АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих, археология және этнология факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы

АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ

Орындаған: Түменбай Ысматолла Нұрланұлы,
В020300 - тарих мамандығының 2 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы
т.ғ.к., қауым. профессор

Алматы, 2018 ж
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Ислам дінінің қабылдануының алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Ислам дінінің таралуындағы суфизмнің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

ІІ АЛТЫН ОРДА ХАЛҚЫНА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДЕГІ КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Моңғолдық және исламдық жерлеу рәсімдерін салыстырмалы талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Алтын Ордадағы ислам мен исламға дейінгі салт-дәстүрлердің қарым-қатынастары туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .. 34

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тарих ғылымындағы соңғы жылдарғы белең алған тенденциялар қазақтың ортағасырлар тарихымен тікелей байланысты. Бұл еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи жадыны қайта жаңғырту идеяларымен сәйкес келеді. Себебі тарихи сананың қайта түлеуіне алғышарт болған тәуелсіздіктің негізінде отандық тарих ғылымындағы ақтандақ түстарды қайта қарауға мүмкіндік туды. Бұл төл тарихымызды зерттеуде жаңаша ойлау мен шыңайы деректерге талдау жасауды талап етті. Осы тұрғыда қазақ халқының көне тарихын қайта қалыптастырып жаңғырту ғалымдар мен зерттеушілердің алдында зор міндет қоя білді. Бұл Алтын Орда дәуіріндегі Дешті-Қыпшақ тарихын өз дәрежесінде зерттеу еді.Адамзат тарихында көптеген мемлекеттер іргелес елдер мен халықтарға өз ықпалын тигізіп отырды, соның бірі Алтын Орда. Ол өз кезегінде Солтүстік Еуразияның ортағасырлық тарихында маңызды орынға ие болды. Қазіргі кезде көптеген халықтар өзінің тарихын дәл осы Алтын Ордамен байланыстырады. Жошы Ұлысының ортағасырлық империяға айналуы, көптеген этностардың біріккен күші болуында және мәдени және тарихи дәстүрлердің орталығына айналуында болды. Осындай үрдістер нәтижесінде өркениеттік ерекшелігін қалыптастырды. Алтын Орда құрамындағы әртүрлі халықтар тарихи-мәдени ерекшелігіне қарамастан әлеуметтік-мәдени және этно-саяси дәстүрлердің ерекшелігін қалыптасуына бірден-бір себеп болған ислам діні еді. Ислам бұл үрдістерді бірегей құрылымға айналдырды. Жошы Ұлысы тұсында ислам діні алғаш рет Шығыс Еуропа мен Орта Азия тарихында мемлекеттік және аймақтық шекарадан шыға бастады. Ендігі жерде ол еуразиялық түркі империясының діні болып қалыптасты. Соның негізінде ортағасырлық тарихшы Жувейни (XIII) моңғолдардың жорықтары ислам дінінің таралуына негіз болды, деп жазды. Міне осындай жағдайда Жошы Ұлысында ислам дінінің кең қанат жаюы көпқырлы болды. Бұл жағдай саяси және мәдени контексте қарауға қиындық туғызады. Себебі, XIII ғасырдың ортасында бірнеше қанды-қырғыннан кейін Солтүстік Еуразияның елдері мен қоныстары Жошы Ұлысына бағынышты болды. Бұлғария бірнеше эмиратқа бөлініп, Шыңғыс тұқымдарына бағынып кетті. Моңғолдар басып алған елдерінің дініне аса мән бермеді. Соның негізінде ислам Жошы ұлысындағы көп діннің бірі болып қала берді. Бұл үрдістерде Алтын Ордада діни төзімділік танытып, уақыт өте келе исламның ошағына айналды.
Жошы Ұлысының хандарының исламға бет бұруы Дешті Қыпшақтан шыққан түркі-мұсылмандардың билігіндегі Мысырмен әскери саяси одақ құруға мүмкіндік туғызды. Алтын Орда тұсындағы Дешті-Қыпшақта орын алған фактілер отандық тарих ғылымында өз дәрежесінде зерттелуді талап етеді. Бұл мәселеде Алтын Орда тарихының жүйелі түрде зерттелмеуі, батыстық және өзге елдердің тарихнамасында бұл кезеңге әртүрлі көзқарастар қалыптастыруда. Мысалы, осы кезең бойынша қазіргі кезде Татарстанның тарихшыларының белсенділігі байқалады, дегенмен олардың зерттеу еңбектерінде біржақтылық пен Еділ-Бұлғарлардың Жошы Ұлысындағы белді объекті болғанын көрсеткісі келеді. Алайда, тарихи факті Алтын Ордадағы тарихи оқиғалардың басым көпшілігі, оның ішінде наным-сенімдер мен ислам дінінің қарқынды дамып, Жошы Ұлысының саяси қадамдарының Дешті-Қыпшақта орын алғанын дәлелдейді. Осы тұрғыда отандық тарих ғылымында Алтын Орданың тарихын қайта қарастыру өзекті мәселе болып табылады.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Зерттеу Алтын Орда кезеңіндегі ислам мен діннің мәселесін қамтығандықтан XIІІ - XV ғасырларды қамтиды.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Алтын Ордадағы ислам дінінің рөлін көрсету және археологиялық, этнографиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсаттарға жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойып отырмыз:
Жошы Ұлысындағы діни наным-сенімдер мен ислам дінінің таралуының алғышарттарын анықтау;
исламға дейінгі моңғолдық идеологияның Дешті-Қыпшақтағы көрінісі, оның жергілікті көшпелілердің танымындағы ұқсастықтарды салыстыру;
Ислам дінінің таралуындағы сопылардың рөлін зерделеу;
Алтын Ордадағы ислам дінінің таралуын моңғолдық және исламдық жерлеу дәстүрлерін салыстыру арқылы көрсету;
Зерттелу деңгейі: Алтын Орда дәуірінің тарихнамасы отандық тарих ғылымында өзекті мәселелерді тудырып отыр. Бұл өз заманында Жошы Ұлысының қазіргі кездегі мемлекеттердің ортақ тарихи кезеңі мен аймағын қамтумен ерекшелендіреді. Яғни, қазіргі кезде бұл дәуірді зерттеушілер әр елдің зерттеушілері өз тарапынан субъективті зерттеулер жүргізуде. Бұл құбылыс бір жағынан қайта қалыптасып жатқан елдер үшін тарихи жадыны қалыптастырудың негізгі функциясын атқарса, екінші жағынан тарихи объективтіліктен алшақтауға алып келуде. Қалай дегенмен Жошы ұлысындағы ислам дінінің таралуы мен дамуы жөнінде көптеген еңбектер жарық көрді.
