Оқыту технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
КІРІСПЕ
І.Оқытудың жаңа технологиялары
1.1Деңгейлеп, дамыта, қашықтықтан, модульды, интербелсенді кейс, саралап, ұжымдық әдіспен, жобалап оқыту технологиялары
1.2 Оқыту технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі
ІІ. Проблемалық оқытудың теориялық негіздері
2.1 Проблемалық оқытудың теориялық негіздері. Проблемалық оқыту туралы ұғым
2.2 Проблемалық оқытудың негізгі міндеттері және оның дәресжесі
2.3 Проблемалық сабақтардың құрылымы
ІІІ. Сабақ - оқу тәрбие процесі
3.1 Сабақ -- оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы
3.2 Сабақтың типтері мен түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Зертеудің өзектілігі. Оқыту технологиясы ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ - та технология ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология" терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. Педагогикалық технология ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген.
Бiлiм берудегi технология терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70 - жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады. Педагогикалық әдiстер технологиясы, яғни, оқу процесiн өзiн немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды. Осы бағыттың тұңғыш перзентi және педагогикалық технологиялардың салынатын iргетасы бағдарламалық оқыту болды. Оған тән сипат - оқу мақсаттарын нақтылап алып, соларға бөлiк-бөлiгiмен бiрiздiлiкпен жету.
70 - жылдары жүйелiлiк тәсiлдiң дамуына байланысты педагогикада педагогикалық технологиялар нақты белгiленген мақсаттарға сай оқу процесiн басқаруға бағытталған дидактикалық мiндеттердi шешуi тиiс деген идея қолданыс тапты. Бұл бағыттың мәнi мектеп жұмысының толық басқарымдылығы идеясында жатыр.
70-80 жылдары оқыту технологиясы және оқу процесiнiң технологиясы терминi пайда бола бастады. Кейiнiрек педагогикалық технология терминi көбiнде оқыту технологиясы терминiмен теңестiрiлдi.
Кеңiнен қолданылатын "оқыту технологиясы", "бiлiм беру технологисы", "оқу процесiнiң технологиясы", терминдерi ақыр аяғында оқу - тәрбие процесiн ұйымдастыру және басқару дегенге келiп
саяды.
Оқу процесi технологиясын түсiнудiң бiрден бiр кiлтi бiрiздiлiкпен айқын белгiленген мақсаттарға бағытталу болып табылады;
- Оқушының iшкi интелектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық даму процестерi арқылы мақсаттарды анықтау;
- Оқытылатын мазмұн арқылы мақсаттарды анықтау;
-Оқушылардың оқу қызметi арқылы мақсаттарды анықтау;
- Мұғалiм қызметi арқылы мақсаттарды анықтау.
Мұндай тәсiлде "қалай оқыту керек?" сауалы бiрiншi қатарға шығып, педагог оқу материалын емес, оқушы мен оның оқу қызметiн басты назарда ұстайды.
Оқыту технологиясы - бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметiн құру. Мұнда оқушылардың өнiмдi қызметiн ұйымдастыруға мүкiндiк беретiн оқыту жағдайларына (нысандарына, әдiстерiне, тәсiлдерiне, құралдарына) басымдық берiледi.
Соңғы жылдары педагогикалық технологиялар ұғымы оқу - тәрбие жүйесiн басқару және жобалау құралдары мен процестерiнiң: оның мақсаттары мен мiндеттерiнiң, мазмұнының, әдiс - тәсiлдерiнiң жиынтығы ретiнде түсiнiледi.
Кең таралғандығы мен негiздiлiгiнде, бiлiм беру тарихындағы айқын белгiленген мәнi орнына қарамастан, осы ұғымның мазмұнын ашу, оның көлемi үнемi талдану үстiнде және бүгiнгi күнге дейiн оның бiрiңғай түсiнiктемесе жоқ. Педагогикалық сөздікте мынадай анықтама берiлген: "Педагогикалық техника - оқу сабақтарын айқын да тиiмдi ұйымдастыруға бағытталған тәсiлдер мен құралдар жиынтығы".
Майкл Кларк бiлiм беруде технология жаңа нәрсе емес, ол тек оқытудың жаңа жолдары ашылған кездерде ғана қызықтырады деп атап көрсетедi де, одан әрi педагогикалық технологияларға "бiлiм сапасын тексеруге болатын бақылау жүйесi", сондай-ақ "бiлiм, дағдыны бағалау әдiстерiн әзiрлеу" ретiнде анықтама бередi.
П.Буга мен В.Карпов оқыту технологиясы дегенiмiз ғылыми ұйымдастырылған бiлiмдi практикалық тапсырмаларды орындауда жүйелi түрде iс жүзiнде қолдану деп түсiндiредi және оқыту технологияларын оқытудың әртүрлi әдiстерiн қолданудың ғылыми негiзi ретiнде анықтайды.
