ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Қоғамымыздағы әлеуметтік-экономикалық жаңарулар адам өмірінің қай саласы болсын түбірлі өзгерістер жасауда. Оның ішінде дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі білім беруге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қояды. Бұл талаптарды жүзеге асыруда жаңашыл оқу үрдістерін толық меңгерген, нарықтық экономика талаптарына өз мүмкіндіктері мен мүдделерін барынша үйлесімді ете алатын, мәдени-әлеуметтік жағдайларға бейімделу қабілеті бар мамандардың қажеттігі белгілі. Педагог мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарында оқыту-тәрбиелеу процестеріне түзетулер енгізіліп, оқу процесін студенттерді теориялық, практикалық тұрғыда дайындаудың жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды ұштастыру әрекеттері іздестірілуде.
Жоғары оқу орнының түлегі мектептегі қазіргі инновациялық өзгерістерге бейім, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін ізденуге бағдарланған және оқушылармен шығармашылықпен ізденіс жұмыстарын жүргізе алатын болуы керек. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуіне байланысты "Педагогика және психология" мамандығында оқитын студенттерді психологиялық, педагогикалық тұрғыда, әдістемелік және практикалық жағынан дайындау негізгі мақсаттардың біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда жоғары білімді мамандар дайындайтын оқу орындарында педагогикалық практиканың алатын орны ерекше.
"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында" жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісін студенттердің шығармашылығын дамытуға, білім беру қызметіндегі қажеттілікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс делінген. [2] Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан - 2030 стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына лайықты тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: "2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу маманын тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талаптарының бірі", - деп атап көрсеткен. [3, 5]
Жоғары оқу орнының алдында тұрған ең басты міндет - болашақ педагог психолог мамандарын кәсіби тұрғыда бағыттылығын, кәсіби біліктігін қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі таңда жоғары оқу орнын бітіруші түлектер дербес еңбек жолында бірқатар қиындықтарға жолығатындары тәжірибеде анықталып отырғандықтан, кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда практика түрлерін барынша жаңа мазмұнды, жүйелі жүргізу міндеті қойылып отыр.
Практика ұғымының философия, психология, педагогика ғылымдарында өзіндік қалыптасу тарихы болғандықтан, ой тұжырымдарды басшылыққа алуды жөн көрдік. Қазіргі таңдағы қазақстандық философия ғылымның зерттеушілері Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ж.Алтаев, Ж.Әбділдин, Қ.Бейсенов және т.б. еңбектерінде таным процесінде ақиқатқа жетудің негізгі көзі практика дей отырып, оның даму заңдылығын тұжырымдаған.
барысында студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға жеткілікті мән берілмегендіктен, педагогикалық процестердің міндеттерін Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық практиканың болашақ мамандардың теориялық білімдерін өздігімен тәжірибеде қолдана білудегі орны туралы О.А.Абдуллина, О.Бабанский, Н.И.Болдырев, Н.В.Кузьмина, А.И.Пискунов, В.А.Сластенин және т.б. авторлар еңбектерінде көрсеткен. Дегенмен, педагогика ғылымында педагогикалық практика түрліше бағытта зерттеліп келгендігі анықталды. Бірінші бағыттағы ғалымдар О.А.Абдуллина, Р.В.Кулиш педагогикалық практиканың мазмұны, мақсат, міндеттері, оны өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері және формасы, бірыңғай қойылатын талаптары, практика нәтижелерін бағалау өлшемдерін анықтаған.
Педагогикалық практика барысында ұй ымдастырушылық, коммуникативтік, диагностикалық және тағы басқа педагогикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыру жолдары мен құралдарын Э.А.Васильева, В.В.Воробьева, Г.А.Засобина, А.Ф.Линенко, Н.В.Кузьмина, А.В.Маринкевич, Н.М.Черкес-Заде екінші бағыттағы ғалымдар өздерінің зерттеулерінде жүйелеген. Болашақ педагогтардың педагогикалық практика барысында кәсіптік жеке тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастыру және дамыту үрдісін зерттеген үшінші бағыттағы зерттеушілер И.Н.Водопьянова, Г.Е.Деркач, В.Г.Максимов, Л.И.Разборова, В.А.Сластенин, Р.И.Хмелюк, Н.Д.Хмельдің еңбектерінде тұжырымдалған.
Н.К.Абрамович, С.И.Архангельский, Г.А.Арутюнова, К.М.Дурай-Новакова, В.А.Радионова, В.А.Сластенин, С.НЛолянский, В.С.Цетлик, Г.А.Эснашвилидің ғылыми зерттеулерде педагогикалық практиканы студенттерді мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстыратын, болашақ мамандығынан хабардар етіп, олардың кәсіби белсенділіктерін арттыратын үрдіс және педагогикалық әрекетке қызығушылығын туғызу, кәсіптік бағыттылығы, оқуға түрткі болу, педагогикалық әрекетке бейімдеу, өз әрекетін басқара білу сапаларын қалыптастыру құралы ретінде қарастырылған. Оның ішінде В.А.Сластенин жоғары педагогикалық білім беру жағдайында студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың негізгі заңдылықтарын, құрылымын, бірізділігін, кәсіби әзірлігі ретінде дәлелдей келе, тұңғыш рет жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің профессиограммасын құрастырды.
Республикамызда ғалым педагогтар, психолог, әдіскерлер К.Қ.Құнантаева, Н.Д.Хмель, Т.С.Сабыров, В.А.Радионова, Б.Р.Айтмамбетова, А.Е.Әбілқасымова, К.Әбдімажитұлы, К.І.Аманқұлов зерттеулері мен әдістемелік құралдарында педагогикалық практиканың барысында болашақ мамандардың педагогикалық біліктіліктерін қалыптастырудың маңызы туралы аталған. Оның ішінде О.А.Абдуллина, В.А.Родионова педагогикалық практиканың мақсатын, мәнін айта келе, зерттеу барысында студенттерді мұғалімдік қызметке дайындаудың бірден бір үрдісі ретінде дәлелдеп, құнды пікірлер мен нақты ұсыныстар айтқан.