Бұл кезеңге байланысты зерттеу еңбектерін жалпылама үш топқа бөліп қарастырса болады: бірінші батыстық зерттеушілердің еңбектері; екінші топқа патшалық Ресей мен Кеңес одағы тұсында жарық көрген зерттеулер. Ал үшінші топқа отандық зерттеушілердің еңбектерін атап айтсақ болады.
Бірінші топқа, Алтын Орда тарихы мен мәдениетіне көптеген зерттеген Дегинь К. Д. Оссон, Г. Вамбери, Г. Хоуорос, Томас Олесен, Рене Груссе, Пауль Пеллио, Д. Бедли, Л. Коэн [1] және соңғы кезеңдегі Еуропа тарихшыларының ішінен Девин Девис, Чарльз Гальперин, Руди Пол Линднер, Иштван Вашари және Питер Голдендерді атауға болады [2]. Соның ішінде американдық тарихшы Девин Девис Алтын Орда билігіндегі ислам дінінің таралуы барысын көрсетсе, ағылшындық Чарльз Гальприн өз еңбегінде ортағасырлардағы Алтын Орданың орыстарға тигізген әсерін айқындайды [3].
Екінші топқа, XIX ғасырдың алғашқы ширегінен бастап, Ресей империясы Алтын Орда тарихына ерекше үңіліп, арнайы зерттей бастады. Бұл кешенді зерттеулердің нәтижесінде Я. Бичуриннің [4], Е. Бретшнейдердің [5], В. Г. Тизенгаузеннің [6] құжаттық аудармалары мен зерттеулері жарық көрді. Бұл өз кезегінде ресейлік тарихнамадағы Алтын Орда дәуірінің зерттелуінің алғашқы толқыны болды десек болады. Жоғарыда келтірілген зерттеушілердің ізінен ресейлік ғалымдардың түбегейлі еңбектері жазыла бастады. Олардың қатарында В.В. Бартольд [7], А.Н. Насонов, В. Я. Владимирцов [8], В.В. Радлов, П.С. Савельев, Г.С. Саблуковтың еңбектері тұрды [9].
Сондай-ақ, Кеңес одағы тұсында Б.Д. Греков және А.Ю. Якубовскийдің монографиясы Жошы ұлысының біртұтас тарихын сипаттады [10]. Бұл іргелі еңбектің жалғасы В.В. Вельяминов-Зернов, М. Г. Сафаргалиев, Г.А. Федоров-Давыдов, А.А. Семенов, Л.Н. Гумилев, Б.А. Ахмедов, М.А. Усманов, А.П. Григорьевтің еңбектері Алтын Орда тарихын жан-жақты зерттеуге арналды [11].
Үшінші топқа, отандық зерттеушілер арасында Н. Нұртазинаның Ислам в средневекового Казахстана [13] атты монографиясында Алтын Ордадан Қазақ хандығына дейінгі көшпелілердің исламды қабылдауының үрдістеріне тоқталған. Сонымен қатар, автор тек тарихи деректерден басқа қазақтардың мәдениетіндегі діни ұстанымдар мен көне нанымдардың сарқыншақтарын қарастырған. Бұл көшпелі қазақтар арасындағы исламның таралуының күрделі саяси немесе мәдени өзгерістер тудырмағандығын көрсетеді. Сондай-ақ Ә. Муминовтың Ханафитский мазхаб в истории Центральной Азии [14] атты еңбегінде Орта Азиядағы ханафи мазхабының таралуына ықпал еткен ғалымдар мен жиһанкездердің өмірі мен шығармашылығын таныстыра келе Алтын Ордадағы исламның даму және орнығу жағдайына сипаттама берген. Бұл тұрғыда Жошы Ұлысының тарихы мен ісргелес елдерінің тарихы мен мәдениетіне арналған З. Қинаятұлының соңғы кездері жазған монографиялық зерттеулерін айта кеткен жөн [15].
Зерттеу жұмысының деректік негіздері. Жошы ұлысының тарихына қатысты көптеген дереккөздер сақталған соның ішінде ислам дінінің таралуы мен дамуына қатысты араб, парсы деректері өте құнды болып табылады. Сонымен қатар, Берке ханның Мысыр сұлтанына жазған хаттары мен елшілік жіберулеріне байланысты армяндық деректерде кездеседі. Соның ішінде Ибн Фаддаль әл Омаридің [16], Ибн Арабшах [17], Әл-Муфаддаль [18], ән-Нувейри [19], Рукн ал-дин Бейбарстың [20], Бадр ад-дин әл Айни [21], Ибн Батута [22], Рашид ад дин [23] және т.б. авторлардың еңбектерінде кездеседі. Зерттеудің үшінші бөліміне қатысты ауызша және фольклорлық деректер құрайды. Ол батырлық жырлар мен дастандардан тұрады. Діни дастандар өзінің сюжеттері, мазмұны, шығу тарихы, таралу жолдары жағынан әр түрлі. Бірақ олар идея жағынан бірігеді, ол - исламдық руханият құндылықтарын үгіттеу. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін діни дастандарда дүниенің исламға тән жаратылыс түсініктері, Құран мифологиясы, Шығыс пен Батыс халықтарына ортақ көне ертегілік, эпикалық мотивтер мен шығыс халықтарының типтік кейіпкерлерінің бейнелері кеңінен қолданылады. Бұл шығармалар ойдан шығарылған көркем қиял арқылы байиды. Кейіпкерлердің образдары мақсатты түрде халық танымына сәйкес тұлғаланады.
Діни дастандардың 1917 жылға дейін жарық көрген және қолжазба күйіндегі үлгілерін тақырып пен мазмұнына сәйкес былайша топтастыруға болады:
Ислам дінінің негіздері мен ұстанымдарын (діни ақиқаттар мен өсиеттер, тиымдар. Құран оқу шарттары, құдайға құлшылық ету ережелері, т.б.) дәріптеу және оларды бұзушыларды жазалау туралы дастандар;
Мұхаммед пайғамбар, мұсылманды құтқарушы және әділетті төрт халифа жайлы дастандар;
Әр түрлі мұсылман батырлары мен әулие, әнбиелердің өмірі, жасаған ерліктері туралы шығармалар;
Исламды тарату мен орнықтыру жолында дінсіздермен күресті суреттейтін туындылар және т.б.
