Адам өлтірудің субъективтік белгілері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. Адам өлтіру - жеке адамдарға қарсы қылмыс ретінде.
1.1 Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері ... ... ... ..
1.2 Адамның өмірі - қылмыстық заңмен қорғалатын объекті ретінде ... .
1.3 Адам өлтірудің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.
2.1Адам өлтірудің объективтік белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.2Адам өлтірудің субъективтік белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...

ІІІ. Адам өлтірудің түрлеріне және ұғымына құқықтық талдау.

3.1. Адам өлтірудің жай түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Адам өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері ... ... ... ... ... .
3.3 Адам өлтірудің жауаптылықты жеңілдететін түрлері ... ... ... ... ... .
3.4 Адам өлтіруді өмірге қол сұғумен ұштасатын басқа қылмыстардан ажырату

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған қайнар көздер тізімі ... ... ... ... ... ... ...
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ:

КСРО-Кеңестік Социалистік Републикалар Одағы ;
БОАК - Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің);
Қазақ КСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы;
ҚР - Қазақстан Республикасы;
ҚРК - Қазақстан Республикасының Конституциясы;
ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі;
ҚР ҚПК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік Кодексі;
РФ- Ресей Федерациясы.

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. "Адам өлтіру"-күнделікті өмірімізде қаншама рет естиміз?! Бұрынғы замандардан бері адам өлтіру үшін түрлі жазалар ойлап табылған. Мысалға, Тәуке ханның Жеті Жарғысынан : Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін, Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс. Мемлекет дамыған сайын жаза түрлері де өзгеріп отырды , яғни бұрынғыдай тек ақсүйектер мен белгілі адам өлтіру үшін ғана емес қарапайым шаруаны өлтіргені үшін де жазаға тартатын болды.
Адам өлтіру - Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығында арнайы сауалдар шеңберінде өте кең дискуссиялы мәселені қозғайтын тақырыптардың бірі.
Адамға қарсы жасалынатын қылмыстардың ең қауіптісі - адам өлтіру.
Кез келген мемлекет адамның өмірін, денсаулығын және олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзінің басым міндеттері ретінде қояды.
ҚР Конституциясының 15-бабында айтылғандай: "Әркімнің өмір сүруге құқығы бар"; "Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ", бұдан түсінетініміз, өмір сүру құқығы адамның өз ерік-жігерін, еркін танытып, өз мүддесіне, талап тілегі мен нанымына, құнды қасиеттеріне сәйкес тіршілік ететін әрбір адамның табиғи мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді деген сөз. Ешкімде өмірден еріксіз айырылуға тиісті емес. Конституция бұл құқықты қорғайды. Адамды өмірінен айыру - қылмыс болып саналады.
Осы функция әртүрлі құқықтық нормалармен, соның ішінде қылмыстық нормалармен де жүзеге асырылады.
Бұл саланы зерттеуді - оқу барысының қорытындысы ретінде қарауға бола ма? Қазіргі кез үшін оны қаншалықты өзекті (актуалды) және түйінді мәселе ретінде қарауға болады? Неліктен оған баға беруіміз керек?
Бұл сауалдарға жауап ретінде айтатыным: Адам өлтіру - қылмыстық құқық пәнінің жүйелік институты және маңызды саласы болып табылады.
Біз үшін бүгін бұндай тақырыпты зерттеудің маңызы неде? Біз - жас мемлекетпіз, бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың ең сын сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біз бұны неге сүйеніп айтып отырмыз? Егемендігіміз, аумақтық тұтастығымыз халықаралық деңгейде танылып, кепілдік берілді. Қазақстан әлденеше ұйымдардың мүшесі болып табылды [1, 5б.].
Әдебиеттерге шолу және ғылыми проблеманың заманауи шешілуі. Қылмыстық құқықта адамды өлтіру мәселесі көптеген заңгер ғалымдарды назар аудармай қоймады. Оның кейбір бөлек аспектілерін мынадай көрнекті авторлар: С.М. Рахметов, С.В. Бородин, Н.И. Загородников, Ю.И. Ляпунов, В.И. Ткаченко және тағы басқалар зерттеген болатын. Бұл ғалымдардың еңбектерінде ғылыми негізделген және тәжірибелі тұжырымдарды табуға болғанымен, кейбір аспектілері біздіңше әлі дискуссиялы (даулы), себебі қазіргі кезбен (немесе қазіргі менталитетпен) салыстырғанда ары қарай ғылыми зерттеуді қажет ететін сияқты. (Ол үшін Қылмыстық заңнамаларды кәзіргі таңмен жетілдіруді ескере отырып жүргізу керек).
