Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Ескермесова.К.Р

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100 - Құқықтану мамандығы

Өскемен 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлектеттік университеті

Қорғауға жіберілді
________________2019 ж.
Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі
_____________Г.Т.Байркенова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуы

5В030100 - Құқықтану мамандығы бойынша

Орындаған 4 Қ 1
тобының студенті

К.Р.Ескермесова
Ғылыми жетекші
аға оқытушы
___________2019 ж.

З. Еркінқызы
Нормабақылаушы

___________2019 ж.

С.Р.Кумекова

Өскемен 2019

Кіріспе

3
1
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуының жалпы сипаттамасы
7
1.1
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуының ұғымы мен тәсілдері

7
1.2
Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс - әрекеттер жасауға тарту

13
1.3
Кәмелетке толмағандарды саудаға салу

19
1.4
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуының алдын алу шаралары
25
2
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстық жауаптылығы

28
2.1
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
28
2.2
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері мен қолданылатын шектері
31
2.3
Жазаны жеке даралаудың негізгі қағидалары

36
3
Кәмелетке толмған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың ерекшеліктері
47
3.1
Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының жас және психологиялық ерекшеліктері және олардың жаза тағайындаудағы орны

47
3.2
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері
49
Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
56

59

Кіріспе

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деп ұлы ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, балаларға жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыруды басты парызымыз деп есептейміз. Қай елде, қай заманда болсын, бала тәрбиесіне ерекше мән берілген. Өйткені, бала ата-анасының ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер тарихқа аманат. Тәрбиелі - тәртіптің құны, тәртіпті - елдің ұлы деп Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұрпақ - саналы өмірдің ең басты кепілі. Сол себепті балаларды барынша жан- жақты тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі Жас ұрпақты жан- жақты жетілген, ақыл парасатты, өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қоғам алдындағы борыш екендігін ұмытпауымыз қажет. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 - бабына сәйкес балалар мемлекеттің қорғауында әрдайым болады.
Мемлекетіміздің болашағы, тірегі жасөспірімдер дейтін болсақ, не алатын сапалы білімі, не тиянақты тәлім-тәрбиесі болмаса, олардан не қайыр, не үміт?
Диплом жұмысының өзектілігі: қазіргі уақытта өскелең ұрпақты қоғамдық және мемлекеттік деңгейде тәрбиелеу мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Өркениетті елдің болашағын сомдайтын бүгінгі жасөспірімдер екені белгілі. Келешек өмірдің тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс-әрекеттерінің бастауы бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер еліміздегі тұрғындардың он бесінші бөлігін құраса да, бүкіл қылмыстық әрекеттердің бестен бірін жасайды. Жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі барып тұрған қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес, қоғамға, өз отандастарының мүддесіне, өзінің туған-туысқандарына үлкен зиян келтіреді. Жасөспірім қылмыскер ең бірінші кезекте өзінің отбасына қасірет болып табылады. Бүгінде қай жерде болсын теледидар экранынан, баспасөз беттерінен жасөспірімдер колониясындағы балалар өмірін суреттейтін материалдар көп беріліп жүр. Жас қылмыскер өмірі жайлы шындықты оқыған, көрген сайын жағаңды ұстайсың, таңданасың, бүгініміз бен болашағымызды ойлап қорқасың. Өмірге келген сәбиді ертең қылмыскер, қанішер болып өседі деп кім ойлар? Осы жұмыс кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекетке араласуы туралы нормаларды айқындайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сипаттау мен талдауды білдіреді.
Осындай себептермен соңғы кездері жасөспірімдердің қылмысқа ұрынулары күрт көбейіп кетті. Кәмелетке жасы толмаған адам деп қылмыс жасаған кезге қарай он төрт жасқа толған, бірақ он сегізге толмаған адамды айтамыз. Бүгінгі таңда жастар арасында криминалды белсенділік өте жоғары деңгейде. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықтың өсуі алаңдатады, өйткені олар ересектерге қарағанда тәжірибесі мен білімінің жеткіліксіздігінен көптеген проблемаларды шеше алмайды. Кәмелетке толмаған сотталушының ақыл ойдан кеміс екендігін куәландыратын деректер болса, сот қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес кәмелетке толмаған адамның ақыл-есі қаншалықты толық емес екендігін анықтауға міндетті, оның әрекеттерінің мағынасын сезіне алып, басшылық жасауының шегін белгілеуі керек. Жасы кәмелетке толмағандардың 90-95%ы - ер балалар. Жасөспірімдердің қылмыс жасауына не себеп дегенге келсек, бұлардың көпшілігі оқуға, адал еңбекке ынта қоймайды, бос уақыттарын көбінесе қаңғыбастықпен, құмар ойындарға, ішімдікке, нашақорлық және басқа да есеңгіртетін заттарды пайдалануға, ойынханаларда жат музыка тыңдауға, жыныстық немесе нәпсіқұмарлық іс-әрекеттермен айналасуға арнайды.
