Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мәтіндер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемелекеттік педагогикалық университеті

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың теориялық негіздері
1.1 Функционалдық сауаттылық ұғымы және оның мазмұны
1.2 Оқу сауаттылығының шетелдік білім беру үрдісінде енуі мен дамуы
1.3 ҚР-да білім беру үрдісіне оқу сауаттылығын енгізудің алғышарттары мен маңыздылығы

2. Оқу сауаттылығын арттырудың практикалық негіздері
2.1 Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы шетелдік тәжірибе
2.2 Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер
2.3 Оқушылардың оқу сауаттлығын қалыптастырып, дамытуға бағытталған мәтіннің түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі қоғамға постиндустриалдық әлемде болып жатқан өзгерістерге тез бейімделе білетін адамдар қажет. Қазіргі уақытта объективті тарихи заңдылық адамның білім деңгейі мен білімділігіне қойылатын талаптарды арттыру болып табылады. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі - дүниежүзілік білім әлеміне ену. Адамзат баласын алға сүйрейтін күш тек білімде ғана. Білім беру саласының алдыңғы орнында мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, өгерту, енгізу және өзгерту құрлымдық жүйесін жаңарту тұр. Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан түбегейлі құрылымдық қайта құрулар, білім беру саласындағы реформа - Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі. Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Елбасы - ның көрсеткен бағыттары Қазақстан халқына Жол - дауында, жаңа Мемлекеттік бағ - дарламада, Жалпыға ортақ Ең - бек Қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласында, Назарбаев Университетінде оқыған дәрісінде, ерекше мән беріліп айтылған. Олар өз нәтижесін бере бас - тады.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектепте шыңдалады. Ертеңгі күні елімізге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін - білім деп ұлы жазушы М.Әуезов айтып кеткендей, мемлекетімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұратыны белгілі. Алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім беру жүйесі озық техонологияларға, электронды құрылғыларға негізделген. Сол себепті олар әлеуметтік-экономикалық табыстарға жетіп отыр. Осы бағыттағы жетістіктерге иелік етіп отырған дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы әлемдік бәсекеде көш басында тұр.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда мектепте оқуға және жазуға үйрету академиялық мақсаттармен шектелмейді, ол күнделікті өмірмен және еңбек қызметімен байланысты функционалдық және операциялық мақсаттарды қамтуы тиіс. Жаңа мемлекеттік оқу бағдарламасы мұғалімдерді оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағыттайды. Ана тілін оқыту кезінде мәтінге баса назар аударылады, коммуникативтік тәсіл ескеріледі. Бүгінгі білім беру саласында әлемдік озық үлгідегі білім беретін елдермен тәжірибе алмаса отырып оқыту - басты талап. Негізгісі оқушыларды мектеп бітіргеннен кейін өмірге бейім етіп, алған білімін өмірде кез келген жағдайда, қажетті жерде оңтайлы қолдана алатын тұлға ретінде оқыту болып отыр.
Сауаттылық - бұл дәстүрлі тұрғыдан алып қарағанда, адамның ана тілінің грамматикалық нормаларына сәйкес оқу және жазу дағдыларын меңгеруінің белгілі бір деңгейі. Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсу және онда барынша тез бейімделу және жұмыс істеу қабілеті. Қарапайым сауаттылыққа жеке тұлғаның оқу, түсіну, қарапайым қысқа мәтіндерді құрастыру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді жүзеге асыру қабілеті ретінде болса, функционалдық сауаттылық әлеуметтік қатынастар жүйесінде тұлғаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін білімнің, іскерліктің және дағдылардың атомдық деңгейі болып табылады. Функционалдық сауаттылықтың негізгі дағдылары оқу сауаттылығы болып табылады. Қазіргі қоғамда ақпаратпен жұмыс істей білу табысты нәтиженің міндетті шарты болып табылады.
Оқу сауаттылығының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап, адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды. Яғни функционалдық сауаттылық белгілі бір кезеңге сай субъектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады. Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі оқу сауаттылығының мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де диплом тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазіргі заманғы білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелердің бірі - оқу сауаттылығының теориялық негіздері мен практикада оларды арттыру жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1) Функционалдық сауаттылық ұғымының мәнін, мазмұнын анықтау, шығу тарихына назар аудару;
2) Функционалдық сауаттылық түсінігін ашуда теориялық тәсілдерді анықтау;
3) Оқу сауаттылығының шетелдік білім беру үрдісіне енуі мен даму кезеңдеріне шолу жасау;
4) Біздің еліміздегі білім беру үрдісіне оқу сауаттылығын енгізудің алғышарттары мен маңыздылығына тоқталу;
5) Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастырудағы шетелдік тәжірибеге ден қою;
6) Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны мектеп оқушыларының оқу сауаттылықтарын дамыту үдерісі болып табылады.
Зерттеу пәні. Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мәтіндер.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: зерттеу әдістері: баяндау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Еліміздің орта білім саласына енгізіліп жатқан жаңа реформа білімнің берілу сауаттылығы ғана емес, мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі бәсекелестікте алатын орнына да қатысты. Зерттеу жұмысына байланысты арнайы, кең ауқымда қарастырған әсіресе, қазақ тілінде ғылыми еңбек болмағандықтан, еліміздің қазіргі білім беру үрдісіне жаңадан еніп келе жатқан функционалдық сауаттылық, оның ішінде оқу сауаттылығының практикалық және теориялық жақтары, оны арттырудың жолдары қарастырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне оқушыларды ҰБТ-ға дайындауға, оқу сауаттылығы бойынша жұмыс жасауға арналған көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Функционалдық сауаттылықтың әлемдік және отандық білім беру мазмұнына ену тарихы, оның маңызы мен тиімді тұстары анықталды. Оқу сауаттылығына байланысты мәтіндерді бір жүйеге келтіру,
Қалай жазсам болады?

