Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

I. XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ СЕМЕЙ ГУБЕРНИЯСЫНДАҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚАУАМЫ(1905-1916)
1.1. Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .12
1.2. Қазақ зиялылары мен мұсылман фракциясының және ресей зерттеушілерінің жер мәселесіне қатысты ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
II. АЗАМАТТЫҚ ҚАРСЫ ТҰРУ ЖӘНЕ КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ОРНАУЫНАН КЕЙІНГІ СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ(1917-1925)
2.1 1917-1919 жылдар аралығындағы Семей өңірінде жер мәселесінің шешілу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.2 Кеңестік биліктің аясындағы Семей өңірінде алғашқы бес жылдағы жер мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
III. XX ҒАСЫРДЫҢ I-ШИРЕГІНДЕГІ СЕМЕЙ ӨҢІРІНІҢ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ТАҚЫРЫБЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
3.1 Мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..71
3.2 Сабақ үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .73
3.3 Сыныптан тыс жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 83

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...93

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде елде белең алған ұлт-азаттық қозғалыстың басты дәлелдерінің бірін құраған жер мәселесі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшыларының еншісіне тиіп отыр. Осы аспектіні қамтитын зерттеулер легі де бүгінгі күні біршама қомақты тарихи қорымызды құрауда және бұл бағыттағы ізденістер жалғасуда. Сол кезеңдегі Қазақстанда, сонының ішінде Шығыс Қазақстанда орын алған жер қатынастары барысы және Жер мекемелерінің атқарған тарихи қызметінің ғылыми зерттеу объектісіне айналуы заңды құбылыс, әрі тарихи қажеттілік деп санаймыз.
ХХ ғасырдың басында ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстың өрбуі, саяси өмірдің жандануы елде үлкен өзгерістерге алып келді. Осы тұста жоғары билік жүйесіне басшылыққа келген Уақытша өкімет басшылары аймақтық, облыстық жерлерде түрлі деңгейдегі комитеттер мен мекемелер құруға нұсқау, жарлықтар (1917 ж. көктем) беруін, сол жарлықтарға байланысты Уақытша үкіметтің түрлі деңгейде қалыптастыра бастаған мекемелерімен қатар Семей өлкесінде Жер комитетінің (1917 ж. 21 сәуір) құрылуын және кейіннен өлкеде билік басына келген Уақытша Сібір үкіметінің (1918 ж. 25 шілде) жарлығымен аталған органның Земство құрамында Жер бөлімі болып қайта құрылғанын және де кеңестік билік тұсындағы Семей губерниялық жер басқармасы сияқты жер мекемелерінің тарихын обьективті тұрғыда баяндау отан тарихының мазмұнын толықтыруға қызмет етеді.
Жер мекемелерінің атқарған іс-шараларын ғылыми тұрғыда талдау, жер мәселелерін шешуде өз алдына қойған мақсат-міндеттерін қаншалықты орындай алғанын деректік негізде бағалау, сонымен қатар мекеме құрамына енген қазақ зиялыларының жер мәселесін шешуде ұстанған саяси позицияларын айқындап, олардың өлкеде мәселенің оңынан шешілуіне қосқан үлестерін көрсету және жер мекемелерінің саяси ұйымдармен біріге отырып атқарған қызметтерінің тарихы тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ғылыми зерттеу жұмысының басты мақсаты: ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Семей өңірінің жер қатынастары мәселесі мен жер мекемелерінің қалыптасуы мен дамуы және жер мәселесін шешудегі әрекеттерінің тарихына талдау жасап, олардың қызметінің түпкі мән-мағынасын ашу болып табылады. Семей өңірінде Ресей империясының отарлық саясатының негізінде туындаған аграрлық мәселелер мен Уақытша үкімет пен Алашорда үкіметтері тұсындағы және кеңес биліктің алғашқы бес жылындағы Жер ісі мекемелерінің атқарған қызметтері тарихын кең көлемде зерттеу мақсатына сай мынадай міндеттері белгіленді:
- Шығыс Қазақстан өңірінде жер мәселесінің шиеленсуін тарихи объективтілік тұрғысынан қарастырып, құбылыстың өзге аймақтардың тәжірибесімен ұқсастықтары мен ерекшеліктерін жаңа көзқараспен тұжырымдау;
- Уақытша үкімет тұсында құрылған Жер комитеттерінің Семей өңірінде іске асырған шараларын талдап, оның қызметінің тарихына баға беру;
- Қазақстанда өрбіген жер мәселесіне қатысты қазақ зиялыларының көзқарастары мен ұстанымдарын қорытып, олардың жер мәселесінің ұлттық мүддеге сай шешілуіне жасаған ықпалын айқындау;
- Кеңестік билік тұсындағы Семей губерниялық жер мекемесінің қызметіне талдау.
Зерттеу жұмысының деректік негіздері.Зерттеу жұмысымыздың дерек көзі ретінде түрлі мұрағат құжаттары мен материалдары, ғылыми зерттеудің мәліметтері, баспасөз деректері пайдаланылды. Сонымен қатар, Айқап пен Қазақ газеттерінің жинақ үлгісіндегі жарық көрген нұсқасы қолданылды. Сондай-ақ, әртүрлі ғылыми-зерттеу орталықтары мен мұрағаттар тарапынан шығарылған құжаттар жинақтары мен анықтамалықтар да [2; 31; 49] жұмысты жазу барысында кеңінен қамтылды. Тақырыптың мақсат, міндеттеріне сай ұлт-азаттық қозғалыс барысында жер мәселелерінің тарихына талдау жасауда Алаш және Алашорда үкіметіне қатысты құжаттар жинақтары [3; 12; 27] ғылыми талдау нысаны ретінде кеңінен қолданылды. Ресей архивтерінің қорларынан көптеген тың деректік құжаттар ұсынған Д.А.Аманжолованың құжаттар жинағының [44] тақырыпқа қатысты деректері талданды. Жер қатынастарын кеңестік тәсілмен шешудің тәсілі ретінде ұжымдастыру науқанының аштыққа ұрындырған салдарына баға беруде осы тақырыпқа қатысты құжаттар жинақтары [30; 40; 50] пайдаланылды. Жер мәселесіне қатысты ұлт зиялылары Ә. Бөкейхановтың [10], Р.Марсековтың [36], С.Сәдуақасұлының [47], М.Шоқайдың [57], М.Дулатовтың [38] соңғы жылдары жарық көрген шығармалар жинақтары да зерттеудің деректік негізін құрады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. ХХ ғ. алғашқы ширегінде Ресей жерінде белең алған қарбалас кезең мен кейіннен кеңестердің әртүрлі науқандар кезінде Қазақстанның Шығыс өлкесіндегі аграрлық мәселелердің шиеленісуін, даму барысын, олардың шешілу жолдарын қазіргі тәуелсіз тарихи таным тұрғысынан арнайы зерттеген еңбектер мен әдебиеттер аз емес. Кеңестік Қазақстан тарихнамасында белгілі саяси-идеологиялық себептерге байланысты жер мәселесі бір жақты бағаланды немесе жабық тақырып болғаны белгілі. Соған байланысты бүгінде Ресейдің Қазақстанды және басқа шет ұлт аймақтарын отарлауда ұстанған жер саясатының әдістерін арнайы талдауды көздеген зерттеу еңбектері әлі де жазылу үстінде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің Тарих толқынында деген кітабында: Тоталитаризм ұлттық тарихтың қалың-қалың қабаттарына кереметтей бір зұлымдық әдісті қарсы қойды -- ұлттың өткен тарихының біртұтас жанды тасқынын тап күресі дейтін мұқыл ұғыммен мылжалап тастады [39;226] деп, әкімшіл-әміршіл жүйе тұсында ұлттық тарихтың бұрмалай жазылып, санамызды коммунистік идеологиямен уландырғанын атап өткен еді.