Қылмыс жасаған жасөспірімдердің бір бөлігі ақыл ойының кемістігі барлар, жүйке ауруымен ауыратындар болып отыр. Бұлардың көпшілігі тәрбиенің, бақылаудың жоқтығынан ерте бастан ішімдікке, есірткілік заттарды тұтынуға үйренген, қаңғыбастықпен, үйден қашып, кездейсоқ қылмыстық элементтермен байланыс жасағандар.
Көптеген жасөспірім қылмыскерлердің күнделікті іс-әрекеттеріне отбасы, оқу орындары, еңбек ұжымдары ешқандай бақылау болмағандықтан, соңы қылмыстық әрекетте ұласатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың арасында пайдакүнемдік және пайдакүнемдік-зорлық пиғылмен жасалатын ауыр қылмыстардың үлесі өте жоғары. Ондай қылмыстарға көбіне аса қатыгездік пен тағылықтың (вандализм) сипаттары тән болып келеді. Жасөспірімдер жасайтын қылмыстың келесі түрі - ұрлық олардың үлесіндегі қылмыстың 53 %-ын, тонау 10 %-ын, қарақшылық шабуыл 15%-ын құрап отыр. Бұл тұста да бала санасының мейірімінен жұрдай бола бастағанын байқауға болады. Қылмысқа баруы ықтимал балалардың тағы бір тобы кезбелікпен күн кешуде. Кейбір деректерге сүйінсек, мектепке бармай, отбасынан алшақ қалған қараусыз жасөспірімдердің саны жүз мыңнан асады. Бұлардың көпшілігі түзеу мекемелері мен балалар үйінің бұрынға түлектері.Социологиялық зерттеудің бір қыры - Жасөспірімдердің теріс жолына не ықпал етеді? деген сауалға төмендегідей жауаптар алынған: Олардың 7,5%-ы теріс жолға түсуіне туыстарының жасаған қылмысы әсер еткенін айтса, ал 14,1%-ы отбасы мүшелерінің ішімдікке салынуын тілге тиек етеді. Үйдегі жанжал, көзге шөп салуға байланысты бұзылдым деушілердің көрсеткіші - 2,3%; көшенің ықпалы тиді деушілердің саны саны - 73,6% болып отыр. Отбасындағы қолайсыз жағдай үшін республикада жыл сайын 25 мың бала үйінен кетіп қалады, 10 мың бала мектеп-интернаттарын тастап кетеді.
Бұл жұмыстың мақсаты: кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға тартуға байланысты қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемаларды зерттеу және кәмелетке толмағандардың қалыпты адамгершілік, психикалық және физикалық дамуын қорғауға бағытталған қылмыстық заңнама мен құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласу себептерін анықтап, олардың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталып, құқықтық мәдениетін, сауаттылығын арттыру жолдарын, олардың қылмысының алдын алу шараларын жетілдіру мақсатын анықтау.
Міндеттері:
1. Кәмелетке толмағандардың ҚР қылмыстық құқыққа қатысу ұғымын анықтау.
2. Кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық мәнін ашу.
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының себептерін анықтау.
4. Кәмелетке толмағандардың саудаға салу себептерін анықтау.
5. Кәмелетке толмағандардың қылмысын, құқық бұзушылығын азайту мақсатында жүргізілетін шараларды, олардың алдын алу шараларын жетілдіру.
6. Кәмелетке толмған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың ерекшеліктерін анықтау.
Дипломдық жұмысты жазу кезінде кітаптар, оқу құралдары, ғылыми еңбектердің жинақтары, ғылыми диссертациялардың материалдары,сот тәжірибелері, қылмыстық құқық туралы заңнамаларға түсініктемелер, қылмыстық құқық курсы бойынша дәрістер, сондай-ақ заң журналдарынан мақалалар қолданылды.
(Заң республикалық құқықтық, ғылыми-практикалық журналы, Әділ сот ғылымыи құқықтық журналы)
Жұмыс құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім екі тараудан тұратын, бөлімдер, қорытынды, әдебиеттер тізімі.
Дипломдық жұмысты зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормалары,оның түрлері мен қатыстырылуына қатысты, қылмыстық әрекетке араласу ұғымын анықтау. Қаралып отырған қоғамдық қатынастар бойынша кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекетке араласу ұғымын және белгілерін қарауға байланысты теориялық көзқарас және ғылыми әзірлемелер, оның ішінде ұлттық авторлардың ғылыми әзірлемелері болып табылады.
Дипломдық зерттеудің ғылыми жаңалығы, қазіргі көзқарастар аясында қылмыстық іс-әрекетке қылмыстық құқық институты ретінде қылмыстық әрекетке араласу автордың көзқарасы қызығушылық тудырады, ол тартуда жасалған қылмыс объектісі туралы теориялық ережелермен , Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қылмыстық іс-әрекетке араласуда жасалған қылмыс құрамын білдіру техникасы ережелерін анықтаумен сипатталады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының 2018 жылдың 9 айында 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық туралы статистикалық талдауы жүргізілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс әрқашан алаңдаушылық тудырады. Бұл жас ұрпақ әлеуметтік дамудың табиғи резервімен, ал қылмыстық заңнаманың елеулі кемшіліктері жастардың табысты әлеуметтенуін, оның елдің қоғамдық және экономикалық өмірі туралы куәландыруы болып табылады.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс:
2018 жылдың 9 айында 87 389 қылмыс тіркелген (86655- 2017 жылғы 9 айда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар, бұл 2017 жылға қарағанда 9-дан 0,8% - ға артық. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың жалпы санынан 2241 (2372) немесе 2,5% (2,7%) кәмелетке толмағандар саны.
Зерттеудің теориялық негізі қазақстандық және шетелдік авторлардың Алауханов Е.О. Бегеалиев К.А. Қаиржанов.Е Орсаева Р.А. А.Н.Ағыбаев. Явич Л.С. Кригер Г.А. қылмыстық құқығы бойынша еңбектері болды.
Зерттеудің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы құрады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерін, сондай - ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Сонымен қатар қосымша құқық туралы газет,журнал статияларынан, интернет желісі ресурстарынан материалдар алынды.