Зерттеу жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әр тарау үш тараушадан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Функционалдық сауаттылық ұғымы және оның мазмұны

Білім беру жүйесі - ең тұрақты және күрделі жүйелердің бірі. Функционалдық сауаттылық термині алғаш рет 1957 жылы сауаттылық және минималды сауаттылық ұғымдарымен қатар ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды. 1958 жылы оныншы Бас сессиясында ЮНЕСКО халықтың сауаттылығын анықтау үшін санақ жүргізбек болды және мәтінді түсініп оқыған, өздері туралы шағын мәтін құра алған адамды ғана сауатты деп санады. Жартылай сауатты адамға тек оқи алатын азаматтарды жатқызды [1]. 1965 жылы Тегеранда өткен сауатсыздықты жоюға бағытталған Дүниежүзілік министрлер конгресінде бұл терминді ұсынды. Көп ұзамай функционалдық сауаттылық тұлғаның білім деңгейінің көрсеткіші және оқу мен жазуды игеру процесі еңбек өнімділігі, өмір сүру жағдайларының жақсаруы және білім беру сапасының артуымен байланысты деген тұжырымдама қалыптасты. Ал 1978 жылы ЮНЕСКО ұсынған білім саласындағы өзгерістерге бағытталған ұсыныстар қайта қаралды [2].
Сауаттылық - оқу-жазу, есеп және құжаттармен жұмыс жүргізе алу дағдысы. Ал минималды сауаттылық - қарапайым оқу-жазу қабілеті. Функционалдық сауаттылықтың түрлері: жалпы сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, ақпараттық сауаттылық, коммуникативті сауаттылық, шет тілдерін меңгерудегі сауаттылық, тұрмыстық сауаттылық, төтенше жағдайда өзін ұстау сауаттылығы, әлеуметтік-саяси сауаттылық [3, 3-4]. Сауаттылық - адамның одан әрі дамуын құруға негіз болатын іргетас. Сауаттылық ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын меңгерудің белгілі бір дәрежесі ретінде халықтың мәдени деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Оқу ұғымының функционалдық оқу ұғымынан айырмашылығы неде? Оқу - бұл интеллектуалдық даму технологиясы, мәдениетті қалыптастыру тәсілі, қарым-қатынастағы делдал, өмірлік мәселелерді шешу құралы. Оқусыз өмір бойы жалғасып келе жатқан зияткерлік даму мен өздігінен білім алу мүмкін емес. Мәтіннің мазмұны әрқашанда әртүрлі дәрежелеріне ие: әртүрлі адамдар өзінің жеке ерекшеліктері мен өмірлік тәжірибесіне қарай бірдей мәтінді әр түрлі түсінеді.
Оқу процесі үш фазадан тұрады:
Біріншісі - мәтінді қабылдау, оның мазмұнын ашу, жеке сөйлемдерден жалпы мазмұн құру.
Екінші - мәтінді түсіндіру: салыстыру және талдау, жалпылау, өз тәжірибесімен байланыстыру, контекст пен тұжырымдарға мән беру.
Үшінші - бұл жаңа мағынаны құру, яғни, жеке білім ретінде алынған жаңа білімді қабылдау. Оқуға гипотезалар, болжамдар ұсыну, модельдеу және жинақтау, өмірде, оқуда, кәсіби қызметте, практикада қолдану кіреді. Оқығанда оқырманда сезім, ой, бейнелер пайда болады. Бұл көптеген мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастар бар екендігін түсіндіреді.
Оқудың бірінші фазасында репродуктивті оқиды, фактілер мен фабуланы мамұндай алады. Алайда, бүгінгі күні оқу процесінде алынған ақпаратты түсінуді, оны түсіндіруді, бағалауды және өзіндік ойдың қалыптасуын талап ететін шығармашылық оқу бірінші орынға ұсынылады. Василий Александрович Сухомлинский былай деді: Оқу - бұл балалар әлемді көріп, білетін терезе [4, 114].
Функционалдық сауаттылықтың ерекшеліктері қандай? Тұлғаның тұрақты қасиеттері ретінде сауаттылықтан айырмашылығы, функционалдық сауаттылық - сол тұлғаның жағдаяттық сипаттамасы болып табылады.
Функционалдық сауаттылық:
1) оқу және жазу дағдыларын қалыптастыратын базалық деңгей болып табылады;
2) тұрмыстық мәселелерді шешуге бағытталған;
3) нақты мән-жайда адамның белгілі бір жағдайын сипаттайды;
4) стандартты, стереотипті тапсырмаларды шешумен байланысты;
5) ең алдымен, ересек адамдарды бағалау ретінде пайдаланылады.
PІSА (Prоgrаmmе fоr Іntеrnаtіоnаl Studеnt Аssеssmеnt) - 15-16 жасар оқушылардың білімін тексеретін халықаралық бағдарлама. PІSА зерттеуі - халықаралық Экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымы жүзеге асыратын бағдарлама. PІSА зерттеулерінде оқу техникасы, мәтінді тура түсінуі емес, мәтін мазмұнын түсінуі, рефлексия және материалдарды қолдана алуы бағаланады. Оқу сауаттылығын толыққанды зерттеу 2000 жылы басталды. Қазақстан халықаралық зерттеуге 2009 жылы алғаш рет қатысты. Зерттеу бойынша оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы оқу жетістіктері бағаланады, ересек өмірге дайындығын анықтайды. Әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. PІSА 2009 зерттеу кезеңі 92 тестік тапсырмадан тұрды, олардың 49-ы оқу сауаттылығы бойынша (барлығы 101 сұрақ), 25-і математикадан (барлығы 36 сұрақ), жаратылыстанудан 18 тапсырма (барлығы 53 сұрақ) [5].
Казақстан PІSА-ға 2009 жылдан бастап қатысуда. Төмендегі кестеден халықаралық зерттеуге қатысушылардың, білім беру ұйымдарының 2009-2015 жылдар аралығындағы жалпы санын көре аламыз.