Зерттеудің объектісі болып адам өлтіруді сотта және сотқа дейінгі тергеп-тексеруде адам өлтіруді саралауды жүзеге асыру кезінде қалыптасатын құқықтық қатынастар және сотта, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында олардың айқындалуының айрықша белгілері табылады.
Зерттеудің пәні болып адам өлтірудің саралауы, құрылымы және құрамы, сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында, сотқа дейінгі тергеп-тексеруде дәлеледемелерді бағалауды реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасының даму тенденциялары табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жаңа қоғамдық қатынастар қалыптастыру оңай шаруа емес. Оны қоғамдық өмірдің түрлі қырларынан көруге болады.
Нарықтық қатынастарға байланысты көрініс тапқан жұмыссыздық, көптеген қала мен дала тұрғындарының өмір сүру дәрежесінің төмендеуі біршама келеңсіз құбылыстармен байланысып жатыр.
Осының бір ерекше белгісі - қоғамдық және құқық тәртібін бұзу, оның ең қауіпті түрі - қылмыстылық.
Қазақстан Республикасында ауыр және аса ауыр қылмыстар, оның ішінде әсіресе ұйымдасқан сыбайлас іс-әрекеттер көбеюде. Солардың ішінде адамды өлтіру іс-әрекеттері де аз емес. Біздің мақсатымыз бен міндетіміз: адам өлтіруді саралау барсындағы салғыртырттықты және қателіктерді азайту; заңнамаға толықтыртулар енгізу; екі тараптың дәлдемелері негізінде істің мәні бойынша істі толық және анық қарауды ұйымдастыру.
Адам өлтірген кезде дүниеде бір-ақ рет келетін адамның құнды игілігі - өмірінен айырады. Адамның өмірі - оның дүниеге келуінен бастап, өзіне тиесілі бөлінбейтін ажырамас негізі болып табылатындығы мәлім. Біздің міндетіміз осы адамға бір рет берілетін өмірін қорғау және адам өлтірудің алдын алу.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Барлығымыз байқағандай, қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңды анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңды түсінігі берілген. Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру деп ҚК-тің 96-бабында тура көрсетілген. Сонғы қабылданған Қазақсатан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес адам өлтіру 99-бапқа сәйкес келеді. Осыған орай абайсызда адам өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы (абайсызда адам өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтаған кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі -- биологиялық өлім.
Қылмыстық Кодекс бойынша топтық объекті тұрғыдан жеке адамға қарсы қылмыстар маңызды орын алады. Тікелей объектісінің ерекшеліктіріне қарай жеке адамға қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар, денсаулыққа қарсы қылмыстар, жеке адамның бас бостандығына қарсы қылмыстар, жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар, жыныстық қылмыстар.
Өмірге қарсы қылмыстар: адам өлтіру (99-бап.); жаңа туған баланы анасының өлтіруі (100-бап.); аффект жағдайында болған адам өлтіру (101-бап.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру (102-бап.); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезіңде жасалған Адам өлтіру (103-бап.); абайсызда қазаға ұшырату (104-бап.); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (105-бап.).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негізгі құрам - бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (99-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрам (99-баптың 1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезіңде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекетіне байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру - ҚК-тің 99-бабының 2-тармағында козделген. Кылмыстык кукык теориясында бул жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мундай жағдайда бөлу өлшемі әр түрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе кылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
Қылмыстық Кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәртіппен орналастырылған, атап айтканда: ең алдымен объектіге және объективті жаққа катысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жаққа және субъектіге катыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабында қалай орналастырылған болса, сол бойынша карастырылады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік құндылығы.
1 адам өлтіру - жеке адамдарға қарсы қылмыс ретінде.
1.1 Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.

