Оқыту әдістерінің классификациясы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім
5
1
Мектепте физиканы оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері
5
1.1
Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы
6
2
Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары
9
2.1
Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері
18
2.2
Оқушыларды физикалық ойлау және шығармашылық кабілеттерін дамыту
21
3
Физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтаудың принциптері
29
3.1
Оқыту әдістерінің классификациясы
34
3.2
Оқыту әдістері мен ғылыми танымның әдістерінің байланысы
39
Қорытынды
43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
45

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылған Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады - деп. Елбасы қол қойған мемлекеттік білім бағдарламасына жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған.
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі - орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ендеше, оның негізгі міндеті:
а) мектеп физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын анықтау;
ә) оқушыларға физикалық білімдер мен дағдыларың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету.
Демек, физиканы оқыту әдістемесі студенттерге кәсіптік-әдістемелік дайындық беруді мақсат етеді.
Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарт - физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен дамуын тарихын терең түсінуі.
Физиканы оқыту әдістемесі, ең алдымен, физика ғылымының зерттеу әдістеріне және оның әдіснамасына сүйенсе, екіншіден, философия, педагогика және психология ғылымдары негізінде дамып келеді. Ол өзінің мақсаттары, зерттейтін мәселелері, пайдаланылатын әдістері бойынша физика ғылымына қарағанда, педагогика ғылымдарына бейімділігі мен жақындығы анағұрлым көп. Сондықтан да, физиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымдарының құрамдас бір саласына жатады.
Физика әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері ретінде теориялық талдау, нобайлау, эксперимент, дара тұлға мен қаракетті дамыту теориялары, таным мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинақтау, оқушылардың ойлауы мен еңбек ету ерекшеліктері, т.т. пайдаланылады.
Оқушыларды ізденушілікке баулу, оларға зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушы, жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда олардың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеу дайындау қажет.
Физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың болуы педагогикалық оқу тақырыбын: Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу деп таңдауыма себепші болды.
Негізгі мақсат: Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдарын арттыратын жаңашыл, тиімді жолдарды іздестіріп, оны теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибе барысында зерттеу.
Педагогикалық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:
Оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың белсенділігін анықтауға мүмкіндік беретін тестілік сұрақтардың, сауалнамалардың әдістемесін жасап, оқушыларды зерттеуден өткізу.
Тәжірибелік зерттеулер арқылы физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау әрекетін белсендіретін, білім деңгейін көтеретін әдіс-тәсілдер, жолдар анықталса, онда ол оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттырады, білімдерін кеңейтеді, қазіргі заман талабына сай мұғалімдердің қалыптасуына мүмкіндік береді, сонымен қатар физика сабақтарын түрлендіріп отырып оқытуға көмегін тигізеді.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеу мақсаты, зерттеудің міндеттері, зерттеудің нысаны, пәні, болжамы, әдістері) сипаттама берілді.
Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін арттыру мәселесінің педагогикалық психологиялық әдебиеттердегі талдануы негізінде танымдық ізденімпаздық, логикалық ойлау, ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытуды белсендіру ұғымдарының мәні мен мазмұнына педагогикалық талдау жасалынады. Физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері, технологиялары анықталып, оларға сипаттама берілді.
Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың тәжірибелік-эксперименттік жұмысы қазіргі физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың мүмкіндіктері сипатталып, ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған сабақтар мен оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық эксперимент нәтижелері көрсетіліп, оның тиімділігі дәлелденді.

Негізгі бөлім

1 Мектепте физиканы оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері

Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылым- дары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс- тәжірибесі мен теориясын қарастыру.
Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:
1. Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының (жадыхаттарының) көлемін және мазмұ- нын анықтау.
2. Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқыты- латын материалдың бірізділігі. ( оңайдан қиынға)
3. Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдері және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету.
4. Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті мате- риалдық-техникалық, базасын (физика кабинеті, эксперименттік және көрнекі құралдар, т.т.) анықтау.
5. Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс жұмыстарды (физикалық кеш, үйірме, экскурсия, олимпиада, т.т.) ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін көрсету.
6. Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін (ғылыми - материалистік, патриоттық, эстетикалық, этнопедагогикалық, т.с.с.) тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру.
7. Оқушылардың экспериментік білімдері мен іскерліктерін және дағдыларын қалыптастырудың жолдарын көрсету.
Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай сұлба түрінде өрнектеуге болады.

1-Сызба
Мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі.
Физиканы оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны, зерттеу пәні үнемі өзгеріп отырады. Себебі мектеп қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындайды. Мектептегі білім берудің мақсаты қоғамның қажеттілігіне байланысты өзгеріп отырады. Ал білім мазмұны білім беру мақсатына тікелей байланысты. Физика курсының мазмұны физика ғылымының даму деңгейіне, оқушы- лардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктеріне, ақпараттық ортаның даму деңгейіне байланысты.
Физиканы оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдары оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты. Сонымен, оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары және құралдары әдістемелік жүйені құрайды. Бұл жүйеде басты рольді педогогикалық іс-әрекеттің стратегиясын анықтайты оқытудың мақсаттары алады. Оқытудың әдістері, құралдары және формалары бір-бірімен байланыста болып, оқытудың технологиясын құрайды.
Физиканы оқытудың әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл байланысты біз физика курысының мазмұны- нан, оны оқытудың әдістерінен көреміз. Бұл байланыс мына сұлбадан көрінеді:
2-Сызба
Психология
Физика
Философия, логика, техникалық ғылымдар
Педагогика
ФОӘ
1.1 Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы

Педагогикалық зерттеулердің қажеттілігі бар теориялық білімдер мен практикалық тәжірибелер арасындағы қарама- қайшылықтардың туындауынан және оларды жаңа педаго- гикалық міндеттерді шешуде, жаңа педагогикалық құбылыстарды зерттеуде қолдануға мүмкін еместігіне орай пайда болады.
Физиканы оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулік қызметке сонымен қатар педагогикалық психологияның, ақпараттық құралдардың дамуы да өз үлесін тигізеді.
