Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек, - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Қазіргі таңда әлем жылдам өзгеруде. Ғылым мен техниканың шапшаң дамып жатқан заманы.Өсіп келе жатқан жас өспірім ұрпақтарымыз ұялы телефон мен интернет желісінсіз жүре алмайтын дәрежеге жеткен кез. Сондықтан біз бала қолынан оқулықты көре алмаймыз. Ендігі таңда бала қолына баспадан шыққан оқулықты ұстатып, оны жан-жақты тәрбиелеу - мұғалім еңбегінің өзекті мәселесіне айналғаны шындық.Сондықтан мұғалім заман талабына сай өзгеруі қажет. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде болуы. Елде болып жатқан өзгерiстер мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер мұғалімдердің білімдерін көтерудегі жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа көзқарастарды, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуде қажеттiлiк тудырып отыр. Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог А.Байтұрсынов Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру деген. Заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін таңдау керек және осы әдісті қолдану жолын өзі жақсы білуі керек. Сондай әдістердің бірі: интербелсенді әдістің тиімділігі.
Қазіргі оқу үдерісінде білімді меңгеру үшін интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады. Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатыса алады және келесі сипаттамаларға ие болады: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Аталған жағдайды тудыру үшін ең тиімді жолы - топтық жұмыс. Мұндай жағдайда мұғалім диагностика мен мониторингті қамтамасыз етеді, оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады, алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді.
Ұқсастығын немесе белгілі бір құбылыстардың айырмасын жариялау қажет болса, топтық жұмыста мұндай стратегиялар қолданылады - қатысушылардың әр түрлі топтармен бір мәселе бойынша пікіралмасуы өзара үйрету, үйрену жолдары жүзеге асырылады.
Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік болғандықтан, мұғалімдердің сыни тұрғысынан ойлау арқылы оларды оқыту туралы ойлануына, сыни ойлау туралы түсініктерін нақтылау, мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік және балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға болатындығын түсіндіруді көздеймін.
Сабақтар барысында постер қорғау, Джиксо, 6 ойлау қалпағы әдіс-тәсілдері, тұжырымдамалық карта құру, Стоп кадр т.б. әдіс-тәсілдер қолданылады.
Жоғарыда аталғандай сыни ойлау қабілеттерін дамытудың ең тиімді жолы - дұрыс сұрақ қою болғандықтан, сабақтарымның жаттығуларында сұрақтар қоя алу машықтарын жетілдіру арқылы тапсырмаларды ұсынамын.
Топтық жұмыста зерттеушілік әңгіме ұйымдастырған мұғалімдер бұл сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, өнімді өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитыны, өзін сенімді болуына, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, білім беру саласына керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет деген талапқа сай ұжымдық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп берді.
Баланың бойында терең ойлану, өз идеялары мен әрекеттерін талдау,бағалау, пікірталастарға қатысып өз ойы мен пікірін дәлелдеу, басқа балама пікірді ескеруі және шешім қабылдауы, қиын мәселелерді шешуі барысында бала сол күнгі білімді есте сақтайды.
Кездескен кедергілерге келетін болсам, бір сабақта көп әдісті қолдануға болмайтындығы, себебі әр тапсырма уақытты талап етеді. Уақыт тар болғандықтан толық ашылуға уақыт жетпейді. Екіншіден топтың дұрыс бөлінбеуі, бір топта гуманитарлық пән мұғалімдері жиналғандықтан олар шапшаңдау болды деп ойлаймын. Негізінен кері байланыс нәтижесі бойынша мақсатыма жеттім, енді әдістемелік күні сабақтарында қалай қолданатындарын көріп, қорытынды жасай аламын. Қазірдің өзінде қызығушылық танытып жатқан ұстаздарымыз келіп көмек көрсетуімді сұрауда.
Бағдарламада көрсетілген 7 модульді қолданысқа енгізу, оның нәтижесіне қорытынды жасау терең зерттеуді керек етеді. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер - қолдану әрбір мұғалімнің көздеген мақсатына жету үшін оңтайлы тәсіл болып табылады. Себебі балалар бір-бірімен диалогтік әңгіме құра отырып, еркін ой бөліседі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: "Болашақта өркениеті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім". (Елбасының халыққа жолдауынан) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын ХХІ ғасыр дағдыларының моделі болып табылады.
Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, білім беру саласына керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет деген талапқа сай ұжымдық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп берді.
Интерактивті оқыту әдісінің ең бастысы, жауаптың өзінен де мәселені шешу үдерісінің маңызды немесе маңыздырақ екенін түсінуі. Интерактивті әдістің мақсаты тек қана ақпарат беру ғана емес,оқушының өз бетімен жауапты табу дағдыларын қалыптастырумен байланысты.

1. Әдебиетке шолу
1.1 Биология сабағында қарапайымдыларды оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы, оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті.

Биология сабағында қарапайымдыларды оқыту әдістемесі зоолоогия пәнінде оқыту және тәжірибе жүзінде көрсетуде негізделген жаңа инновациялық әдістемелерді еңгізу болып табылады.