1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуының жалпы сипаттамасы

6.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуының ұғымы мен тәсілдері

Қазақстан Республикасының заңы бойынша, кәмелетке толмағандар ретінде ( латынша- impubes; pupillus; ағылшынша- minor) он сегізге толмаған адамдар танылады.Бұл түсінік басқа да құқық салаларына қатысты.
Қылмыстық құқықта кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады.(ҚР ҚК 80 бап) [1, 248 б.].
Қылмыстылық ұғымына келетін болсақ таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болады. Қылмыстылық қоғам үшін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеумттік үрдіс болып табылады.
Таяудағы уақытқа дейін арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұқаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-құқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.
Тіпті, қылмыстылық өзінің құрамына әр алуан күтпеген, кездей соқ, төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.
Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын құрамайды дейтін болсақ, оның дербестігі өзіне тән белгілі біржағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді.
Бәрінен бұрын айтқанда, қылмыстылық - жалпы әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктеріне бағынышты заңды құбылыс, сонымен қатар, жекелеген қылмыстар белгілі бір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады.
Қылмыстылықтың дербестігі, он құрайтын жекелеген қылмыстарға байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ, оның қоғамға қауіптілігінен байқалады. Н.Ф.Кузнецованың қоғамға қауіптілік белгісінің қылмыстылық ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды. Қоғамға қауіптілік - осы құбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік қосындысына қосылмайды, дербес мазмұн мен мағынаға ие болады. Айта кету керек, әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа әсер етпейді, сол сияқты, қылмыстылықта әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, қылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігі мынада - бұл құбылыс (жекелеген қылмыс емес) қоғамның әлеуметтік дамуын тежейді оның алдында тұрған міндеттерін шешуге қиындық тудырады.
Жалпы қылмыстылық дегеніміз адамзат қоғамында жағымсыз әлеуметтік құқықтық жағдай және өз заңдылықтарының сандық та сапалық сипаты бар, қоғам мен адамдар үшін нәтижелері бар және мемлекет пен қоғам тарапынан бақылау шараларын талап етеді.
Қылмыстылық анықтамасында көрсетілген жалғыз-ақ тік белгі - ол мемлекетте (аймақта) жасалған барлық қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстың мәнді белгісі - оның қылмыстық-құқықтық сипаты. Осы ежелгі ғана қылмыстылықты құқық бұзушылықтар мен келеңсіз құбылыстардың жиынтығы екендігін көрсете алады. [2].
Соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуі, оның ішінде ауыр қылмыс жасаушылар санының өсіп отырғандығы белгілі. Бұл құбылыстар қоғамдағы өмір жағдайын жалпы түрде айқындап, жасөспірімді оқытуда, тәрбиелеуде, олардың арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алу, сақтандыру жұмыстарында өзіндік өзгешеліктер саны аймағына орай көрсетілген. Жасөспірім, тәртібінің ауытқуына тіпті қылмыстық жағымпаз әрекеттеріне де, сол сияқты жағымды әрекеттеріне де қоршаған орта арқылы немесе жағдай жасаушы қоғамдағы экономикалық әлеуметтік-мәдени жағдайлар себепті. Жастарды, қоғамда өмір сүру құқығы бар мүшесі қалыптастыру қоршаған орта әсерінің маңызы бұл мәселені мемлекет мәселесі ретінде қарап, қоғамдағы барлық биліктердің бақылауында болуына және мұндай жауапкершілік тәрбие жұмысына қатысты барлық адам міндетті болуына талап етеді. Жастарды тәрбиелеу деген сөз кең мағынада, тәртіп бұзушылықтан сақтанудағы тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін сан түрлі шаралардың жиынтығы. Жасөспірімдердің тәртіп бұзушылығы фактілерінің себептері мен басқа да жағдайларды қарағанда әртүрлі әлеуметтік топтағы, әр түрлі деңгейдегі балалардың шағын орталарының бір-біріне жағымсыз ықпал әсерлеріне топтағы, әртүрлі деңгейдегі балалардың шағын орталарының бір-біріне жағымсыз ықпал әсерлеріне детальді түрде талдау жасауды талап етеді. Жасөспірімнің бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру алдыңғы орында жанұя тұрады.
Балаларды тәрбиелеудегі күрделі әр ұзаққа созылатын құбылыстар оларды әлеуметтік бақылауға алуға қиындықтар мен олардың бойындағы кертартпалық, мойындамаушылық тіптен қылмыстық тәртіп бұзушылыққа осы ортада дағды алады. Жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылыққа жүргізілген талдауда бір анасы ғана бар толық емес жанұядан шығып тәртіпсіздік жасаған балалардың үлесі әлдеқайда көп болып отыр. Қазақ мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы маңызды заң қабылданғаны белгілі. Бұл құжатта: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қазақстан халқының еркін білдіру отырып, адам құқықтарының жалпыға бірдей, декларациясында халықаралық құқықтық жалпы жұрт таныған ізге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзін-өзі билей құқық растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясат жүргізе отырып, ядролық қаруды таратпау принципімен қарусыздану процесіне адалдығын мәлімдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды - делінген. [3].
Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстылығын қарастыратын құқық саласы- ювеналдық құқық. Өзімізге белгілі, ювеналдық құқық - қылмыстық құқық сияқты мемлекеттің құқық жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болғандықтан, ол жеке фундаментальды құқық саласы болып табылады. Ол басқа да құқық салалары сияқты қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық - атқару құқығымен бірге қылмыстық циклді қамтитын кешенге кіреді. Сондықтан, оның институттары мен нормаларында балалардың конституциялық - құқықтық мәртебесі мен олардың жеке құқықтары мен бостандықтары, мүдделері, еңбек және тұрғын үй қатынастары саласындағы құқықтық жағдайы, қылмыстық құқық бұзушылықпен күрес жүргізу негіздері бекітіліп, ол мемлекеттің саясаты арқылы жүзеге асады.
Ювеналдық құқықты терең түсіну үшін оның даму тарихына аз-кем тоқтап кетсек, артық етпеген болар еді.
Революцияға дейін Ресейде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылығына қарсы күрес 1897жылғы 2 шілдедегі қылмыстық заң негізіне жүргізілгенін айта кеткен орынды. Бұл заңның тәжірибе жүзінде қолданылуы, құқық бұзушылықты заң құбылысы ретінде қарап, жасөспірімге деген немқұрайлы көзбояушылық әдістің байланысын үзіп, ең басты назарды түзеті мен тәрбие жұмысына арнады.
Бұл заң кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылығына қарсы соңғы заң болмады. 1897 жылғы 2 шілдедегі заң қылмыстық жауапкершілік салаларын айқындап берді. Бұрынғы қолданылып келген заң бойынша, құқық бұзған кәмелеттік жасқа толмағандардың барлығы түрме баспалдағын аттайтын болса, бұл заң да тәжірибесін жинақтайтын мектеп-түрмені өзгеріссіз қалдырады. 1987 жылдың 2 шілдедегі заң жөніндегі сенаттың түсініктемесіне сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандарды жазаламау 10 жасқа толғаннан кейін аяқталса, 10 жасқа дейінгі балалар жауаптылыққа қабілетсіз деп саналады. 10-17 жас аралығындағы балалар шартты түрде жауаптылыққа қабілетті екені атап көрсетіледі.
Жауаптылыққа қабілеттіліктің шартты түрдегі жасы екі кезеңге бөлінеді:
1) 10-нан 14-ке дейін;
2) 14-тен 17 жасқа дейін.
10-нан 14 жас аралығында кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын жаза түзету мекемелеріне немесе түрме ішіндегі айырықша орындар мен соттардың үкімімен үйде қамап ұстаумен ауыстырылады. Екеуінің арасындағы бір айырмашылық - мерзімге байланысты болады. Ал, 14-17 жастағыларға келетін болсақ, 17-21 жас аралығындағыларға қолданылатын жеңілдетілген жазаның түрлері оларға да қолданылып отырады.
1918 жылы 14 қаңтардағы қаулы жауаптылыққа қабілеттілік пен қылмыстық есуастыққа шек қойды. 1918 жылғы қаулыға сәйкес 17 жасқа толмаған жеткіншектердің істерін қарайтын соттар мен түрмеге қамау қорытындысын толығымен жойды десек, артық айтқандық емес.
Дегенмен де, қылмыстылық жауапсыздыққа тарту жасын көтеру-қылмыстың көбеюіне әкеліп, жауапкершілікке тартуды азайтты, көптеген криминалисттер оған наразылық білдіре бастады, бұл наразылық Октябрь революциясының алғашқы жылдарында шындыққа айналды.
1920 жылы 4 наурызда тағы да кәмелетке жасы толмағандарға, олардың құқық бұзушылығына қаулы қабылданып, ол бойынша, осыдан екі жыл бұрын (1918) 17 жасқа дейінгі қоғамға қауіпті емес деп танылған балаларға қайтадан бұрынғы айдар тағылды. Тек 1920 жылы 4 наурыздағы заңның көңілге қонатын жағы 1918 жылғы заңға қарағанда қылмыстық жауапкершілік жасын 17-ден 18 жас аралығына дейін көтерді.
1918 жылғы қаулымен салыстырғанда 1920 жылғы қаулы қарама-қайшылық жақтарымен де ерекшеленді:
а) 1918 жылғы қаулыдағы кәмелетке жасы толмағандардың, жасөспірімдердің істерін қарайтын соттар мен түрмеге қамау қорытындысын жою туралы талап-тілегін қайталайды. Бұл қайталау 1-ші пункте көрсетілген.
б) 4-ші пункте 14 пен 16 жас аралығындағы кәмелетке жасы толмағандарды медициналық-педагогикалық сипаттағы шаралармен түзетуге болмайды деген комиссияның шешімі болса, оларды сотқа беру ісі көрсетілген.
Айта кететін жайт, 1918 жылғы 14 қаңтардағы заң сияқты 1920 жылғы 4 наурыздағы заң қылмысқа жауапкершілік пен қабілеттілік жөнінде мүлде сөз қозғалмайды:
1920 жылы наурыздағы қаулыда кәмелетке жасы толмағандардың қылмыстық жауапкершілік жасын анықтау барысында (17-18) енгізілген өзгертулер нақты аяқталмады.
РСФСР-дің Қылмыстық кодексінің 18-бабына сәйкес, 16 және 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмағандар ересектер сияқты жазаға бұйырыла алатын болады, яғни өлім жазасына кесуге жол ашты. 1922 жылғы 31 қазанда 18-ші баптың жаңа редакциясына сәйкес 14-тен 16 жасқа, 14-ке толмаған жеткіншектерге жаза қолданылмайды. Яғни 14 пен 16 жасқа дейінгі балалар комиссияға емес, соттың қарауына беріліп, сот оларға медициналық-педагогикалық жағынан шаралар қолдануға бола ма, болмай ма, соны анықтауға міндетті болады.