Жапон педагог ғылымы Т.Сакамотоның сипаттауынша, өз мәнi бойынша педагогикалық технология барлық басқарылатын
компоненттер:
1. Бiлу, түсiндiру, пайдалану, бағалау, түсiну, қолдану, жасау, атап көрсету және т.б.
2. Қайта құру, болжау, сауал, қою, қайта ұйымдастыру, топтастыру, жүйелеу, жеңiлдету және т.б.
3. Белгiлеу, қорытынды жасау, мәнерлеп оқу, айту және т.б.
4. Пiкiрiн айту, қолдау, ынтымақтаса қызмет ету және т.б.
Оқу процесiнің мақсаттарын нақтылау (Б.Блум таксономиясы негiзiнде) технологиясының қисынды қорытындысы педагог қызметiнiң күнтiзбелiк - тақырыптық және күнделiктi сабақ жоспары түрiнде көрiнiс табады.
Проблемалық оқытуды, ол оқыту процесін күшейтетін болғандықтан, активтендірумен теңестіреді. Оқытуды активтендіру, мектеп оқушысының белсенділігі, оқушының танымдық белсенділігі, проблемалық оқыту терминдері көбінесе сараланбай қолданылады. Оқытуды активтендіру принципін оқушылардың ақыл-ой жұмысын күшейту жолында күрескендердің бәрі-ақ ұсынып келді.
Алайда бұл ұғымдардың мазмұнын анықтауда да, белсенді оқудың мәнін түсінуде де пікір бірлігі болмады.
Оқыту теориясы жөніндегі осы күнгі жарияланып жүрген дүниелердің көпшілігі де оқу процесі мен оқушылардың оқу әрекетін күшейту идеясымен байланысты. Әдетте авторлар активтендіруді оқытудың дәстүрлі практикасынан белгілі әдістер мен методтарды, тиімді пайдалану деп ұғады.
Әрине, егер оқушы мұғалімді белсенді түрде тыңдап, жаттығулар мен үй тапсырмаларын мұқият орындап отырса, кітаптар оқып, пән үйірмелеріне қатысып тұратын болса, онда оқу процесі белсенді процесс болады.
Егер мұғалім оқу материалын жақсы түсіндіріп, көрнекілік пен ОТҚ-ны (оқытудың техникалық құралы) пайдаланса, шәкірттерінің даралық ерекшеліктерін ескеріп, артта қалушылармен жұмыс істеп отырса, онда оқу процесі белсенді, оқыту тиімді болады.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың білімдер жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі;
оқушылардың танымдық дербестігі мен творчестволық қабілеттерін дамыту;
мектеп оқушыларының дүниетанымының негізі ретіндегі олардың диалектикалық-материалистік ойлауын қалыптастыру;
Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып,оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып,білім сапасын арттыру.
Зерттеудің міндетері: Мектеп оқушысының оқуын проблемалық оқыту арқылы активтендірудің мәні ғылымның даяр қорытындыларын жай ғана меңгеріп алуда емес, жаңа білімдер мен ақыл-ой қызметінің тәсілдеріне өздігінен ие болу жөніндегі оның танымдық (ойлау) қызметін активтендіруде.
Дамыта, яғни жалпы және арнайы дамуға алып келетін оқыту деп мынадай оқытуды айтады: бұл оқыту жағдайында мұғалім, ойлауды дамыту заңдылықтарына сүйене отырып, арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйрену процесінде ойлау қабілеттері мен танымдық қажеттерін қалыптастыру жөнінде нысаналы жұмыс жүргізеді.
Қорғауға арналған тұжырымдар: Алайда проблемалық оқытуды ойдағыдай ұйымдастыру үшін, ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың мәні мен мазмұнын қарастыру қажет. Оқытудың жаңа типін кең тарату және жаппай практикаға ендіру сабақ туралы қалыптасқан ұғым жүйесін жетілдіруді де талап етеді. Басқаша айтқанда, мұғалімнің жаңа жағдайда оқушылардың дербес ізденіс қызметін ұйымдастырушы ретінде функциясы мен проблемалылық көзқарасы тұрғысынан алғандағы қазіргі заманғы сабақтың мәнін теориялық түсіндіру қажеттігі келіп шықты.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Қазіргі ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды дамуы білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол міндет кез-келген орында, технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушы қалыптастыру. Ол орындаушы бүгінгі біздің алдымызда отырған оқушылар. Сол оқушыларды ертеңгі уақыт талабына сай азамат етіп тәрбиелеуде бүгінгі беретін білім жоғары деңгейде болу керек. Сапалы білім беру мұғалімнен тынбай ізденуді, шығармашылық қабілетті, жан-жақты білімді талап етеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында.
