Мемлекеттік қызмет және лауазымдар ұғымы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДАР ҰҒЫМЫ 7
1.1Мемлекеттік қызмет ұғымы және заңнамалық негіздері. 7
1.2 Мемлекеттік лауазымдар ұғымы және оларды топтастыру 14

2.МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ 18
2.1Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері 18
2.2Қызметтік жалғандық жасау қылмысының объектісі және объективтік жағы 34
2.3 Қызметтік жалғандық жасау қылмысының суъектісі және субъективтік жағы 45

3 ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҢ ОСЫ ТҮРІМЕН КҮРЕС ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .. 65
Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық реформаның талаптарына сай кәсіпқойлық негіздегі мемлекеттік қызмет институты дүниеге келіп, оның нормативтік құқықтық реттелуі базасы жасалып, жетілдіріліп келе жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жолдауында «Заңдар бір орында тұрып қалмауы тиіс, ол қоғамның даму ырғағына сәйкес келуі, тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық ахуалға ілесіп отыру керек» [1] деп қойған міндеті де өмір талабынан туып отыр.
«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды: оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп Қазақстан Республикасы Конституцияның 1-бабында бекітілген. Осының айғағы ретінде еліміздің мызғымас іргетасы қаланып, әлемдік деңгейде Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болып, басқа да белгілі өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең елге айнала бастадық.
Егемен елімізді осындай жоғары деңгейге жеткізу жолындағы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси реформалар табысқа жетуде. Осы тұрғыдан да Конституцияда бекітілен негізгі қағидаларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін қылмыстық-құқықтық заңдылықтар да айтарлықтай өзгерістерге ие болуда. Атап айтқанда, бұрынғы Кеңес Одағы кезінде қабылданған Қылмыстық кодексі орнына, тәуелсіз мемлекетіміздің Қылмыстық кодексі дүниеге келді.
Қазақстан Республикасы Президентінің өткен жылдарда жасаған баяндамалары мен Қазақстан халқына жолдауларында «Егер сапалы заңдар қабылданбаса оларға үнемі түзетулер мен өзгертулер енгізуге тура келеді» 2 , «Заң шығару жүйесінде заңдарды көбейте бермей, олардағы қайшылықтарды жою проблемасы көкейкесті күйінде қалып отыр, заңдар үйле¬сімді, әрі Конституцияға сай болуға тиіс. Бұл проблемаларды шешу құқықтың барлық салалары қамтитын барлық заң жүйесін жетілдіре оты¬рып, кешенді, әрі жүйелі тұрғыдан келуді керек етеді» .
Осы тұрғыдан егеменді еліміздің қылмыстық-құқықтық нормативтік актілерін қабылдауымен қатар, қазіргі кездегі қоғамымыздың дамуына қарай мемлекеттік органдардың жұмысына, оның лауазымды адамдарының азаматтар мен адам құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі және олардың мемлекеттік қызмет субъектілері бола отырып көптеген құқық бұзушылықтың алдын алу, оның жасалу себептері мен ерекшеліктерін анықтау, қылмыстық жауапкершіліктерін жетілдіру мәселелеріне байланысты осы Курстық жұмыста, қызметтік жалғандық жасау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін қарастыру қажеттілігі туындап отыр.
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы.29.01.2010ж
2 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы.23.07.1999
3 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызында республикалық референдумда қабылданып, 2007 жылы 21 мамырдағы №254Ш заңымен өзгертулер енгізілген
4 "Қазақстан Республикасының конституциясына түсіндірме. Алматы.2001
5 Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы .Алматы.2004. 45б
6 И.Е.Қайыржанов. қылмыстық заңның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте алатын орны туралы. Алматы. 2001.74-76бб
7 Баймурзина Г.И. Уголовное право Республики Казахстан. Алматы.2005.69-71бб
8 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 16.01.1997 жылы қабылданған,2008 ж. өзгертулермен , толықтырулармен. Алматы . Жеті жарғы 2008 ж.
9 Смольницкий Г.Р. Преступность ХХ века. М.1999.56-61бб
10 Жижиленко А.А. Психология криминального поведения. М.2004.12б
11 Қазақстан Республикасының «сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңы.02.07.1998
12 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 17.04.1995ж
13 " Соттың парақорлық үшін жауаптылық заңдарын қолдану тәжірибесі туралы» заңы.22.12.1995ж
14 Большой юридический словарь/ Под ред.Сухарева А.И.,Крутских В.Е..М.2002.201б
15 Рогов И.Е. Демократические основы уголовного права. Аламты.2004.39б
16 Кобалевский В.И. Актуальные проблемы становления и развития казақстанского уголовного права. Алматы.2000.87б
17 Кириченко В.Ф. Квалификация преступлении против интересов госыударства и личности.М.2000.47б
18 Алматы және Қарағанды қалаларында “Экономикалық соттар түзу туралы” заңы 16.01.2001 жылы қабылданған.
19 Трайнин А.Н. Предупреждение хищении . М. 2000.65б
20 Сергеев Т.Л. Уголовно-правовые и криминалистические аспекты хищении. М.2000.15б
21 Ямпольская Ц.А. сущность государственной службы. М.2004.4б
22 Никифоров Г.И.О понятии уголовной ответственности.М.2000.24б
23 Наумов Н.В. О содержании уголовно-правовых отношении. М.2000.149б
24 Қайыржанов А.А. Пайдакүнемдік мақсатта жасалатын қылмысты саралау ерекшеліктері.
25 Ағыбаев А.Н. Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім) Алматы.2004.371б
26 Құлжақаева Р.Б. Қылмыс құрамы. Қарағанды.2008.54б
27 Рахметов С.М. Уголовно-правовая охрана интересов народа.Алматы. 2005.150-151бб
28 Жүнісов Б.Ж. Қылмыстық құқықтағы қызмтеттік жалғандық жасау қылмысының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.Қарағанды. 2001.359б
29 Пионтковская А.А. Объект и объективная сторона преступлении. М.2004.233-234бб
30 Трайнин А.Н.Способы совершения неторық преступлении пртов государственной собственности. М.2004.23б
31 Борчашвили И.Ш.,Рахимжанова Т.К. Комментарий к Уголовному Кодексу Республики Казахстан.Караганда.2004.348б
32 Петров Г.И. Состав преступления. М.2006.80б
33 Пахомов И.Н.Рбъект и предмет преступления и его занчение при квалификации преступлении.М. 1999.149б
34 Амандықкова С.К. Конституционное права Республики Казахстан. Караганда.2001.135б
35 Н.И.Коржановский.О некоторых проблемных вопросах уголовного праваМ.1999.439б
36 Ким Ю.А. Криминалистические аспекты преступлении против государственной службы. Алматы.2007.359б
37 Ной И.С.Субъекты должностных преступлении. Алмсаты. 2008.48б
38 Джекебаев А.А. Квалификация должностных преступлении. Алматы. 2007.224б
39 Зиманов З.С. Размышления о новой модели формирования государственной службы. Астана. 2005.17б
40 Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтастық құқық туралы» заңы.10.06.1996
41 Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы » заңы. 16.01.2001.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДАР ҰҒЫМЫ 7
1.1Мемлекеттік қызмет ұғымы және заңнамалық негіздері. 7
1.2 Мемлекеттік лауазымдар ұғымы және оларды топтастыру 14

2.МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ 18
ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы 18
сипаттамасы және түрлері
2.2Қызметтік жалғандық жасау қылмысының объектісі және 34
объективтік жағы
2.3 Қызметтік жалғандық жасау қылмысының суъектісі және субъективтік 45
жағы

3 ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҢ 60
ОСЫ ТҮРІМЕН КҮРЕС ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... . 65

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық реформаның талаптарына
сай кәсіпқойлық негіздегі мемлекеттік қызмет институты дүниеге келіп, оның
нормативтік құқықтық реттелуі базасы жасалып, жетілдіріліп келе жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жолдауында
Заңдар бір орында тұрып қалмауы тиіс, ол қоғамның даму ырғағына сәйкес
келуі, тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық ахуалға ілесіп отыру
керек [1] деп қойған міндеті де өмір талабынан туып отыр.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды: оның ең қымбат қазынасы-адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп Қазақстан Республикасы
Конституцияның 1-бабында бекітілген. Осының айғағы ретінде еліміздің
мызғымас іргетасы қаланып, әлемдік деңгейде Біріккен Ұлттар Ұйымының толық
мүшесі болып, басқа да белгілі өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең
елге айнала бастадық.
