Ұлттық банктің банк ресурстарын қалыптастыру шаралары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
І. Ұлттық банк, оның мақсаттары мен міндеттері және қызметінің
бағыттары
1.1. Ұлттық банкінің құрылымы мен басқару органдары
1.2. Қазақстан Республикасындағы банктерді ашу мен олардың қызметін
ұйымдастырудағы Ұлттық банктің атқаратын ролі
ІІ. Ұлттық банктің функциялары мен жүргізетін операцияларын талдау
2.1. Ақша айналасын басқару және ақша массасы
2.2. Ақша-несие саясаты мен негізгі құралдарын талдау
2.3. Банк қызметін реттеу мен қадағалау әдістерін талдау
ІІІ. Ұлттық банктің банк ресурстарын қалыптастыру шаралары
3.1. Банк ресурстарының құрылымы және түрлері
3.2. Банктің инвестициялық операциялары
3.3. Шетелдік тәжірибедегі орталық банктердің басқару ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Мен дипломдық жұмысынды Ұлттық банк, оның құрылымы мен функциясы
тақырыбына жаздым. Сол себепті мен банктердің нарықтық экономикадағы ролі,
Ұлттық ьанктің мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен қызметтерін және де
Ұлттық банктің жүргізетін операциялары мен басқару ерекшеліктерін
қарастырдым.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы
шаруашылығы: ақша-несие жүйесін реформалау; қатау инфляция жағдайында бізді
бұрын болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының
жаңа түрлерінің пайда болуы нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі
формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары
дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік-
әміршілдік басқару жүйесінен – пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол
жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген несиелік
мекемелерге өту тәрізді бір-қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Соның ішіндегі банкке келетін болсақ, банктер – банк жүйесінің маңызды
элементі болып табылады. Ал банктік жүйе – нарықтың экономиканың ең маңызды
және біртұтас құрылымдарының бірі.
Кейбір ғалымдардың пікірікше, алғашқы банктер капитализмінің
мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында ХІV-ХV
ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының
ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-
ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысып реттеу үшін пайда
болған делінеді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде – феодализм тұсында
пайда болған деп айнады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің
жөлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болған дейді.
Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда-алттың барысында. Әр түрлі формадағы
монеталар кезескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының
өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің
ақшыларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар
бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз
алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біржіндеп банкирлерге
айналады.
Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, - сол уақыттарда
дүниежүзіліп сауда орталығы болғандықтан, әр елдің ақшалары мен
науарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына
тікелей қатысуына байланысты түсінділіледі.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға
болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға берік, пайда жабу қажеттігін
жүйнеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне
біртіндеп есеп айрысы қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі
салым иелерініңбір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан мыс
қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз
кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім – шарттарды құруда сенім
қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есек
айырысуларды жеқілдету мақсатында ежелгі өздерінің банктік билеттерін
шығарды, Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде
алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 жылы құрылып, үкіметтен
банкнота шығаруға құқық алады.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі ХІХ ғасырдың аяғын
қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында
несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиеліп жүйесі негізінен
Ресей империясының кесиеліп жүйесінің бір бөлігі ретінде. Мемлекеттін банк
бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара
несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие
банктері немесе усақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 жылы өз қызметін бастап, барлық несие
жүйесіндегі – Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз
ақшаларды шығаруда монополиялық құдығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі
барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының
үштен бір бөлігіне жуығып, салымдар мен ағымдық шоттардық жартысынан көбін
тартып отырған.
Басқа мемлекеттердің Орталық эмиссиялық банктерінен Ресей мемлекеттік
банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп қана қоймай, сол сияқты
өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан.
Мемлекеттік банктін бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда-
өнеркәсіп қызметінің орталығы болып салалатын Оралда 1876 жылы, Қызылжарда
1881 жылы, Семейде 1887 жылы, Омбыда 1896 жылы және бұрынғы Верный қазіргі
Алматыда 1912 жылы ашылып жұмыс жасады.
Ірі коммерциялық банктер қатарында салалатын Сібір сауда – банкісінің
57 филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар аудандарында, яғни Омбыда 1894
жылы, Семейде 1898 жылы, Қызылжырда 1905 жылы, Алматыда 1908 жылы, Ақмолада
1909 жылы, Қостанайда 1911 жылы және Керекуде 1916 жылы орналысты.
Жалпы, бірінші дүниежүзілік соғпатың бестапқы кезеңінде Қазақстанның
әр аудандарында Мемлекеттік банктің – 6 бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық
банктердің – 18 филиалдары, 12 - өзара несие беру қоғамдары, 8 – қалалық
қоғамдық банктер, сол сияқты 345 – несиелік және ссудалық серіктестіктер
жұмыс істеді. Бұл құрылған банктер қызметтерінің басты бағыттары салаларды
қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелеуді көздеді.
Ал, КСРО-ның Мемлекеттік банкісінде халық шаруашылығының барлық
салаларын қысуа мерзімді несиелеу қызметі шоғырланды. Сонымен қатар,
Мемлекеттік банктің рөлі орталық және барлық несиелік жүйенің жетекшісі
ретінде одан әрі арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп-
айырысу және ағымдық шоттары Мемлекеттік банкте жинақталады.
Барлық республикада, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің
республикалық мекемелері жоғарғы тұрған ұйымға бағынқы, банк ісіп
орталықтандыру қағидасына сай сақталады.
Қазақстандағы қайта құру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРО-да соңғы
рет жүргізілген банктік реформа (1987-1988) сәйкес келеді.
Бұл реформалық өң жақтары ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды
тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты.
70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң
жерде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері неқіреп орта
алды.
1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер,
кооперативтік және жеке-банктер қатары жұмыс жасады. Сол жылы алғаш
құрылған коммерциялық банктерге – Инкоринвестбанк, Крамдс-банк, қазіргі
Казкоммерцбанк жатады.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап
нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құру
бастады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған ҚазКРО-ғы банктер және
қабылданған туралы алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің
бастапқы кезеңдерін қамтиды. Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға
арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес
жүзеге асырылды.
Нарықтық экономикаға өтуде және экономикалық дағдарысты жоюда,
макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль
атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне
байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің
басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта
қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау
механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.
Қазір Қазақстан Рсепубликасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің
қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
І кезең. 1988-1991 жж – мемлекеттік саласық мамандандырылған банктер
қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті
бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер
құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге
байланысты бастанды қадалдар жасау кезеңі.
ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола отырып,
ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп
кірісуі, коммерцциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы,
ұлттық нормативтік болзалық қалыптасуының бастапқы кезеңі.
ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынлы осы уақытқа дейінгі, яғни
айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-
несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу; бюджет және жылға
банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу,
банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
Бұл банктік реформалаудың көптеген кемшіліктері болды. Солардың басты
кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
Ұлттық банк қызметіне байланысты:
- мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен
қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырланды;
- коммерциялық банктердің өнімділігін толық қолдау механизмінің
жеткіліксіздегі;
- валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта
қолушылық;
- осы уақыттқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық банк пен екінше
деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық
стандартқа жылдың орта кезінен басталып, а және нарықтық
экономика талаптарына сай келмеуі
Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:
- Ұлттық банк нарапынан белгіленген экономикалық нормативтер мен
банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта
қызмет ете беруі;
- орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде
қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндікберетін, банктердің
капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;
- прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып,
игерудің баяулығы;
- банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен
деңгейде болуы.
Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктердің қайта түрленуге
байланысты бірқатар шаралар 1994 жылдың орта кезінен басталып, 1995 жылға
дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша кабинет
министрлігінің қаулысына сәйкес арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп
банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталық тандырылған несиелерге
байланысты мерзімі өткен қарыздарды қаржы министрлігінің қарамағында
құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына
беру шараларын іске асырды.
Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде
Мемлекттік экспортық-импортық банкке және әмбебап акционерлік Әлем Банкке
бөлу шаралары жүзеге асты. Сөйтіп, ол уақыттағы Әлем Банктің жарғылық
капиталындағы мемлекеттің үлесі – 35℅ құрады.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандарылған Халық банкін әмбебап банкке
түрлендіру шаралары жүргізілді.
Банк реформасына жүргізу бағдарламасының басты мақсаты – ҚР ұлттық
валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және
экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі
банктердің жүйесін нығайту.
Осы мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді шешу қажет:
- ақша-несиелін реттеу әдістері мен құрылдарын жетілдіру;
- елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма-қол
ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
- Ұлттық банктің құрылымын жетілдіріп, кадр және техникалық
жағдайын нығайту;
- Ұлттық банктің басуа елдердің орталық банктерімен және басқа да
қаржылық институттарымен байланысып, халықаралық қаржы
ұйымдарына қатысуы;
- Елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының
құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру қажет.