Сонымен, РСФСР-дің Қылмыстық кодексі (1922) қылмыстық жауапкершілік жасының екі кезеңін белгіледі:
1. 14-тен 16 жасқа;
2. 16-дан 18 жасқа.
14-ке толмаған балалар мүлдем жазаланбады. 18 жасқа толмағандар үшін өлім жазасын алып тастағаннан кейін, 18 - ші бапқа өзгертулер енгізілген. [4, 248 б.].
Қылмыстылық әрекеттің басты себебі - кәмелетке толмағандардың пайдалы іспен айналыспауы десек, жоғарғыда айтып кеткендей, оның бос сандалыстан көп өкінішті жағдайларға ұрындырып жататының айтпаса да түсінікті. Осы орайда В.М.Бехтеревтың Баланы тәй-тәй басып қолына затты мықтап ұстай бастағаннан бастап-ақ үнемі еңбекке ұйрету керек -деген пікірімен келісуге болады. Белгілі іспен айналысатын кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекетке тек қана кездейсоқ жолмен баратыны да белгілі. Мектептен тыс уақытта кітап оқу, үйірмеге қатысу,көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысу, не болмаса спорттың көптеген түрлерімен айналысу - қазіргі кезде кәмелетке толмағандардың әрекетінен қалып бара жатқан құбылыс, әрине бұл жерде бір жасөспірім өзіне пайдалы іспен айналыспай, бос сандалыспен күй кешеді деген жаңсақ пікірді айтпайды.
Дегенмен де, кәмелетке толмағандардың әдебиетке қызығушылығы өте төмен дәрежеде екенін көптеген тәжірибелер дәлелдеген болатын.Әр түрлі заман талабына сай ойын түрлері, ойын автоматтарына жасөспірімдер қызығушылығын арттыруы, жеңіл ақша табу, егер ойын автоматтарынан ұтылса, үйінен ақша ұрлау, не болмаса өзінен кіші балаларды ұру, оларға зорлық,көрсету арқылы жасөспірімдер қалай қылмыс жолына түскенін білмей де қалады. Олар ата-анасын алдап ақша сұрау, үйдегі заттарды ұрлап сатуды кәсіп қылуы мүмкін, ал мұндай әрекеттердің барлығы кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының алғашқы қадамын білдіреді.
Кәмелетке толмағандарға қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтардан бейхабарлығы, не нәрсені болса да білуге ұмтылуы, қызығу-талпынуларының өте төмендігі тән болады. Жалпы жасөспірімдерді қоғамдық іс-шараларға тарту арқылы, көркем өнер мен мәдениеттілікке қызығушылығын дамыту арқылы, көптеген пайдалы іспен айналысуға итермелеу арқылы қайта тәрбиелеп, кәмелетке толмағандардың қылмысын азайтуға кішкене болса да ықпалын тигізуге болады.
Көп жағдайда тасыған күштері бойына сыймай, алып-ұшып тұратын жасөспірімдер көбінесе өз маңайына өзіне бейім келетін жасөспірімдерді жинап, топтасып қылмыс істеуге, бұзақылыққа әуес болады. Қылмыстың кіші жасөспірімдік щақтың арасында көбеюі, олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмауынан болады. Қазіргі кезде Республикада кәмелеткежасы толмаған жасөспірімдер қылмысы 18,3% құрайды.
Уақыт тілін сәл шегеріп, 1920-40 жылдары зерттеген ( П.П.Блонский, В.И.Куфаев, П.И.Любинский) авторларларға жүгінер болсақ, олар қылмыс жасаған жасөспірімдер - заң жағынан да зерттеуді қажет ететін басты обькет, екенін алғаш атап көрсеткен. Бұл авторлардың пікірінше, кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп - әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі деген.
Кәмелетке толмағандардың сана сезімінің жан-жақты толысып дүниеге көзқарасының өзгеріп, үлкен өмірге дайындығының аяқталатын кезеңімен тығыз байланысты. Кәмелетке толмағандардың өтпелі кезеңі оның өміріне көп өзгерістер әкелері хақ. Сондықтан да осы өтпелі кезеңінде кәмелетке толмағандардың қиын жасөспірім болып қалыптасуы болады, ал бұл олардың қылмысқа баруының бірден-бір себебі. Кәмелетке толмағандардың өтпелі кезеңін бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Талап,тілек
2. Қызығушылық
3. Өмірге жоспар мен көзқарастар
4. Жалпы сипаттама.
Өтпелі кезеңде кәмелетке толмағандардың еліктегіш келетіні, жақсыға ұмтылу, ұқсағысы, қайталағысы келетіні белгілі. Өтпелі кезеңнің құйын сияқты өткінші елестерге толы болуы жасөспірім өміріне қауіп төндірері де сондықтан. Кәмелетке толмағандардың жағымсыз еліктеуінің салдары, қылмыстық әрекеті, қызығушылығының әсерінен қылмыс істеуі, көбінесе осы шақта жүзеге асады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жолға түсуінің тағы бір себебі, олардың ішімдікке әуес болуы болып табылады. Жалпы ішімдікке әуестік жасөспірімді дұрыс жолдан тайдырып, қылмыстық әрекетке итермелейді. 13-14 жастағы кәмелетке толмағандардың басым көпшілігінің талап-тілектері шектен шығып кеткендігі, олардың ішімдікке құмарлануынан көрінеді. Осыған байланысты А.Вайсберг - қылмыс істеп айыпталған жасөспірімдерді зерттей келе, олардың 41% қылмысты мас күйде істеген деген тұжырым жасайды. Осы көрсеткіште жасөспірімдер қылмысының күннен-күнге ұлғаюын және олардың қылмыстық әрекеттерге көп жағдайда мас күйінде баратындығын көреміз. [5].

