Эквайер - банк банктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда бұл электрондық жүйе
өте тез дамуда. Өйткені Қазақстан дамыған елу мемлекеттің қатарына
кіру үшін мемлекет электрондық жүйе жағынан немесе басқада
технологиялар жағынан дамуы керек. Соның ішінде электрондық ақша
айналысын қарастырайық.
Карточка жүйесі Қазақстанға ең алғаш рет 1992 жылы қараша
айында Әлем Банк Қазақстан игерді. Содан кейін коммерциялық банктер
игере бастады, (Халық банкі, Казкоммерцбанк, ТұранӘлемБанк) бұл аталған
банктер қазіргі таңда өз кредиттік карточкаларымен халықаралық
деңгейде жұмыс жасауда.
Пластикалық карточка өте тиімді және қолайлы. Кез – келген
соманы керек кезінде көшеде тұрған немесе жұмыс орнында тұрған
банкомат арқылы есеп айрысуға болады.
Қолма – қолсыз есеп айрысуда банкке барудың қажеті жоқ. Өйткені
тек қана пластикалық карточкамен ғана емес және интернет арқылы,
ұялы телефон арқылы қолма – қолсыз есеп айрысу операциясын жүргізе
асыруға болады. Қазіргі таңда қолма – қол есеп айрысудан көрі қолма
– қолсыз есеп айрысу операциясы кең қолданылады. Өйткені кез – келген
жерде, дүкенге барғанда клиент өзіне керек затты алып
пластикалық карточкасымен есеп айрыса алады.
Қолма- қолсыз есеп айырысудың міндеті – бұл есеп айырысудың
формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға
қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым
тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп айрысуға қойылатын талаптар
экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты
өзгеріп отырады. Ал, есеп айырысу формасы мен әдістері осы
талаптарға сай болып, олардың өзгерістеріне бейімделініп отыруы
керек.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қолма – қолсыз есеп айырысулардың
синтетикалық және аналитикалық есебінің жағдайын зерттеп, даму
перспективаларын анықтау.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету қойылған міндеттер:
- қолма – қолсыз есеп айырысулардың синтетикалық және аналитикалық
есебінің теориялық негіздерін қарастыру;
- қолма – қолсыз есеп айырысуларды Қазақстан Республикасында
ұйымдастыру жағдайы (Құлас-құрылыс ЖШС-ның мысалында)қолма – қолсыз
есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін талдау;
- Құлас-құрылыс ЖШС-ның қаржылық-шарушылық жағдаын талдау;
- қолма – қолсыз есеп айырысулар жүйесін жетілдіру жолдарын
анықтау.
Қолма – қолсыз есеп айрысу шаруашылық органдардың өзара
бақылауына және банктердің өндіріс процесіне, тауар айналымына
белсенді қатысып, әсер етуіне мүмкіндік береді. Банк шаруашылық
органдардың төлем тәртібін, ол төлемдерді уақытында төлеуін мұқият
бақылайды және төлемеудің себептерін талдайды. Төлем тәртібін
бұзғаны, оны уақытында төлемегені үшін банк экономикалық
санкциялар қолданады. Қажет жағдайда шаруашылық орган банктен уақытша
несие ретінде қаржылық көмек алып, пайда болған талаптар бойынша
төлемсіздік мөлшерін азайта алады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып ЖШС Құлас-құрылыс. болып
табылады
Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қолма – қолсыз есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық
есебінің теориялық негіздері
1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың мәні, шығу тарихы

Қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшасыз айналымдары ішкі
төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл
қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады. Қазақстанда Мастеркард
және Виза үлгілерімен жасалған әлемдік несие карточкаларын шығаруды
1992 жылы қараша айында алғашқы болып Әлем Банк Қазақстан игерді,
1994 жылы бұл банк жергілікті дебеттік карточка - ӘЛЕМКАРДты шығарды.
Қазіргі кезде осы үлгілердегі әлемдік несие карточкаларымен өз
клиенттеріне ТұранӘлемБанк, Казкоммерцбанк, Халықтық банк және т.б.
қызмет көрсетуде. Пластикалық карточка қолма – қол ақша мен чектің
орнына жүретін, сондай – ақ несиені банктен қысқа мерзімді қарыз
алуға мүмкіндік беретін есеп айрысу құралы. Клиенттің ағымдағы
шоттында қажетті ақша мөлшері болмай қалса, онда белгілі бір
лимитке (шектеу) дейін оған қысқа мерзімді несие беруі мүмкін.
Пластикалық карточка (дебеттік) негізінен бөлшек сауда айналымы мен
қызмет көрсету аясында қолданылады.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде белгілі бір үлгімен (образец)
жасалған оннан аса несие карточкаларының түрлері бар. Олар: сапар
шегуге арналған, саудалық, бензин сатып алуға арналған, туризм мен
көңіл көтеретін қызметтерді төлеуге арналған, халықаралық есеп айрысуға
арналған (Виза, Мастеркард және Еврокард т.б.).
Бірыңғай ақша қолма – қол емес есеп айырысулар да және қолма –
қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады. КСРО тұсында ақша айналымы және
ақша айналысы ұғымдарының арасында нақты шекара болды. Ақша
айналысы тек қолма – қол ақшаның қозғаласын ғана қамтиды, ал ақша
айналымына қолма – қол ақша қозғалысы да, қолма – қол ақшасыз айналымы да
кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы жоғары, яғни
мағынасы кең ұғым болды.
КСРО–ның құлауына байланысты бағаның еркіне жіберілуі,
орталықтандырылған басқарудан нарықтық қатынасқа көшу барысында ақша
айналымы мен ақша айналысы арасындағы айырмашылық жойылып, қолма –
қол ақша қозғалысын және қолма – қол емес айналымды бір – бірінен ажырату
мүмкін болмай қалды.
Бұл қолма – қол ақша қозғалысы мен қолма – қол емес айналымның
бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға
ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың нақты
қажеттіліктеріне қарай орын алады.
Осы заманғы нарықтық жағдайда ақша айналымы мен ақша айналысы
ұғымдары бір – бірімен осылайша теңесті. Ақша айналысы – бұл елдегі
тауарлық және тауарлық емес сипаттарына қызмет ететін қолма – қол ақша
және қолма – қол емес формаларындағы ақша қозғалысы болып табылыды.
Ақша айналысы екі формада алға шығады: қолма – қол ақша айналысы
және қолма - қол емес ақшасыз айналыс. Қолма – қол емес ақшасыз айналыстың
артықшылықты жақтары көп, өйткені қолма – қол ақша айналысының қома – қол
ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады,
оның үстіне, қолма – қол ақшаның тоналу қаупін де есептен шығармаған
дұрыс. Ақшаны қолма – қол ақша формасынан қолма – қол есеп айрысу
формасына немесе осыған керісінше қолма – қол ақшасыз формадан қолма – қол
ақша формасына ауыстыру (құю) тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай
кедергілер болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша
айналысының объективі негізі болып табылады [1,2].
Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталаушысы ғана емес.
Бұл екі процесс біршама оқшау жүзеге асады. Тауарлардың алмасуына ықпал
ететін ақша айналыстан шықпайды, осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ал
тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Тауар айналысы
ақша айналысын тудырады.
Ақша айналыста жүріп, бірде айналыс құралының (қолма – қол ақша)
қызметін, бірде төлем құралының (қолма – қол емес ақшасыз) қызметін кезек
(ауысып) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша
қатынастарын бейнелеуші болып табылады, яғни ол байналыс құралы ретінде
және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.
Қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшасыз айналымдары ішкі
төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл
қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде ақша айналымын басқаратын
экономикалық әдістерді енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ – та
халықтың барлық төлемдерінің тек төрттен бір бөлігі (14) ғана қолма –
қол ақша төлеумен жүргізілсе, қалған төлемдер чектермен, несие
карточкаларымен және тағы сол сияқты жүргізіледі. Қолма – қол ақшасыз
есептеуді жетілдірудің қаржының айналмалылығын жеделдетуге,
айналыстағы қолма – қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын
азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор. Қолма – қол ақшасыз есеп
айрысуды ұйымдастыруға әр елдің тарихи және экономикалық дамуының
ерекшелікткрі әсер етеді. Мысалы, ең алғаш 1775 жылы Ұлыбритания
чекті, вексельді, кейін АҚШ чекті қолдана бастаған, ал Германия
жирошотты, ТМД – ға мүше – мемлекеттер есеп айрысу шоттарын қолданады.
Қазіргі кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма – қол емес есеп
айрысуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік
тәжірбиеде дәлелдеді. Олардың көптеген түрлерінің ішінде негізінен,
магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары
қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін
белсенді жұмыс жүргізілуде.
Банктердің есептеу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив
бөлып негізгі үш топқа бөлінеді. Осы үш есептеу бөліміне толық мазмұндама
берсек.
Инкассо - әр түрлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің
тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы.
Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және тағыда басқа құжаттар
қабылданады.
1996 жылдан Халықаралық сауда палатасы шығарған инкассо бойынша
үйлестірілген (унифицированный) бірыңғай Ереже қолданылады. Онда
инкассоның мәні және түрлері анықталған; вексельді, чектерді, инкассалық
тапсырыстарды инкассалау тәртібі; шарт бойынша халықаралық төлемде
инкассо түріндегі есеп айырысу тәртібі қарастырылған.
Инкассалық операцияның екі түрі бар. Жай инкассо – клиенттің
банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойғантөлем талабы негізінде банктің
үшінші жақтан ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз
есеп айырысуда қолданылады. Құжатты (документальное) инкассо – үшінші
жаққа клиенттен алған құжатты (негізінен тауарды реттеуші) көрсету және
оны тек төлемді қолма-қол алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру
нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.
Аудару операциясы клиент банкіне өз шотынан белгілі-бір соманы
көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны
жүргізгені үшін банк комиссиялық ақы алады.
Аккредитив (латын сөзі – сенемін) - бір банктің екінші банкке
аккредитивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір соманы жеке
немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.
Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты.
Ақшалы аккредитив – атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім
ішінде аккредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп-бөліп оны
иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент-банкке берген тапсырма жазылған.