Ұлттық банк, оның мақсаттары мен міндеттері және қызметінің бағыттары

1.1. Ұлттық банкінің құрылымы мен басқару органдары

Елімізде 1995 жылдың 31 тамызында қабылуанған ҚР-ғы банктар және
банктін қызмет туралы ҚР заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы банк
жүйесі екі деңгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі –мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді
білдіреді.
Өзге банктердің барлығы – екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да
оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.
Қазіргі Қазақстанда қызметтетін банктік жүйенің он жыл тарихы КСРО-ның
ыдыруының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуы себеп болды. Содан
бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат – отандық
банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отыр. Бұл
талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу немесе банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу
қажеттігі ұсынылады.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым ролін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады. Орталық банк еліміздің
эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын
анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие
саясатын жүргізуге еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталған.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгіобъектігіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсету мен
айналысқан, қарапайым мемлекеттін банктен орталық, эмиссиялық
банккеауысдан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте
барлық қассалың резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына
түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру
арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды
Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық
банктен несие ала алады.
Ұлттық банк – ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын
валюта резервтерден, басқа да материалдың бағалықтардан тұратын мүліктерге
ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі
иелесідей құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100 ℅ қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк
формасында (Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей,
Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиісті немесе мемлекеттің
қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Испания, Бельгия);
- оталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер
жүйесі (АҚШ).
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып
табылады, ол мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық
қордың мөлшері – 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан,
құрылғылардан, құрас-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа
бағасылықтардан, ол айналым қорлары тиісті болып табылатын меншікті ақшалай
қаражаттардан тұрады.
2004 жылдан бастап, Ұлттық банкі ҚР заңына жасалған соңғы
толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті –
еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;
- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді
қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау
және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізді
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- Арнайы мемлекеттін қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан
қаражаттар есебінен.
Қазақстанның Ұлттық банкі-тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталық тандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына.
Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары басқару органы Басқарма болып
табылады және басқармаға мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:
- банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық
актілерін бекіту;
- Ұлттық Банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар
беру туралы шешім қабысдау;
- банктер үшін резевтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және
Президенттің бекітуіне беру;
- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табысы мен зияны туралы есебін
қарау және бекіту;
- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік
қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де
мүміктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы
және бюджеті, департамент директорларын, филиалуардың,
өкіметтіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін жағайындау
туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті
нормаларды және шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және
бекіту;
- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы
шетім қабылдау;
- Директорларының Кеңесінің құрамын бекіту;
- Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-
на арналған саясатын және әдістерін анықтау;
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің
Басқармасының құралына:
- Ұлттық банк төрағасы және бес лауазымды тұлғалары;
- ҚР Президентінен бір өкіл;
- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы – директорлар кеңесі болып
табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру
мыналарды білдіреді:
- Парламенттің кейсімімен ҚР Президенті Ұлттық банк төрағасын 6
жылға сайлады және қызметітен босатады;
- Ұлттық банк төрағасының орынбасарларын да Ұлттық банк
төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлады және
қызметіненбосатады;
- Ұлттық банктің жылдық есебін Президент бекітеді;
- Ұлттық валюталық – теңгенің айшығының тұжырымын Президент
бекітеді;
- ҚҰБ ҚР Президентінің сұрады бойынша өзінің қызметіне байланысты
ақпараттарды берік отырады.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерирдегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк
атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкіметтеліктері өз қызметтерін ҚҰБ
бекімкен өкіметтігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлттық банктің функциональдың құрылымына департаменттер мен басқа да
бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкіметтіліктері мен
ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында департаменттер мен дербес
басқармалары бар. Оларға кіретіндер:
- зерттеу және статистики департаменті;
- шетел операциялары департаменті;
- ішкі операциялар басқармасы;
- сыртқы байланыстар бөлімі;
- заң қызметі департаменті;
- әкімшілік департаменті;
- бухгалтерлік есеп департаменті;
- есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
- операциялдық басқарма;
- төлем жүйесі басқармасы;
- бақылау және аудит департаменті;
- персоналдармен жұмыс басқармасы;
- халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
- мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.
Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадай дербес бөлімшелер де кіреді:
- мемлекеттік сақтау қөймасы;
- Ресей Федерациясының Ұлттық банк өкіметтілігі;
- банкноттық фабрика;
- монета сарайы;
- Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы;
- Қазақстан ипотекалық компаниясы;
- Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры;
- Актуарлық орталық;
- Автобаза;
- Банктік сервистік бюро;
- Ұлттық ақпараттар технологиясы.
Бірінші бөлімнің екінші тармақтасында Қазақстан Республикасындағы банк
алудағы Ұлттық банктің атқаратын ролі. Сонымен бірге ҚР-да банк ату үшін не
керек және банктерді иімдер аша алады деген сұрақтарды қарастырып өтемін.