Студенттердің педагогикалық практика барысында кәсіби бағыттылығын, кәсіби біліктілігін қалыптастырудың айқын жүйесі мен сара бағытын, нақты үлгісін жобалау кезек күттірмейтін, көкейтесті мәселе болып отыр. Жоғары оқу орындарында педагогикалық практиканы ұйымдастыру орындауда көптеген қиыншылықтарға кездесетіндігін тәжірибе барысында анықталып отыр. Бүгінгі мамандарға қойылып отырған талаптар мен болашақ мамандарды даярлауда педагогикалық практиканы ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар туындауда. Бүл қарама-қайшылықтың шешімін табуда жоғары оқу орындары педагогикалық практика барысында студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерін айқындау зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болып табылады. Аталған мәселенің өзектілігі, ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан жеткілікті қарастырылмауы, ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Педагогикалық практикада студенттердің кәсіби біліктігін қалыптастыру деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Педагогикалық практикада студенттердің кәсіби білігін қалыптастырудың теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындау.
Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орнындағы біртұтас педагогикалық үрдіс.
Зерттеу пәні: Жоғары оқу орындарында педагогикалық практика барысында студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Педагогика және Психология мамандығында оқитын студенттердің жоғары деңгейде және бүгінгі уақыт талабына сай кәсіби білігін қалыптастыруға педагогикалық практика барысында қол жеткізуге болар еді, егер педагогикалық практикада студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру ғылыми-теориялық тұрғыда негізделсе, педагогикалық практика түрлерінің мазмұны анықталып, оны ұйымдастырудың тиімді әдістер, тәсілдер іріктеліп, оқыту-тәрбиелеу процесіне енгізілсе, онда студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру нәтижелі болып, қоғам талабына лайықты, бәсекеге барынша қабілетті болашақ маман дайындалады.
Зерттеудің міндеттері:
Ғылыми - теориялық әдістемелік еңбектерді оқып талдау, сараптау.
педагогикалық практика барысында қалыптасатын студенттердің кәсіби білігі ұғымына анықтама беру.
студенттердің кәсіби білігін қалыптастырудың көрсеткіштері мен өлшемдерін, деңгейлерін анықтау және моделін құру.
жоғары оқу орнында педагог мамандардың кәсіби білігін қалыптастырудың жолдарын көрсету.
Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орнында Педагогика және Психология мамандығы бойынша студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастырудың педагогикалық практикасын ұйымдастыруда жаңа мазмұнды бағдарламаны басшылыққа алу негізінде жүзеге асады.
Зерттеу әдістері. Философиялық, әлеуметік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, тәжірибе-эксперимент жұмыстарын жүргізу, бақылау, оларды, нәтижелерін салыстыру, сауалнама, тест, даму деңгейін сапалық, сандық тұрғыда сұрыптау, қорытындылау.

І ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І.1 Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практиканың тарихи-педагогикалық сипаттамасы
Қазіргі кезеңде педагог мамандарды даярлауда түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Болашақ мамандардың кәсіптік даярлығында педагогикалық практиканың алатын орны ерекше. Педагогикалық практика барысында студенттердің бойында педагогикалық дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру оның дербес әрекетінің шешуші, нақты алғышарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар мен жұмысшылар даярлаудың бір бөлігі болып табылады, ол практика базасы болып табылатын тиісті ұйымдарда жүргізіледі және білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінде алған білімді бекітуге практикалық дағдылар алу мен озық тәжірибені меңгеруге бағытталады делінген. [6]
Жоғары оқу орындарында ұйымдастырылатын педагогикалық практика -студенттердің кәсіби бағыттылығын және кәсіби біліктігін қалыптастырудың ең маңызды және айқындаушы кезеңі болып табылады. Себебі, практика барысында өздері таңдаған мамандықтары бойынша жеке кәсіби-тұлғалық қасиеттері, студенттердің кәсіби іс-әрекетке қызығушылығы өмірдің құнды бөлігі болатындай сана-сезімі қалыптасады.
Педагогика және Психология мамандығын дайындауда, оның ішінде кәсіби біліктігін қалыптастыруда педагогикалық практиканы ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын, ғылыми теориялық негізін, мүмкіндіктерін анықтауда алдымен практика ұғымына талдау жасауды жөн көрдік.
Практика ұғымы Ежелгі Грециядан енген, қимыл, әрекет деген мағынаны білдіреді. Адам өз бойының ақиқаттығын, яғни шындығы мен күш қуатын, осы дүниелік екендігін практикада дәлелдеуі тиіс.[26]
Философиялық сөздікте Практика - қоғамның дамуын қамтамасыз ететін адамдар әрекеті. Адамдар өмірінің негізін құрайтын материалдық өндірістің объективтік процесі делінген. Практика қазіргі философияның іргелі категориясы болып, диалектикалық материализмде практика - ақиқаттың өлшемі ретінде анықталған. Адам практика жүзінде әрекет жасай отырып, өзінің алдына белгілі мақсаттар қояды, бұл мақсаттарда оның айналасындағы құбылыстарды түсінуі, оның білімі көрсетіледі. Ағылшын философы Ф.Бэкон танымның қайнар көзі практика, бақылау, эксперимент, білім тәжірибеден шығады десе, француз ғалымы Р.Декарт ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. [16]
Джон Локк адамда туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі практика арқылы пайда болады. Адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта немесе ақ қағаз сияқты, ол тек практика арқылы мазмұнға толады деп тұжырымдаған. Ағылшын философы Давид Юмнің түп негіз идеясы сезім мүшелері мен практика арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады деп түйіндеген, Керісінше, француз философы Р.Декарт туа біткен идеялардың себебі рухани түп негіздің өзі болғандықтан, олардың негізінде алынған білім айқын да ақиқат. Оларды практикада тексерудің қажеті жоқ деп теріске шығарады. Практика - таным әдісінің өзі болып табылады. Шындығында, студенттер практика кезінде өмірден байқағанын тікелей пайымдау, мақсатты түрде бақылау, талдау, жинақтау, дерексіздендіру және тағы басқа педагогикалық жағдайларды бастан кешіруге мүмкіндік алады.