Сабақта қолданылғын әдістемелер оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, оның бағдар-барысын қарастырады. Сонымен қатар әдістеме оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтап олардың жіктелуіне септігін тигізеді.
Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу - тәжірибе алаңы керек.
Биология сабағында оқыту әдістемесі - жалпы әдістемеге және жеке пәндердің әдістемесі деп екіге бөлінеді.
Жалпы әдістеме лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
Жеке пәндердің методикасы - зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы. Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі. Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.
Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А.С. Выготский өз еңбегінде ... .білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек деген.
Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы.
Сабақтың мазмұнын түсіндіргенде әдеби тілмен жатық, түсінікті сөйлеуге тырысу. Кейде тақырыптың мазмұнына байланысты тіл әдебиет пәндерінен үзінді келтіруге болады.
Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы.
Сабақтың мазмұнына байланысты объектілердің кездесетін материктерін көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады.
Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.
Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.
Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.
Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.
Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады.
Оқытудың әдістерін жасап береді.
Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.
Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды.
Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының ұйымдасуын, керекті көрнекі құралдармен жабдықталуын практика жүзінде тексеріп отырады.
Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін - осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.
Жануарлардың құрылысы мен тіршілік етуі туралы мәліметтер адамзат баласына бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған. Олар өздері аулаған жануарлардың сырт пішінін паналайтын үңгірлер кабырғасындағы тастарға және күркелерінде калдырған сүйектерге ойып салып отырған. Мысалы: Австрия үңгірлерінің бірінде жүрегі айқын көрсетілген піл суреті бар. Сонымен катар аралар балын жинап жүрген әйел бейнесі де салынған. Бұлар бізге қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесінде белгілі болып отыр.
Ал жануарларды ғылыми негізде зерттеп, зоологияның дамуына ең алғаш жол ашкан гректің ұлы ғалымы және философы Аристотель (384-322, IV ғасыр біздің заманымызға дейінгі) болды. Аристотель жануарлар классификациясын жасап, зоология систематикасынының негізін салған. Ол жануарлардың 500-ден аса түрлерін зерттеп, оларды 2 топқа бөлген: 1) "энойма" - қаны бар жануарлар; 2) "анойма" - қаны жоқ жануарлар.
Бірінші топқа, қанды жануарларға: 1) тірі туатындарды (аңдарды); құстарды; 3) бауырымен жорғалаушыларды; қосмекенділерді; 4) балықтарды жатқызды.
Екінші топка, қансыздарға: 1) басаяқты моллюскаларды; 2) шаянтәрізділерді; 3) моллюскаларды (басаяқтылардан басқа); 4) насекомдарды, өрмекшілерді және құрттарды жатқызды.
Төменгі сатыдағы ұсақ жәндіктерді үшінші "chaos" - тобына жатқызды. Аристотель көптеген кітаптар жазған. Ол насекомдардың толық және шала дамуын, құстардың көшу және қайту мерзімін, сүткоректілердің зәр шығару және жыныс мүшелерін айқын бейнеледі, сүткоректілерді жұптұяқтыларға, балықтарды шеміршектілер мен қатты сүйектілерге бөлді.
Аристотель "Жануарлар тарихы" деген еңбегінде жануарлар туралы көзқарасын білдіре отырып, жануарлардың және адамның сыртқы және ішкі мүшелеріне сипаттама берді, ал бұл жануарлардың салыстырмалы анатомиялық сипаттамасына алып келді. Аристотель "Жануарлардың дене бөліктері туралы" еңбегінде организмдерде бірыңғай тканьдер және бірыңғай
емес "мүшелер" бөлімдерін ажыратты, ал "Жануарлардың пайда болуы туралы" еңбегінде жануар мен адам эмбриологиясы туралы айтты.
Аристотель өз еңбектерінде суреттерді негіз етіп алған, бірақ олардың көбісі сақталмаған. Аристотельдің бірінші зоологиялық сипаттамасы көп уақыт бойы қолданылып келеді.
Орта ғасырда жануарлар жайындағы алғашқы түсініктердің бастамалары әрі қарай дами алмады, өйткені феодалдық коғам жағдайында табиғатқа тәжірибе жасау және зерттеу жұмыстарын жүргізу діннен тайғандардың ісі деп саналып, зерттеушілер қатты қуғынға ұшыраған. Тек XV ғасырдан бастап капитализмнің, өнеркәсіптің, сауданың дамуымен қатар
зоология да дами бастады. XVI - XVII ғасырларды жинақтау ғасыры деп атауға болады.
Жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы негізгі түсініктер қалыптаса бастады. Жануарлардың көптүрлілігі, олардың ішкі құрылысы туралы да шығармалар шыға бастады. Олардың авторлары швед ғалымы К. Геснер және француз ғалымдары Г. Ронделе, П. Белона.