Негізін мұсылман аңыздары мен мифтері, Құран қағидалары, Пайғамбар сүннеті мен хадистері, мұсылман қайраткерлері мен ислам батырлары туралы аңыздардан тұратын діни дастандары классикалық тарихи деректер тобымен бірге салысырмалы түрде дерек ретінде ішінара пайдалану маңызды.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспе, негізгі (2-тараудан, әр тарау екі тараушадан), қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ

Ислам дінінің қабылдануының алғышарттары.
Өзбек ханның 1312 жылы исламды Алтын Ордадағы мемлекеттік дін ретінде жариялауы ұзақ жылдардағы процесстің нәтижесі еді. Тарихта моңғолдардың дінге деген наным-түсініктері барлық дін өкілдеріне бірдей көзқараста болуымен ерекшеленді. [24, 263 б.] Шыңғысханның Яса заңдар жинағында: Ол (Шыңғысхан) оларға (моңғолдарға) қандай да бір дін өкілі болуға тыйым салды... деген жарғысы бар [25, 213-214 б.] Тарихшы Джувейни де атақты Бату ханның ешқандай сенімді нақты ұстанып, бір діни ұғымның жетегінде жүрмеді, ол дін хақындағы наным үлгілерін тек құдіретті Жаратушыны танудағы әрекет деп түсінген билеуші болғандығын да айта кетеді. [26, 123 б.] Осы арқылы Орданың алғашқы құрылған жылдарында билік арасында діннің соншалықты маңызы болмағандағын байқауға болады. Олардың бұл түсініктері жер бетіндегі барлық дін шынайы, түбі бір Құдайдан жаралғандығын, алайда бір-бірінен айырмашылығы - ұлттық ерекшеліктер мен әдет-ғұрыптардың орындалуына байланысты деген ұғымды қалыптастырды. Осының негізінде моңғолдар жаулаған ұланғайыр атырапта дін еркіндігі берілді, политеизм (әртүрлі діннің) салдарынан да болар кейінен осы арқылы өзге де, тіпті монотеизмнің (бір діннің) орнығуына ықпал жасалынды. Политеизм мен монотеизм арасындағы қақтығыс кейін барлық рухани сұраныстарды қамтамасыз ететін бір діннің пайда болуы тиіс екендігін көрсетті. Ал шынында бұл хандықтағы болып жатқан түрлі қақтығыстарды жабу үшін дінді сылтаурату еді, орын алған келеңсіздіктердің негізгі себептері - әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелер болатын. В.Л. Егоровтың хандық ішіндегі исламның орнығуы хақында және Орда қалаларында дамуы туралы айтқан пікірі біраз қызығушылық туғызады:
Бірақ Ордадағы исламның таралу тарихымен байланысты қалалардың дамуы қалай болды? Бұл мәселе Чингизид пен Алтын Орда мемлекеттерінде ұлтаралық басқару жүйесі, сондай-ақ, ұлт билеушілері мен орталық хандық әкімшілігінің арасындағы қарым-қатынастармен тығыз байланыста қаралды. Өйткені олардағы саяси және экономикалық өмірдегі көшпелі және бейресми үрдістердің күрес көрінісін көріп отырмын. Ислам осы жағдайдағы сыртқы үшінші күш ретінде әрекет ете алмады. Исламның өкілдері мен оның таратушыларына осы тенденциялардың бірін таңдап, саясат пен экономикада оған сүйену керек болды. Менің пікірімше, таңдау XIII-XIV ғасырларда мұсылмандардың таңдауы айқын болды, ол - орталық хандық әкімшілігінің жағында, мемлекеттік жүйені жетілдіруге ұмтылған билік, таққа мұрагерліктің тікелей тәртібін белгілеп, мемлекетті орталықтандыруға әрекет жасады. [27, 78 б.]
Мемлекет аумағы үлкен далалық кеңістікте болды, қалалар тек Азов және Қара теңіз өңірлерінде, Қырымда, Орта Еділде, Хорезмде, даланың шетінде болған, Еділдегі (Волга) төменгі Саксин және Саммерсента туралы айтылған. Дегенмен, мемлекеттің коммерциялық жағынан қолайлы жерде орналасуы Алтын Ордаға транзитпен айналысатын көптеген саудагерлерді тартты. Плано Карпини 1246-47 жылдары орыстардың оңтүстік далаларынан бірде-бір қала көрмеген болса, 6 жылдан кейін Рубрук өз саяхатында бұл жерлерде құрылыстар пайда болып жаңа өркениет қалыптаса басатағанын жазған. Көшпелі өмір салтын ұстанып жүрген халықты қалалық тірлікке дереу көшіру үдерісі қалай жүзеге асырылды? Мұны Қарақорымға қатысты Алтын Ордадағы сепаратизмнің біртіндеп ұлғаюы және экономикалық тәуелсіздікке ие болуымен түсіндіруге болады. Мемлекеттің қалыптасуының алғашқы кезеңінде моңғолдардың ұлыс ақсүйектері өздерінің билеп отырған ұлыс пен үй-жайларынан, қоныстанған аумақтарды басқарудан ажырай бастады. Салық жинауды шетелдік (моңғол, қытай және орталықазиялық) салықшылар жүргізді, ал салық Қарақорымға түсті. Бұл тәртіп Шыңғысханның Яса заңдар жинағында да қарастырылған. Бірақ Жошы ұлысы Қарақорымнан экономикалық және саяси тұрғыдан ажырап, ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл моңғол билігіне тән сепаратистік үрдістерден, кейін оның саяси ықпалынан да құтылуға тырысты. [28, 27-28 б.] Моңғол империясының бөлінуі феодалдықтардың жаңа мемлекеттік құрылымдардағы саяси билікті тезірек нақты ресімдеуге деген ұмтылысының нәтижесі болды. Әрбір түменбасы он мыңға жуық сарбаздардың қабілетін ашып әскери ұрысқа тәрбиелеуге және соншалықты шаңыраққа ие болып өзіне тиесілі аумақтың қожасы саналды. Әрине, XIII ғасырдың саяси жағдайында ұлт феодалдық иеленудің мүлдем иеліктен шыққан нысаны болып табылады және оның мүшелігі белгілі бір тұтқынды насихаттаумен немесе сот шартымен байланысты болды. Ордадағы Ұлы хан билігінің әлсіреуімен, қоныстанған аумақтарды басқару ескі қала орталықтарының қалпына келтірілуін және жаңаларын құруды ынталандыратын іргелес киіз үйлердің иелеріне берілді, өйткені феодалдықтар қоныстанған халықты қанаудан пайда көрді. Дәлірек айтқанда қалалар көпестерді, әсіресе мұсылмандық сенімдегі саудагерлерді тарту орнына айналды. [29, 236-237 б.] Бату хан билік еткен тұста-ақ мұсылмандар оның ауналасына шоғырлана бастады. Мұсылмандар келіп, Болгария мен Хорезмді, яғни дамыған мұсылман мәдениетімен айналысатын өлкелерде, мемлекеттік басқаруда білімді мамандарды тарта бастады деп болжауға болады. Орда ішінде биліктің үлкен бөлігі құрылуына байланысты оқыған сауатты адамдарға мұқтаж болғандығын байқауға болады [29, 14-15б]. Моңғолдардың әртүрлі дін өкілдеріне қатысты кемсітуге жол бермейтін діни толеранттылық деген ұстанымы білімді адамдарға - христиандарға, буддистерге және мұсылмандарға - үкіметтің түрлі салаларына енуге мүмкіндік берді. Мысалы, Джузджани мұсылмандарының жағдайы туралы жазады: Ол (Бату) өте мұқият адам және мұсылмандардың досы, оның қамқорлығымен мұсылмандар өмірлерін еркін өткізді. Лагерьде және тайпаларда мешітте ғибадат етушілерге, имам және муезиндермен бірге салынған ... Сонан соң асырып: Кейбір сенімді адамдар былай дейді: Бату хан жасырын түрде мұсылман болды, бірақ оны ашпады және ізбасарларына да исламды дәріптеді. [26, 27-28 б.]