Қазақстан Республикасының тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасында: Егемендік жағдайда өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау - жалпы ұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның тәуелсіздігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі болып отыр, - [29;5] деген тұжырым бүгінде зерттеушілердің қызығушылығын арттырып отыр.
Сонымен, отандық тарих ғылымында қоғам дамуының шешуші факторларының бірі ретінде жер мәселесіне қатысты қомақты тарихнама қалыптасты. Тарихи танымдағы хронологиялық тәсіл бойынша жер қатынастары тарихнамасын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: кеңестік кезенге дейінгі тарихнама; кеңестік тарихнама; тәуелсіздік кезеңінің тарихнамасы. Тақырыптың кеңестік тарихнамасының бастапқы кезеңі таптық идеология толық орынға қоймаған, тарихи танымның төңкеріске дейінгі мектебі өкілдерінің ықпалы сақталуымен ерекшеленеді. Осыған байланысты пролетарлық революцияның сыртқы келбеті отарлық үлгіде болды деген Г.Сафаровтын тұжырымы кеңес өкіметінің аграрлық реформаларының мазмұнын тануға мүмкіндік береді [46]. Ал кеңес қоғамындағы тотаритарлық билік кезеңінде (20 ж. ортасы - 50 ж. ортасы) жүргізілген зерттеулер жер мәселесіне қатысты біржақты таптық қағидаларды басшылыққа алуымен ерекшеленеді. Одан кейінгі тоқырау кезеңінде мәселе желілік, тақырыптық тұрғыда біршама жаңартылғанымен де оның өзегі таптық-партиялық ұстанымдардың қолтаңбасын сақтап қалды. Ал кеңестік қоғамның күйреуіне алып келген қайта құру кезеңінің тарихнамасы теориялық-әдіснамалық әр алуандығына сай көзқарастық, тұжырымдық қарама-қайшылығына қарамастан елімізде жер қатынастары дамуының толық бейнесін қалпына келтіретін деректік, дәйектік ақпараттар кешенін ғылыми айналымға ұсынуымен ерекшеленеді.
Мәселеге ұлттық, мемлекеттік мүдде тұрғысына мән берген зерттеушілер жер мәселесінің қазақ қоғамының дамуына шешуші ықпал жасаған маңызына шынайы баға бере бастады. Қазірдің өзінде отандық тарихнамада мәселені еліміздің жекелеген аймақтарына қатысты қарастыру тәжірибесі орын алуда.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясында белең алған аграрлық дағдарыс барысында Семей өңірі жер қатынастары мәселесінің жан-жақты талданып, зерттелуі арнайы қарастыруды қажет етеді.
ХХ ғ. алғашқы ширегінде Ресейде белең алған саяси оқиғалар барысында Семей өлкесінде аграрлық мәселелердің шиеленісуін, даму барысын қазіргі заманғы жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан арнайы зерттеуді алдына мақсат етіп қойған еңбектер аз. Соған байланысты бүгінде Ресейдің Қазақстанды және басқа шет ұлт аймақтарын отарлауда ұстанған жер саясатының әдістерін арнайы талдауды көздеген зерттеу еңбектер жоқ [4].
Мәселеге тарихилық тұрғысында мән берген авторлардың еңбектері қатарында Т.Седельников [48], М.К.Коморовтың [22] атауға болады. Т.Седельников патша әкімшілігінің келімсектерге жер бөліп беру үшін қазақ халқына жасаған қиянаттарын ашық жазады. Ал М.Коморов қоныс аудару мәселесінде патша өкіметінің жіберген жолсыздықтары мен шенеуніктердің жүгенсіздіктерін батыл түрде сынайды.
Жер мәселесіне қатысты ХХ ғ. басында Алаш қозғалысы қайраткерлерінің мерзімдік баспасөз беттерінде жарық көрген еңбектерінің мәселені толық ашып көрсетуде жан-жақтылық пен дерекнамалық сипат алды. Жер мәселесіне қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжырымды ойлар А. Байтұрсыновтың Қазақ пайдасындағы жерді алу турасындағы низамдар, бұйрықтар [59] және 5 мың десятина жер [28] деген мақалаларында айтылып, жазылған болатын. Қазақтың ұлттық мүддесін еш ескермей жерін тартып алу мақсатындағы жарлықтар мен бұйрықтардың мәтініндегі әрбір бөлімнің отарлық саясатын халыққа қарапайым тілмен жеткізуді көздеген алғашқы мақаласы Айқап журналының 1911 жылғы 11 санында жарық көрсе, келесі мақаласы Қазақ газетінің 1913 жылғы 29 санында басылып шықты. Сондай-ақ ғасыр басында ұлт-азаттық қозғалыстың хабаршысы болған мерзімді басылымдар Қазақ, Айқап, Сарыарқа беттерінде патшалық Ресейдің аграрлық саясаты және қоныс аудару қозғалысына қарсы тұрған бір топ зиялылардың, атап айтсақ, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Р. Мәрсеков, М. Тынышпаев, Ж. Сейдалин, Н. Айтмұхаметовтардың жер мәселесіне арналған көптеген мақалаларының да маңызы зор екендігін айта кеткен жөн.
