Қызыл кітапқа енген өсімдіктер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3

І ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЛПЫ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ
1.1 Қазақстанның өсімдіктер дүниесіне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қызыл
кітап ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .9

ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУҒА АЛЫНҒАН ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ
2.1 Қызыл кітапқа енген
өсімдіктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Дәрілік
өсімдіктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...21

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса
бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің
аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран
ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен
жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай
бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ
жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері тараған. Ал
Торғай бұғазынан ба, тысқа қарай мәңгі жасыл субтропиктік түрлер дамыған.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000 өсімдік түрлерінен тұрады.
Басқа көрші елдермен салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан
жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат жас.
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады.
Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы
сақталған. Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км созылып жатқан
Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді
аймақтарда сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары
кездеседі.
Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның
сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Өйткені шөп қоры мал
жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті материал болып
саналады. Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады.
Бүкіл аумағының 11, 4 млн гектар жерін ( 4, 2 %) ғана ормандар алып жатыр.
Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, Оның тамырын бекітуде,
егіндік шабындық жерлерді қорғау мен құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды
рөл атқарады. Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқан жапырақты
ормандар, ұсақ жапырақты орман тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы
өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер,
шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Оларға
геоботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы, Еуропа, Сібірдің
орманды даласы, Азияның шөлді аудандары кіреді. Тянь Шаньның, Алтайдың,
Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған.
Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік
таулы белдеу шымды, шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен
аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы
даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь
Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен
эфемер тәріздес өсімдіктер қиякөлең, қоңырбас, қызғалдақ кең тараған. Аласа
таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы
ормандардан тұрады.
Қайың — күннің көзін жақсы көретін, тез өсетін ағаш. Оның бірнеше түрі
бар, бізде негізінен ақ қайың өседі. Оның биіктігі 25—30 метрге дейін
жетеді, 400 жылдай өмір сүреді. Көктеректер шоқ-танып өседі. Ағаштың
арасында шөп қалың болып шығады. Әсіресе бидайық, арпабас, қоңырбас, күлгін
түсті итқонақ, сары гүлді жоңышқа, сиырсілекей, қоян шөптер жердің төсін
құлпыртып жібереді. Мұнда жұпар иісті жабайы құлпынай жақсы өседі. Шоқтанып
өскен көк теректі, қайыңды орманның ішінде саңырауқұлақтар жақсы шығады.
Құмды топырақты жерлерде қарағайлы ормандар кезігіп қалады. Кілең қарағай
өсетін орманды қара орман немесе қарағайлы орман деп атайды. Қарағайлы
ормандар — қазіргі Қазақстан жеріндегі ертедегі мұз басу дәуірінің айғағы.
Себебі мұз басу дәуірінде мұз таулар еріген кезде етегінде жиналған құмды
жерлерде қарағайлар өскен. Қарағайлы орманның ауаны әр түрлі зиянды
бактериялардан тазартатын қасиеті бар. Орманды дала зонасының ойпаң жерінде
қияқ, елекшөп, мажыра өседі, оларды орып, пішен дайындайды.
Өсіп тұрған орманы жоқ, айнала ашық, көз жеткісіз жазық алқап, бұл дала
табиғатына тән көрініс. Егістікке түгелдей жыртылған даланы топырақ
эрозиясынан сақтау үшін жел өтіне ағаш егілген. Бүгінде дала зонасы орманды
дала сияқты түгел дерлік жыртылған.
Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде
құмды және құмдақ топырақты жерлер кездеседі.
Дала аймағы жұмыршақ, дәрілік түйежоңышка, меңдуана, сасық меңдуана, су
бұршағы, жанаргүл, құндызшөп, шайқурай сияқты алуан түрлі дәрілік
өсімдіктерге де бай.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстанда өсетін өсімдіктерге талдау
жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазақстанның өсімдіктер дүниесіне жалпы сипаттама беру;
- Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған өсімдіктер және оларды қорғау
туралы қарастыру;
- Қызыл кітапқа енген өсімдіктерге анықтама беру;
- Дәрілік өсімдіктердің түрлерін сипаттау.
