Қазіргі тұлғаның əлеуметтену ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі тұлғаның əлеуметтену ерекшеліктері

Əлеуметтену ұғымы қазіргі кезеңде кеңінен таралып, тек қана əлеуметтану ғылымында емес, сонымен бірге психология, педагогика, этнология, криминалистика, əлеуметтік жұмыс, дінтану жəне басқа да қоғамдық ғылымдар саласында қолданылады. Тұлғаның түрлі теорияларының негізін құрайтын əлеуметтену процесінің көптеген парадигмалары қатар өмір сүріп келеді. Əлеуметтену процесін зерттеуге қатысты тəсілдердің көптігі бұл əлеуметтік құбылыстың күрделі жəне қарама-қайшылықты екендігін жəне топтастыру мен жүйелеудің əрқилы түрлерінің мүмкін екендігін көрсетеді.
Философиялық еңбектерде əлеуметтенуді адамның əлеуметтік сапаларды игеру, био-дансоцио-ға өту процесі деп, қарайтын кең, абстракті түрде түсіну орын алады. Əлеуметтену ұғымымен қатар индивидтің əлеуметтік сапаларды қалыптастырғандығын көрсететін тұлғаның əлеуметтік қалыптасуы деген ұғымның қолданылуы осының мысалы.
Этнографиялық зерттеулердің көптеген түрлері əлеуметтенуді инкультурация (немесе энкультурация) ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мұнда əлеуметтену ұрпақтар аралығында мəдениетті жеткізіп отырудың механизмі рөлін атқарады.
Əлеуметтенудің социологиялық анықтамаларында тұлғаның қалыптасуына тигізетін əлеуметтік факторлардың (рөлдер жəне мəртебелер, құндылықтар, талаптар, əлеуметтік институттар, т.б.) əсеріне ерекше көңіл бөлінеді. Психологиялық анықтамаларда дербестіктің қалыптасуына жəне адамдардың жекелік айырмашылықтарына ак- цент жасалынса, педагогикалық анықтамаларда əлеуметтену процесіндегі тəрбиенің рөлі қарастырылады.
Тұлғаның əлеуметтенуі деп оның қоғамға енуі арқылы сыртқы орта мен жекелік сапаларының əсерлерінің негізінде өзінің жекелік жəне əлеуметтік мəнін көрсетуін айтады. Осылайша, əлеуметтену процесінде тұлғаның əлеуметтік тұрғыдан дамуы ғана емес, сонымен қатар оның жекелік ерекшеліктерінің қалыптасуы да жүзеге асады.
Тұлға əлеуметтену процесінде қоғамдық қатынастардың субъектісі жəне объектісі ретінде қалыптасады.Əлеуметтенудің мүдделер немесе бағыну принципіненегізделгенмеханизмдеріні ңерекшеліктеріне байланысты оның құралдарының қандай да бір түріне артықшылық беріледі. Тоталитарлық қоғам жағдайында бағыну принципіне негізделген əлеуметтенудің ақпараттық-білімдік құралдары идеологиялық, бір жақтылық сипатымен ерекшеленді. Ұйымдастыру-реттеу құралдары мемлекеттік тапсырыстың негізінде мемлекетке қажет адамдарды қалыптастырды. Сондықтан да өзін-өзі ұйымдастырушы жүйелердің орнына сыртқы факторлардың əсерімен қалыптасқан жүйелер орын алды. Барлық аталған құралдардың ішінде бақылау құралдары негізгі орында болды. Ал стимул беруші (ынталандырушы) құралдар көбінесе қоғам алдында шексіз қарыздарлық пен борыштарын сезінген адамдардың энтузиазмдерін көтеру мақсатын орындады. Адам мақсат ретінде - бұл əлеуметтенудің қазіргі үлгісінің түрі.
Қазіргіуақыттаəлеуметтенудіңбағынуү лгісімен қатар мүдделер принципіне қызығушылықпен қарау орын алуда. Өзін-өзі ұйымдастыра, бақылай, жетілдіре білетін тұлғаны қалыптастыру өзекті болып отыр. Ақпараттық-білімдік құралдар енді тұлғаның жан-жақты қалыптасуына қызмет етуге бағытталуда. Бақылау құралдарының көмегімен тыңдай білетін адамды ғана емес, өзін-өзі бақылай білетін жауапкершілігі бар адамды қалыптастыру да маңызды. Ынталандыру құралдары, негізінен алғанда, адамдардың белсенділіктерін, инициативасын көтеруге бағытталады.
