Электронды оқыту құралының құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт
өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат
баласы оның соңынан ілесуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен
компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік
технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік
техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі
мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде
бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі
заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын
прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.
Ақпараттық-комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,
электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс
істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Оқу-ағарту жұмысына келетін болсақ, оқытудың компьютерлік технологиясы
информатика пәніне негізделген және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу
технологиясына негізделген. Оқу-білім ордаларында заманның ағымына
байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу
жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды
қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді,
комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді.Мысалға алсақ, бірнеше
жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі
кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері
орнатылған. Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-
жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына
жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер
пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электронды
оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста.
Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында:
Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім
беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек десе, осы жолдаудың ІІІ
тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында : Ақпараттық
технологиялар мен ақпаратты таратуд ың жаңа нысандарына бағытталған
мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр
делінген, сондай – ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында Он - лайн
тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет
деп атап көрсетілгендей бүгінгі  күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық
технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын
қажет етеді. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Қазіргі кездегі  шапшаң  жүріп жатқан жаhандану  үрдісі  әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы  Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі 
бәсекеге қабілетті  50 елдің  қатарына  кіру стратегиясы
атты жолдауында Білім беру реформа сы - Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының
бірі деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне  
мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын  жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие 
үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен сапасын  жоғарлатуды
көздейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының  шешімімен  ХХІ ғасыр
–ақпараттандыру ғасыры  деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми –
техникалық   прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру
болатын жаңа кезеңіне енді.

Электронды оқыту құралы – деп білім берудің компьютерлік технологиясын
кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.
1. Қолдану аясы – ҚР мемлекеттік стандарты электронды оқыту құралының жалпы
талаптарын, құрылымын, мазмұнын, безендіруді анықтайды.
2. Электронды оқыту құралы құрамына қойылатын талаптар:
Электронды оқыту құралы құрамында болуы керек: титулдық бет, мазмұны,
утилиттер, көмекші және құжаттама.
1. Титулдық бетте - электронды оқыту құралының мәліметтері орналасады.
Мекеменің аты және пәннің аты.
2. Мазмұнында - электронды оқыту құралының мақсаттары мен мәселелеріне
сәйкес келетін және қорытынды бақылау жұмысы жүргізілетін оқу
материялдарының барлық көлемі болу керек. Оқу материялының мәтінінде
ғылыми терминалогия қолданылу керек және толық , нақты, анық болуы
керек.
3. Көмекш і- электронды оқыту құралы жұмысын басқару бойынша ақпарат болу
керек.
Ағылшын тілі пәнінен электронды оқыту құралын жасауымның басты мақсаты.
Әлемдегі ақпараттық технология қалай дамыса, онымен қоса дамитын,
қалыспайтын дүние бар. Яғни, ол халықаралық қарым-қатынас тілі. Қазіргі
кездегі кең етек жайып жатқан қарым – қатынас тілі – ағылшын тілі болып
табылады. 50 бәсекелестікке қабілетті елдің қатарына қосылу үшін біздің
жастар жан жақты болу керек. Елде бірнеше жылдар бойы ағылшын тілі жеке пән
ретінде оқылады. Сондықтан оқулықты жасауымның басты мақсаты - ағылшын
тілінің маңыздылығын ескере отырып, қолданушыларды әлемдегі осы тілді
меңгеріп, еркін сөйлеуге ынғайлы болып табылады.

