Мәтіндік ақпаратты өңдеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Мәметова атындағы Кызылорда педагогикалық жоғары колледж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АКТ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111093 Информатика мұғалімі
Тобы: И-И-15

Орындаған: Жорабай Ақсымбат
Жетекшісі: Аймухамбетов Досбол

Қызылорда, 2019 ж.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-10
1.2 Бастауыш сыныпта информатика сабақтарында оқушылардың
білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 11-14
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-19
1.4 Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... 20-21
1.5 Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын
шығармашылық тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22-23
1.6 Мультимедиалық бағдарламалық қорларды қолданудың
психологиялық, педагогикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..24-26
1.7 Электрондық оқытудың мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 27-28
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29-31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32-33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 00000444444444444400000000000000000 000 ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Бастауыш мектеп сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайын айқындау; бастауыш мектепте информатиканы оқытудың стандарты мен бағдарламасын, оқулықтары мен әдістемелік оқу құралдарын жоспарлы зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Бастауыш мектептегі сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың әдістемесі жасалып, оның тиімділігі оқыту эксперименті арқылы тексерілді.
Бастауыш мектептегі информатика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеп, тиімді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттырып, оқу сапасын жақсартуға болады.
Бастауыш сыныптардың оқулықтарын және әдістемелік құралдарын дайындағанда, бастауыш мектепте информатиканы оқыту барысында оқушылардың ой-өрісін дамытуда бастауыш мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарында пайдалануға болады. Дайындалған ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін мектеп мұғалімдері өздерінің күнделікті іс-тәжірибелерінде қолдана алады.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектептің сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың ұйымдастырушылық педагогикалық, дидактикалық шарттарын анықтау және әдістемесін жасау, оны тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш мектептегі информатика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың әдістемесі.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш мектептегі информатика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайын анықтау және ол ойындарды қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың теориялық негізін анықтау;
- ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтап, оны психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеу;
- бастауыш мектептегі информатика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш мектептегі информатика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеп, тиімді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттырып, оқу сапасын жақсартуға болады.
Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті - дедуктивті талдау, озық іс-тәжірибелерді жинақтау);
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
oo бастауыш мектептегі сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайы, оны қолданудағы кемшіліктер мен қиыншылықтар және оның себептері айқындалып, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін құралы ретінде қолданудың теориялық-әдістемесінің негіздері анықталды;
oo Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер , видеокөріністер , дыбыс және музыка т ыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине , мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса , жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.
Күтілетін нәтиже : Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни, оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Бастауыш сыныптарда информатика сабағын пайдалана отырып оқушыларды жан - жақты тәрбиелеу.

І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға
талдау
Оқушылардың ұлы ғылым саласынан сапалы білім алуы тікелей мұғалімге байланысты. Яғни, мұғалімнің сабақ барысында оқушыларға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлерінде. Бұл жұмыс түрлері әр сабақта қолданылып отырса оқушының білім сапасының ойдағыдай деңгейде нәтиже беретініне үлкен үміт артуымызға болады. Бастауыш сыныпта информатикадан оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарын қарастырдық. Онда ауызша есептеуге үйрету тәсілдеріне; өз бетімен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыруға; көрнекі құралдарды пайдалану жүйесіне; дидактикалық материалдарды орынды ретпен қолдануға тоқталып өттік. Осылардың барлығы оқушы санасына жеткізе білу мұғалімнің профессионалдық шеберлігімен, іскерлігімен тікелей байланысты, ана - өмір тұтқасы болса, ұстаз - мектеп тұтқасы десек артық айтпаймыз.
Оқушыларға информатика негіздерінен білім беру, басқа ғылым салаларымен ұштастыру ұстаздардың басты міндеті екенін әрдайым есте тұтқанымыз жөн.
Информатика - қызықты ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі. Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол нұсқаушысы - ұстазы.
Информатика пәнінің ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды анықтауды жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынады.
Информатика оқу-әдістемелік құралдың құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәнінің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау - осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады.
Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулықтың мазмұны мен құрылымын А.Құсайынов, Ұ.Асылов, Қ.Молдабек т.б отандас ғалымдар аша білді. Ал білім мазмұнының мәні, зерттеу нысаны, оған қойылған дидактикалық талаптар мен ұстанымдар, әдіснамалық мәселелер М.Скатин, И.Лернер, В.Краевский, Ю.Бабанский, Б.Лихачев, В.Леднев, А.Хуторский ғaлымдардың зерттеулерінде орын алды. Мектеп оқулықтарының пәндік мазмұнын жетілдіруге Қ.Аймағамбетова, Г.Уәйісова, Т.Оспанов, Ш.Құрмнәлина, С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Қайыңбаев, К.Ерешов т.б ғалымдарымыз өз үлестерін қосып келеді.
Оқулыққа қойылатын талаптар:
- Ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;
- Бағдарламаға сәйкестігі;
- Мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;
- Әлеуметтік-мәдени құндылығы;
- Ұсынылған материалдың тарихилығы;
- Оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;
- Мазмұнының жүйелігі, бірізділігі;
- Сабақтастық принципінің сақталуы;
- Еліміздің экономикалық даму ерекшеліктерінің сәйкестігі;
- Мектептердің компьютермен жабдықталуының ескерілуі;
- Компьютерлік оқытушы программалар пайдалануының ескерілуі;
- Практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестігі;
- Тапсырмалардың жүйелі түрде таңдап алынуы;
- Оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын пайдалануға ыңғайлылығы.
Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.
Оқулық пен оқу құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білімді игеруді білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.
Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
Әрбір сыныпқа арналған информатика оқулықтардың мазмұнына тоқталамыз.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.
Алгоритмдік мәдениет дегеніміз - алгоритмді құру, түсіну және атқару іскерлігі арқылы бейнеленетін ойлау мәдениеті.
Оқытудың мазмұны - шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.
Информатиканың мамандыққа баулу курсы ретінде оқытуда оқушылардың операциялық жүйемен, PAINT графикалық редакторымен, WORDPAD мәтіндік редакторымен жұмыс жасауды, электрондық поштаны іске қосуды меңгерту сияқты және тағы басқа мәселелер қамтылады.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту әдістемелері көптеген журнал беттерінде талқыланып жүр.Оқулықтың информатиканың теориялық негізгі іргелі ұғымдары - ақпарат, ақпараттық үрдістер ұғымдарына кеңінен түсініктеме беріліп, ақпаратты қабылдау және өңдеу мәселелері жан-жақты қарастырылады. Бұл бөлімде "ақпарат" сөзіне "ақпарат - белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы" деген түсініктеме берілген. Адам ақпаратты сақтай алады, жеткізе алады және өңдей алады. Мысалы, ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Бұл үрдісті кодтау деп атайды деп толықтырылған. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код .
Ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары - есептеу техникасы, оның даму тарихы, архитектурасы зерттеуге арналған. Бұл тақырып бойынша Дидактикалық материал. Практикум құралында әр түрлі кестелік және мәтіндік тапсырмалар берілген. Мысалға ЭЕМ буындары мен олардың сипаттамалары кестесін келтіруге болады және оның дұрыс жауаптары мұғалімге арналған оқыту әдістемесінде жазылған.
2003 жылғы кітаптың 3-бөлімінде Windows'98, ал жаңа оқулықта Windows ХР оқытылады және мағлұматтар жаңартылған. Оның мәтіні келесідей: Қазіргі кезде Windows - барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows-тің кең таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады.
PAINT графикалық редакторы қарастырылған. Бұл бөлімде программасын іске қосу, сурет салу кезеңдері, редактордың құралдары жайлы өте жақсы жазылған. Сонымен қатар оқушыларға тапсырмалар берілген.
WORDPAD мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. Мұнда бағдарламаны іске қосуды, құжат құруды, мәтінді пішімдеу, мәтінге күн мен уақытты кірістіруді және т.б. үйретеді.