Егемен елімізді осындай жоғары деңгейге жеткізу жолындағы әлеуметтік,
экономикалық, құқықтық және саяси реформалар табысқа жетуде. Осы тұрғыдан
да Конституцияда бекітілен негізгі қағидаларды қылмыстық қол сұғушылықтан
қорғау үшін қылмыстық-құқықтық заңдылықтар да айтарлықтай өзгерістерге ие
болуда. Атап айтқанда, бұрынғы Кеңес Одағы кезінде қабылданған Қылмыстық
кодексі орнына, тәуелсіз мемлекетіміздің Қылмыстық кодексі дүниеге келді.
Қазақстан Республикасы Президентінің өткен жылдарда жасаған
баяндамалары мен Қазақстан халқына жолдауларында Егер сапалы заңдар
қабылданбаса оларға үнемі түзетулер мен өзгертулер енгізуге тура келеді
2[i], Заң шығару жүйесінде заңдарды көбейте бермей, олардағы қайшылықтарды
жою проблемасы көкейкесті күйінде қалып отыр, заңдар үйлесімді, әрі
Конституцияға сай болуға тиіс. Бұл проблемаларды шешу құқықтың барлық
салалары қамтитын барлық заң жүйесін жетілдіре отырып, кешенді, әрі жүйелі
тұрғыдан келуді керек етеді .
Осы тұрғыдан егеменді еліміздің қылмыстық-құқықтық нормативтік
актілерін қабылдауымен қатар, қазіргі кездегі қоғамымыздың дамуына қарай
мемлекеттік органдардың жұмысына, оның лауазымды адамдарының азаматтар мен
адам құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі және
олардың мемлекеттік қызмет субъектілері бола отырып көптеген құқық
бұзушылықтың алдын алу, оның жасалу себептері мен ерекшеліктерін анықтау,
қылмыстық жауапкершіліктерін жетілдіру мәселелеріне байланысты осы Курстық
жұмыста, қызметтік жалғандық жасау қылмысының қылмыстық-құқықтық және
криминологиялық аспектілерін қарастыру қажеттілігі туындап отыр.
Егеменді еліміздің өркендеп-гүлденуіне және жоғары дамыған мемлекеттер
қатарына қосылуға кедергі жасайтын мемлекеттік қызметшілердің заңсыз
әрекеттері мен жеке басының мүддесі мемлекет мүддесінен жоғары қоятын
мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген
адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын
адамдар, яғни мемлекеттік қызметшілер жоқ емес. Олар тек қана тікелей
материалдық зиян келтіріп қоймай, сонымен бірге азаматтардың билік пен
басқарудың мемлекеттік институттарына деген сенімсіздікті туғызады.
Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас
жемқорлық және өзге де қылмыстар жүйесіндегі, қызметтік жалғандық жасау
қылмысының субъектісі болып мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам,
не оған теңестiрiлген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттiк
лауазым атқаратын адамдар жасайтын қылмысымен күресудің қылмыстық-құқықтық
және криминологиялық мәселелерін қарастыру және мақсаты қызметтік жалғандық
жасау қылмысының субъектілерінің қылмыстық іс-әрекеттерімен күресудің
қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері, қылмыстық-құқықтық және
криминологиялық шараларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Қарастырылып отырған проблеманың
өзектілігін ескере отырып, алға қойылған мақсатқа сүйеніп, дипломант
зерттеудің алдына мынадай негізгі міндеттерді қоюды жөн деп санады:
қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектілерінің қылмыстық іс-
әрекеттерімен күресудің криминологиялық және қылмыстық-құқықтық мәселелері
мен қылмыстық-құқықтық күрестің тәжірибесін талдау;
қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектілерінің қылмыс жасауға
мүмкіндік жасайтын факторларды анықтау және механизмін зерттеу.
Зерттеудің объектісі болып қызметтік жалғандық жасау қылмысына
байланысты қоғамға қауіпті, заңға қайшы іс-әрекеттер табылады. Сондай-ақ,
зерттеудің объектісіне олармен күрестің қылмыстық-құқықтық және
криминологиялық шаралары кіреді.
Зерттеудің затын қызметтік жалғандық жасау қылмысын субъектілердің
қылмыстық әрекеттермен күрес жүргізуі бойынша құқық қорғау органдарының
қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңды іс жүзінде қолдануын бір мақсатқа,
яғни мемлекеттік қызмет мүдделерін қорғауға бағытталған іс-қимылы құрайды.
Дипломдық жұмыстың эмпирикалық және теориялық негіздерін шындықты
түсінудің жалпы философиялық әдістері құрайды. Оларды қолдану мемлекеттік
қызмет мүдделеріне қарсы жасалатын қылмыстардың анағұрлым кең етек жаю
жолдарын зерттеуге мүмкіндік береді. Дипломдық жұмысты зерттеуде осы
әдістерді негізге алу бір жағынан мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк
басқару мүдделерiне қарсы жасалатын сыбайлас жемқорлық және өзге де
қылмыстардың нақты фактілерін зерттеуге мүмкіндік берсе, ал екінші жағынан
оны нақты бір тарихи (мемлекеттік билік, басқару) жағдайдағы құбылыс
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің жалпы әдістемелік негізін жалпыға бірдей диалектикалық әдіс,
таным құрайды. Зерттеу барысында формальдық қисынды әдісті (талдау, синтез)
түрлі тәсілдерін қолдану ескерілді.
Дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдамалары мемлекет және құқық
теориясы, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық және
азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді.