Зерттеу көздері: Жұмыс барысында педагог ғылымдардың, оқулықтары, мерзімдік басылым бетіне шыққан мақалалар, сыни зеттеулер қарастырылып , топтастырылды.
Зерттеу әдістері: Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.
Жұмыстың құрылымы.: Жұмыс кіріспе, І, ІІ, ІІІ бөлімнен, қортынды, соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімініен тұрады.

1.Оқытудың жаңа технологиялары
1.1Деңгейлеп, дамыта, қашықтықтан, модульды, интербелсенді кейс, саралап, ұжымдық әдіспен, жобалап оқыту технологиялары

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бірқатар пәндерде қолданылып жүр. Деңгейлеп оқыту сабағы -- оқушылардың жаңа материалды өз бетінше оқып үйренуін қамтамасыз ететін сабақ. Бұл сабақта оқытушы ақпарат беруші ғана емес, ұйымдастырушы әрі кеңес беруші болып саналады.
Мұндағы деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі мақсат:
оқушыларды ұлттық бағытқа
бағдарлай отырып, қоғамның даму үрдісін, білімнің технологияларын меңгерту; қосымша оқулық және баспасөз көздері арқылы оқушыларды ақпараттандыру; жоғары дәрежедегі білім деңгейіне жету;
оқушылардың шығармашылық қабілетін тереңдету.
Тиімділігі: Жұмыс қорытындысы тез, уақытында шығады.
Уақытты тиімді пайдалануға, жинақылыққа үйретеді.
Баланың сенімге ие болуы, оның жауапкершілігін арттырып, өзін-өзі бағалауға үйретеді.
Оқушы мен мұғалім арасында өзара сыйластық, еңбек бірлестігі қалыптасады.
Мұғалім еңбегі жеңілдейді.
Деңгейлік тапсырмаларды бір тарауды аяқтаған кезде нәтижесін қорытындылау үшін қолдануға болады.
Елімізде жаңа ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы жылдары оқытудағы жаңа ақпараттық технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруды басқаруға негізделген. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды, көрнекілік құралдары пайдалану арқылы дамыта, қашықтықтан және жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады.
Дамыта оқыту технологиясында оқушылардың танымдық іс-әрекет ерекшелігін ескере отырып, оқыту курсында оқу материалдарына тоқталған жөн. Бұл орайда белгілі бір пәнді оқытудың негізгі әдістемесін анықтау үшін ең әуелі оқытуды ұйымдастырудың басты бағыттарын айқындап алған дұрыс.
Дамыта оқыту барысында біріншіден, оқушының оқу материалын түсінуге бағыттау керек (герменевтик бағыт); соның негізінде білім мен білік қалыптасады, екіншіден, оқытудың іс-әрскеттік (интеллектуалды, практикалық және баға беру іс-әрекеттері) пен шығармашылық (ассоциация, қиял) аспектілері үштасуы тиіс. Сонда оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетінің әр түрлі кезендерінде орындайтын рөлдік функцияларын сезініп, олар оқытуды ең әуелі өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі белсенді ету тұрғысында қабылдайды.
Оқытудың кез келген инвариантты болігі оқу материалын ұсыну формасының дұрыс тандалынуы болып табылады. Дидактикада ең тиімді форманы тандау оқытуды жемісті етеді. Бұл оқушының тікелей байланысы жоқ ортада адамның хабарды қабылдауы, түйсінуі психологиялық-педагогикалық аспектілермен байланысты болса, кейде оқу материалының әр түрлі "кірпіштерден": зандардан, аксиомадан, түсініктерден, деректерден, гипотезадан, әдіс-тәсілдерден тұратындығымен бай­ланысты. Оқу материалын ұсынудың жалпыға ортақ әдістері оқытудың жалпы әдістерімен тұспа-тұс келіп жатады Бұл жайында Г.Селевко былай дейді: "Оқытудың тәсілі, әдісі, құралы көптеген технологиялардың атауын анықтайды
Әдетте оқыту өз табиғаты жағынан әрқашан мәселелі келеді. Яғни оқу материалының бір бөлігі оқушы меңгеруін талап ететін бірқатар күрделі мәселелерден тұрады. Көптеген педагогикалық зерттеулерде атап көрсетілгендей, біз оны оқу міндеті деп атаймыз. Оқу міндеті ең алғашқыда оқушы үшін мәселелі болып табылады, өйткені, ол -- жаңалық.
Мектепте сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі - пәндерді модулдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірибелік жағынан дәлелденуде Бұл мәселені ғалымдар Дж.Рассель, П.Юцявичене, Р.Бекирова, Г.Лаврентьева және Н.Лаврентьева, М.Жанпейісова, К.Жақсылықова, Е.Тұяқов, т.б. дәлелдеп келеді.