Практика жалпы адамзаттық танымда оның бастапқы да, соңғы да кезеңі болып табылады. Кез келген ғылым саласына маман дайындауда да практика осындай қызмет атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде практика және танымның тұжырымдамасын әртүрлі түсіндіру кездеседі. Идеалист философтар Юм, Кант, Max, Рассел және басқалар танып білу үшін практиканың маңызды екенін мойындай отырып, оны бұрмалайды да, тек қана рухани қызметке әкеп саяды. Прагматизм өкілдері Дж. Дьюи, Шиллер субъектінің өз басының толғаныстары саласындағы қызметін практика деп түсінеді, ал объективті идеалист Гегель практиканы белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыратын адамның шығармашылық теориялық қызметімен теңестіреді. Практика - танып білудің негізі мұның өзі адамның танып білуінің, яғни ең қарапайым түсініктерден бастап, ақылдың ең абстракты құрылымдарына дейін практика негізінде дамиды. Сонымен, практика кез-келген танымның негізі, оның көзі. [26]
Акадимик И.Т.Фролов практика - қоршаған ортаға адамдық қатынастың бірі десе, адам практикалық қызметте өзіне қажет нәтижеге материяның өзі сияқты, материяның заңдарына сәйкес әрекет нәтижесінде жетеді. Практика танымның негізі, ол уақыт жағынан таным процесінің алдында тұру тиіс, ақиқаттың үздіксіз жалғасу өлшемі ретінде әрекет еткен кезде танымның барлық сатыларында оның шешуші мақсатын және нәтижелерінің қолданылу саласын анықтап, оны қорытындылайды. Адамдардың дүниені және өзін үнемі қайта жасап, өзгертіп, әрі дамытып отыратын практикалық қызметі. Философ Қ.Ж.Рахметов практика - адамның санасы, мақсатты қызметі, сонысымен ол жануарлар қызметінен ажыратылады. Сол сияқты адамның физиологиялық әрекеті де практикадан бөлектенеді. Барлық білім практикадан шығады, танымның негізі деп тұжырымдаған. [34]
Қ.Әбішев өзінің еңбектерінде практика, іс-әрекеттер - адамдардың дүниені игеріп, сол арқылы өзін, өз болмысын өзгерту, жарату, жасау қызметі. Адамдар рухани нәтижелерді, яғни, сезімдерді, ұғымдарды, түсініктерді, жалпы дүниенің оған қажет сан алуан бейнелерін тікелей практика түрінде жасайды, -деп практиканың адам өміріндегі маңызын жоғары бағалаған. Әдіснамалық білімнің абстрактілік негізі жанама немесе тікелей практикаға бағытталатынын атап өту керек. Қорыта айтқанда, материалистік диалектика теория мен практика арасындағы философия ғылымында ертеректе орын алған метафизикалық үзікті жойды, практиканы ақиқат категориясы ретінде анықтап, оның дүниені өзгертудегі басылымдылық мәнін ашты. Студент тәрбиешінің оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу процесін талдай отырып, бастапқы кезде, өзі әлі оқу-тәрбие іс-шараларын жүргізбей тұрып, алған теориялық білімін салыстырады, оны іс жүзінде қолданудың жолын үйренеді. Сөйтіп, білімін практикада қолдана білу мүмкіндігін тексереді. Ал, педагогикалық практика болашақ педагогтің жеке тұлғасын қалыптастырудағы қоғамдық, әлеуметтік факторлардың ара қатысын түсінуге, оқытудың дәстүрлі уақыт талаптарына төтеп беретін және танымның қазіргі деңгейін көрсететін жаңа байланысын жасау үшін тиімді жағдай жасайды. Педагогикалық практиканы студенттердің педагогикалық білігі мен дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде оның танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру ғана емес, сондай-ақ олардың теориялық білімін бекіту мен тереңдету құралы ретінде қарастыруға болады. Адамның жан дүниесінің сан қырлы сырларын зерттейтін психология ғылымының жаңалықтары педагогикалық практика мазмұнын, әдіс-тәсілдерін айқындауда маңызды рөл атқарады. Жоғарыда айтылған практика танымның негізі деген тұжырымнан кейін қалай танудың өзіндік психологиялық негіздері болмақ.
Психологиялық-педагогикалық түсіндірме сөздікте теорияның іс жүзіне асуынан туған тәжірибе; қалыптасқан дағды іс-әрекет; өмір тәжірибесі; жаттығу; дағды делінген. Бұл анықтаманың негізін психологиялық ой-тұжырымдардан іздейік. Болашақ мамандардың педагогикалық іс-әрекетке ынтасының болуы, оның қажеттілікке айналуы, кәсіби шыңдалуы танымдық, психикалық процестің жетілуіне, зейініне, қызығушылығына, шығармашылық ой-әрекетіне, темпераментіне, қиялдануына, мотивіне (түрткісіне) тікелей байланысты. Қоғамдық болмыстың негізгі тәсілі, оның дүниеде өзіндік қалыптасу формасы бола отырып, практика іс-әрекеттің тұтас жүйесі ретінде қызмет атқарады. Практика құрамы қажеттілік, мақсат, себеп, жеке актілер түріндегі мақсатты іс-әрекет етеді. Сондықтан психология ғылымында практиканы адамның заттық іс-әрекеті ретінде қарастырады. [23]
Психолог С.Л.Рубинштейн педагогикалық практиканың қызметіне: Педагогикалық дағдыларды меңгеруі, педагогикалық диагностикалау жолы, практика білім беру құралы, жалпы және теорияны шығармашылықпен қайта өңдеу жолы, терең білім беру құралы, - деп анықтама берген. Н.В.Кузьмина Мұғалім еңбегінің психологиясы деген еңбегінде педагогикалық қабілеттілік бастапқыда жалпы педагогикалық кейін кәсіптік әрекеттерде пайда болады. А.И.Щербаков студенттердің практикалык іс-әрекеттегі біліктері мен дағдыларының қалыптасуын психологиялық тұрғыда зерттеді. Оның пікірінше, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінің маңызды міндеттері: Студенттердің ғылыми дүние танымын, білімдер жүйесін, дағды мен біліктіліктерін, мұғалім-тәрбиешілердің жеке тұлғалық сапалар жүйесін, танымдық белсендігін, педагогикалық іс-әрекетке тұрақты қызығушылығын, мінез-құлқын, қабілеттері мен шеберлігін қалыптастыру, - деп тұжырымдаған.
Р.И.Хмелюктің зерттеу нәтижесінде: Педагогикалық әрекетке қызығу, осы аймақта еңбектену тілегі, қарапайым білімі, дағдысы, біліктілігінің болуы практика барысында шыңдалады, - деп түйіндейді. Жоғарыда талданған психологиялық ой-тұжырымдарды түйіндей келе, педагогикалық практика барысында болашақ мамандарды психологиялық тұрғыда кәсібіне дайындау және практика таным көзі деп топшылаймыз.