Зерттеу жұмысының әдістері:
Зерттеу жұмысының дерек көздері: Ғалымдардың ғылыми-зерттеулері, Қазақстан
өсімдіктері жайлы деректер, оқулықтар, карталар, энциклопедиялық
мәліметтерді, суреттерді қолдану.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЛПЫ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ
1.1 Қазақстанның өсімдіктер дүниесіне жалпы сипаттама

Қазақстан да өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан
астамы балдырлар, 5 мыңдайы –саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-
ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы –жоғары сатыдағы түтікті
өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы
түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр
байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден
аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық
түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер.
Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра, рафидофитон,
жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл,
птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан
флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы
құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңтүстік Балқаш өңірі мен Бұрынтауда
жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын
Akdalophyton caradockі пен қырықбуынға жататын – Sarіtuma tatjanae. Бұлар
шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен [1].
Ұлы даланың алқабында алуан түрлі өсімдіктер кездеседі. Көпшілігіміз
оларды күнде көріп жүрсек те: Мына маңайға шөп қалың шығыпты. Шаруа
адамына жақсы болған екен. Береке мен ырысқа толып тұрғанын қарашы!,- деп
кете береміз. Уақыт, заман солай боп тұр. Бірақ, осындай шартты ұғымдарға
сілтеме жасай беру де жараспайды. Мүмкін, сонда біздер өзіміз өзгеріп бара
жатырмыз ба, қалай өзі?.. Далалық өсімдіктердің аттарын, табиғи қасиеттерін
жете білу мал шаруашылығында түрлі қызметтер атқаратын, ондағы игілік
көздерін шығарумен шұғылданатын адамдар үшін аса қажет ұғым. Өйткені,
аграрлық сектор үшін өсімдік саласы шешуші дәрежеде қызмет атқарады.
Өсімдіктердің қалыптасқан атаулары олардың шығатын мекенін, тұқым шашатын
кезеңін, малазықтық қасиеті мен түр-түсін белгілейді. Осы мақсатта біршама
шөп аттары мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, табиғи қасиеттерін
сөз еткіміз келді.
Әсіресе, осы саланы тереңдете зерттеп жүрген биологтар мен агрономдар,
басқа да салалық ғалымдарымыз еліміздің өсімдік дүниесін сақтап, жақсартып,
одан әрі қарай дамытудың қазіргі кезеңдегі агротехникалық іс-шаралары
жөнінде құнды ұсыныс-пікірлер жасайтынына күмән жоқ. Уақыт ағымына орай,
таяуда Қазақстан Үкіметі елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатымен оның негізгі қағидаттарын да белгіледі. Қазір осыған сәйкес,
азық-түлік белдеулері негізгі аумақтарға қызмет көрсететін болып
белгіленді. Бұл мәселені тиімді жүзеге асыру үшін далалық өсімдік дүниесін
танып-білудің, оның зор мүмкіндіктерін ортақ іске қолданудың маңызы өте
үлкен.
Қазақстанның өсімдік дүниесі ұлттық текті, сананы қалыптастыруға да зор
әсер етеді. Әр түрлі аумақтарымызда өсетін арша, жүзгін, шыралжың, изен,
басқа да мал азығындық өсімдіктердің қоректік қуаты мол, құрамында каротин
мен протеиннің мөлшері жоғары. Мысалы, құмды өңірде өсетін жүзгін сәуірдің
соңында аппақ гүлін ашып, желегі төгіліп тұрады. Сол кезде оны жылқыдан
басқа түліктер сүйсіне қорек етеді. Тобылғы мен жүзгін жапондардың атақты
сакурасына ұқсайтынын, қазақ пен жапон халықтарының ДНК-сында
айырмашылықтың аз екендігін ғылым мен технологияның алдыңғы шебіне шыққан
бұл елдің ғалымдары дәлелдеп те үлгерді.
