Функционалдық сауаттылықты дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
3
I ТАРАУ Математикалық білім беру мазмұны

1.1.Математикалық білім беру
5
1.2.Математикалық білім беруді жаңарту
6
1.3.Мектептегі математика мазмұнын жаңарту
7
II ТАРАУ Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту - заман талабы

2.1.Функционалдық сауаттылық

9
2.2.Функционалдық сауаттылықты дамыту

12
2.3.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

12
2.4.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

14
III ТАРАУ Математикалық білім беруді дамытудағы өзекті мәселелер

3.1.Математикалық білім беруді дамыту жолдары

16
3.2.Математикалық білім беру сапасының өзекті мәселелері

22
3.3.Математиканы оқыту процесін ізгілендіру

23
ҚОРЫТЫНДЫ
29
Пайдаланылған әдебиеттер
30

КІРІСПЕ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасымен барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кезде математика негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған. Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып отырғаны белгілі.
Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Ал оның негізгі орта сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да орта сынып математика сабагында ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейкесті мәселе.
Жумыстың мақсаты -- Оқушыларға математика сабағында анализ және синтезды қолдану арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына талдау жасау.
Жұмыстың болжамы -- Егер оқушыларға математика сабағында анализ және синтезді қолдану арқылы ой-өрісі дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.
Зерттеу объектісі -- Орта мектеп оқушыларына математика оқыту процесі.
Зерттеу пәні -- Оқушыларға математика сабағында анализ және синтезді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдары.
Зерттеу жұмысының мақсатына және болжамына сәйкес зерттеудің төмендегідей міндеттері анықталады.
1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерімен танысып,
оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан шолу жасау;
2. Оқушыларға математика сабағында анализ және
синтезді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын
арттыру мүмкіндіктерін анықтау.
3. Оқушыларға математика сабағында анализ және
синтезді қолдану арқылы оқушыларды пәнге деген кызығуын
арттыру және оның тиімділігін тексеру.
Жұмыстың практикалық құндылығы -- тапсырмалар мен анализ және синтездік кейбір мұғалімдер мен әдіскерлердің іс-тәжірибеде қолданылуында және мектептердің орта сыныптарында пайдалануға болатындығында.

I. Математикалық білім беру мазмұны
1.1. Математикалық білім беру

Математика саласына ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетаным да жаңаруда.
Біріншіден, математикалық білім беру сапасы математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Сондықтан математикалық білім беру сапасы туралы әңгімені математикалық сауаттылық мәселесінен бастау керек.
Екіншіден, әлемдегі математикалық білім берудің даму тарихы оны үш дербес аралға бөліп тастады: кәсіби математикалық білім беру, жалпы математикалық білім беру және математикалық сауаттандыру. Математикалық білім беру саласындағы кез келген реформа осы үш аралдың арасында көпір орнатуға талпыныстан туындайды.
Математиканы оқытудағы арнайы мақсаттардың қатарына оқушылардың геометриялық инстукциясын, кеңістік қиялын дамыту жатады. Бұл негізінен геометрия сабақтарында жүзеге асады. Мұнда ең алдымен көрнекі құралдар арқылы жазық және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың геометриялық елесі, көрінісі қалыптастырылып,біртіндеп күрделі геом етриялық фигураларды және олардың комбинациясын сызбалық дұрыс кескіндеуге машықтандырылады.
Мектепте логика айрықша пән ретінде өтілмейді,оның бірсыпыра функциясы математика пәнінің еншісіне тиеді(мысалы,теоремаларды дәлелдеу кезінде ойлау заңдарын мүлтіксіз қолдана білу).