Дипломдық жұмыстың нормативтік-теориялық базасын Қазақстан
Республикасының Конституциясы; қылмыстық, қылмыстық-атқарушы, қылмыстық іс
жүргізу және әкімшілік заңдары; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
нормативтік қаулылары; мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі Қазақстан
Республикасының Заңдары, сонымен қатар мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстық-құқықтық күрестің проблемаларын реттейтін Қазақстан Республикасы
Президенті Жарлықтары мен Парламентінің нормативтік құқықтық актілері;
мемлекеттік қызмет мүделеріне қарсы қылмыспен қылмыстық-құқықтық күрес
мәселелері жөніндегі үкімет қаулылары және құқық қорғау органдарының
ведомствалық нормативтік құқықтық актілері; мемлекеттік қызмет мүдделеріне
қарсы қылмыстар туралы мәліметтік есеп шолулары, жинақтары, құжаттары;
сонымен қатар басқа да заңдар және заңнан туындаған актілер құрады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының теориялық және практикалық маңыздылығы,
оның тұжырымдары мен ұсыныстары қызметтік жалғандық қылмысын жасаушы
субъектілер мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған
теңестірілген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттік лауазым
атқаратын адамдардың қылмыстық іс-әрекеттеріне сәйкес және тиімді
шараларын өңдеу үшін қажетті алғышарттарды құрады. Дипломдық жұмыстың
тұжырымдары мен ұсыныстары:
қызметтік жалғандық жасау қылмысын жасаушы субъектілер мемлекеттік
қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адамның, лауазымды
адамдар және жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар қылмыстармен
қылмыстық-құқықтық күрес саласында қылмыстық заңды одан әрі дұрыс түсінуге
мүмкіндік береді;
қызметтік жалғандық жасау қылмысын жасаушы субъектілер лауазымды адам
мен мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген
адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын
адамдар қылмыстармен қылмыстық-құқықтық күрес жүргізетін құқық қорғау
органдары, ұқсас, бәсекелес құқықтық нормалдарды дұрыс айыра білуі және
оларды дұрыс қолдану үшін теориялық білімді толықтырады.

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДАР ҰҒЫМЫ,

1. Мемлекет қызмет ұғымы және заңнамалық негіздері

Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде
демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік-мәдениет және
әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігін нығайту және
қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады.
Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан
қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге
қойылатын жаңа талаптар туғызды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында
мемлекеттік аппараттың қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың
міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті
реформалаудың қажеттігі пайда болды. Реформалаудың мақсаты қазіргі және
келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын
қабілетті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті,
құзыретті, тиімді жене тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік
қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де
қамтиды.Соңғы кезге дейін заңнамаларда мемлекеттік қызмет ұғымының
түсінігі болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың
(органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және т.б.) қызметшілерінің
қызметтік лауазымдарына сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын
жүзеге асыруға бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін
орындауы жатқызылды. Сонымен кез келген мемлекеттік ұйымдағы барлық
қызметшілер мемлекеттік қызметшілер болып саналды.
1995ж.желтоқсанда ҚР-сы Президентінің Мемлекеттік қызмет туралы заң
күші бар жарлығы шықты-бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы
арналған бірінші нормативтік-құқықтық акт еді.
Мемлекеттік қызмет туралы заңмен және оған өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды.
Аталған заңда мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет ұғымдарына
жаңа мән-мағына берілген. Мемлекеттік қызметшілерге тек мемлекеттік
органдарда, кез келген мемлекеттік ұйымдарда емес (мысалы, мемлекеттік
жоғары оқу орындарының қызметшілері мемлекеттік қызметшілер болып
саналмайды), мемлекеттік лауазымдық қызмет атқаратын адамдар жатады [2].
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай
саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Мемлекеттік саяси қызметші-
тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта
болатын жене саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін
мемлекеттік қызметші.
Саяси лауазымдарға:
-ҚР-ның Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың
орынбасарлары;
-ҚР-сы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының
төрағаларьг тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер,
олардың орынбасарлары;
-ҚР-сы Жоғарғы Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары;
-Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын
мемлекеттік саяси қызметшілер;
-Орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік
саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар
жатады.Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да
жатқызылуы мүмкін. Мемлекеттік окімшілік қызметші-мемлекеттік саяси
қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби
негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
Сонымен мемлекеттік қызметшілерді жоғарыдағыдай екі топқа бөлудің негізгі
мақсаты мемлекеттік қызмет аясында демократияландыруды қамтамасыз ету,
саяси қызметке тағайындалатындардың шегін белгілеу, оларға байланысты
кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың
қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру.
Мемлекеттік лауазымдарды осылай бөлудің негізінде аталған заңда
мемлекеттік қызмет ұғымының анықтамасы берілген. Мемлекеттік қызмет -
мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардагы мемлекеттік биліктің
міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін
атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметттің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық
мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі
болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлекеттік аппарат реформаларды,
жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару
қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір
бөлігінің қабілетсіздігімен, кей кезде тіпті реформалық бағдарламаларды
қабыл алмауымен, одан бетер-олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты
екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану-
алғы шепте тұратын жалпыұлттық міндет. Әр түрлі саясаткерлер келеді,
кетеді, ал мемлекеттік басқару машинасы барлық жағдайларда да қалтқысыз
жұмыс істеуге тиіс. Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі жүргізіліп
жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемді қызметін
қамтамасыз етуге, оны партиялық немесе топтық мүдделерге пайдалану
мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.
Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен
қызмет атқару жүйесіндегі аса маңызды заңдылықтарды белгілейді. Олар
мемлекеттік қызметтің жүйесінде пайда болатын қатынастардың маңыздылығын,
заңдылығын және әлеуметтік құндылығын қамтиды. Мемлекеттік қызметтің
құқықтық принциптерінің болмауы зорлық-зомбылыққа, ең жаман мағынадағы
төрешілдікке, бытыраңқылыққа, заңсыздыққа, әділетсіздікке әкеп соғады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңның 3-бабында мемлекеттік қызметтің
төмендегідей принциптері белгіленген..
-Зандылық принципі мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін
атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде ҚР-сы Конституциясы
мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші
болатындығын білдіреді. Бұл Конституцияның 4-бабының 2 тармағы ел
Конституциясының ең жоғары заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл
аумағында тікелей қолданылады деген қағидаға негізделеді. Конституция
мемлекеттің Ата заңының -оның Конституциясының ең жоғары заң күші болатын
жүйе құруды болжайды, ал барлық өзге нормативтік құқықтық актілер соған
сәйкес болуға тиіс .
Мемлекеттік қызметші құқықтық актілерді, азаматтардың құқықтарын қатал
сақтауға, оларды жүзеге асыру мен қорғау үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді
жасауға міндетті.Заңдылық идеясын іске асырудың мынадай бағыттарын атап
айтуға болады: қызметші азаматтар мен ұйымдардың заңдарды орындауына қол
жеткізуге тиіс, оның өзі заңдарды сақтауға тиіс, оның құқықтары қорғалатын
болуға тиіс.
-Қазақстандық патриотизм принципі-мемлекеттік қызметшінің өз Отанын,
халқын сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін,
Республиканың тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам
құруға, елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен
дінін дамытуға бар білімі мен күш-жігерін аянбай жүмсайтындығын білдіреді.
-Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына
бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастық принципі.
Бұл Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың
тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау
принципіне сәйкес жүзеге асырылады деген Конституцияның 3-бабының 4-
тармағына негізделген.