Құжатты аккредитив – келісім, ол бойынша эмитент-банк клиенттің
нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу
немесе оның үкімі бойынша төлеуі немесе ол берген аударым
вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі немесе сатып алуы керек.
Эмитент-банк көрсетілген операциялардың кез келгенін жүргізу
өкілдігін басқа банкке (орындайтын) беруіне болады.
Төлем жүргізу процедурасындағы өзгерістер тенденцияларын жеке
түсіну үшін алдымен алғашқы екі бөлімге сараптама жасау керек.
Көбіне шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер немесе дәулетті азаматтар
операцияларды негізінен төлем жүйесі арқылы жүзеге асырады. Банкілер
өз бизнесін ұлғайту үшін бірнеше минуттың ішінде қолма – қол есеп
айрысуды жүзеге асырады. Жалпы олардың көңілінен шықпайтын
мәселелердің бірі - төлем жүргізуде банк арқылы төлем жүйелерінің жылдам
жүзеге асырылмауы, олардың ауқымды деңгейде таралмауы, банкілік
шоттардағы қаражаттарға қашықтықтан қол жеткізудің мүмкін болмауы, төлем
жүйесінің күрделі еместігі. Егер төлем жүйелері ортақ мәмілелер
бойынша қолма – қол есеп айырысумен нақты бәсекеге түскісі келсе,
онда олар қолма – қол есеп айрысу сияқты төлем жүргізу уақытын
азайтуы керек.
Төлем жүргізу уақытын бірнеше минутқа қысқартудың принципін
түсіну үшін, алдыңғы бөлімдерде қарастырылған төлем жүргізу процедурасына
талдау жасау керек. Банкаралық көтерме жүйелерге қатысушылар ретінде
олардың өздерінде төлеушінің банкі, есеп айрысу банкі және
алушының банкі болады. Төлем жүргізу процесінде банк қатысушылардың
төлем құжатын дайындау мен өңдеу бойынша 18 әрекет жасайды және
де төлеуші мен алушының банкінде клиенттік шот бойынша төлем
жүргізу екі әдіспен жүргізіледі. Әрбір 20 процедураға он шақты
секунд керек, ал жалпы барлық төлемге небәрі 10-20 минут кетеді.
Карточкалық төлем жүйесімен төлем жүргізу өте күрделі процедура-ны
қамтиды, себебі төлем процедурасына дейін авторландыру мен
процессингті жүргізу керек. Бірнеше процессингілік компаниялар карточ-
калық жүйенің қатысушылары болып табылады. Негізгі мүмкіншілік
туралы хабарлама тез тараған күннің өзінде, төлемді жүзеге асыру
бірнеше күнге созылады [3].
Төлем жүйесін дәстүрлі ұйымдастыру мен төлем құжатын дайындау
процедурасын толық автоматтандырған кезде, төлем жүргізу мерзіміндегі
жеке тұлғалардың қатысуымен болатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
күрделеніп кетеді. Төлем жүйесін жылдамдату үшін ондағы
процедураларды қысқартып, төлемді әр түрлі бағдарламалармен
қамтамасыз ету керек.
Төлем жүргізудің әр түрлі құрылымы мен төлем жүйесінің қорытынды
сипаттамасы комбинациясына көп көңіл бөлінген. Сондай – ақ төлем
жүргізудің уақытына, банкаралық негізгі тарифтер мен карточкалық
төлем жүйелеріне салыстырмалы талдау жасалып, жүйенің түрлері бойынша
артықшылықтарды біріктіру мүмкіншілігі қарастырылған.
Сонымен мұндай қорытынды алғашқы кезде шындыққа сәйкес
келмесе де, көтерме банкаралық жүйелердің кішігірім комиссиялары
мен қорытынды есеп айырысулардың ерекшеліктері, сонмен қатар
төлемді авторландыру бойынша карточкалық жүйе ерекшелігі мен жалпы
қолдану тәжірибесін біріктіру мүмкіншілігі туралы тұжырымдарды
қалыптастыра бастады. Егер осы екі түрлі жүйенің ерекшелігін
біріктірсек, онда қолма- қол төлем шығынын бірнеше минутқа, банк –
клиент қатынасының шығынын бірнеше есеге азайтуға болады. Орта
төлемдер шығыны қолма- қол есеп айырысу шығынынан аспайтын тиімді
төлемдер жүйесіне қызмет етеді.
Дәстүрлі төлем жүйесі мен төлем жүргізу процедурасына талдау
жасаған кезде отандық тәжірибені негізге ала отырып төлем жүргізу
уақытын бірнеше минутқа қысқартудың мүмкін еместігіне көз жеткізуге
болады. Сонмен қатар алдыңғы тарауларда қолма- қол есеп айырысудың
дәстүрлі емес және жергілікті төлем жүйесін жылдам жүзеге асырудың
тиімділігі дәлелденген. Егер төлеуші мен алушыға бір банкінің
бөлімше-сінде қызмет көрсетілсе, онда көп жағдай ресейлік ірі
коммерциялық банкілер төлем жүргізуді бірнеше минутта жүзеге асыврады.
Мұндай жағдайда төлем жүргізуде көрсетілетін барлық қызметтер акцепт пен
төлем құжаты мазмұнының дұрыстығын бір ретті тексеруден өткізіп,
төлемді қарапайым бір ретті жазбамен ( проводка) жүзеге асырады.
Электронды технологияны енгізу жағынан дамыған, өздерінің бірегей
ақпараттық кеңістігі бар бірнеше банкілер өздерінің барлық
оқшауланған бөлімшелері арасында төлем жүргізуді бірнеше минутта
жүзеге асырады.
Тіпті бірнеше секунд ішінде жалпы карточкалық есеп айырысуды
жүзеге асырудың өзі өте тиімді жүргізіледі. Қазақстандық Ай Мар
супермаркеттер желісі өзінің біріккен дисконттық төлем бағдарламасын
МДМ банкінің Visa Electron карточкасы негізінде жүргізеді.
Мұндай тиімді карточкалық есеп айрысу Казкоммерцбанкінде Алтын
корона атты карточкамен жүзеге асырылған. карточкалық
бағдарламаның тиімділігі сол, Алтын корона атты карточка
көмегімен дүкендердегі тауарларға төлем жүргізуге болады. Және
жеңілдетілген бағамен сатып алуға өте ыңғайлы.
Осылайша кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы беру банк
карточкалары бойынша жүзеге асырылады. Банкаралық операцияларды
өзінің операциялық жүйесі шеңберінде жүзеге асырады және де
ешқандай сыртқы комиссияларды төлемейді.
Төлем жүргізудің қысқартылған процедурасы интернет
желісіндеэлектрондық есеп айрысу жүйесінде жүзеге асырылады.
Жүздеген ақшаны сақтау, депозиттеу немесе есеп айрысу
аяқталғаннан кейін оны кері қайтарып алу уақытын есептемегенде,
екі клиент арасындағы төлем жүйесі бірнеше минутты қамтиды.
Көрсетілген мысалдардағы сияқты тез арада төлем төлеу алушы
мен төлеушінің бір банкінде немесе банкінің бөлімшесінде ғана
жүзеге асады. Сондықтан төлем құжатын берудің бір ғана жолы –
акцептің дұрыстығы мен төлемдер реквизитін бір рет тексеріп, содан
кейін төлемді тек бір ғана қарапайым жазумен жүзеге асыру керек.
Сонда төлем жүйесі процедурасына қатысушылардың саны төрт есеге
дейін төмендейді.
Төлем процедурасын қысқартуға Халық банкі негіз болады. Жалпы
есеп айрысу жүйесін енгізудің бірінші кезеңінде Халық банкі
аудандық МАЕКО деңгейінде коммерциялық банкілердің корреспонденттік
шоттарын орталықтандырады. Бұл ішкі аймақтық төлемдерді жүргізу
процедурасын қысқартуға өз әсерін тигізеді. Сондықтан банкаралық
төлемдер төлемші – банкінің дебеттік шотынан алушы – банкінің
кредиттік шотына аударумен жүзеге асырылады.
Бірақ, коммерциялық банк деңгейінде төлемдерді алғашқы қайта
өңдеу бойынша шығындар мен Халық банкінің есеп айырысуы бөлімшесінің
жол шығындары есепке алынбайды. Сонымен қатар көптеген коммерциялық
банкілердің операциялық жүйесінің әр түрлілігіне байланысты
шығындардың мөлшері белгісіз болып қалады. Сондықтан банкаралық
есеп айырысуды тез арада жүзеге асыруға мүмкіншілік жоқ [4-6].
Ал күрделі шешімдер ММВБ – ға интернет – трейтинг жүйесінде
жүзеге асырылған. Осы негізде банкілер өз клиенттеріне ММВБ – ның
есеп айрысу жүйесінде шот ашуға делдалдық қызмет көрсетеді.
Банкілер бағдарламамен қамтамасыз етуді бекітіп, оларға бұл жүйемен
қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді, нарық туралы ақпараттар
береді.
Биржаның интернет – сайтындағы инструкция және мәмілелерді
жүзеге асырумен есеп айырысу негізінде, ол соңғы клиенттер мен
делдал – банкілері туралы мәлімет береді.
Сонымен қатар ұялы байланыс қызметінде де клиенттермен өзара іс-
әрекет ұйымдастырылған. Мұнда телефон иесі ұялы байланыс
операторына бармаса да болады. Телефонды сатып алу, келісімшарт
бекіту, сөйлесу ақысын байланыс салонында да жүзеге асыруға
болады. Байланыс салондары клиент үшін байланыс операторымен алдын
ала іс- әрекеттер процедурасын жүргізеді. Егер клиент тікелей
оператор арқылы қосылса, онда олардың бұл пройеске еш қатысы жоқ.
Қысқарған жүйе процедураына қатысты жүргізілген салыстырмалы
талдаулар, бір қатысушымен жүргізілетін төлем процедурасының санын
бірнеше есеге азайту мен төлем жүргізу уақытын жылдамдату негізінде
қабылданған шешімнің дұрыстығы мен тиімділігін көрсетті.
Коммерциялық банкілер бәсекелестік нарықта қызмет етеді, бірақ
көшбасшы болып табылмайды. Жекелеген банкілер өз акционерлерінің
мүдделері үшін қызмет етеді. Коммерциялық банкілердің шоттарындағы
қаражаттар кредиттік тәуекелі бар міндеттемелер болып табылады.
Сондықтан төлемдерді жүргізудің қысқарған процедурасы шеңберінде
бірегей есеп айырысу институты функциясына Халық банкі атқару
керек.
Батыстық төлем жүйесін ұйымдастыру тәжірибесінде көрсетілген
клиенттер шотын Орталық банкінің операциялық бөлімшесінде
орталықтандыру туралы ұсыныс өте оңтайлы шешімін тапты. Клиент-тер
шотын осы сияқты орталықтандыруды ұйымдастыруын Орталық банкінің
Халық банкімен банкаралық есеп айырысу жүргізуінен көруге
болады.
Осы сияқты бағдарламаларды, банкілік жүйе мен қолма – қол есеп
айырысу жүйесін ұйымдастырған кезде кеңестік тәжірибеге көп көңіл
бөлу керек. 2000 жылдардың ортасына дейін Мемлекеттік банкіден бес
арнайы мамандандырылған банкілер бөлініп шықты. Ал қазіргі күні
кеңестік мемлекеттік банкілік модельді көшірудің еш қажеті жоқ.
Содан бері экономика мен төлем жүйесінің технологиясында көптеген
институттық өзгерістер болды. Бірақ бұл шешімнің негізгі мүмкінші-
лікті көрсетудегі бағдарламасы орынды болады.
Сонымен процедураны күрделі қысқарту қажеттілігн ескере
келе, барлық клиенттердің есеп айырысу шотын Бас банктің орталық
есеп айырысуы кассасына аударып, аймақтық клиенттердің шотын
коммерциялық банкілер арқылы орталықтандыру керек. Бұл жағдайда
оларды қашықтықтан бақылау кажет. Бұл төлеушінің дебеттік шотына
ешбір қосымша банкаралық коммуникацияларсыз және төлем құжатын аралық
өңдеусізтөлем жүргізуге негіз бола алады.
Банкіге келіп тұру қажеттілігі банкілік шот ашу, қашықтықтан
қызмет көрсету құрылғысына қол жеткізу, шиеленіскен жағдайларды
шешу, күрделі есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін туындайды.
Қашықтықтан қызмет көрсетьудің электрондықатынасы дегеніміз - банкіге
төлем инструкцияларын көрсету мен банкіден көшірме алу болып
табылады.
Ал төмендегі ағымдық дәстүрлік жеке қатынасты карточкалық
бизнестен көруге болады. Клиент жылына бір рет банкіге шот ашу мен
карта алу үшін бару керек. Кейін, егер клиент ешбір қарсылық
көрсетпесе, онда барлық төлемдер мен көшірмелер банкілік карточкаға
автоматты түрде аударылады.
Әрине, Western Union жылдам ақша аудару жүйесін ұйымдастыруда
шешімді де қолдау керек, яғни мұндағы төменгі аударым уақыты
сервердің аймақтық офесіне барлық толемдерді орталықтандыру есебінен
қол жеткізеді. Сондықтан серверге компьютер арқылы жылдам қосылу
клиенттерге қызмет көрсетудің қажеттілігін қанағаттандырады.
Клиенттен шотын орталықтандыру мен клиенттердің банкіге келуін
реттеу – ұялы байланыс операторларының делдалдық желісін ұйымдастыру
мен қажеттілігін қанағаттандыру клиенттердің банкіге келуі арқылы
жүзеге асырылады.