1.2. Қазақстан Республикасындағы банктерді ашу мен олардың қызметін
ұйымдастырудағы Ұлттық Банктің атқаратын ролі

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызнда
қабылданған ҚР Ұлттық банкі және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған ҚР-
ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР
Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға Бас лицензия алады.
Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті
саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ
дамыған шет елдерде өз филиалдар мен өкіметтігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен
операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.
Коммерциялық банктер – банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға тең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап
қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары он төрт жылдық тарихы
бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандық құрамы 1-кестеде
көрсетілген.

1-кесте
ҚР-ғы коммерциялық банктердің сандық құрамы кезеңнің басында

Банкт01 01 01 01
ер 1996 1997 1998 1999
түрле
рі
1 Қайта қаржыландыру 14 9 7,5
2 Есептік (дисконттық) 12,5 8 8
3 Овернайт займдары бойынша 20 12 9
4 РЕПО операциялары бойынша,
соның ішінде:
Овернайт - 5 5,5
1 жұма 6,5 5 5,5
1 жұма 5,5 5,5 5,5

Сандық мәліметтер ҚҰБ статистикалық бюллетенінен алынған.

Ең төменгі резервтік талаптар.
Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін
несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың
міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым
иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең
төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен
қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несилік реттеудің негізгі
құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму
жағдайында резевтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ
кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші
жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін
атқарады.
Ақша несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген ҚР
коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы
нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20℅ мөлшерінде бекітілген
болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6℅-ды құрайды.

Ашық нарықтағы операциялар.
Ашық нарықтағы операциялар – бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша
массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің
бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.
Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігі және
несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның
негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтау арқылы банктердің несиені эмиссиялауын
шектеуді білдіреді.
Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып
алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп,
керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында
Ұлттық банк бағалы қағаздарды. Сатып алады да, тиісті соманы банктердің
резервтік шотына қайта аударады.

Несиелік операциялар
Несиелік және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің
қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты
тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді
несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
Бюджеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты
сумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту
мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін несиелерді беру және
кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын қарастыру болған жоқ.
Үлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық
арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

Валюталық интервенция
Ұлттық банктің валюталық интервенциясы – деп ұлттық валюталық бағамына
әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу
жолымен валюталық нарықтағы операцияларға қатысуын айтады.
Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенция дербес түрде кез келген
банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер
түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе,
2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті
және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР
Үкіметі бірге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп
инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын валюта
резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты
көрсеткіштерге көші.
Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету
мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін
ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сеніммен
қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей инфляцияның
мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады:
бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру,
қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тәуелсіздігі, Орталық банктің
құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың
ашықтығы.
Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру
нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің
нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиеленуін әрі қарай
өсіру үшін жағдай жасуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының
жетілдіруіне мүмкіндік туғызады.
2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі
көрсеткіштерінің балжымы 3-кестеде беріледі.