Сонымен бірге бұл биліктің әрбір тармағының атқаратын қызметінің ара
жігін ажыратуды, нақтылап белгілеуді көздейді. Олардың әрқайсысының белгілі
бір шамада дербес болатынын, өз функцияларын орындағанда белгіленген шекте
теуелсіз екендігін білдіреді. Солай бола тұра бұл принциптің мәнінен
мемлекеттік қызметшінің заң шығарушы (өкілді) органның депутаты болуға құқы
болмайтындығы туындайды. Немесе керісінше: депутаттар мемлекеттік қызметте
бола алмайды.
-Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің
мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі.Бұл Қазақстанның
заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын білуге, сақтауға және қорғауға міндеттейді.
Қазақстанда құрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамнын ең қымбат қазына
екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін бұзуға әкеліп соқтыратын іс-әрекетгері үшін Мемлекеттік қызмет
туралы заңда қаралған барлық мемлекеттік кызметшілердін жауапкершіліктері
болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.
-Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар
принципі Конституцияның 33-бабының 4-тармағында бекітілген. Оның мәні
мынада, мемлекеттік қызметке қабылдаған кезде нәсіліне, жынысына, ұлтына,
тіліне, әлеуметгік тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрақты
тұратын жеріне, дініне, иланымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына
байланысты қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер қоюға болмайды.
Мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігі Қазақстанның азаматы болуына, жасына
және мемлекеттік қызметшілер үшін қойылатын басқа талаптармен ғана
байланысты.
-Азаматтардың мемлекеттік_қызметке кіруінің еріктілігі принципі ҚР-
сы Конституциясының 24-бабының 1-тармағында бекітілген әркімнің еңбек ету
бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына
негізделеді [3].
-Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік принципі
мемлекеттік лауазымның бос орнына (вакансияға) кандидатты іріктеген кезде
пайдаланылатын негізгі белгілер. Басымдық ең лайықтыға, жақсы дайындығы
барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс-жүзінде өзінің
ұйымдастырушылық қабілеттігін көрсеткенге беріледі.
-Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу
принципі ҚР-сы Конституциясының 24-бабының 2-тармағында бекітілген әркімнің
өз еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар деген ережеге
негізделеді.
-Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз
өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік
қызметшілер үшін міндеттілік принципі Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі
бастауларының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің біртұтастығына
және заңның жоғары күші болатынына, төменгі органдардың жоғарғы органдарға
бағыныстылығына негізделеді.Осының арқасында мемлекеттік механизмнің барлық
буындарында атқарушылық төртіп үшін шынайы жағдайлар жасалынады.
-Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік принципі
мемлекеттік қызметгегі тәртіпті нығайтудың, мемлекеттік қызметшілердің
өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол
үшін жауапкершіктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған
пайдалы тәсілдері.
-Қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципі мемлекеттік қызмет
туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлекеттік органдарға қол жетерлік
болуын және олардың мемлекеттік қызметшінің тағдыры, құқықтық жағдайы
туралы мәселелерді оның ырзашылығымен және келістілігімен шешулерін
болжайды.Жарияльшықты кеңейтпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше, бақылау
үшін ашық жене қолжетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердін шынайы
бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдардың бірде-бір қызметкері
бақылаудан, сыннан тысқары қалуға тиіс емес.
-Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу принципі
олардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар туғызуды, қызметтік
міндеттерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоюға тиісті шаралар
қолдануды көздейді.Қызметшілердің әлеуметтік жене құқықтық қорғалуы:
олардың еңбегінің беделін көтеруді, айтарлықтай жоғары еңбек ақы төлеуді,
еңбек етуге, демалысына қалыпты жағдайлар туғызуды, мемлекеттік
сақтандыруды, қызмет жөнінен өсуді болжайды.
-Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы
атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін
көтермелеу принципін жүзеге асыру шаралары Мемлекеттік қызмет туралы
заңның 23-бабында қаралған [2].
-Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не
тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланганы үшін
жеке жауаптылық принципі мемлекеттік тәртіпті күшейтуге, мемлекеттік
қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
-Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз
жүргізу.принципі қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта
даярлануын, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруларын, арнайы оқу
орындарын ұйымдастыруды, т.б. болжайды.
Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол
берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде
заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық
бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
Мемлекеттік қызметшілсрдің атқаратын міндеттері мен функциялары, олардан
саяси және діни алаламаулықты талап етеді.
Мемлекеттік қызметтің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық
актілердің аумағы мен мазмұны мемлекеттік-қызметтік қатынастардың пайда
болуының және іске асырылуының мүмкіндіктерімен алдын ала анықталады. Бұл
жерде ең алдымен лауазымға орналасуға және мемлекеттік қызметшілер
өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешкенге
дейін, мемлекеттік билік органдарының жүйесі мен олардың ішкі (ұйымдық-
штат) құрылымын анықтау, мемлекеттік лауазымдардың тізбесін бекіту және
оларды санаттар мен топтар бойынша жіктеу, әрбір лауазым бойынша
өкілеттіктер мен функциялардың көлемін, сондай-ақ осы лауазымдарға
орналасатын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарды
(білімі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен тәжірибесі жөнінен) белгілеу
қажет екендігі еске алынып отыр.
Мемлекеттік - қызметтік қатынастардың қатысушысы ретінде мемлекеттік
қызметшінің құқықтық жағдайын анықтаған кезде заңнамаларда: оның құқықтары,
міндеттері мен кепілдіктері; мемлекеттік қызметпен байланысты шектеулер;
көтермелеу және жауаптылық белгіленуі тиіс.
Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері де құқықтық нормалармен
реттелінеді: мемлекеттік қызметке кіру; бос лауазымдарға орналасу
тәсілдері; мемлекеттік қызметшіні аттестациялау; біліктілік дәрежелерін
беру; мемлекеттік қызметті тоқтату.
Мемлекеттік - қызметтік қатынастарды іске асырудың қажетті алғы шарты
мемлекеттік қызметке азаматгарды қабылдауды, сондай-ақ оларды лауазымдарға
тағайындау мен ауыстыруды, мемлекеттік қызметте болған кезде оларға
біліктілік дәрежелер (әскери жөне арнайы атақтар, сыныптар, шендер,
дипломатиялық рангілер) беруді жүзеге асыру үшін құқық берілетін нақты
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды белгілеу болып табылады.
Мемлекеттік органдардың кадрлар жөніндегі жұмысының маңызды элементі-
мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыру. Кадр саясаты заңдарда, өзге
нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі және солар арқылы іске асырылады.
Кадр саясатының жетістігі мемлекеттік аппараттың сапасымен, оның
заңнамаларды атқаруымен, атқарушылық тәртіптілігімен тікелей байланысты.
Мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конституциядан, Мемлекеттік қызмет
туралы заңнан, ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады.Мемлекеттік қызметті құқықтық реттеуде ҚР-ның Конституциясы маңызды
роль атқарады. Онда мемлекетгік басшы лауазымдарға адамдарды қызметке
тағайындау (сайлау) және қызметтен босату туралы Президенттің,
Парламенттің, оның палаталарының және Үкіметтің құзыреттері
белгіленген.Мемлекеттік қызмет туралы заң мемлекеттік қызметті
ұйымдастырудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық
жағдайының негіздерін және мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібін
белгілейді[2]. Заңның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтің бірыңғай
жалпы мемлекеттік құқықтық негізін жасау, оған кәсібилік сипат беру. Заң
төрешілдікпен, сыбайлас жемқорлықпен, шенеуніктік зорлық-зомбылықпен, жеке
адамға берілгендік принципі бойынша кадр іріктеп алу практикасымен күресу
үшін құқықтық негізді дамытуға мүмкіндік туғызады. Ол мемлекеттік
қызметшілерге, олардың міндеттеріне тек талаптарды арттыруға ғана емес,
сонымен бірге олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге
де бағытталған.