Жер қатынастарына байланысты ұлттық элита өкілдері Ә.Бөкейханов [9], А.Байтұсыновтың [7], Х.Досмұхамедұлы [16], С.Асфендияровтың [5], М.Тынышпаевтың [55] М.Шоқайдың [56], Т.Рысқұловтың [45] еңбектері ұлт зиялыларының мәселеге қатысты жазған іргелі еңбектері болды.
Қазақстандағы жер мәселесіне қатысты зерттеулер Кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңінде идеологиялық сарынға қарамастан-ақ қомақты еңбектер жарыққа шықты. Солардың ішінде төмендегі екі еңбекке ерекше тоқталу қажет деп санаймыз. Жер мәселесін, соның ішінде қоныстанушылар мәселесін Т. Шонанұлы [58] ХVІІІ ғ.асырдан 1917 жылға шейін нақты статистикалық мәліметтер негізінде тұтас зерттеп, аса құнды ғылыми тұжырымдар жасаған. Оған дейін ұлт зиялылары арасында осы мәселеге қатысты осындай батыл тұжырымдар ұсынған автор болған жоқ. Т. Шонанұлы өз заманында Қазақ жерінің тарихы - колония тарихы. Колония тарихы - бірте-бірте қазақ жерін сырттан келіп иемденудің тарихы, талаудың тарихы, деп әуел бастан ашық айта білген тарихшы. П.Г. Галузоның [13] еңбегінде Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар нақты статистикалық материалдар негізінде үлкен хронологиялық кеңістікті қамти отырып жазылған. Қоныс аударушылардың жер өңдеу ісін толықтай зерттей отырып автор, қоныстандыру процесі қазақтардың жер өңдеу ісі мен табиғи отырықшылыққа көшуіне кедергі-зиян келтірді деген ой-тұжырым жасайды. П.Г. Галузо переселен-шаруалардың Қазақстанға келгенге дейінгі мүліктік жағдайын, қоныстанғаннан кейінгі шаруашылық түрлерін, жер өңдеу ісін тиянақты түрде зерттегеннен кейін, мынадай батыл тұжырымдар жасайды: Қоныстанушылар - жер өңдеу техникасы бойынша жергілікті қазақтарға жете алған жоқ, тіптен ауыл шаруашылығындағы капитализм орыс поселкелеріне қарағанда қазақ ауылдарында жоғары деңгейде дамыған.
20-ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ ауылдары, ондағы аграрлық қатынастар және жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайлары жөнінде тарихи тұрғыда қомақты, әрі мазмұнды еңбектер Кеңестік дәуірдің өзінде-ақ (1930-1980 жж.) көптеп жарыққа шықты. Олардың қатарында Ғ. Тоғжанов, С.Асфендияров, М.Сапаргалиев, А.Нусупбеков, А.Турсунбаев, Т.А.Елеуов, А.П.Кучкин, Қ.Бекқожин, Г.Ф.Дахшлейгер, Б.Амантаев, С.Зиманов, К.Нұрпейісов, Н.Е.Бекмаханова, Н.В.Алексеенко және Х.М.Әбжанов сынды белгілі ғалымдардың зерттеулерін атаймыз. Бұл зерттеушілердің еңбектері социалистік идеология үстемдігі тұсында жазылғанына қарамастан тарихи-методологиялық, ғылыми айналымға ұсынған бай деректік ақпараттары өзінің ғылыми құндылықтары мен маңызын бүгінгі күнде де жоғалтқан емес [52].
ХХ ғ. басындағы Ресей империясындағы қоғамдық-саяси өмір мен аграрлық қатынастардың шиеленісуіне қысқаша түрде нақты сипаттама берген тарихи еңбектер қатарына В.Н. Гинев [14] және Л.И. Емеляхтың [17] зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Аталған еңбектерде, әсіресе ғасыр басында империя көлемінде шиеленісті сипат алған аграрлық мәселенің шешілу жолдарын жеке-жеке талдай отырып, аталған аграрлық дағдарыстан шығудың әр түрлі жолдарын, версияларын ұсынып, елде белең алған барлық дағдарыстың қайнар көзі самодержавиелік билік екендігін баса айтқан. А.Я. Аврехтің [1] еңбегінде 1906-1911 жж. аралығында билік басында болған П.А. Столыпиннің реформаларының ғасыр басындағы империя көлеміндегі саяси жағдайға тигізген ықпалын кеңінен талқылап, реформа мәнін ашып көрсетуде тарихнамадағы орны ерекше екенін атаған жөн.
Еліміз тәуелсіздік алып, тарихи сана қалыптастырудың жаңа сипатқа ие болуына байланысты мәселеге қатысты тарихи зерттеулердің бағыт-бағдарын айқындап, теориялық-әдіснамалық негіз қалыптастырған М.Қ. Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Ж.К.Қасымбаев, Х.М.Әбжанов, Ғ.Есім, М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, Е.Қуандықов, Ж.Абылхожин, Б.Аяған, С.Н.Малтусунов және т.б. еңбектеріндегі жер қатынастарына байланысты ой-тұжырымдары зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды [23]. Сонымен қатар, осы мәселенің әр қырынан және әртүрлі желіде қарастырған зерттеушілер қатарында Қ.Қ.Байсарина, К.А.Берденова, Д.Қамзабекұлы, Д.А.Махат, Т.К.Алланиязов, С.Әсіп, Г.Нурбетова, М.Қазыбек, Ғ.Маймақов, Р.К.Нурмагамбетова, Ө.Әбдіманов, Қ.С.Өскембаев және т.б көптеген ғалымдарды атауға болады [23]. Арнайы тақырыптық бағыттағы, әрі мағынасы жағынан үндес келетін және зерттеу нысанымызға аса жақын еңбектер легінде Р.М.Таштемханова, С.О.Смағұлова, Г.Е.Ибрагимова, Н.К.Мыңжасов, Н.Қ.Қаттабекова, З.Ш.Макажанова [37] сияқты зерттеушілердің жұмыстарында қалыптасқан тұжырымдарды тақырыптың мазмұнына сай жаңа көзқараспен талдап, мәселеге қатысты тұжырымдар мен қорытындылар жасауда негізге алдық.