Модуль ұғымының этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады. Білімді, яғни оқу материалын дидактикалық мақсатқа сай әр түрлі қалыпта (ақпарат блогі, пакет, түйіндер жүйесі, алгоритм, бағдарлама) ұсынуға болады. Модулмен оқыту - толық немесе жекелей түрде модулге негізделген оқыту. Мо­дул - іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы, яғни аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модулмен оқытудың негізгі құралы.
Н.Оралбаеваның, Ф.Оразбаеваның, К.Жақсылықованың еңбектеріне сүйене отырып "Модулмен оқыту дегеніміз - өзін-өзі тану, өзара тілдік қатынасқа көшу дағдысы мен іскерлігін сапалы қалыптастыру мақсатында жасалатын оқытушы мен оқытушы тобының жасырын ішкі бірлескен әрекетінің белсенділігін арттыру негізінде тілді сапалы оқыту жүйесі" деген анықтамасын қабылдаймыз. Осы анықтама бойынша, ол - екі жақты сұрыпталған және дидактикалық тұрғыда өңделген оқыту мазмұны бірлігін сапалы игеруді және игертуді көздейтін әдістемелік жүйе. Оның белсенділігі мен сапалылығы тұлғаның жеке психологиялық, жеке даралық мүмкіншіліктерінің ішкі жасы­рын қорын анықтап, белсенді қолдану нәтижесінде пайда болады.
Оқыту процесінде интербелсенді әдістерді қолданудың ерекшелігі
Интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.
Интербелсенді оқыту оқушының өз тәжірибесі қарым-қатынасқа негізделеді. Ал, үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері. Оқушы таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибесімен бөліседі, міне осындай байланыста, қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі.
Интербелсенді оқуда білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
Терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;Ақпаратты жан-жакты талдау;Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
Оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану; Пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу; Басқа да балама пікірлерді ескеру; Шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу; Ортақ жұмысқа жұмыла білу;
Басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу; Үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау; Интербелсенді оқыту басты назарды процеске, яғни үйрену процесінің өзіне, оқушылардың қалай және қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне аударады. Мұндағы мақсат - оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруінде, оны ізденуінде, құрастыруында. Мұндай сабақтарға шәкірттер таза парақ күйінде келмей, алдын ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, әрі қарай оларды дәлелдеу жүйесін құрады, пікірталас жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастарды ескереді. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт өмірде әр адамға қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал, сабактан кейін сол білімдерін өздігімен дамыта түседі. Сол себепті де интербелсенді оқытуда үйренушілер келесідей әрекеттерді атқаруға дайын болуы керек:
Бірлескен жұмыс
Танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту
Бастамашылдық
Кері байланыс жасау
Проблема шешу, шешім қабылдау
Интербелсенді оқыту барысында үйренушілер әрқашан да белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тындауға, өзге пікірін сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты табуда емес, керісінше үйренушінің жеке тәжірибесіне негізделген іздену процесінің өзі болып табылады.
Кейс-технология -- оқушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес алуын ұйымдастыру кезіңде мәтіндік, аудиовизуалды, мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуте негізделген.
Кейс технологшсы (ағылшынның case -- портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс-технологияға арналған материадцар түрлері мыналар:
1. Әдістемелік нұсқаулар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасымалдаушыға (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге
мүмкіндік береді.
2. Жұмыс дәптері.
2. Анықтама.
3. Оқу, аудио, бейне материаддары.
Қашықтыктықтан оқытуға арналған кейстердің өзіндік сапалық қасиеттері болады.
1. Кейс құрамында белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.
2. Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
3. Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).
4. Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.
5.Окулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.
Саралап оқыту технологиясы. "Жаңа технология" - әртүрлі пәннен оқушылардың саралап, деңгейлеп, жұмыс істеу ерекшелігіне, әдістемелік тәжірибесіне шығармашылықпен қарауына, жаңашыл тәжірибелерін, жеке әдістемелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Олай болса мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда оқушыларды жаңа технология үрдісінде оқыту мәселесі алға қойылған міндеттердің бірі болуы керек. Сондықтан қазіргі білім технологиясында жеке тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше болғандықтан, әрбір мұғалім жаңа технологияны меңгеріп, оқу үрдісіне қолдануы қажет. Республикамызда соңғы кездері біршама оқушыларымыздың оқуға деген ынтасы төмендеп отыр. Әрине үздік оқитын оқушыларымыздың да саны көп-ақ. Дей тұрғанмен үйден мектепке кеттім деп шыкқан шәкірттің мектепке емес, өзін қызықтыратын жағына көңілі ауып кете баруы, өкінішке орай, күнделікті өміріміздегі көріністердің бірі болып қайталанып отырады. Неліктен мұғалім оқушыға өзінің тәлімдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойындағы білім алуға деген талпынысты оятып алу қажет екенін ұлы педагог Ян Амос Коменский дәлелдеп кетсе, осынау талапты қазақ педагогы Мағжан Жұмабаев былай жеткізген екен: Іскерлік жан тұрмысының негізі. Бала іскер болмаса, еш нәрсе ұқпайды, һэм еш нәрсе үйрене алмайды. Іскерлік осындай қымбат болса, сөз жоқ, оны тәрбие қылу керек.