1-кесте - Халықаралық зерттеуге қатысушы білім беру ұйымдары

PІSА-2009
PІSА-2012
PІSА-2015
PІSА-2015
Білім беру ұйымдарының жалпы саны
200
218
232

252
Оның ішінде:

Мектептер
184
200
205
224
Колледждер
16
18
27
28
Барлық білім алушылар
5 590
5 808
7 843
8022
Оның ішінде:

Қазақ тілінде білім алушылар
3 194
3 522
4 806
4933
Орыс тілінде білім алушылар
2 396
2 286
3 037
3089

Оқу сауаттылығы, жаратылыстану және математикалық сауаттылық оқушылардың тек білім алуына көмек ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік бейімделуіне мүмкіндік береді.
Оқырман сауаттылығы - функционалдық сауаттылықтың бірінші сатысы. Функционалдық сауаттылық - адамның әлеуметтік, мәдени, саяси-экономикалық қызметке белсенді қатысуына ықпал ететін іргелі негіз, әрине, оны өмір бойы жетілдіру керек.
Оқу сауаттылығы арнайы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы тексеріледі, оларды құрастыру кезінде мәтінді түсіну деңгейі ескеріледі PІSА аясында оқушылардың оқу саласындағы сауаттылығын бағалау үшін ересектердің сауаттылығын анықтау үшін жасалған халықаралық зерттеу әзірлеген көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер мәтінді түсінуден басқа, қолда бар идеялар мен тәжірибе негізінде оны ұғынуды да көздейді. Оқу сауаттылығы оқушылардың әртүрлі мәтіндік формаларын (мысалы, бланк мәтіндері, диаграммалар мен кестелерде жасалған тізімдер, мәтіндер) және ересек өмірде жиі қолданылатын мәтіндерді баяндаудың әртүрлі формаларын (баяндау, сипаттау және ойлау) қабылдау және жұмыс істеу қабілеттері негізінде бағаланады. Оқу сауаттылығының деңгейін бағалау үшін PІSА сарапшылары [3, 14-16] кестеде келтірілген 6 деңгейді енгізді.

2-кесте - PІSА сынақтарында оқу сауаттылығын бағалау

Қарапайым тапсырмалар

Күрделілігі орташа тапсымалар
Күрделілігі жоғары тапсырмалар

3-6 деңгейлер
Базалық деңгейден төмен 1-ші деңгей
Күнделікті білімге негізделген таныс тақырыпқа қатысты қарапайым мәтіндегі басты тақырыпты және мақсатты түсіну және анықтау.
3-ші (орташа) деңгей: мәтіндегі бірнеше идеялар негізінде мәтіннің жекелеген бөліктері арасындағы қарым-қатынасты тану және белгілеу.
Күнделікті білім негізінде қарым-қатынастарды, сөздер мен фразаларды біріктіру, салыстыру, егжей-тегжейлі түсіну.

4-ші (жоғары) деңгей: ауқымды және күрделі мәтіндерді түсіну. Мәтін бір мәнді емес, қате, қарама-қайшы тұжырымдалған идеяларды қамтуы мүмкін. Формальды білімді, сыни бағалауды қолдану.

5-6-ші (жоғары) деңгей: күрделі мәтіндерді терең түсіну, ақпараттарды қабылдау, біріктіру, талдау. Тіл және логика нюанстарын түсіну. Арнайы білімге немесе күтпеге тұжырымдамаларға негізделген гипотезалар негізінде сыни жаңғырту және бағалау.
2-ші базалық деңгей
Мәтіндегі қарама-қайшы ақпаратты қамтитын бір немесе бірнеше қарапайым идеяларды түсіну және іріктеу. Жеке тәжірибесі мен білімдеріне сүйене отырып, салыстыру мен байланыстыру негізінде қарапайым қорытынды жасай білу.