1.2 Қазақстан Республикасындағы қолма – қолсыз есеп айрысулардың
банк аралық қызметтері, синтетикалық және аналитикалық есебі

Коммерциялық банктердің үшінші қызметі – қолма – қолсыз есеп
айырысуды ұйымдастыруды және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге
көрсеткен қызметтеріне, немесе банктің комиссиондық операцияларына
байланысты.
Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда
шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын
шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әртүрлі
шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, бербес, депозиттік,
контокорренттік және тағы басқалар.
Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады.
Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем
құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы
есептейді немесе шегереді. Қолма – қолсыз есеп айырысу - бұл
банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар
сомасын шаруашылық органдардың шот бойынша (олармен міндеттемелерін
төлемдер бойынша орындау тәртібіне сәйкес) жазба түріндегі
аударымдары.
Қолма – қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма – қол ақшаның
айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және
есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма – қолсыз
есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдауына,
есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына теседі,
соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді. Қолма – қолсыз есеп
айырысу зат алмасуда халық шаруашылығы шаруашылық байланыстарда
делдал болады және олардың нақтылығы мен үздіксіздігі жалпы
экономиканың тиімділігіне байланысты болады. Қолма – қолсыз есеп
айрысудың мәні мынада, олар шаруашылық органдардың айналамына және
шаруашылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі.
Қолма- қолсыз есеп айырысу – бұл есеп айысудың формасы мен
әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған
талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты,
өзгермейтін болып келеді. Есеп айрысуға қойылатын талаптар
экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты
өзгеріп отырады. Ал, есеп айрысу формасы мен әдістері осы
талаптарға сай болып, олардың өзгерістеріне бейімделініп отыруы
керек.
Барлық коммерциялық банктер халықтар мен шаруашылық органдарды
несиелеу процесінде қолма – қолсыз ақша айналымы төлем құралдарын
эмиссиялайды, ал олар (шаруашылық органдар мен халықтар) өз
кезегінде өз қаражаттарын сол банктердегі шоттарда ұстайды. Банк
арқылы өтетін қолма – қолсыз есеп айрысу оның ресурстарын көбейте
отырып, есеп айрысудағы бос ақша қаражаттары экономиканы және
халықты несиелендіру қажеттіліктеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді
[7-11].
Қатысушыларға байланысты есеп айрысу операциялары екі топқа
бөлінеді: клиенттік есеп айрысу операциялары (қатысушылар клиенттер
мен банктер) және банкаралық есеп айрысулар (қатысушылар тек
банктер). Есеп айрысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде
банктердің келесі есеп айрысуларын айтуға болады: аударымдық,
инкассалық, аккредитивтік және клирингтік.
Есеп айрысу кезінде келесі төлем құралдары қолданылады:
Төлем тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық
карточкалар, жирочектер (тапсырмалар).
Қазақстан Республикасында банкаралық және халық шаруашылығындағы
есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы Ұлттық банк. Ол
мынадай қызметтерді орындайды:
– Қолма – қолсыз және қолма – қол ақша айналым ауқымдарына,
қолма – қолсыз және қолма – қол ақша эмиссиясының мөлшеріне бақылау
жүргізу;
– Барлық коммерциялық банктер үшін(маманданғандарды қоса)
біртұтас әдістемелік негізде бірыңғай мемлекеттік есеп айрысу
орталығы болу;
– Есеп айрысудың, есеп берудің, есепке алу мен жүргізудің
ережелерін
жасау және оларды унификациялау.
Қолма – қолсыз жолмен есеп айрысу жүйесінің ұйымдастырылуы
біртұтас негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы
жасалған: қаражаттарды бір шоттардан екінші шотқа дебеттік
аударымдар(чекткр), бір шоттан екінші шотқа кредиттік
аударымдар(жироесеп айрысулар). Чектер (көбінесе) бір реттік
мәмілелерде қолданылады, жироесеп айрысу – тұрақты және мерзім сайын
қайталанып тұратын мәмілелерде қолданылады.
Банкаралық есеп айрысу жүйесін ұйымдастырудың негізгі принципі –
бұл дербес екі кіші жүйені қалыптастыру болып табылады:
• Коммерциялық банктер арасында тікелей есеп айрысуды;
• Ұлттық банктің ЕКО – да ашылған корреспондеттік шоттар жүйесі
арқылы банкаралық есеп айрысуды.
Коммерциялық банк өздерінің ведомствалық мекемелер арасындағы
есеп айрысу формасын өздері анықтауға құқылы, ал қолма – қолсыз есеп
айрысу жүйесі банктер мен клиенттеріне белгілі бір есеп айрысу
операциясын жүзеге асыруды таңдауға мүмкіндік береді.
Қолма – қолсыз есеп айрысу шаруашылық органдардың өзара
бақылауына және банктердің өндіріс процесіне, таруар айналымына
белсенді қатысып, әсер етуіне мүмкіндік береді. Банк шаруашылық
органдардың төлем тәртібін, ол төлемдерді уақытында төлеуін мұқият
бақылайды және төлемеудің себептерін талдайды. Төлем тәртібін
бұзғаны, оны уақытында төлемегені үшін банк экономикалық
санкциялар қолданады.
Қажет жағдайда шаруашылық орган банктен уақытша несие ретінде
қаржылық көмек алып, пайда болған талаптар бойынша төлемсіздік
мөлшерін азайта алады.
Қатысушыларға байланысты есеп айрысу операциялары екі топқа
бөлінеді: клиенттік есеп айрысу операциялары (қатысушылар клиенттер
мен банктер) және банкаралық есеп айрысулар (қатысушылар тек
банктер). Есеп айрысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде
банктердің келесі есеп айрысуларын айтуға болады: аударымдық,
инкассалық, аккредитивтік және клирингтік.
Есеп айрысу кезінде келесі төлем құралдары қолданылады:
Төлем тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық
карточкалар, жирочектер (тапсырмалар).
Қазақстан Республикасында банкаралық және халық шаруашылығындағы
есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы Ұлттық банк. Ол
мынадай қызметтерді орындайды:
• Қолма – қолсыз және қолма – қол ақша айналым ауқымдарына, қолма –
қолсыз және қолма – қол ақша эмиссиясының мөлшеріне бақылау
жүргізу;