3 кесте
2004-2006 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің
болжамы

Көрсеткіштер 2003 2004 2005 2006
(бағалау)
Базалық инфляция
жылына, орташа, ℅ 4-6 3-5 3-5
Инфляция (ТБИ)
жылына, орташа, ℅ 6,5 5-7 4-6 4-6
Қайта қаржыландыру
жылына, орташа, ℅ 7,0 6-6,5 6,0 5,5
ҚҰБ жалпы алтын-валюта резерві
млн.АҚШ доллары 4852 5156 5679 6438
өзгерістер, ℅ 54,5 6,3 10,1 13,4
Ақша базасы
млрд. тенге 312 411 495 574
өзгерістер, ℅ 50,0 31,6 20,3 16,1
Ақша массасы
млрд. тенге 1026 1325 1607 1898
өзгерістер, ℅ 34,2 29,1 21,3 18,1
Банк жүйесіндегі резиденттердің
депозиттері
млрд. тенге 780 972 1183 1407
өзгерістер, ℅ 29,4 24,6 21,7 18,1
Экономикаға беретін банктің
несиелері
млрд. тенге 940 1225 1520 1844
өзгерістер, ℅ 39,8 30,3 24,1 21,3
Жеке тұлғалардың теңгедегі
мерзімді депозиттері бойынша 10,0-11,0 9,0-10,5 8,5-9,5 7,0-9,0
орташа өлшемді мөлшерлеме, ℅

3-кестеден көріп отырғанымыздай, 2004-2006 жылға арналған ақша несие
саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны – 2004 жылы 4-6℅
және 2005-2006 жылдары 3-5℅ шегінде ұстау.
Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының біріне ашық нарықтағы операция, оның ішінде РЕПО операциясы
және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады.
2003 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшермелерінің (оның ішінде РЕПО
және векселді есепке алу мөлшерлемелері бойынша) ролін нығайту үшін шаралар
қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2004-2005 жылдары ақша-несие саясатының
инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.
2003 жылы Қазақстан Республикасында валюталық режимді либеризациялау,
бірінші кезекте капиталдың сыртқы шығуы мен ішкі келуіне жасалатын
валюталық бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни кейбір капитал
қозғалысымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды
көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық режимді
либеризациялау үш кезеңде өтеді. 2 кезең бағдарламасын 2005 жылы бастау
көзделуде. Либеризациялау бағдарламасы толығымен 01.01.2007 жылға аяқталады
деп күтілуде.
Жалпы 2003 жылы ақша-несие саясатын жүргізу қаржы нарығындағы
тұрақтылықты қамтамасыз етті, сонымен қатар елде жоғары экономикалық өсуді
сақтауға белгілі бір дережеде ықпалын тигізді.
2003 жылы орташа жылдық инфляция 6,4℅ болды. Жыл бойы валюта нарығында
теңге АҚШ долларына қатысты 12,4℅-ға нығайды, ал еуро және Ресей рубліне
қатысты 6,9℅-ға және 5,4℅ құнсызданды.
2003 жылы Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 58℅-ға 4958,9
млн.долл. дейін ұлғайды, бұл 4,8 айдан астам уақыт тауарлар мен қызмет
көрсету импортының орнын жабуды қамтамасыз етеді. Елдің халықаралық
резервтері тұтастай алғанда 69,3℅-ға 8565, 2 млн.долл. дейін өсті.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі ақша агрегаттарының
кеңеюіне алып келді. Ақша базасы: 52,2℅-ға 316,9 млрд.теңгеге дейін, ақша
массасы – 26,8℅-ға 969,9 млрд. теңгеге дейін, қолма-қол ақша 46,7℅-ға 238,7
млрд.теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2003 жылы экономиканы
монетизациялар 17,3℅-дан 22℅-ға дейін өсті.
2003 жылы қаржы секторының негізгі сегменті – банксекторында дамудың
жоғары қарқын сақталды.
2003 жылы екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтері 46,5℅-ға 1,7
трлн. теңгеге дейін (11,7 млрд. АҚШ долларына жуық), ал жиынтық меншікті
капиталы – 45,1℅ - (резидент эместерді есептегенде) салымдардың өсуі
жалғаса түсті, олар 33,4℅-ға 343,2 млрд. теңгеге дейін (2,4 млрд. АҚШ
базасының айтарлықтай өсуі банктердің экономиканың нақты секторына берген
несиелерінің 45,5℅-ға 978,1 млрд. теңгеге дейін (6,8 млр. долл. жуық)
өсуіне ықпал етті.