Уақытша үкімет тұсында Қазақ өлкесінде құрылған Жер комитеттеріне, оның қызметі мен мақсат-міндеттеріне қысқаша түрде нақты тоқталған Қ.А. Жиренчин [18] болды. Автор өз кезегінде Қазақстандағы құрылған Жер комитеттерінің құрылу ерекшеліктеріне (кейіннен оның атқарған іс-шараларына айтарлықтай әсер еткен) жан--жақты тоқталған. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының толықтай эволюциялық жолын көрсетіп, кеңінен зерттеген К. Ә. Берденованың [26] еңбегінде қазақ қоғамының шаруашылық жүйесіне тоқтала келіп, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе кезіндегі ауыл шаруашылығының (соның ішінде егіншілік) басынан өткен (ЖЭС, шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу, ұжымдастыру) науқандардың келтірген зияны туралы айтқан ойлары құнды болып табылады.
Мәселенің шетелдік тарихнамасы бойынша американдық зерттеуші Дж. Демко [15] монографиясына арнайы тоқталуға болады. Ол зерттеуінде нақты статистикалық мәліметтер арқылы отаршыл саясат әсерінен Қазақ даласының географиялық өзгерістерге ұшырауын, экономикалық және демографиялық даму көрсеткіштерінің ауытқуын, сонымен қатар революцияға дейіңгі кезеңде орыстардың Қазақстанға қоныс аудару моделі мен тарихын, отарлау нәтижесінде мұнда орын алған өзгерістерді, оның ішінде бұл құбылыстың жергілікті халықтың мәдениеті мен шаруашылығына, дала ландшафтына тигізген сан алуан ықпалын қарастырған.
Кэмбридж университетінің тарихшысы, ағылшындық зерттеуші Эдвард Каррдың Русская революция от Ленина до Сталина. 1917-1929 [21] деген зерттеу жұмысында кеңестік дәуірдегі оқиғаларға объективті баға беріп, жоспарлы экономиканың ауыл шаруашылығын кеңестік үлгіде құру жолындағы кемшіліктерін саралауы еңбектің құндылығын көрсетеді.
Соңғы жылдары жарық көрген ресейлік тарихшылардың еңбектерінің арасынан Шығыс Қазақстанға қатысты мәселелерді қамтыған ұжымдық бірлестіктегі еңбекті атауға болады. Зерттеуде отаршылық жер қорын толықтыру үшін жер иеліктерінің жаппай тартып алынуы қазақтардың дәстүрлі шаруашылық қызметі түрлерінің өзгерісіне алып келді, оның есесіне қоныстанушылар өз шаруашылық қызметін аграрлық саланың экстэнсивті бағытында жүргізу түрінде қайшылыққа тап болғандығына мән беріледі [60;372]. Ал Д.Аманжолова 1917 жылы Кеңес үкіметінің алдында шешілген және шешілмеген түйінді мәселелердің бірі ретінде жер қатынастарын реттеу мәселесі алдан шыққандығына назар аударады [4;374].
Жер мәселесін жалпы ауқымда қарастырған зерттеулер қатарында Д.К.Әбенованың [6], К.С.Бижигитованың [8], А.Е.Каримованың [20], Т.А.Нұрпейісовтің [42], Р.М.Таштемханованың [51] және т.б. зерттеулерді атаймыз. Бұл зерттеулерде қазақ жеріндегі аграрлық қатынастардың шиеленісуінің салдарлары мен шешілу тәсілдерінің жалпы заңдылықтары қарастырылып, көптеген құжаттық деректер айналымға ұсынылуымен ерекшеленеді.
Тақырып тарихнамына талдау жасай келе мынадай қорытындыға келеміз, Семей өңірінде ХХ ғ. бас кезінде орын алған аграрлық өзгерістер тарихы біршама зерттелгенімен алдағы уақытта осы құбылыстың жетістіктері мен жағымсыз салдарларына жаңа көзқараспен талдау жасау бағытында тың зерттеулер қажет екендігін аңғарамыз.
Зерттеу объектісі: XX ғ. I-ширегіндегі Семей өңірінің жер мәселесі
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі ретінде еліміздің қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара ұштастырылған танымдық қағидалары жетекшілікке алынды. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық арнасында әлемдік- өркениеттік және отандық-синтездік көзқарастар жүйесі мен тарих ғылымы саласындағы жалпығылыми зерттеу тәсілдері басты бағыт-бағдар болды. Тақырыптық нысанға қатысты нақты материалдар, құжаттар мен деректерге сүйене отырып, тарихи білімді жинақтау арқылы тарихилық, тарихи объективтілік принциптері мен заңдылықтары негізге алынды. Зерттеу жұмысында дәйектемелік деректерді тарихи-салыстыру, сұрыптау-талдау, тақырыптық кіріктіру, сыни көзқарас, уақытнамалық тұрғыда салғастыра қарастыру әдістері қолданылды. Сонымен қатар, аймақ тарихын даралап көрсетуде оны жалпы мемлекеттік-териториялық шеңберде, әрі кезеңдік, дүниежүзілік процестерден бөліп алмай, керісінше тарихи сабақтастықта байланыстыра көрсету мәселелері ескерілді.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысының алдына қойған мақсат-міндеттеріне сәйкес, оның мазмұндық мәні 1905 жылдан ұжымдастыру науқаны аяқталған 20 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Қазақстанның шығыс өңірінде орын алған жер қатынастары мен жер мекемелерінің жоғарыда аталған кезеңдердегі қызметтік бағыт-бағдарлары мен атқарған іс-шаралар тізбегі тарихы көрсетілген мерзімдік кезеңді толығымен қамтиды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасында бүгінде қалыптасу процесін өткеріп отырған демократиялық жаңғырулар барысында ел тарихының ақтаңдақтарына айналып келген көптеген күрделі де тартысты құбылыстарға, соның ішінде жер қатынастары мен оларды шешу мақсатында құрылған жер мекемелерінің тарихына қатысты жаңа сыңдарлы зерттеулер жүргізу, оны ұлттық мемлекеттілік мақсат-мүдде және жалпыадамзаттық құндылықтар шеңберінде жаңа көзқараспен қарастыру тақырыпты зерттеудің басты ерекшелігі болып табылады. Жұмыстың негізгі өзегіне айналған дәйектер мен деректер жер мекемелерінің қалыптасуы мен қызметі тарихының шынайы тұрғыда қалпына келтірілуіне және ғылымилығына қалады.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Зерттеудің өзекті мәселесі бойынша пайдаланылған тарихнамалық талдау кейбір тарихи-тәжірбиелік сипаттағы тұжырымдар мен нәтижелерді, ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға қызмет ететін ғылыми айналымға ұсынылған мәліметтерді жоғарғы және арнаулы оқу орындары тарих мамандығының бакалавр, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, аймақтану, өлкетану пәндері қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ СЕМЕЙ ГУБЕРНИЯСЫНДАҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚАУАМЫ(1905-1916)
1.1. Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы
ХХ ғасырдың басында Ресейдің саяси-қоғамдық жағдайында көптеген өзгерістер белең алды. Азаматтық қоғамдардың және капиталистік қатынастар негізінде пайда бола бастаған жұмысшы табының қозғалысы елде шексіз билікке қарсы топтасатын саяси күштің пайда болғандығын көрсетті. Өйткені, Ресей империясы капиталистік державалардың ішінде не парламенті, не заңды түрдегі саяси партиялары, не азаматтарының толық бостандығы жоқ мемлекет болды. Ең соңында патша үкіметі мен Ресей империясы халықтары арасындағы қарама-қайшылық өте шиеленісті түрде болды. Көптеген жекелеген халықтардың ұлттық сана-сезімдерінің өсуі мәдени-ұлттық автономиядан бастап, жеке мемлекет ретінде бөліну талап-тілегіне ұласты.
