқарады. Қылмыс заты, зардап
келтірген зат қана емес ( бүлдірген, өртеген, бұзған, сындырған,) сонымен
қатар, сол затты алу үшін жасалған қылмыстық әрекетте де қылмыс заты болып
табылады ( ұрлаған, заңсыз пайдаланған заттар, пара т.б.)
Қылмыс затының уақыт өтуіне қарай өзгеріске ұшырауы мүмкін, бүлінеді,
жойылады т.б. Міне, осы белгі қылмыс затын қылмыс объектісінен ажыратуға
мүмкіндік береді.

2.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың объективтік жағы

Объективтік жақтың жалпы сипаттамасы төмендегідей: қылмыстың
объективтік жағы- қылмыс жасаушының қылмыстық әрекетке байланысты мінез-
құлқының ішкі жағы. Объективтік жақтың өзіне тән төмендегідей белгілері
бар:1) қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік; 2)қоғамға қауіпті
зардап; 3) қоғамға қауіпті әрекет пен зардаптың арасындағы себепті
байланыс; 4) қылмыстың жасалу орны, уақыты, жағдайы, тәсілі және құралы.
Алғашқы үш белгі объективтік жақтың негізгі белгілерін, ал соңғысы
факультативті белгісін құрайды.
Қылмысты объективтік жағына қарай саралау, объективтік жақтың бар
екендігін анықтаудан басталады, яғни, әрекет пен әрекетсіздікті, қылмыстық
зардапты және осы екеуінің арасындағы себепті байланысты. Қылмыстық заң
диспозициясында бір жағдайда қылмыстық әрекет туралы нақты жазылса, мысалы,
ұрлық, ал екінші бір жағдайда, тек қылмыстық зардаптың орын алатындығын
ғана көрсетеді, мысалы, адамды ұрлау. Қылмыстық заңда кейбір
диспозицияларда қылмыстың объективтік жағы толықтай сипатталып көрсетілген,
яғни қылмыстық әрекет және одан туындайтын қылмыстық зардап, мысалы, 165-
бап, мемлекеттік опасыздық; 103-бап, денеге ауыр зардаптар келтіру т.б
Қылмыстық заңда келтірілген қылмыс құрамдарының белгілері қылмыстық
әрекеттерді саралауда ерекше роль атқарады. Егер қылмыстық заңның
диспозициясында қылмыс субъектісінің мінез-құлқы нақты көрсетілсе, онда сот
қылмыстық жаза тағайындауда ол белгілерге жан-жақты түсінік бермейді
[8,24б]. Егер қылмыстық заңның диспозициясында қылмыстық зардап көрсетілсе,
онда алдын ала тергеу және сот органдары зардап келтірген тұлғаның әрекет
етудегі мінез-құлқына жан-жақты талдау жасауы керек, өйткені қылмыс жасаушы
тұлға әрекетті кінәнің екі нысанымен жүзеге асыруы мүмкін: қасақаналық және
абайсыздық.
Объективтік жақтағы қылмыстық әрекетсіздік деген ұғым нені білдіреді,
оның өзіне тән қандай белгілері бар екендігін төмендегі мағлұматтармен
таныса отырып білеміз. Қылмыстық әрекетсіздік-мінез-құлықтың енжарлық
нысаны. Мұнда қылмыс жасаушы адам әрекет етуге тиісті бола тұра әрекет
етпеген; мысалы, науқасқа көмек көрсетпеу; алимент төлеуден жалтару. Мұндай
әрекетсіздіктер кей жағдайларда ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады.
Әрекетсіздік мінез-құлықтың енжарлық нысаны ретінде қылмыстық құқылық
мағынаға ие болуы үшін мынадай бірнеше белгілердің жиынтығына сәйкес келуі
керек:
1.Әрекетсіздіктің нақты көрінісі неде, яғни айыпкер адам өзіне
жүктелген нақты қандай міндеттерді істемеді?
2.Әрекетсіздік жасаған адам осы нақты әрекеттерді істеуге міндетті ме?
3.Осы әрекеттерді ондай адамның істеуге нақты мүмкіндіктері болды ма?
Әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылыққа тартатын кезде осы жоғарыда
көрсетілгендердің барлығын анықтау керек. Әрекетсіздік үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартудың ең негізгісі-ол қылмыстық-құқылық нормалармен
белгіленген қандай міндеттерді, талаптарды орындауға тиіс болды және оны
орындауға нақты мүмкіндігі болды ма, осы мәселені анықтау керек.