PІSА мәтіндерінің ерекшелігі - оларды баяндаудың шынайылығы (өмірден алынған мысалдар). Бұл ретте зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер де қолданылады.
Оқырман біліктерінің деңгейі бойынша PІSА тест сұрақтары ең қарапайымнан, үстіртін және ең күрделі сұрақтарға дейін өзгереді. Мәтін хабарламаларын интерпретациялау және интерпретациялау дағдыларын анықтаудағы оқырмандық құзыреттілігі оқырман мен автордың ойы мен идеясын біртұтас көрініске байланыстыра білуін көрсету үшін қажетті ақпарат көлемімен анықталады. Бұл ретте мұндай мәтіндердің құрылымы бірдей емес - оқырман талқылау мәтінімен азырақ таныс болса, мәтін хабарламаларын жалпы бейнеге біріктіру қиынға соғады. Мәтін хабарламаларын түсіну және бағалау қиындықтарының деңгейі фактілерді салыстыруға ғана емес, ұсынылған ақпарат негізінде болжамдар құруға бағытталған мәселелерді қамтиды. Барлық аталған оқырман дағдылары өзара байланысты және олардың сәтті, табысты орындалуы бір-біріне байланысты. Бірінші әрекетті орындау кезінде оқырман ең алдымен, мәтін ақпаратының жеке фрагменттерінде тоқталады. Екінші әрекетті орындау кезінде (түсіндіру және біріктіру) оқырман бұл фрагменттерді біріктіреді. Оқушы мәтіндегі хабарды мәтін және мәтіннен тыс ақпаратпен байланыстыру арқылы ұғыну дағдыларын көрсетуі тиіс [6, 94].
Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бесжылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты қасиеттері: белсенділік, шығармашыл ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
1.2 Оқу сауаттылығының шетелдік білім үрдісіне енуі мен дамуы