• Барлық коммерциялық банктер үшін(маманданғандарды қоса) біртұтас
әдістемелік негізде бірыңғай мемлекеттік есеп айрысу орталығы
болу;
• Есеп айрысудың, есеп берудің, есепке алу мен жүргізудің
ережелерін жасау және оларды унификациялау.
Қолма – қолсыз жолмен есеп айрысу жүйесінің ұйымдастырылуы
біртұтас негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы
жасалған: қаражаттарды бір шоттардан екінші шотқа дебеттік
аударымдар(чекткр), бір шоттан екінші шотқа кредиттік
аударымдар(жироесеп айрысулар). Чектер (көбінесе) бір реттік
мәмілелерде қолданылады, жироесеп айрысу – тұрақты және мерзім сайын
қайталанып тұратын мәмілелерде қолданылады.
Банкаралық есеп айрысу жүйесін ұйымдастырудың негізгі принципі –
бұл дербес екі кіші жүйені қалыптастыру болып табылады:
• Коммерциялық банктер арасында тікелей есеп айрысуды;
• Ұлттық банктің ЕКО – да ашылған корреспондеттік шоттар жүйесі
арқылы банкаралық есеп айрысуды.
Коммерциялық банк өздерінің ведомствалық мекемелер арасындағы
есеп айрысу формасын өздері анықтауға құқылы, ал қолма – қолсыз есеп
айрысу жүйесі банктер мен клиенттеріне белгілі бір есеп айрысу
операциясын жүзеге асыруды таңдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде елімізде есеп айрысу жүйесін қайта ұйымдастыру,
негізгі екі бағыт бойынша жүргізіледі:
• Жеке және заңды тұлғалардың есеп айрысу формаларының
пайдаланып жүргендерін жетілдіру және жаңа формаларын енгізу;
• Банкаралдық есеп айрысу жүйесін қайта ұйымдастыру.
Есеп айрысу формаларын жетілдіру туралы айтқанда, чекпен есеп
айрысудың клирингтік формасының дамуына басты көңіл бөлінеді,
себебі ол есеп айрысудың анағұрлым ыңғайлы формасы. Банкаралық есеп
айрысу жүйесін қайта ұйымдастыру – бұл банктердің тікелей
корреспонденттік қатынастарының дамуы және корреспонденттік шоттар
арқылы банкаралық есеп айрысу жүйесіне толық көшу.
Есеп айрысу операциялары - банк қызметін өзгермейтін, немесе
баяу өзгеретін саласы және бір немесе бірнеше коммерциялық
банктердің белгілі бір реформалар жүргізуі жеткіліксіз, себебі
барлығы осы шаруашылық іс - әрекетінің маңызды элементін реттейтін
заңды нұсқаулық материялдарға тіреледі. Жеке банктер тек бар есеп
айрысу формаларын жаңарта алады, ол клиенттерге сапаның жаңа
деғгейін ұсыну арқылы жүзеге асады.
Халықаралық тәжірбиеде қолданылатын есеп айрысу формаларының
(операцияларының) негізгі 3 тобын айтуға болады:
• Чек және вексель арқылы инкассалық операциялар;
• Аккредитивтер арқылы есеп айрысу;
• Аударым операциялары.
Инкассалық операциялар. Оларды жүргізе отырып, банк клиенттің
шотына онымен тапсырылған есеп айрысу құжаттары бойынша алынған
қаражаттарды есепке алады (негізінен олар чектер мен вексельдер).
Егер сатып алушы мен сатушыға бір банкте қызмет көрсетілетін болса,
онда инкассалық операция тек бір шоттан ақшалай қаражаттарды
шегеріп, екінші шотқа кірістіру арқылы жүзеге асады. Егер оларға
әртүрлі банктерде қызмет көрсететін болса, онда инкассалық операция
алушының шотына ақшаны есепке алудан бұрын, төлеушінің банкісінен
ақшаны алдын ала алу қажеттілігі қиындайды. Банк аралық есеп
айрысудың бұл мәселесі есеп айрысу палаталарының және клиенттік
палаталардың құрылуымен шешіледі.
Аккредитивтер арқылы есеп айрысу сатушы сатып алушыға күмәнді
болып, банк кепілдемесін алғысы келгенде қолданылады. Аккредитивтер
құжаттық, шақырылатын және шақырылмайтын, өтемдік болады.
Аударым операциялары клиенттің тапсырысы бойынша қаражаттарды
банктің бір бөлімінен екінші бөліміне, немесе банк корреспондентіне
аудару. Бұл операцияның мәні банкіге(қабылдаушы) телеграф немесе
пошта арқылы қандай сома, қандай мерзімде және кімге төлеу туралы
хабарлауды сипаттайды.
Соңғы уақытта бөлшек сауда нарығында әртүрлі төлем карточкалары
кеңінен қолданылып келеді, яғни пластикалық карточкалар мен
автоматтандырылған төлем сомалары. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасында автоматты төлемдердің 3 түрі дамыды:
1. Электрондық есеп айрысудың бөлшек жүйелері;
2. қаражаттарды аударудың банкаралық жүйесі;
3. банк ішіндегі компьютерлік кешендер.
Қазіргі жағдайда бұрын қалыптасқан ақша жүйесінің мазмұны біраз
өзгерді. Себебі металл ақша жүйесінде қолма – қол ақшасыз айналым
ақша айналысының аз ғана бөлігін құраған. Ең алдымен қоғакмдық
еңбекті үнемдеу – жалпы экономикалық заңның әсеріне байланысты. Ақша
жүйесінің дамуы ақша айналымының шығындарын үнемі қысқартатын,
сөйтіп қоғамдық еңбектің де шығындарын азайтатын, еңбір үнемді ақша
жүесінің пайда болуына жеткізеді [12].
Қазіргі қағаз – несие ақшалары жүйесіне тән өзгерістер
мыналар:
– Алтынның мемлекеттің ішкі және сыртқы ақша айналымынан
шығып, оның қазына қорына құйылуы ( ол қор негізінен, банктерде
сақталады);
– Банктердің несиелік операцияларының негізінде қолма – қол ақша
және қолма – қол емес ақша белгілерін шығаруы;
– Қолма – қол ақшасыз айналымның дамуының нәтижесінде қолма – қол
ақша айналысының қысқаруы (әлемдік экономикада бұл екі айналымның
орташа арақатынасы)
– Мемлекет тарапынан ақша – несиелік реттеу механизмін құру және
дамыту.
Айдың соңында бас кітаптың қорытындысы негізінде синтетикалық
(топтамалық) есептің шоттары бойынша жай немесе шахматты нысандағы айналым
тізімдемесі (ведомосы) қүрылады. Бас кітаптың мәліметтері синтетикалық
(топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есептің айналым тізімдемелерін,
бухгалтерлік балансты, сонымен қатар есеп берудің басқа нысандарын құру
үшін қолданылады.
Мемориалдық-ордер формасы аналитикалық (талдамалық) есептік
кітаптарда, карточкаларда немесе бос беттерде жүргізіледі. Аналитикалық
(талдамалық) есеп тіркелімдеріндегі жазбаларды мемориалдық-ордерлерге қоса
берілген қүжаттардан алады. Ай соңында аналитикалық (талдамалық) есеп
тіркелімдерінің жазбалары негізінде айналым және сальдолық тізімдемелер –
сәйкес синтетикалық (топтамалық) шотпен біріктірілген аналитикалық
(талдамалық) шот тобына бір ведомость (тізімдеме) құрылады. Бүл
тізімдемелердің мәліметтері синтетикалық (топтамалық) шоттармен
біріктірілген аналитикалық (талдамалық) шоттардың сальдосы мен
айналымдарының қорытындыларын салыстыру үшін қажет. Мемориалдық-ордер есеп
жазбаларының сызбасы 1-суретте көрсетілген.