Адамдардың өзіне жүктелген белгілі бір міндеттерді, талаптарды
орындамауы әртүрлі жолдармен белгіленеді:
1.Заң талабынан ( 364-бап. Қылмыс туралы хабарламау)
2.Кәсіптік немесе қызмет талаптарынан (заң немесе арнаулы ереже бойынша
жәрдем көрсетуге міндетті медицина қызметкерінің науқас адамға дәлелді
себепсіз жәрдем көрсетпеуі-118 бап)
3.Келісім шарттан, контрактіден, келісім шартта көрсетілген құқықтарды
пайдаланып біреудің баласына оны күтіп-бағудың орнына зиян келтіру т.б.
4.Отбасылық, туыстық қатынастардан ( кәмелетке толмаған баланы
тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау-137 бап)
5.Адамгершілік нормасы мен мінез-құлық ережелерінен (адамды қауіпті
жағдайда қалдыру немесе дәрменсіз адамға көмек көрсетпеу) [9,57 б].
Қылмыстық әрекетсіздік жағдайында алдын ала тергеу және сот органдары
қылмыс жасаушы тұлғаның әрекет ету мүмкіндігінің болған болмағандығын,
зардаптың алдын алуға жағдай жасамағандығының болғандығын анықтауға тиіс.
Қылмыстық зардап- бұл заңда көрсетілген қоғамдық қатынастарға әрекет немесе
әрекетсіздік арқылы келтірілген зиян болып табылады.
Қылмыстық кодекстің нақты баптарының диспозицияларындағы қоғамға зиянды
зардаптарды анықтау үшін заң шығарушы әр түрлі терминдерді, түсініктерді
қолданады.Көптеген жағдайда заң шығарушы қоғамға зиянды нақты іс-әрекеттен
туындайтын зардаптардың бірнеше балама түрлерін көрсетіп берген. Мысалы,
259 бап.( Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз
дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату).Заң
шығарушы қоғамға зиянды іс-әрекеттен келтірілген зиянды анықтағанда “ауыр
зардап”, “едәуір зиян”, “елеулі бұзу” деген түсініктерді қолданады. Қоғамға
қауіпті істелген іс-әрекетті дұрыс саралауды шешу үшін көп жағдайларда
келтірілген жағдайлардың түрін ғана емес, оның шамасын анықтаудың маңызы
зор. Қылмыс салдарынан келтірілетін зардап түрлері төмендегідей:
материалдық, моралдық, саяси, әлеуметтік, физикалық, экономикалық,
психикалық.
Келтірілген зардап мөлшері мен қоғамға қауіптілік дәрежесі заң
нормаларын арқылы анықталған. Қоғамға қауіптілік дәрежесі арнайы объектінің
маңыздылығы мен құндылығына тікелей байланысты.Осыған сәйкес қылмыстық
әрекеттің қауіптілік дәрежесі де анықталады.Мысалы, мемлекетке қарсы
қылмыстар саяси, экономикалық зардаптар келтірсе, жеке тұлғаларға қарсы
қылмыстар-физикалық, психикалық зардаптар келтіруі мүмкін. Қылмыс құрамдары
құрылымдарына қарай: жай және күрделі болып бөлінеді. Күрделі құрамды
қылмыстарда зардап бірнеше объектіге келтірілуі мүмкін, мысалы,бұзақылықта
зардап келтірілетін объектілер- қоғамдық тәртіп және жеке тұлғаның
денсаулығы, ал жай құрамды қылмыста зардап тек бір ғана объектіге
келтіріледі.
Материалдық және физикалық зардаптарды саралау тұрғысында
“құны”,“саны”, “сапасы” деген критерийлерге және олардың басқа да түрлеріне-
зардаптың көлемі, ұрлаңған заттардың құны, денсаулыққа келтірілген
зардаптың және еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі сияқты ұғымдарға
жүгінуге тура келеді. Ал зардаптың басқа түрлері, саяси, психикалық,
әлеуметтік зардап көлемдерін саралауда көптеген қиыншылықтар туындайды,
өйткені олар ешқандай нақты критерий бойынша өлшенбейді [10,134 б]. Ол
зардаптарға сәйкес: қол сұғылған объектідегі зардап көлемінің созылу
уақыты, тереңдігі, қайта қалпына келтіру мүмкіндігінің болмауы, объектінің
қоғамдағы орны т.б. ұғымдар болуы мүмкін. Қылмыстық құқық теориясында
қылмыстық зардап негізгі және қосымша болып бөлінеді. Қылмыстық зардапты
саралауда негізгі зардап- негізгі объектіге келтірілген, қылмыстық ниет
бойынша қамтылған зардап болып есептеледі, ал қосымша зардап, қылмыстық
ниетпен қамтылмаған, бірақ әрекет кезінде қосымша объектіге келтірілетін
зардап түрі болып табылады.