Педагогикалық зерттеулер, басқа зерттеулер сияқты, белгілі бір мақсатпен орындалады, оны жүргізу үрдісінде нақты бір міндеттер шешіліп, басқа бір әдістер қолданылады, немесе басқаша айтқанда, педагогикалық зерттеулер белгілі бір әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Әдіснама(Методология гр.methodos-зерттеудің немесе танып білудің жолы,теория,ілім және logos-сөз, ұғым) - теориялық және практикалық іс-әрекетті құрудың және ұйымдастырудың принциптері мен тәсілдерінің жүйесі; танып білудің ғылыми әдісі туралы ілім; қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістердің жиынтығы.
Әдіснама философиялық, жалпы ғылымилық, нақты-ғылы- милық және технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді (В.В.Краевский, В.С.Сластенин). Әдіснаманың барлық деңгейі, өз арасында нақты байланысы бар, күрделі жүйені құрайды.
Әдіснаманың философиялық деңгейі, оның мазмұны таным- ның жалпы принциптері мен ғылымның категориялық құрылы- мынан тұрады. Философиялық білім жүйесі әдіснамалық міндетті атқарады. Бұл жағдайда философиялық деңгей кез-келген әдіснамалық білімнің мазмұндық негізі ретінде қарастырылады.
Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық тұжырымдама болып табылады.
Әдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез-келген арнайы ғылыми пәнде (салада) қолданылатын зерттеу әдістері, принциптері және шараларының жиынтығы. Педагогиканың әдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайлықты көрсететін педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім алудың жолдары және көзқарастарының принциптері туралы білім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын, әдістерін, сапасын бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі.
Әдіснаманың технологиялық деңгейі(зерттеу әдіснамасы) зерттеудің әдістемесі мен техникасынан тұрады, яғыни кейін ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық материалды алуды және оны бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.
Белгілі бір зерттеулер жүргізуде танымның жалпы, жалпы- ғылыми және нақты-ғылыми ұстанымдары мен әдістері қолда- нылады. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық аппаратына келесі категориялар жатады:
зерттеу тақырыбы;
қарама-қайшылықтармен анықталатын з ерттеулердің
өзектілігі, мысалы, физикалық білім алдында тұрған қазіргі заманғы міндеттер мен осы міндеттерді шешуге мүмкіндік бермей тұрған, қалыптасқан физиканы оқыту практикасы арасындағы қарама-қайшылықтар;
көрсетілген қарама-қайшылықтан туындайтын және сұрақ түрінде тұжырымдалатын зерттеу проблемасы;
зерттеу кезінде неге жету керектігін көрсететін зерттеу
мақсаты;
Яғни зерттеудің ғылыми нәтижесі.
зерттеушінің жұмыстанып отырған практикасы немесе ғылыми білімі, яғни зерттеу барысында не қаралатындығын көрсететін нысаны(обьектісі);
зерттеу заты - зерттеліп жатқан объектінің сол бір аспектісі, сол бір тарабы; бір нысан бірнеше зерттеулердің заты бола алады; Мысалы зерттеу нысаны физиканы оқыту үрдісіндегі физикалық эксперименттің маңызы болса, ал зерттеу заты жаңа білімді оқушыларда қалыптастырудағы физикалық экспери- менттің маңызы немесе фронтальды зертханалық жұмыстың білім берудегі маңызды, оқушылардың өз бетімен орындайтын физикалық тәжірибелер маңызы т.б.
зерттеу болжамы (гипотезасы) - бұл зерттеу барысында дәлелденуге тиіс ғылыми алдын-ала жорамал;
зерттеу міндеттері - зерттеу мақсаты мен болжамы арқылы анықталады, жалпы мақсатқа қатысты олар дербес тәуелсіз мақсаттар ретінде түсіндіріледі;
зерттеу әдістері;
ғылыми жаңалық, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы - зерттеу жүргізген кезде алынған нақты бір нәтижелер, және олардың педагогикалық теория мен практика үшін маңызы;
Сонымен ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы мынадай кезеңдерден тұрады:
1-кезең. Зерттеу проблемасымен жалпы танысу, оның көкейкестілігін негіздеу, зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбын, нысанын және зерттеу пәнін анықтау. Зерттеудің жалпы және аралық мақсатын анықтау, міндеттерін белгілеу.
2-кезең. Әдіснаманы таңдау-бастапқа тұжырымдама, трек- теориялық ережелер.
3-кезең. Зерттеу болжамын құру-теориялық конструкция, дәлелдерді қажет ететін шындық.
4-кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Анықтаушы экспериментті жүргізу. Мақсаты-бастапқы зерттеудің жай күйін анықтау.
5-кезең. Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру және өткізу.
6-кезең. Зерттеу нәтижесін талдау, талқылау және зерттеу нәтижесін безендіру(өңдеу).
7-кезең. Тәжірибелік ұсыныстар дайындау.
Зерттеулердің барлық әдіснамалық сипаттамалары өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады.
Педогогикалық зерттеулер 2 топқа бөлінеді.
1. Теориялық.
2. Эксперементальдық
Теориялық әдістерге: әдебиеттерді талдау, педагогикалық жағдайларды модельдеу, физикалық білім мен оқыту техно- логиясының мазмұнын құрастыру, педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеу және оларға талдау жасау жатады.
Эксперименттік әдістерге:сауалнама жүргізулер және сұқпат алулар, оқу процестерін бақылау, тәжірибелі сабақ беру, тестілеу, сараптамалық бағалау жатады.

2 Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары

Педагогикалық институттар мен университеттерде "Физи- каны оқыту әдістемесі" курсын жан-жақты терең меңгеру сту- денттерден оны физика, математика, материалдар технологиясы, оқытудың техникалық құралдары және электронды-есептеуіш техникасы, философия, педагогика, психология, гигиена, эколо- гия, т.б. ғылымдарымен тығыз байланысты түрде оқуды қажет етеді. Себебі, физика және математика ғылымдарын меңгер- мейінше, мектепте физика сабақтарын мұғалімнің өткізе алуы мүмкін емес. Материалдар технологиясын, техикалық құралдар мен электронды приборларды пайдалану арқылы физика сабақтарының политехникалық және кәсіптік бағдарлық маңызын күшейтуге, олардың өмірмен байланыстарын жақсартуға мол мүмкіндік туғызылады.
Оқушылардың дүниеге материалистік көзқарасы, олардың танымдық қарекеті, дара тұлғаның қалыптасуы, т. б. философия курсымен байланысты түрде жүзеге асырылады. Оқу - тәрбие жұмыстарының тәсілдері мен формаларын жетілдіру педагогика- лық принциптер мен заңдылықтарға, оқушылардың психоло- гиялық жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты жүргізіледі. Сол сияқты, физиканы оқыту әдістемесінің институттағы басқа да курстармен байланыстары кең, әрі мол. Сондықтан бұл жағдай ұдайы ескеріліп отырылуы тиіс.