Патша үкіметі қазақ халқына ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-казак әскерлерін орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған жылдарында россиялық отарлаушылар Қазақстанның 45 млн десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда, ең құнарлы 16 пайыздай бөлігіне иелік етті. 1917 жылғы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын тепкен россиялық қаныстанушылар сол кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23,1 пайызын құрды.
Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуал аграрлық, ұлттық және таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленді. Қазақстанда осы шиеленістен туындаған аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылдыққа қарсы бағытталды.
Қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерелеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешегіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан-жақты экспанциясын тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы өкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгімен әртүрлі петициялар арқылы талап-тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік Думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты.
1905 жылдың күзінде Жақып Ақбаевтың Ақмола облысының орталығы Омбы қаласындағы митингте сөйлеген сөзі халық бұқарасының арасына кеңінен тарап, оның саясатқа деген ұмтылысын туғызды. Ж,Ақбаев өз сөзінде: ... барлық бостандық партиялары ортақ принциптер мен идеалдар негізінде , мәселен, жалпыға ортақ, пропорционалдық өкілділік негізінде, ұлтына, жынысына, дініне қарамай тең, жасырын және төте сайлау... негізінде, бірлесіп әрекет жасаулары қажет, - деді.
Осы митнингтен кейін Ж.Ақбаев Павлодар - Қарқаралы бағыты бойынша үгіт жүргізу сапарына шықты. Осы сапар барысында ол 1905 жылы қарашаның 7-сінде Павлодарда болған қалалық митингіде бостандық идеясын уағыздаған және жергілікті әкімшілікті қайта сайлауды талап еткен сөз сөйледі, осы мазмұнды сөздерді ол қарашаның 11-інде Баянауылда, 14-інде Қарқаралыда көп адам қатынасқан жиналыстарда да айтты. Қарқаралыдағы митинг 14,5 мың адам қол қойған Ресей министрлер кеңесінің төрағасы С.Ю.Виттенің атына жолдаған петиция Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев сияқты ұлттық-либералдық қазақ зиялылары дайындағаны айдан анық. Петиция патшаның 1905 жылы қазанның 17 жарияланған Манифесіне халыққа берген уәделердің орындалуы, ал қазақ өлкесі жағдайында жер мәселесінің әділ шешілуі, халықтың өшпенділігін тудырған патшаның жергілікті озбыр чиновниктердің аластатылуы қазақ тілінде ұлттық басылымдар шығару , т.с.с. талап етілген.
Қазақстандағы жаңа сипаттағы саяси күрестің қайнар бастауы саналатын Қарқаралы петициясына келер болсақ, ол туралы Мұхтар Әуезов өзінің "Ақаңның елу жылдық тойы атты мақаласында: 1905 жылы Қарқаралыда Ақаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқы атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші - жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екіншісі - қазақ жұртына земство беруді сұраған. Үшіншісі - отаршылдардан орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын мүфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы деп жазады М. Әуезов. Бөкейханов, Ақбаевтардың басшылығымен жазылған Қарқаралы петициясының негізгі мазмұны мен ондағы көтерген мәселелердің саяси салмақтылығына ерекше назар аударумен қатар, оның халықтық сана-сезімнің оянуына зор ықпал жасағанын да ұмытпаған жөн.
Шындығында да, Мұхтар Әуезов дұрыс көрсеткендей, Қарқаралы петициясын дайындауға Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев сияқты сол кездегі қазақ интеллигенциясының көш бастаушылары ат салысқаны даусыз. Зиялылардың осы тобының және оған өте жақын болған пікірлес азаматтардың осыдан кейінгі араға 10-12 жыл салып Алаш партиясын құруға мұрындық болғандығы да шындық. Алайда жекелеген тарихшылардың, атап айтқанда шет елдерде (Түркия, Германия) шығармашылық жұмыспен табысты шұғылданып жүрген қандасымыз Хасен Оралтай, қазақ зиялыларының осы петицияны дайындау және оны көпшілікке тарату үшін 1905 жыл бас қосуын саяси партия құру әрекеті деп бағалайды. ... Қазақ түркілері зиялыларының бір тобы, - деп жазды Х.Оралтай 1973 жылы түрік тілінде жарық көрген Алаш-Түркістан түркілерінің ұлт-азаттық ұраны деген кітабында, - 1905 жылы жасырын түрде саяси партия ұйымдастырды. ... 1905 жылы ұйымдастырылған жасырын Алаш партиясы өз қызметін 1917 жылдың көктеміне дейін жасырын түрде жалғастырып келді. Партия қызметі жасырын жүргізілгендіктен, Алаш партиясының тарихқа белгілі тұңғыш (Құрылтай) съезі 1905 жылы маусым айында 14,5 мың қазақ түркісінің қатысуымен Қарқаралыда өткізілді. Бірақ ресми түрде Алаш партиясының съезі болып есептеліндейді. Солай болғанмен де, 1905 жылғы съезд Алаш партиясының съезі екендігінде күмән жоқ[41;40].