1.2 Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс - әрекеттер жасауға тарту

КР ҚК-нің 133 бабы бойынша кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту негізінде ең алдымен жат әрекет ұғымына түсінік беретін болсақ:
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті. Іс-әрекет - адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.
Іс - әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.
Іс - әрекет тұтас қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады. Іс-әрекеттің философиялық ұғымының барлық әлеуметтік ғылымдар, әсіресе, психология, социология, педагогика, т.б. үшін маңызды дүниетанымдық және методологиялық мәні бар. [6, 482 б.].
Криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әр түрлі жұқпалы аурулар мендей түскен, бұл, әрине, ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс.
Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық кәмелетке толмаған адамды есеңгірететін заттарды тұтынуға не уытқұмарлыққа не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не қаңғыбастықпен немесе кайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.
Заң бойынша есеңгірететін затқа жататын, арнаулы тізім бойынша белгіленген осындай заттарды екі немесе одан көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетілген әрекетгерге ұдайы тарту деп танылады. Есеңгірететін не уытқұмарлықка жататын заттарды анықтау арнаулы сарапшылық қорытынды бойынша анықталады.
Екі немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемі спирт ішімдіктерін (арақ-шарап) ішуге тартуды осы қылмыстың объективтік жағының бір белгісін жүзеге асырғандық болып табылады. Арақ-шарапқа барлық ішімдіктер, оның ішінде қолдан жасалған заттар да жатады. Кәмелетке толмағандармен бірге бір мәрте бірлесіп спирт ішімдіктерін ішу, оны мас күйге жеткізу қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік құқықтық жолмен жауаптылыққа тартылады.
Кәмелетке толмаған адамды бір мекенжайдан екінші бір мекенжайға орын ауыстыруға, тұрғылықты орнының болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықпен, қайыр тілеумен, басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азьқ-түлік, киім-кешек немесе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып табыс табуға әр түрлі тәсілдермен кәмелетке толмағандарды көндіру, оны қаңғыбастықпен айналысуға тарту деп танылады. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту формальдық қылмыстық құқық бұзушылық қадамына жатады және ол заңда (133-бап) көрсетілген әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы тұгынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе кайыршылыкпен айналысуға (ұдайы болмаса) тартқанын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам, Қылмыстық кодекстің 133 - бабының 2-тармағында: ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет, ал 133- баптың 3-тармағында, сонымен қатар бірінші немесе екінші тармақтарында қарастырылған бірнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. 133- бапта көзделген екі немесе одан да көп эрекетті жасау бірнеше рет жасалған әрекеттер деп танылады (ҚК-тің 12-бабы).
Қылмыстық кодекстің 133-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ауырлататын және аса ауырлататын белгілердің түсініктері тиісінше Қылмыстық кодекстің 132-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген белгілермен бірдей. [7, 808 б.].
Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам тарапынан жасөспірімдерді, оның ішінде кәмелетке толмағандарды құқық аясында имандылыққа, құқықтық тәртіпке баулуға арналған, сонымен бірге, олардың қалыпты дамуы мен тәрбиеленуіне жағдай жасауға бағытталған бірқатар іс-шаралар қабылдануда. Олардың қатарында бірқатар нормативтік құқықтық акттерді де атап өтуге болады. Мысалы, Мемлекеттік жастар саясаты туралы 2015-жылдың 9-ақпанындағы Қазақстан Республикасының Заңында жастарды өнегелі жолда тәрбиелеудің және өсірудің әралуан тетіктері бекітілген. Аталған Заң бойынша ұсыныс ретінде айта кететін бір жағдай бар. Қылмыстық заң басқа заңдарға қарағанда қылмыс жәбірленушілерін, қылмыскерлердің өздерін жас белгісіне қарай кәмелетке толмағандар және кәмелеттік жастағылар деп қатаң ажыратады. Алайда, біздің ойлауымызша, заңнамашы қылмыстық заңдағы кәмелетке толмағандар тобының орнына жастар тобын қолданса, криминализациялауға түсетін істердің аясын анағұрлым арттырар еді, яғни қылмыстық заң қорғауына алынатын қоғамдық қатынастар аясы едәуір артар еді. Өйткені көп жағдайда 17 жастағы кәмелетке толмаған бала мен 19 не 21 жастағы жас адам арасында