Жаһандану және интернационалдандыру процестері, демографиялық жылжулар, жаһандық және ұлттық еңбек нарықтарындағы елеулі өзгерістер және техникалық, ақпараттық салалардағы жылдам ілгерілеу әлемнің көптеген елдерінде ғылыми және білім беру саясатының стратегиялық императивінің өзгеруіне алып келді. Бірінші орынға білім берудің жаңа сын-өзгерістеріне бейімделу, үздіксіз білім берудің әмбебап жүйесінің базалық құрамдас бөлігі ретінде оның функционалдығына бағытталу қажеттілігі шықты. Бұл жаңа мыңжылдықтағы сауаттылық пен функционалдық сауаттылығы проблемасын одан әрі өзекті мәселе ретінде қарап, осы мәселелерді кәсіби педагогикалық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қайта қарастыра отырып, жаңа басым бағыттарға акцент қоюға мүмкіндік береді.
Білім беру саласындағы отандық және шетелдік теоретиктері мен практиктерінің сауаттылық пен функционалдық сауаттылық феномендерін зерттеуге қызығушылығы, сондай-ақ оларды қалыптастыру мен дамытудың мүмкіндіктері ұдайы өсуде. Бір жағынан, бұл ЮНЕСКО сияқты ірі халықаралық ұйымдар жүзеге асыратын сауаттылық саласындағы көптеген жобалар бойынша жұмыс нәтижелерін салыстырмалы талдау қажеттілігіне байланысты.
Халықтың түрлі топтарын қолдау мен оқуға тартудың әлемдік тәжірибесі әртүрлі әрі өте ауқымды. ХХ ғ.екінші жартысында балалар мен жастардың оқуын қолдау саясатын Еуропа, АҚШ және Канада елдері белсенді түрде дамытты. XX ғасырдың соңы мен XXІ ғасырдың басында бұл үдеріске Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан елдері белсенді түрде бұл топқа қосылды. Ал бүгінде Африканың жекелеген елдерінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр.
Әлемдік ауқымда белгіленген проблемаға кәсіби қызығушылық үнемі өсіп келеді. 1956 жылғы бағдарламалық жұмыстардан кейін В.С.Грей 1957 жылы ЮНЕСКО сауаттылық және ең төменгі сауаттылық ұғымдарымен қатар ғылыми-педагогикалық алаңда индивидтің төменгі деңгейден ең жоғарғы деңгейге дейін функционалдық деңгейін сипаттайтын функционалдық сауаттылық (funсtіоnаllу lіtеrаtе) терминін енгізді. [7, 18]. 1978 жылдан бастап бұл концепт адамның қоғамдағы әлеуметтік, азаматтық және экономикалық рөліне дайындау нысаны ретінде түсіндіріле бастады, сонымен қатар оқу, жазу және есеп сияқты ең төменгі сауаттылық көрсеткіштері оның тұлғалық өсуі мен әлеуметтік дамуы үшін міндетті алғышарттар болып саналды [8]. Осыған байланысты 1981 жылы америкалық психологтер М. Коул мен С. Скрибнер зерттеулері қызықты болып табылады, онда тұлғаның психофизиологиялық даму стратегиясында сауаттылық феноменіне баса назар аударылды [9, 336]. Сауаттылық деңгейінің когнитивті ойлау үдерістерінің дамуына әсерін қарастыра отырып, ғалымдар олардың өзара байланысының жоқтығын дәлелдейді, бұл ретте сауаттылық деңгейі мен коммуникативтік және рефлексивті дағдыларды меңгеру дәрежесі арасындағы, сондай-ақ белгілі бір діни және мәдени-тарихи контекстегі үйрету доминантының айқындылық күші мен танымға ұмтылу арасындағы тікелей байланысты атап көрсетеді. Осылайша, зерттеушілер функционалдық сауаттылық адамның түрлі аспектілерінде әлеуметтік-шартты қызметінің механизмдері мен ерекшеліктерін түсінумен тікелей детерминацияланғанын дәлелдейді.
Функционалдық сауаттылық ұғымы кеңес зерттеушісі С.А.Тангянның еңбектерінде [10, 3-17] көрініс тапты. Сауаттылық қоғамның дамуына қарай өсіп келе жатқан елдің экономикалық, саяси, азаматтық, қоғамдық және мәдени өміріне араласу үшін, оның дамуына қатысу үшін қажетті білім мен біліктің көлемі ретінде қарастырылды.
Портал деректері бойынша сауаттылықтың 70-тен астам түрі тіркелген [11]. Оқу мен жазуға сүйеніп, сыни ойлауды оқытудың негізгі процестері ретінде дамыту, оқушының танымға деген жеке қызығушылығының маңыздылығын түсінетін мұғалімнің мақсатты қызметінің нәтижесінде ғана мүмкін болады. Ол үшін оны білім алу үдерісіне жағдай жасау қажет. Л.С.Выготскийдің пікірінше, егер оқуға баланың қызығушылығы болмаса, нәтижеге жету мүмкін болмайды [12, 480].
Украиналық зерттеушілер В.Мацкевич және С.Крупник функционалдық сауаттылықты анықтау кезінде әлеуметтік өлшемге баса назар аударады, функционалдық сауаттылық - бұл адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсу, сондай-ақ онда барынша тез бейімделу және жұмыс істеу қабілеті [13, 312] деп ерекше атап көрсетеді.