Педагогикалық сөздікте Практика дегеніміз - адамдардың табиғатты және қоғамды қайта құруға бағытталған қоғамдық, материалдық және мақсатқа лайық қызметі, - деп анықтама берілген. Дегенмен, педагогикалық практиканы біртұтас педагогикалық жүйе ретінде зерттеу тарихына тоқталсақ, кеңестік дәуірдегі және Қазақстан Республикасының егеменді ел болып өз мәселелерін өзі шешуге бағыт алған кезеңдегі ізденістерді қамтуға тиіспіз. Өткенге тағзым ете қарамай, бүгінгіні бағалай алмаймыз. Әр кезеңнің қоғамдық саясаты мен білім беру жүйесіне қойылатын талаптардың байланыстылығын ескерсек, көзге бірден шалынатыны, кеңестік дәуірде педагогикалық практиканың құндылығы бірдей бағытта тәрбиеленген, білім алған, коммунистік туралы идеялармен сусынданған мамандар дайындаумен бағаланғандығы. Осы тұста педагогикалық практиканың маңызын тарихи тұрғыдан талдап зерттеген Н.Г.Кушков революцияға дейін педагогикалық университетті бітірген мүғалімдерді бір жыл гимназияға практикадан өтуге қалдырылғанын айтады. [23]
Кеңес өкіметі тұсында жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мамандардың практикалық дайындығына ерекше мән беріле бастады. Халық ағарту комиссариатының шешімімен мұғалімдер дайындайтын педтехникум, жоғары оқу орындарының білім беру жүйесіне педагогикалық практика еніп, ол болашақ мамандардың жалпы кәсіби және еңбекке дайындығын нығайтудың көзі ретінде қаралды.
1920 жылдары жоғары педагогикалық оқу орындарында бірыңғай оқу жоспарлары мен бағдарламалары болған жоқ. Қоғамдық-саяси, арнаулы және педагогикалық-психологиялық пәндерді үйлесімді оқытудың жан-жақты жолдары басты назарда болды. Жалпы педагогикалық цикл көп пәнділігімен сипат алды. Басты жұмыс бағыты мамандардың терең теориялық біліміне ғана бағытталып, практика тек ақырғы оқу кезеңінде ұйымдастырылып оның төрт пайызын бөлді. Бұл жәйт Н.К.Крупскаяның болашақ педагогтарды дайындауда теория мен практиканы ұштастырып жүргізу принциптерін басшылыққа алу және өмірмен тығыз байланыстылығын қамтамасыз ету қажеттілігі теориясына қайшы келіп сынға ұшырады. 1920 жылдары болашақ мамандарды дайындау мәселелерінің әр түрлі аспектілерін Н.К.Крупская көтерді. Ғалым ұстаз болашақ мамандардың теориялық, практикалық дайындығын күшейтудің бағдарламасын ұсынып, төменгі курстарда теориялық білімге ерекше мән беріліп, жоғары курстарда теориялық білімдерін практика кезінде тиянақтап, педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыру қажет деген ұсыныс айтты. А.В.Луначарскийдің еңбектерінде педагогикалық практиканы ұйымдастыру жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесін арттырып, біліктілігін жетілдірудегі маңызын бағалай келе, балалардың мектеп өміріне көбірек еркіндік бере білетін, оларды дербес іс-әрекетке үйрету біліктілігіне ие тәрбиеші дағдыларын жақсы меңгеруі керек, - деп жазды. Мұғалім қауымының білім берудегі әдіс-тәсілдерді меңгеруі тек теориялық білім алумен шектелмей, оның іс жүзінде үздіксіз жаттығуының негізінде ғана біліктілігі қалыптасатынын айтып, педагогикалық шеберліктің шыңдалу жолдарын көрсеткен.
1923 жылдан кейін жоғары оқу орнында педагогикалық практика 1-курстан басталып, тәрбие мекемелерінің жұмыс тәжірибелерімен, мектептен тыс тәрбие жұмыстарымен танысты. 2-курс студенттері саяси-ағарту жұмыстарына белсене қатысыл, әңгімелесулер жүргізді. 3-курста студенттер мектептердегі сабақтар мен тәрбие жұмыстарын көріп, бақылау жүргізді 4-курста төселу сабақтарын беріп, тәрбие сағаттарын өткізді. Бірақ педагогикалық практика осы кезеңдегі педагогтардың кәсіби сапаларына қойылатын талаптардың бірі - жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдастырушысы міндетін шешуді де көздеді.
1924 жылы халыққа білім берудегі Бүкілресейлік конференцияда С.Т.Шацкий болашақ мұғалімдер практикадан өмірдегі педагогиканы үйренуі оқытудың белсенді әдісі деп түсіндірді. Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың алғашқы сатысын педагогикалық тәжірибе жинақтау, бақыланған деректер мен құбылыстарды талдауға теориялық сабақтар өткізу, келесі сатыны жаңа деңгейдегі педагогикалық практика деп атады. Ол мұғалім дайындығын оның практикалық қызметі, жаттығуларды ұйымдастыру кезінде жүргізу деп есептеп, болашақ мүғалімдерді оқытудың мынадай ретін ұсынды:
- алғашқы педагогикалық тәжірибе жинақтау;
- кейін осы тәжірибені ұғынуға қажетті теориялық сабақтар;
- жаңа деңгейдегі педагогикалық практика;
- алынған материалды жаңа теориялық өңдеуден өткізу;
- педагогикалық тәжірибені жалпылайтын қорытынды теориялық курспен аяқтау.
Педагогтің пікірінше, 1-курста практика оқу мерзімінің бес пайызын, ал 2-курста оқу мерзімінің он пайызын, 3-курста жиырма бес пайызды алса, 4-курста жүз пайызды қамту керек деп санады. С.Т.Шацкий ойынша, болашақ мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне, олардың бақыланатын фактілері мен құбылыстарды талдауға негізделген теориялық біліміне зор көңіл бөлді. Бірақ, көп ұзамай бүл пікір де сынға ұшырады.
П.П.Блонский мұғалімдерді дайындаудағы педагогикалық практиканы жоғары бағалай отырып, студенттерді шебер мұғалімдердің ашық сабақтарына қатыстыруға қарсы болып, бұл болашақ мамандардың шығармашылық ізденісіне кедергі жасап, еліктегіш етіп шығарады деді. Бірақ көптеген авторлар бұл пікірді теріске шығарды. Осындай педагогикалық көзқарастардан кейін жоғары педагогикалық оку орындарының оқу жоспарына 1 курстан жалпы сағаттың 11 пайызын педагогикалық практикаға бөлді. Студенттер мектептегі жұмыс тәжірибелерімен танысып, төселу сабақтарын, сыныпта тәрбие жұмыстарын, жиналыстар өткізіп, ата-аналармен әңгімелесулер жүргізіп, қаладағы, аудандағы халыққа білім беру бөлімдерімен танысты. П.П.Блонский теориялық және практикалық даярлықтың органикалық бірлігін, педагогикалық теорияның мектеп практикасымен байланысын үндеді.