Беркеге қарсы қолдауды Бату xан Саин xанның қазасынан соң ордада үлкен болып қалуы арқылы алды. Бұл жағдайда мұсылман адам өзін қалай ұстаушы еді? М.Г. Сафарғалиеваның пікірінше Берке xанның бұл тартыста жеңуіне тікелей мұсылман көпестерінің тікелей ықпалы болған. Бір уақыт ішінде тақтан шынайы исламды қолдаушы xанды көргісі келген Хорезм және Бұлғар мұсылмандары да Беркеге жақтасты. Оның таққа отыруымен исламды дәріптеуге келген дін таратушыларға еркін жол ашылды. Осыдан кейін Берке тұсында Алтын Орда ақсүйектері жайлап ислам дінін қабылдай бастайды. Мұсылман көпестері Орданың билік құрылымына зор ынта танытады. Бәрінен бұрын олар Орданың ұлыс ішілік әкімшілік басқаруында сенімді билеушілердің отырғанын және алдағы атқаратын қызметтері үшін олардың жәрдем беретініне сенімді болды. Сонымен қоса, мұсылман көпестері Қарақорымдағы салық жүйесінің жойылуынада да белсенділік танытты. Оған түсетін қаражатты өздері алып отырғысы келді. Расында да дін тарату үшін мемлекеттің қаржылай көмегі қажет болары анық, сондықтан мұсылман көпестері алдымен ел билігіндегі адамдардан қолдау іздеді. [30, 45-48 б.] Осы тұрғыда М.Г. Сафарғалиевтің пікірімен келісуге болады. Уақыт өте келе бұл тұжырым да расталды, Берке xан Шыңғыс тұқымындағы ұлы xанды мойындамай, өз билігін орнықтырған алғашқы xан болды. Моңғолдар арасында исламды мойындаған тұңғыш xан ретінде тариxта қалды.
Құбылай ұлы xан атанғанына қарамастан Берке оның атын ақшаға басудан бас тартты. Оның орнына соңғы xалиф Насыр ад-Диннің атын жаздырды. Осы қылығы арқылы xалифаттың жоғарғы билігін мойындайтынын көрсетті. Шығыс тариxшылары Берке xанды осы мұрат үшін туылған деп санайды. Тариxшы Жүзжани оның дүниеге келуін былай сипаттайды: анасы Берке xанды дүниеге әкелген тұста оның әкесі (Жошы): мен бұл баладан мұсылман жасаймын, сондықтан оны мұсылманша кіндігін кесіп, мұсылман әйел сүтімен емізсін-деп бұйырыпты. Осының арқасында xан мұсылмандықты туылған сәтінен бастап сезінеді. [26, 17 б.] Кейінен Берке xанға таңдаулы имамдардың бірі Ходжентте Құран оқуды үйретеді. Бұдан кейін Орда әскерлерінің ішінде де басшыларын мұсылмандардан тағайындады. Берке xанның исламды ұстануы Бату xанның тұсында болғандығын Сартақтың мына сөздерінен байқауға болады: Сен-мұсылмансың. Мен xрестьян сеніміндегі адаммын ғой, маған мұсылманның келбетін көру бақытсыздық дейді. [26, 19 б.]
Египеттік Эннувейри: бұл Берке xан мұсылмандықты берік ұстанды және керемет болды. Ол ислами сенімнің ұшқындарын оятып, исламның жоралғыларын жасады. Мұсылман мектептерін ашып, исламның ең жақсы қасиеттерін еліне де сіңдірді. Оның әйелі де исламды қабылдады; ол өзіне шатырлардан бірге алып жүретін мешіт құрғызды. Берке нағыз мұсылмандардың қатарынан болатын, ол ғалымдарды құрмет тұтып, қайырымына бөледі. Шатырдан құралған мешітін үнемі өзімен бірге алып жүрді. Оның жанында күніне бес мезгіл құлшылық жасайтын имамдары болды. Исламды ұстанатын әскер xандықтың тірегіне айналды. [26, 204 б.]
Тағы да бір маңызды оқиға Бейбарыс сұлтанның жылнамасында жазылған: ислам дінін қабылдаған он мың қол Хулагуды жаулап Хорасанға қарай аттанып бара жатыр. [26, 82-83 б.] Иран моңғолдары мұсылман Египет мемлекетінің жауына айналды. Сондықтан Берке xан сұлтанға жазған xатында екі жақты одақ құруға ұсыныс білдірді. Бұл одақ тек қана саяси маңызға ие емес, бауыр екі мемлекеттің ортақ жеңісі үшін күресі саналады. Сондықтан мен Берке xанның елшілерін құшақ жая қарсы алдым. Олар мұсылманша киініп, мұсылман есімдерімен келген алғашқы елшілер еді. [31, 87 б.]