Құжаттар

Тізімдемелер Журнал-ордерлеКассалық кітап
р

Аналитикалық
есеп
карточкалары

Баланс және Бас кітап Аналитикалык
есеп-қисаптың шот бойынша
басқа да айналым
нысаны (сальдолық)
тізімдемесі

Сурет 1- Есептің журнал-ордер нысаны жазбаларының сызбасы

Есептің мемориалдық-ордерлі нысаны есептік тіркелімдерінің
жеңілдігімен және есеп жазбаларының техникасымен ерекшеленеді. Алайда бүл
нысанының кемшілігі ретінде — құжаттардағы бір ғана ақпараттық
мәліметтердің тізімдемелерге (ведомостарға), мемориаддық-ордерлерге,
журналдарға, синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық)
есептің тіркелімдеріне бірнеше рет қайталанып жазылуын атап өткен дүрыс.
Басқа нысандарға қарағанда мемориалдық-ордер нысанын жүргізу көп еңбекті
керек етеді. Оның бір түрі бас-журнал нысаны. Бұнда негізгі есеп тіркелімі
карточкалар мен бос беттер емес, бас журнал деп аталады. Ол азғана шоттарды
пайдаланатын шағын кәсіпорындарда қолданылады. Оның өзгешелігі кітапта
бухгалтерлік жазу хронологиялық және жүйелі түрде ұштастырылып жазылады.