Еліміздің оңтүстігііндегі шөл және шөлейт алқаптарында изен, жусан,
тарлау, сексеуіл секілді қазір сиреп бара жатқан өсімдіктер әлі де көп
кездеседі. Орталық Қазақстанның таулы-қыратты өңірінде арша, қайың жиі
ұшырасады. Мысалы, Қарағанды облысының бұрынғы Жезді ауданының Бұланты,
Қарақұм, Байқоңыр, Жетіқоңыр, Киік, Құлжанбай, Қоскөл өңірінің
жайылымдарында мия, бозғанақ, бұйырғын үш түрлі: ақ белек, тікен бұйырғын,
ірі бұйырғын, тобылғы, жусан үш түрлі: боз жусан, қоңыр жусан, жер жусан,
көкпек, жантақ, балық көз (ащы шөп), түйеқарын, тұзжапырақ, ажырық, доңыз,
күңшаш, жұмыр, қарашағыр, ақшағыр, қарғатұяқ, қоңырбас, ақселеу, тарлау,
арпақан, кәріқыз, түйежапырақ, бәйшешек, теміртікен, қияқ, бидайық, қамыс,
ұшхат, тораңғы, алабота, шоңайна, итсигек, шытыр, буылдырық, бақбақ,
бүлдірген, тұңғиық, қоға, ши, жалбыз, қазоты, бетеге, есекмия, додана,
меңдуана, шыралжың, қымыздық, атқұлақ, райхан, ақеркек, майқара, ебелек,
жуа, қызылша, баялыш, теріскен, қараған, күйреуік, әдіраспан, итмұрын,
жыңғыл, ошаған, жиде, жоңышқа, таспа жоңышқа, шырмауық, терек, шілік,
қараөлең, құланшайыр, шайыр, бұйрашайыр, түйесіңір, сексеуіл, жүзгін, боз
тал, құба тал, қайың, қоянсүйек, сарсалма, таспа боз, изен, айырауық,
текесақал, тәнтәку секілді төрттүлік мал сүйсініп жайылатын өсімдіктер
ұшырасады. Менің бұл мәселеге көңіл бөліп отырғаным: өсімдік шаруашылығына
ауыспалы егіс жүйесін енгізу мәселесін қолға алудың керектігі. Қазіргі
Қазақ елі мен жеріндегі жаңа агроинновациялық саланың табысты дамып, мол
өнімді агрорынокқа ұсынуы үшін әрине, өсімдік шаруашылығын зерттеп, оның
өнімді, пайдалы түрлерін соған ұқсас аумақтарға ауыстырып, біртіндеп
жерсіндіруі пайдалы болады. 1982 жылы бұрыңғы Жезқазған облыстық тәжірибе
стансасына жоғарыда аталынған шыралжың, изен, бозғанақ, тарлау секілді
өсімдіктерді ауыспалы егіс жүйесімен өсіріп, одан кейін облыстың басқа да
шаруашылықтарына тұқымы таратылған еді. Нәтижесінде сол кезеңде сол
өңірдегі елді мекендердің азық-түліктік өнімдерге сұранысын
қанағаттандыруда ілгері қадам жасалынды. Мұндай тәжірибенің қазір де ортақ
іске пайда келтірері анық. Ғаламдық жүйеде халық тұтынатын азық-түлік
өнімдеріне жыл санап сұраныстың артып келе жатқаны белгілі. Соған орай жер
ресурстарын барынша толық пайдалана білгеніміз жөн [2].
Өсімдік дүниесіне ақындар да ынтығып, жыр арнаған. Сахара төскейінде
жұпар иісі аңқып жайнаған гүлдер мен желкілдеген жапырақтар азық-түліктік
ресурстар болумен қатар, сұлулық пен пәктіктің бірыңғай бейнесіндей
елестейді ғой...Халқымыздың белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтің Жетісу
суреттеріндегі Жер түгі деп аталатын небәрі 54 жолдық өлеңінде 30 түрлі
ағаш, 60-қа жуық шөп пен қурай, бәрі 90 түрлі өсімдік атаулары кездеседі
[3].
Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн.
жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн.
жыл),неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-
ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн.
жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан.
Сурет 1 - "Дала қызғалдақтары"
Өсімдіктердің Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің
топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың
осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялық, экологиялық,
эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлібірлестіктер мен
қауымдастықтарда жүйеленген.
Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт және шөл
белдемдеріне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – республика
жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары 
Көкшетау мен Петропавл қалаларының маңында орналасқан. Орман түзуші түрлер:
жылауық қайың, талдың бірнеше түрлері, бұталардан: итмұрын,
тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнің шалғындық және далалық
телімдерінде алуан түрлі шөптесін өсімдіктер мен астық тұқымдас шөптер
басымдылық ететін қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлінеді:
1) оңтүстік ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемі – сұр ормандық
топырақта қайыңды-теректі, теректі ормандар, ал қара топырақта шалғынды-
далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала
белдемі – қайыңды-теректі шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлі
және астық тұқымдасты шөптесін өсімдікті далалық экожүйелер таралған.
Далалық аймақ еліміздің жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аумағы 110,2
млн. га, батыстан (Еділ-Жайық өзендері аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-
Тарбағатай тау бөктері) 2500 км-ге созылып жатыр.
Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-
і – эндемиктер. Негізгі басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге,
тобылғы, қарағай, аласа бадам.

Сурет 2 – Далалық өсімдігі

Далалық аймақ 3 белдемге бөлінеді:
"Эндемик" қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала;кәдімгі және оңт. қара
топырақтағы алуан түрлі шөптесін – бозды белдем;
қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем–күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр
топырақтардағы бетегелі-бозды дала;
шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем – ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-
бозды дала [4].
Шөлді аймақ – жалпы аумағы 124,6 млн. га. Өзіне тән өсімдік жамылғысы
алуан түрлі, 2500 – 2800 түр бар, олардың ішінде 200 – 215 түрі –
эндемиктер.
Шөлді аймақ 5 белдемге ажыратылады:
солтүстік далалы жердегі құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – аумағы 40 млн.
га., немесе еліміздің жер аумағының 14,7%-ы. Өсімдік жамылғысы астық-
тұқымдасты – жартылай бұталы (боз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдақ-
бұталы (жүзгін-раң-шағыржусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды;
орталық (солтүстік тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 51,2
млн. га, немесе республика жерінің 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде
жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-
жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған;
оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 30,3 млн. га, немесе
Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты – жартылай
бұталы (сұр-жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювийлі – эолды
құмдарда бұталы-сексеуілді-эфемероидты (сексеуіл-қоянжын-жүзгінді) өсімдік
жамылғылары тән;
тау етегіндегі құрғақ, өте ыстық шөлдер – аумағы 3,2 млн. га немесе
Қазақстанның 1,2%-ы. Негізінен эфемероидты ірі шөптесін-жартылай бұталы
өсімдіктер өседі;
тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер – аумағы 11,6 млн. га, немесе
республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттік бұталы өсімдік
жамылғысы тән.
Қазақстан аумағы 18,6 млн. га, яғни республика жерінің 7%-ы. Бұл ретте
есепке алынып отырғаны 4 – 5 биіктік белдеулі биік таулар ғана. Таулы
экожүйелердің флорасын 3400 – 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның ішінде
540 – 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 – 170
эндемик түрлер бар. Олардың ішінде, шыршалы (шренктік шырша, сібірлік
шырша); май қарағайлы, самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік
майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз
алмасы), өрікті (кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек)
–жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрынмен
бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік
қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы
өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам
түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 – 800,
ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден
астам) өсімдіктер түрлері бар [5].