Физиканы оқыту әдістемесі - күн сайын, ай сайын ұдайы жедел дамып отыратын ғылым. Өйткені, оның дамуына тез ықпал жасайтын қайнар бұлағы мол. Олар: физика мен философия, педагогика мен психология, техникалық құралдар мен ЭЕТ, экология мен экономика ғылымдарының жетістіктері; мектепке арналған бағдарламалар мен тұжырымдамалар, оқулықтар мен оқу құралдары.
Үкіметтің мектеп туралы қаулы-қарарлары, әдістемелік жур- налдар, физика мұғалімдерінің қоғамдары мен қауымдастықта- рының (ассоциацияларының), педагогтардың конференциялары мен съездерінің материалдары; озат физика мұғалімдерінің, жаңа- шыл педагогтардың, авторлық мектептердің іс-тәжірибесі, т.б. Физика пәні мұғалімі мұндай жадыхаттарды күн сайын үзбей қа- рап, үздіксіз оқып, танысып отыруы қажет. Сонда ғана ол өз ма- мандығының күнделікті жетілдіріп отырады, мектепте физиканы оқытуды заман талабы дәрежесінде жүргізуге мүмкіндік алады.
Ресей мектептері мен гимназияларында физика жеке пән ретінде осыдан 350 жылдай бұрын оқытыла бастаған. Орыс тіліндегі тұнғыш физика оқулығын ("Вольфианская эксперимен- тальная физика", 1746 ж.) М.В.Ломоносов шығармашылық тұр- ғыда аударып, бастырылған. Түп нұсқалық негіздегі орыс тілінде шығарылған алғашқы оқулықтар М.Е.Головиннің ("Краткое руководство к физике", 1785ж.), П.И.Гиларовскийдың (Руко- водство к физике, І793ж.), К.Д.Красвичтің ("Учебник физики",
1866 ж.), П.Л.Любимовтың (Начальная физика", 1876ж.), И.И.Косогонвтың ("Концентрический учебник физики", 1909ж.), А.И.Бачинскийдің ("Физика", І9І5ж.) кітаптары болды.
Орыс тілінде физиканы оқыту жөніндегі тұнғыш туынды - әдістемелік құралдар мен зерттеулер Ресейде 1870 жылдан (К.Д.Краевич. "Каталог физического кабинета") шығарыла баста- ды. Одан кейінгілері, И.И.Паульсонның "0 преподавании элемен- тарной физики" (1871 ж.), Я. И. Ковальскийдің "Первоначальные опыты по физике" (1885 ж.), Ф.Н.Шведовтың "Методика физики" (1894 ж.), П.А.Бароновтың "Методика начальной физики" (1913 ж.), Н.В.Кашиннің "Методика физики" (1916 ж.) деген арнаулы әдістемелік құралдары болды.
Советтік кезеңдегі алғашқы мектеп физикасының басқышты бағдарламасын Петроградта П.А.Знаменский (1918 ж.) және Мәскеуде И.И Соколов (1921 ж.) жасаған. Алғаш рет 1918 жылы Мәскеу мен Петроград педагогика институттарында арнаулы физиканы оқыту әдістемесі кафедралары ұйымдастырылған. Орыс тіліндегі советтік тұңғыш физика оқулығы (И.И.Соколов Рабочая книга по физике для рабфака") 1926 жылы шығарылған. Одан кейін, мектеп үшін, 1933 жылдан бастап А.В. Перышкиннің және басқа авторлардың жазған физика оқулықтары шығарылып келеді. 1934 жылдан бері физика мұғалімдеріне арнап "Физика в школе" журналы шығарыла бастады.
1934 жылы педагогикалық институттардың студенттері үшін Ленинградтық П.А.Знаменскийдің және Мәскеулік И.И.Соко- ловтың "Методика преподавания физики в средней школе" деген фундаментальды тұңғыш қолтума арнаулы оқулықтары жеке- жеке кітап болып шығарылған. Бұл кітаптарда совет мектебіндегі физиканы оқыту әдістемесінің негізгі теориялық принциптері мен практикалық әдіс-тәсілдері жан-жақты зерттеліп, мазмұны мен ғылыми бағыттары тұжырымдалған. Осы уақытқа дейін физиканы оқыту әдістемесі туралы орыс тілінде 20- дан астам әр түрлі оқулықтар мен ғылыми-әдістемелік еңбектер шығарылған.
Украин тілінде физикадан есептер шығарудың әдістемесі (авторы - В.А.Франковский, Киев, 1947 ж.), физиканы оқыту әдістемесі жайлы очерктер (А.К.Бабенко, М.И.Разенберг, 4 том- дық, 1955-1959 ж.ж.), сегізжылдық мектептерде физиканы оқыту әдістемесі (Н.С.Белый, 1962 ж.) туралы оқулықтар шығарылған.
Белорусь Республикасында "Самостоятельные работы на уроках физики" (М.Я.Качинский и др.), "Уроки физики" (М.С.Кузей) сияқты тамаша қолтума әдістемелік құралдар жасалынды.
Әзірбайжанда 1954 жылдан бері "Преподавание физики и математики в школе" деген арнаулы әдістемелік журнал шыға- рылып келеді. А.К.Абасзаде, С.Ш.Иманов сияқты ғалымдардың әскери техниканың физикалық негіздері, физиканы оқытудағы тәрбие мәселелері, физиканы оқытуды жақсарту мақсатта техникалық құралдарды пайдаланудың әдістемесі жайындағы ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланды.
Грузияда В.С.Кобохидзенің мектепте физиканы оқыту әдістемесі туралы құнды оқулығы (1966 ж.) жарық көрді. Есеп шығару, физикалық эксперимент жайлы әр түрлі әдістемелік құралдар шығарылды.
Прибалтика республикаларында мектеп физикасы жайында өзінше қолтума ерекшеліктері мол оқулықтар мен есептер жинағы шығарылып келді.
Өзбекстан әдіскер-ғалымдары (Б.Мирзахметов, Э.Тұрдықұ- лов, Н.Шадиев, Д.Шодиев, т.б.) мектеп физикасы үшін қолдан- балы физика мәселелерін, экологиялық тәрбиенің әдістемесін, кәсіптік бағдар беру мен физикалық эксперимент проблема- ларын зерттеуде әр түрлі мектептерге арналған физикалық оқу құралдарын жасаған.