Зоологияны дамытуда үлкен үлес қосқан голланд ғалымы Антон ванн Левенгук (1632-1723) және ағылшын ғалымы Роберт Гук (1635-1703). А. Левенгук қарапайым құрылысты микроскоптарды жасап, тұңғыш рет бір клеткалы тірі жәндіктерді ашты, ал Р. Гук өсімдік тозағашының құрылысын зерттеп, оның клеткадан тұратынын анықтады. Р. Гук "Микрография немесе үлкейтетін шыны арқылы ұсақ денелілердің физиологиясын бейнелеу" (1665)
деген еңбегінде тұңғыш рет "клетка" ұғымын қолданды.
XVIII ғасырда швед ғалымы Карл Линнейдің (1707-1778) жасаған системасын жұртшылық мойындады. Ол өзінің "Табиғат системасы" (Systema naturae, 1735) деген үлкен еңбегінде өсімдіктер мен жануарлардың негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сүйене отырып, ең кіші бірлікті түр деп атап, ұқсас түрлерді - туысқа, туыстарды - отрядтарға, ал отрядтарды класқа біріктірді. К. Линней өсімдіктердің 7540 түрін зерттеп, оларды 24 класқа бөлді, ал жануарлардың 4200 түрін зерттеп, оларды 6 класқа бөлді: 1) Сүтқоректілер - Mammalia; 2) Құстар - Aves; 3) Хайуандар - Amphibia - бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер; 4) Балықтар - Pisces; 5) Насекомдар - Insecta; 6) Құрттар - Vermes (бұл класқа моллюскалар
және басқа да омыртқасыз жануарларды жатқызған).
К. Линнейдің өсімдіктер мен жануарлардың түр және туыс аттарын латын тілінде атауды ұсынуы ең негізгі бағалы жаңалығы болды. Мұны ғылымда қосарлы немесе бинарлық ("би" - екі) номенклатура деп атайды. Осы күнге дейін барлық елдің ғалымдары түрлерді қосарлы аттарымен атауды қолданып келеді. Мысалы, Cimex lectularius - төсек қандаласы, С. hirundinis - құс қаңдаласы, Tabanus sabuletorum - құм сонасы, Т. subsabuletorum - тоғай сонасы, Т. brunneocallosus - тақыр сонасы, Т. bovinus -
өгіз сонасы. Түрлердің барлық особьтары үшін туыс аты ортақ болады. Мысалы, төсек және құс қандаласына Cimex туыс аты ортақ. Ал соналарға Tabanus туыс аты ортақ. Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен жазылады.
К. Линней ботаника тіліне өзгерістер енгізіп, ботаникалық тіл қорын жетілдірді. Ботаникадан еңбектері: "Ботаника негіздері", "Ботаника философиясы", "Өсімдіктер туыстары", "Өсімдіктер түрлері" т. б. К. Линней табиғат туралы метафизикалық түсініктерді толық қуаттап, түр өзгермейді жаратушы қанша түр жаратса, сонша түр тіршілік етеді деген үғымда болған.
XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басында органикалық дүние жөнінде эволюциялық көзқарастар тұрғысынан пікірлер айтыла басталды. Француз ғалымы Жорж Луи Бюффон (1707-1788) өзінің "Табиғат тарихы" (1749) деген еңбегінде үй жануарларының өзгеріске ұшырайтындығын дәлелдеген. Эволюцияны қолдаушылардың бірі француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829) болған. Ол өзінің "Зоология философиясы" (1809) деген еңбегінде, жер тарихының ұзақ жылдар бойында сыртқы ортаның әсерінен организмдердің үздіксіз өзгеріп отыратындығын көрсеткен. Ж. Б. Ламарк систематиканың дамуына көп еңбек жасады. Ол барлық жануарларды екі топқа бөлді: омыртқасыз жануарлар, омыртқалы жануарлар. Омыртқасыз жануарларды 10 класқа топтастырды: 1. Инфузориялар класы. 2. Полиптер. 3. Сәулелілер. 4. Құрттар. 5. Насекомдар. 6. Өрмекші тәрізділер. 7. Шаян тәрізділер. 8. Буылтық құрттар. 9. Мұртаяқтылар (төменгі сатыдағы шаян тәрізділер). 10. Моллюскалар. Омыртқалы жануарларды 4 класқа топтастырды: 1. Балықтар класы. 2. Бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер класы. 3. Құстар. 4. Сүтқоректілер. Осы 14 класқа бөлінген жануарларды Ж. Б. Ламарк сатылай орналыстырды, оның төменгі сатысына инфузорияларды, полиптерді (құрылысының күрделілене түсуіне байланысты жоғары сатыға көтеріледі), жоғары сатысына құстар мен сүтқоректілерді орналастырды. Тірі организмдер құрылысының күрделілене түсуін Ж. Б. Ламарк "градация" (жоғары көтерілу) деп атады. Организмдер құрылысының күрделіленуін Ламарк, олардың іштей прогреске ұмтылушылық қабілеті болуынан деген пікірде болған.
Ж. Б. Ламаркпен қатар француз ғалымы Жорж Кювье (1769-1832) салыстырмалы анатомия негіздері мен корреляциялар туралы ілімнің негізін салды. Сонымен қатар систематиканың да дамуын жалғастырды.