Бас журналдың бұлай құрылуы оған жазылған жазуды көзге көрнекті болып
және оған шолуды жеңілдетеді.Журналда шығарылған қалдықтар (сальдо)
синтетикалық (топтамалық) шоттар бойынша дайын айналым тізімдемесі
(ведомосын) жасауды қажет етпейді. Бас журналда алғашқы және соңғы қалдық
шығарылып отырылады, сондықтан да кез келген уақытта бас журналдың
негізінде баланс жасауға болады. Бас журналды жүргізгенде бөлек немесе
біртектес алғашқы құжаттар негізінде мемориалдық – ордерлер жасалады [13-
15].
Журналда жазбалар мемоиалдық ордерлердің нөмерлері мен күнін,
корреспонденцияланушы шоттардың кодтарын, жеке және жалпы сомаларды
көрсетумен бірге дебит және кредит бойынша жүргізіледі. Содан кейін әрбір
шот бойынша бір айдағы айналым есептеліп, соңғы сальдо анықталады. Бас
кітаптың көрсеткіштері негізінде синтетикалық шоттар бойынша бухгалтерлік
баланс құру үшін қолданылатын айналым тізімдемесі толтырылады.
Журнал – ордерлі нысанын пайдалану барысында бухгалтерлік есеп
ақпараттарын тіркеудің негізгі принципі – жинақталымдық тізімдемелерде
(ведомостерде) алғашқы (бастапқы) құжаттардың мәліметтерін жинақтау. Бұл
нысанның негізгі есеп тіркелімі Журнал – ордер болып табылады. Журнал –
ордерлерде алғашқы (бастапқы) құжаттардан немесе жинақталымдық
тізімдемелерден алынатын хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп
көрсетіледі. Әрбір синтетикалық шотқа арнайы журнал-ордер ашылады, оның
ішінде шоттың кредитінен сәйкес шоттардың дебитіне жазылатын шаруашылық
операциялар көрсетіледі. Құралдардың (қаражаттардың) қозғалысын бақылауды
күшейту үшін журнал-ордердің жинақталымдық тізімдемелері бірге қолданады.
Кейбір журнал-ордерлерде синтетикалық және аналитикалық есептердіңде
жүргізілуі мүмкін. Бірақ аналитикалық есептің карточкалары қолданылмайды
және айналым тізімдемелері құрылмайды. Журнал-ордерлерде типті шот
корреспонденциясы қойылуы мүмкін. Бұл тіркелімдерді түсініктірек етіп
көрсетеді және қателер санын азайтады.
Бастапқы құжат мәліметтерін жалпы бірыңғай шаруашылық операциялар
бойынша журнал-ордерлерге немесе жинақталымдық тізімдемелерге жазады, ал
қорытынды көрсеткіштер журнал-ордерлерге көшіріледі. Журналда аналитикалық
(талдамалық) есебі жүргізілмейтін шаруашылық операциялар бойынша мәліметтер
аналитикалық есептің карточкаларында көрсетіледі (негізгі құралдарды тағы
басқаларды есептеу).
Ай соңында барлық карточкалар журнал-ордерлер және солардың
тізімдемелері бойынша қорытынды сомалар есептеледі. Карточкалардың
қорытындысы аналитикалық (талдамалық) шот бойынша айналым тізімдемелеріне
көшіріледі, ал журнал-ордерлер мен тізімдемелердің қорытындысы басқа журнал-
ордерлердің тізімдемелері мен корреспонденцияланушы шоттармен құжаттар
(тауарлы және кассалық есеп берулер, банк көшірмесі және тағы басқалар)
бойынша салыстырылады. Өзара салыстырудан кейін кредит айналымының ортақ
сомасын әрбір журнал-ордерлерден бас кітаптың сәйкес шотына жазады. Бас
кітаптың әрбір синтетикалық (топтамалық) шотының дебит бойынша айналымдарын
әр түрлі шоттардың кредиті бойынша айналымдар корреспонденциясымен бірге әр
түрлі журнал-ордерлерден жинақтайды. Осыдан кейін бас кітаптағы әрбір
шоттың дебиті бойынша ортақ қорытынды есептеледі, ай соңындағы қалдық
шығарылады және бухгалтерлік баланс пен есеп беру тағы басқа нысандары
құрылады. Баланс құрудан бұрын айналым тізімдемелерінің қорытындысын бас
кітаптың сәйкес шоттарының қорытындысымен салыстыру қажет.
Бухгалтерлік есептің журнал-ордерлі нысаны есептің бас-журнал
нысанымен кейбір ортақ қасиеттеріне ие, арнайы журналдардағы бастапқы
құжаттардың мәліметтері бойынша жалпы бірыңғай операциялар туралы ақпарат
жинақтау, бір тіркелімде синтетикалық және аналитикалық есепті біріктіру,
бас кітапта синтетикалық шоттар мен сальдо және тағы басқалар бойынша
ағымдағы айналымдарды көрсету.
Шағын кәсіпорындар бухгалтерлік есеп нысанының жай немесе
жеңілдетілген (кәсіпорын мүлігін есептеу тіркелімдерін пайдалану арқылы)
түрін қолдана алады.
Есептің жай нысаны шаруашылық операцияларын есептеу кітабында
қарастырылады. Ол кітап кәсіпорындарда қолданылатын барлық шоттарды
қамтиды, сондай-ақ синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық)
есепті біріктіреді, яғни біріктірілген тіркелім болып табылады. Бұл қүжатқа
жазылатын ақпараттар алғашқы (бастапқы) құжаттардан алынып, хронологиялық
тізбекте бір уақытта шоттар бойынша топтау арқылы жүргізіледі. Бухгалтерлік
есептің жай нысанындағы жазбалар сызбасы 2-сызбада көрсетілген.