Қазақстан мектептері мен институттарында физиканы оқыту жайлы алғашқы әдістемелік мақалалар XX ғасырдың 30-40-шы жылдарында жарияланған. Олар айналмалы қозғалыстың дина- микасы (М.Маркович), электр құбылыстары мен электромаг- нитизм (М.Жылқыбаев, П.Уваров, М.Маркович), балқу және магнитизм (Е.Әбдрахимов) мәселелерін физика сабақтарында оқытуды жетілдіруге арналды. Сондай-ақ қолдан физикалық құралдар жасаудың, демонстрациялық тәжірибелер өткізудің, есеп шығару және қайталау сабақтарын жүргізудің әдістемелері (М.Маркович, Е.Абдрахимов, Х.Әбішев т.б.) талданған.
Қазақстан зерттеушілері мен әдіскерлері 50-шы жылдарда оқушылардың политехникалық дайындықтарын (П.Правдин. П. Фидулина, А.Исабекова, П.Уваров, М.Құдайқұлов), физиканы ауыл шаруашылығымен байланыстыруды (М.Жылқыбаев), физи- калық есептерді шығаруды (А.Қалиев, Е.Асқаров, А.Садыков), өндірістік экскурсия мен киноэкскурсияны өткізуді (В.Гусева, М.Құдайқұлов), өлке тануды және патриоттық тәрбиені (М.Мар- кович), оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыруды (Л.Көбесов, М.Құдайқұлов. Қ.Болеев), астроно- мия оқытуды (Х.Әбішев) жақсартумен айналысқан.
Қазақстанда 60-шы жылдары физиканы оқытуды өмірмен ұштастыру (Н. Зафирис), физикалық заңдылықтарды түсіндіру (М.Маркович), ультрадыбысты оқыту (Б.Арызханов), физиканы ауыл шаруашылығымен байланыстыру (Е.Асқаров), физиканы оқыту процесінде техниканы және оқу киносын пайдалану (М.Маркович, П.Уваров, К.Айманов, М. Құдайқұлов) жайында оқу-әдістемелік құралдары шығарылды. Олардың негізінде К.Айманов, Б.Арызханов, М.Құдайқұлов, С.Левиналар Респуб- лика бойынша алғашқы кандидаттық диссертациялар қорғады. Сондай-ақ, бұл кезеңде С.Урғалиева, В.Агеев, Е.Евсюков, Н.Триллер, А.Қалиев, А.Горбунов, Л.Грабельковская, Б.Ва- хольский сияқты әдіскерлердің политехникалық және програм- малап оқытуға, техникалық құралдарды пайдалануға арналған мақалалары жарық көрді.
60-70-ші жылдары Қазақстанда физиканы оқытуда политех- никалық білім беруді жетілдіру (М.Маркович, П.Уваров), физика сабақтарында автоматика мен телемеханика элементтерін пайда- лану (К.Айманов), қазақ мектептерінде физиканы оқыту әдісте- месінің дамуы (Е.Әбдрахимов) жайлы зерттеулер жүргізілген.
М.Құдайқұлов физиканы оқытуда техникалық құралдарды пайдалану мен физика мұғалімінің әдістемелік дайындығы жай- ында ұзақ жылдар бойы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, докторлық диссертация қорғап, көптеген оқулықтар мен бағдар- ламалар және монографиялар шығарды. Кейінгі жылдары, про- фессор М.Құдайқұловтың ғылыми жетекшілік етуімен Республи- када 50-ден астам кандидаттық диссертациялар қорғалып, бірне- ше докторлық жұмыс дайындалып, Қазақстан әдіскерінің ғылыми мектебі құрылды. Олар негізінен, физиканы оқытуда оқушылар- дың ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыру (Қ.Болеев, Ш.Төлегенов), қолданбалы физика негіздерін оқыту әдістемесі (Т.Кенжебаев, К.Әзібаева, Қ.Намазбаев), физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру (Р.Брайнингер, К.Нұрымжанова), оқушылардың эксперименттік, политехникалық, кәсібибағдар- лық, компьютерлік, жалпы-техникалық іскерліктерін дамыту (Б.Белесов, К.Кенжеғалиев, Ә.Кәрімова, Ж.Асқарова, Ә.Жолдас- беков, т,т.), мектепте физикалық экспериментті жетілдіру (Б.Тас- болатов, О.Нүрманов), Франция мектептерінде физикалық есеп- терді шығарудың тәсілдері мен тәжірибесі (Ә.Кәрімова, О.Нүр- манов, Б.Тасболатов, Ә.Файзуллаев т.т.), физика сабақтарында техникалық құралдар мен телевизиялық орталықты пайдалану (Т.Нұрғалиев, А.Горбунов, Б.Белесов т.т.), пединституттар мен мектеп үшін түрлі факультативтік курстардың бағдарламалары мен оқу құралдарын жасау (М.Құдайқүлов, Т.Кенжебаев, Р.Брайнингер, Қ.Намазбаев, П.Фролон т.т.), физика мұғалімінің әдістемелік шеберлігі (М.Құдайқұлов, Ғ.Кертаева), физика әдісте- месінің ғылыми негіздері (Қ.Әлімбаев), проблемалық сабақтарды өткізу жайындағы мұғалімнің әдістемелік іскерліктері (М.Құдай- құлов, Б.Асылбаев, О.Мусабеков) жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізді. Ғ.Әбдіғаппаровтың, В.Володарскийдің, А.Анарбаева- ның, Б.Дәмитовтың алғашқы физикалық есептер жинақтары шығарылды.
Қазақ тілінде қолтума физика оқулықтары да жасалынды. (П.Полатбеков, Б.Арызханов, Қ.Жаңабергенов, Ж.Тобаяков, т.т.)
Келешекте факультативтік курстар, шығармашылық сабақ- тар, өндірістік-техникалық нысандарға экскурсиялар өткізу, кәсібибағдар, физика сабақтарында компьютерді және техни- калық құралдарды пайдалану, физика кабинетінің жұмысын нәтижелі ұйымдастыру, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін насихаттау, т.с.с. мәселелер бойынша кең көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізу және толтума әдістемелік кұралдар даярлау қажет.