І БӨЛІМ. ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯҒА ЕНГІЗУ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ
1.1 Желілік технологияға еңгізу пәнінен электронды оқыту құралына
түсініктеме
Электронды оқыту құралы – бұл бағдарламалы-әдістемелік комплекс,
компьютердің көмегімен өз бетімен немесе оқытушымен оқу курсын не оның
үлкен бөлігін оқып игеруге мүмкіндік береді.
Электронды оқыту құралы немесе курс әдетте үш компоненттен тұрады:
тұсаукесерлік құрылымы, онда курстың негізгі информациялық бөлігі беріледі;
жаттығулар, алынған білімді бекітуге бағытталған; тестілер, оқушының
білімін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Оқыту бағдарламалары түрлі пәндерді оқыту процесінде қолданылады- сурет
салудан бастап химияға дейін.
Оқыту бағдарламалары жағымды педагогикалық әдістерге негізделген болуы
қажет, пәннің және оқылатын тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін ескеруі
тиіс, барынша оқытушының көптеген функцияларын орындауы қажет.
Оқыту бағдарламаларын құру - өте қиын да еңбекті қажет ететін жұмыс.
Сонымен бірге оқыту бағдарламаларын және арнайы солар үшін құрылған
оқулықтарды қатар қолданған тиімді.
Оқулықтар, егер көлемі өте үлкен жадыны алатын сыртқы көтергіште CD-
ROM типті болса, оларды электронды бақылағыштармен жабдықтау тиімді, олар
оқушыға қажет болған жағдайда нақтылы оқу бөлімінің қайсысын оқып
шыққандығы туралы мәліметті шығарып бере алады, және тақырыппен танысу
барысында қалып қойған жерлерін де көрсетеді.
Әдетте, Электронды оқыту құралдары мен энциклопедияларды, әуесқойлық
және кәсіптік сипаттағы, көбінесе компакт-дискілерде шығарады, бірақ сол
сияқты басылымдар Интернетте де пайда бола бастады. Құру процесі жеңіл
болса, осыған ұқсас қосымшаларды шығарушылар саны да артады. Электрондық
басылымдарды құрушылар ретінде кітап баспаханалары да бар (яғни ақпарат
иелері) және журналистер, периодты басылымдардың электрондық версияларын
шығарады, ақырында оқытушылар да бар. Аралық ортада ақпарат иелері мен
бағдарламашыларды біріктіретін топ бар.
Оқыту бағдарламасын құру барысында қазіргі информациялық технологиялар
ұсынатын барлық технологиялық құралдар арсеналын қолдану өте маңызды.
Электронды оқыту құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын
талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда
айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған
компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп,
оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы
тиіс.
Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға
айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Программа құрушы
мынандай жағдайларды ескеруі керек:
- оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы мұғалімге
материалдарды аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін беру;
-оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы
интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.
Электронды оқыту құралының нәтижелілігі мынада:
- тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті
қасиеті)
- қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді.
- Гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады.
- әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша
тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.

Электронды оқыту құралын мынадай жағдайларда қолдануға болады:
- теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік
береді;
- сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауда көмектеседі;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі,
шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген;
- Емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланылады.
Электронды оқыту құралын қолдану мүмкіндігі өте зор: компьютерлік
оқыту бағдарламаларын қолдану өздігінен білімін жетілдіруде тиімді,
дистанционды оқытуда да; арнайы білім алуға талпынған адамдар үшін де
ұсынылады.
Кең мүмкіндікті және жоғары интеллекті жаңа буындағы дербес
компьютерлердің шығуы бағдарламалық оқу құралдарын құру мақсаттарын қайта
қарауға жетеледі, олардың негізгі мақсаты кез-келген бір салада ақпараттар
алу және білімді қалыптастыру, дағдылары мен шеберлігін бекіту, бақылау мен
тестілеу.
Оқу процесіне компьютерлік технологияларды енгізу келесі істерге
мүмкіндік береді:
1. белгілі бір пән бойынша оқу курсын толық компьютерде өткізуге
(лекцияларды, практикалық сабақтарды және материалды ұққандығын
бақылауды қоса);
2. студентті қажетті кітаптарды іздеу мен сатып алу процедураларынан
құтқарады;
3. лекция материалдарын тиімді қолдануға, берілген пән бойынша компьютерлік
жүйе арқылы пайда болатын жаңа ақпараттарды ескере отырып қолдануға;
4. әрбір тақырып бойынша жүйелі түрде студентті тестілеу нәтижелерінің
анализі арқылы материалды беру тәсілдерін жетілдіру;
5. студенттерге лекциондық материал мен практикалық жұмыстарды үйде
орындауларына жағдай жасау.
Осылайша, компьютерлік технологияларды енгізу оқыту сапасын арттырады
және оқытушының еңбегін жеңілдетеді, сол себепті оған өзінің білім деңгейін
арттыруына жағдай туғызады.