1.2 Қызыл кітап

Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” —
халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға
азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін
жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық
дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902
ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық 
конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат
қорғау одағы ұйымдастырылды [6]. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл
кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында
сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер
берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4
категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер
туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы
жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы
сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен79 түр тармағы,
2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында Қосмекенділердің
41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі , 4-том балықтарға арналып,
балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне
арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл
кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз
жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап
қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары
қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген
сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен
жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан
көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға
Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін
халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б.
ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы,
экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің
тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің
303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы
мәліметтер келтірілген [7].
Сурет 3 - Алтай таулары.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс  Алтай 
мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника
бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде
сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр
анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін
пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен
өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге
табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер
етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер
мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер
ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса,
соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан
табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған
қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су
шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде
ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен
өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан
қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және
де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе-
теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты
қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде
маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Алғашқы қадамдар
Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін
1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының
(ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі
елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, Деректердің Қызыл кітабы (Red
Date book) деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап
жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі
ғалым -зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар
әлемін қорғауға арналды [8].
Басылымдары
“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып
кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің
сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады.
Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж.
жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж.
өсімдіктерге арналып шығарылды [9].
Бірінші басылым
“Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер
мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету
қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді.
“Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында
омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
балықтың 4,
қосмекенділердің 1,
бауырымен жорғалаушылардың 8,
құстардың 43,
сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991ж.

Екінші басылым
“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты.
Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр
тармақтары тіркелді. Онда
балықтардың 16,
қосмекенділердің 3,
бауырымен жорғалаушылардың 10,
құстардың 58,
сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген.
“Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз
жануарлардың 105 түрі берілді, онда
жәндіктердің 96,
шаянтәрізділердің 1,
ұлулардың 6,
құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.
Үшінші басылым
“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі
толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы
“Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы
жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер
берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген
жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
1-категория – жойылып бара жатқан;
2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
3-категория – сирек кездесетін;
4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның
Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің
қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша
қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің
суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың
түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген.
“Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында
өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда
жабықтұқымдылардың 288,
ашықтұқымдылардың 2,
қырыққұлақ тәрізділердің 3,
мүктердің 3,
саңырауқұлақтардың 10,
қыналардың – 1 түрі берілген.
“Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол
жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді[10].

ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУҒА АЛЫНҒАН ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ
2.1 Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің
қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және
жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы
комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі
жасалды.
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды
жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл
кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір
данасына 360 теңге айып төлейді) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы) [11].
Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі,
оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау
шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан
үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.
Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер
бар кітап, 1981 жылы акедемик Б. А. Быковтың жетекшілігімен жарық көрді
[12].
Қазақстанның Қызыл кітабы — Қазақстанда жойылу қаупі бар және сирек
кездесетін өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар түрлердің санының
қазіргі жай- күйін, тізімін көрсететін құжат.
Өсімдіктер тіршіліктің тірегі, әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың
бір бөлімі болғандықтан олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық
жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып
кетуге жақын тұрған түрін сақтап қалудың бірден –бір тиімді жолы
мемлекеттік Қызыл кітапты шығару болып отыр.
1978 жылы КСРО-ның Қызыл кітабы басылып шықты, онда өсімдіктердің 450-
ге жуық түрі енгізілді, соның 5600-ден астам түрі Қазақстанда өседі, оның
760-тан астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде
кездеспейтін эндемикалық өсімдіктер, бұлардың 1500 түрі пайдалы өсімдіктер
қатарына жатады [13].
Өсімдіктер дүниесі - биосфераның негізгі компоненттері, ауаның құрамын
реттеуші, табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Өсімдіктің табиғатта, адам
өмірінде алатын орнының зор екендігі аян.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің
тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің
303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай-күйі, биологиясы туралы мәліметтер
келтірілген.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін
пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен
өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге
табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер
етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер
мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер
ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса,
соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан
табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған
қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су
шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде
ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен
өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан
қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және
де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе-
теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты
қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде
маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады [14].