Заңда көп жаңа маңызды ұғымдар бар: мемлекеттік лауазым. мемлекеттік
қызмет, мемлекеттік қызметші, біліктілік дәреже деген не екендігі және
басқалар туралы. Ол мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін немесе
орналасқан азаматтарға қойылатын талаптарды күшейте түскен: арнаулы білім,
аттестациялау, біліктілік емтихан, қатал тәртіптік жазалар жүйесі жете
қабілеттілігі жоқ немесе қара ниет қызметшілердің жолына қатаң кедергілер
жасауға толық мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет туралы заң барлық мемлекеттік қызметшілерге
қолданылады, бұған Конституцияда, конституциялық заңдарда немесе өзге де
заң актілерінде олар үшін өзгедей құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар
қосылмайды. Жекелеген мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің
ерекшеліктерін реттейтін бірнеше заңдар бар. Оларға, мысалы, ҚР-ның ішкі
істер органдары туралы 1995ж. 21-желтоқсандағы, Авариялық құтқару және
құтқарушылардың мәртебесі туралы 1997ж. 27-наурыздағы, ҚР-ның
дипломатиялық қызметі туралы 2002ж. 7-наурыздағы, ҚР-ның қаржы полициясы
органдары тура-ы 2002ж. 4-шілдедегі, Әскери міндеттілік және әскери
қызмет туралы 2005ж. 8-шілдсдегі, т.б. Заңдар жатады [4].
Мемлекеттік қызметтің бірқатар мәселелері бойынша ҚР-сы Президентінің
Жарлықтары бар: ҚР-сы саяси мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының
реестрін бекіту және саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазалар
қолданудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы 1999 ж. 29-желтоқсандағы,
Қазақстан Республикасы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының
реестрін және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санаттарының тізбесін
бекіту туралы 1999 ж. 22-желтоқсандағы; Қазақстан Республикасы әкімшілік
мемлекеттік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы 1999 жылғы 29-
желтоқсандағы; Қазақстан Республикасы әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне
тәртіптік жазалар қолдану Ережелерін бекіту туралы 1999 жылғы 31
-желтоқсандағы; Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу
Ережелерін бекіту туралы 2000 ж. 21-қаңтардағы; Мемлекеттік қызмет өткеру
тәртібі туралы Ережені бекіту туралы 2000 ж. 10-наурыздағы"; Қазақстан
Республикасы саяси мемлекеттік қызметшілер антының мәтінін және Қазақстан
Республикасы саяси мемлекеттік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту
туралы 2000 ж. 13-сөуірдегі; Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының мәселелері туралы 1998 ж. 12-
қарашадағы өкімі; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан
Республикасы Агенттігі туралы Ережені бекіту туралы 1999 ж. З-
желтоқсандағы; Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережені бекіту
туралы 2003ж. 4-желтоқсандағы; Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер
лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы 2004ж. 17-
қаңтардағы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта
даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы 2004ж. 11-
қазандағы; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс
Кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы Ережелерін) бекіту
туралы 2005ж. 3-мамырдағы; Қазақстан Республикасы мемлекеттік
органдарының кадрларын даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі
жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2005ж. 31-мамырдағы; Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана
және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері туралы Ережені бекіту туралы
2005ж. 30-маусымдағы және т.б.
Мемлекеттік қызметтің көптеген мәселелері тәртіптік жарғылармен және
ережелермен, нақтылы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері туралы
ережелермен, Үкіметтің, министрліктер мен агенттіктердің өзге де
нормативтік актілерімен реттелінеді. Жалпы алғанда мемлекеттік қызмет -
күрделі кешенді құқықтық институт, ол құқықтың бірнеше салаларымен
(конституциялық , әкімшілік, еңбек, қаржы және басқалармен) реттеледі.
Мемлекеттік органдардағы -мемлекеттікке жатпайтын лауазымдарда, сондай-ақ
мемлекетгік емес ұйымдарда (шаруашылық серіктестіктерде, акционерлік
қоғамдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда) істейтіндердің қызметі
еңбек туралы заңнамалармен реттелінеді
Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мемлекеттік қызметші болып
мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе
жергілікті бюджеттен не ҚР-сы Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін
қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру
мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы болып
табылады.
Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік
органдардың жүмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметші
болып табылмайды. Мұндай қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Үкіметтің
1999ж. 30-желтоқсандағы қаулысымен бекітілген. Оларға, мысалы,
мұрағаттардың, кітапханалардың меңгерушісі, диспетчер, нұсқаушы, инспектор,
комендант, лаборант, методист, машинистка, редактор, хатшы, техник,
экспедитор және басқалар жатқызылған.Мемлекеттік органдардың өкілеттіктері
қоғам өмірінің барлық аяларында мемлекеттік қызметшілер арқылы іске
асырылады. Бірақ мемлекеттік қызметшілердің құрамы бірыңғай емес, олардың
мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі атқаратын
қызметтері әр түрлі және олар біріне-бірі ұқсас емес жағдайларда жұмыс
істейді. Сондықтан оларды әртүрлі белгілер бойынша кейбір топтарға бөлуге
болады.
1. Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған мемлекеттік
өкімет органдары қызметінің көлемі бойынша республикалық қызметшілерге
бөлуге болады.
Республикалық мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты тиісті
республикалық мемлекеттік органдардың: Президент Әкімшілігінің, Үкімет
Кеңсесінің, Парламент Палаталары аппараттарының т.с.с. өкілеттіктеріне
негізделеді.
Жергілікті жерлердегі мемлекетгік қызметте тиісті әкімшілік-аумақтық
бөліністің мемлекеттік өкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселелер
жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады.
Егер республикалык органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге
алатын болсақ, онда азаматтық және милитарландырылған (әскери ұйымдардың
әдісін орнату) мемлекеттік қызметшілер бөлінеді (әскери қызметшілер, ішкі
істер, қаржы полициясы және басқа органдар қызметкерлері). Билікті бөлу
принциптеріне сәйкес заң шығарушы (өкілді), атқарушы және сот билігі
органдарының мемлекеттік қызметшілері ажыратылады. Заң шығарушы билігі
органы - ҚР-ның Парламенті Заң шығару және Конституцияда көзделген шекте
атқарушы билік органдарына катысты бақылау функциясын атқарады. Осы жауапты
функцияларды ойдағыдай орындау үшін Парламент Палаталарының жоғары білікті
қызметкерлер аппараттары болуға тиіс. Сондықтан бұларға В санаты тобының
лауазымдарына (құрылымдық бөлімшелер басшылары, Палаталар төрағаларының
көмекшілері, кеңесшілері және басқалар) мемлекеттік басқару, информатика,
экономика, қаржы, қүқық салалары бойынша мамандар-практиктер мен ғалымдар
таңдап алынады. Тек осындай аппарат қана Парламенттің қалыпты жүмыс істеуін
қамтамасыз ете алады.Атқарушы билік органдары мемлекет пен оньщ аппаратының
үзіліссіз жүмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдық- басқару және атқару-өкім
ету қызметін жүзеге асырады.