1266 жылы Иппатьевскийдің хроникасынан келесі хабарлама жазылған: Самех-Татарахта ұлы бүлік бар, олардың ішінде шексіз сандар, теңіздегі ақ құм бар. Оқиғаның болған күні Берке ханның өлімімен байланысты болуы мүмкін. [29, 39 б] В.Л. Егорованың пікірі бойынша: Беркенің өліміне оның мұсылмандық саясатты жүргізуге жасаған әрекеті көшпелі моңғол ақсүйектеріне аса жаға қоймаған. Бұл тәртіпсіздікті егжей-тегжейлі түсіндіретін мәліметтер жоқ, тек осы оқиға - бізге белгілі екі партиялардың ашық қарулы қақтығысыболғандығын көрсетті. Бір жағы хандық билікті нығайтуды ойлаған Беркенің мұсылман дінін қабылдаған жақтастары болса, екіншілері пұтқа табынатын көшпенді ақсүйектердің өкілдері болды. Исламды қабылдау көшпелі өмірдің әдеттегі нормаларын бұзды, ақсүйектердің құқықтарын қорғайтын Ясаның билігін және мағынасын біршама төмендетті, сот істеріне өзгерістер енгізді және т.б. бұрын соңды болмаған ережелерге бағынуға мәжбүрледі. [32, 199 б]
Бұл жолы пұтқа табынатын ақсүйектер тобы жеңіске жетті. Таққа Бату ханның немересі Меңгу-Темір отырды, ал ағасы Туда-Меңгу рубасы болып қалды. Осы уақыттарда В.Л. Егоров қала мәдениетінің біраз баяу дамығанын және ислам дінінің ақырындап халық арасында күш ала бастағанын жазады. [32, 78 б] Алтын Орданың билігін Қарақорымнан азат етіп, дербес мемлекет дәрежесіне көтерді. Меңгу-Темір Египетпен болған келісімді бұзбай жалғастырды. Хан қазасынан кейін таққа мұсылман болған ағасы Тодо-Мөңке отырды. Бірақ ол билікке Ноғай тағайындаған өкіл ретінде келді. Тодо-Мөңке таққа жолымен емес, табандылығы арқасында отырған болатын. Ноғай Жошының жетінші ұлы Бувалдың ұрпағы, Тутардың баласы еді. Ол оң қанаттың қолбасшысы, Еділдің батыс бөлігіне жауапты қолбасы қызметін атқарған. Бату, Берке және Меңгу-Темір алдында жақсы беделдерге ие болып, үлкен әскери лауазымдарды иемденді. Кавказдағы жорыққа қатысып, кейінен Константинопольге дейін барады. Осы сәттен бастап Ноғайға елдің батыс бөлігін иемдену мүмкіндігі туады. Басынан бастап-ақ Ноғайдың сарай билігін өз қолында ұстауы оның дәрежесін көрсетті. Исламды бірнеше рет қабылдап Египетке елшілер жолдап отырған. [28, 59 б.] Эннувейри олардың әскери жорықтары туралы жаза отырып Ноғайдың Берке хан тұсынан бастап-ақ қолбасы болғанын көрсетеді. [26, 152 б.] Ол жан-жағындағы қарсылықтарға қарамастан күш жинады. Ұланғайыр атырапты өзінің иелігіне алу үшін исламды саяси күш ретінде қолданды. Тіпті келісім жасаған Мәмлүк мемлекетіне де сенім артқан жоқ. Шарасыз қалған Туда-Менгу хан Орда ішіндегі беделі мен билігінен айрылды. Кейінен Тодо-Мөңкенің орнына Төле Бұға хан болады. Ол өз билігін Ноғайға бермеуді көздейді. Алайда Ноғай Тоқты ханмен келісім жасап, Төле Бұғаның жақтастарын өзіне қаратып алады. Осылайша ел арсында беделге ие болып, Орданың батысын өз қарамағына алады. [26, 103-104 б] Араб және орыс деректерінде Ноғайға мелек және царь лауазымдарының берілгендігі туралы жазылған. [30, 59 б.] Ноғай ұзақ уақыт бойы орданың батыс қанатын бөліп, өзін билік құрған хан деп жариялауға немесе әулеттің аға буындарының әміршілерін жойып, тұтастай Ордадағы билікті басып алуға ұмтылды. Сондықтан, Тоқта мен Ноғайдың арасындағы күрес басталғанда, Батудың егде жастағы балаларының ұрпақтары Тоқтаны жақтады. Олардың қолдауының арқасында Тоқта мемлекеттік билікті жеңіп, орталықтандырды (1290 жылдан 1300 жылға дейін). [28, 80 б.] Тоқта орталықтандыру үрдісінің бастамашысы ретінде объективті түрде әрекет еткен осы күресті жалғастырды. Ол Волгадағы мұсылмандардың ғана емес, қоғамның барлық топтарының арасында қолдау тапты, онда оның саясатының артықшылығы көрінді. Ноғай эмирлері оның жағына өтіп, күшті орталықтандырылған билік құруға мүдделі қалалар мен саудагерлердің мұсылман үйірмелері тарапынан қолдау тапты. Тоқтағаның қызметі толығымен оған қолдау көрсететін топтардың үмітін ақтауға бағытталды. Тоқтыдағы орталықтандырудың ең үлкен маңызы - 710 г.т. ақша реформасы болды(13101311). Бұны жасау барысында көптеген жергілікті монеталар Сарай мен Гүлистанға ауыстырылды, бұл қолөнер мен сауда-саттықты дамытуға, қалалар мен олардың мұсылман көшбасшыларына пайда әкелуге бағытталды. Тоқтақтың билігі кезінде Ордада исламның позициясы күшті болды, бұл Тоқта атымен бірге 1293 жылғы Алтын Орда монеталарының пайда болуымен, Насыр Лид-дин Аллах (сенім мен Алла көмекшісі) деген атымен куәландырылған. [26, 100 б.] Тоқтының басшылығының негізгі мақсаты, оның ұлы Илбазмышты мұрагер ретінде мемлекеттік басқаруды орталықтандыруға деген ұмтылысы болып қала береді. Тоқты жақтаушыларының лагері айналасында Ноғайдың өзін-өзі ашушылығымен біріктіріп, қайтадан екі бөлікке бөлініп, өкілдерінің жоғарыда сипатталған ұмтылыстары болды. Әкесінің өлімінен соң оның орнына үлкені болып билікке ие болып қалды. Осы тұста екінші тараптан Өзбек ханда билік үшін тартысқа түседі. Әрине бұл жолда Өзбек ханның мұсылман жақтастары көп болып Илбазмышты құртады. [30, 64 б.] Тоқтаның өлімінен кейін, оның билігі кезінде қатты әлсіреп қалған даланың көшпелі феодалдары, соңғы қалған қуаттарымен, өздерінің қан арқылы берілген құқықтарын қайтарып алғысы келіп, тағы да тәңіршілдікті ту етіп, Елбасмышты хан етуге тырысты. Хан тағында мұсылманды көргісі келген, бұл уақытта біраз күш жинап алған мұсылмандарда, әсіресе, Хорезм әмірі Темір-Құтлық, хан тағынан үміткер Өзбекті қолдап шықты. [26, 86 б.]