1.2 Желілік технологияға еңгізу пәнінен электронды оқыту құралының
қасиеттері
Электронды оқыту құралының негізгі қасиеттері:

λ€€€€ Жинақтылық

λ€€€€ Жүйелілік

λ€€€€ Эстетикалық көркемділігі

λ€€€€ Жылдамдылығы және т.б.

Электронды оқыту құралының құрылымы:

1.          Материалдың мәтін, сурет,график, кескін, кесте және т.б.
түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

2.          Материалдың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының
графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі
идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп,
графиктік түрде бейнелеу.

3.          Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың)  тестілік
жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін
айқындайтын сұратар мен тапсырмалар беріледі.

Электронды оқыту құралының құрылымдық элементтері:

ν€€€€ Сыртқы беті;

ν€€€€ Титулдық экран;

ν€€€€ Мазмұны;

ν€€€€ Аннотация;

ν€€€€ Оқу материалының толық баяндалуы;

ν€€€€ Оқу материалының қысқаша мазмұны;

ν€€€€ Қосымша әдебиеттер;

ν€€€€ Өзіндік білімді тексеру жүйесі;

ν€€€€ Авторлар тізімі;

ν€€€€ Терминдік сөздер;

ν€€€€ Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

ν€€€€ Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.

1.3 Желілік технологияға еңгізу пәнінен электронды оқыту құралының
маңыздылығы

Желі соңғы кезде компьютердің сәнді қосымшасынан бірден көп компьютері
бар кез келген компанияның міндетті әрі өте қажетті құралына айналды.
Аппаратуралар мен программалық құралдардың жетілуі қарапайым желіні кез-
келген қолданушы орната алатын және қолдана алатын дәрежеге жеткізді.
Сондай-ақ, желі ортасын орнату мен осы ортада жұмыс істеу және оған қызмет
көрсету мүмкіндіктері толық әрі түсінікті тілде жазылған әдебиеттердің
көптігі, Wіndows жүйелік ортасында желіде жұмыс істеу мүмкіндіктерінің
дамыған әрі қарапайым болуы да бұл мәселенің тез шешімін табуға әкеп соқты.
Бұрын тек арнайы дайындығы бар, таңдаулы мамандар ғана желі мүмкіндіктерін
пайдалана алса, қазір кез-келген қолданушының қолынан келеді. Себебі
желілік технологияны біздің елдеде жетік меңгеруге оқытуда. Сондықтан
біздің елімізде де бірнеше жылдар бойы Желілік технологияға еңгізу пәні
жүргізілуде. Осыны есекере отырып желілік технология электронды оқуту
құралының негізі қылып алдым. Бұл электронды оқыту құралы колледждің білім
алушыларына Желілік технологияға еңгізу пәніне қолданамыз. Осы оқыту
құралын пайдалана отырып, сіз компьютерлік желіні өзіңіз құрып, меңгере
аласыз.

1.4 Желілік технологияға еңгізу пәнінен электронды оқыту құралының
құрылымы

Бұл электронды оқулық тапсырмалармен, тестілермен, сөздіктермен
қамтылған.

Оқулықты жасау барысында оның қарапайымдылығы мен қол жетімділігін
басты назарға қойдым. Желі технологиясы бойынша барынша мол ақпараттар
беруге тырыстым. Дәрістер мазмұны қолданушыға түсінікті және тақарыпты
толығымен қамтылуын қадағаладым.

Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдау үшін дискет
қолданылады. Бұл әдіс өте тиімсіз ыңғайсыз. Егер Ақпарат көлемі өте
үлкен болған жағдайда ол ақпаратты дискетпен тасымалдау іс жүзінде мүмкін
емес. Ең тиімдісі, бірнеше компьютерлерді кабель арқылы жалғап, бірлесіп
жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Компьютерлерді бұлай жалғастыру компьютерлік
желі деп аталады.

Компьютерлік желі - бұл әртүрлі ресурстарды (программалар, құжаттар
және принтерлер) бірге пайдалана алатын, бір-біріне жалғасқан компьютерлер
тобы.