Ж. Кювье және оның шәкірті Блинвиль 1825 жылы системаға "тип" деген ұғым енгізді. Жануарларды олар 4 типке бөлді: 1) омыртқалылар типі, 2) жұмсақ денелілер, 3) бунақтылар (мүшелілер), 4) сәулелілер. Омыртқалылар типіне мынандай кластарды енгізді: 1. Сүтқоректілер. 2. Құстар. 3. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар. 4. Балықтар. Жұмсақ денелілер типіне: 1. Басаяқтылар. 2. Қанатаяқтылар. 3. Бассыздар. 4. Иықаяқтылар (иін). 5. Бауыраяқтылар. 6. Мұртаяқтылар; Бунақтылар типіне: 1. Буылтық құрттар. 2. Шаянтәрізділер. 3. Өрмекшітәрізділер. 4.Насекомдар. Сәулелілер типіне: 1. Тікентерілілер. 2. Құрттар. 3.Атқыштар.
4. Полиптер. 5. Инфузориялар.
Ж. Кювье, Линней сияқты, түр өзгермейді деді. Типтердің өзгермейтіндігі және тұрақтылығы туралы метафизикалық ұғымды қолдады.
Ж. Кювьемен қатар орыс ғалымы К. Бэр (1729-1876) салыстырмалы эмбриологияның дамуына жол ашты. Ол жеке организмдердің ұрықтарының дамуына арнап "Жануарлардың даму тарихы" (1834) деген екі томдық кітап жазды, мұнда ол жануарлардың дамуы бір клеткадан басталатындығын анықтады, эмбриональдық даму бірнеше жеке процестерге бөлінетіндігін көрсетті және ұрық күрделі организмге бірте-бірте даму процесінің нәтижесінде айналатынын көрсетті. К. Бэрдің тағы бір жаңалығы, ол сүтқоректілердің жұмыртка клеткасының болатыңдығын ашты.
К. Бэр түрлі жануарлардың ұрықтарының даму жолдарын зерттеп, оларды төрт типке бөлді (Ж. Кювьенің бөлген типтеріне сәйкес). К. Бэр эволюция туралы алғашқы айтылған "түр өзгеріске ұшырайды және тұрақты болмайды" деген пікірді қолдамады.
Орыстың көрнекті эволюционисі К. Ф. Рулье (1814-1858) органикалық дүниенің тарихи даму жолдарын зерттеді. XIX ғасырда ілімді толық дәлелдеп, оған материалистік түсінік берген атақты ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809-1882) болды. Ол өзінің эволюциялық теориясын "Түрлердің табиғи сұрыпталу жолы мен пайда болуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы жағдайға ұшыраған тұқымдардың сақталуы" (1859) деген еңбегінде жариялады. Осыған орай биология ілімінің бір саласы - эволюциялык теория деген атқа ие болды. "Түрлердің шығу тегі" (1864), "Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі" (1868), "Адамның тегі және жыныстық сұрыптау" (1871), " Адам мен жануарлар түйсігінің білінуі туралы" (1872) сияқты еңбектерінде Ч. Дарвин эволюциялық теорияларын жеке зерттеп, түрлердің тегі және эволюцияның қозғаушы күштерін айқындады. Дарвиннің пікірі бойынша, органикалық дүние эволюциясының негізгі қозғаушы күштері - ол тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес пен табиғи сүрыпталу.
XIX ғасырда ботаник Матиас ІІІлейден (1804-1881) және зоолог Теодор Шванн (1810-1882) клетка теориясын жасап жарыққа шығарды. Т. Шванн "Жануарлар мен өсімдіктердің құрылысы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер" (1839) деген еңбегінде өсімдіктердің, жануарлардың денесі клеткалардан құралатындығын, клеткаларының химиялық құрамы жағынан бір типтес екендігін және барлық тканьдер клеткалардан құралатындығын дәлелдеген. М. Шлейден цитогенезис теориясын ұсынған.
XIX ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары Фриц Мюллер (1822-1897) және Эрнст Геккель (1834-1919) биогенетикалық заңды ашты. Заңның тұжырымы: "Әрбір особь жеке дамуында өз түрінің даму тарихын қысқаша қайталайды, немесе онтогенез - филогенездің қысқаша да шапшаң қайталануы". Э. Геккель "Жалпы морфология" (1866) деген еңбегінде организмдер арасындағы туыстық байланыстарды, онтогенез бен филогенездің арасындағы терең байланыстылықты көрсетті және онтогенез белгілерінің екі типін көрсетті: палингенез - арғы тегінің белгілері, ценогенез - организмдердің бейімделу барысындағы пайда болған екінші реттік белгілері.
XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырда ашылған жаңалықтармен бірге көптеген ғалымдардың еңбектерінің арқасында биологияның жекелеген салалары өркендеп дами бастады. Систематика, зоогеография және фаунистиканың дамуында М. А. Мензбир, П. П. Сушкина, Л. С. Берг, С. И. Огнев, А. В. Иванов, В. Г. Гептнер, Г. П. Дементьевтің және баска ғалымдардың зерттеулерінің орны айрықша. Экологияның дамуына - Н. Ф. Рулье, Б. М. Житков, Д. М. Кашкаров, А. Н. Формозов т. Б. едәуір үлес қосты. В. О. Ковалевский, П. Сушков және А. Борисяк - эволюциялық палеонтологияның, И. М. Сеченов және И. П. Павлов - физиологияның дамуына зор үлестерін қосты.
Салыстырмалы эмбриология ілімінің негізін салушылардың қатарында
көрнекті орыс ғалымдары А. О. Ковалевский (1840-1901) және И. И. Мечников (1845-1916) болды. Олар жануарлардың ұрықтық даму жолдарын зерттеп, ұрық жапырақшаларының (эктодерма, энтодерма және мезодерма) қалыптасу жолдарын белгілеп, барлық жануарларда ұрық жапырақшаларының ұқсас болатындығын, органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеп берді.
Эволюциялық эмбриологияның проблемаларын белгілі дәрежеге жеткізген атақты эмбриологтар А. Н. Северцов, И. И. Шмальгаузен, П. П. Иванов, П. Г. Светлов, А. А. Захваткин, Г. А. Шмидт. Жануарлардың салыстырмалы анатомиясы мен морфологиясының негіздерін зерттеуде көп еңбек жасаған ғалымдар: В. Н. Беклемишев, В. А. Догель, В. М. Шимкевич, И. И. Шмальгаузен, Б. А. Домбровский т.б.
Эволюциялық морфология негіздерінің мәселелерін шешуде көрнекті ғалымдар академик А. Н. Северцов (1866-1936), И. И. Шмальгаузен (1864- 1963) табысты еңбек етті. А. Н. Северцов эволюцияның негізгі бағыттары ароморфоз, идиоадаптация және дегенерациядан құралатынын анықтап берді. А. Н. Северцов "Морфология эволюциясының заңдылықтары" (1939) деген еңбегінде филэмбриогенез теориясын ұсынды.
Паразитологияның даму тарихы Е. Н. Павловский (1884-1965), В. А. Догель (1882-1955), К. И. Скрябин (1878-1972), В. Н. Беклемишев (1890- 1962), Е. И. Марциновский (1874-1934) есімдерімен байланысты. Бұл салада жануарлар паразитологиясын зерттеуде комплексті биологиялық қадам жасалды.
Академик Е. Н. Павловский трансмиссивті (тасымалдаушы) аурудың "табиғи ошағы" теориясын ұсынып, адам мен үй жануарларының осы аурумен күресудің ғылыми негізін жасады.
К. И. Скрябин трематодтар, цестодтар және нематодтар құрттарын жан-жақты зерттеп, көп еңбектер жазды, гельминтология ғылымының дамуына үлкен үлес қосты.
В. А. Догель бір-бірімен байланысты үш салада - протистология, экологиялық паразитология және салыстырмалы анатомия саласында жұмыс істеді. В. А. Догельдің ең атаулы еңбектері: "Жалпы протистология" (1951), "Жалпы паразитология" (1951), "Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы" (1938). 1934 жылы "Омыртқасыздар зоологиясы" деген оқулығы бірінші басылым ретінде басылып шықты. В. А. Догельдің көмегімен біздің елде балықтарды зерттеу жұмыстары іске асты. 1930 жылы В. А. Догель Арал теңізіне экспедициямен келіп, балықтарда болатын паразит құрттарды зерттеді. 1934 жылы В. А. Догель "Арал теңізі балықтарының паразиттері" деген монографиясын шығарды. 1938 жылы Каспий теңізі балықтарын зерттеп, "Каспий теңізінің балықтарының паразиттері" деген монографиясын
шығарды.
1941-1944 жылдары В. А. Догель Алматыда, Қазақ Мемлекеттік университеті биология факультетінде жұмыс істеді. Омыртқасыз зоологиядан, жалпы паразитологиядан студенттерге лекция оқыды. Қазақстанда ихтиологияның, ихтиопаразитологияның дамуына біраз үлес қосты. Республикамыздағы паразитология мен гельминтологияның дамуына өздерінің үлестерін қосқан Галузо, Р. С. Шульц, Е. В. Гвоздев, К. Б. Сванбаев
т. б. Зоологияның жақсы дамыған саласының бірі - энтомология. Энтомологияның дамуы насекомдардың практикалық және теориялық маңызымен байланысты. Насекомдардың көпшілігі ауыл шаруашылығының басты зиянкестері, адамға және жануарларға әр түрлі жүқпалы ауру таратушылар болып табылады. Пайдалы түрлері де көп. Сондықтан насекомдарды жан-жақты зерттеу, зиянкестерге қарсы шара қолдану әдістерін табу, энтомологияның негізгі міндеті. Энтомологияның дамуына үлкен үлес қосқандар: Н. А. Холодковский, А. С. Данилевский, Б. Н. Шванвич, Г. Я. Бей-Биенко, А. А. Штакельберг, А. С. Мончадский, М. С. Гиляров, В. В. Шевченко, А. М. Дубицкий, П. И. Мариковский, Т. Н. Досжанов. Қай ғылым саласы болсын оның дамуына, ғылым ретінде танылуына зерттеу әдістері көп көмегін тигізеді. Неғұрлым жаңа зерттеу әдісі ашылса, соғұрлым жануарлардың жаңа белгілері, түрлері табылады. Мысалы, XX ғасырдың соңғы жылдарының ірі табыстарының бірі - жаңа Погонофора типінің ашылуы болды. Зоология - қазіргі уақытта тез дамып келе жатқан ғылым. Оның табыстарын жоғалтып алмай, жануарлар дүниесін қорғау және ғылыми негізінде ұтымды пайдалану, табиғат байлықтарын көбейту ісі әрбір адамның борышы.