ХIV ғ. басы Алтын Орда үшін мұсылмандардың әсерінің күшейген кезі болатын. Тоқты хан өзі билік етіп отырған тұста "протекционистік" саясат ұстанып, елдегі мұсылмандарға белгілі бір дәрежеде шектеу қойып, олардың ел билігін тартып алуға жасаған әрекеттерін жүзеге асырмауды көздеді. Оның билігінің соңғы жылдарында моңғол ақсүйектері хорезмдік көпестермен байланыса отырып Өзбек ханды жақтайды және 1291 жылы оның ұлы Торулджиді Тоқты ханның өлтіргенін алға тартып билікті өз қолдарына алуға тырысады. Исламға қарсы топ болса Тоқтының ұлы, тақтың заңды мұрагері Ильбасмыш ханзаданы жақтайды. Тоқты хан қаза болған соң оның орнына таққа Ильбасмыш ханзаданың отыратынын түсініп Өзбектің жақтастары келісім дайындайды. Оның басында егер жеңіске жетсе Өзбек ханды исламға кіруге мәжбүр еткен әмір Құтлық-Темір тұрған болатын. Жаңа бетбұрыстың ішінде маңызды рөл атқарған Құтлық-Темірдің бауырлары - Сарайтемір мен Мұхаммедқожа, сонымен бірге Баялун хатун еді. Баялун хатун, марқұм Торгулджидің жесірі кейін Өзбекке былай баяндайды: "...мен саған хандық билікті бердім, оған дейін дәулетті болуды қалағандарға ақша, көлік сұрағандарға ат, киім сұрағандарға киім бердім, меннен жәрдем күткендердің мұқтаждықтарын беріп әрбір шаруаның ыңғайын жасадым". [26, 516 б.]
Алтын Орда тарихында 1312 жылы Өзбек ханның таққа отыруы мен исламның мемлекеттік дін ретінде қабылдануы 3 түрлі нұсқада сипатталады. Алғашқысы, "Шейх-Увейс тарихында" былай баяндалады: "1303-1304 жылдары Дешті Қыпшақта Тоқты хан қаза табады. Оның Ильбасмыш атты тақ мұрагері болатын және әмір Қадақ оның таққа отыруын қалайды. Туличидің баласы Өзбек Құтлық-Темірмен астыртын келісім орнатып қазаға көңіл айту үшін (Тоқты ханның қазасына) Ордаға келеді. Сол сәтте тақтың негізгі үміткері Ильбасмышты пышақтап өлтіреді, ал Құтлық-Темір болса оның жақтаушысы Қадақтың көзін жояды. Осылайша билік Өзбек ханның қолына көшеді" [26, 100 б.].
Эннувейри және Хафиза-и-Абру шығармаларындағы екінші бір деректе бұл оқиғаның жай ғана сарай ішіндегі билікке талас емес, діни тартыстың көрінісі болғандығын айғақтайды. Сарай ішіндегі аласапыран түбі Тоқтының қазасымен аяқталды. Одан кейін таққа талас екі жақты сенімдегі тараптардың тартысына ұласады. Бірі бұрынғы биліктің заңды мұрагері болса, енді бірі мұсылмандардың қолдауы бар ықпалды күш иесі болатын. Өзбек ханның мұсылмандардың қолдауымен заңсыз түрде таққа таласуы моңғол ақсүйектерінің наразылығын күшейтеді. Олардың арасындағы ірілері Манджуктың балалары Тунгур (Тунгуз) және Таз. Өзбек билікке келген тұста екеуінің де көзін жояды және олармен бірге бірнеше ордалық билеушілерді де құртады [26, 323 б.]. Хафиз-и-Абру дерегіне сүйенсек Өзбек ханға қарсы тараптың басында Тоқтының ұлы тұрған. Ол "ғазауат соғыс" (діни соғыс) кезінде өзінің 120 сұлтанымен қоса жазаға тартылады. [26, 141 б.] Егер дін үшін жазаланғандардың санын ескерсек елде исламға қарсылық қарқынды түрде жүзеге асқандығын байқаймыз. Өзбек хан Египет сұлтанына жазған хатында дін үшін соғысқан қарулы шамандарды "қарақшы" деп атайды. Эннувейри бұл хаттың мазмұнын былайша түсіндіреді: "Оның елінде (Өзбектің) исламды қабылдамаған бір топ қарақшылар бар, олардың таңдау еркіндігі көп емес. Не исламға кіріп, мұсылмандық шартын ұстанады, не соғысуға мәжбүр болады. Олар соғыс жолын таңдады, Өзбек болса оларға қарсы соғысты, қашқындарын құрықтады, қарсы шыққандарын аяусыз жазалап ақырында жеңіске жетті" [26, 163 б.].
Ал үшінші нұсқа Ибндукмактың тарихи жылнамасына негізделеді. Онда: "Тоқты ханның артынан не ер баласының, не қыз перзентінің қалмағаны туралы жазады. Құтлық-Темір хатундардың үлкені Торгулджидің бұрынғы әйелінен (Баялун хатуннан) көмек сұрайды және онымен Өзбектің билікке келуі үшін келісімге келеді. Осылайша жан-жақты ықпалды тұлғалардың қолдауымен Өзбек хан таққа заңды түрде отырады [26, 322-323 б.]
