Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   
ФК-03-3к2 тобы студенті Бегалиева Лейла Жанаталиевнаның Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау тақырыбында орындалған дипломдық жұмысына
АННОТАЦИЯ

Бегалиева Лейла Жанаталиевнаның дипломдық зерттеуі білім беру жүйесінде қызмет атқаратын психологтің жеткіншек жасындағы оқушылардың эмоционалдық жағдайының ерекшеліктерін жете білу арқылы олардың сыйысымды мінезі мен қарым-қатынас қабілетін дамытуға ықпал жасау жолдары талданған.
Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімінде жеткіншек жас кезеңіндегілердің жеке тұлғалық даму ерекшеліктеріне байланысты орын алатын мінезінің эмоционалдық тұрақсыздықтары туралы теориялық қағидалар талдау нәтижесінде эмоционалдық үйлеспеушіліктің даму заңдылықтары және көрініс беру ерекшеліктері, оған негіз болатын себептер анықталған. Жүргізілген тәжірибелік жұмыстар нәтижесінде жеткіншектердің темпераменті, мінез ерекшеліктері, мазасыздануы зерттелініп, олардың эмоциаоналдық үйлесімді болуына әсер ететін психодиагностикалық және психокоррекциялық әістемелерді пайдалану арқылы балалардың қырсық мінезінің сыйысымсыздығын түсіндіріп, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға болатындығы дәлелденген
Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады.

Ф.4.7-007-03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.АУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Институт ___________________________________ _______

Кафедра___________________________________ _________

БЕКІТЕМІН Кафедра меңгерушісі
психология
(каф.аты)
____________________
(каф.меңгерушісінің аты-жөні)

_______________2007

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Диплом жұмысының тақырыбы ___________________________________ ___
___________________________________ _______________________________
Нормобақылаушы: Дипломдық жұмыстың жетекшісі:
____________________ ________________________
(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні) (ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні)
_____________________________ ___________________________________
(мерзімі, қолы) (мерзімі, қолы)

Рецензент Тапсырманы орындауға қабылдаған

_____________________________ Студент____________________________
(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні)
_____________________________
(мерзімі, қолы)

Шымкент - 2007
Ф.4.7-007-04
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.АУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Институт___________________________________ _______
Кафедра ___________________________________ ________
Мамандығы ___________________________________ ___________

БЕКІТЕМІН Кафедра меңгерушісі
психология
(каф.аты)
____________________
(каф.меңгерушісінің аты-жөні)
_______________2007
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМА № _____
Студент___________________________________ ___ Топ_________________
Тақырыбы___________________________________ ______________________
___________________________________ _______________________________
Университет бұйрығының бекітілуі № _______________________200__ж.
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі____________________________ _____
Жұмыстың негізгі мәліметтері___________________________________ ____ Жеке тапсырма___________________________________ _________________
ТҮСІНДІРМЕ ХАТТЫҢ МАЗМҰНЫ

Тапсырма берілген мерзімі ___________________200___ж.
Дипломдық жұмыстың жетекшісі__________________________ ________
Тапсырманы орындауға қабылдаған студент____________________________
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 бөлім. ЖЕТКІНШЕКТЕР ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

1.1. Жекіншектердің тұлғалық даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.2. Эмоция - мінез - құлық негізіне жататын феномен ... ... ... ... ...19

1.3. Жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық
тұрақсыздықтың себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

2 бөлім. ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ТӘН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҮЙЛЕСПЕУКШІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ

2.1. Эмоционалдық жағдайды зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 5