физиологиялық та, психологиялық та айтарлықтай айырмашылықтарды табу қиынға соғады. Психологтардың тұжырымдауынша 21 жасқа дейін кез келген адам өзінен ересек болатын адамның ықпалына оңай-ақ түсе алады. Егер заңнамашы кәмелетке толмағандар деп танылатын адамдар санатын 21 жасқа толмағандар деп кеңейтетін болса, онда жаза атқарудағы 18-21 жас аралығындағы адамдардың бас бостандығынан айыру жазасына қатысты тәрбиелеу колонияларында жазасының өтелмеген бөлігін өтеуге қалдыруы туралы ережелерге сәйкестендіруге де болар еді. Отандық құқықтық жүйеде кәмелетке толмаған адам ұғымының қолданылуының біркелкі еместігі көзге түседі. Әр құқық саласы өзі қарастыратын мәселеге қатысты осы санаттағы адамды аңғартатын терминологиясымен де, сол сияқты оған жатқызылатын адамдардың жасын анықтауымен де ерекшеленеді. Атап айтсақ, бала құқықтары туралы Заңда, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексте кәмелетке толмағандар орнына бала сөзін қолданып, оны 18 жасқа (кәмелетке) толмаған адам деп анықтаса,2 қылмыстық заңнамада бұл топтағы адамдар екі бағытта қарастырылған: 1) 0-ден 18-ге дейінгі жастағы барлық кәмелетке толмағандар (қылмыстық құқық бұзушылық жәбірленушісі ретінде) және 2) 14-ке толған, бірақ 18-ге толмағандар (Қылмыстық кодекстің 6-бөлімінің нормаларында кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселесінде). Сонымен қатар, қарастырып отырған адамдар санатына қатысты қылмыстық заңнамада басқа да сөз тіркестерінің қолданыста екендігін байқауға болады. Мысалы, жаңа туған бала (ҚК 100-бабы), жас бала (ҚК 124-бабы). 1997-жылғы Қылмыстық кодексте жаңа туған бала орнына жаңа туған сәби сөз тіркесі қолданыста болған. Сол сияқты, кәмелетке толмаған адам ұғымы тұтастай мағынада қолданылуға тиіс болатын ҚР ҚК Ерекше бөлімінің 2-тарауындағы нормалардың өзінде де бұл түсінік әртүрлі мазмұнда екендігін байқауға болады. Мысалы, ҚК 132-бабындағы кәмелетке толмаған адам міндетті түрде ересек адаммен бірлесе жасауға бел байлаған қылмыстық құқық бұзушылық жасындағы адам болуға тиіс, өйткені кері жағдайда оны қылмыстық іске тартқан ересек адамға осы бап бойынша айып тағуға негіз де болмайды (ҚК 28-бабының 2-бөлігіне бола), ал 133-бабында оның мазмұны анағұрлым кең (0-ден 18-ге дейінгі жастағылар). Бұл орайда, ең алдымен, бірдей сөз тіркестерінің әралуан жастағы адамдарды меңзеу мағынасында қолданылатыны, яғни заң нормасындағы белгілердің біркелкілік талаптарына жауап бермейтіндігі назар аудартады. Ойлауымызша, бұл мәселенің шешілуіне қазақ тіліндегі адам жасының ерекшелігіне қатысты ұғымдар көмектесе алушы еді. Өкінішке орай, заңнамашы бұл мәселеде тіліміздің қаншалықты бай екендігін ойдағыдай көрсете алмағанын пайымдауға тура келеді. Мысалы, ҚК 100-бабындағы жаңа туған бала орнына шақалақ не нәресте сөздерін қолдануға әбден лайық, ал ҚК 124-бабындағы жас бала орнына жеткіншек не жасөспірім сөздерін қолдануға болады. [8].
Бұл қылмыс түрлерінің едәуір көпшілігі ҚК 131-б. көзделген әрекеттердің түрлерімен сәйкес келеді. Басты айырмашылығы ҚК 132-6. көзделген әрекеттерде кәмелетке толмаған адам қылмысқа емес, қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартылады. Мынадай әрекеттер:
1) медициналық емес тұрғыда есірткі және басқа да есеңгірететін заттарды тұтыну
2) спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтыну
3) жезөкшелікпен айналысу,
4) қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысу.
Қоғамдық кауіпті әрекеттер кәмелетке толмаған адамньщ денесінің және адамгершілік қасиеттерінің қалыпты дамуын бұзады. Қылмыстың объектісі кәмелетке толмаған баланың адамгершілік, рухани және денесінің дұрыс дамып қалыптасу мүддесі болып табылады, ал ҚK 132-6. 3-б. бойынша қосымша объектісі көрсетілген - жасөспірімнің денсаулығы.
Қарастырып отырған қылмыстың объективтік жағы кәмелетке толмаған баланы қоғамға қарсы іске тартуға бағытталған ic-әрекеттермен көрсетіледі. Тарту тәсілдері ҚК 131-б. көзделген қылмыс құрамын ашу кезінде көрсетілгендей, кәмелетке толмағандардың есірткі немесе басқа да есеңгірететін заттарды тұтынуы олардың денсаулығына едәуір зиян келтіреді, кей кезде өліммен аяқталады. Есірткі заттар деп тиісті халықаралық Конвенцияларда есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар ретінде сипатталған синтетикалық немесе табиғи өсімдіктер мен заттар, олардан жасалған дәрі-дәрмектер деп түсіну керек, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бақылауға жататын, есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың тізіміне енгізілген, адамның жүйкесі мен денесінің