ССРО-да физиканы оқыту әдістемесі жайында 600 ден астам (1936-1938 жж. - 4, 1938-1958 жж. - 146, 1959-1990 жж. - 450) кандидаттық диссертация қорғалған, ал 1951 ж. - 1, 1968-1990 жж. - 15-тен астам докторлық диссертациялар орындалған. Ал, Қазақстанда болса алғашқы ондай кандидаттық диссертация- ларды қорғау (Айманов, М.Құдайқұлов, Б.Арызханов) 1960- жылдардан басталыпты. Қорғалған докторлық диссертациялар- дың біреуі 1970-ші жылдары, ал қалған алтауы 1990-шы жылдары орындалған.
Қазақстандық әдіскер-ғалымдардың 1970-ші жылдардағы өздігінен жұмыс істеу (А. Горбунов), факультативтік курстарды өткізу (Б.Вахольский, Т.Кенжебаев, Қ.Намазбаев), сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен техникалық құралдарды пайда- лану (Н.Демина, К.Нұрымжанова, Б.Белесов), пәнаралық байла- ныс (В.Кириллов, К.Әзібаева) мәселелеріне арналды.
Республикадағы физик-әдіскерлердің 1980-ші жылдарғы диссертациялық ізденушіліктері, негізінен политехникалық, экс- перименттік, кәсібибағдарлық және өлшеу іскерліктерін қалып- тастыру (О.Нұрманов, Ә.Кәрімов, О.Сәлімбаев т.т), физикалық есептерді шығару әдістемесін жетілдіру (Б.Волдарский, Б.Одияк, Н.Ильясов), физиканы оқытудың әдіснамалық (Е.Әбдуғалиев), проблемалық сабақтарды өткізу (Б.Асылбаев), кристалдар физикасы мен термодинамиканы оқытуды жақсарту (З.Мәжитова, А.Маженова) мәселелерін шешуге бағытталды.
1990-шы жылдарғы кандидаттық зерттеулердің нәтижесінде мектеп телевизиялық орталығын құру және техникалық құрал- дарды пайдалану (Т.Нұрғалиев, Т.Мәмбетәлиев, Ә.Файзуллаев), физикалық есептер жүйесі (Б.Мұқышов, Ғ.Байжасарова), студент- тер мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыру (Л.Жеребятова, М.Ахметов, Н.Жаманқұлова), компьютерлік және кәсіби бағдарлық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру (Ә.Жолдасбеков, Ж.Асқарова, А.Әмірбеков), пәнаралық байла- ныс пен экологиялық білім беру (О.Мұсабеков, А.Болтаев, У.Тоқбергенова), энергетика негіздерін физика сабақтарында түсіндіру (Қ.Намазбаев), физика мұғалімінің әдістемелік шеберлігін (Ғ.Кертаева), физикалық білімдерді гуманизациялау (Ә.Қаймолдина) мәселелерін жақсартуға мүмкіндік туғызылды.
Қазақстан әдіскер-ғалымдары ішінен М.Құдайқұлов физика мұғалімдерінің кәсіби-әдістемелік іскерліктерін қалыптастыру- дың дидактикалық диссертация қорғады. (1977 ж., Киев). Физик мұғалімдердің кәсіби педагогикалық дайындығын жақсартуда пәнаралық байланысты пайдаланудың теориялық негіздерін Б.Кириллов өзінің докторлық зерттеулерінде қарастырған (1990 ж. Мәскеу) Кәсіби мамандық беруге бағытталған физика оқу құралдарын жасаудың дидактикалық проблемалары Б.Арызха- новтың докторлық диссертациясында зерттелді (1991 ж., Ташкент). Жамбылдық Т.Кенжебаевтың докторлық ізденісі техникалық жоғары оқу орындарында физиканы оқытудың нәтижелілігін артыруды педагогикалық негіздерін шешуге арналды (1992 ж., Мәскеу).
Одан кейінгі Абай атындағы АлМУ-да қорғалған доктордық дессертациялар физиканы оқыту процесінде оқушылардың кәсіби мамандыққа қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздеріне (Л.Мәжитова,1995ж), ғылыми-жаратылыстану білім беруде оқушылардың оқу іскерлігі мен дағдыларын қалып- тастыруға (О.Сәлімбаев, 1995 ж.), физика-техникалық және эсте- тикалық пәндерді оқыту негізінде еңбек пәні мұғалімінің кәсіби әдістемелік дайындығын жетілдірудің дидактикалық мәселеле- ріне (М.Қозыбақов, 1998 ж.), болашақ мұғалімдердің функцио- налды-әдістемелік білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға (Ғ.Жүсіпқалиева, 1999 ж.) арналды.
Казақстанда 1920-1997 жылдары аралығында физиканы оқытуға қатысты 170-ке жуық қазақ тіліндегі әдістемелік және ғылыми-көпшілік әдебиеттер шығарылыпты. Физикадан қазақша қолтума оқу құралы алғаш 1923 жылы басылған, сонан соң 1960- шы жылдардан бастап төл тіліміздегі оқулықтар мезгіл-мезгіл шығарылып тұрған.
1920-шы жылдан 1950-ші жылдарға дейін, 30 жыл бойы біздің республикада қазақ тілінде физикадан ешқандай әдісте- мелік, не ғылыми-техникалық әдебиеттер шығарылмай келген.
Алғашқы әдістемелік құрал да орысшадан 1955-жылы (Т.Әбдісадықов т.б. қатысуымен) аударылған, ал физика мұғалімі үшін өзіміздің қолтума әдістемелік әдебиеттеріміз 1960-шы жылдардан бері ғана жарық көре бастаған.
Осы 78 жыл ішінде қазақ тілінде 60 тан астам физика- техникалық әдебиеттер шығарылған, олардың үштен екі бөлігі төл тілімізде жазылыпты. Мұғалімдер мен оқушыларға көмекші алғашқы физикалық-астрономиялық ғылыми-көпшілік әдебиет- тер 1950-ші жылдары (20 тақырып бойынша) орыс тілінен аударылып, ал мұндай қолтума басылымдардан, 1960-шы жылдары - 30, 1970 ж. - 45, 1980-ші жылдары - 50 кітаптар әр түрлі тақырыпта жазылған.
2003 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы өзінің 70 жылдық мерейтойын тойлады. Осыған байланысты қазіргі кезде академияның мектепте және мектепке дейін білім беру институтының жаратылыстану-математика пәндерін оқыту лабораториясының қызыметкерлері осы мерейтойды лайықты табыстармен қарсы алу мақсатында жемісті еңбек етті.