1932 жылы жоғары педагогикалық оқу орындарының біртұтас жүйесінің іргетасы қалыптасып, онда жалпы педагогикалық даярлық - педагогикалық институттарда кәсіби педагог маман даярлаудың өздік жұмыс компоненті ретінде қарастырылды. Оқу жоспарларында педагогика тарихы пәндері бойынша өздік курстар ұйымдастырылып, тәрбиеші-ұстаз даярлау құрылымында теориялық оқыту мен педагогикалық практиканы қатар жүргізу
шаралары қарастырыла бастайды. 1930 жылдан бастап қана педагогика дербес пән ретінде жоғары оқу орындарының оқу жоспарынан өзіне лайықты орынға ие болады. 1930 жылы типтік оқу жоспарында педагогикалық практика 38-40 %-ға көтеріліп, үздіксіз өндірістік практика деп аталынды. 2-курста танысу практикасы, 3-4 курстарда әдістемелік практика деп аталынды. 1933 жылы жоғары педагогикалық оқу орындарында педагогика пәнін оқытудың біртұтас бағдарламасы қабылданды. Онда педагогиканың оқу пәні ретінде мазмұндық бағыты айқындалып, жоғары білімді маман даярлаудағы маңызы нақтыланды. Осы кезеңде педагогикалық практиканың біртұтас жүйесінің негізі қалыптаса бастады. Бұған дейіи өндірістік практика ғана өткізіліп, ондағы негізгі бағыт тек экскурсиялық көру түрінде 2-курстағы Педагогика пәні мазмұнына байланысты өткізілді. 3-курстағы әдістемелік пәндер бойынша әдістемелік және стажерлік практикалар болды. Педагогикалық практика бірнеше түрге бөлінеді:
- танысу практикасы (білім-тэрбие беретін мекемелердің сан алуан
типтерімен танысу және олардағы тәрбие шараларының басты бағыттарымен
танысу;
- оқу-педагогикалық практика (базалық кәсіби дағдыларды меңгеру, өзінің кәсіби қызметіне ұнамды көзқарасын, мотивтерін қалыптастыру);
- стажерлік практика (әдіскер-ұстаздардың жетекшілігімен негізгі кәсіби міндеттерді орындауы және дербес кәсіби әрекеттерінің мінез дағдыларының қалыптаса бастауы, нышан беруі).
Әрине, бұл практикалар мазмұнында өткенмен салыстырғанда айтарлықтай алға жылжушылықтар болды. Педагогикалық практиканы өткізуге арналған алғашқы нұсқау 1930 жылы жарияланды, ол педагогтік жоғары оқу орындары мен техникумдарындағы үздіксіз өндірістік практика деп аталып, онда практиканың мазмұны, ұйымдастыру бағыты, түрлері туралы айтылып, студенттер орындауы тиіс шаралар нақты көрсетілді.
КХК-ның 1936 жылғы қабылданған Жоғары оқу орындарының жұмысы және жоғары мектепті басқару жөніндегі қаулысында Өндірістік практика бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі болуы және теориялық білімдерді жақсырақ игеріп, оларды өзінің практикалық іс-әрекетінде қолдануға көмектесуі тиіс, - деп көрсетілген.
Педагогикалық практикаға ерекше мән берген К.Д.Ушинский болатын. Ұстаз ғалымның пікірінше: Оқыту әдісін кітаптан немесе мұғалім сөзінен үйренуге болады, ал бүл әдісті дағдыға айналдыру тек ұзақ уақыт практика нәтижесінде келеді. А.С.Макаренко педагогикалық практика барысында студент практикалық сабақ жаттығулар арқылы педагогикалық әрекетті меңгереді, өзін-өзі сыннан өткізеді деген.
Ғалым Н.Н.Савинаның 1931-1941 жылдардағы педагогикалық практиканың маман дайындаудағы маңызы туралы зерттеуінде: 1930 жылдарға дейінгі педагогикалық оқу орындарындағы практиканың басым бөлімі ауыл шаруашылығында, өндіріс орындарында еңбек ету түрінде өтетіндігін айта келіп, осы жылдардан бастап педагогикалык практиканың маман дайындау мәселесінде кәсіптік бағыттылығын қалыптастырудың және мұғалімдер іс-әрекетін ұйымдастырудың жүйелі бөлігіне айналғанын дәлелдейді.
1940-1960 жылдары негізгі оқу пәндері (педагогика, педагогика тарихы) бойынша тұрақты оқу жоспарлары, тұрақты оку пәндерінің құрылымы белгіленді. Сонымен қатар болашақ педагогтың теориялық және практикалық даярлығының бірлігіне қол жеткізуге бағытталған ізденістер, педагогикалық практиканы жетілдіруге арналған жоспарлар тоқтаусыз жүргізілді. 1941 жылы Педагогикалық практика жөнінде нұсқау жарық көріп, мектептегі педагогикалық практика кезінде жүргізілетін жұмыс түрлері сараланып көрсетілді. Мұнда негізгі көңілді мектептегі тәрбие мәселесіне аудару көзделді және оқушыларға психологиялық бақылау жасап, мінездеме жазуға орын берілді. Бұл пікірдің тиімділігі оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге назар аударғандығында жатыр.
1950 жылдары педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу жоспарында теориялық білім беруге аз сағат бөлініп, өндірістік практиканың уақыты ұзартылды. Осы жылдары болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларын тәрбиелеуге дайындау мәселелері туралы зерттеу жұмыстары біршама көбейді. З.К.Кейлина, А.Мишивеладзе, И.Н.Николаев және тағы басқалардың зерттеулерінде пән-мұғалімдері мен тәрбиеші-мұғалімдерінің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда педагогикалық практиканың мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл кезеңдерде де болашақ мамандарды дайындауда педагогикалық практиканың орны, мазмұны зерттеушілердің назарынан тыс қалмағанын атап кеткен жөн.
1956-1967 оқу жылынан бастап жоғары педагогикалық оқу орындарының оқу жоспарларында педагогикалық практикаға арналған уақыт екі есе артық белгіленіп, студенттердің теориялық даярлығына бөлінетін уақыт едәуір қысқартылды (130 сағаттан 90 сағатқа дейін, педагогика пәні бойынша), алайда 1960-1961 оқу жылында практикаға бөлінген аптасының саны тағы қысқартылды. Осы жылы Студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру және студенттердің мектепте жұмыс істеуге практикалық әзірлігін жақсарту шаралары туралы бұйрық жарық көрді. Осы бұйрық негізінде оқу және өндірістік тәжірибе деп аталатын практика оқу жоспарында белгіленіп, педагогикалық практика барысындағы студенттердің дербес жұмыстары, шығармашылық біліктілік және дағдыларын арттыру жолдарына ерекше мән берілді.