Егер информатика кабинетіндегі компьютерлер желі арқылы біріктірілген
болса, онда сіз өз компьютеріңізден өзіңіз құрған құжатты басқа
компьютерге орналастырылған принтерден, принтер өз компьютеріңізге
жалғасып тұрғандай баспаға шығара аласыз. Сонымен бірге, сіз өз орныңыздан
тұрмай өзге компьютерге "қонаққа барып", ол компьютердегі файлдар мен
бумаларды көріп, керектісін өз компьютеріңізге тасымалдай аласыз.

Компьютерлерді желіге ондағы ресурстар мен ақпарат алмасуды бірге
пайдалану үшін жалғайды. Компьютер ресурстары: ақпараттық және техникалық
болып екіге бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға - программалар мен мәліметтер,
ал техникалық ресурстарға - принтерлер, модем, сканерлер жатады.

Тек сол компьютердің өзінен алуға болатын ресурстар жергілікті
ресурстар деп аталады. Желінің басқа компьютерлері де пайдалана алатын
ресурстар ортақ немесе желілік ресурстар деп аталады. Жергілікті және
ортақ ресурстар түсінігі шартты түрде бөлінген. Яғни, бұл жергілікті
ресурсты ортақ ресурсқа айналдыруға, керісінше, жалпы ресурсты жергілікті
ресурс жасауға болады, демек, желінің басқа пайдаланушыларына бұл ресурсты
пайдалануға тыйым салуға болады.

Компьютерлік желілердің түрлері

Компьютерлік желінің құрылуына бірі-бірінен алыста тұрған компьютер
пайдаланушыларының ақпаратты бірігіп пайдалану қажеттілігі себеп болды.
Мұндай компьютерлік желі өзара байланысқан бірнеше аймақтарға таралады.
Сондықтан қазіргі кезде осылай аймақтық белгісі бойынша компьютерлік
желілерді бөлуге тура келді. Компьютерлік желілер үш топқа жіктеледі:

· жергілікті желі;

· аймақтық және корпоративтік желілер;

· ауқымды желілер.

Көлемі бойынша кішігірім, бір үй, ғимарат, кәсіпорын аумағында жұмыс
істейтін желі жергілікті деп аталады. Компьютерлік желі мектептердегі
барлық компьютерлерді біріктіре алады. Көршілес үйлердегі екі-үш
адамдардың компьютерінің арасында да желі құруға болады. Желіде жұмыс істеу
арқылы пайдаланушылар бір мезгілде бірдей ішкі ақпарат көздерін пайдалана
алады.

Ақпаратты қаланың әр бөлігінде, елдедерде, аймақтарда орналасқан
компьютерлердегі ақпараттарды бірігіп пайдалану қажеттілігі аймақтық
желінің пайда болуына әкелді.

Аймақтық желі - бұл бір аймақтағы компьютерлерді біріктіретін желі.
Егер мұндай желі қандай да бір ұйымдарға, ұйымдардың тобына қарасты болса,
онда мұндай желі корпоративті желі деп аталады. Компьютерлік желі
клиенттерге әр жердегі бөлімшелерден қызмет көрсету үшін пайдаланылады,
мысалы, банктерде. Мұндай желіге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
желісі - Banknet мысал бола алады. Ол клиенттерді банктің негізгі
компьютерлерін оның барлық филиалдарындағы компьютерлермен (аудандық
бөлімшелерін қоса) біріктіреді. Қазіргі кезде әр аймақтық желі аумақты
желінің бір бөлігі болып саналады.

Ауқымды (телекоммуникациялық) желі - бұл әлемдегі ақпарат ресурстарын
ортақ пайдалану үшін көптеген жергілікті желілердің, бір-бірінен қашықта
тұрған жеке компьютерлердің бірігуі. Ең кең тараған ауқымды желі Интернет
болып табылады.

Байланыс арналарының сипаттамасы. Әртүрлі физикалық ортадағы желі
объектілерінің қарым-қатынас процесі байланыс арналары арқылы жүргізіледі.

Байланыс арналарының ең негізгі сипаттамасы:

-желіде 1 секунд ішінде жіберілген мәліметтерді жіберу жылдамдығы
ақпараттың бит санымен анықталады,

- сенімділік (ақпарпатты еш нұқсансыз, жоғалтпай жеткізу мүмкіндігі);

- құны (бағасы);

- дамуы болып табылады.