1.2 Мемлекеттік лауазымдар ұғымы және оларды топтастыру

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеген
кезде мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымдарының құқықтық мағынасы
мен топтастырылуын дұрыс түсінудің ерекше маңызы бар. Жалпы түрде алғанда
лауазым деп, оған орналасқан адамның өкілеттігінің мазмұны мен көлемін
білдіретін, белгіленген тәртіппен құрылған бастапқы құрылымдық (ұйымдық)
бөлік түсініледі. Бұл ұйымдық-құқықтық санат тек қызметшілерге ғана тән:
халықтың басқа топтары мамандықтары бойынша (мысалы, жұмысшылар өнеркөсіп
кешенінде) жұмыс істейді (студенттер, оқушылар) оқиды т.с.с.
Мемлекеттік қызмет туралы 1999ж.23-шілдедегі заңда мемлекеттік
лауазымның қазіргі кезеңдегі мағынасына орай оны қандайда болмасын өзге
мемлекеттік емес лауазымнан айыратын ұғымы берілген. Мемлекеттік лауазым-
нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттіктермен
лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық
бөлігі. Сонымен мемлекеттік деп тиісті мемлекеттік органның өкілеттіктерін
атқару және қамтамасыз ету туралы міндеттер көлемі белгіленген, еңбекақы
төленетін және осьг міндеттерді орындау үшін жауапты болатын тек
мемлекеттік билік органдарындағы, сондай-ақ Конституцияға және басқа заң
актілеріне сәйкес құрылатын өзге мемлекеттік органдардағы лауазым аталады.
Мұндай өзге мемлекеттік органдарға, мысалы, Қазақстанның Ұлттық Банкі,
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің
аппараты және т.б. жатады. Мемлекеттік лауазым ұғымы тек мемлекеттік
қызмет ұғымын анықтау үшін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік
қызметшінің құқықтық жағдайын, мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібін
(лауазымға орналасудың тәсілін, біліктілік дөрежесінің деңгейін,
мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздерін т.б.) анықтау үшін өзекті,
негізге алынатын ұғым болып табылады. Бұл орайда 1999ж. 23-шілдедегі заңмен
белгіленген мемлекетгік қызметгің мемлекетгік лауазымдарын бөлудің
принципті маңызы бар.Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік қызметшілердің
лауазымдары ең алдымен саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Бұл екі
топ лауазымдардың тізілімдері (Реестрлері) ҚР-сы Президентінің 1999ж. 29-
желтоқсандағы Жарлықтарымен бекітілгенСаяси мемлекеттік қызметшілер
лауазымдарына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның
орынбасарлары, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының
басшыларымен олардың орынбасарлары және басқа республикалық мемлекетгік
органдардың басшы қызметкерлері жатқызылған.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаттар белгіленеді.
Мемлекеттік әкімшілік лауазым санаты-мемлекеттік әкімшілік қызметшілер
атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік
лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы.
Мемлекетгік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.
Лауазымдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының топтарына бөлу
лауазымдарды топтастыруды қолданыстағы басқарудың қүрылымына
сәйкестендіруге мүмкіндік туғызды. Президенттің 1999ж. 29-желтоқсандағы
№318 жарлығымен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының
Тізілімімен қоса санаттарының тізбесі бекітілген. Ол тізбе бойынша
мемлекеттік әкімшілік лауазымдар А,В,С,Д,Е санаттар топтарына бөлінген. А-
тобына-Президентәкімшілігі;В-Парлам ентПалаталарының аппараттары, Премьер-
Министрдің Кеңсесі, Жоғарғы Соттың аппараты, ҚР Конституциялық Кеңесінің
аппараты, ҚР Президентінің Іс Басқармасы; С - Президентке тікелей бағынышты
жөне есепті органдар, Орталық атқарушы органдар, Үкіметтің құрамына
кірмейтін орталық атқарушы органдар, орталық атқарушы органдардың
ведомстволары, облыстық, аудандық аумақтық органдар; Д - облыс-тардың,
аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың) аппараттары, облыстар,
аудандар мәслихаттарының аппараттары, облыстар, аудандар соттарының
аппараттары; Е - жергілікті атқарушы органдар жатады. Қазіргі кезде
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша
тізілімін бекіту туралы ҚР-сы Президентінің 2004ж. 17-қаңтардағы жарлығы
басшылыққа алынады.
Әрбір санат тобының лауазымдары бірнеше сандық бөліктер бойынша
бөлінеді. Мысалы, А санаты тобына жатқызылған әкімшілік лауазымдар: А-1 -
Мемлекеттік хатшының Кеңесшісі, Әкімшілік басшысының Кеңесшісі; А-2 -
Мемлекеттік хатшының Көмекшісі т.б.; А-3 - Консультант, Аға эксперт; А-4 -
Аға референт, Эксперт; А-5 - Референт; А-6 - Аға маман; А-7 - Маман.Әр
санат тобындағы лауазымдарды топтастыратын сандары әртүрлі. Мысалы, С
санаты С-1 - ден С-13 -ке дейін, Е санаты Е-1 - ден 9-ға дейін.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі мемлекеттік
қызметтің лауазымдарын бір ізге келтіруге жөне басқарудағы қажеті жоқ
буындарды қысқартуға бағытталған. Заңда және заңға тәуелді актілерде
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптар тағайындау
арқылы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мамандығын арттыруға бағытталған
шаралар белгіленген, бұл қабілетсіз адамдардың мемлекеттік қызметке кіруіне
сенімді бөгеу болып табылады.
Біліктілік талаптарьг,-делінген Заңда, - мемлекеттік әкімшілік қызметті
атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының деңгейін,
құзьгреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау
мақсатында қойылатын талаптар. ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігі Төрағасының 2004ж. 23-қаңтардағы бұйрығымен Мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарының санаттарына типтік біліктілік талаптары
бекітілген.
Мемлекеттік органдар осы типтік біліктілік талаптары негізінде
өздерінің штат кестесінде қаралған әкімшілік лауазымдарына, олардың
функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, біліктілік талаптарын жасап
бекітеді. Барлық санаттар топтарындағы лауазымд арға орналасуға үміткер
азаматтар үшін негізінен мынадай талаптар белгіленген: жоғарғы (кәсіптік,
тек кейбір санаттар үшін ғана немесе орта кәсіптік білімі; мемлекеттік
қызмет өтілі, кейбір лауазымдар бойынша, мысалы, С-8, Д-4, Е-5 санаттарына
ол талап етілмейді, бар болуы керек. Сонымен бірге әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткер азаматтар ҚР-ның Конституциясын, Мемлекеттік қызмет
туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, Әкімшілік рәсімдер
туралы, Нормативтік құқықтық актілер туралы, Қазақстан
Республикасындағы Тіл туралы заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі
даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-
Намыс Кодексін тиісті санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру
облыстарындағы қатынастарды реттейтін ҚР-ның нормативтік құқықтық актілерін
білуі тиіс. Нақты санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің
орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер талап етіледі.