2.3. Банк қызметін реттеу мен қадағалау әдістерін талдау

1995 жылы 31 тамызда қабылданған Банктер және банктік қызмет туралы
ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін
қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап
отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен
жүзеге асырады:
- пруденциялық нормативтер белгілеу;
- банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер
шығару;
- банктердің қызметін тексеру;
- банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар
беру;
- банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;
- банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.
Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық
нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213
қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық
нормативтер туралы ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:
1) жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
2) меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
3) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
4) өтімділік коэффициенті;
5) ашық валюталық позиция лимиту;
6) негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған
банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.
1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері.
Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк
Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық
бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез келген
пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және
лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.
2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті.
Меншік капитал (К) – бұл І деңгейлі капитал мен ІІ деңгейлі капитал (І
деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің инвестицияларын
шегеру арқылы есептеледі.
Банк инвестициясы – акцияның (жарғылық капиталда қатысу үлесі) және
еншілес ұйымдардың, сондай-ақ басқа заңды ұйымдардың субординирленген
қарызына жұмсалымдар сомасы.
Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың
біріне сәйкес келуге тиіс:
- заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасының ресми
тізімінің А категориясына енуге тиіс;
- заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралық стандартқа сәйкес
жасалуы және аудиторлық қорытындымен расталуы тиіс:
- заңды тұлғалардың қарыз рейтингі Standard & Poors және басқа
халықаралық рейтингтік агенттіктердің А рейтингінен төмен
болмауға тиіс.
Бірінші деңгейлі капитал (К1) мыналардан құралады:
- төленге жарғылық капитал;
- қосымша капитал;
- өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс (өткен жылдардағы таза
табыс есебінен құрылған қорлар, резевтер);
- шегерілген (-);
- материалдық емес активтер (Халықаралық қаржы есебіне
Халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі қызметінің
мақсатына алынған лицензияланған бағдарламалық қамсыздандыру);
- өткен жылдардағы зиян;
- ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылдағы табыстардан артық
сомасы.
Екінші деңгейлі капитал мыналардан құралады:
- ағымдық жылдағы табыстардан ағымдық жылдағы шығыстардың артық
сомасы;
- бағалы қағыздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері;
- тәуекелді есепке алып өлшенген активтер сомасының 1,25℅-нан
аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшері;
- бірінші деңгейлі капитал сомасының 50℅-нан аспайтын сомадағы
банктің субординарлық қарызы.
Банктің субординарлық қарызы – бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін,
банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:
1) депозит немесе міндеттеме болып табылмайға тиіс;
2) банктің немесе онымен байланысты аффиширленген тұлғалар талаптары
бойынша кепілдік ретінде қамтамасыз етілмеуге тиіс;
3) алдан ала (толық немесе жартылай) өтеммеуге тиіс;
4) банктің таратылуы барысында соңғы кезекте қанағаттандырылуға тиіс
(акционерлер арасында қалған мүлікті болу алдында).
Банктің субординарлық қарызы – бастапқа қайтару мерзімі 5 жылдан
жоғары болып келетін, меншікті капиталға жататын субординарлық қарыз.
Облигация субординарлық қарызға және меншікті капиталға жатуы мүмкін,
егер, ол ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес шығарылса.
Банктің субординарлық қарызы меншікті капитал ретінде есепке алынады
және бес жыл ішінде мынадай мөлшерде қалып, қалғаны қайтарылады:
1-ші жылы – субординарлық қарыздың 80℅ сомасы;
2-ші жылы – субординарлық қарыздың 60℅ сомасы;
3-ші жылы – субординарлық қарыздың 40℅ сомасы;
4-ші жылы – субординарлық қарыздың 20℅ сомасы;
5-ші жылы – субординарлық қарыздың 0℅ сомасы.
Меншікті қаражаттардың (меншікті капиталдың) жеткіліктігі төмендегідей
екі коэффициенттің көмегімен есептеледі:
Банктің бірінші деңгейлі капиталының барлық активтер сомасына қатынасы
0,06-дан кем болмауға тиіс