Жеке адамға қарсы қылмыс - объектіге қол сұғушылықтың аса қауіпті қылмыстарының бір түрі. Адамның жеке азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады [2,127 б.].
Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конститутцияның 1 бабында ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Өзге құқықтар мен бостандықтар өмір сүру құқығына қатысты басқа да маңызды актілерде жинақталған [3, 3б.].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, ҚР-ның Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Осы жоғарыда айтылған баптың екінші бөлігіне сәйкес, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам қоғам немесе мемлекет үшін қаіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді [4,2 бап].
Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Тікелей объектілерінің ерекшелігіне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді:
- Өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру (99-бап); жаңа туған , баланы анасының өлтіруі (100-бап); аффект жағдайында болған адам өлтіру (101-бап); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған Адам өлтіру (102-бап); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезіңде жасалған Адам өлтіру (103-бап); абайсызда қазаға ұшырату (104-бап); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (105-бап).
- Денсаулыққа қарсы қылмыстар: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106 бап); денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (107 бап.);қинау(110 бап) денсаулыққа аффект жағдайында зиян келтіру (111-бап); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (112-бап); қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (113-бап); денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (114-бап); қорқыту (115-бап); адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою (116-бап) ; Соз ауруын жұқтыру (117-бап); адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру(118-бап); қауiптi жағдайда қалдыру (119-бап).
- Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: Адамды ұрлау (125-бап); бас бостандығынан зансыз айыру (126-бап); психиаторлық статционарға зансыз орналастыру (127-бап).
- Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: Жала жабу (130-бап); қорлау (131-бап).
- Жыныстық қылмыстар: Зорлау (120-бап.); Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (121-бап); Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау(122-бап);Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап); жас балаларды азғындық жолға түсіру (124-бап).
Енді осыларға қысқаша тоқталып кететін болсақ, біріншісі өмірге қарсы қылмыстар деп аталған. Бұл жеке адамға қарсы қылмыс түрінің негізгі зерттеу объектісі болғандықтан жалпылама тоқталуды жөн көрдік. (Келесі тарауларда (параграфтарда) осы мәселеге қатысты тереңірек сөз болмақ). Мысалы, жоғарыда келтірілгендей, өмірге қарсы қылмыстар қатарына адамды өлтіру (99 бап) жатады [5,25б.]. Байқап қарасақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негізгі құрам - бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (99-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрам (99-баптың 1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезіңде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекетіне байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру - ҚК-тің 99-бабының 2-тармағында козделген. Кылмыстык кукык теориясында бул жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мундай жағдайда бөлу өлшемі әр түрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе кылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
Қылмыстық Кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәртіппен орналастырылған, атап айтканда: ең алдымен объектіге және объективті жаққа катысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жаққа және субъектіге катыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабында калай орналастырылған болса, сол бойынша карастырылады.
Екінші түрі, денсаулыққа қарсы қылмыстар деп аталады. Әрбір жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы [6,124б.].
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам организмінің әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі - бұл қылмыстарды жасаған кезде бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекетпен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі - оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқада арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау - тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туыстары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туыстарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдік залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. ҚР ҚК адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататынын нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103 бап);
2. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап);
a. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап);
3. Ұрып-соғу (106-бап);
4. Азаптау (107-бап);
5. Денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап);
6. Кажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап);
7. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап);
8. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап);
9. Қорқыту (112-бап);
10. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін алуға мәжбүр ету (113-бап);
11. Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап);
12. Соз ауруларын жұқтыру (115-бап);
13. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап);
14. Заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы);
15. Науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап);
16. Қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап);
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар бойынша, адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады [7,67б.]. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабының 2-тармағынында тура көрсетілген. Сондай-ақ Республика Конституциясында адамның жеке басына - өміріне, қадір-қасиетіне қол сұғылмауына кепілдіктер берілген.
Азаматтардың бостандықтары, қадір-қасиетін, ар-намысын қорғау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады, соның ішінде жеке адамның бостандығына қол сұғатын әрекеттерге қарсы күрес жүргізуде Қылмыстық заңның маңызы ерекше. Осыған орай Қылмыстық кодекстің көптеген баптарында адам бостандығын қорғайтын заң нормалары бар.