1.2. Математикалық білім беруді жаңарту

Әлемдік өркениет соңғы онжылдықта барынша қарыштап алға ілгерілеуде. Әр түрлі елдердегі білім беру қайраткерлері осы көшке ілесуге ұмтылыстар жасауда. Өкінішке орай, оның көпшілігі нәтижесіз аяқталып жатыр. Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің екі бағыты айқын көрініс табуда: жаңарту мен саралау.
Жаңарту дегеніміз - мектептегі ескі және дәстүрлі пәндерді ығыстыра отырып, оларды жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа мамандықтарды игеруге жағдай жасайтын жаңа пәндермен алмастыру болмақ.
Математикалық білім берудеде дәл осындай жаңа технологиялар мен бағдарламалардан пайдалану тиімді. Сонда жаңарту нәтижесінде мектеп түлегі өзгермелі өмірге бейім болып шығады. Бірақ кез келген процесс, оның ішінде білім беру процесі де қатаң бағына отырып, өз жемісін белгілі бір уақыттан соң ғана бере алады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ғимарат биік болу үшін оның іргетасы мықты болу керек. Іргелі білім алған адам ғана қазіргі өмір жағдайларына тезірек бейімделіп, одан өз орнын таба алады.
Білім берудегі саралау білім беруді жаңартуға қарағанда мәселені шешудің өзгеше жолын ұсынады. Жоғары сатыдағы мектеп саралана келе әртүрлі бағдарға бейімделуде, дегенмен шектен тыс саралау болашақта мектеп түлектерінің өзінің негізгі құқықтарын пайдалануды, мамандық таңдау еркіндігін шектеуі мүмкін.
Мектеп математикасына компьютерлік оқытуды енгізу де көптеген мәселелерді шешуге себеп болды. Мектеп тәжірибесіне тек пән ретінде информацияның енгізілуі талас тудыруда.
Мектеп математикасы мазмұнын қандай жағдайда құрғанмен, оның негізгі әдістері (тендеулер әдісі, координаттар әдісі, векторлық әдіс, математикалық индукция әдісі, дифференциалдық және интегралдық есептеулер әдісі және т.б.) сақталады.

1.3. Мектептегі математика мазмұнын жаңарту

Ағылшын философы Роджер Бекон Математиканы білмейтін адам басқа ешқандай ғылымды білмейді, тіпті өзінің надандығында байқамайды деген екен.
Математика күнделікті өмірде жиі кездеседі және қолданылады. Ендеше, белгілі бір математикалық дағдылар әрбір адамға қажет. Кез келген адам сандар ұғымын түсініп, сандарға әртүрлі амалдар қолдана алуы керек.
Математикалық білімдер мен дағдылар кез келген кәсіпте, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарымен, техникамен, және экономикамен байланысты салаларда өте қажет. Математикалық білімсіз және ойлаусыз журналист те, дәрігер де, лингвист те күн көре алмайды. Математикалық білім беру тұлғаны қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.
Математикалық білім берудің басты мақсаты дүниетану заңдарын түсіндіру, қисынды пайымдауға үйрету алға қойылған міндеттің мәнін түсіне білуге тәрбиелеу болып табылады.
Математика адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі бола отырып, өнер сияқты адамның рухани жан дүниесінің қалыптасуына ықпал етеді. Математика адамда ақыл-ой адалдығын, шындыққа ұмтылуды тәрбиелейді.
Математика жаратылыстану пәндеріне арналған оқу сағаттарының қысқаруы оқытудың практикалық бағыттылығын әлсіретіп, оқу материалын игеру сапасын төмендетіп, оқушылардың жалпы білімдік дайындығын нашарлатуда.
Жаңа буын оқулықтарының көпшілігі оқу-жоспарларына сай келмейді. Өйткені, ондағы материалдарды игеруге көбірек сағат қажет етеді. Екінші жағынан, мектеп математикасына қойылатын талаптар жоғарылатылып, орташа оқушының мүмкіндік деңгейінен жоғары болып отыр.
Үшіншіден, пәндік бағдарламаларда өзара пайдалы нәтижелерге мүмкіндік беретін жоғары деңгейде қамтылмаған.
Келесі бір маңызды мәселе математиканы оқытудың үздіксіздігі. Мысалы, оқушылар жуықтап есептеулермен 5-6 сыныптарда танысады да, одан кейін ол тақырып кездеспейді. Алайда, физиканы оқыту барысында үнемі қолданылады.
Математикалық білім берудің негізгі міндеті - адамды ойлауға үйрету. Бұл бағыттағы білімдік бағдарламалардың табысты болып, іске асырылуы мына үш мәселеге байланысты:
1.Жоғарғы оқу орындарындағы математика пәні мұғалімінің дайындығы;
2.Сапалы оқулықтар мен оқу құралдарымен болуы болуы;
3.Таңдау еркіндігін беретін тұлғалық-бағдарлы оқыту.

II. Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту - заман талабы
2.1. Функционалдық сауаттылық

Қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жаңа параметрлерді қойды, білімнің мақсаттарын, нәтижелерін, оқытудың дәстүрлі әдістерін, қол жеткізген жетістіктер бағалауының жүйелерін қайта қарастыруды талап етті.
Қазақстандық мектеп білімінің дамуы Қазастан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бағдарлама, отандық білім саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастыру негізі ретінде, білім және тәрбиенің мазмұны мен технологияларында, мектептің құрылымында, басқару жүйесінде, білім беру іс-әрекеті субъектілерінің құқықтық-ұйымдастыру түрлерінде, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қаржылық механизмдерінің даму деңгейлеріндегі өзгерістерді нақтылайды.
Қазастан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2012 жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты жолдауында білім тек қана жастарға білім беру емес, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу процесінде білімді пайдалана алу керектігін мәлімдеді.Осыған байланысты Елбасы болашақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту керектігін көрсетті.
Қазақстан Республикасындағы нормативтік, оқу-әдістемелік, ақпараттық салаларында, педагогикалық кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру жүйелеріндегі іс-шаралар кешенін мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналғанұлттық іс-қимыл жоспары айқындайды.
Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін минималды қажетті болып саналатын әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде тұлғаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін біліктілік, икемділік пен дағдылар атомарлық деңгейі, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады.
Орта білімнің бір тұтас жүйесіндегі бастапқы кезеңінің ерекшелігі дәл осы сатыда оқу іс-әрекетінің негізгі икемділіктерін игеру, оқудың қажеттілігі мен ықыласына тиісті жағдай жасау болып табылады. Баланың психикалық дамуында бала орындайтын нақты осы іс-әрекет басқа жұмыстардың түрлері кешенінде (ойын, спорттық, мәдениеттік, еңбектік) жетекші рөл атқарады.
Функционалды сауатты оқушы - бұл пәндік, пәнаралық, интегративтік білімдер, ептіліктер, дағдылар және функционалдық мәселелерді шешу әдістері жиынтығы ретінде алынатын іс процесінде пайдаланылатын, қабылдау, ақпаратты өзгерту, типтік оқулық және қоғаммен қарым-қатынас есептерін шығару процесімен байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие болатын тұлға.
Әлемдік білім кеңестігіне кіру жағдайында қазақстандық білім беру жүйесінің алдында келесі міндеттер тұрады:
− орта білім деңгейінде барлық оқу пәндерінің мазмұнына сәйкес компонетті жүйелі түрде енгізу арқылы функционалдық сауаттылықтың негізін қалау;
− функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және жетілдіру аспектінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде білім мазмұнының бірізділігін қамтамасыз ету;
− орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейлерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың бірізділігін қамтамасыз ету.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы оқу-танымдық құзыреттілігінің базалық құрылымы болып табылады. Тұжырымдамалық тұрғы шеңберінде функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы оқу пәнінің негізгі мазмұндық компоненті ретінде алынатын оқулық міндеті арқылы пайда болады.
Бүгінде оқушылардың, қызметтік сауаттылықтың жоғары деңгейіне жету мүмкіндіктері бола тұрып, сондай-ақ социумда органикалық түрде қызмет ету қабілеттілігін, өзін-өзі тану қабілеттілігін, өз тұлғасының дамуына, адамның бойындағы әлеуеттілігін іске асыруға қабілеттілігін де алады. Қазіргі қоғамға қызметтік түрдегі сауатты, анық нәтиже алу үшін жұмыс істей алатын, мәнді жетістіктер мен табыстарға қабілетті тұлғалар қажет.
Қызметтік сауаттылық концепциясында негізделген танымал халықаралық бағалау зерттеулердің бірі - Экономикалық серіктестік пен дамуының ұйымының жетекшілігімен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың білім жетістіктерін бағалауының Халықаралық бағдарламасы (Programme for International Student Assessment - PISA) болып табылады. 2009 жылы Қазақстан алғашқы рет PISA зерттеуіне қатысты.