Жоғарыда айтып кеткендей патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыруда ең маңызды, келелі болған мәселе - жер мәселесі болды. Петербургтегі үкімет орындарына тапсырылған Орал және Торғай облыстары қазақтары жазған петицияға 44 адам, ал белгілі Қоянды жәрмеңкесінде өмірге келген Қарқаралы петициясына 14,5 мың адам қол қойған. Орал және Торғай облыстары қазақтарының петициясы 1905 жылы Орал қаласындағы К.М. Тухваттулин баспасында жарық көрген. Екі бөлімнен тұратын бұл құжатта қазақ елінің дін және жер мәселелеріне байланысты талаптары жан-жақты және дәл баяндалған. Петицияда жер мәселесіне байланысты мынадай талаптар қойылған:
1.Қазақ жерінде бұл күнге шейін қала салып алып бейбіт өмір сүріп отырған орыстар отыра берсін және олар алған жерге де талабымыз жоқ. Бірақ қалған жеріміз қырғыз-қазақ халқының өз пайдасына мәңгі ұрпақ мұрасы ретінде ешкімнің ортағынсыз берілсін, сондай-ақ бұл жерді қазақ халқы Анна Иоановнаның жалованное грамотасына сәйкес ықтиярлы, тығыздық көрмей пайдалансын;
2.Мұнан былай орыс крестьяндарына қазақ жерінен жер берілмесін және қазақ жерінен переселенчески участок мұнан былай жазылмасын;
3.Степное Положениенің 119-136, яғни барлығы 17 статьялары негізсіз деп танылып, жойылсын;
4.Қырғыз-қазақ халқының қолына жер мәңгілік өзіңдікі деген документ қағаз берілсін.
Бұл құжатты дайындауда Бақытжан Қаратаев басшылық жасаған. Мазмұндық тұрғыдан алғанда, бұл құжатта жер мәселесіне байланысты талап-тілектер көрініс тапты.
Осы 1905 жылы Семей облысының Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде 14500 (екінші деректе - 12767) адам қол қойған Қарқаралы петициясы өмірге келді.
Тұңғыш рет Қарқаралы петициясы туралы Сын отечества газетi мақала басып, оның мазмұнына баға беруге құлшыныс бiлдiрген едi. Атап айтқанда газет былай деп жазды: Введение в стране Степного положения, созданного бюрократическим путем, без всякого соображения с истинами потребностями населения, неуважение к закону со стороны администрации, ставящей на его место свое усмотрение, полное пренебрежение к правам личности и чувству человеческого достоинства, административное насилие, вторгающиеся во все стороны жизни, пренебрежение к духовным и экономическим интересам, искусственно поддерживаемое невежество народной массы - все это привело население к обеднению и его культурное развитие - к застою.
Сол жылдары Бiрiншi Орыс революциясының дүбiрлi әсерiнен Рабочий путь газетi де петицияға мынандай баға берiп үлгердi: А на Куяндинско-Ботовской ярмарке летом 1905 года произошло Совещание представителей семипалатинских, акмолинских и каркаралинских киргиз. К этому времени была разработана и уже принята на местах петиция, которая, например, только в одном Каркаралинском уезде получила 16.000 подписей кибитсковладельцев, т.е. почти половины всех киргиз собственников.
22 июля из Каркаралинска уже была отправлена в Петербург утвержденная и подписанная сорока шестью уполномоченными самая петиция... Но ее размах и угроза сразу же обратили внимание чиновников... Бюрократия насторожилась. Сквозь религиозную вуаль прямо выпирала экономико-политическая подоплека. Зачастую требования были даже исключительно политическими. Канцелярия степного генерал-губернатора правильно расценила движение, заведя дело о религиозно-политическом движении киргиз. Основной документ движения - петиция на 910 говорит о политических и экономических требованиях, не имеющих ничего общего с религией.
Красной нитью проходит по петиции требование уравнения в правах с русскими. Так, в ней имеются пункты о представлении равных прав собственности, принятие киргиз на государственную службу, о введении в окружной суд киргизских заседателей, о посылке депутатов в думу, введение делопроизводства на родном языке. Петиция требует разрешения на издание киргизской газеты и книг. Некоторые ее места идут гораздо дольше и примыкают к революционным требованиям русских крестьян. Так, она требует освобождения от воинской повинности, упразднения крестьянских начальников, недопустимости административной высылки киргизов без суда и следствия. Байқап қарасақ, газет авторлары Петицияның мазмұнына мұқият талдау жасап, оның саяси жақтарына ерекше мән бергенi байқалады.
Кеңес дәуiрi кезiнде жарық көрген зерттеулер мен тарихи әдебиеттерде Қарқаралы петициясы туралы iлiп аларлық идеялар мен тұжырымдар мүлдем айтылмады және оның мазмұны ғалымдар тарапынан талданылған жоқ. Оқтын-оқтын басылған мақалаларда петиция буржуазиялық-келiсiмшiлiкке бару революцияға мүлдем жат талап-тiлектер деп ғана өзiнiң бағасын алды. Тiптi, Санжар Аспендияровтың 1935 жылы басылып шыққан Қазақстанның тариыхының очерктерi деген еңбегiнде Қарқаралы петиция туралы бiр ауыз сөз айтылмайды. Ал, Бiрiншi Орыс революциясы кезiнде белсендi қызмет атқарып, қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бiрiмжанов, Бақытжан Қаратев, Мұхамеджан Тынышбаев сияқты iрi тұлғалары былай деп суреттелiндi: ,,Жаңа өркендеп келе жатқан қазақтың буржуазиясы мен интеллигенттерi патша өкiметiне наразылық жасағандай революция жолына түспедi. Қазақ интеллигенттерiнiң басшылары пролетариат пен қара шаруаларға қосылып революция тартысының жолына түсудiң орнына, патша өкiметiнiң шашбауын көтердi. (Бөкейханұлы, Бiрiмжанұлы, Қаратайұлы, Тынышбайұлы және басқалар)... Ресей буржуазиясы, онымен (патша өкiметiмен) келiсуге тырысты [5;96 б].