1960 жылдары педагогикалық практиканың мазмұны, ұйымдастырылуы және нормативтік құжаттары, бағдарламалары бекітілді. Онда педагогикалық практиканың үш түрі: Танысу практикасы (1-2 курс), жазғы педагогикалық практика (2-3 курс), мектеп-педагогикалық практика (3-5 курс) барысында болашақ мамандардың меңгеретін практикалық біліктіліктері мен дағдыларының ерекшелігі көрсетілді. Ал, болашақ мамандардың біліктері мен қабілеттерін дамыту бағытындағы зерттеулер Е.И.Антипова, Н.НЛегаев, А.В.Усова еңбектерінде барынша ғылыми-педагогикалық тұрғыда қарастырылған. [14]
1972 жылы Оқу министрлігінің Педагогикалық институттардың педагогикалық практикасын ұйымдастыру және өткізу туралы шығарған нұсқауы осы келеңсіз жағдайларды жолға қоюдың алғашқы бастамалары іспетті болды. Нұсқау мазмұнында жоғары педагогикалық оқу орнында өткізілетін педагогикалық практиканың түрлері, ұйымдастыру жоспары, студенттердің міндеттері мен тәлімгер-ұстаздардың жетекшілігі туралы нақты бағыттар айтылды.
Заман талабына сай студенттердің алдында педагогикалық теорияны жетік меңгерген, өзінің кәсіби қызметінің қоғамдағы мәні мен орнын терең түсіне білетін жеке тұлға болуы шарт. Осы тұста әдіскер-педагогтар Ш.А.Аманашвили, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтың, т.б. тәжірибелері бір кездерде педагогикалық практиканы ұйымдастыруда және барысында басшылыққа алынатын әдістемелердің бірі болып саналды. Олар еңбектерінде әрбір тәрбиеші-маман өзінің оқу-тәрбие процесіндегі әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыра білсе ғана оқу және тәрбиелеу саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алатындығы туралы баяндаған. Осы ғылыми-әдіскерлік еңбектердегі білім беру ісін ізгілендіру бағытындағы ой-толғамдар студенттердің педагогикалық практикада басшылыққа алатын бірден-бір тірек педагогикалық технологиялардың бірі болып саналады.
Жалпы педагогикалық даярлық жүйесіндегі педагогикалық практиканың орны мен рөлі туралы О.А.Абдуллинаның зерттеулерінде педагогикалық практика кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыруда, студенттердің бойындағы танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамытуда, олардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда ғана емес, сонымен қатар олардың теориялық білімдерін бекітуде және тиянақтауда маңызы зор екендігі баяндалады.
В.И.Овченникова педагогикалық практика туралы еңбектерінде педагогикалық практиканың тиімділігі оның қоғамдық немесе тәрбие жұмысы практикасы, пионер және оқу-тәрбие жұмысы практика түрлерінің болуында. Әрбір практиканың өзіндік мазмұны және міндеттері болады. Оның ішінде тәрбие жұмысы практикасында алғашқы педагогикалық қарапайым дағдылар мен біліктіліктердің қалыптасуы теориялық білімдеріне негізделеді деген.
1985-1986 оқу жылында педагогикалық оқу орындарына арналған жаңа оқу жоспарлары енгізілді. Себебі, заман талаптарына сай болашақ маман жұмысының маңызды кепілдіктерінің бірі тек өзіне деген жауапкершілікпен шектелмей, жұмыс практика барысында ішкі бостандықты сезіне білуі. Болашақ маман сапалы оқыту процесін қамтамасыз етуші тұлға, оқу сапасын арттырушы ретінде таныла білуі керек деген басты талаптар қарастырылды. Н.В.Кузьмина педагогикалық әрекетті зерттеу әдістерін, болашақ мұғалімнің дайындығы жүйесінде және оның алғашқы тәжірибесі кезінде маңызды кәсіби сапаларының даму механизмі мен ретін көрсете отырып, педагогикалық іс-әрекеттің кұрылымын анықтайды. [22]
Студенттердің педагогикалық практикасының жалпы мазмұндық мәселелері 1987 жылы бекітілген жоғары оқу орындарының
бағдарламаларында жан-жақты баяндалды. Онда студенттердің педагогикалық практикасын барлық оқу курсы барысында жоспарлап, үздіксіз өткізудің қажеттілігі дәйекті түрде баяндалды.
Г.А.Бакулина өзінің зерттеуінде студенттердің үздіксіз педагогикалық практика үрдісінде танымдық шығармашылығын қалыптастырудың жүйесін құрып, еңбек сабағындағы техникалық шығармашылығын жетілдіру үшін әдебиеттерді, алдыңғы қатардағы мектептердің тәжірибелерін оқып үйрену, техникалық үйірмелерге, сыныптан тыс жұмыстарға қатысу, рефераттарды орындау, моделдің жаңа деталдарын құрастыру жұмыстарын жүргізу арқылы шешуді көздеген. Үздіксіз практика кезінде, әсіресе, сыныптан тыс жұмыстарға көңіл аудару, ол жұмыстарды ұйымдастыруға сынып жетекшілерінің басшылық етуі жүктелді. Педагогикалық практиканың мәнін, маңызын көтеру мақсатымен бұл жұмыстың барысындағы студенттердің мамандыққа байланысты көрсеткен икемдіктері кейін мемлекеттік емтихан кезінде ескерілетін болды.
Н.В.Александров педагогикалық практика мазмұны барлық негізгі мәні айқындалған педагогикалық процесс болуы керек. Тек осындай жағдайда ғана практика болашақ мұғалімді педагогикалық процестің әдіснамасымен, оқу-тәрбие жұмысының принциптерімен, әдістемелік білік дағдыларымен қаруландыра алады десе, Л.М.Фридман білімдер жүйесін, оқыту мен тәрбие нәтижесін тек практика қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болған теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педагогикалық теория болашақ мұғалімнің тәжірибесін жасауға, ұйымдастыруға негіз ретінде қарастырылады.
Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин сияқты алыптардың ой-пікірлерінде тәрбиеші, мұғалім туралы ой-тұжырымдары ерекше орын алады. А.Құнанбаевтьщ Адам баласы көзімен көріп, құлақпен естіп, қолымен ұстап, тілімен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады, адам баласы туа есті болмайды. Естіп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады деген көзқарасынан білімін практикада тексерген жағдайда ғана санада берік болатындығын, біліктілігі мен дағдысы жетілген маман даярланатындығын тұжырымдаймыз. Ы.Алтынсарин мұғалімдердің оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруын, мектептегі бүкіл жетістіктер оның беделіне, білімі мен біліктілігіне өз жұмысын жан тәнімен сүйе білгеніне байланысты дейді. Мұның өзі болашақ мамандарды жоғары оқу орнында теориялық және практикалық тұрғыда дайындау қажеттігін меңзейді.