Сондықтанда, қылмыстық әрекетті саралауда негізі және қосымша
объектілер ерекше роль атқарады және жаза тағайындауда есепке алынады.
Қылмыстық әрекетті келтірілген зардап бойынша саралаудың маңызы
төмендегідей:
1.Келтірілген зардап көлемі қылмыстық әрекеттің дәрежесін анықтауға
мүміндік береді;
2.Қылмыстық зардап қылмыс құрамының міндетті элементтерінің бірі;
3.Қылмыстық зардап көлемі қылмыстық әрекетті құқық бұзушылықтан
ажуратуға мүмкіндік береді;
4.Қылмыстық зардап көлеміне қарай қылмыстық іс қозғау туралы мәселе
шешімін табады.
5.Қылмыстық зардапқа байланысты басқа да мәселелер анықталса, қылмыстық
жаза тағайындауда жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады.
Кейбір заңгерлердің, атап айтқанда А.С.Михлиннің пікіріне сүйенсек,
қылмыстық зардаптарды негізгі және сараланған деп екіге бөлу керек [11,49
б]. Қылмыстық зардапты бұлайша бөлу туралы заң нормаларында
қарастырылмағандықтан, бұлайша саралау да жүзеге асырылмайды, бірақ
сараланған қылмыстық зардап жаза тағайындауда есепке алынады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын
объективті түрде жалғастыратын себепті байланыс болады. Бұл материалдық
құрамға жататын қылмыстардың объективтік жағының міндетті белгісі. Істелген
іс-әрекетті орын алған қоғамға зиянды зардаптың себебі деп тану үшін,
қылмыстың осы зардабы тек осы іс-әрекеттің тікелей нәтижесі болуы қажет,
өйткені, кез келген іс-әрекет зардаптың орын алу шарты болғанымен, оның
себебі болып танылмауы мүмкін.
Қылмысты саралауда себепті байланысты анықтағанда ең алдымен іс-
әрекетті істеген мезгілде қоғамға зиянды зардаптың нақты болу қаупін
төндіретін, одан кейін осы зардаптың, сөз жоқ, істелген іс-әрекеттің
нәтижесінен туындағанын анықтау керек. Себепті байланыс әрекет пен
әрекетсіздік арқылы істелген материалдық қылмыс құрамдарының міндетті
белгісі болып табылады. Әрекетсіздік арқылы жасалатын материалдық құрамға
мысалы, лауазымды адамның салақтығын алайық. Мұндай жағдайда
әрекетсіздікпен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау
үшін лауазым адамына қандай арнаулы міндет жүктелгенін және міндетті оның
орындамағандығын анықтау керек.
Белгілі бір жағдайларда бірнеше адамдардың әрекеттерінен орын алған
зардаптың қажетті себепті байланысын саралау қажет болады. Мысалы,
материалдық құрамдағы қылмысқа бірге қатысып істеген жағдайда, қылмысқа
қатысушылардың әрқайсысының әрекеті мен келтірілген зиянның арасын
байланыстыратын себепті байланысты табу, бірлесіп істелген қылмыстан келген
зардапты анықтауда қылмысты саралау және қылмысқа бірге қатысушыларға әділ
жаза тағайындау олардың әрекетін дұрыс саралау үшін өте маңызды роль
атқарады.
Қылмыстық әрекеттегі себепті байланысты саралауда анықтауға тиісті
белгілер болып табылады:
1.Қоғамға қауіпті іс-әрекеттен туған зардап үшін адам оның әрекеті
немесе әрекетсіздігі сол зардаппен себепті байланыс болғанда ғана оған
жауаптылық жүктеледі.
2.Белгілі бір нақты қылмыс істегені үшін адамды қылмыстық
жауапкершілікке тарту үшін ең алдымен осы қылмыстың объективтік жағын
құрайтын іс-әрекет мезгілі жөнінен қоғамға зиянды зардаптың алдын алу
қажет.
3.Істелген іс-әрекеттің нәтижесі ретінде заңда көрсетілген қылмысты
зардаптың нақты орын алуы.
4.Істелген іс-әрекетті орын алған қоғамға зиянды зардаптың себебі деп
тану үшін, қылмыстың осы зардабы тек қана осы іс-әрекеттің тікелей нәтижесі
болуы қажет.