2.2. Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты
мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, әр оқышының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін 1 арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы 2. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.
Жеткіншектердің жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық үйлеспеушілікті зерттеушілер А.Бек 46, Л.С.Выготский 29, Л.А.Орбели 46, Г.Селье 87, К.Роджерс 46, К.Юнг 99, В.Франки 94, Р.Бэрон 24, Перлз 74, Изард 45, З.Фрейд 91, Қ.Жарықбаев 40, С.Н.Ениколапов 43 т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың аныќтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық үйлеспеушіліктің табиғаты, пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың бойында кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктер түрлері мен көрініс беру ерекшеліктері талданған.
Жеткіншектер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты кризистік даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен байланысты бала мінезінң кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т.б.ғалымдар осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін жасаған. Қазіргі кезде жеткіншектердің психоэмоционалдық үйлеспеушілігін болдырмау және осы жағдайдан шығару әдістемелерін тиімді пайдалану жолдары анықталған. Жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігі орын алғанда оларға нақты көмек көрсету жолдары мен құралдарын анықтау қажет болғандықтан біз дипломдық зерттеу тақырыбын Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні: мектеп психологінің жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады.
Зерттеу мақсаты: жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктің теориялық негіздерін талдау арқылы оның алдын алу және коррекциялаудың жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
жеткіншектердің эмоционалдық даму проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
жеткіншектердің эмоцияларының көрініс беру түрлерін және себептерін анықтау;
жеткіншектерде орын алатын акцентуация, мазасыздану, депрессия жағдайларын диагностикалау;
мектеп психологінің эмоционалдық үйлеспеушілік жағдайындағы балаларды коррекциялау әдістемелерін пайдалану, нәтижелерін талдау.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы Жамбыл атындағы № 26 гуманитарлық мектеп-гимназиясы және № 36 орта мектеп.
Ғылыми зерттеу әдістері: Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының эмоциясына сипаттама жасау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Леонгард-Шмишек тестін, М және Д, Басса-Дарки әдістемесін, пиктограмма, Әлеуметтік мазасыздану шкаласы т.б. әдістемелер көмегімен балалардың акцентуациясын, мазасыздануын, депрессиясын анықтау, жиналған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.
Зерттеу кезеңдері: Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психоэмоционалдық жағдайларын зерттеідің теориялық негіздері талданып, оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды. Екінші кезеңде Шымкент қаласындағы Жамбыл атындағы № 26 гуманитарлық мектеп-гимназиясының психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы мектеп оқушыларының эмоционалдық жағдайлары зерттелінді. Барлық психодиагностикалық зерттеу нәтижелері ережелерге сай талданып келесі кезеңдегі психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізілді.
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