Ал, 1949 жылы жарық көрген Қазақ ССР тарихында да петиция туралы ешқандай мәлiмет кездеспейдi. Тек Мәшһүр Жүсiп Көпеевтiң қызметi: ,,1905 жылғы революция кезiнде ... 17 октябрь манифесiн келекелеп жазып, онда отар зорлық-зомбылыққа ашықтан-ашық қарсы шықты. Ақын мұнда ашық түрде: патша өзiнiң манифесiмен халықты алдады, өйткенi манифест бойынша Дума сайлануы туралы заң шыққанда қазақ жадында ешнәрсе қалған жоқ. Қазiр бүкiл елде патша бiздi есiркеп, жеңiлдiк бердi деген сөздi ешкiм айтпайды деп бағаланды. Ал, Бiрiншi Орыс революциясы кезiнде белсендiлiк танытқан қазақ зиялылары туралы ешқандай мәлiмет кездеспейдi.
1979 жылы Ғылым баспасынан бес томдық Қазақ ССР тарихының 3-шi томы жарық көрдi. Өкiнiшке орай, бұл басылымның авторларының құрамы белгiлi тарихшылардан құралғанымен бiз зерттеп отырған тақырып, яғни петиция туралы мардымды тұжырым мен зерделi ой-пiкiр айтылмады. Баяғы коммунистiк - тоталитарлық, таптық идеологияның әсерiнен ескi, ғылыми негiзi жоқ тұжырымдардың сарынынан, ықпалынан шыға алмады. Атап айтқанда еңбекте петицияға байланысты мынандай жайсыз, ақиқатқа сай келмейтiн қорытынды бар: Стремясь во что бы то ни стало увести трудящихся массы от революционной борьбы, феодально-байская верхушка и мусульманское духовенство организовали петиционную компанию. 25 июля 1905 г. на Куяндинской ярмарке (вблизи г. Каркаралы) состоялся байский съезд, на котором была выработана петиция к царю. Ведущее место в ней занимали вопросы организации в крае особого мусульманского духовных школ, организации поломничества в Мекку. Антинародная сущность, своекорыстие, лицимерие мусульманского духовенства, феодально-байской верхушки и националистической буржуазии особенно ярко проявились в период революции.
Қазақстан тәуелсiздiкке қолы жеткеннен кейiн жарық көрген бес томдық Қазақстан тарихының 3-шi томында Қарқаралы петициясы, туралы бiр ғана сөйлем дәрежесiнде мәлiмет берiлген және оның ең маңызды деген талаптары мен қорытынды тұжырымдары зерттеушiлердiң назарынан тыс қалып қойғанын аңғармасқа болмайды. Петицияның барлық мазмұны мынандай ғана сөйлеммен шектелген: 1905 жылдың жазында Сырдария олбысының Шымкент және әулиеата уездерiнде, Торғай облысының ырғыз уезiнде және т.б. жерлерде шаруалардың бой көрсетулерi болып өттi. Қазақ шаруалары қауымдық жерлердi иеленiп алған iрi жер иелерiне қарсы шықты. Сiбiр казак әскерi мен Алтай кендi округiнiң жерлерден тиiмсiз жалға алу шарттарын қайта қарауды және т.б. талап еттi. Осы бой көрсетулер толқынында 1905 жылы 25 шiлдеде Қоянды жәрмеңкесiнде (Қарқаралы қаласында жақын жерде) болған қазақтар съезi бастап берген петициялық науқан бел алды. Патшаның атына қабылдаған петицияда Қазақстанда арнайы мұсылман дiни басқармасын ұйымдастыру, мешiттер салу, дiни мектептер ашу, Меккеге қажылыққа бару үшiн шетелдiк төлқұжаттар беру және т.б. туралы талаптар да болды.
Тарихи және басқа қоғамдық ғылым саласының әдебиеттерiнде осы күнге дейiн Қарқаралы петициясының авторлары кiм екенi туралы нақтылы мәлiмет жоқ, басылымдарда тiптi бiр-бiрiне қарама-қайшы келетiн де пiкiрлер жоқ емес. Тұңғыш рет Петицияға баға берген Әлихан Бөкейханов болды. Ол 1910 жылы жазған еңбегiнде В составлении петиции принимала участие, с одной стороны, интеллигенция, воспитанная на русской литературе, верующая в европейскую культуру, видящая счастье Родины в здоровом претворении плодов заподной культуры, считавщая религиозные вопросы второстепенными. С другой стороны выступала и интеллигенция, воспитывавщаяся в духе восточной ортодоксии и национально-религиозной исключительности. Қазан төңкерiсiне дейiнгi Қазақстандағы марксистiк-лениндiк идеялардың таралуы туралы еңбектер жазған философ М. С. Бурабаев Петицияны жазуды Ахмет Байтұрсынов мойнына алғанын айта келе былай деп ойларын қорытады: Байтурсынов живо откликнулся на просьбу Казахов написать петицию о своих нуждах, как единственному знающему русский казахский языки человеку. По его инициативе на Кояндинской ярмарке (1905) состоялось встреча группы Казахских интеллигентов А. Букейханова, М. Дулатова, Я. Акпаева, М. Бекметова. Они составили от имени народа петицию, адресованную правительству в Петербург [11;129].
Белгiлi тарихшы ғалым Кеңес Нұрпеиiсов өзiнiң Отан тарихы журналында жазған мақаласында Петицияның авторлары туралы былайша қорытынды пiкiр айтты: ... Қарқаралыдағы 14,5 мың адам қол қойған Россия министрлер Кеңесiнiң төрағасы С. Ю. Витте атына жолдаған петицияны (арыз-талап) Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев сияқты ұлттық-демократиялық қазақ зиялылары дайындағаны айдан анық. Петицияда қазақ өлкесi жағдайында жер мәселесiнiң әдiл шешуi, қазақ жұртына өзiн-өзi басқару құқын (земство түрiндегi) беру, қазақтар үшiн жеке муфиат-құру, халықтың өшпендiлiгiн тудыратын патшаның жергiлiктi озбыр чиновниктерiнiң аласталуы, қазақ тiлiнде ұлттық басылымдар шығару т.с.с. талап етiлген.