Қайсыбір қылмыстар белгілі бір уақытта, белгілі бір жағдайда немесе
белгілі бір тәсілмен, құралмен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларда
қылмыстың объективтік жағының осы факультативті белгілері арқылы іс-
әрекеттің қоғамға қауіптілігіне елеулі әсер етуі мүмкін. Сол себепті заң
шығарушы оның әрқайсысын белгілі бір нақты қылмыс құрамының негізгі белгісі
етіп көрсетуі мүмкін.
Қылмыстың тәсілі дегеніміз кінәлі адамның іс-әрекетті істеудегі
қолданылатын әр түрлі әдістері мен айлалары болып табылады. Қылмыстың
істелу тәсілдері арқылы меншікке қарсы қылмыстар (175,178,179-баптар) бір-
бірінен ажыратылады. Қылмыстың істелу жағдай кейбір реттерде қылмыс
құрамының объективтік жағының қажетті белгісіне айналып кетеді. Бұл
көбінесе әскери қылмыстарда кездеседі. Мысалы, 367-бап,3-тармақ., 368-бап,
3-тармақ. Қылмыс істелу орны біріншіден; қылмыс істелген кеңестікті,
екіншіден; жер бетінің қай бөлігінде қылмыс істелгенін саралуға мүмкіндік
береді. Мысалы, теңізде, құрылықта, үйде, қоймада, бас бостандығынан айыру
мекемелерінде т.б.
Қылмыс істеу мерзімі қылмыс құрамының объективтік жағының белгісі
ретінде өте сирек кездеседі. Қылмыстық құқықта мерзім деген ұғымға тәулік,
жыл уақыты, сондай-ақ белгілі бір жағдайлар жатады. Мысалы, соғыс уақыты.
Кейбір баптарда қылмыс істеу мерзімі құрамы объективтік жақтың белгісі
ретінде көрсетіледі. Қылмыстық кодекстің 53-бабында қылмыстық жауаптылық
пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар айтылған.Осылардың ішінде қылмыстың
жасалу жағдайын белгілейтін бірнеше белгілер бар. Мән-жайлардың тоғысуы
салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау; жеке басына,
отбасына немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны
ашығандық себепті қылмыс жасау; күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
салдарынан да материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті
қылмыс жасау; қажетті қорғанудың дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік;
қылмыс жасаған адамды ұстау; орынды тәуекел; бұйрықты немесе өкімді орындау
жағдайларында қылмыс жасау; қылмыс жасау үшін түрткі болып табылатын
жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы.
Қылмыстық кодекстің 54-бабында жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-
жайлар көрсетілген. Олардың ішінде қылмыстың объективтік жағына мыналар
жатады: аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні
қорлап қылмыс жасау, қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, оны бейнелеуші
қондырғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және
жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де
химиялық фармакологиялық дәрі-дәрмектерді пайдаланып, сондай-ақ күш
көрсетіп, психикалық мәжбүрлеу, не жалпы қауіпті қолданып қылмыс жасау.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес қылмыстың объективтік жағының факультативті
белгілерінің қылмысты саралауда негізінен үш түрлі маңызы бар екендігін
көреміз. Біріншіден; мұндай белгілер қылмыс құрамының міндетті қажетті
белгілері болуы мүмкін. Екіншіден; факультативті белгілер қылмыс құрамының
ауырлататын түрін белгілеуі мүмкін. Үшіншіден; қылмысты саралауға әсері
болмаса да жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде
қарастырылады.

2.3 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісінің түсінігі

Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға
сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады.
Қылмыстық кодекстің 4,6,7-баптарының талаптарына сәйкес Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының
азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ
адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қортынды,
қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам-
азамат тартылады.
Заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірген зиян үшін олар
қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі
болып танылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану
арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық
жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Сондай-ақ, заңды тұлғалар-мекеме,
ұйым, кәсіпорын және басқа да заңды ұйымдар қылмыстың субъектісі болып
танылмайды. Қайсыбір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің
елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес,
сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған адам, егер соның салдарынан
адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады. Жеке тұлғаны
қылмыстың субъектісі деп тану үшін, ең алдымен ол адамның қоғамға қауіпті,
құқыққа қайшы әрекет жасағандығын анықтау қажет. Жеке тұлға қылмысты
тікелей өзі немесе басқа біреулерді: кәмелетке толмағандарды, есі дұрыс
емес адамдарды пайдаланып жасауы да мүмкін. Мұндай жағдайда қылмысты
саралау кезінде басқа тұлғаларды қылмыс жасау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Банктің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланудың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
Қаржы - несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Экономикалық қылмыстарды зерттеу
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату қылмысының криминалисттік сипаттамасы
Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
Пәндер