1 бөлім. ЖЕТКІНШЕКТЕР ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

1.1. Жеткіншектерде кездесетін мінез ауытқулары және оның себептері

Жеткіншек жас кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларын зерттеу және оның негізінде мінез типологиясын жасау ХІХ ғасырдың аяғында басталды. Бұл мәселені зерттеушілер мінез ерекшелерінің жеке тұлғаның қоршаған әлеуметтік ортаға икемделуіне және қарым-қатынас мәдениетіне үлкен әсер ететінін атай отырып, типология жасаудың қажеттілігін көрсеткен. Бірінші типологияны жасан неміс психиатры Э.Кречмер, кейінірек бұл проблеманы тереңірек зерттегендер У.Шелдон, Э.Фромм, К.Леонгард, А.Е.Личко т.б. ғалымдар. Мінез типологиясын жасаушылар келесі ортақ пікірлерге сүйенген:
Л.С.Выготский Кризистік кезең теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың ішкі позициясынан өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.
Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы АҚШ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пировтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға ашушаңдық тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15 000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген даралық минесоттық тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері псиопатия, шизофрения, гипомания, шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға келеміз.
Оқушылардың басқа да психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген Роршах және Тақырыптық апперцепция тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы оқушылардың мазасыздану деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар, Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жеткіншектер психиатры А.А.Мехрабянның мәліметі бойынша, осы жас аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дәлелденді. Сонымен қатар, әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің ерекшелігіне байланысты В.Д.Кисловская проективті тест көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік динамикасын қарастырды. Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы мазасыздану бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе, жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық қатынас сферасында, әсіресе ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірімдерге мазасыздану деңгейінің жоғарылылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде және эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында. Төмен реактивтілік психологиялық жағымсыз фактор болып табылады. Осыған байланысты жүргізілген Калифорниялық лонгютидтің зерттеу нәтижесі бойынша төмен эмоционалды реактив тән жеткіншектер мен жасөспірімдерге біршама мазасыздық тән, эмоционалды тұрақсыз, икемсіздеу және қарым-қатынассыздау болып келеді екен.
1. Мінез онтогенезде қалыптаса бастайды және адамның өмірінің барысында біршама тұрақтылықпен көрініс береді.
2. Мінез ерекшеліктерін сипаттайтын жеке тұлға көрсеткіштері кездейсоқ болмайды, олар анық байқалатын типтерді құратын болғандықтан осы ерекшеліктер негізінде типология жасауға болады.
3. Адамдардың басым көпшілігін типтерге жатқызып зерттеуге болады.
Э.Кречмер 29 жеке тұлға құрылымындағы психологиялық және физикалық қасиеттердің бір-біріне тәуелді деп тұжырымдама жасап, барлық адамдарды дене құрылысына байланысты конституционалды типтерге бөліп, олард: астеникалық, атлетикалық және пикникалық топтарға бөлді. Әр тип өкілдері өздеріне тән ерекше темперамент иелері деп көрсетті. Сонымен қатар әр тип өкілдері психоз ауруына ұшыраса оның бір түріне жақындығымен сипатталатынын атап өтті. Кречмердің айтуы бойынша, психоз ол нормадағы жеке тұлғаның келемежденген сипаты.
Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулерге осы типология негіз болды. А.Безумен 46 жеткіншектердің өз-өзін бағалауындағы өзгерістердің динамикасын алты деңгейге бөліп көрсеткен. Солардың ішіндегі ең бағалыларын қарама-қарсы көрсеткіштермен бағалайды, мысалы: күшті-әлсіз; дені сау-ауыру; сұлу-ұсқынсыз. Жеткіншектерді осы қоршаған ортадағыларды бағалауын негізгі көрсеткіш ретінде анықтау арқылы типологиялау жолдарын К.Леонгард 46 ұсынған. Леонгард жеткіншектік жас кезеңінде орын алатын акцентуация мәселесін жан-жақты зерттеді. Оның айтуынша акцентуация ол нормадағы мінездің шекаралық жағдайға дейін дамыған варианттары болып табылады. Акцентуация жеткіншектер алдына көптеген проблемалар қояды да баланың қоршағандармен қарым-қатынасында түсініспеушіліктер, дау-дамайлар мен қиындықтар туғызады. Безумен, Леоггард, Личко т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек жеткіншектердің жартысынан көбінің мінезінде акцентуация байқалады. К.Леонгардтың концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі.