Ал енді физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тоқталатын болсақ, Республикада физика әдістемесі саласындағы ғылыми- зерттеулердің даму тарихы 1939 жылы педагогика институтының негізінде құрылған мектептер институттың ашылу кезеңінен бастау алады. Физика және математика пәндерін оқыту бөлімі алдынғы қатарлы педагогикалық тәжірибені таратумен, мектеп- тегі физика пәнін оқытуды жетілдіру мәселесін зерттеумен, әдістемелік құралдар дайындаумен шұғылданды. 1939-40 жыл- дары бөлім қызыметкерлерінің атсалысуымен республикадағы қала және ауыл мектептерінің мұғалімдері үшін ғылыми-әдісте- мелік құрал жазған ғалымдардың бірі М.Жылқыбаев болды. Оның Физикадан лабораториялық жұмыстар, Физикалық приборлардың сипаттамасы және олардың қолданылуы, Мате- рияның атом-электрондық құрылысы атты еңбектері жарық көріп, педагогикалық журналдарда мақалалары жарияланды.
1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты институт жабылып, ол тек 1943 жылы ғана өз жұмысын қайтадан жалғастырды. 1951 жылы мектептер институты негізінде Педаго- гикалық ғылыми зерттеу институты құрылып, оның жеті секторының бірі фиизика мен математиканы оқыту әдістемесімен айналысты. 1957 жылдан бастап бұл сектор политехникалық оқыту бөліміне қосылды. Физиктер тобының алдына Оқушы- ларға политехникалық білім беру және оларды еңбекке баулу проблемасы қойылды.
Он бір жылдық мектептерде өткізілген эксперимент мәлімет- тері негізінде ғылыми қызметкерлер физиканы оқыту процесін жетілдіру мәселесі бойынша әдістемелік құралдар, нұсқаулар жаратылыстану - математика цикліндегі пәндердің бағдарлама- ларын дайындады.
1960 жылы физика мен математиканы оқыту және өндірістік еңбекке баулу секторы құрылды. 1960-65 жылдары сектор орта мектепте физика мен математиканы оқытудың жағдайын, өмірмен байланыстыру негізінде оқыту процесінің тиімділігін арттыру жолдарын зерттеумен айналысты. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде өндірістік оқуы бар мектептер үшін бағдарлама жобалары, физиканы осы бағдарламалар бойынша оқытуға арналған әдістемелік құралдар мен нұсқаулар дайындалды.
1965-72 жылдар аралығында сектор жалпыға бірдей орта білім беру проблемасын зерттеу мәселесімен шұғылданды. Бұл жылдары жаңа оқу бағдарламаларын эксперименттік тексеру және оларды жетілдіру, оқыту әдістемесін жақсарту жолдары қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде Физиканы саралап оқыту (С.Левина), Физика сабағында оқу фильмдерін өздік жұмыс (А. Горбунов), Қатты денелер физикасының жетістіктерін орта мектептің физика сабағында және сыныптан тыс сабақта түсіндіру (К. Әбдімәжитов) атты еңбектер жарық көрді.
1972 жылы Алматда бұрынғы Кеңес Одағының Педагогика- лық ғылымдар академиясы Оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы ашылды. Содан бастап физика пәнін оқыту проблемаларын зерттеумен онда құрылған физика және математика пәндерін оқыту лаборато- риясы айналысты. 1972-75 жылдары пән бойынша жаңа бағдарламаға көшу жайын зерттеле бастады. Лабораторияда 1975-80 жылдарда жүргізілген зерттеулер қазақ мектептеріндегі оқыту жағдайын, бағдарлама материалын игеруде кездесетін қиындықтарды анықтауға бағытталады.
1981 жылдан бастап Қазақстанның ұлтық мектептерінде физиканы оқытудың тиімділігін аттару проблемасы бойынша жетілдірілген бағдарламалардың әдістемелік аппаратын қолдану негізінде және ұлттық мектептегі оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесінің тиімділігін арттыру, оқушылардың білімі мен іскерлігін тексеру тәсілдері жақсарту, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру т.б. мәселелері зерттелді. Соның нәтижесінде Физика сабағында оқушыларды ауылша- руашылық кәсібіне дайындау (А.Мәженова), 9-11 сынып физи- кадан типтік есептер және оларды шығару жолдары (А.Мәже- нова, Д.Қазақбаева, С.Қабақанов) және т.б. еңбектер жарық көрді. 1986 жылы лаборатория қызыметкерлері А.Мәженова Развитие у учащихся общеобразовательное школы знания законов термодинамики при изучении физики, химии и биологии тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1991 жылы филиалдың құрылымы өзгеріп, онда Базалық мектеп лабораториясы ашылды. Оның педагогика ғылымда- рының кандидаты А.Б.Мәженова басқарды. Лаборатория Жалпы орта білім тұжырымдамасын жүзеге асырудың теориялық және эксперименттік-педагогикалық шарттары проблемасы бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінде интеграцияланған Жары- тылыстану курсының тұжырымдамасы мен бағдарламасы, тақырыптық жоспар және оқушыларға арналған тапсырмалар (А.Б.Мәженова, Д.М. Қазақбаева, Ж.Д.Молдабеков) дайындалып, жарыққа шықты.
1992 жылдың ақпан айында бұрынғы одақтың тарауына байланысты Педагогикалық ғылымдар академиясы Оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазақ фи- лиалы Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдар ғылыми- зерттеу институтына қосылып, одан физика-математика циклін- дегі пәндерді оқыту лабораториясы құрылды. 1992-97 жылдар аралығында оны физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М.Дүйсенбаев басқарды. Лаборатория қызыметкерлері
Жалпы білім беретін мектепте математика, физика, информа- тика пәндерінің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері және Дәстүрлі мектептегі оқыту процесін ғылыми-әдістемелік жағынан қамта- масыз ету проблемаларымен айналысты. Зерттеу барысында тоғызжылдық негізгі мектептегі физикалық білім тұжырымдама- сының жобасы жасалды, білім мазмұнының көлемі мен құры- лымы анықталып, базалық мектепке арналған бағдарлама жобасы дайындалды. Физикадан жазбаша жұмыстар және оларды тексеру жолдары (Р.Башаров, А.Мәженова, Д.Қазақбаева, С.Қа- бақанова, Ж.Молдабеков) атты әдістемелік құрал, Физикадан қысқаша анықтамалық (Б.Дүйсенбаев, Д.Қазақбаева), Физи- кадан тест тапсырмалары (Б.Дүйсенбаев, Ғ.Байжасарова, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова) сияқты көлемді еңбектер және т.б. көтеген ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрді.