[1]
мұнда,
КІ – бірінші деңгейлі меншікті капитал;
ИК – банктің акцияға жұмсаған инвестициялары және басқа да заңды
тұлғалардың субординарлық қарызы;
А – банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтерінің сомасы.
Банктің меншік капиталының тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан
активтерге қатынасы 0,12-ден кем болмауы тиіс.

[2]
мұнда,
К – банктің меншік капиталы,
Ар – тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер және баланстан тыс
міндеттемелер сомасы. Тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтерді
есепке алу барысында қастодиандық келісім-шарт негізінде банкке қабылданған
ақшалар есепке алынбайды;
Пс – арнайы резервтер (күмынді және үмітсіз активтер бойынша құрылған
провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы
резервтер сомасы (яғни, тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер
сомасының 1,25℅ асатын сомасында).
3. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғары мөлшері.
Бір қарыз алушы – ҚР-ның заңдарында немесе жасалған келісім – шартта
кезделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2
айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан
туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.
Бір қарыз алушыға келетін, тәуекелдің мөлшері мыналардың сомасынан
тұрады:
1) банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға қатысты
банк талабы;
2) соңғы бес жыл ішінде банк балансынан шегерілген, қарыз
алушыға қатысты банк талаптары;
3) ҚР заңдарында немесе жасалған келісім шартта көзделген
негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында
алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік
тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын (несиелік
тәуекелмен байланысты) талаптар;
(-) шегерілген,
қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары, оның
ішінде:
- банк қарамағына берілген депозиттегі ақшасы, ҚР Үкіметі және
Ұлттық банктің шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары, құйма
бағалы металдары, Standard & Poors және басқа халықаралық
рейтингтік агенттіктердің А рейтингін иеленетін банк кепіл-
хаттары;
- - ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкіне қатысты талаптары;
- Standard & Poors және басқа халықаралық рейтингтік
агенттіктердің ВВВ рейтингінен төмен емес ұзақмерзімді
қарыздық рейтингі бар банктердің ашқан корреспонденттік
шоттарына қатысты талаптары.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшері қарыз алушының
міндеттемелері бойынша тәуекел мөлшерінің (Т) банктің меншікті капиталына
(К) қатынасы арқылы есептеледі:

[3]
мұнда,
Т – тәуекел мөлшері (несие лимиті);
К – банктің меншік капиталы.
К3-тің мыні мынадай екі жағдайда қарастырылады:
- банкпен ерекше қарым-қатынастағы қарыз алушылар үшін, - 0,10-
ден аспауға тиіс;
- басқа да қарыз алушылар үшін – 0,25-ден аспауы тиіс (соның
ішінде 0,10 – баланстан тыс міндеттемелермен қамтамасыз
етілмеген бланктік несиелер, сондай-ақ оффшорлық аймақ
аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезиденттерге
берілген несиелер бойынша).
4. Ағымдағы өтімділік коэффициенті.
Өтімділікті бақылап отыру мақсатында банктер ағымдағы өтімділік
коэффициенттерінің есебін береді.
Өтімділік коэффициенті екі коэффициент көмегі мен анықталады:
- банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4.1);
- банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті (к4.2).
Ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең төменгі мәнім Ұлттық банктің
басқармасы бекітеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4) өтімділігі жоғары активтердің
орташа айлық шамасының талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық
шамасына қатынасы арқылы есептеледі.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4.2) төмендегідей түрде есептеледі:

[4]
мұндағы,
Аор - өтімді активтердің орташа шамасы;
Мор – талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;
К4 – ағымдағы өтімділік коэффициенті.
Банктердің қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті (к5) 3 ай мерзімнен
аспайтын өтелу мерзімі бар активтердің орташа айлық шамасының үш ай
мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық
шамасына қатынасы арқылы есептеледі:

[5]
мұндағы,
Аор - өтелу мерзімі үш айдан аспайтын активтердің орташа айлық шамасы;
Мор – үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің
орташа айлық шамасы;
К5 – қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті.
5. Ашық валюталық позиция – осы уақытта немесе алдағы уақыттарда
жекелеген валюталарда қаражат алу талабы мен беру міндеттемесін
бейнелейтін, сол валюталардағы сандық жағынан сәйкес келмейтін активтер мен
міндеттемелердің (баланстан тыс талаптар мен міндеттемелерді есепке
алғандағы) арасындағы шетел валютасындағы қаражаттар қалдықтарының
айырмасы.
6. Негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалған банк
инвестициясының жоғарғы мөлшерінің коэффициенті.
Негізгі қорларға және басқа да қаржылай емес активтерге жұмсалынған
банк инвестициясының мөлшерінің меншікті капиталға қатынасының (к5) мәні
0,5-тен аспауы тиіс:

[6]
мұндағы,
И – негізгі қорларға және басқа да қаржылай активтерге жұмсалынған
инвестицияның сомасы.
Банктердің пруденциялық нормативтерді сақтауына Ұлттық банк бақылау
жасайды. Әр айдың алтыншы жұмыс күнінде банктер Ұлттық банкке пруденциялық
нормативтердің есебін жүргізу үшін қажетті мәліметтерін, сондай-ақ әр айдың
бірінші күніне Банктің активтері мен міндеттемелерін мерзімдеріне қарай
салыстыру кестесін тапсырады.
Ал осы пруденциялық нормативтердің Қазақстандық банктік тәжірибеде
қаншалықты орындалып жатқандығы жайлы тоқталып көрейік. 2001 жылдың ішінде
екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтерді бұзғаны байқалса,
ал соңғы 2002 жылы банктердің тек қана 1 банктің белгілі болды. Ол туралы
мәліметтер 5-кестеде берілген.

5-кесте
Пруденциялық нормативтерді бұзған екінші деңгейдегі банктердің саны

Пруденциялық нормативтердің аттары 01.01. 01.01. 01.01.
2001 2002 2003
Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері1 0 0
Меншікті капиталдың жеткілікті 2 3 0
коэффициенті коэффициенті (к1)
Меншікті капиталдың жеткілікті 2 3 0
коэффициенті (к2)
Банкпен ерекше қатынастағы бір 6 1 1
қарыз алушыға келетін тәуекелдің
жоғарғы мөлшері (к3.1)
Жалпы клиенттері бойынша бір қарыз 5 1 0
алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы
мөлшері (к3.2)
Ағымдағы өтімділік коэффициенті 3 3 0
(к4.1)
Банктің негізгі құралдарға және 3 2 0
қаржылық емес активтерге жұмсаған
инвестицисының жоғарғы мөлшері (к5)
Ашық валюта позициясы лимиті 7 2 0
Пруденциялық нормативтерді бұзшы 29 15 1
банктердің саны

Қазақстан Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінен №6 (103) маусым
2003 жыл

Яғни кестеден көріп тұрғандай, пруденциялық нормативтерді бұзатын
банктердің санының азаюы Халықаралық стандартқа екінші деңгейдегі
банктердің өтуіне байланысты бағдарлама шегінде жасалып отырған банктердің
капиталдану деңгейінің жоғарылау әсерінен болды.
Пруденциялық реттеу жүргізу нәтижесінде анықталған банк заңдарының
бұзылуына жол берген екінші деңгейдегі банктерге шектелген ықпал ету
шаралары мен санкциялар қолдану банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылды.
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық
банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.
Мұнда басты міндеттердің бірі – бұл банктердің қызметін реттеуді
экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың
сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал, ол міндетті шешуде банктердің
қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі бар.
Бұл қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі – бұл банктердің қадағалау органдарына
мәліметтер беру түру жүргізілетін пруденциялық қадағалау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары туралы
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері
Банктердің филиалдарын, өкілеттігін ашу тәртібі. Еншілес шетел капиталдарының қатысуымен банктерді құру
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Банктің заемдық және тартылған қаражаттары
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
Пәндер