Ғ. Қарашев мұғалім болған адамның шәкірттері риза болатындай мінезі, оларды толық қанағаттандыратындай білімі болуы керек. Ондай білімі жоқ ұстаздан шәкірт тәлім көре алмайды деп мүғалімдерге талап қояды. Ақынның бұл пікірінен педагогикалық оқу орнынан мұғалімдерді дайындауға ерекше мән беру керектігін түйіндейміз.
С.Көбеев айтқанын орындата алмайтын ұстаздарды этикасы жоқ деп кінәламай, онда балаға әсер етудің тәжірибелік қоры аз, амал-тәсілдерінің жүйесі түзелмеген, яғни өзіндік тактикасы жетілмеген дейді. Белгілі ұстаздың пікірі бүгінгі болашақ мамандарды педагогикалық практика барысында кәсіби бағдарын қалыптастыруда маңызы зор.
Педагогика ғылымында ұстаз, тәрбиеші, оларға қойылатын талаптар туралы арнайы зерттеу еңбектері мен оқулықтарында ғұлама ағартушылар Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, т.б. ой-пікірлерін білдірген.
Ж.Аймауытов балаларды оқытып-тәрбиелеу үшін мұғалімнің ұстаздық шеберлігі жоғары және профессионалдық еркіндікке ие болу керек деп ғұлама ғалым білім алуды күнделікті өмір тәжірибесімен ұштастыра білу арқылы кәсіби бағдарын қалыптасатындығын ескертеді.
А.Байтұрсынов Тәлімгер атаулының сөз саптауы шорқақ, ойға саяз, тыңдауға әсерсіз болса шәкірт тәрбиесінде берекесіздік туады деген ой-пікірінің бір үшын кәсіби бағдарда болғандықтан педагогикалық практика барысында ескеруіміз керек. Адамға іс үстінде пайда болған іс пен ес қосылуынан өнер, білімді ойлап үйренбейді, істеп түюден үйренеді, - деп педагогикалық практика туралы арнайы сөз қозғамаса да тәжірибеде студенттерді сөз мәдениетіне жетелеуге ерекше мән беру қажеттігін ескертеді.
М.Дулатов кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді деген пікірінен болашақ ұстаздар практика барысында өзінің қабілетін сезінуі және соған жағдай туғызу керек деп санаймыз.
М.Жұмабаев "Педагогика" атты еңбегінде "Бала тәрбие қылғанда әрбір тәрбиешінің алдымен қолданатын жолы - өз тәжірибесі. Яғни, бала күнде өзі қандай тәрбие алған һәм баланы өзі бұрын қалай тәрбие қылған. Міне, осы жолмен жүрді. Әрине, бұл жолды тіпті қисық жол деуге болмайды. Қисық болу былай тұрсын, тәрбие туралы әрбір тәрбиешінің өз тәжірибесі аса қымбат нәрсе деген ойын болашақ мамандардың практикасын ұйымдастыру барысында ескерген жөн. Тағы бір ойында қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы -мұғалім. Тәрбиешінің табансыздығын сезсе, бала онымен сөйлеуден, тілін алудан қалады мұның бәрі практика барысында болашақ мамандардың кәсіби бағдарын қалыптастыруда ескеретін жәйттер. [20]
1940-80 жылдар арасындағы педагогикалық практика мәселесіне арналған академик Т.Тәжібаев және ғалым-педагог Қ.Б.Бержановтың еңбектерінде педагог жастардың практикалық даярлығының шамалы, педагогикалық практикасыз оқытудың өмірден алшақтығын қынжыла айтады Осы жылдары педагогикалық институттардың оқу жоспарларына үздіксіз педагогикалық практиканың еніп, студенттердің сабақтан кейін мектептерде болып, педагогикалық үрдіс барысына бақылау жүргізуге мүмкіндік алған.[33]
Қазақстандық В.А.Радионова Жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби бағытталуын педагогикалық практика процесінде қалыптастыру атты ғылыми-зерттеу жұмысында педагогикалық практика барысында студенттерге кәсіби бағыт берудің алғышарттары, педагогикалық практиканы ұйымдастырудың тиімді әдістері, педагогикалық практиканы ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері туралы зерттеді.
Б.Р.Айтмамбетованың зерттеу жұмыстарында педагогикалық практиканың болашақ маман үшін өз мамандығына байланысты жүйелі ұғым алуында, сапалы білім игеруіндегі алға апарушылық орны туралы айтылған. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына деген ынта-ықыласы олардың тәрбиеші-ұстаз мамандығы бойынша өтетін практикасымен тікелей байланысты. Сонымен, педагогикалық практиканың болашақ мамандыққа даярлауда зор маңызы бар екендігіне көз жеткіздік. [7]
Бұл сол тұстағы елімізде педагогикалық практикаға байланысты жүргізілген алғашқы ғылыми жұмыстардың біріне есептеледі. Жоғарыда аталған зерттеу жүмысына ұқсас В.Г.Максимовтың диссертациясы жарық көріп, мұнда автор студенттердің педагогикалық практика кезінде кәсіби қызығушылығын арттырудың жолдарын саралайды. Кәсіби қызығушылықты көбіне студенттердің өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыруға байланысты қарастырады.
Жоғары педагогикалық оқу орны кәсіби тәрбиеші, ұстаз мамандарды шыңдайтын, үлкен өмірге жолдама беретін негізгі орын. Қоғамымыздағы қайта құру белестеріне сай жалпы білім беретін және арнаулы кәсіби білім беретін мектептердің оқу-тәрбие мазмұнында да жаңа түбегейлі өзгерістер бой көрсетті. Студенттердің жалпы педагогикалық даярлығы жоғары оқу орындарындағы оқу жоспарының басты бағыты болып табылады.