Бұл типтік талаптар мемлекеттік әкімшілік қызметке азаматтарды
таңдағанда, тестілеу бағдарламасын анықтағанда, аттестация жүргізгенде,
еңбек ақы тағайындағанда, әкімшілік қызметшілерді даярлау мен біліктілігін
арттыру бағдарламасын жасағанда міндетті түрде басшылыққа алынуға жатады.

2.МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ
–ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2.1 Мемлекет қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және
түрлері

Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси
өзгерістердің нәтижесінде лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік
органның жүйесінде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесінде
істелетіні айқындалды. Осыған орай бұрынғы Қылмыстық Кодекстегі лауазымдық
қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып
істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және
өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстыр болып екіге
бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізі қылмыстың объектісі мен субъектісі болып
табылады [5, 45б].
Мемлекеттік емес ұйымдарыдың лауазымды адамдарының қылмысты іс-әрекеті
сол ұйымдардың бірқалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың
мемлекеттік аппарат қызметіне еш қатысы болмайды. Осы екі органның
мемлекеттік немесе коммерциялық және өзге де ұйымдардың лауазымды
адамдарының атқаратын функцияларында елеулі өзгерістер бар.Жалпыға мәлім
бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана
қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік
аппараттың қызметін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды
мәселе болып табылады.Жаңа Қылмыстық кодексте қызмет борышын адал
атқаратындардың мүдделерін қорғайтын көптеген баптар баршылық, сонымен
бірге өз қызметтеріне қиянат жасайтындарға заң алдындағы қатаң жауаптылықта
көзделген.
Мемлекет мүддесіне қарсы қылмыстарды бір таураға біріктіруге негіз
болған мына төмендегідей ортақ белгілері бар:
-Бұл тұрғыдағы қылмыстар негізінен арнаулы субъект-мемлекеттік қызметші
немесе мемлекеттік органның лауазымды адамдары арқылы жасалады.
-Бұл тараудағы қылмыстар қызмет өкілдіін пайдалану арқылы жүзеге
асырылады.
-Лауазымды адамдардың қылмысты іс-әрекеттері мемлекеттік аппараттың
дұрыс, заңды қызметін қызмет мүддесіне қайшы түрде бұзады.
Мемлекеттік қызмет мүдесіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі-
мемлекеттік аппаратың дұрыс, бірқалыпты қызметі; қосымша тікелей
объектісіне-азаматардың , ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері,
қоғамның мемлекеттің заңды мүдделері жатады. Кейбір қылмыс құрамдарының
міндетті белгісі-қылмыс заты болады: материалдық сыйақы, ресми құжат.
Объективтік жағынан –мемлеет мүддесіне қарсы қылмыстар материалдық құрам
және формалдық құрам болып бөлінеді. Субъективтік жағынан бұл қылмыстар
негізінен қасақан кінә нысанымен жасалады, тек қана салақтық абайсыздық
түрәіндегі кінә нысаны арқылы жүзеге асырылады. Қызмет өкілдігін теріс
пайдалану, қызметтік жалғандық жасау құрамдарының субъективтік жағының
қажетті белгісі ретінде заңда пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының
мүддесі көрсетілген.Қылмыстың субъектісі-мемлекеттік қызметші немесе
мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдары.
ҚР ҚК 307 б. қарастырылған қылмыстың мәні мемлекеттік қызметтер
атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өз өкілеттігін
мемлекеттік қызмет мүдделеріне теріс пайдалануында жатыр
Қылмыстың объектісі – мемлекеттік аппараттың заңды тұрғыдағы қалыпты
қызмет атқаруы. ҚР ҚК 307 б. бойынша қылмыстық жауапкершіліктің шарты
қызмет өкілеттігін мемлекеттік қызмет мүдделеріне теріс пайдалану.
Коммерциялық не мемлекеттік емес және өзін-өзі басқару органдарына
жатпайтын өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адам өз өкілеттіктерін
теріс пайдаланса, ҚР ҚК 228 б. 8 тарауының ерекше бөлігі бойынша қылмыстық
жауапкершілікке тартылады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудың
объективтік жағы мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған
теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, адамның не
қоғамның немесе мемлекеттің құндылықтары мен заңды мүдделерін бұзумен
сипатталады. 1999 ж. 23 шілдедегі мемлекеттік қызмет мүддесін қамтитын ҚР
Мемлекеттік қызмет туралы заңында мемлекеттік қызметкердің қызмет
өкілеттігі мемлекеттік биліктің қызметі мен тапсырмаларын жүзеге асыруға
бағытталған деп түсіндіріледі [6, 74-76бб].
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану дегеннің астарында аталған қылмыстың
субъектілерінің қызметтік өкілеттігі және қызмет субъектілерінің қызмет
орнының күші арқылы орындайтын құқық пен міндеттерді іске аксыру әрекеті
жатыр деп түсіну керек. Егер әрекет объективті түрде толығымен мемлекеттік
аппаратқа жүктелетін жалпы міндеттер мен талаптарға, сонымен бірге, жеке
билік құрылымдары немесе басқару орындарының жұмыс тәртібі мен қалыптасқан
принциптеріне қайшы келсе, бұл әрекет мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы
деп есептеледі.
Қызмет мүддесі деп нақтылы мекемелер мен ұйымдардың қалыпты жұмыс
жүргізуі, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін және
тәртіпті сақтау түсіндіріледі. Аталған қылмыстың құрамы материалды болып
табылады. Азаматардың не ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не
қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде
бұзған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қолданылады. Осындай зиянға ең
алдымен құқық қорғаушы объектінің елеулі түрде материалдық шығынға жол
беруін жатқызуға болады.
ҚР ҚК 307 б. диспозициясында көрсетілгендей, қылмыстың субъектілік жағы
кінәлінің қасақаналық нысанымен айқындалады. Кінәлі адамның өз қызмет
өкілеттігін қызмет мүдделеріне кереғар пайдалануы, егер бұл әрекет
пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін әрекет қоғамға
қауіпті екенін ұғып, оның қоғамға қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін
не болмай қоймайтынын алдын ала біліп және оның зардаптарының болуын
тілейді. Қылмыстық жауапкершілк ҚР ҚК 307 б. көрсетілген әрекеттер өзіне
немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда түсіру не басқа адамдар
немесе ұйымдарға зардап тигізу мақсатында жасалған жағдайда қолданылады.
ҚР 307 б. жаңалығы – пайдакүнемдік немесе басқа жеке басының
мүдделері түсінігін заң шығарушы өзіне немесе басқа адамдарға немесе
ұйымдарға пайда не артықшылық немесе басқа адамдарға зардап тигізу
мақсатында деген ұғымға ауыстыруы. Өзіне немесе басқа адамдарға не
ұйымдарға пайда немесе артықшылық түсіру мақсатының өзі пайдакүнемдік
қызығушылықтың негізінде туады, жасалған әрекетке материалдық шығынды өтеу
немесе баю мақсаты түрткі болады деп санаймыз. Сонымен бірге, заңда
қылмыстық құқық теориясынан қабылданған зиянның дәрежесі бойынша
көрсетілген қылмыстық-құқықтық актілерде қандай зиян мақсат етілгенін
көрсетілген.