Осыған ұқсас жағдайды ресейлік ғалым О. Е. Лебедев түсіндіреді [14], функционалды сауаттылықты болашақта құзыретті тұлғаны қалыптастыратын негіз және кез болатын функционалдық мәселелерді табысты шешуге қабілетті тұлға қалыптастырады деп санады. Бұл интерпретациялық желіні Г. Ключарев пен Е.Огарев сақтайды, функционалдық сауаттылықты нақты шындықтағы құзыретті түрде құрылған тиімді іс-қимылға қабілеттілік ретінде түсіндіреді Ғалымдар осы тұжырымдаманың терең әлеуметтік-философиялық пайымдауларын атап көрсетеді, бұл индивидтің маңызды оқу қызметіне тартылуын, білім алушының тұлғалық және әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты ұмтылыстарын одан әрі толық жүзеге асыру мақсатында кәсіби ақпаратты белсенді меңгеруін білдіреді. А.Леонтьев тіпті формальды және функционалды сауаттылықтың ара-жігін ажыратып, алғашқысын дағдыларды меңгеру ретінде, ал екіншісін нақты жағдайларда белгілі дағдыларды қолдана білуі ретінде түсіндіруді ұсынады [14, 3-13]. С. Г. Вершловский және М. Д. Матюшкина функционалдық сауаттылықтың айқындылығын қоғамның технологиялық даму деңгейімен, оның әл-ауқатымен тікелей байланыстырды және функционалдық сауаттылық көп жоспарлы адам міндеті мен білім беру (бірінші кезекте жалпы) байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарының тәсілі ретінде әрекет етеді [15, 141] деп санады. Бұл ретте авторлар функционалдық сауаттылықтың жалпы, компьютерлік, ақпараттық, төтенше жағдайлардағы іс-қимыл сауаттылығы, шет тілдерін меңгеру, тұрмыстық мәселелерді шешудегі сауаттылық, құқықтық және қоғамдық-саяси, коммуникативтік сауаттылық индикаторларын көрсетеді. И.Кирша и Дж.Гутри ұсынған тәсіл бойынша функционалдық сауаттылық тұрақты көрсеткіш болып табылмайды, бірақ мәтін бойынша тапсырмаларды тез арада шешу үшін әртүрлі дағдыларды қалыптастыруды талап ететін міндеттердің ерекшелігін динамикалық түрде көрсетеді. Бұл ұстаным С.Уайт еңбектерінде одан әрі мәнге ие болды [16], мұнда функционалдық сауаттылықты түсіну қоғамда табысты жұмыс істеу, алға қойылған мақсаттарға жету, өз әлеуетін дамыту және білім көлемін арттыру үшін күнделікті қызмет барысында мәтіндермен, құжаттармен және сандық ақпаратпен дұрыс жұмыс істеу үшін қажетті жеті жеке дағдылардан тұратын жиынтықты пайдалану қабілетіне байланысты болды.
Функционалдық сауаттылықты түсінудегі әлеуметтік-экономикалық фокус ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап дүниежүзінде үстем бола бастады, бұл өсіп келе жатқан жаһандану жағдайында адами капиталдың дамуына қатысты мәселелерді өзекті етумен, әлемнің көптеген елдерінде білім беру парадигмасының қайта бағдарлануымен байланыстырды. Осыған байланысты, функционалдық сауаттылық ұғымын білім беру саласына қатысты қолданудан қалды [17].
Функционалдық сауаттылық әлемдік білім берудегі үздіксіз білім беру және өмір бойы оқыту сияқты бағыттарды дамытудағы жаңа кезеңді білдірді [18, 204-207], транскмәдени және глобализациялық қозғалыстардың ықпалымен педагогика мен білім берудің теориясы мен тәжірибесіндегі теориялық-әдіснамалық және терминологиялық трансформацияларға арналған педагогикалық зерттеулердің спектрі мен тереңдігін кеңейтуге ықпал етті [19, 170]. Талданып отырған концепт ЮНЕСКО-ның бағдарламалық құжаттарында одан әрі қайта қарастыруға жіберілді
Функционалдық сауаттылықты түсінудегі әлеуметтік бағыттағы контекст білім беру саласындағы халықаралық мониторингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша шығарылған және XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап танымал болған құжаттарда басты назарға алынды. Мәселен, Ересек адамдардың сауаттылық деңгейін тексеретін ұлттық зерттеуде (Nаtіоnаl Аdult Lіtеrасу Survеу - NАLS) 1992 жылы Ұлыбританияда мәтінмен, құжаттармен және сандық деректермен (PDQ - prоsе, dосumеnt, quаntіtаtіvе) жұмыс істеу қабілеті ретінде функционалдық сауаттылықтың үш компонентті анықтамасы пайдаланылды, соған сәйкес респонденттерге арналған тапсырмалар әзірленді [20]. Зерттеу барысында келесі дағдылар тексерілді: бейтаныс сөздердің мағынасын тану және шешу қабілеті, мәтінде қажетті ақпаратты табу, түрлі тілдік құрылымдарды түсіну, белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін қажетті есептеулерді жүргізу, зерттелген материал негізінде қорытынды жасау, белгілі бір мақсаттарға жету үшін алынған ақпаратты қолдану.
Бүгінгі таңда сауаттылықты бағалаудың жаңа тәсілдері дамуда. Дамушы елдер үшін халықтың сауаттылығы мен сауатсыздығы мәселелерін зерттеуде ЮНЕСКО үлкен рөл атқарады. Бұл ұйым әлемде сауаттылықты тарату бойынша декларация (1975, 1997) мен бастамаларды (2006-2015) қабылдады, олар базалық сауаттылықтың, яғни оқу, жазу және есеп-шоттардың ең үлкен проблемаларына тап болып отырған елдерге баса назар аударады. Білім берудегі көзқарасты өзгерту, оның ішінде оқушылардың оқу сауаттылығын жақсарту халықаралық сауаттылық қауымдастығының (Іntеrnаtіоnаl Lіtеrасу Аssосіаtіоn, ІLА, бұрын Іntеrnаtіоnаl Rеаdіng Аssосіаtіоn) басты қарастыратын тақырыптардың бірі болып табылады [21].