Алаш қозғалысының тарихын молынан зерттеп, құнды еңбек жазған Мәмбет Қойгелдиев өзiнiң еңбегiнде Петицияның мәнiне орасан зор көңiл аударып, оның сол кезеңдегi қазақ қоғамының шиеленiстерiн шешуге бағытталған талаптарын ерекше бағалап, авторлар санатын Ә. Бокейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаевтарды жатқыза келе мынандай тұжырымға келедi:... нақтылы Қарқаралы петицияның тарихи орнына келсек, ол құжат авторларының сапалы жаңа даму сатысына аяқ басқан қазақ азаттық қозғалысының ең негiзгi талап-тiлектерiн тұңғыш рет тұжырымдап, қалыпқа салып патшалық билiк алдында қойып, сол арқылы қазақ елiнiң өз еркiндiгi үшiн күрес жолына түскендiгiн ашық-анық бiлдiруiнде едi. Бұл әрине, сол тарихи кезеңдегi қазақ қоғамы үшiн қатардағы оқиға емес-тiн.
Деректi материалдардың көрсетуiне қарағанда, қарқаралы петициясын дайындауда Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев және басқа сол кезеңдегi белсендi қазақ интеллигенттерi жетекшiлiк рөл атқарған".
1996 жылы Жетi жарғы баспасынан Ахмет Байтұрсынұлының Жаңа низам деп аталатын еңбектерiнiң жинағы басылып шықты. Осы кiтаптың Қазақ елiнiң көсемi деп аталатын алғы сөзiнде ғалым Сәкен Өзбекұлы петиция және оның авторлары туралы мынандай тұжырым жасады: Атақты Қоянды жәрмеңкесiнде, 1905 жылдың маусым айының 26-шы жұлдызында Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақбаев сияқты оқыған қазақ зиялыларымен бiрге патша өкiметiнiң атына империяның отарлық, орыстандыру саясатынан зардап шеккен қазақ халқының тiлек-талаптарын бiлдiру мақсатында Санкт-Петербургке петиция жолдайды. Петиция қазақ жерiнде адам құқы аяққа тапталып заңсыздық пен бассыздықтың шегiнен шыққан орыс чиновниктерiнiң озбырлық әрекеттерi көрсетiлiп, болашақта келiсiмге келу арқылы қазақ даласында саяси, ұлт мәселелерiн шиеленiстiрмей шешудiң шаралары белгiленген едi.
Аталмыш мәселенi шешудi зерттеушi М. Құл-Мұхаммед те соңғы нүктенi қоя алмады. Ол Ж. Ақбаев туралы жазған құнды еңбегiнде Петиция авторлары туралы өз ойларын мына мағынада бiлдiрдi: Ә. Бөкейханов 1905 жылы маусым айында әйгiлi Қоянды жәрмеңкесiнде 14500 адам қол қойған петицияны талдауда ... түрлi күштер болғандығын атап көрсетедi. Оны жасауға Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаевтармен бiрге дiни ағым өкiлдерi де қатысқан едi... Ә. Бөкейханов пен Ж. Ақбаев 1905 жылғы петицияны жазып, ұйымдастырушылардың бiрi ғана болып қойған жоқ. Олар ұлт-азаттық қөзғалысының тұңғыш тарихнамашысы болды[35;48-124].
Мiне, тарихи және тарихи-құқықтық зерттеулерде Қарқаралы петициясының мазмұны, оның саяси-құқықтық ой-пiкiрден алатын орны және авторлары туралы көзқарастар осындай, әлi бiр пiкiр жоқ. Соңғы зерттеуде тiптi Ахмет Байтұрсыновтың петицияны жазуда есiмiнiң аталмауы монография авторына сын айту артық емес деп бiлемiз. Сонымен қатар жоғарыда атап көрсетiлген зерттеулерде Петицияның авторлығына Мiржақып Дулатов жатқызылмай, тiптi есiмi де аталмайды. Ал соңғы кезде иуi қанып, барлық жарық көрген деректер мен мәлiметтердi ескерiп жарыққа шыққан Мiржақып Дулатовтың шығармалар жинағының бiрiншi томында профессор Жұмағали Ысмағұлов 1905 жылдары М. Дулатовтың Ахмет Байтұрсыновпен бiрге Қарқаралыда болып, шеруге қатысқанын тiлге тиек етедi. Мұндай тұжырым Петицияның авторларының бiрi М. Дулатовтың болғанын дәлелдей түскендей. Ақмола энциклопедиясының 319-шы бетiнде Мiржақып Дулатовтың Қарқаралы оқиғаларына байланысты әрекеттерi былай деп бағаланған: В дни революции 1905-07 в России был в рядах демонстрантов в Каркаралинске, учавствовал в работе съезда казахской конституционно- демократической партии ...
Ал, петицияның тiкелей авторларының бiрi Әлихан Бөкейхановтың өзi аталмыш құжаттың жазылғанынан кейiн 5 жыл өткеннен кейiн ғана жазған еңбектерiнде де авторларының аты-жөндерiн атамай, бiрақ мазмұнына мынандай баға бередi: В составлении петиции принимало участие, с одной стороны интеллигенция, воспитаннная на русской литературе, верующая в европейскую культуру, видящая счастье Родины в здоровом творении родов западной культуры, считавшая религиозные вопросы второстепенными. С другой стороны выступало и интеллигенция воспитывавшая в духе восточной ортодоксии и национально-религиозной исключительности ... если провести некоторые анологии с русской инттелекции, то первую группу киргизской можно было бы назвать западниками, а вторую - тюркофилами Панисламизма.
Қарқаралы петициясы туралы тiптi Қазақстан энциклопедиясының 6-шы томында да мүлдем мәлiмет жоқ. 1998 жылы жарық көрген Первые лица государства: политические портреты,, деп аталатын еңбектi зерттеушi Е.Арын Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметiне баға бере келе оның Қарқаралы петициясын жазудағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мемлекеттілік үшін идеалдық күресі
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Қарқаралы петициясы
Қарқаралы журналы
«Қанды ғасырдың» қыран ұлы Ә.бөкейханов
1905 жылғы Қарқаралы петициясы
Қазақ жеріне қоныстандырудың күшеюі және қоныс аударушыларға қолдау шаралары
Қазақстан Ресейдегі 1905 - 1907 жылдардағы революция кезінде
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары және Қарқаралы петициясы
Бірінші орыс революциясының қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси өмірге әсері және Қарқаралы петициясы
Пәндер