1.2 Биология пәні бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстарының міндеттері.

Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыруда мектептегі биологиялық білімнің маңызы зор.
Табиғаттың біртұтастығы, оның дамуының үздіксіздігі, өзара байланыстарының күрделілігі, табиғи құбылыстардың үздіксіз байланыстары дүниетанымын калыптастыратын түсініктерге жатады.
Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жакты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады.
Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:
1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;
2. Патриотттық тәрбие;
3. Еңбек және экологиялық тәрбие;
4. Эстетикалық және әдептілік тәрбие.

Оқу материалының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек кана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.
Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді. Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б.
Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондыктан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз - оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз қарасқа қалыптасады.
Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айкындалады.
Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлык мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады.
Патриоттық тәрбие. Окушыларға патриоттық тәрбие беруде сабақта және сыныптан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың тарихымен, өз елінің және басқа елдердің көрнекті ғалымдарының ғылыми қызметімен, ғалымдардың отандық және әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлестерімен танысу және оқушылардың туған жерінің табиғатын корғауда қосатын үлесі т.б. үлкен мәні бар.
Патриоттық сезім, сондай-ақ туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі сыныптан тыс жұмыстарды қызықты ұйымдастырғанда арта түседі. Мысалы, ҮІ-ҮІІ сыныптың жас натуралистер станциясында атқаратын жұмыстың мақсатын былай белгілеуге болады: мектеп оқушылары мен жергілікті халық арасында туған табиғатты байыту және қорғау идеясын насихаттау; мектеп оқушыларын табиғаттың сұлулығын сақтап, оны өзгерту, қайта жасау, түсіну және көре білуге үйрету; оқу-тәжірибе учаскесінде және тірі табиғат мүйісінде жұмыстар жүргізу, туған өлкеге жорықтар, экскурсия жасау кезінде өсімдіктер мен жануарлар әлемін терең оқып үйрену жолдары арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу. Осы негізде мына тақырыптарды жоспарлауға болды:
· Туған өлкенің табиғатын қорғау: корғауға жататын зерзаттарды айкындау ұзақ жасайтын емен, сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар, бақ архитектурасының ескерткіштерімен танысу;
· Құстарды, балықтарды, аңдарды және пайдалы жануарларды қорғауды ұйымдастыру, жемшашарлар даярлау және кысқы уакытта құстарды қосымша жемдеу, браконьерлерді айқындап, үлкендерге көмек беру, құстардың пайдасы және оларды корғау және т.б. туралы бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізу, "Жасыл ел" бағдарламасымен жұмыс істеу.
· Туған - өлкенің табиғатын байыту пайдалы жануарларды бағалы терілі аңдарды, балықтарды жазда мекенге жерсіндіруге көмектесу; мектеп орналасқан аймақта әлі таралмаған халық шаруашылы- ғына ерекше маңызы бар сүректі, бұта және шөптесін өсімдіктерді өсіру; туған өлкені көгалдандыру мектеп орналаскан елді мекенге және мектептің айналасына бақтар мен парктер, скверлер, гүлзарлар жасап кою.
· Туған өлкенің табиғатын зерттеу мақсатында туған өлкеге топсеруен ұйымдастыру өткізу жылдың әр маусымында - күзде, қыста, көктемде, және жазда жүргізіледі; туған өлке табиғаты туралы әдеби мағлұматтар жинау және оны оқып үйрену; мектептің өлкетану музейін кұру.
Еңбек және экологиялык. тәрбие. Биологиялык білім берудің маңызды мәселелерінің бірі - оқушыларды өмірге, мамандық тандауға және еңбек етуге баулиды.
Өндірісті тек материалдық жағынан, ал еңбекті физикалық заттармен операция жасау жиынтығы ретінде түсінік беру соңғы кезде осы мәселенің шешімінің методологиялык негізі болып есептелген. Осыған орай рухани өндіріс ескерілмей, ал кәсіптік бағдарлануы жалпы мамандықтармен танысумен шектелген. Бұл жағдай оқушылардың интеллектуалды потенциалының төмендеуіне, де себепкер болды.