1.3 ҚР-да білім беру үрдісіне оқу сауаттылығын енгізудің алғышарттары мен маңыздылығы

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш тек білімге ғана тән. Ал білім жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым өзгеріп отырады. Қазір Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тəрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет. Қазақстан алғаш рет оқушылардың сауаттылық білімін анықтайтын халықаралық бағдарламаны 2009 жылы, содан кейін 2012 жылы қабылдады. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде қабылданды [22]. Жолдауда білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген еді. Бүгін Қазақстан мектептерінде тұлғаның тұтас дамуы жаңа білім беру стандартында белгіленген басым бағыт болып табылады. Ол, ең алдымен, жеке тұлғаның жаңа білімді, шеберлікті және құзыреттілікті өз бетінше меңгеруіне мүмкіндік беретін әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру, оның ішінде меңгеруді ұйымдастыру, яғни оқу іскерліктері арқылы қамтамасыз етіледі.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, пәндік сауаттылық, функционалды сауаттылық, оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген құзіреттіліктеріне байланысты ғалымдар, В.В. Давыдов, А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.А. Болотов, О.Е.Лебедев, И.А. Зимняя, А.К. Маркова, С.Г. Молчанов, Г.К. Селевко, В.В. Сериков, В.А. Сластенин, А.В. Хуторской, М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова, И.И.Бим, Ф.Ш.Оразбаева, Е.И.Пассов, В.Л.Ляховицкий, Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев, С.Жиенбаев, Т.Ахметов, Ғ.Бегалиев, А.Айдаров, Ж.Д.Адамбаева, Б.Б.Құлмағамбетова, К.Ы.Сариева, М.М.Артықова, жүргізілген зерттеулерді қарастыра келе, бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде функционалдық сауаттылық ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екені байқалды [23, 5].
Елбасы бастамасымен өмірге келген Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың маңызы ерекше. Оның негізгі мақсаты - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Қабылданған ұлттық жоспардың міндеттерінің бірі функцоналдық оқу сауаттылығын дамыту. Білім берудің әрбір сатысында түлек оқу және жеке міндетті тапсырмаларды оқи отырып орындай алу тиіс. Яғни оқу сауаттылығы - оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу сауаттылығы ұғымын оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы [24, 22-23] деп түсінуге болады. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40% әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Оқу сауаттылығы осындай олқылықтардың орнын басады.
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жолашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі əлемнің 80%астам елдерінде қолданылады. Бұл - соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Функционалдық сауаттылыққа бейімделу, оның қалыптаса бастауы бастауыш мектептен бастау алады. Қазірде олар оқитын пән оқулықтарының мазмұны көбіне алғашқы сауаттылықтан басталып, әрмен қарай дамып, жүйелене түседі. Алайда, оны алдымен пән ұстазы ескеріп: Игерілетін білім, білік, дағдылардың қайсылары функционалдық сауаттылыққа жол ашады? Олардың басқалардан ерекшелігі неде? деген сүрақтарға өздері жауапты қарап, шәкірттердің санасына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты қолдануды басшылыққа алуы орынды. Ол үшін функционалдық сауаттылыққа жататын білімдер мен біліктердің, әсіресе, жиі қолданылатын іс-әрекет түрлерінің өзара тәуелділігін, бірімен бірінің үндестігін оқулықтардағы мазмұнының мәтінімен байланыстыру қажет. Осыған орай 12 жылдық білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша білім беру деңгейлеріндегі оқу пәндері білім мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығын іске асырудың негізгі жолдарын анықтау өзекті мәселе болып табылады. Білім беру деңгейлеріндегі оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асуы тиіс. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұнын білім беру деңгейлерінде оқушының функционалдық сауаттылығына негіздеп құру тиімді болмақ. Оқытудың 12 жылдық моделіне көшу шеңберінде білім беруді жетілдірудің жоғарыда көрсетілген бағыттарын жүзеге асыру білім беру мазмұнының когнитивтік, аксиологиялық және іс-әрекеттік компоненттерін кіріктіру негізінде жаңартылған мазмұндағы стандарттарды әзірлеу мен енгізуді ұйғарады. Білім беpу мазмұнындағы іс-әpекеттік компоненттеp оқушының адамзат қоғамының өpкендеуі үшін ғылыми жетістіктеpді пайдалану аясы мен ғылым негіздеpі бойынша жүйелі білімді меңгеpуін; ғылыми ақпаpатты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуін; таным, жобалау, құpастыpу, зеpттеу және шығаpмашылықпен қолдану әдістеpін меңгеpуін; заманауи ақпаpаттық- коммуникациялық технологиялаpды меңгеpуін; жоғаpы деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігін қамтамасыз етеді. Осы талқылаулаpдан білім беpу мазмұнындағы аксиологиялық және іс- әpекеттік компоненттеp білім жүйесіндегі негізгі құзыpеттіліктеpді дамытуға бағытталып отыpғанын көpуге болады. Оқушылаpдың алған білімдеpін пpактикалық жағдайлаpда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдеpісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беpетін негізгі құзыpеттіліктеp жүйесін меңгеpуі олаpдың функционалдық сауаттылығы дамуының нәтижесін беpеді. Жалпы білім беруді ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі 12-13 жылдық оқытуды көздейді. Еуропа Кеңесінің университет мәселелері бойынша тұрақты конференция 1992 жылы декларация қабылдады. Осылайша, декларацияға сәйкес, әлемдік білім беру кеңістігінде 12 жылдық орта білім беру 136 елде, соның ішінде Австралия, Канада, АҚШ, Франция, Жапония және әлемнің бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына кіретін басқа да елдерде жүзеге асырылады. Посткеңестік елдерден оқытудың бұл моделіне Армения, Грузия, Латвия, Литва, Белоруссия, Молдавия, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Эстония көшті. Әлемдік тәжірибеде 12 жылдық білім беру бойынша оқу жүктемесі мен білім берудің базалық мазмұны тұрғысынан оң үрдістер байқалды. Мәселен, мектепке дейінгі білім толық емес оқу күні түрінде беріледі, бес күндік оқу аптасы және бастауыш мектеп оқушыларының жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру көзделеді [25, 6-7].