Қүжаттар
Кассалық кітап Шаруашылық Еңбек
операциялардың төлемдері
есеп кітабы бойынша
қызметкерлер
мен есеп
айырысу
тізімдемесі

Бухгалтерлік
баланс және есеп
берудің басқа
нысандары

Сурет 2. Бухгалтерлік есептің жай нысанындағы жазбалар сызбасы

Кітап ұйымның кез келген уақыттағы (күнгі) мүліктері мен қаржылық
міндеттемелерінің барлығын анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік
береді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жай нысанындағы аталған есеп
тіркелімінен басқа есеп айырысу төлем тізімдемесін ауыстыратын
қызметкерлермен есеп айырысу тізімдемесі жүргізіледі.
Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар үшін
қолайлы.Әрбір тізімдеме әдетте, қолданылатын бухгалтерлік шоттың біреуі
бойынша жүрген операцияларды есептеу үшін қолданылады (шоттардың жұмыс
жоспарына сай).
Бастапқы құжаттар (актілер, жүкқұжаттар, есеп-қисап және тағы басқа)
негізінде шаруашылық операциялар екі тізімдемеде көрсетіледі: біріншіде -
шоттың дебиті бойынша кредиттелуші шот нөмірі, екіншіде -
корреспонденцияланушы шоттың кредиті бойынша дебиттеуші шоттың нөмірінің
ұқсас жазбасы [16,17].
Жеке тізімдемелердегі қаражат қалдықтары, солардың негізінде жазбалар
жүргізілген бастапқы құжаттардың сәйкес мәліметтерімен салыстырылуы керек
(кассалық есеп беру, банк көшірмесі және тағы басқалары).
Кәсіпорынның бір айдағы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерін
қорытындылауға арналған қаржы-шаруашылық қызметінің айлық қорытынды
жинақтау тізімдемелері арқылы шахматтық тізімдеме құрылады. Ал бұл
шахматтық тізімдемедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның айналым
тізімдемесі, бухгалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқа да
түрлері жасалады.

1.3 Қолма – қол емес есеп айырысудың түрлері

Қолма – қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып
табылады әрі қолма – қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айрысудың
бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара шегеру жолмен
жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.
Қолма – қол ақшасыз айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым
және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға
тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен
сатылу процесін тікелей бейнелейді. Айналымның тауарлық қолма – қол
ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін
халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма – қол
ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын төлемдері кіреді.
Тауарға қатыссыз қолма – қол ақшасыз айналымда кәсіпорындардың,
ұйымдардың, мекемелердің, сондай – ақ халықтың ұлттық табысты
қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу, амортизациялық аударымды қайта бөлу
процесіндегі төлемдері, айналымдағы қаражат пен пайда, банктің
несиелеуі, сақтандыру және басқа да тауарға қатысы жоқ төлемдер көрініс
табады.
Тауарға қатысы жоқ қолма – қол ақшасыз төлемдерге жататындар:
еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық,
пошталық және тағы басқа қызмет төлемдері; несиені өтеудің төлемі және
қолма – қол ақшасыз есеп айрысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да
төлемдер.
Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша
айналымын жылдамдату үшін әрі көлік ( тасымалдау) шығындарын азайту
үшін қолма – қол ақшасыз есеп айрысудың салаларын одан ары ұлғайту,
жетілдіру қажет. Қолма – қол ақшасыз есеп айрысу жолымен кәсіпорындар
мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған
ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттің және қаржы – несие
мекемелерінің арасында есеп айрысулар жүзеге асырылады. Бүгінгі
таңда халықпен есеп айрысуда қолма – қол ақшаның қолдану салалары
кеміп келеді. Еңбекақы беру, коммуналдық, пошталық төлемдер және басқа
да шығындардың көп бөлігі қалаларда банктердегі салым ақшадан пошта
бөлімдерінен, пластикалық карточкалармен аудару арқылы қолма – қол
ақшасыз жүзеге асырылады, сондай – ақ сатып алынған тауарлардың
төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық карточкалар арқылы
төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма – қол ақшаның пайдаланылатын
салаларын кемітуге, қолма – қол ақшасыз есеп айрысудың үлесін арттыруға
мүмкіндік береді.
Қолма – қол ақшасыз есеп айрысудың артықшылықтары мынада:
– Ол банк жүйелерінің несиелік ресурстарын арттыруға, несие қатынасын
дамытуға мүмкіндік береді;
– Ол айналымға аса қажетті қолма – қол ақша сомасының тұтынылуын
кемітеді;
– Ол траксакциялық шығындардың (банкноттар мен тиындарды басып
шығару, сақтау, тасымалдау, санау түріндегі айналыс шығындары) кемуіне
мүмкіндік тудырады;
– ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмысында есеп айырысуларды және
қаражат айналымын шапшаңдатады;
– қолма – қол ақшасыз есеп айрысу процесінде шаруашылық органдардың
төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға мүмкіндік
алады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайлары тұрақталып, жұмыстарының
тиімділігі мен пайдалылығы жоғарылайды.
Мынаны айта кету керек, қолма- қол ақшасыз айналыстың аталған
барлық артықшылықтары есеп айырысулар үнемі жүзеге асырылғанда ғана
нақты шындыққа айналады. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін
қолма- қол ақшасыз айналымды ұйымдастыруда белгілі бір принциптері
сақталуы керек.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
– Төлеушілердің банктерді және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың

түрлерін таңдаудағы еркіндік принципі. Бұл принцип әлеуметті клиентке
қызмет көрсету мәдинеті жоғары әрі есеп айырысу операциаларын
жылдам және дәл орындай алатын банктерді таңдауға, сондай -ақ
келісімшарттағы шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін қолма- қол
ақшасыз есеп айырысудың мақсатқа лайықты түрлерін таңдауға
мүмкіндік береді.
– Төлеушінің төлем келісімінің міндетті түрде бөлу принципі,
яғни
төлеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат
міндетті түрде болуы керек. Мұның мағынасы мынадай; шот иесінің
шоттағы қаражатын банк төлемдердің белгіленген кезегіне қарай әрі
шотта қалған қаражаттың шегінде төлем үшін жүзеге асырады.
Соңғысы ( шот иесінің шоттағы қаражатының шегінде төлемнің жүзеге
асырылуы) төлемнің қамтамасыз етілу принципін немесе төлеушінің
өтімділік принципін білдіреді.
– Төлемнің мерзімділік принципі. Бұл принциптің экономикалық
мағынасы мынадай: ақшалай қаржатты алушы қаражаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пластикалық карточкалар ұғымы мен оларды қолдану принциптері
Төлем жүйесінің төлем карточкалар арқылы жұмыс жасауының экономикалық аспектілері
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі төлем карточкалары
Пластикалық карточкалардың нарықта пайда болу көріністері
Шетел валютасымен операциялар
Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі
Ақша айналымының ұғымы және оның құрылымы
Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
Ақша айналымы және оның құрылымы
Пәндер