Лабораторияда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми қызметкерлер С.Қазақбаева Преемест- венность формирования квантовых представлениий учащехся общеобразовательной школы тақырыбында (1994ж), Г.З.Байжа- сарова Система и задач физико-техничесгого содержания как средство усиления политехнической направленности школного курса физики тақырыбында (1994ж.) кандидаттық диссер- тациялар қорғады.
1998-99 жылдары физика, математика, информатика, эконо- мика және сызу пәндері лабораториясына педагогика ғылым- дарының докторы, прфессор Б.Баймұқанов жетекшілік етті. Бұл уақыт ішінде Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академия- сында ғылым-әдіскерлердің жұмылуымен пән мазмұнына, оның құрылымы мен құрамына түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, физика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы анықталды, бұл Қазақстан Республикасы мектеп физикасынан білім беру тұжырымдамасын (1998 ж.), физикалық білім стандар- тын (1998 ж.), физика пәні бойынша дәстүрлі бағдарламалардан елеулі өзгешелігі бар жаңа оқу бағдарламаларын (2000 ж.) жа- риялауға мүмкіндік берді. Осы кезде физикадан негізгі мектепке арналған жаңа буын оқулықтарын жазу ісі қолға алынды.
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі Д.М.Қазақбаеваның Жалпы білім беретін мектептің физика курсының базалық мазмұны және оны оқытудың әдістемесі тақырыбында (1998 ж.), У.Қ. Тоқбергенованың Физиканы оқыту барысында оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастыру (Х-ХІ сыныптар) тақырыбында (1998 ж.) қорғаған кандиданттық диссертацияларында көрніс тапты.
2000-2003 жылар аралығында институтта Қазақстан Респуб- ликасындағы жалпы білім мазмұнын жетілдірудің ғылыми- әдістемелік негіздері проблемасы бойынша зерттеу жүргізілді. 2000 жылы физика, математика, информатитка пәндерін оқыту лабораториясында Негізгі орта мектепте физиканы, математи- каны және информатиканы оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдірудің дидактикалық және әдістемелік негіздері тақы- рыбы бойынша жүргізілген зерттеу жұмысына педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Қазақбаева жетекшілік етті. Осы жылы 7-9 сыныптарға арналған Физика және астрономия төл оқулықтары жарыққа шығып, байқаудан өткізу үшін респуб- ликадағы тірек мектептерге таратыла бастады. Ал 2001 жылдан бастап институттың құрылымы өзгеріп, одан жаратылыстану - математика пәндерін оқытудың мазмұны мен әдістері лабора- ториясы құрылды. Оған педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Шакілікова меңгеруші болып тағайындалды. Бұл кездегі зерттеу жұмысының мақсаты физикадан ОӘК дайын- далудың тұжырымдылық тәсілдері мен әдіснамалық негіздерін жасау болды. Осыған орай физикадан оқу-әдістемелік кешеннің неғұрлым тиімді болатын мынадай құрамы анықталды: оқулық, әдістемелік, есептер мен жаттығулар жинағы, дид актикалық материалдар.
2001-2002 жылдарда Физика пәні бойынша 1998 жылы жарияланған Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартын өңдеп, жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілді. Бұл өңделген стандарттың 1998 жылғы стандарттан басты айырмашылығы сол, мұнда базалық білім мазмұны іргелі теориялар төңірегінде топтастырылды, ал алдынғы құжатта ол бес мазмұндық желімен берілген болатын. Стандартта берілген базалық білім негізгі мектепке арналған Физика және астрономия байқау оқулықтарында жүзеге асырылды. Қазақ және орыс тілдерінде дайындалған бұл Физика және астрономия оқулықтар (Р.Башаров, Д.Қазақбаев, У.Тоқбер- генова, 7 сынып; Б.Дүйенбаев, Ғ.Ғ.Байжасарова, А. Медетбекова 8 сынып), оны оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар Ата- мұра және Мектеп баспаларынан жарыққа шығып, 2000 жыл- дан бастап республикадағы трек мектептерде байқаудан өткізілді. Бұл оқулықтарды тәжірибелік байқаудан өткізу және олардың қортындыларын жинақтау үшін жадынама дайындалып, оқулық- тармен бірге таратылды. Осы оқулықтарға трек мектептерден келіп түскен ұсыныс-пікірлер негізінде жаңа буын оқулықта- рының теориялық және әдістемелік аппаратын жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілді. 2003-2004 оқу жылынан бастап
7 сыныпқа арналған Физика және астрономия оқулығының қазақша және орысша нұсқаулары жаппай мектептерге енгізілді.
2002 жылы жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша Физикалық білімнің жаңарған мазмұны (мақала, Д.Қазақбаева), Жалпы білім беретін негізгі мектепке арналған Физика және астрономия оқулықтарының ерекшеліктері (мақала, Д.Қазақбаева), қазақша және орыс тіліндегі 7-9 сынып- тарға арналған Физика және астрономия пәннің оқыту бойын- ша әдістемелік ұсыныстар (Р.Башарова, Д.Қазақбаева, У.Тоқ- бергенова) сияқты ғылыми мақалалар мен әдістемелік құралдар дайындалып, жарияланды.
2003 жылдан бастап лабораторияда Жаратылыстану- математика цикліндегі пәндерді оқытудың сапасын күтілетін нәтиже тұрғысында жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері тақырыбындағы зерттеу жұмысы жүргізілді.

2.1 Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру болып келді. Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру бары- сында оларды тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді:оқушыларда физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру, физиканы оқыту барысында мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың шығар- машылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді.