Чтение - это базовый компонент воспитания, обучения, образования и развития культуры. Оно является деятельностью, формирующей и развивающей личность, инструментом получения образования и распространения культуры, средством воспитания и интеллектуального развития общества, свидетельством сформированности коммуникативной и профессиональной компетенции специалиста, инструментом достижения успеха человека в жизни и показателем конкурентоспособности страны. Чтение - междисциплинарное явление. Сегодня мы осознаем, что чтение и грамотность представляют собой проблему, стоящую перед обществом во многих странах, от которой нельзя отмахнуться - ее необходимо решать [26, 13-14]. Оқу сауаттылығын білім жүйесіне енгізе отыра, жан-жақты дамыған, жаңа өмірге аяқ баса алатын жасөспірімді қалыптастырамыз.
Оқушылардың әртүрлі мазмұндағы және форматтағы мәтіндерді түсіну қабілеті оқырман сауаттылығының әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдану, соның ішінде өз мақсаттарына қол жеткізу, білім мен мүмкіндіктерді кеңейту үшін білім берудің маңызды нәтижесі болып табылады. Қоғам соңғы онжылдықта адам өмір бойында қызметтің бірнеше түрін ауыстыру қажеттілігіне байланысты үздіксіз білім берудің маңызын түсінді. Оқу қабілеті ерте мектеп жасында пайда болған қабілет деп саналмайды, ерте жаста тек оқу техникасын меңгеруге болады.
Бүгінгі күні біздің білім беру жүйесінің алдында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның өмірлік шындыққа бейімделуі мәселесі тұр, өйткені қазіргі қоғамда адам жоғары кәсіпқойлықты және әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау үшін елеулі зияткерлік күш-жігерді талап ететін жағдайларда өмір сүреді және әрекет етеді. Соңғы онжылдықта адам өмірінде қызметтің, мамандықтың бірнеше түрін ауыстыру қажеттілігіне байланысты қоғам үздіксіз білім берудің маңызын түсінді. Енді оқи білу ерте мектеп жасында қалыптасқан қабілет, оқу техникасы ғана болып саналмайды. Енді бұл білімнің, дағдылар мен іскерліктің үнемі дамып келе жатқан жиынтығы, яғни әр түрлі қызмет пен қарым-қатынас жағдайларында өмір бойы жетілдірілетін адамның сапасы. Сауаттылық сөзі оқушылардың оқуды одан әрі жүзеге асыру құралы ретінде меңгеруінің табыстылығын білдіреді: білім алуды жалғастыру, еңбек қызметіне дайындық, еңбекке және қоғам өміріне қатысу. Түсініктің мәні мынадай белгілерді құрайды: түсіну, рефлексия және пайдалану. Олар өзара байланысты және бір-бірін толықтырып тұрады. Рефлексия мәтіннің мазмұны (немесе құрылымы) туралы ойлануды, оны жеке санасына көшіруді көздейді. Тек осы жағдайда ғана мәтінді түсіну туралы, адамның оның мазмұнын түрлі қызмет және қарым-қатынас жағдайларында пайдалану мүмкіндігі туралы айтуға болады. Мәтіндерді белгілі бір санаттар немесе критерийлер бойынша нақты бөлу мүмкін емес, өйткені бір мәтін, әдетте, әртүрлі белгілері болуы және бірден бірнеше топтарға жатқызылуы мүмкін. Әдістемелік мақсатта PІSА тестін құрастырушылар әзірлеген мәтіндердің жіктелуін пайдалану ыңғайлы. Олар мәтіндерді тұтас және тұтас емес деп бөледі. Оқушылар күнделікті өмірде, соның ішінде мектепте оқитын тұтас мәтіндерге жатады:
oo сипаттама (әңгімеден үзінді, өлең, адамның, орынның, заттың сипаттамасы және т. б.);
oo әңгімелеу (әңгіме, өлең, әңгіме, әңгіме, хат, газет немесе журналдағы мақала, оқулықтағы мақала, нұсқаулық, жарнама, фильмнің, спектакльдің қысқаша мазмұны, блог посты, әртүрлі сайт материалдары);
oo ойлау (шығарма, пікір, өз пікірін дәлелдеу).
Тұтас емес мәтіндерге жатады:
oo графиктер;
oo диаграммалар;
oo схемалар (кластерлер);
oo кестелер;
oo географиялық карталар және жергілікті жердің карталары;
oo үй-жайдың, жердің, құрылыстың жоспары;
oo кіріс билеттері;
oo көлік қозғалысының кестесі;
oo сайттар картасы [ 3, 19-20].
Оқу сауаттылығы бойынша тапсырманы орындау барысында оқушы мәтін мәзмұны мен басқа да дереккөздерден оқыған, басқа пәндерден оқыған, жадына сақталған ақпаратты ұштастырып, дұрыс жауабын таба білуі керек [27, 190-191]. Яғни оқушы мәтінде не туралы айтылғанын түсінбесе дұрыс нәтижеге жете алмайды. Сұрақтар әр деңгейде беріледі. Оқыған мәтінді түсіну үшін оқушы алдымен көз жүгірте оқиды, қысқаша мазмұнын түртіп отырады, сұрақ қояды, сын тұрғысынан оқып, ойланады. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Оқушыға еркіндік беріледі.
Тестілеуге қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында мәтіннің негізгі ойын анықтап, оны жалпы мәтін контекстінен бөліп алып, өз қөзқарасын дәлелдермен негіздеу қабілеттерін көрсете білуі қажет. PІSА тапсырмаларының ерекшелігі - ол шындыққа жақындатылып құрастырылуы болып табылады. Әрбір жағдаят - өмірден алынған мысал. Тест тапсырмаларының құрылымы оқушылардың оқу ептіліктері мен оларға сәйкес әрекеттерін анықтауға негізделген. PІSА-2018 кезеңіндегі тест тапсырмаларының шеңбері білім алушылардың оқу сауаттылығы жетістіктерін бағалаудың келесі түрлерін қарастырады. Олар: мәтінге көз жүгірте қарап негізгі ойды анықтау; мазмұнын түсінуі; қажетті мәліметтерді табу және таңдай білуі; синтез және талдау дағдысы; мәселені шешу және айқындауы; ақпараттың нақтылығын анықтау мен сапасын бағалай білуі. Қорытындылай келе, тестілеуге қатысушы өзінің әртүрлі форматта берілген мәтіндермен жұмыс істей алу ептілігін, ақпаратты біріктіру мен ұғына білу дағдысын және сыни ойлау құзыреттерін көрсете білуі қажет.
Сауатты оқи алатын адам өз ойын анық, еш қиындықсыз жеткізе алады. Оқулықтан керек ақпаратты тауып, іріктей алады. Ақпаратты заманда оқушылар мектеп бағдарламасындағы көркем әдебиетті көп оқи бермейді. Ал оқу материалдарының көлемі өте үлкен. Оқу сауаттылығын енгізу арқылы оқушы мектеп бағдарламасындағы барлық шығармаларды қамти алады. Кесте, графиктерді оқи алады. Оқу сауаттылығы бойынша білімді анықтауда тест тапсырмалары мен эссе жазу орынды. Сонымен, сауатты жеке тұлға дегеніміз:
oo шешім қабылдауда, таңдау жасауда өзіндік ойы болады;
oo өз шешіміне жауап бере алады;
oo стандартты емес жағдайлардан жол таба алады;
oo ауызша және жазбаша өз ойын сауатты жеткізе алады;
oo заманауи ақпарат құралдарын пайдалана алады;
oo ғылымның әр саласынан хабары бар адам [28].
Бүгінгі күні, мектеп алдында моральдық-этикалық құндылықтар мен сыни ойлау қабілеті бар тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұрған кезде, өскелең ұрпақты ой-өрісін тереңдете оқуға, яғни оқушылардың оқу сауаттылығын жетілдіруге үйрету өте маңызды. Қандай оқырманды көргіміз келеді? Әрине, мінсіз, ол мәтінді оқып, мәтін авторын түсінуге, оның ойына енуге ұмтылады. Мінсіз оқырман мәтінді оқуға дейін түсінеді, мәтінді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауаттылықты қалыптастыруда оқулық мәтіндерінің рөлі
Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
Қашықтан технологияларды қолдану арқылы бағалау жүргізу бойынша ұсыныстар
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері
Функционалдық сауаттылықтың түрлері
Бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Пәндер