Телефон желісіне қарағанда электр кабель байланысының жылдамдығы
жоғары. Виттік жұп кабелі әрі арзан, әрі мәліметтерді тарату жылдамдығы
жоғары, бірақ, кедергілерден қорғалмаған. Коаксиалды (экрандалған) кабель
ең күшті кедергі сақтандырғыш болып табылады. Кәдімгі телефон арналарына
қарағанда электр кабельдерін пайдалану қымбатыраққа түседі. Сол себепті өте
алыс емес қашықтыққа (жергілікті желілерде) электр кабельдері қолданылады.
Оптоталшықты волоконды кабель - бұл байланыстың ең жақсы түрі, бірақ ол өте
қымбат (оның құны өте жоғары).

Желілік адаптерлер. Байланыс арналары арқылы ақпаратты тасымалдау
барысында компьютерлік сигналдарды белгілерді физикалық орта сигналымен
ауыстыру керек. Ол үшін желілік адаптерлер желілік карталар
пайдаланылады.

Желілік адаптерлер - компьютермен байланыс арналарының арасындағы
қызметтерді атқаратын техникалық құрылғы.

Желілік адаптерлер байланыс арналарына сәйкес келуі тиіс. Адаптер
компьютердің жүйелік материнский платасының ұяшығына қойылады және басқа
компьютердің желілік адаптерімен кабель арқылы жалғанады. Желілік
адаптерлерге емес желі компьютерлерінің адрестері қойылады, онсыз ақпаратты
тасымалдау алмасу мүмкін.

Клиентсервер технологиясы.

Көптеген компьютерлік желілерде программалық жасақтауда -
клиентсервер технологиясы қолданылады. Клиентсервер технологиясын
пайдаланушы желілер - "клиентсервер" деп аталады. Мұндай желілерде сервер
және клиент деп аталатын компьютердің екі түрі пайдаланылады. Сервер - бұл
желінің бас компьютері. Сервер ортақ мәліметтер қорына енуді қамтамасыз
ететін, пайдаланушылардың қарым-қатынасын, енгізу-шығару құрылғыларын
бірігіп пайдалануды ұйымдастырады. Клиент - ақпараттық ресурстарға ене
алатын немесе сервер құрылғыларын пайдалана алатын желі компьютері. Сервер
әртүрлі типті (пошталық, ақпараттық т.б.) бола алады, сонымен бірге кез-
келген операциялық жүйеде (Microsoft Windows, Unix, MacOS ) жұмыс істей
алады. Ал, клиент компьютері (жұмыс станциясы) кез-келген операциялық
жүйеде жұмыс істей алады немесе терминал (монитор+пернетақта) бола алады.

"Клиентсервер" желілері серверлер арасындағы тарату қызметінің сипаты
бойынша: файлдық серверлер, ақпараттық серверлер, мәліметтер қоры сервері
болып бөлінеді. Клиент компьютерінде (жұмыс станциясында) "клиент-
программа", ал сервер компьютерінде "сервер-программа" орналасады. Клиент-
программа - сұраныс даярлайды, оны желі арқылы жіберіп, сервер-программадан
жауап қабылдайды және де өз кезегінде сұраныс қабылдап, жауап даярлайды
және оны желі бойынша таратады. Программалар арасындағы қарым-қатынас ортақ
хаттамалар көмегімен жүргізіледі.

Жергілікті желі соңғы кезде компьютердің сәнді қосымшасынан бірден көп
компьютері бар кез келген компанияның міндетті әрі өте қажетті құралына
айналды. Аппаратуралар мен программалық құралдардың жетілуі қарапайым
желіні кез-келген қолданушы орната алатын және қолдана алатын дәрежеге
жеткізді. Сондай-ақ, желі ортасын орнату мен осы ортада жұмыс істеу және
оған қызмет көрсету мүмкіндіктері толық әрі түсінікті тілде жазылған
әдебиеттердің көптігі, Wіndows жүйелік ортасында желіде жұмыс істеу
мүмкіндіктерінің дамыған әрі қарапайым болуы да бұл мәселенің тез шешімін
табуға әкеп соқты. Бұрын тек арнайы дайындығы бар, таңдаулы мамандар ғана
желі мүмкіндіктерін пайдалана алса, қазір кез-келген қолданушының қолынан
келеді.