Қызғылт семізот (жасаңшөптер тұқымдасы) – Алтай өсімдіктерінің ішіндегі
ең танымалысы. Алтайдан басқа Тарбағатай тауында және Жоңғар Алатауының
солтүстік беткейінде (Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында) кездеседі.
Ылғалды, ірі қиыршық тасты беткейлерде, өзен аңғарлары менжағалауларында,
шалғындықтарда және бұта шіліктерінде орманның жоғарғы бөлігінен Альпі
белдеуніне дейінгі аралықта өседі. Кейде үлкен, көңіл аударарлық шіліктер
құрайды. Көп жылдық, жуан тамырлы, қабыршақ тәрізді жапырақтарымен қалың
жабылған, қысқа тамыр сабақты. Жер асты бөлігін кескенде, жалтыраған
күлгіндеу түсті және күшті жағымды иісті байқаймыз. Сабағының саны
бірнешеу. Барынша жуан, биіктігі 50 см-ге дейін, жапырағы кезектесе
орналасқан, сопақша немесе эллипс пішінді. Гүлшоғыры қалың қалқан тәрізді
гүлдері екі үйлі ұзындығы 3 мм, төрт мүшелі, сары немесе жасылдау.
Аталығының саны 8 күлтеден болымсыз ғана қылтиып тұрады, тостағанша
жапырақшалары қысқа, гүлдеп болған соң да түспейді. Семізот мамыр-маусымда
гүлдейді, жемісі шілде-тамызда піседі. Тамырының құрамында көмірсулар,
органикалық қышқылдар, иілік заттар, хош иіс беретін және де басқа
дабелсенді әсер ететін заттар бар. Бұрыннан белгілі түрлі ауруларға қарсы
халық медицинасында қолданылып келгендіктен, кейінгі жылдары ғылыми түрде
зерттеліп, бекітілді. Олардан дайындалған препараттар қазір арнайы түрде
жүрек жұмысын жақсартуда және адамның ойлау қабілетін арттыруға, еңбекке
құлшынысын жақсартуға т. с. с. пайдаланылады. Халықтық медицинада тамырын
қан аздықта, қан диабетін, ісік ауруларын емдеуге кеңінен қолданды.
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді.
Сиверс алмасы (раушангүлділір тұқымдасы) – Тарбағатайдан Батыс Тянь-
Шаньға дейінгі ( шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, оңтүстік Қазақстан)
облыстары тауларда кең тараған. Беткейлерде, өзен аңғарларында, кейде көп
мөлшерде, әсіресе Жоңғар және Іле Алатауында, тіпті таза алмалы орман құрай
өседі. Аласа таулардан бастап ортаңғы белдеуге дейін, кейде жекелеген теңіз
деңгейінен 3000 м-ге дейін көтеріледі. Ағаштың биіктігі 8 м, қоңырлау, сұр
қатпарлы қабықты және бас жағы жалпақ. Жапырағы ірі, жалпақ қандауырша,
сабағы түкті. Гүлдері ірі, диаметрі 6 см-ге дейін жетеді, ақшыл, күлгін
немесе ақ шатыр тәрізді шашаққа жинаған. Аталықтарының саны көп, тозаңдану
жәндіктердің көмегімен жүреді. Сәуір-мамырда гүлдеп, шілдеден қыркүйекке
дейін жеміс береді. Алмалардың 5-2 тұқымды ұялары қатты қабыршақпен
бөлінген. Түрі үлкен өзгергіштігімен ерекшеленеді, әсіресе көлемі, түсі,
пішіні және жемістерінің дәмімен. Жемісті өте көп береді, бір гектар алма
орнгынан 5-10 тоннаға дейін жеміс жинауға болады. Тұқымы вегетативті жолмен
көбейеді. Жеміс салуды шамамен 12 жаста бастайды. Тіршілік ұзақтығы 150
жылға дейін созылады. Қабығынан сары, жасыл, қоңыр және қара бояу алынады,
сүрегі ұсақ әртүрлі бұйымдар жасауға қолданылады. Бұл түр көптеген мәдени
сорттардың туыс басы болып табылады. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
[15].