2.2. Функционалдық сауаттылықты дамыту

Функционалдық сауаттылықты дамыту аясында математика пәні бойынша төмендегідей біліктілікті қамтамасыз етуі тиіс:
- математиканың мазмұнын басқа ғылымдармен интеграциялау негізінде біртұтастық және қоршаған орта құбылыстарының өзара байланысы туралы дүниетанымын қалыптастыру;
- оқушылардың математиканың әлемдегі орнын анықтау мен түсіну қабілетін қалыптастыру, қоршаған ортадағы мәселелерді аталған ғылым әдістері арқылы шешу;
- статистикалық мәліметтер, шамаларды өлшеу, логикалық құрылған дәлелдерді көрсету негізінде ұсынысын негіздеу үшін физика-математикалық білімді қолдану қабілетін дамыту;
- түрлі бағыттағы ғылыми жобаларды орындау барысында және заттың сандық параметрін анықтауда түрлі математикалық әдістерге сүйене білудің жүйелі білігін қалыптастыру.

2.3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Қазіргі таңда білім беру саласында басты бағыт болып саналатын оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру бастапқы деңгейде болып отыр. Бұған дәлел болған PISA-2015 нәтижелері және қазір қолданылып жүрген қазақстандық оқулықтардың талдау нәтижелері.
ҚР БжҒМ бекіткен 1-11 сыныптарға арналған оқулықтарының таңдап талдауы жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі пәндік білім мен білікке бағытталығанын көрсетті. Білімге құзыреттілік тұрғыдан қарауға негізделген оқушылардың функционалдық сауаттылығын жеткілікті деңгейге көтеру үшін, әр пәннің мазмұнына түрлі өмірлік жағдайдаәмбебап біліктер мендағдыларға бағытталған кілтті құзыреттерді қалыптастыру компонентін енгізу қажеттілігі туындады.
Функционалды сауаттылық бойынша дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету, қазіргі заманға сай оқушылар өздеріне өмірлік маңызы бар пәндік білімдерге және типтік өмірлік жағдайда дұрыс әрекет алгоритміне негізделген біліктер мен дағдылар қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын оқулықтарда қажетті деңгейде көрініс алуы қажет.
Негізгі орта білім беру оқулықтарының талдау қорытындылары функционалды сауаттылықты қалыптастыруға көзделген керекті жаттығулар мен тапсырмалар жүйесінін жоқтығын дәлелдейді. Математика оқу пәні бойынша параграфтардың соңында орындалатын барлық жаттығулардың шарттары есептеу-санау біліктерін дамытуға бағытталған. Математика сабақтарында 5-9 сыныптарда пәнге тән материал негізінде жүргізіледі, ал жалпы оқу біліктерінің қалыптасуына, оқу әрекетінің меңгерілуіне қажетті тапсырмалар репродуктивтік деңгейде жүргізіледі.
Түйін: жалпы оқу біліктерін қалыптастыру үшін қосымша дидактикалық материалдарды әзірлеу қажет, ол материалдарды оқушылар күнделікті өмірде де пәнаралық сипаттағы міндеттерді шешу кезінде пайдалана алар еді. Мектепте оқытылатын пәндер бойынша білім беру стандарттарының қазіргі талаптарына сәйкес оқушылардың функционалды сауаттылығының мазмұнына базалық білімдері, репродуктивтік және репродуктивті-шығармашылық сипаттағы пәндік біліктері, пәндік және басқа да объектілерге оқушылардың құндылықты қатынастары енгізілуі тиіс.