Қазіргі кезеңде тұлғаның əлеуметтену процесінің əдістемелік негізі ретінде өзекті болып отырған концепциялардың қатарына виталистік, универсумдық концепцияларды жатқызуға болады. Виталистік концепция бірінші орынға жекелік жəне əлеуметтік тұрғыдан қарастырғандағы тұлғаның субъектілік сапасын қояды. Адамның өмірлік күші жəне өмірлік кеңістік деген категорияларды басшылыққа ала отырып, бұл концепцияның жақтастары тұлғаның белгілі бір əлеуметтік кеңістікте жəне уақыт аралығында өмір сүру жағдайларына талдау жүргізеді. Бұл концепцияның түсіндіруі бойынша, тұлға əлеуметтенудің жеке жəне əлеуметтік субъектісі ретінде табиғи-биологиялық, психологиялық жəне əлеуметтік факторлардың нəтижесі болып табылатын өмірлік күші арқылы өзінің өмір сүріп отырған əлеуметтік ортасына, яғни өмірлік кеңістігіне сөзсіз əсерін тигізеді.
Универсумдық парадигма тұлғаның биопсихоəлеуметтік мəнінің негізінде оның рухани жақтарына ерекше мəн беруімен сипатталады.
Минималдық универсумға негізделген универсумдық парадигма əрбір дамып келе жатқан материалдық жүйені (оның ішінде тұлғаны да) бейнелеуге қажетті сипаттамалардың аз көлемін - екі элемент, үш деңгей, бес күй, жеті қабатты ұсынады. Универсумдық парадигманың негізгі тұжырымдамаларына сəйкес, тұлғаның əлеуметтенуін адамның табиғи, əлеуметтік жəне рухани байланыстардың біртұтастығы ретінде əлеуметтік ортамен өзін белсенділікпен теңдестіруі жəне екі элементтің: сана мен санасыздықтың; үш деңгейдің: физикалық, астральдық (жан, эмоция сферасы) жəне менталдық (рух, ойлау сферасы) денелердің; бес кезеңнің: ертеректегі əлеуметтенудің,жалпы оқудың,кəсіби оқудың,əлеуметтік кемелденудің, өмірлік циклдің бітуінің; жеті қабатты (өзін) теңдестірудің: əлеуметтік-кəсіби, отбасылық-қауымдық, ұлттық-территориялық, діни-идеологиялық, эволюциялық-түрлік, жыныстық жəне рухани түрлерінің қатарлас жүруінің логикалық процесі ретінде анықтауға болады [1].
Универсумдық теорияның дамуына ерекше үлес қосқан В.Г. Немировский, минималдық универсум принципін архетип, зерттеу объектісінің толықтырылған үлгісі, əрбір жүйенің даму процесінің жүзеге асырылу матрицасы ретінде қарастырады. Оның көзқарасы бойынша тұлғаның мəнін рационалдықпен қатар саналы түрде жасалынбайтын эмоционалдық мінез-құлық та сипаттайды.
Əлеуметтену процесінің мазмұны мен сипаты əлеуметтік-мəдени ортамен жəне тұлғаның жеке белсенділігімен тікелей байланысты. Бұл өзара байланыс үш деңгейде (қоғам, микроорта жəне жеке өмірлік тəжірибе) көрінеді. Əлеуметтену процесінде тұлға қоғамдық маңызды əлеуметтік-мəдени ақпараттарды, ал микроортада жақын топтардың құндылықтары мен талаптарын қабылдап, үшінші деңгейде бұл қабылданған құндылықтарды өзінің ішкі дүниесіне өткізуді жүзеге асырады.
Тұлғаның əлеуметтенуі қоғам мен жеке адамның əлеуметтенуінің бірігуінен құралады. Яғни, қоғам адамды қалыптастыратын болса, онда адам да қоғамды қалыптастырады. Тұлға қоғамға сөзсіз тəуелді. Ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Бірақ,оның өзіндік тəуелсіздігі бар ма? Керісінше əсердің болуы мүмкін бе? Əлеуметтену процесінің осы принципті, негізгі сұрағына жауап беруде əлеуметтанудың классиктері Э. Дюркгейм мен М. Вебер қарама-қарсы көзқарастарды жақтайды. Дюркгейм əлеуметтік шындықты жеке шындықтан жоғары тұратын автономды шындық ретінде қарастырады. Ол жеке деректерге əлеуметтік деректерді, жеке санаға, ұжымдық сананы қарсы қояды. Ұжымдық түсініктерді жеке түсініктерден шығаруға болмайтындығы сияқты, қоғамды да жеке адамдардан, тұтасты бөліктерден, қиынды-қарапайымнан шығаруға болмайды, - деп есептейді [2]. Осы сұраққа байланысты М. Вебердің көзқарасы тікелей қарама-қарсы бағытты бейнелейді. Ол қоғамның дамуында жеке адамдардың іс-əрекеттеріне маңызды орын беретіндердің қатарында. М. Вебер əлеуметтік іс-əрекеттің субъектісі ретінде қоғамды немесе ұжымдықтың басқа да түрлерін қарастырған Дюркгеймнен айрықша, субъект ретінде жеке адамның саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге бағытталған іс-əрекетін айтады.