тәуелді болуын тудыратын басқа да заттар, өсімдіктер, табиғи материалдар. Есеңгірететін заттарға мыналар жатады: клофелин - кез келген пайыздағы ішімдік қоспа, димедрол мен алкогольдщ қоспасы, барбитурат-алкогольдік қоспа, хлороформ, эфир, толуол, хлорэтил, азоттың шала тотығы, құрамында тропан тобының алколоидтары бар өсімдіктердің спирттік сығындысы. Медициналық емес тұрғыда есірткі және басқа да есегірететін заттарды тұтынуға тарту - кәмелетке толмаған баланың ecipткi заттарды тұтынуға ниетін оятуға бағытталған қылмыстар жасау. ҚK 261-б. 2-б. в тармағында кәмелетке толмаған жасөспірімді есірткі немесе жүйкеге әсер етуші заттарды тұтынуға көндіргені үшін жауаптылықты қарастырады. Есірткі заттарды тұтынуға көндіру деп басқа адамның оларды тұтынуға ниетін туғызуға бағытталған кез келген қасақана әрекеттерін түсіну керек (көндіру, кеңес беру, жаңылдыру, қоркыту және т.б.). Орыс тілінің сөздігінде тарту түсінігі бip нәрсеге қатысуға түрткі болу, еліту, ал көндіру - қандай да бip әрекетті жасаудың, қажеттігіне көзін жеткізу дегенді білдіреді. Қандай жағдайда кінәліні тартқаны үшін қандай жағдайда көндіргені үшін айыптау туралы заңнамалық түсініктеме осы уақытқа дейін жоқ екенін атап өткен жен. Осы мәселеге бірыңғай келу мақсатында, біздің пайымдауымызша, ҚР Жоғарғы Соты қылмыстың не ҚK 132-б. 1-б (кәмелетке толмаған жасөспірімді медициналық емес тұрғыда есірткі және басқа да есеңгірететін заттарды тұтынуға тарту), не ҚK 261-б. 2-б. в тармағы (кәмелетке толмаған жасөспірімді ecipткi немесе жүйкеге әсер етуші заттарды тұтынуға көндіру) бойынша саралануына жататыны туралы кеңірек түсінік беруі қажет. Кәмелетке толмағандарды спирттік ішімдікті ұдайы тұтынуға тарту қауіптілігі алкогольдің жасөспірімдердің бекімеген, дамып келе жатқан ағзасын улауда болып табылады. Кәмелетке толмағандардың ағзасы ересектерге қарағанда ішімдікке тезірек қалыптасады, ауыр түрлерде болады. Ішімдік жасөспірімнің мінез-құлқына кері әсерін тигізеді, қылмыс жасауға әсерін тигізеді.
Мысалы, 4 жасар С. Дамирді қатыгездікпен өлтірген 1985 жылы туған А. Ринат пен С. Асхатты (Қарағанды облысы) қалай жазасыз қалдыруға болады?! Бұл сұмдық дәйек, өкінішке орай, бір ретте ғана болған жағдай емес, оны ұғыну тек құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ғана емес, сондай-ақ әр ересек адамды тәрбиенің күшейтілген нысандары мен әдістері бойынша белсенді шараларға жұмылдыру қажет. Кәмелетке толмағандардың осы санаттағылары қоғамға қарсы әрекеттер жасауға бейім, ал олардың қылмыстық бағытын тыю үшін олармен мәжбүрлеу жағдайында тығыз айналысу керек. 14-ке дейінгі жастағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған балалар соттың шешімімен арнайы оқу орындарына орналастырылуы мүмкін. Шынын айтқанда, қазіргі таңда республикада мұндай 1-ақ оқу орны бар, Өскемен қаласында, оның үстіне бұл оқу орны қаржылық тапшылықта отыр және жабылып қалуы да ықтимал. Мұны болдырмауға тырысу қажет. Кәмелетке толмағандарды спирттік ішімдік ішуге тартқаны үшін, егер кінәлі бір жылдың ішінде белгілі бip уақыт ағымында үш реттен көп жасаса жауаптылыққа тартылады, мұның жуйелі сипатын растайды. Жезөкшелікпен айналысуға тарту деп жасөспірімнің сыйақы алу үшін жыныстық қатынасқа түсуіне ұмтылуды туғызуға қабілетті әрекеттерді түсіну керек. Жезөкшелік - әйел адамның өз денесін сатуы дегенді білдіреді. Оның үстіне, кінәлі жәбірленушінің материалдық немесе басқа да тәуелдігін пайдаланады. ҚK 132-б. бойынша жауаптылыққа тартылу үшін кәмелетке толмаған адамның бұрынғы, оның ішінде моральға жат тәртібінің қатысы жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің ҚК Ерекше бөлімінің 10 Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар тарауында жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін жауаптылықты белгілейтін ҚК 270-б. көзделген. Жоғарыда айтылған құрамдардың айырмашылығы әр түрлі объектілерге қастандық жасауда, одан басқа атап өтетін жайт, ҚК 132-б. сәйкес, жәбірленуші болып тек кәмелетке толмаған адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқықтары мен бала құқықтарын қорғаудың маңызы
КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯН МЕН ЗАЛАЛ ҮШІН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жалпы сипаттама.
Қазақстан Республикасында қылмыстық құқығы бойынша кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігі - әлеуметтік мәселе ретінде
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың себептері
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
Жастар арасындағы девиациялық мінез-құлық
Пәндер