Алғашында СДОТ (саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын) ендіру барысында деңгейлік тапсырмаларды тексеру үшін ұстаздарға уакыт тапшылық етті. Бірте - бірте озат оқитын оқушылардың көмегімен бұл мәселе де шешілді.
Осы жүйені толық жүзеге асырып отыру үшін мониторинг жасап отыру керек.
Мониторинг оқу-тәрбие үрдісін жіті бақылап, қадағалап отыратын бірден-бір педагогикалық құрал.
Мектептің бүкіл білім сапасының мониторингісін жасау әрбір оқушының жеке мониторингісін жасаудан басталады. Мысалға, кесте түрінде бір оқушының белгілі бір пәннен жеке пәнтізбесі, жеке оқушының даму кестесі (мониторингісі), ал 4-мұғалім кестесін жасаймыз. Алдыңғы кестелерге қарап отырып, мұғалім сыныптағы барлық оқушылардың даму мониторингісін жасайды. Кестеден ата-аналар өз баласының тоқсан соңында, не жыл аяғында жекелеген пәндер бойынша жеткен нәтижелерін бақылай алады.
Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын жүйелі қолдану барысында мектептің білім сапасының бірнеше жылғы мониторингісін кестеден көруге болады. Бұларды жасау бірнеше кезеңдерден тұрады.
1- дайындық кезеңі:шығармашылық топтағы мұғалімдердің өз алдына мақсат қоюы (технология таңдау);сыныбын, пәнін анықтау;мерзімдерді белгілеу;жоспар құру;әдебиеттермен танысу, технология бойынша педагогикалық тәжірибелермен танысу;оқушыларды қажетті кестелермен қамтамасыз ету;
2-практикалық кезең:
-оқушылардың жыл бойына өз даму мониторингісін дұрыс толтыруына жағдай туғызып; кадағалау;
3- аналитикалық кезең: шағармашылық топтық ақпараттарын жүйелеу;
қолда бар нәтижелерге анализ жасау, корытындылау, шығармашылық топтың жылдық диаграммасын сызу;тілектер мен кеңестерді келесі мерзімге жүйелеу,қорыту;соңғы жылдардың салыстырмалы мониторингісін жасау.
Саралап деңгейлеп оқыту білім сапасын арттыруға тікелей көмектесетін тиімді технология. Мақсат білім сапасын көтеру.
Ұжымдық әдіспен оқытуда әр түрлі педагогикалық технология-лар қолданылады. Солардың ішінде оқушының өзіндік әрекетін белсендіру мақсатында ұжымдық оқыту технологиясына көбірек мән беру маңызды. Себебі, ұжымдық оқыту әдісі негізінде мұғалімнің күнделікті тексеруі мен оқушының өзін-өзі бақылауы туралы ақпараттың артуы болып отыратын үдерістегі баламен қарым-қатынас жатыр. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады
Ұжымдық оқыту әдісін оқыту үдерісінде кең түрде қолдану жақсы нәтижелерге жеткізеді. Ұжымдық оқыту әдісінің төрт түрлі ұйымдастыру формалары бар: жеке, жұптық, топтық және ұжымдық. Ұжымдық оқыту әдісі әртүрлі ұйымдастыру формасын пайдалануды қажет етеді.
Жобалау технологиясын сабақта қолдану. Жобалау әдісі XX ғасырдың технологиясына кіріп басқа елдерде бұрыннанқолданылса да, біздің елде тек соңғы жылдарда ғана қолданылуда.
Жобаны ғалымдар пәндік, мазмұндық белгілеріне қарай, үйлестіру сипатына қарай, әрекет түріне қарай, жобаға қатысатын адамдар санына қарай, жобаның жүру мерзіміне қарай бірнеше түрлерге бөледі. Пәндік-мазмұндық белгілеріне қарай шағын жобалар және пәнаралық жобалар деп, үйлестіру сипатына қарай ашық және жабық деп, әрекет түріне қарай ізденушілік жоба, рөлдік ойындар түріндегі жобалар, тәжірибеге арналған жобалар деп бөлінеді. Атап айтқанда, бір жобаның аясында оқушылар ізденушілікке, шығармашылыққа, ақпараттық жұмыстар жүргізеді.
Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті мәлімет жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттерін арттырады. Жоба әдісінің басты мақсаты -тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған белгілі бір міндеттерді немесе әр сала бойынша білімдерін толықтыруды талап ететін маңызды тапсырмаларды орындау барысында оқушының өздігінен білім алуына жағдай жасау.
Жоба тапсырмаларын орындау үстінде көбінесе оқушылар жұптасып немесе үш-үштен бірігіп немесе шағын топпен жұмыс істейді.
Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда үйренушілер өз жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.
Оқушының іс-әрекеті:
Мұғалімнің іс әрекеті:
- Оқушы - оқыту субъектісі.
- Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.
- Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.
- Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.
- Өзін-езі және бір-бірін оқытушы.
- Оқушының жетістігін құптаушы.
- Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі.
- Ынталандырушы, мақсат қоюшы.
Өз ізденісімен табыска жетуші шығармашылық тулға.
- Мақсаттарға жетелеуші.
1-кезең. Дайындық кезеңі. Тақырып таңдау, оны құрастыру, міндеттерін белгілеу, ұйымдастыру, талқылау, жоба мазмұнымен танысу. Мұнда оқытушымен бірге оқушы жобаның тақырыбын, мақсатын анықтайды.
2-кезең. Материал жинау, материалды өңдеу, толыктыру. Оқушылардың жинаған материалдарын, алғашқы нәтижелерін қорытындылап
талқылау, келесі қосымша материалды, жаңа материалды іздестіру.
3-кезең. Алынған материалды қолданып жоба жұмысын аяктайды.
4-кезең. Қорытынды шығару, жобаның презентациясы.
Осылайша әр оқушы өз ойын айтуға, дәлелдеуге тырысады.
Таңдалған тақырып бойынша жоба (презентация) жасағанда оқушылар интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызыкты оқиғаларды, мәліметтерді іріктеп алады. Жобадағы мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы оқушылар көрнекілікті, анимацияны, дыбыстарды қолданады.
Қорғау барысында оқушылар әр слайдқа толық мәліметтер береді. Өз ойын ашық айту барысында жоба құрушы логикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады. Оқу - жобамен жұмыс істеген кезіндегі ең негізгі бөліктердің бірі. Жобаға керекті мәліметтерді алу үшін қатысушылар баспа мәліметтеріне сараптама жасауына тура келеді. Жұмыс кезінде оқушы анықтамалармен, энциклопедиялық сөздікпен жұмыс істейді.

1.2 Оқыту технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан - жақты, білімі қажет.
Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан - жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
Дүниетаным қабілеті жоғары;
Дарынды, өнерпаз;
Іздемпаз, талапты:
Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігі қарай жүзеге асады.
Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу, - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту. М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиямының маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру - ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту сы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар.
Тиімді белгілерінің бірі - оқышының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.
Модульдік оқыту технологиясының негізі - модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып,бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы - жаңғырту.
Оқыудың басты ерекшелігі - оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тіл дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау.
Оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігімен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырады.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі - сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Сабақта қолданылатын ойындар: Бәйге, Кім жылдам?, Кім тез табады?, Ойлан тап!, Жалғасын айт, Полиглот, Не,қайда, қашан?. Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды.
Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:жалпы білім сапасын жоғарылату;сабақтың тиімділігін жоғарылату;дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;
жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.
Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

2. Проблемалық оқытудың теориялық негіздері
2.1 Проблемалық оқытудың теориялық негіздері. Проблемалық оқыту туралы ұғым

Ең жалпы түрдегі оқыту - аға ұрпақтардың тәжірибиеін жас ұрпаққа беру. Бұл жердегі тәжірибе - тұрмыстық және ғылыми білімдерді, іс-әрекет тәсілдерін, творчестволық қызмет тәжірибесін, моральдық қазыналарды қамтитын кең ұғым. Бұл мазмұнды берудің тәсілдері әр түрлі болып келеді. Мазмұнға және оны берудің тәсіліне байланысты оқытудың түр-түрі пайда болады, бұлар, әдетте, оқыту жүйелері деп саналады.
Бұл жүйелерді теориялық түсіндіру - дидактика деген сөз (нені үйрету керек? - мағыналық, қалай үйрету керек? - процессуальдық жақтар).
Бірақ мазмұны бірдей бола тұрып, оқыту жинақталған тәжірибені берудің тәсілдері немесе, дәлірек айтқанда, оқушы мен мұғалімнің өзара қимылынық түрлері, яғни оқыту типтері арқылы ерекшеленуі мүмкін. Оқыту процесін құрудың бұл типтері мен ережелерін теориялық түсіндіруді біз дидактикалық жүйе ретінде (берілген мазмұнды қалай үйрету - оқыту процесін қалай ұйымдастыру керек) ұғамыз.
Оқыту мен білім берудің жалпы теориясы ретінде, процесті ұйымдастырудың дербес теориялары сияқты, дидактиканың да бірнеше дидактикалық жүйелері болуы мүмкін.