Биологияны оқыту барысында оқушы барлық өндіріс ортасының (материалды, рухани) технологияларымен танысып, өзінің күшін эмпирикалық, теориялык және конструктивті мәселелерді шешуде байкау қажет. Сонда ғана оқушы өзінің таңдаған болашак мамандығына психологиялық жағынан дайын болады. Бұл өте маңызды шарт болып есептеледі.
Еңбек тәрбиесін беру - адамның бүкіл өмірін қамтитын біртұтас жүйе болуы тиіс.
Экологиялык тәрбие берудің басты мақсаты - адамның табиғатпен бірлестігінде және оның мәдениеті мен барлық практикалық іс-әрекетінің табиғатты пайдалануға емес, тіпті оның алғашқы түрін сақтау да емес, табиғаттың қоғамдық дамуына ыкпал етуіне негізделген адамның жаңа ой, көзқарасының қалыптасуы, әр бір адамның өнегелік қасиетін нығайту болып табылады. Мұндағы принцип адамзаттың әрі қарай дамуы тек табиғаттың дамуымен, оның көптүрлілігі мен байлығына байланысты болашағына негізделген.
Экологиялық тәрбие беру ерте жастан басталу керек. Отбасында және мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелерде бала қоршаған әлем, табиғат туралы алғашқы түсініктер алып, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудың, сулардың, ауаның, жердің тазалығын сақтаудың қажеттілігі және пайдалығын түсінетін болады.
Экологиялық тәрбие беруде орта мектептің мүмкіншіліктері ерекше. Өйткені, мектеп табалдырығынан аттап бастағаннан окушы жүйелі білім алуымен қатар тәрбиеленіп, оның әлемге деген көзқарасы дамиды. Мектепті бітіріп, кәмелетке жеткен кезде оқушының әлемге деген көзқарасы біршама қалыптасады.
Оқушының экологиялык мәдениетін калыптастыруда сабақтан тыс және сыныптан тыс тәрбие беру жұмыстарының аса зор ықпалы бар. Бұл жұмыстың табысты болуы мынадай жайларға тәуелді:
· оқушыларды тәрбиелеудегі қойылған максатты айкын жете түсіну;
· экологиялық тәрбие беру процессінің құрылымының компоненттерін анықтау тұрғысында: мақсатын, міндетін, принциптерін, мазмұнын, әдістерін пайдалану жағдайлары, нәтижелерді анықтау әдістері;
· дәстүрлі және активті формалар мен әдістерді, теориялық және практикалық жұмыстарды тиімді үйлестіріп қолдану;
· экологиялык тәрбие беру процессіне ата-аналарды белсендіре қатыстыру;
· оқушылардын, практикалық жұмыстарын нығайту;
· оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру және жергілікті және халықаралық экологиялық ұйымдар жұмысына тарту.
Мектептегі экологиялық тәрбие берудің соңғы мақсаты -білім негізінде оқушылардың өнегелік касиетін нығайту. Ол қасиеттерге: адамның табиғат жайында, ондағы өзара күрделі байланыстарды, адамзатпен табиғат арасындағы қарым-қатынастары жайында білімі, табиғатка және оны корғау мәселелеріне ықыласы; өнегелі сезімдер (сүйіспеншілік, аяныш, т.б.) және эстетикалық (масаттану, тандану, сүйсіну, т.б.) коршаған ортада адамның өзін әдепті ұстауы жатады.
Мұндай жұмыстың табысты болуы мүғалімнің біліміне, шеберлігіне байланысты. Биология мұғалімнің экологиялык тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде барлық мүмкіндіктері бар. Тәрбие жұмысын жүргізу мектептің барлық мұғалімдерінің міндеті. Басқа пән мұғалімдерінің бұл істі жүзеге асыруға базалық білімі жетісе бермейді. Сондыктан, кез келген мектепте экологиялық тәрбие беру жұмысы биолог-мүғалімге арттырылады: мектепшілік, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру (танымдылық, практикалык, танымдылық-көңіл көтеретін, қайырымдылық, т.б.) және басқа пән мұғалімдеріне кеңес беріп, жәрдем көрсету. Биологиялык білім берудің мәселелерінің бірі - гигиеналық және жыныстық тәрбие беру.
Өсімдіктану және зоология курстарын окығанда окушылар биологиялық түрді сақтауды қамтамасыз ететін, организмдерінің көбеюі-нің жалпы биологиялық маңызымен танысады.
Эстетика - көркемдік, әсемдік зандылыктарын, жағдайларын және элементтерін зерттейтін ғылым.
Эстетикалық тәрбиелеу эмоцияның, көркемдікті ұнату, әсемдік сезімнің дамуына бағытталған.
Мейірімділік (этика) сезімді және әсемдік (эстетика) сезімді тәрбиелеу тығыз байланысқан процесс.
Табиғат әдептілік нормаларға тәуелсіз болғанымен, оның объектілерін зерттеу және қорытындылау оқушының әдептілік тәжірибесін арттырып, дамытады.