Осы айтылған факторлардың себебі, Л.Е.Личко 65 пікірі бойынша, осы ерекшеліктердің негізгі себебі, 12-18 жас аралығының психопатияға кризистік кезең болуында. Сондықтан да дәл осы кезеңде оларға аса көңіл бөлінбесе олардың мінез-құлқының эмоционалды үйлеспеушілігінің тереңдеп кетуі мүмкін. Бірақ, эмоционалды үйлеспеушілік тек қана гармоналды өзгерумен ашылмайды, сонымен қатар, әлеуметтік факторға және тәрбие шартына тәуелді және индевидуалды - типологиялық ерекшеліктерге де байланысты болады. Өсіп келе жатқан балаға әсер ететін және оның пайымдау дүниесін өзгертетін сыртқы және ішкі факторлардың көлемін білу күрделі нәрсе. Сондықтан да есеюдің психологиялық қиындықтары мен бейнесі және талпыну еңгейінің қарама-қайшылығы сияқты жеткіншектерге тән эмоционалды күштену ерте жасөспірімдерде болады деуге алып келеді. Сонымен қатар, балалардағы дисгармонияның жеткіншектік синдромы, яғни, оқушылардың өзінің денесіне және сыртқы көрінісіне көңіл бөлуі, тағы сол сияқты жағдайлар олардың эмоционалды үйлеспеуіне әкеліп соғады. Бірақ нормадағы оқушылардың эмоционалды үйлеспеушіліктің психопатиялық белгілері аз көлемде болады. Жалпы эмоционалды үйлеспеушілік өтпелі кезеңнің барлық кезіне тән және олар қиын балалар қатарына жатады. Мұндай балаларға оқудың өзі қиын, үйде ешкім көмектеспейді, өздігінше өмір сүруге ешкім тәрбиелемейді. Олардың өзіндік бағасы оқудағы жетістіктерге жетпеуіне байланысты төмен болады. Бұл жағдайда бала өзін-өзі көрсетуге қысылады. Жеткіншектердің оқу әрекетінде апатия, ашушаңды, қаталдық, өкпе, түңілушілік кездесіп отырады, сонымен бірге, олардың мінез-құлқына тітіркенудің импульсивті формасы тән болып отырады.
Бұл мәселені толық түсіну үшін балада орын алған акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып жасалған және бүл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификациялардың бірі А.Е.Личко акцентуацияның түрлері мен олардың сипаттамасын ұсынған.
Личко ұсынған сыныптастыру бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі сипатта көрініс береді.
1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі - көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.
2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты - жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, үзақ уақыт шат болып жүреді. Махабатта қатты ренжігіш, Бірақ қажетті болса қамқорлық көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.
3. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабр-шу шығаратын
ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды. Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз
орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін өзі қатал бағалап, кемістіктерім өте көп деп есептейді. Паталогияда-эпилептикалық психопатия ретінде көрініс береді.
4. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер - тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз кабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.
5. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.
6. Тұрақсыз тип (Қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда -эпилептоидты психопатия.
7. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді.
8. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көпшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда - истериялық психопатия.
9. Циклоидтық тип (тұйықталып қалушылық). Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бүл түрі көрініс бергендер майда-шүйде сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетін
10. Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетуге, экзальтацияға жақын, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект
Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациялық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн. Оқушылардағы үйлеспеушілік құрамына қарай едәуір болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі - олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі - өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады.
Өмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар мінез-құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті басқаша оқу немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді. Ол біріншіден, түсініксіз, екіншіден, қабылданбайды: үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден тәрбиелену қиыншылықтары туындайды. Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдеңе талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стерстермен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады.Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда ешкім көмектеспейді деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады.
Мектептік мазасыздану баланың жеке басының неврозын туғызады, оның жүйкесі мен психикасының бұзылуына алып келеді де олардың шамадан тыс зорлануымен сипаттауға болады. Оның себебі, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасының бұзылуы. Бүл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан т.б. сондай үлкендерге елеусіз себептерден басталады.
Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабаққа үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық энергетиканың жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Олар:
1. Биологиялық ерекшеліктер;
2. Әлеуметтік орта.
Жалпылап айтқанда эмоционалдық үйлеспеушіліктің орын алуын және одан шығу жолын В.М.Астапов 76 келесі нұсқамен көрсеткен.
Осы нұсқа бойынша мазасыздану ыңғайсыз күй-жағдайдың орын алуына түрткі болады, сонымен қатар мазасыздану орын алғанда одан шығудың көптеген варианттағы жолын іздеу функциясын атқарады. Мазасыздану жеке тұлғалық (ағзада орын алған ішкі үйлеспеушілікке байланысты), және ситуативті (сыртқы ортада орын алған көптеген қайшылықтар, дау-дамай, келіспеушілік т.с.с. себептерге байланысты. Осы тұрғыдан талдағанда жеткіншектер мазасыздануы мектептік, отбасылық т.б. баланың өмір сүру ортасына байланысты орын алады. Мазасыздану агрессияның орын алуына негіз болады.