Орта мектептерде физиканы оқыту мақсаттарын топтап, әр топқа сәйкес оқытудың нақты мақсаттарын мына кесте арқылы көрсетуге болады:
1-Кесте

Оқыту
мақсаттарының тобы
Физиканы оқытудың нақты мақсаттары
Алдынғы ұрпақтың жинаған білімі мен тәжірибесін меңгеру
Негізгі физикалық білімдерді қалып тастыру: фактлар, ұғымдар, теориялар, заңдар, әлемнің физикалық бейнесі Физикадағы танымның әдістері туралы білімді қалыптастыру Ғылыми-техникалық прогрестің негіз гі бағыттары мен техниканың ғылыми негіздері туралы білімді қалыптастыру Құбылыстарды түсіндіре білу, білімді есеп шығаруда қолдана білу ебдейліктері мен экспериментал дық ебдейліктерін қалыптастыру
Ғылыми дүние танымдық көзқарасты қалыптастыру Физиканың қоғам өміріндегі ролі ту ралы, қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың даму ы мен физиканың дамуының арасындағы байланыс туралы түсінің беру
Мамандық таңдауға, практикалық іс әрекетке әзірлеу
Тұлғаның психикасының функцианалдық
механизмін дамыту
Есте сақтау, сөйлеу, қабылдау, елестету қабілеттерін дамыту Ойлау қабілеттерін дамыту
Тұлғаның жалпы типологиялық қасиеттерін
қалыптастыру
Жапы қабілеттерін дамыту
Өз бетімен еңбек ету дағдысын қалыптастыру Тұлғады адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру Бағалай білу ебдейліктерін қалыптстыру
Тұлғаның жеке басының
қасиеттерін дамыту
Физикаға деген қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту
Оқу мотивін қалыптастыру

Физиканы оқыту мақсаттары өзара байланыста болып келеді. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсаты олардың білімдерін есептер шығаруда қолдана білу икемд іліктері мен дүниетанымдық көзқарастырын қалыптастыру барысында жүзеге асады.
Әртүрлі кәсіп бағытындағы сынып оқушыларына физиканы оқыту мақсаттарының өз ерекшеліктері бар. Мысалы, физика- математикалық бағыттағы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң физика-математикалық бағыттағы жоғары оқу орнына түседі. Сондықтан оларды танымның физикалық әдістерімен таныс- тырып, оларда зерттеушілік эксперименттік ебдейліктерді, физикалық есептер шығаруда жоғары математикалық аппаратты қолана білу икемділіктерін қалыптастыру қажет.
Техникалық бағыттағы сынып оқушылары техникалық жоға- ры оқу орындарына оқуға түседі. Сондықтан бұл оқушыларға техника мен технологияның негізі физика екендігі жөнінде түсініктерді, конструкторлық икемділіктерді қалыптастыру болып табылады.
Биологиялық-химиялық бағыттағы сынып оқушылары өзде- рінің болашақтағы кәсіби қызметтерін медицинамен, биоло- гиямен, химия саласымен байланыстырады. Сондықтан оларда физиканы оқыту барысында физикалық, биологиялық, химиялық құбылыстар өзара байланысты екендігін, химиялық, биологиялық процестерді зерттеуде физикалық әдістердің қолданылатындығы жөнінде түсініктерінің болып, зерттеушілік, экспериментальдық икемділіктері қалыптасуы керек.
Гуманитарлық бағыттағы оқушылар, әдеттегідей, физиканы одан әрі оқымайтын болады; олардың болашақтағы кәсіби қызметтері физикамен байланысты болмайды. Сондықтан бұл оқушыларға физиканы оқыту міндетіне базалық білімдер мен икемділіктерді, физиканың жалпы адамзаттық мәдениеттің эле- менті болып табылатындығы жөнінде және физиканың дамыуы- ның қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың дамуымен байланысы туралы түсініктерді қалыптастырып, физика ғылымының гуманитарлық потенциалын ашып көрсету.
Жалпы білім беру мектептеріне арналған физика бойынша бағдарламаның түсініктемелік жазбасында пәнді оқыту міндеті - оқушыларға эксперименттік фактілер, түсініктер, заңдар, теория- лар, физикалық ғылымның әдістері, әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, техника мен технологияда физикалық заңдарды қолдану- дың кең мүмкіндіктері жөнінде білімдерді игеру қажеттілігі ретінде тұжырымдалады. Сонымен мектепте игерілуге қажетті физикалық білімдер элементтеріне фактілерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, әлемнің физикалық бейнесін, техникада физикалық заңдарды қолданулар жатқызылады. Білімнің бұл элементтері әртүрлі деңгейлерде игерілуі мүмкін.
Сонымен жалпы міндетті білім берудің мемлекеттік стан- дартында көрсеткендей Физика пәнін оқытудың басты мақсаттары:
1)даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми дүние танымын қалыптастыру;
2)оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ іс- әрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды құндылық қатынастың әлеуметтуік тәжірибесін меңгерту негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту.
Бұл мақсаттар оқыту процесінде оқытудан күтілетін нәтижесінде елеулі саралауды, сондай-ақ физиканың типтік оқу бағдарламасында көрсетілуі тиіс көптеген қосалқы және басқа жеке мақсаттарға жетуді көздейді.
Физиканы оқытудың мақсаттарынан оның мынадай басты міндеттері туындайды:
1)білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін тиянақты меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындау, ол үшін оқу-эксперименттік зерттеулер жүргізуге және бақыланған физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерінің қажетті дағдыларын қалыптастыру;
2)оқушылардың санасына табиғат пен оны танып білу туралы білімнің қисынды жүйесін қалыптастыру;
3)оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын дамыту;
4)планеталық ауқымдағы процестерге оқушылардың қаты- насы бар екенін және олардың өз іс-әрекетінің экологиялығына жеке жауапкершілігін қалыптастыру;
5)оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу.
Физиканы оқытудың басты міндеттері негізінде типтік оқу бағдарламасында неғұрлым нақты дидактикалық міндеттер айқындалады оның ішіндегі аса маңыздысы-оқушыларға білім алу тәсілдерін үйрету.
Физиканы оқыту мақсаттарын білім беру, тәрбиелеу және дамыту деп жүктеуге болады.
Физиканы оқытудың білімділік мақсаты:
1. Физика ғылымының негізімен, оның не гізгі ұғымдарымен, заңдарымен, теориясымен таныстыру.
2. Оқушылардың санасында қоршаған әлем нің жаратылыс-тану-ғылыми көрнісін қалыптастыру.
3. Жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің негізгі әдістеме-лерін меңгерту.
4. Политехникалық білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сурдотифло педагогика Олигофрено педагогика
Оқушылар білімін тексеру
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Химияны оқыту әдістері
Қозғалыс кезінде
Психология бойынша сабақтарды өткізу әдістемесі
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ- дидактика категорияларының бірі
Оқыту процесінде әдістер туралы түсінік
Модульдік оқытудың модульдік технологиясы
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Пәндер