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстардың жеке құрамдары ҚК-тің 125-129-баптарында тікелей көрсетілген. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі адам мен азаматтың бостандығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстардың жеке құрамдары ҚК-тің 125-129-баптарында тікелей көрсетілген. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі адам мен азаматтың бостандығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың тікелей объектісі нақты жәбірленушілердің заңмен белгіленген бостандығын реттейтін қоғамдық қатынасы болып табылады.
Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстарға жоғарыда айтылғандай жала жабуды (129-бап) және қорлауды (130-бап) жатқызғанбыз, әр қайсысына тоқталар болсақ. Қылмыстық кодексте жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату - деп көрсетілген.
Қылмыстың тікелей объектісі адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті, беделі.
Қылмыстың заты көрінеу жалған мәліметтер.
Қылмыстың жәбірленушісі болып кез-келген адам, оған есі дұрыс емес, кәмелетке жасы толмаған, өлген адамдарда жатады.
Объективті жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы басқа адамның ар-намысымен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жолымен жүзеге асырылады. Тарату деп осындай жалған мәліметтерді өзінен басқа кем дегенде бір адамға, бірнеше адамға, белгісіз адамдар тобына айтуын немесе баспа сөзде жариялауды, радио, теледидар арқылы, сондай-ақ көншілік алдында сөйлеген сөз арқылы жеткізуді айтамыз.
Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс жалған мәліметтерді таратқан уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Мұндай мәліметтер: біріншіден шындыққа жатпайтын жалған болуы; екіншіден адамның ар-намысымен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін болуы керек. Мысалы, жәбірленушіні соз ауруымен ауырады деп бөтен адамға айтса немесе ол үнемі притон ұйымдастырады деп көп адамның арасына сөз таратса.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам адамның ар-намысына және қадір-қасиетіне, беделіне тиетін көрінеу жалған мәліметтер тарататынын сезеді және соны істеуді тілейді. Шын мәнінде жаңылысып айтқан мұндай мәліметтер үшін Қылмыстық жауаптылық туындамайды. Қылмыстық ниет сан қилы болуы мүмкін: кек алу, жек көрушілік, қызғаныш, мансапқорлық т.с.с. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез-келген адам.
Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу - осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (129-баптың 2-тармағы).
Көпшілік деген термин - қоғамдық орындарда, көп адамның ортасында, бөтеннің арасында осындай мәліметтерді тарату дегенді білдіреді. Көпшілікке таратылатын шығармаға - кітаптар, фильмдер, плакаттар, картиналар, фотоальбомдар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, радио, теледидар, бейнекасеталар арқылы жалған мәліметтерді таратулар жатады.
Жала жабудың аса қауіпті түрі Қылмыстық кодекстің 129-бабының 3-тармағында көрсетілген - ол адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу болып табылады. Бұл қылмыстардың түсінігі ҚК-тің 10-бабының 4,5-тармақтарында берілген.
Жала жабу әрекетін саралағанда кінәлінің пиғылының адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы бағытталғанын анықтаудың маңызы зор. Егер кінәлі адам жалған мәліметтерді жәбірленушіні қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатын көздеп таратса, онда оның әрекеті жала жабу емес, көрінеу жалған сөз жеткізуге (351-бап) жатады. Көрінеу жалған сөз жеткізуде қылмыс жасады деген мәліметтер әдетте қылмыстық іс қозғайтын органдарға хабарланады.
Қорлау (130-бап). Қылмыстың тікелей объектісі - адамның ар-намысы, қадір-қасиеті, беделі.Қылмыстың жәбірленушісі кез-келген адам.Объективтік жағынан қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілерінің бірі адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту болып табылады. Кемсітудің тәсілі сан алуан болуы мүмкін: ауызша, жазбаша, әрекет арқылы. Әдепсіз түрде кемсітуге моральға, адамгершілікке жатпайтын әдепсіз сөздермен, жаман, теріс қимылдар көрсетумен немесе бетіне түкірумен, ұрумен, балағат сөздермен тілдеу сияқты әрекеттер жатады.
Қылмыс құрамы формальдық, ол жәбірленушіні қорлайтын әрекеттер орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады.Субъективтік жағынан алғанда қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам бөтен адамның ар-намысын, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетінін сезеді және оны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық субъектісі 16-ға толған адам.
Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау - осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (130-баптың 2-тармағы). Қылмыстың ауырлататын бұл түрлерінің мазмұны жала жабу (129-бап) құрамының ауырлататын түріне ұқсас.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарға тұжырымдама жасайтын болсақ, мынадай түйінге келеміз, Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

1.2. Адамның өмірі - қылмыстық заңмен қорғалатын объекті ретінде.

Қазақстандық қылмыстылық заң - өмірге қарсы қылмыстарға жауапкершілікті көздейтіндігі белгілі. Жеке адамдарға қарсы бағытталған қылмыстардың ішіндегі қауіптісі - Адам өлтіру болып табылады. Адамның өмірі табиғат берген, маңызды әлеуметтік құндылық, ал оны туғаннан иемденеді [8,95б.].
Өмір сөзін С.И. Ожеговтың сөздігінен қарағанда, адамның физиологиялық тіршілігімен немесе сүруімен түсіндіріледі[9,114б.]. Қылмыстық-құқықтық тұрғыда алғанда, адамның өмірі, адамның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықта өмір бар деп саналады [10 , 9б.].
Адамның өмірі - қылмыстық заңмен қорғалатын объекті болғандықтан, қайнар көзі болып қылмыстық заң танылатындығы сөзсіз. Қылмыстық заң - ҚР-ның Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады. ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 1 бабының 1 бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінен тұрады. Сонымен қатар аталған баптың екінші бөлігіне сәйкес осы Кодекс ҚР Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделеді. ҚР Конституциясының 1 бабының 1 бөлігіне сәйкес ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінсе, 15 бабында, әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ екендігі айтылған. Бұл айтылған нормаларды былай түсінуіміз қажет, адамның өмір сүру құқығы - адамның дүниеге келуінен бастап, өзіне тиесілі бөлінбейтін ажырамас негізгі құқығы. Өмір сүру құқығы өз ерік жігерін, еркін танытып, өз мүддесіне, талап тілегі мен нанымына, құнды қасиеттеріне сәйкес тіршілік ететін әрбір адамның табиғи мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Ешкімде өмірден еріксіз айырылуға тиісті емес. Конституция бұл құқықты қорғайды. Өзге құқықтар мен бостандықтар өмір сүру құқығына қатысты басқа да маңызды актілерде жинақталған, мысалы, 1948 жылғы Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы; 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт [11 , 29б.].
Конституция, мемлекет пен қоғамның дұрыс қызмет атқарып өмір сүруі үшін ең маңызды керек міндетті атқарады, яғни адамның өмір сүруге, өміріне қол сұгынуына, бостандығына құқығы бар болуын т.б.
Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі екенін білеміз. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар. көрсетілген: "Соттар бұзақылық ниетпен қасақана өлтіруді өзара бас Сондай-ақ Республика Жоғарғы Сот Пленумының басшы қаулылары да құқық нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады [12 , 76б.]. Мысалы, 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 қаулымен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы № 7 қаулыда былай араздық себеп болып төбелес немесе жанжал кезіндегі өлтіруден ажырата білу керек. Бұл мәселені шешкенде айыпты мен жәбірленушінің ара қатынасын, жан жал мен төбелестің шығу себебін, жанжалды кімнің бастағанын, екі жақтың да іс-әрекеттерінің сипатын және белсенділігін, басқа да мән-жайларды анықтау қажет" деп көрсеткен. Тағы бір мысал, 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 қаулымен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы № 7 қаулыда былай көрсетілген: "ҚК 88 бабы 1 бөлігінің 3- тармақшасы бойынша екі немес одан көп адамды қасақана өлтірген жағдай саралануға тиіс, егер қылмыс бір немесе бірнеше әрекет арқылы қысқа уақыт аралығында орындалса және де айыптының бірнеше адам өлтіруге тікелей немесе жанама ниетінің болғандығы анықталса. Айыптының ниеті бірнеше адамды өлтіруге бағытталып, бірақ ол бір адамды өлтіріп, екінші адамға қастандық жасаса, бұл аяқталған қылмыс ретінде - екі немесе одан көп адамды өлтіргендік деп қарастырмайды, себебі - қылмыс субъектісінің еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша оның бірнеше адамды өлтіру ойы жүзеге аспай қалды". Бұл жағдайда айыптының әрекетін Қылмыстық кодекстің 24 бабы және 99 бабы 2 бөлігінің "1" тармағы бойынша және басқа сараланатын нышандардың болуына қарай Қылмыстық кодекстің 99 бабының 2 бөлігінің тиісті тармақтары бойынша саралау керек. Ал қылмыскерлердің бір адамды өлтіру және екінші адамға қастандық жасау әрекеттерінің қандай кезекпен орындалғандығы қылмысты саралауға әсер етпейді.