В.М.Астапов жасаған эмоционалдық үйлеспеушілік және одан шығу нұсқасы

Түрткі функциясы
Түрткі функциясы
Іздеу функциясыиска
Іздеу функциясыиска

Күй-жағдай. шығу
Күй-жағдай. шығу
Бағалау функциясы
Бағалау функциясы

Субъективтік мүмкіндіктерді бағалау
Субъективтік мүмкіндіктерді бағалау
Күй-жағдайдың өзгеруі
Күй-жағдайдың өзгеруі
Қауіптің жоқтығы
Қауіптің жоқтығы
Қашу
Қашу
Қауіптің барлығы
Қауіптің барлығы

Ступор
Ступор
Агрессия
Агрессия
Жағдайдан артық белсенділік активность
Жағдайдан артық белсенділік активность
Кризистік жағдайда болу
Кризистік жағдайда болу

Жағдайдан шығу
Жағдайдан шығу
Л.С.Выготский 29 өз еңбектерінде жеткіншек жасындағыларды зерттеуде жаңа проблемалар анықтады: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Оның айтуынша, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы дағдарыстың басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады.
Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі дағдарысты түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.
Жеткіншектің дамуындағы негізгі өзгерістерге арқау болатын биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт өсуімен, ал екінші жағынан, патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің орын алуы) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерленуіне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыш - тығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мүндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.
Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің ересектерге ұқсастығын. түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жаәдайлары мен нақтылы дара. жаәдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен кинофильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының бәрі, сондай-ақ махаббат пен жыныс проблемалары туралы жолдастарымен әңгімелесулер адамдардың қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің, эротикалық ойысушылықтар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы -- қалыпты құбылыс.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму, процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарды сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
А.Е.Личконың айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игілііктерді, үлкендерден және жолдастары мен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзiнің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады.
Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады және көптеген жағдайларға байланысты болады. Осы себепке байланысты өтпелі кезеңнің жүруі әр балада әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте балалық пен ересектіктің қатар болуымен ал, екінші жағынан, сол бір ғана кәмелетке толу жасындағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. А.А.Бодалев қазіргі мектеп окушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты деп түсіндіреді. Жеткіншектерде ересектіктің дамуын тежейтін жайлар:
балалардың көбінде басқалардай тұрақты және байыпты міндеттер болмай тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қынжылыстардан, қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;
ересектендіретін жағдайлар мазмұны сан алуан мәліметтердің орасан зор тасқыны болуынан; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі; жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуымен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мысалы, жеткіншектің басым көпшілігінің бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген интеллектуалдар да бар, бірақ, сонымен қатар, оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар; болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.
Л.Колбергтің пікірі бойынша жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір интеллектуал үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қоршағандардың барлығы оны әлі нәресте десе енді бір нағыз интеллектуал үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен, комьютермен әуестенсе, ал екіншісі сабақта түк бітірместен, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнін шаштараз туралы мәселеге айналдырып отыратын ересек жасөспірімдер. Үшіншілерін интеллектуалды ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Қыз балаларға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді.
Осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреуі үшін маңыздының енді біреуіне құны жоқ болып шығады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық дамуы және барлық құндылықтардың жалпы бағыты белгіленетіндігі. Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас ұзақ уақыттан бері болып келеді. Өйткені осы жас кезеңінде жеткіншектердің дамуындағы позитивтік әсерлер адамның болашағына үлкен әсерін тигізеді.
Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды, дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады. Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінін, (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі - жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.
Бүлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері үлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұнатанады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге карағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұәылданған кезде мұны ескеріп отыру керек. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне козғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс көп қозғалу, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы ебедейсіздік, колапайсыздық). Бұдан күйзеле қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда 6 -- 14 жас аралығында көптеген қозғалыс сапалары оптималды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта, хореографияда ерекше шеберлік көрсетіп жоғары жетістік иесі болу мүмкіндіктері де артады.
Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы қан қысымының артуы, бастың ауруы бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрініс беруі мүмкін.
Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланыста болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт, өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыш - тығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мүндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.
Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғащқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С. Холл мен З.Фрейд 91 болды. Олар жеткіншектің дағдарысы ен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады. Көптеген зерттеулерде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды.
Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті:
1) үздіксіз жүретін;
2) үзіліспен жүретін.
Баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің ролі жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі. Осы кезеңге өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады. Осы кезеңге өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда болған кезде байқалады (Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тән деп санады). Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып жүреді және оның өзіне тән нәтижесі болады - ресми кемелеттілікке жeткeн кезде баланың ересектер ролін атқаруға әлі дайын емес екендігі анық байқалады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әр түрлі болады және оның ешқайсысы да кәмелеттікке жеткізетін табиғи соқпақ деп қарастырылмайды.
АҚШ ғалымы К.Левин 46 жеткіншектің қазіргі қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас-тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Ол қоғамда ересектер тобы мен балалар тобының бар екенін, әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары болатындықтан олардың бір-бірінен бөлінген - дігін, жеткіншектік кезеңде баланың балалар тобынан ересектер тобына қарай ілгерілейтінін атап көрсетті. Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралыәындағы жағдайда болатын кезеңінің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің өз орнын таппауы туралы идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және басқа шетел психологтары дамытуда, олар жеткіншектердің ерекше бір субмәдениеті бар дегенді, яәни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады. Л.С.Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы дағдарыстың басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі балалардың даму ерекшеліктерін зерттеу барысында бұл жас кезеңіндегі дағдарысты түсіндіруге арналған теориялық ой-пікірлердің барлығы осы кезеңде орын алатын көптеген нормадан ауытқулар организмде жүретін өте күрделі психофизиологиялық өзгерістермен байланысты екенін көрсетеді. Жеткіншек жас кезеңіндегі пайда болатын жаңа құрылымдар, гамоналдық жүйенің жетілуі т.б. өзгерістер бала ағзасының сапасы өзгеріп, оның қысқа мерзім ішінде үлкендер ағзасының сапасына өтуіне байланысты болатыны дәлелденген. Осы өзгерістер баланың эмоционалдық жағдайына әсерін тигізіп, оның мінезінде көптеген ерекшеліктер көрініс береді. Сонымен қатар жеткіншек жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты әлеуметтік жағдайлармен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады.
Психологиялық қызмет көрсету барысында жеткіншектердің осы ерекшеліктерін ескере отырып, эмоционалдық үйлеспеушілік орын алған кезде эмоцияның мінез-құлыққа тигізетін әсерін, эмоционалдық жағдайлардың пайда болу себептерін, оның көрініс бері ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, толық түсіну қажет.