Тұлғаның əлеуметтену процесінің механизмдеріне танымдық, бейімделу, интеграциялық механизмдерді жатқызуға болады.
Т. Парсонс əлеуметтенудің маңызды механизміне тұлғаның өзін үлкендермен теңдестіре қарауын жатқызады. Осы мағынасында əлеуметтенудің танымдық механизмі ретінде еліктеу мен теңдестіруді қарастыруға болады. Əлеуметтенуді тұлғаның əлеуметтік жүйеге бейімделу процесі ретінде қарастыра отырып, Т. Парсонс бейімделу механизміне де басты назар аударады. Бейімделу Парсонс бойынша институционализацияланған құндылықтарды қоғамның күтіліміне сай қабылдау ретінде түсіндіріледі. Ол конформизмді индивидтің табиғатының, оның бейімделу мүмкіндігінің көрінісі ретінде қарастыра отырып, оны əлеуметтік жүйенің қалыптасу заңдылығы ретінде түсіндіреді. Əлеуметтенудің интеграциялық механизмдері оның көзқарасы бойынша, ынтымақтастықтың белгілі бір деңгейіне жетудің тəсілі ретінде қарастырылады.
Қазіргі уақытта тұлғаның субъектілік сапаларының өзектендірілуіне байланысты əлеуметтенудің бейімделу механизмдерінің қатарына инициативаны да жатқызған жөн. Мұның себебі бейімделуді əлеуметтенудің белсенді механизмі ретінде қарастырумен тығыз байланысты.
Синергетиканың əдіснамалық рөлінің күшеюі əлеуметтенудің интеграциялық механизмдері ретінде қолдау үлгісімен қатар қақтығысты қарастыруды талап етеді. Яғни бұл жерде қоғамдағы ынтымақтастықты қалыптастыруда қақтығыстардың да жағымды жақтарын, қызметтерін ескеру қажет. Тұлға қоғамға қақтығыстарға ұшырай отырып та ене алады.
Жоғарыда аталған əлеуметтенудің механизмдерінің мағынасын ашып көрсететін болсақ, онда олар төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады.
Еліктеу - индивидтің өзі еліктеп отырған объектінің ерекшеліктері мен мінез-құлық үлгілерін айнытпай салуы.
Теңдестіру - теңдестіріп отырған топтың құндылықтарын саналы түрде қабылдау;
Бейімделу - пассивті бейімделу қылығын таңдау.
Адаптация - белсенді бейімделу позициясын таңдау.
Конформизм (конформдық мінез-құлық) - келісімге келу, субъектілік позициядан бас тарту.
Қолдау үлгісі - қалыптасқан əлеуметтік тəртіптерді қолдаудың əрқилы түрлері.
Қақтығыс - субъектінің өзінің позициясының қарама-қарсы тұрған жақпен сəйкессіздігін сезінуі. Əлеуметтенуге оқу деген терминнен гөрі
игеру деген термин көбірек сəйкес келеді. Өзінің мазмұны жағынан бұл термин кеңірек жəне оқуды өзінің бір бөлігі ретінде қамтиды. Əлеуметтену адамның биологиялық түрден əлеуметтік түрге айналуын түсіндіреді. Бұл жерде əлеуметтік орта шешуші рөлге ие болады. Əлеуметтену процесі екі кезеңнен тұрады: біріншісі, адамның қоғамдық өмірге араласуы арқылы жеке əлеуметтік рөлдерді орындауы. Т. Парсонстың көзқарасы бойынша, жаңадан дүниеге келудің өзі белгілі бір əлеуметтік рөлді орындауға жатады. Екіншісі, адамның туғанынан бастап өлгеніне дейін созылатын əлеуметтік бақылау. Бұл - қоғамда тепе-теңдікті қамтамасыз ететін құрал.