Дәл қазіргі таңда Өзбек ханның билікке келгендігін растайтын бұл деректердің қайсысы шындыққа жанасатынын дөп басып айту қиын. Барынша сенімді нұсқа ретінде парсы авторларының деректерін атауға болады. Себебі олардың жазбаларында елдің ішіндегі толқынның тууына "мұсылмандық ұйымдардың" қатысы болғандығы анық жазылған. Ал араб деректерінің ықтималдық деңгейі аз, себебі ханның тек 1312 жылы жалпы құрылтайда сайланғандығы туралы ғана баяндайды. Оның таққа келудегі ешбір қақтығыстары суреттелмеген. Өзбек ханның таққа келуі жай ғана құрылтаймен шешілген сайлау емес екендігі баршаға мәлім. Оның билікке келіуінің артында мұсылмандық ұйымдардың көмек көрсеткендігі де белгілі. Олар да өз кезегінде елдің билігін пайдалана отырып өздерінің саяси мүдделерін жүзеге асыруды ойлады. Сондықтан да Өзбек ханның таққа отыруы барлығының оңтайлы шешімі болатын. Бастысы исламды жақтаушылар мемлекеттің ішкі басқару құрылымын бұзбай сақтап, қарсы топтарды "рухани әлсірету" арқылы жеңіске жетуді мақсат етті.
Хан тағына ие болған Өзбек хан Алтын Орданы түбірімен өзгерте бастады. Бұл өзгерісті ол алдымен мемлекеттік басқару мен сот ісінде енгізді. Мемлекетті ұлыстарға бөліп, оны мұрагерлікпен қалдыруға рұқсат берді. Мемлекеттік мәселелерді алдыңғы хандар сияқты бүкіл әулеттік құрылтайларда емес, өзі тағайындаған адамдардан тұратын Диван да қарай бастайды. Сот істерінде де Яса заңдарымен емес, шариғат үкімдерімен жүргізуге бұйрық берді. Шариғат заңдары бойынша елдегі сот ісі жүргізілгендіктен, оның маңыздылығының артқаны сонша, Өзбек хан тіпті Египет сұлтанына арнайы елші жіберіп, одан фикһ жайлы кітаптар жіберіуін сұрайды. Осылайша Өзбек ханның тұсында Алтын Орда бюрократиялық басқару жүйесі бар,нағыз мұсылман мемлекетіне айналды.
Өзбек ханның әкімшілік реформасы тек әкімшілік билікті ғана қанағаттандырып қоймай, елдегі негізгі қарсылас күштерді нақты анықтап, өздерінің мүдделерін уақытша орнықтырды. [28, 89 б.] Көшпелі ақсүйектер өз мүшелерінің мұрагерлік құқығына ие болды. Бұрынғы 12 ұлыстың орнына 70-тен астам кішігірім ру-тайпалардан құралған 4 үлкен ұлысты жариялады. Олар: Сарай ұлысы, Хорезм ұлысы, Қырым ұлысы және Дешті Қыпшақ ұлысы. [32, 169 б.] Хан осы ұлыстардың арасынан исламды берік ұстанатын сенімді өкілдерін тағайындап басшы еткен. Барлық мемлекеттік басқару төрт ұлы мемлекеттік билік өкілі - ұлысбегі немесе ұлыс әмірлері арасында бөлінді, олардың біреуі сыртқы істерге жауапты жоғары әскери лауазымды адам - Беклербек болды. Діни істер де Беклербек қолына түсті. Ол ұлттық саяси тұрғыда ғана емес, шет елдермен байланысты тікелей бақылауды жүзеге асырды. Мемлекеттегі екінші маңызды лауазымды адам уәзір болды, оның құзырында ханнан кейінгі екінші билік болды. Дивандарды уәзірлер басқарды. Диван - бірнеше палаталардан хатшылармен (қаржылық, салықтық, экономикалық және ішкі саяси) құралған орталық атқарушы орган болды (қазіргі министрлер үкіметіне ұқсас). Орда мемлекеттік кеңсесінде - диванның хатшысы (диван палаталарының хатшылары), диван мүшелері, сонымен қатар қалалық үкіметтің (риаса) ресми лауазымдары болды [28, 93-100 б.]. Мұсылман діни қызметкерлері мен мұсылмандардың өкілдерінің мемлекеттік аппаратқа деген өсу үрдісі тез анықталып отырды [32, 169 б.]. Берке ханның уақытынан айырмашылығы, Шейх Виид әл-Дин Бахерци діни істерге зайырлы биліктің араласуын жазған кезде: Сарай мінбарға айналғаны (яғни, имамның бөлімі) анау айтқандай болмағаны жақсы. Өзбек ханның тұсында мұсылман дінін қабылдаушылар саяси өмірге де араласты. Олай болмаған жағдайда бұл мүмкін емес еді, өйткені ол Алтын Ордадағы исламды орнықтырудың мемлекеттік сипатына байланысты еді деп көрсетеді [33, 62 б.]. Ислам құқығына деген сұранысын Өзбек ханның 1323 жылы Мысырдың Сұлтанына фикх мәселелеріне арналған кітаптар жіберу туралы өтініші дәлелдейді. Қади сот шешімдерінің орындалуын Ордадағы жоғары сот органы немесе хандар мен әміршілердің кеңселерінің өкілдері ұсынған беклербек кеңсесі бекітті. Сонымен қатар, кадилердің өздері ханға, беклербекке немесе әмірге тікелей бағынды [34, 28 б.].
Қалай болғанда да Алтын Орда мұсылман мемлекеті ретінде барлық халықтар арасында мойындалды. Сонымен, Жәнібек ханның тұсында Иранды басқарған Мелик-Ашфердің қол астындағы түрлі тәртіпсіздіктердің кесірінен көптеген қожалар мен шейхтар Сарайға қашып, бастарына қауіпсіздік іздеді. Бұл - Алтын Орда да олар барып паналай алатындай мұсылман қауымының өмір сүруі үшін дамыған құрылымдық жүйе болғандығын көрсетеді. Ұсақ ұлыстарды ірі төрт ұлысқа қосу сарай байлары үшін тиімді болды. Ірі феодалдар өз ұлыстарындағы қалаларды басқару мен қалалық және транзиттік саудадан, қолөнер өндірісінен барынша пайда көріп, мемлекетті салықтарды жинау арқылы оларды тұрақты кіріс көзіне айналдырды. Ұлы дүрбелең кезеңіндегі жікшілдік пен жекеленуге ұмтылған көңіл- күй Орданың қалалық аймақтарында айқын көрінді. Қалалалық аймақтарда халықтың көрсеткен экономикалық күшінің қарқынының әсері 1361-1380 жылдар аралығында жеке феодалдарға іргесін аулаққа салып, таққа отыруды көздеген күреске мүмкіндік туғызды. [26, 264 б.] Менің ойымша, Жәнібек хан мен Өзбек хан тұсындағы қалалық мәдениеттің кең қанат жаюуын бірнеше себептер арқылы түсіндіруге болады. Біріншіден, Орданың әкімшілік реформалануы мен қалалар мен ұлыстардың дамуына септігін тигізген меншік иелерін тайғайындау. Екіншіден, Алтын Ордадағы билікті орталықтандырудың арқасында ішкі кикілжіңдерді тоқтатып қана емес, транзиттік сауда-саттықтың барынша қауіпсіздігін қамтасыз етті. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан берілген бұйырықтардың арқасында әскери күш қалыпына келтіріліп, қолөнер өндірісінің өсуін қамтамасыз етті.