Алғашында әдептілік адамның адамға катынасындағы адамгершілік сезімімен аныкталады. Бірақта адам табиғаттың тек бір ретінде - бірінші орынға өзінің табиғатқа қатынасын қою керек.

1.3 Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері.

Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесін қарастырмас бұрын, оқу процессіне анықтама берелік.
Оқу процессінің және оқулықтың мазмұны дегеніміз - адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған білім саласындағы байлықтарынан сараптап отырып, жас ұрпақтарды оқыту.
Оқытудың мақсатын анықтау (не үшін оқыту? - деген сұраққа жауап) - бұл оқулық пәнінің дидактика мен әдістемесінің негізгі бір проблемасы болып келеді. Оның шешілуі биология пәнінің құрылысы, мазмұны, оқыту әдісі және жалпы бағытына байланысты.
Биология пәнінің мұғалімі жалпы биология және әр курс бойынша оқыту мақсатын білуі қажет.
Биологияны оқыту мақсаты - қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары негізінен мектептегі педагогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемалары болып табылады.
Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымың жетістіктері болып табылады.
Оқу процессін ұйымдастырушы, анықтаушы фактор - мектеп. Жалпы мемлекеттік стратегия жеке білімнің дамуына байланысты. Білім берудің мазмұны екі бағытта: ұлттық және жалпы адамзаттық мазмұнында жүргізілуі тиіс. Бұл білім берудің негіздерімен, гумманизациялау, жекелеу, біріктіру, жаңа ақпараттық оқу технологиясын қолдану және жеке тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі. Білім берудің тиімділігі және танымдылықты арттыру мақсатында білім берудің спиральды құрылымымен мазмұндау ерекшеліктерінің бірі, оқушы өзінің көз алдына басты проблемаларды ұстай отырып, білімдік мәселелерді біртіндеп кеңіте береді.
Ботаника Өсімдіктану пәнінің құрылымына келер болсақ, ботаника жақсы дамыған ғылымдардың бірі. Ботаника өзінің мазмұны және құрылымы жағынан да өте күрделі, ғылыми маңызды. Көптеген ғылыми зерттеулердің арқасында нақтылы материалдардың жинақталуына байланысты ботаника ғылымынан бірнеше жеке салалар дами бастады. Қазіргі ботаника ғылымының 20-ға жақын негізгі бағыттары мен тараулары бөлініп жеке бір салаларына айналды (альгология, микробиология).
Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар және мүктер қазіргі ботаниканың жеке бір саласы болып табылады. Балдырларға келетін болсақ ол топырақ жасалу процессіне қатысумен қатар су экосистемасының динамикалық тепе-теңдігін сақтауға қатысады. Ал осы топтағы өсімдіктердің практикалық маңызын, қызық факторларын оқушыларға айтуға болады. Мысалы, жасанды тоғандарда балдырлар балық үшін ең бір азық қоры болып есептеледі. Балдырларды пайдалана отырып сулардың, тоғандардың әртүрлі ластануын табиғи жолмен тазартуға қолданылатыны да үлкен маңызды іс. Көптеген балдырлар биоиндикаторлар. Олар арқылы топырақтың, сулардың ыластануын анықтауға болады. Ғылыми жаңалықтар бойынша балдырлар ластанған суқоймаларынан ауыр металдарды сіңіріп, фиторемедиацияға қатысады.
Жер жүзіндегі жануарлар түрлерінің жалпы саны 2,5 миллионнан асады және жыл сайын жануарлардың жаңа түрлері сипатталып жазылуда. Жануарларды топқа бөліп жіктемесе, оларды зерттеу қиынға соққан болар еді.
Жануарлар әлемінің әр түрлілігіне байланысты олардың ұқсастық белгісіне не арасындағы айырмашылығына қарай систематика жануарларды таксондарға бөледі: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрге. Ең кіші таксон "түр" (species). Әрбір түрге екі сөзден тұратын латынша аты берілген. Бірінші
сөз зат есімі - туыстың аты, екінші сөз сын есімі - түрдің аты. Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен жазылады. Осылай атау қосарлы немесе бинарлы номенклатура делінеді. Бинарлы номенклатураны швед ғалымы Карл Линней "Табиғат системасы" (1735) деген еңбегінде ұсынған.
Қазіргі кезге дейін түрлерді қос атпен атау сақталынып келеді. Мысалы, Euglena viridis - жасыл эвглена, Fasciola hepatica - бауыр сорғыш, Locusta migratoria - көкқасқа шегіртке, Musca domestica - үй шыбыны. Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы - туысқа (genus) жіктелінеді, жақын туыстар тобы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология оқыту әдістемесі
Мектепте биологиядан білім беруден әдіснамалық мәселелері
Биологияны оқыту әдісі
Биологияны оқытудың қажетті формалары
Биологияны оқыту әдістерінің тұжырымдамалық негіздері
Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Биология пәнін оқыту әдістемесі
Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
БОӘ дамуына үлес қосқан Қазақстандық әдіскерлер және олардың еңбектері
Пәндер