Жоғарыда біз, Республика Жоғарғы Сот Пленумының басшы қаулылары да құқық нормасы болып табылады және мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді дей кетіп мысалдар келтірген болғанбыз. Біздің білетінімізше, қылмыстық заңды түсіндірудің мәнісі, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұны заң шығарушының заң еркіне сайма сай етіп, ашып көрсету болып табылады. Заңды заң шығарушының еркіне сайма-сай, дәлме-дәл қолдану үшін оның мазмұнын ашып көрсетуді қылмыстық заңды түсіндіру деп білеміз. Мәселен, түсіндірудің филологиялық әдісі көбінесе қылмыстық заңда қолданылатын жекелеген терминдердің, түсініктердің, атаулардың мәнісін ашып көрсетуде жиі пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы № 7 қаулысында пайдақорлық ниетпен Адам өлтіру деген терминге грамматикалық түсіндірме беріліп (5 тармақ), онда өзіне немесе басқа біреуге материалдық пайда келтіру (ақша, зат, мүлік, тұрғын үйге ие болып қалу құқығы, үшінші жақтан ақы алу т.б.), яғни материалдық шығыннан құтылу, ақы алып біреуді өлтіру, пайдақорлық ниетпен қасақана Адам өлтіру болады деп түсіндірілген. Қылмыстық заңның мазмұны, оның қылмыстық заң жүйесіндегі алатын орнын, сондай-ақ оны мазмұны жағынан ұқсас заңдардан салыстыра отырып, ажыратуды жүйелі түрде түсіндіру деп айтамыз, яғни жүйелі түсіндіру арқылы әр түрлі қылмыстық заң нормалары мен оның бөліктері салыстыра отырып, бір-бірінен ажыратылады. Мысалы, қылмысты әрекетінен Адам өлімі болған кінәлі адамның іс-әрекетін дұрыс саралау үшін Қылмыстық кодекстегі 99 - 105 баптардың жүйелі, салыстырмалы түрде зерттеліп түсіндірілуі арқылы кінәлініңіс-әрекеті тиісті бап бойынша сараланады.
Сонымен, адамның өмірі - қылмыстық заңмен қорғалатын объекті болғандықтан, қайнар көзі болып қылмыстық заң танылады. Ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұратыны сөзсіз. Кодекс болса, өз кезегінде ҚР Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделсе керек. Сондай-ақ Республика Жоғарғы Сот Пленумының басшы қаулылары да құқық нормасы болып табылады. Мысалы, 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 қаулымен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы № 7 қаулысын келтіруге болады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады [13 , 3б.].

1.3 Адам өлтірудің түсінігі.

Адам өлтіру адамның өмірі мен өлімі арасында тікелей байланысты ұғым, сондықтан өмір мен өлім мағынасын ашпай Адам өлтіру анықтамасын беру қиын [14 , 19б.].
Ф. Энгельс сөзімен айтқанда, - "Өмір - ағзадағы кішігірім денелердің тіршілігі және ол химиялық бөлшектер арқасында өсіп, дамып, шығып отырады [15, 21б.]. ". Ф. Энгельстің анықтамасына биологиялық көзқараспен мән беретін болсақ жоғарыда айтылған құбылыс өзгеріп, яғни тіршілігін тоқтататын болса, адамның өмірінің тоқтатылуына алып келеді екен. Адамның өмірі дүниеге келу процесінен бастап басталады. Табиғи тұрғыда өмірдің тоқтатылуына адам ағзасының қартаюы салдарынан физиологиялық өлімге әкелетіні белгілі. Тағы бір ескеретін жағдай, адамзаттың кейбір бөлігі тұйықсыз өлімге ұшырайды - аурудың салдары. Ал біздің қарастыратынымыз зорлықпен өмірді қию - Адам өлтіру жөнінде болып тұр.