Профессор Н.Д.Хмельдің ғылыми зерттеуіне сүйенсек, Педагогика ғылымында болашақ мұғалімді алдын-ала практикалық даярлаудың мазмұны мен әдістемесіне әсер ететін - студенттің педагогикалық еңбектің барлық түрлері мен формаларына өз күштерін, біліктіліктерін байқауға мүмкіншілік беретін дәстүр қалыптасқан, - деген болатын. Бұдан педагогикалық практика болашақ мамандардың негізгі әрекетін терең білуге және өзін-өзі талдауға мүмкіндік туғызатындығын көреміз. [36]
Бірқатар зерттеу еңбектерінде студенттердің кәсіби-педагогикалық даярлығы туралы ғалым педагогтар Қ.Е.Көшербаев, Ә.Қ.Ахметов, А.Е.Әбілқасымовалардың ғылыми еңбегінде Жоғары білім мемлекет қызметінің барлық жақтарына - экономикалық, әскери, экологиялық, технологиялық, мәдени, басқару жэне басқа салаларына түгел дерлік ықпал етеді, - деп көрсеткен! Педагогикалық процестер барысында диагностикалық әрекеттер мен бақылау жүргізу дағдыларын меңгереді. Педагогикалық практика барысында тәжірибелі мамандарымен қоян-қолтық араласа отырып, кәсіби қарым-қатынас мәнері дағдыларына үйренетіндігін айтады. [21]
К.Әбдімажитұлы өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында университеттегі оқу-тәрбие процесі негізінде педагогикалық практика барысында студенттерді тәрбие жұмысына даярлау процесінің деңгейін, оны одан әрі дамыту жолдарын жүйелеген, педагогикалық практика барысындағы студенттердің тәрбие жұмысының сапасы педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу әдістемесіне, мазмұны мен міндеттеріне, өткізу уақыты мен мектептің мұғалімдері сапасына және басқару жүйесіне байланысты болатындығы туралы тұжырымдар ұсынған.[9]
З.Н.Бекбаеваның өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында инженер педагогтарды даярлаудағы практика, практикалық іс-әрекет, педагогикалық практика және оның құрылымын, өзара байланысының теориялық негізін жүйелеп, кешенді тапсырмалардың моделін жасап, педагогикалық практиканы жетілдіру жолдарын жүйелеген.
А.И.Балабаева өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында мектепке дейінгі ұйым педагогтарды даярлаудағы практика, практикалық іс-әрекет, педагогикалық практика және оның құрылымын, өзара байланысының теориялық негізін жүйелеп, кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың моделін жасап, педагогикалық практиканы жетілдіру жолдарын жүйелеген.[12]
Қазіргі нарықтық заманда қай мамандық саласы болмасын болашақ мамандарды дайындауда олардың кәсіби біліктігін қалыптастыруға үлкен мән беру керек. Біздің ойымызша студенттердің кәсіби білігін қалыптастыруға педагогикалық практика барысында қол жеткізуге болады. Студенттердің кәсіби білігін педагогикалық практика барысында қалыптастырудың проблемсларын келесі тарауда талдаймын.

І. 2 Студенттердің педагогикалық практика барысында кәсіби білігін қалыптастыру проблемасы

Қазіргі мұғалім қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік - экономикалық, педагогикалық, ғылыми өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби түрде оқушылармен тез ортақ тіл таба алатын педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын болуы керек.
Болашақ маманға университет қабырғасында білімділік және бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет. Мұғалімге аса қажеттілігі: педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім мамандығын таңдай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншілік т.б. қасиеттер. Шынында да балаларға деген сүйіспеншілік және ол өзінің педагогикалық шеберлігін де шыңдай алады. Оның негізгі бастамасы болашақ мұғалімдерді дайындау, қалыптастыру кезеңінде басталады. Бұл орайда педагогикалық практиканың алатын орны ерекше, өйткені қазіргі студент - болашақ өзінің бейімділігін, шеберлігін, ыңғайлылығын, алған теорилық білімдерін мектеп өмірімен байланыстырып отырғанда ғана жүзеге асырады. Тек сонда ғана мұғалімге тән педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетуге жол ашылады. Мұғалімнің шеберлігінің бастамасы негізінде оның өз пәнін және оқыту әдістемесін терең білуі жатады. Өз пәнін еркін білуі ғана оқушылардың білімге деген ынтасын туғызып, мұғалімге және оның талаптарына құрметпен қарата алады. Оқушылар мұғалімнің нашар білетінін, оның сабақ үстінде бере алмайтынын ешқешен кешірмейді. Әлбетте, мұның орнын еш нәрсемен толтыруға болмас. Міне, сондықтан да мұндай кешірілмейтін кемшіліктерді болдырмаудың негізі болашақ мұғалімдерді сапалы дайындау, алғашқы күннен бастап - ақ мектептегі оқу - тәрбие үрдісімен таныстырып отыру қажеттігі туындайды, сондықтанда педагогикалық практиканың көкейтестілігі айқындала түседі.
Болашақ мұғалім кәсіби мамандығының қыры мен сырын педагогикалық практикаға араласа бастағанда сезінеді. Жас маманның яғни, мұғалімдердің кәсіби біліктерінің дамуына педагогикалық практиканың қосар үлесі зор екеніні педагогтар жақсы біледі. Болашақ мұғалімнің жеке басының педагогикалық дағды іскерлігі мен икемділігін қалыптастыратын басты шара - педагогикалық практика болып табылады.
Болашақ мамандарды кәсіптік білікке баулу педагогикалық практикаға алдын ала жүргізілген жүйелі дайындықты талап етеді. Педагогикалық практикаға дайындық болашақ мамандардың теориялық, әдістемелік, психологиялық, этикалық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, зерттеушілік, біліктілік іскерліктерін қалыптастыруға бағытталмақ.
Осы мәселелерге байланысты қарама - қайшылықтың шешімін табуға болашақ мамандарды дайындауда педагогикалық практика үрдісінің ықпалы өте зор.
Педагогикалық практика үрдісінде болашақ мұғалімдерді кәсіби білікке баулу нәтижелі болады: егер педагогикалық практиканың кәсіби бағдар беруге арналған міндеті мен мақсаты айқындалып, оны ұйымдастыруға байланысты осы кезге дейін жинақталған алдыңғы қатарлы іс - тәжірибелер ескерілген жағдайда, студенттерді педагогикалық практикаға дайындау кезінде арнайы курстарды оқыту барысында олардың әдістемелік, ұйымдастырушылық, болжағыштық, диагностикалық, зерттеушілік, дидактикалық біліктерін қалыптастыратындай жұмыс түрлері ұйымдастырылса. Сонда болашақ мұғалімдерді оқу - тәрбие жұмысында даярлау тиімділігі артады.
Сонымен қатар практиканттарды оқу - тәрбие практикасы үрдісінде ғылыми - зерттеу және кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен шұғылдандырсақ, олардың шығармашылық белсенділігі шыңдала түседі.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерліктерін қалыптастыру педагогикалық практикаға білімгерлермен алдын ала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Кәсіби біліктілік терминінің анықтамасы
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Пәндер