Кеңес мектебінің міндеті үйлесімді дамыған жеке адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі педагогикалық оқыту процесінде балаларды жалпы дамыту мәселелері зерттелуде. Ол үйлесімді дамыған жеке адамды қалыптастыруға алып келеді және арнайы дамыту үшін база, негіз қызметін атқарады. Арнайы деп әдетте сәбидің музыкалық, көркемдік және т. б. дамуын түсінеді. Біз бұл ұрымға бала интеллектісін, оның ойлау, творчестволық қабілеттерін дамытуды да қосамыз.
Жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке бастың аса маңызды көрсеткіші -- жоғары дәрежедегі ойлау қабілетінің болуы. Егер оқыту творчестволық қабілеттерді дамытуға алып келетін болса, онда мұны сөздің қазіргі мағынасында дамыта оқыту деп санауға болады, ал егер олай болмаса, онда басқа емес, тек оқыту процесін активтендіру туралы, оның тиімділігі туралы (мектеп окушыларынын. программалық материалды меңгеруі және олардың жалпы дамуы мағынасында) айтуға болады.
Осындай оқыту, біздің, ойымызша, проблемалық немесе проблемалық-дамытушы оқыту болып табылады.
Активтендіру ме немесе проблемалық оқыту ма?
Оқыту процесін дамыту мұғалімдердің оқушылардың оқу әрекетін күшейтуге тырысуымен анықталады. Активтендіру ұранымен соңғы 10 -- 45 жыл ішінде мектеп оқыту мен тәрбиелеуде елеулі табыстарға жетті. Бірақ активтендіру ұғымының өзі өте кең, оның шет-шегі интуиция арқылы ғана аңғарылады, оның әрекет механизмін тек тәжірибе жолымен түсіну қиын. Активтендіру дегенді Педагогиканың жалпы негіздерінің (1967), Дидактика негізінің (1967), Дидактиканың (Сорокин, 1974) және басқа жұмыстардың авторлары нақ осылай түсінеді.
Бұл ретте авторлар проблемалық оқытудың көмегімен болатын активтендіру туралы да айтады. Мұны проблемалық ситуацияларды спорадикалық жолмен жасау және танымдық міндеттер қою деп түсінеді. Мәселен, И. Ф. Харламовтын, кітабында проблемалық оқыту сабақта оқулықпен жұмыс істей білумен бір қатарда қарастырылады;
Р. А. Низамов проблемалық оқытуды танымдық міндеттер қоюмен бір ыңғайда қарастырады. Мұның өзі проблемалық оқытудың міндетін (функциясын) тек оқушылардың ойлау қызметін күшейтетін көптеген тәсілдердің бірі ретінде ғана түсіндіруге әкеп соғады. Ал шын мәнісінде мұндай оқыту активтендірудің мүмкін болатын барша әдістері мен методтарын интегралдайды.
Әрине, проблемалық оқытуға өтпей тұрып, мектеп оқушыларын үлгі бойынша жұмыс істеуге үйрету, зейін қойып тыңдау мен жүйелі түрде үй тапсырмаларын орындап отыруға үйрету керек, артта қалушылармен қосымша сабақтар өткізу, кітаппен жұмыс істеуге үйрету, дидактиканың барлық принциптерін ескеріп, оқу процесін активтендіру керек. Бірақ мектеп оқушыларының белсенді оқу әрекеті -- бұл олардың танымдық (ой) қызметін активтендірудің алғашқы қадамы ғана.
Кеңес дидактикасы оқушылардың білімдерді меңгеруі мен жалпы ақыл-ой дамуының бірлігін мойындап, соны басшылыққа алады. Бұл жағдайда танымдық қабілеттерді дамыту білімдерді меңгерудің қосалқы нәтижесі саналуға тиіс емес, ол мұғалім жұмысының арнайы нысаналылығын талап етеді.
Егер ойлау психологиясының қорытындыларын ескеретін болса, оқытуды активтендіру мен проблемалық оқыту ұғымдарының айырмашылық мәні жақсы түсініледі. Психологтар белсенді ойлау, өздігінен ойлау, творчестволық ойлау ұғымдарын айқын ажыратады. Ойлау әрқашан белсенді және әр түрлі дәрежеде болады. Сондықтан оқудың кез келген процесі белсенді. Бірақ бұл белсенділік неден көрінеді? Өйткені белсенді ойлаудың дербес түрде емес, оның үстіне творчестволық емес болуы да мүмкін ғой.
Оқушыларды ақыл-ой қызметінің даяр әдістеріне үйрету -- творчестволық белсенділікке емес, әдеттегі белсенділікке жетудің жолы. Даяр ақыл-ой әрекеттеріне жаттығу жолымен белсенділікті дамыту мектепте баяғыдан бері бар болатын, математика мен физиканы оқытуда жай ғана жаттап алумен шектелу сирек кездесетін.