Сонымен, адам өмірі табиғаттың берген аса құнды әлеуметтік негізді құрайтын игілігі болып табылатындығы белгілі дегенбіз. Өмірге қарсы қылмыс жасаған кезде қайта қалпына келмейтін салдар туады. Киелі кітаптарда (Құран, Библия т.б.) бірінші өсиет "өлтірме", яғни басқа адамның өміріне қол сұқпа деген ұғымдар кездесетінін білеміз. Бұның өзі өмірге қарсы қылмыстардың ерекше қоғамға қауіптілігін көрсететіні сөзсіз. Міне сондай қылмыстар қатарына адамды өлтіру жатады. Қоғам өмірінде адамды өлтіру - ежелден келе жатқан қылмыстық құбылыс [16, 15б.].
Көрнекті құқық тарихшысы И.А. Малинковский бұл жөнінде, өмірге қарсы қылмыс тарихы жалпы қылмыстар тарихымен салыстырғанда бірдей дәрежеде екендігін келтіреді [17, 62б.]. Бұның өзі әр халықтың тарихында болған, ол Қазақстандық құқық тарихына да қатысы бар.
Адамды өлтіру қоғамда ерекше ауыр қылмыстар қатарына жатқызады. Оның қоғамға қауіптілігінің ерекшелігі, жоғарыда келтіргендей адамның құнды игілігі болып табылатын өміріне қол сұғу деген сөз.
Бұрыңғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қабылдағанға дейін қазақстандық заңнамада Адам өлтіру ұғымы кездеспеген. Кейін ҚР Қылмыстық кодексі (1997 жыл 16 шілде) қабылдасымен, 96 бабына Адам өлтіру түсінігіне анықтама береді. Ол бойынша, Адам өлтіру, яғни басқа адамға, құқыққа қарсы қасақана қасақана қаза келтіру, деп түсініктеме береді (96 б. 1т). Қазіргі ҚР Қылмыстық Кодексіндегі өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес 99 бабының 1тармағына келеді.
Адамды өлтіру ұғымы мынадай жіктеулермен тікелей байланысты, олар адамның өмірі мен адамның өлімі, бұл түсініктердің мазмұны мен мәнін ашпай адамды өлтіру жіктемесіне толық сипаттап анықтама бере алмайтындығымызды да ескеруіміз қажет.
Біздің білетінімізше, адам өмірі, биологиялық көзқараспен қарағанда зат және қуат алмасу, тамақтану мен зәр шығарудан тұрады. Осындай өмірге қажетті қызметтердің тоқталысымен адамның өмірі де тоқталады. Қылмыстық-құқықтық тұрғыда дүниеге келген әлі өлмеген адам тірі (өмірі тоқтамаған) деп есептеледі.
Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына немесе денсаулық жағдайына қарамастан кез-келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқынынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі - биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті - биологиялық өлім. Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет [18 , 12б.].
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады.Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін. Кінәлі адам беруді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жол береді.
Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңа туған нәрестелерін немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін де өзге шараларды қолданбайды). Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін.
Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың- өлімнің болмай қалуы кінәләнің әрекетіне оқталғандығы, адам өміріне оқталғандығы ретінде саралауға негіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама болған кезде кінәлі адам нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін).
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективті жағы - ҚК-тің 96 бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалайда өлімге әкелетіндігінбіледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуы болмауына немқұрайлық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтірудетікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты - жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселелерді шешкенде соттар жасалған қылмыстық барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшауларын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез құлқын (тәртібін), оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.
Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік манызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіруі ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату әдетте адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің болмауын тілейді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс жасау сатылары, Баланы қасақана өлтіру
Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру
Адам өлтірудің ауырлатылған құрамдарын саралау
Адам өлтірудің объективті белгілері
Абайсызда адам өлтіру түсінігі
Жан күйзелісі жағдайда жасалған адам өлтіру
Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Адам өлтірудің ұғымы
Өмірге қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
Пәндер