Қызғалдақ (Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жатады. Ол – көп жылдық
шөптесін пиязшықты өсімдік. Қызғалдақ Қазақстанның далалық аймақтарында жиі
кездеседі. Өсімдіктер өмірін зерттеушілердің айтуынша, қазақ даласында
қызғалдақтың 36 түрі бар, оның 18 түрі Қазақстанның эндемигі болып
саналады. Бұлардың биіктігі 3-50 сантиметр, сабағы жұмыр, тік өседі,
тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл, сары
түсті. Жемісі қауашақ. Қызғалдақты қалалық жерлерде әсемдік үшін және одан
хош иісті зат алу мақсатында өсіріп, баптап – күтеді. Қызғалдақтың 18 түрі
өте сирек кездесетін гүлдер. Олар қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл
кітабына енгізілген. Бір ғажабы, сары, қызыл, ақ қызғалдақтар қазақ
даласының барлық аймағында өскенімен, біз қара қызғалдақтарды тек қана
Торғай жерінен кздестіретінбіз.
Шығыс ғұламасы Омар Хайям айтқан екен: Қызғалдақ – раушан гүлге тең,
- деп. Иә, сәні жағынан өсімдіктер арасында түрлі-түсті бояуы мен нәзік
пішіні жағынан қырмызы қызғалдаққа тең келетіні жоқ. Қызғалдақ пен бәйшешек
– көктем хабаршысы, сұлулық символы, махаббат белгісі. Арабтың Мың бір
түн ертегісінде тіпті, Ежелгі қызғалдақ аждаһа қанынан өсіп шыққан, -
Қызғалдақ суреті бар шарап ыдысына ернімді тигізбей-ақ мас боламын!, -
деген де сырға толы сөздер бар. ХІІІ ғасыр ақыны Мушариддин Садидың өзі:
Қызғалдақтың сипатына салқын бұлақ сыбдыры, құстың сайрауы мен уылжып
піскен жеміс бейнесі тән, - деген ғой. Тіпті, кезінде шығыста, Кіші
Азияда, әсіресе Еуропада қызғалдақ гүл патшасы болып та есептелді.
Қызғалдақ атауы қайдан, қалай шыққан? Ол жөнінде болжам көп. Оның
кеңінен тараған атауы – тюльпан. Бұл парсы сөзі: толибан немесе
долбент. Оның мағынасы: басқа тартатын орамал, тюрбан. Тюльпан осы
сөзден шыққан, қызғалдақ қауызы шығыстың бас киіміне ұқсас болғандықтан,
осылай аталған. Мұның бәрі тіл мамандарының пайымдаулары. Әйтеуір,
қызғалдақ ежелден-ақ, ақындарды да, ғалымдарды да, патшаларды да таң-тамаша
қалдырып, өзіне ынтықтырып келеді. Содан да болар, Шығыстың тағы бір атақты
шайыры. Ғафиз қызғалдақтың қыздай нәзіктігіне, әдемілігіне, кипаристей
сымбаттылығына тіпті раушан гүлі де тең келмейді деп жырлайды.
Қызғалдақтың тарихы тым әріде. Ғалымдардың зерттеуінше, біздің жыл
санауымызға дейінгі ІІІ-ҮІІ ғасырларды сасанид дәуіріндегі күміс ыдыстардың
бетінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызыл кітап
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕР
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚЫЗЫЛ КІТАП
Қызыл кітап туралы
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
Қызыл Кітапқа енген раушангүлділер тұқымдасы
Қорықтар - табиғат эталоны
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ
Пәндер