Проблемалық оқыту оқушыларды ақыл-ой әрекеттеріне бұлайша жаттықтыруға әкеп саймайды.

2.2 Проблемалық оқытудың негізгі міндеттері және оның дәресжесі

Қоғамның прогресімен байланысты жалпы білім беретін мектептің міндеттеріне сүйеніп, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлуге болады.
Проблемалық оқытудық жалпы міндеттері:
оқушылардың білімдер жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі; оқушылардьщ танымдық дербестігі мен творчестволық қабілеттерін дамыту; мектеп оқушыларының дүниетанымының негізі ретіндегі олардың диалектикалық-материалистік ойлауын қалыптастыру;
Бұған қоса проблемалық оқытудың арнайы міндеттері бар: білімдерді творчестволық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу (логикалық әдістерді немесе творчестволық қызметтің жекелеген тәсілдерін қолдану); білімдерді творчестволық қолдану дағдыларына (меңгерген білімдерді жаңа ситуацияларға қолдану) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу; творчестволық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау (ғылыми зерттеу, практикалық проблемаларды шешу және шындық болмысты көркем бейнелеу методтарына ие болу);
Проблемалық оқытудың барлық міндеттері ішінен аса маңызды екі міндетті бөлу қажет. Біріншісі - оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру және екіншісі - ғылыми дүниетанымды қалыптастырүдың тиімділігін
арттыру.
Проблемалық оқыту кезінде оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру программаға ашылған жаналыктар туралы материалды ендірумен ғана, ғылым (оқу пәні) негіздері мен ғылымның логикалық құрылымдарын жақындатумен ғана емес, сондай-ақ оның таным қайшылықтарын шешуге бағытталған методтарын оқып үйренумен де қамтамасыз етіледі. Жаңа құбылыстың мазмұны мен мәні, оның элементтерінің өзара байланысы ғылымда зерттеу процесінің бірізді кезеңдерін: бақылау, сипаттау, түсіндіру, болжау -- жүзеге асыру барысында ашылады.
Оқушылардың білімдерді меңгеруінің ғылыми дәрежесін арттыру екі тәсіл арқылы қамтамасыз етіледі:
Бірінші тәсіл-- мұғалімнің түсіндіруін күшейту. Әңгіме дәстүрлі оқыту жағдайындагы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық оқыту жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу туралы болып отыр. Мұғалімнің негізгі міндеті -- түсіндіру -- жана сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, мұғалім:
а) өзі жасаған проблемалық ситуация аясында жаңа ұғымның (ережелер, заңдар және т. б.) мәнін түсіндіреді;
ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудіц жолдарын, логикасын көрсетеді.
Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші тәсілі -- сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, ал атап айтқанда; мұғалімнің түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен оқушылардың ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту.
Бұл тәсіл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады, өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәнін оқушылардың өздері продуктивтік, творчестволық қызмет барысында (мұғалімнің көмегімен және басшылығымен) ашады, оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ал білімдерді бір ғана зердемен емес, өз ойының күш салуымен (Л. Толстой) алады.
Сөйтіп, бір жағынан, мұғалім неғұрлым күрделі және өздігінен оқып үйрену үшін шама жетпейтін жаңа ұғымдарды түсіндірудің сапасын арттырады, екінші жағынан, жеке өзінің түсіндіруінің санын азайтып, оқу проблемаларынан тұратын, сол дәрежеде білім алған оқушылардың шамалары жететін ұғымдарды өздігінен оқып үйрену процесін ұйымдастырады.
Бұл процесс сапалы және берік есте қалдыру үшін оқу материалын женілдету жолымен емес, қайта оқу процесін біртіндеп күрделендіру арқылы интеллектуалдық қиындықтар жүйесін жасау жолымен жүруге тиіс. Бұл дамыта оқытудың басты бағыты және білімдерді саналы, терең әрі берік меңгерудің шешуші шарты болып саналады. Л. В. Занковтың зерттеулерінің көрсеткеніндей, бастауыш кластарда оқушылардың шамасы келетін қиындық дәрежесі жоғары сабақтар еткізу олардын ақыл-ойының даму процесін тездетеді.
Оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру кейде оқу материалын қиындатумен байланыстырылады, бұл, әрине, оқушылар үшін өзінің шама жетерлік болу дәрежесін төмендетуге және артық ауыртпалыққа әкеліп соғады. Біз артық ауыртпалық түсіру мен сабақ берудің ғылымилық дәрежесі арасына, процессуальдық пен мағыналық қиындық арасына теңдік белгісін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі және білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Белсенді оқытулар: жаңа тәсілдер. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Модульдік оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Пәндер