1.2 Ислам дінінің таралуындағы суфизмнің рөлі
Белгілі орыс ғалымы Бартольд Исламның Дешті Қыпшақ даласындағы таралу себебін, біріншіден сопылардың белсенді іс-әрекетімен, ал екіншіден мұсылмандық отырықшы аудандардың барынша көршілес көшпелі тайпаларға ықпал етуінен деп түсіндіреді. Шынында да, Дешті Қыпшақ өлкесіне мұсылмандықтың жайылуында, Исламдағы сопылық ағымының алатын орны ерекше. Сопылық - бұл Исламдағы мистикалық-аскеттік ағым болып табылады. Сопылардың кітаппен жүретін және онымен сөйлейтін факыхтардан айырмашылығы, бекітілген бір діни нормалардың болмауы. Яғни әрбір сопының ақиқатқа жететін өз жолы болады. Әрбір сопының міндетті түрде шәкірттері(мүридттері) болды және ол мүридтер міндетті түрде барлық істе сопыларға бағынуы тиіс еді. Атақты сопылардың мүридтерінің саны бірнеше мыңға жетіп отырған. Сондықтан өзіне толықтай бағынған мүридтері бар сопылар өте үлкен саяси және рухани ықпалға ие болды.
Жошы ұлысының моңғолдарының жаулап алу екпіні көп жағдайда шаруашылық-мәдени өмір салты басқаша дамыған аймақтарға бағытталып отырды. Әсіресе, Повольже жеріндегі Еділ бұлғарлары мен Орта Азиядағы Хорезм секілді мұсылмандық сенімдегі халықтарға ерекше назар салды. Шамандық-моңғолдар бұл аймақтарда өз биліктері мен саясатын нығайту үшін олардың мәдени-тарихи наным-түсініктеріне қысым көрсетпеуге мәжбүр болды.
Алайда бұл аталған аймақтар исламның классиклық орталықтары болмаса да, сопылық үрдіс соншалықты дами қоймаса да жошылық-моңғолдар оны сол қалпында қабылдауға сөзсіз дайын болды. Сопылық бағыт - исламды құраушы бөліктердің бірі, сонымен қатар шамандық бағытты ұстанып келген көшпелі және жартылай көшпелі мәдениетті халықтар үшін исламның өте қолайлы дағдыларын үйретті. Сондықтан көшпелілер арасында исламның сопылық бағыды тез белең алды. Осылайша, Алтын Ордада осы діндердің симбиотикалық дамуы үшін қолайлы жағдай қалыптасты және діннің тұрақты орнығуы үшін мемлекетте кем дегенде бір ғасырға жуық саяси күрес болды.
Сопылық бағыт өз кезегінде ішкі тұрақтылық пен исламды өркендетудің ұйытқысы болып қала берді. Оның шамандық түсінікті ұстанған түркілік-моңғолдар арасында тез сіңіп кетуінің де өзіндік салдарлары болды. Себебі, мұсылмандыққа дейін түркілік-моңғолдар жасап келген жоралғылар мен наным-сенімдердің көрінісі сопылық ұғымда жиі ұшырасып отырды. Сопылар формальді түрде Құранды негізге алып және оның мазмұнын сақтай отырып, исламға дейінгі сенімге лайықтап ұғындыруға тырысты.
Құранның аллегориялық түсіндірмесі ортодоксальды исламның кейбір ережелеріне күмән тудыруға және тіпті барлық мұсылмандар үшін міндетті болып табылатын рәсімдерге мән бермеуге мүмкіндік берді. Сопылық ғұрыптар оны дәріптеушілер арасында белгілі бір тіркестік ұғымдарды қайталау немесе Құдайдың атын жиі айту шамандық сенімнің үлгілерін еске салып отырды.
Алтын Ордада исламның мемлекеттік дәрежеге көтерілуіне 1258 жылы таққа отырған Берке ханның ықпалы зор болды. Ол исламды өзі қабылдай отырып, мемлекет ішінде дендеп енуіне көп үлес қосты. Бұл уақыттарда оның аты исламды дәріптеуші ретінде өзге жерлерге де танымал болған еді. Берке хан Бұхара жерінде мұсылман оқымыстыларымен кездесіп, олармен әңгімелескен. Сол кезде оларға исламды Сайфетдин ал-Бохарзи шейхтан қабылдау мүмкіндігі туған [7, 130 б.].
Сайфетдин ал-Бохарзи Хорезмдегі танымал шейхтің, Сопы бауырластығының негізін қалаушы Нажм ад-Дин Кубра шәкірттерінің қатарында болды. Кубраның басты ерекшеліктерінің бірі ол қатаң түрде жүзеге асырылған жоқ және Алтын Ордада зорлықпен дінді орнату жүйесінен аулақ болды. Кубра оқушысынан бата алған Берке хан үшін Алтын Ордадағы халықтың оның билікке келгенге дейінгі ұстанымдарымен санасуы оның билігін одан әрі нығайтты, жергілікті моңғолдар арасында мәртебесі жоғарылады. Еділ өңірі мен Орта Азиядағы Хорезмде моңғолдар келгенге дейін де Х ғасырда исламның алғашқы орнығуы басталған болатын. Оған Муктадир халифтің Еділ бұлғарларына жіберген елшілігінің жүріп өткен жолдарына исламды таратуы дәлел бола алады. Берке ханның исламды қабылдағанын ХІІІ ғасырдың екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
Біз қалай мұсылман болдық?
Қарлұқ мемлекетінің Жетісу аумағына саяси үстемдігін жүргізуі
ХҮ -ХҮ ғ.ғ. Дешті Қыпшақтағы хандық биліктің өзгеріске ұшырауы
Исламды түркі өркениетінің қабылдауы
Алтын Орда әдебиеті
Алтын Орда
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ МЕН МАМЛҮКТІК ЕГИПЕТ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ БАЙЛАНЫСТАР
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Пәндер