2.4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Функционалды сауаттылықты қалыптастыруда оқу пәнінің мазмұнын байытудағы ұсыныстар:
Функционалдық сауаттылық компоненті есебінен тапсырмалар (жаттығулар) жүйесін кеңейту. Ол үшін PISA Бағдарламасындағы тапсырмалардың үлгілеріне сүйену.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үдеріс нәтижесіне қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім беру концепциясында жалпы білімді модернизациялау бағытымен қатар білім беру жүйе ретінде жалпы адамзаттық және ұлттық этникалық құндылығымен адамның қарым-қатынасқа түсу жүйесі ретінде:өз-өзімен,басқа адамдармен (отбасы, ұжыммен) қоғаммен, табиғатпен, дінмен, мәдениетпен (материалдық және рухани) қаралады.
Сонымен қатар орта білім берудегі мақсат түлектің базалық білімі, өмірлік рөлі ретінде берілуі:мейірімді адам; отбасының қамқор мүшесі;шығармашыл жеке тұлға; жауапты азамат;дені сау және жетілген тұлға ретінде қалыптастыру.
Осыған сай оқытудың басты мақсаты жастарға алған білімін тәжірибеде қолдана алып, қоршаған ортаға жақсы қалыптаса алуға мүмкіндік жасайтын негізгі компетенция жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Компетентті жол таба білу заманауи кезеңде әдістемелік негіз ретінде біз математика саласы бойынша жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесінде тапсырмалар мазмұнында логикалық ойлау қабілетін дамытуды өз білімін және оның нәтижелерін, бағалай білуге негізделуі қажет.
Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруда PISA есептерін қолданудың тиімділігі:
PISA зерттеуіндегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдауды талап ететін, мектептің өмірі, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсіби қызметі, спорт және тағы басқалар туралы мәлімет ұсынады.