Блокнот және калькулятор программалары ұсынылған. Бұл бөлімде блокнот пен калькулятордың мүмкіндіктері, калькулятордың түрлері мен батырмалары суреттерімен түсінікті етіліп жазылған. Сондай-ақ тақырып соңында практикалық тапсырмалар берілген.
Компьютерлік желілер деп аталады. 2003 жылы шыққан оқулықта компьютерлік желі - бұл әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы деп беріледі. Сонымен қатар, ақпарат алмасу, желілік ақпараттық технологиялар сызбалары кескінделген. Одан әрі жалпы желі, электрондық пошта ұғымдары кең көлемде ашылып жазылған.
Сонымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарының мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында бір-біріне жақындықтары байқалады. Бірақ айырмашылықтары да кездеседі. 2007 жылы шыққан оқулықтың 2003 жылы шыққан оқулыққа қарағандағы жетістігі - көптеген тақырыптарға жаңа деректер қосылып, сызбалар сызылған және суреттер көркемделіп салынған. Ал кемшілігі - қазақша терминдер орысша нұсқада берілген. Сондықтан қайсы оқулықпен оқыту керек екендігін таңдау өз қалауларыңызда.
Оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту, оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.
Оқытудың мазмұны - шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.
Компьютердің логикалық негіздері. 2004 жылғы басылымның 1-тақырыбында Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері болып, логиканың анықтамасы, түрлері және пікірдің анықтамасы түсіндірілген. 2008 жылғы басылымда бұл тақырып Логиканың негізгі түсініктері деген атпен беріліп, пікір және логикаға анықтама беріледі және ойлау, пайымдау әдістері туралы ілімнің пайда болуы мен оған үлес қосқан ғалымдар, логиканың түрлері жазылған. 2-тақырып 2004 жылғы басылымда Логикалық операциялар делініп, логикалық көбейту, логикалық қосу және логикалық терістеу түсіндірілген. Сонымен бірге компьютердің логикалық элементтері: және, немесе, емес схемалары, триггер, қосындылауыш, ақиқаттық кестені құру, логикалық есептер деген бірнеше тақырыпшалар қосымша жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл тақырып Логикалық амалдар деп беріліп, логикалық көбейту, логикалық қосу және логикалық терістеу түсіндірілген, қосымша тақырыптар жазылмаған.
Дербес компьютерлер 3 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. Онда дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, оның құрауыштары, дербес компьютерлерді жіктеу жазылған. Компютердің құрылымы және жұмыс істеу принциптері делініп, онда бір ғана тақырыппен дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеу принципі жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл 2 бөлім біріктіріліп Компьютер және программалық қамтамасыз ету деп берілген. Онда қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері жүйелі түрде суретпен түсіндірілген 2-тақырып және компьютердің негізгі компонентерінің өзара әрекеттесуі - магистраль делініп онда дербес компьютердің жұмыс істеу принциптері жазылған.
Операциялық жүйе 7 тақырыпқа бөлініп жазылған. Операциялық жүйе дегеніміз не?, операциялық жүйелерді жіктеу, Windows тиіпті операциялық жүйелер, Windows-ті баптау, файлдар мен қапшықтарды іздеу, копмьютерлік ақпаратты қорғау, Архивтеу бағдарламалары деген тақырыптар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымның 5-бөлімі Операциялық жүйе 6 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. Операциялық жүйе дегеніміз не?, операциялық жүйелер топтамасы, операциялық жүйелерді баптау, файлдар мен бумаларды іздеу, компьютерлік вирустардан қорғау, файлдарды архивтеу деген тақырыпта алдыңғы оқулықпен ұқсас мазмұнда жазылған.
Мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы. Бұл бөлім 2 тақырыпқа бөлініп түсіндіріледі. 1-тақырып Мәтіндік дәне дыбыстық ақпараттарды ұсыныу, мұнда мәтіндік ақпаратты кодтау және компьютерге дыбыс енгізу жолдары жазылған. 2-тақырып Графикалық ақпарат туралы түсінік деп аталып графика және оның түрлері жазылған, сонымен қатар графикалық обьектілермен орындалатын операциялар, түс және палитра, компьютерлік графиканың қолдану салалары деген тақырыпшалар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда мәтіндік және дыбыстық ақпараттардың ұсынылуы қысқартылып, тек графикалық ақпарат туралы жазылған, яғни 6-бөлім Графикалық ақпараттарды өңдеу технологиясы деп аталады. Мұнда 2 тақырып жазылған. 1-тақырып Компьютерлік графика да компьютерлік графика және оның түрлері жазылған. 2-тақырып Графикалық редакторлар, мұнда графикалық редактордың анықтамасы, растрлық графикалық редакторлардың бірнеше түрі мен олардың құрылымы туралы қысқаша жазылған.
Мәтіндік ақпаратты өңдеу. Бұл бөлім 4 тақырыпқа бөлініп жазылған. Мұнда мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері және мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы тақырыптары жазылған.
WORD мәтіндік процессоры. Бұл 6 тақырыпқа бөлініп жазылған. Ал 2008 жылғы басылымның 7-бөлімі Microsoft Word мәтіндік процессоры 8 тақырыпқа бөлініп жазылған. Алдыңғы басылымда негізгі түсініктер мен әрекеттер, мәтіндік құжатты пішімдеу, мәтіннің орынын ауыстыру және көшірмелеу, мәтіндік құжатты баспаға шығару, WORD-тың графикалық мүмкіндіктері деген тақырыптар жазылған. Соңғы басылымның негізгі мазмұны алдыңғы басылыммен ұқсас тек тақырыпты кеңейтіп жазған, оған мына тақырыптар кіреді: MS Word-пен танысу, MS Word-қа кіріспе, мәтіндік құжатты редакциялау, мәтіндік құжатты форматтау, мәтін абзацын форматтау, құжат беттерін рәсімдеу, кестелермен жұмыс, суреттермен жұмыс істеу.
Компьютердегі кестелік есептеулер. Бұл бөлім 2 тақырыпқа бөлініп жазылған. 1-тақырып Деректерді кестелік түрде ұсыну. Мұнда кесте, оның құрылымы және электрондық кесте туралы ұғымдар жазылған. 2-тақырып Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу. Мұнда деректердің тиіптері, формула жазу ережелері, кестелік есептеуді компьютерлік өңдеу технологиясы туралы ұғымдар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл мазмұн қысқартылған.
2004 жылғы басылымның 11-бөлімі EХCEL кестелік процессоры. Бұл 3 тақырыпқа бөлініп жазылған. 1-тақырып Негізгі түсініктер мен амалдар, 2-тақырып EХCEL-дегі деректермен жұмыс, 3-тақырып EХCEL-дің графикалық мүмкіндіктері. Мұнда негізгі анықтамалар және жұмыс істеу принциптері жазылған. 2008 жылғы басылымның 8-бөлімі Microsoft Excel Кестелік процессор. Мұндағы негізгі мазмұн алдыңғы басылыммен ұқсас тек өзгешелік тақырып кеңейтіліп, нақтыланып жазылған. Мұндағы тақырыптар: MS Excel-мен танысу, MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау, формуланы енгізу және көшіру, берілгендерді форматтау, диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау, құжат беттерін рәсімдеу және басу.
Деректер базасы. Бұл 2 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. Мұнда деректер базасы ұғымы, оны басқару жүйесі және деректер базасымен орындалатын амалдар жазылған. 13-бөлім Excel кестелік процессорында дерек базаларымен жұмыс істеу. Бұл 2 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген, мұнда MS Excel-дегі деректер базасы ұғымы және өңдеу туралы ұғымдар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл екі бөлім біріктіріліп жазылған. 9-бөлім Мәліметтер базасының жүйесін басқару. Бұл 3 тақырыпқа бөлініп жазылған. 1-тақырып MS Excel-дегі мәліметтер базасы, мұнда мәліметтер базасы ұғымы және MS Excel-дегі мәліметтер базасы ұғымы жазылған. 2-тақырып мәліметтерді реттеу мен 3-тақырып мәліметтерді сүзгілеу 2004 жылғы оқулық мазмұнымен ұқсас жазылған.
Сонымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарының мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында бір-біріне мазмұндық жақындықтары байқалады. Бірақ айырмашылықтары да кездеседі. 2008 жылғы басылымның 2004 жылғы басылымға қарағандағы жетістігі - көптеген ұқсас тақырыптар біріктіріліп, тақырып жағынан да, мазмұн жағынан да қысқарып, сызбалар сызылған және суреттер көркемделіп салынған, бұл оқуға жеңілдік тудырады.
Алгоритм түсінігі; алгоритмнің түрлері және қасиеттері; Pascal бағдарламалау тілі, меншіктеу операторы, сандық функциялар; сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмде бағдарламалау; графиктік режим, графиктік объектіні бағдарламалау; символдармен жұмыс істеу операторлары; массивтің (жиым) мәні және ол туралы түсінік, бір және көп өлшемді массивтермен жұмыс; модельдеу, модель түсінігі, модельдеу тәсілдері; интернет, интернетте әртүрлі ақпаратты іздеу, электрондық пошта (соңғы тақырып 7-сыныпта алғашқы ұғымдар қарастырылған).
Оқу бағдарламасының мазмұнына визуальды программалау әдістері, қолданбалы программалық құралдар мен мультимедиалық электрондық оқулықтарды жасақтаудағы программалаудың мүмкіндіктері, деректер қорын өңдеу тәсілдері, Web-беттерінің дизайнын құру алгоритмі және ақпараттық технологияның қолданылуы сияқты тақырыптар енген.

1.2 Бастауыш сыныпта информатика сабақтарында оқушылардың
білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына апаратын кең жол мектеп берген информатикалық білімдер арқылы өтеді - деп мектеп информатикасына баға берген әйгілі ғалым Маркушевич А.И.
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту,- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж. Адамбаева).
Оқушыларға информатика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу - біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру - маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Информатика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді - деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, информатиканың күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға - ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз - оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.
Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді зерттеу барысында біз ең алдымен іс-әрекет дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады.
Психология ғылымының докторы, профессор Қ. Жарықпаевтың пікірінше: Әрекет дегеніміз түрлі қасиеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Бір мақсатқа біріккен әрекеттердің жиынтығын ғана іс-әрекет деп,- анықтама берді психолог Ф.Н. Гоноболин. Ол белгілі бір ұзақ уақытқа созылуымен сипатталады. Педагогикалық іс-әрекет туралы айтқанда біз мұғалімнің бір рет жасаған әрекетін емес, ұзақ уақыт бойы педагогтік толып жатқан қылықтары мен әрекеттерінен тұратын оның мектепке жасаған күнделікті жүйелі еңбегін айтамыз.
Сонымен, оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз - оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз. Яғни мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту тек компьютерлік білімді берумен шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор. Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.

Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың информатикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, информатикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі - оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін информатика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады.
Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.
Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.
Информатика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір бірімен байланысты жүзеге асады. Мысалы: Саналық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, шамаға лайықтылық және тағы басқалар. Бастауыш сыныпта информатикадан оқушылардың білім деңгейін көтеруде көрнекілік принциптерінің рөлі ерекше.
Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Алдыңғы айтқандай көрнекілікпен оқыту арқылы білім сапасын артттырамыз, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал жасаймыз. Көрнекі құралдар оларды қалай пайдалану керектігі туралы бірқатар педагогикалық-психологиялық зерттеулерге тоқталып өтуге болады.
Көрнекілік принципін теориялық жағынан бірінші болып негіздеген Я.А. Коменский (1592-1670) болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні, объектілері және құрама бөліктері
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Мәліметтер базасының жұмысы үшін инструменталды құрал
Программаларды құжаттау ұғымын қарастыру. МЕМСТ пен бекітілген программалық құжаттаудың түрлерін анықтаңыз. Программалық құжаттаудың біріңғай жүйесі жайында
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы
ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
5 сыныпта ақпараттық процесстерді оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану
Сан жүйесінің аты
Информатика пәні
Пәндер