Енді бірқатар ұғымдарды əлеуметтену ұғымымен салыстыра қарастырайық. Əлеуметтену,тұлғаның дамуы деген ұғымдарды қарастырсақ, бұлар жеке адам мен ортаның белсенді түрде өзара байланысуын жəне адамның дамуының бір ғана кезеңін емес, бүкіл өмірін қамтитын, əлеуметтік сапаларды қалыптастыру процесі, - деген анықтама берсек те, бұл ұғымдарды теңдес деп есептей алмаймыз. Əлеуметтену ұғымы тұлғаның дамуы ұғымымен салыстырғанда нақтырақ, өйткені ол адамның бойында сол өзі өмір сүріп отырған əлеуметтік жүйенің тарихи типіне сай қасиеттердің қалыптасуын бейнелейді. Əлеуметтену жəне тұлғаның дамуы ұғымдарының айырмашылығы, біріншісі, адамның əлеуметтік жақтарын, ал екіншісі, əлеуметтік, сонымен қатар биологиялық жақтарын да бейнелейтіндігінде емес. Əлеуметтену ұғымы тұлғаның дамуы ұғымынан көлемі арқылы емес аспектісі арқылы ерекшеленеді. Атап айтқанда, адамның белгілі бір нақты қоғамда дами отырып, нақты сипаттамалар арқылы ерекшеленуін көрсетеді. Сонымен қатар тұлғаның қалыптасуы жəне тұлғаның əлеуметтенуі деген ұғымдарды да ажырата білген жөн. В.В. Москаленконың түсіндіруі бойынша, тұлғаның қалыптасуы ұғымы оның қалыптасуының жəне дамуының аяқталғандығын, кемелденгендігін бейнелейтін болса, онда əлеметтену ұғымы адамдағы əлеуметтік сапалардың кемелденгендігін, жетілгендігін ғана емес, жаңа байланыстар жүйесіне тұлғаның енуімен олардың əрі қарай да өзгерістерге ұшырап отыратындығын бейнелейді. Əлеуметтену ұғымы қалыптасу ұғымымен салыстырғанда тұлғаның дамуының неғұрлым жалпы процесін қамтиды. Тағы да бір тоқталатын мəселе - бұл əлеуметтену жəне тəрбие ұғымдарының арақатынасы. Соңғысы алдыңғысымен салыстырғанда мағынасы жағынан тарлау, өйткені мұнда тұлғаға сыртқы əсерлердің тигізетін рөлін анықтауға, берілген процестің мақсатты түрде бағытталғандығын көрсетуге көп мəн беріледі. Бірақ бұл ұғымдар мағынасы жағынан бірін-бірі толықтырып тұрады. Əлеуметтену өзіне əлеуметтік тұрғыдан бақыланатын мақсатты бағытталған процестерді (тəрбие) де, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуына əсер ететін стихиялық, спонтанды процестерді де қамтиды. Осыған байланысты ғылыми əдебиеттерде əлеуметтенудің бағытталған жəне бағытталмаған түрлерін ажыратады. Бірінші түрге, қоғамның мақсатына, оның əлеуметтік тапсырысына сəйкес тұлғаны қалыптастыру үшін арнайы түрде жасалған əсер ету құралдарының жүйесін жатқызуға болады. Əлеуметтенудің бағытталмаған түрі қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты келеді. Стихиялық əлеуметтену - жеке адамның тікелей өмір сүріп отырған ортасына сəйкес келетін əлеуметтік дағдылардың белгілі бір түрлерінің автоматты түрде қалыптасуы.
Қазіргі тұлғаның əлеуметтенуі түрлі өлшемдер: əлеуметтік қатынастар жүйесіне кіру деңгейі арқылы, тұлғалық жəне əлеуметтік мүмкіндіктерін жүзеге асыру деңгейі арқылы жəне өз өмірін жетілдіру жағдайларына байланысты бағаланады.
Аталған өлшемдер бойынша əлеуметтену көрсеткіштері тұлғаның қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде алатын орны, жекелік сапасы мен əлеуметтік мəртебесі, қоғамдық-саяси іс-əрекетке қатысуы, отбасылық-тұрмыстық сферадағы жағдайы арқылы көрінетін əлеуметтік қасиеттері болып табылады.
Нақтырақ тұрғыдан қарастырғанда тұлғаның əлеуметтену өлшемдерінің танымдық, мінезқұлықтық, мотивациялық жəне рефлексивті түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Танымдық өлшем тұлғаның əлеуметтік өзара қарым-қатынастар құндылығы туралы жəне өзіндік құндылықтар жүйесінің қалыптасу дəрежесі туралы білу деңгейін сипаттайды.