Пайдакүнемдік пен жасалған қылмыста қасақаналықтың болуы материалды
түрдегі басқа да жеке бастының пайдасына шешілетін қажетті жағдайлар
жасалуымен сипатталады. Өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалған
әрекеттер деп мүліктік емес, яғни карьеризм, қызғанушылық, протекционизм,
жағымпаздық т.б.
Аталған қылмыс құрамының субъектісіне мемлекеттік қызметтер атқаруға
уәкілетті адамдар не оған теңестірілген адамдар, лауазымды тұлғалар.
б) билікті не мемлекеттік қызметті асыра пайдалану (ҚР ҚК 308 – бабы.)
Билікті не өкілеттікті асыра пайдаланудың объектісі мемлекеттік
аппараттың қалыпты қызмет атқаруы мен осыған байланысты мемлекеттік қызмет
пен мемлекеттік басқарудың танылуы. Кей авторлар аталған қылмыс түрінің
басқа да объектілерін көрсетеді: конституциялық құқық және адам мен
азаматтардың бостандығын (өмірі, денсаулығы, ар-ұжданы, тұлғалық намысы),
ұйымдар мен қоғам мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастар.
Объективтік жағынан кінәлінің әрекеті мемлекеттік қызмет атқаруға
өкілетті тұлғаның, не оған теңестірілген тұлғаның белгілі нұсқауларда,
жарғылар мен нормативтік актілерде қарастырылған құқығы мен өкілеттігін
асыра пайдаланумен шектелуі тиіс. Билікті не өкілеттікті асыра пайдалану
түсінігі лауазымды тұлғаның төрт түрлі кең тараған мінез-құлқымен
сипатталады:
а) оның орындаған әрекеттері аталған не басқа ведомстваның жоғары
лауазымды адамының құзырынан шықса;
ә) оның орындаған әрекеттері коллегиялық алқаның құзырынан шықса;
б) оның орындаған әрекеттері іске асып, бірақ арнайы өкілеттікті немесе
ерекше жағдайларға тап болса;
в) кінәлінің әрекеттері ешқандай лауазымды тұлғаның құқысына сай
келмейтін әрекеттер болғанда [7, 69-71бб].
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамның
немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзған сәттен
қылмыс аяқталған болып есептеледі. Аталған зардаптардың келу сәті арнайы
қылмыс субъектісінің құқығы мен өкілеттігінің шегінен тыс әрекеттермен
байланысты. Билікті немесе өкілеттікті асыра пайдаланудың субъективтік жағы
тура не жанама ниет түріндегі кінә болып табылады.Тұлға өзінің
әрекеттерінің заңмен немесе өзге нормативтік актілермен белгіленген
өкілеттігін шегінен шыққанын ұғады, азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның
немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде зардап
тигізетінін мүмкін екенін немесе болмауы мүмкін еместігін алдын ала біледі,
саналы түрде зардаптарды тілейді, немесе немқұрайлы қарайды.
Қарастырылған қылмыс түрлі ниет пен мақсаттарды (кек алу, карьеризм,
пайдакүнемдік, жеке басының уәждері, қызмет мүдделерін дұрыс
түсінбеушілік).
ҚР ҚК 308 б. 1 б. қылмыстың субъектісі болып мемлекеттік қызмет
атқаруға өкілетті не оған теңестірілген тұлға болып табылады. ҚР ҚК 308
б. 2 бөлігі лауазымды тұлғаның аталған қылмысты, 3 бөлігі – мемлекеттік
қызмет атқаруға жауапты тұлғаның орындаған жауапкершілік қарастырылады.
Билікті не қызмет өкілеттігін асыра пайдаланудың ерекше сараланған
түрлері болып ҚР ҚК 308 б. 1, 2, 3 б. қарастырылған зорлық-зомбылық
көрсетіп не қорқытып, қару не арнайы құралдар пайдаланып, өзіне не
басқаларға, ұйымдарға пайда не артықшылық немесе зиян келтіру мақсатындағы
ауыр зардаптар әкелетін әрекеттер жатады. ҚР ҚК 308 б. 4 б. Ауыр
зардаптар түсінігі қызмет өкілеттігін асыра пайдалануды талдауда
қарастырылған. Дегенмен, сот органдары қылмыс зардаптарының ауырлығын дұрыс
бағаламайтынын ескеру керек [8].
Билікті не қызметтік өкілеттікті қорқыту немесе күш көрсету арқылы
пайдалану деп кінәлінің жәбірленуші денсаулығына жеңіл не орташа ауыр
зақым тигізсе, бостандықтан шектеу, сонымен бірге физикалық күш көрсету
жағдайында саналады.
Қару не арнайы құрал қолдану деп заңсыз түрде атылғыш немесе суық
қаруды нақты қолдану, сонымен бірге жәбірленушіге физикалық әсер етіп,
денсаулығына зиян тигізіп не өлімге соқтыратын, сонымен қатар
жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін психологиялық әсер
арнайы құралдар (резина таяқтары, қол кісендері, көзден жас ағызатын газ,
т.б.) пайдалануды айтады [9, 56-61бб].
ҚР Қылмыстық кодексінде ҚР ҚК 308 б. 4 б. жаңа - новелла болып
есептеледі: 2003 жылдың 25 қыркүйегінен ҚР Заңына қылмысты орындаудың
өзіне не басқаға не ұйымға пайда және артықшылық немесе басқаларға не
ұйымдарға зиян тигізу мақсаты аталған қалыпты толықтыру енгізілген.
Біздіңше, өзіне не басқаға не ұйымға пайда және артықшылық немесе
басқаларға не ұйымдарға зиян тигізу мақсаты материалдық пайда түсіру, баю
не материалдық шығыннан құтылу үшін жасалады.
в) лауазымды адамның өкілеттігін иемдену (ҚР ҚК 309-бабы)
Қарастырылып отырған қылмыстың объектісі жеке мемлекеттік аппараттың
звеноларының қалыпты, дұрыс қызмет етуі болып табылады.
ҚР ҚК 309 б. қарастыратын қылмыстың объектілік жағы келесі белгілермен
анықталады: қызметтік тұлғаның өкілеттікті иемденуі;қызметтік тұлға
өкілеттікке ие болған адамның азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуы;қызметтік өкілеттікті иемдену кінәлінің
жалған қызметтік тұлғаның өкілеттігін иемдену, өкілеттігін жүзеге асыруы
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі
түрде бұзу түріндегі қоғамға қауіпті зардаптар тигізумен байланыссыз
өздігінен лауазымды тұлғаның өкілеттігін иемдену қылмыс деп танылмайды.
Субъективтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызметтің мақсаттары мен міндеттері
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау және олардың әкімшілік-құқтық мәртебесі
Мемлекеттің қызметі. Ұғымы
Мемлекеттік қызметтің ұғымы, принциптері
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі
Президент әкімшілігі мен Үкімет аппаратының жетекшілерінің орынбасарлары
Мемлекетік қызметкерлердің түсінігі мен түрлері
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың санаттары
Мемлекеттік қызметтің ұғымы
Мемлекеттік қызмет туралы жалпы ұғым. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі
Пәндер