III. Математиканы білімді дамытудағы өзекті мәселелер
3.1. Математикалық білім беруді дамыту жолдары

Республикамызда білім беру реформаларын жүзеге асыру орта мектептердегі оқу жұмысының мазмұнын ғана емес, оның құрылымына да өзгерту жүргізу қажеттілігіне әкеліп соқтырады. Оқыту мерзімі 12-13 жылдық болып есептелетін, экономиекалық жағынан дамыған елдердегі білім беруді дамыту жолдарын сараптай келе, әр елдердегі білім жүйесін жетілдіруді туындалып отырған нақтылы және ортақ мәселелерді айқындауға болады. Солардың кейбірін атап кетейік:
-Жаңа типтегі оқу орындарының ( бағдарлы мектептер, лицейлер, колледждер, гимназиялар ) ашылуы;
-Қоғамның экономикалық дамуының сұранысына орай орта мектептердегі оқушылар санының және тұрғындардың әлеуметтік психологиясының өзгеруі;
-Мектептердегі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер;
-Мектепке дейінгі, бастауыш және орта мектеп дайындықтарының сапасын көтеру жолдарын іздестіру;
-Даралап және саралап оқытудың түрлі әдістерін игеру және оны жүзеге асырудың даярлық шаралары;
-Білім мазмұнын жетілдіру ( жаңа пәндер енгізу, жекелеген пәндерді оқытудың инвариантты түйіндерін табу, кейбір пәндерді біріктіру және т.б.)
Сонымен, қоса республикамызда білім беруді дамытуға бағытталған арнайы келесі мәселелерді айтуға болады: мектеп оқушыларының арнайы қабілеттерінің деңгейін анықтайтын ғылыми - әдістемелік аппарат құру және оны күнделікті тәжрибеде қолдану; оқушылардың оцлау қабілеттерін артыруға ықпал жасайтын түрлі бағыттарды зерттеу; 12- жылдық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа оқу жоспарларын, бағдарламаларын, білім беру стандарттарын, оқулықтармен оқу- әдістемелік кешендерін жасау; мектептердегі оқуды еретерек кәсібилендіру және арнайы сыныптарда жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту; оқушылар білімін тексеру мен бағалаудың жаңа тәсілдерін іздестіру; блім беруді қаржыландыруды ұлғайту және т.б.
Айтылған мәселелерді әр пәнге қатысты бөліп алып қарастырсақ сол пәнді оқып- уйренуды жетілдіруге ғылыми талдау жасауға жол ашылады. Математиканы оқыту әдістемесі пән ретінде негізінен педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне оқытылатыны мәлім. Бұл пән болашақ мұғалімдерді оқыту және тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға үйретеді. Еліміздегі көптеген педагогикалық институттардың біразы әртүрлі себептермен аймақтық университеттерге бірікті, біразы заман талабына байланысты жекешелендірілген. Ал университеттерге математиканы оқыту әдістемесіне жоспар бойынша мүлдем аз сағат бөлінген. Университеттердің физика және математика факультеттерінде классикалық математика курстары оқытылады да, оқыту әдістемесіне ереекше пән ретінде көңіл бөлінбейді. Педагогтар дайындайтын университеттердің жұмысын қайтадан жандандырып, аймақтық университеттерден бөліп алып жеке жоғары оқу орындарын ашу да кезек күттірмейтін мәселе.
Математиканы оқыту әдістемесін оқып-үйрену мазмұнына білім, білік және дағды жүйесі, онымен қатар ұзақ жылдар бойы жинақталған математиканы оқытудың құндылықтары жатқызылады. Оларды меңгеру пән мұғалімдерінің жан-жақты дамуына, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына ықпалын тигізеді. Оқып үйрену мазмұнының қосалқы жүйесіне оқытушының студенттерге оқу материалдарын жеткізу қызметтері: әдістер, формалар, оқыту құралдары, білім және біліктілікті тексеру әдістері және т.б. жатқызылады. Оқыту мазмұны педагогикалық қағидаларға: тәрбиелік, ғылымилық, жүйелілік, сабақтастық, даму болашағын көру білу және т.б..
Матемтиканы оқыту әдістемесі екі бөлімнен тұрады: жалпы және нақты әдістеме. Жалпы әдістеме бөлімі математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын әдістерін, формаларын және оқу құралдарын қарастырады. Арнайы әдістеме математиканың қазіргі бағдарламасының мазмұнды- әдістемелік негіздерін үйретеді. Атап айтқанда, андар жүйесінің, шамалар функциялар, теңбе-тең түрлендірулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері, координаталар мен векторлар, геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері, геометриялық түрлендірулер, математикалық талдаудың элементтері т.б.
Мектеп математика бағдарламасында аталаған бағыттар әр сыныптарда оқытылатындығы мәлім. IV-V сыныптарды-математика,
VI-IX сыныптарда- алгебра геометрия, X-XI сыныптарда алгебра және анализ бастамалары, геометрия. әдіскер оқытушылардың мақсаты стуцденттердің бағдарламада қарастырылған материалдарды оқушыларға сабақтастық пән жүйелілік қағидаларын сақтай отырып жеткізуін қамтамасыз ету, сыныптан сыныпқа ауысқанда пәнаралық және пәнішілік байланысты, даралау мен саралауды, оқушылардың жас ерекшеліктері еске алу жақтарына қатаң көңіл бөлінуі қажет.
Мектеп бағдарламасында математиканың басты пәндеренің бірі ретінде болуы стеденттердің математиканы оқытудың бір ғана мақсат- оқушыларға аяқталған, толыққанды білім беруі керек.
Математикадан білім берудің мемелекеттік стандарттарын және бағдарламаларын жасау мәселесін зерттеу математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің беделді бағыты болып табылады. 12 жылдық мектептерде математикалық білім берудің стандарттарын таңдау мен құрастыру республика ғалымдарының алдындағы межелі міндет деп түсінеміз.
Математиканың бағдарламасының міндетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесінің зерттелуі
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
Пәндер