Мінез-құлықтық өлшем тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетін, қарым-қатынас тəсілін сипаттайды.
Мотивациялық өлшем тұлғаның өзінің дамуына саналы тұрғыдан келуін көрсететін негізгі мотивтер жүйесі арқылы айқындалады.
Рефлексивті өлшем əлеуметтену процесінде тұлғаның өзіндік шығармашылық дамуын сипаттайды.
Əлеуметтенудің мазмұны, негізгі бағыттары жəне механизмдері қоғамның дамуының экономикалық, əлеуметтік-саяси жəне мəдени факторларымен, отбасының өмір тіршілігімен, мектептің мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады.
Қоғамда өзінің сипаты мен мазмұны жағынан əрқилы болып келетін қоғамдық əрекеттердің түрлері жүзеге асырылады. Бұларға өндірістікэкономикалық, əлеуметтік-тұрмыстық, саяси, діни, эстетикалық, т.б. жатады. Бұлардың əрқайсысының өзінің əлеуметтік кеңістігі бар. Қоғамдық ісəрекеттердің негізінде қоғамдық өмірдің түрлі сфералары қалыптасады. Қоғамдық өмірдің негізгі сфераларына экономикалық, саяси, əлеуметтік жəне басқаларын жатқызады.
Қоғамдық өмірдің негізгі салалары əлеуметтенудің экономикалық, саяси, құқықтық, рухани жəне əлеуметтік сияқты түрлі типтерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Тұлға əлеуметтену процесінде əлеуметтенудің бүкіл типтерінің диалектикалық біртұтастығын айқындайтын, өмір сүрудің негізгі бағыттарын бейнелейтін əлеуметтенудің комплексті жүйесіне енеді. Соңғы уақыттарда тұлғаның əлеуметтену процесін зерттеудің сферасы едəуір кеңейтіліп келеді. Сондықтан да бізге танымал əрі дағдылы болып қалған əлеуметтенудің дəстүрлі мəселелері ретіндегі саяси əлеуметтену, отбасындағы əлеуметтену, діни əлеуметтену жəне əлеуметтенудің басқа да түрлерімен бірге тұлғаның жаңа экономикалық үлгісінің қалыптасуын айқындайтын экономикалық əлеуметтену өзекті болып отыр.
Экономикалық əлеуметтену термині Қазақстанда нарық қоғамының басталуы жағдайында, яғни ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында пайда болды. Экономикалық əлеуметтену қоғамның экономикалық өміріне қатысу мақсатымен экономикалық білімдерді, құндылықтар мен мінез-құлық үлгілерін қабылдау, тұлғаның экономикалық ойлауын, мінез-құлқын жəне мəдениетін қалыптастыру процесі ретінде қарастырылады.
Тұлғаның экономикалық əлеуметтенуінің қазіргі мəселелері өзінің сипаты мен мəні, мазмұны жағынан алыс емес өткен шақта орын алған экономикалық əлеуметтену процестерімен ерекшеленеді. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында тұлғаның экономикалық тұрғыдан əлеуметтенуі, негізінен алғанда, экономикалық институттардың мүмкіншіліктеріне ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның қабілеті мен еркіне, жалпы мəдениетіне де байланысты болады. Ескі əлеуметтік институттардың жойылуына байланысты тұлғаның, топтардың, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырып отыратын əлеуметтенудің жаңа технологияларын ендіріп отыру өзекті болып отыр. Бұл технологиялар əлеуметтік институттардың ісəрекетін жаңа заманның талаптарына сай өзгертуге, тұлғаның жаңа экономикалық үлгілерінің қалыптасуына алғы шарттардың жасалуына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде бүкіл əлемнің жаңа, сапалы технологиялар сатысына көтерілуі адамдық капиталды бағалап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманда тұлғаның әлеуметтену үдерісіне тиімді әсер ететін факторларды анықтап жазыңыз
Білім мəні мен маңызы
Білім беру жалпы адамзаттық құндылық ретінде
Тəрбие принциптерi
Қазақстандық жастардың мәселесі
Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-құлық моделдері жайлы
Этникалық дидактиканың мәні, пәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрі, дәстүрі, амалдары, нәтижесі
Қазіргі таңда іскерлік қарым - қатынасты ұйымдастыру мен оның негізгі ерекшеліктері
Адам əрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі бұл - ойын
Əлеуметтік патология девианттық мінез - құлық əлеуметтануының обьектісі ретінде
Пәндер