1.2. Эмоция - мінез - құлық негізіне жататын феномен

Эмоция қазіргі теорияларда білімнің маңызды түрі ретінде қарастырылады. Эмоция психологиясы психологияның белгілі аймағы болып табылады. Қазіргі эмоция психологиясында эмоция түсінігінің түрлі анықтамалары кездеседі. Бірақ, барлық теоретик - психологтардың тәжірибелі тұрғыдан сай келуі осы эмоция түсінігінің жалпы қабылдаған анықтамасының жоқтығында. Сондықтан да эмоция категориясы мамандар тарапынан үлкен қызығушылықты туғызып отыр. Осыған байланысты Э. Роштың прототивтік ағым бойынша талдаған эмоция категориясының ішкі құрылымын зеріттеуін қарастырамыз. П. Витгенштейн пікіріне негізделген бұл ағым бойынша, табиғи категория прототип бойынша анықталады. Эмоция категориясы келесі 4 өзгергіштік бойынша суреттеледі.
1. Жиілік.
2. Прототиптілік.
3. Бейкатегориялық.
4. Доминанттылық.
А. Ортони, Дж. Клор және А. Коллинз 45 өздерінің эмоцияның конгетивті құрылымы, еңбегінде эмоцияға тек қана валенттілігі бар психикалық пайда болулар ғана жатуы керек, яғни, жағымды немесе жағымсыз сияқты уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік және осы сияқты феноменттер эмоция психологиясында қарастырылмауы керек дейді. Бірақ, арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, таңқалу эмоцияға кіргізіледі.
К. Изарды Адам мінез - құлқының фундаметальды принципі болып, эмоцияның қабылдауды, ойлауды және әрекетті ұйымдастыруы және күшберуі болып табылады, барлық эмоция эволюция барысында дамитын адаптивті функцияларға ие деп, атап көрсетеді.
Эмоция - адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрады. Мауер: эмоция өз әсерімен мінез - құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, эмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетеді деп, атап өтеді. Мінез - құлықтың негізгі қозғаушы күші эмоция болып табылады. Осы эмоция субьектіге түгелімен әсер етеді. Оны жекелеп қарастырайық.
Эмоция және дене. Бет бұлшық еттерінде эмоция кезінде электрофизиолгиялық өзгерістер жүреді. Сонымен қатар өзгеріс мидің электірлік белсенділігінде, қан жүру және тыныс жолдарында да жүреді. (Симонов, 1975) ; Қатты ашулану немесе қорқу нәтижесінде жүрек ритмі минутына 40 - 60 дүрсілге көтеріледі. Күшті жүретін эмоция кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоционалдық жағдайды зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері
Эмоционалдық кері әсерді зерттеу
Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау
Жеткіншектердің эмоционалдық тұрақсыздық жағдайына байланысты агрессивті мінез - құлық ерекшеліктерін коррекциялау
Мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық даму ерекшеліктері
Эмоционалдық жағдайлардың түрлері және ерекшеліктері
АГРЕССИВТІ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
Психокоррекцияны және психологиялық кеңес беруді жүргізу әдістемелері (жеткіншек жас кезеңі)
Оқушылар жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары
Пәндер