Бірақ кейбір қолданушылар көп таралған әдебиеттерде қарастырылған желі
мүмкіндіктері туралы мәліметпен шектеле алмайды. Оларға желі адаптерін
компьютерге қосу, адаптер мен концентраторды кабель арқылы жалғау немесе
дискілерді бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін программаны іске қосу
жеткіліксіз. Олар желі қондырғыларының қалай өзара байланысатынын, қандай
алгоритм қолданатынын, бір-бірінен айырмашылықтарын да білгісі келеді.
Жоғары немесе орта арнайы техникалық білімі бар мамандар желі
технологиясының негізін де білгісі келетіні таң қалатын жағдай емес.

Сондықтан, біздің колледжде информатика мамандықтары студенттері үшін
Желілік технологияға еңгізі пәні бойынша арнайы электронды оқыту құралын
еңгізу қажеттілігі туындады. Дипломдық жұмыста осы арнайы курстың мақсаты,
міндеті, мазмұны анықталады. Қазақ тіліндегі желі туралы әдебиеттер жоқ
болғандықтан, біз осы жұмыста жергілікті желі орны мен қызметі, түрлері
туралы толық тоқталып отырмыз. Себебі, көптеген оқытушылар лабораториялық
жұмыстарда желі қызметі туралы көптеген қызықты мәселелерді оқытып-үйрете
алатын болса да, теориялық материалдардың жетіспеушілігі салдарынан лекция
оқу қиындыққа соқтырады.

Міне, осы аталған себептер осы дипломдық жұмыстың мақсатын,
актуальдығын, қажеттілігін, міндетін және мазмұнын анықтайды. Жұмыс соңында
біздің университетегі жергілікті желі қалпы туралы да сөз ете кеткенді жөн
көрдік.

Желі құру принциптері

Желінің программалық ж не аппараттық компоненттері

Желі – бір-бірімен байланысқан программалық ж не аппараттық
компоненттердің күрделі жүйесі . Аппараттық құралдардың ішінде
компьютерлерді ж не коммуникациялық құралдарды бөліп қарастыруға
болады. Программалық компоненттер желілік қосымшалар мен операциялық
жүйелерден тұрады. Қазіргі уақытта желіде ртүрлі типтегі
компютерлер мен олардың сипаттамалары желінің мүмкіндіктерін анықтайды
. Бірақ кейінгі кездері коммуникациялық құралдар да (кабельдік
жүйелер , қайталамалар, көпірлер, бағыттаушылар т.б.) аз рөл
ойнамайтын болды. Олардың қиындықтарын ескеріп, құнын ж не басқа да
сипаттамаларын желінің жұмыс қабілетін қамтамасыз етуде арнайы
жұмыстарды шешетін кейбір құрылғыларды компьютер деп те атауға
болады . Нәтижелі жұмыс істеу үшін арнайы операциялық жүйелер
қолданылады, олардың дербес операциялық жүйелерден айырмашылығы сол,
желідегі компьютер жұмысын басқаруда арнайы тапсырмаларды шешуге
арналған. Бұлар желілік операциялық жүйелер . Желілік операциялық
жүйелер арнайы белгіленген компьютерлерге орнатылады .

Желілік қосымшалар – бұл желілік операциялық жүйелердің мүмкіндікте-рін
кеңейтетін қолданбалы программалар комплексі.

ІІ БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫНА СИПАТТАМА

2.1 Delphi – туралы жалпы мағлұмат

Delphi – бұл Object Pascal сияқты керемет программалау тілі .
Pascal тілі 1990 жылы шықты, ол сол кезде жетінші сериясын шығаруда болды.
Сол кезде визуалды программалау және программа құру, сонымен бірге тез
Windows жүйесі тарады. Сондықтан жетінші сериядан соң программистерге
Pascal-дың сегізінші сериясын шығарған жоқ, бірақ Delphi дікі бірінші
шығарды. Проект осы атпен 1993 жылы шықты, ал 1995 жылы сатуға Borland
Delphi-дің бірінші версиясы шығарылды.
Неге осы атпен проект шыққан екен. Бәрі жай Егер сіз Оракулмен
сөйлескіңіз келсе, онда Делфиге барыныз деген. Бұл, әрине, мәліметтер
базасына баруға көмек, ол Oracle және Грецияда Дельфи деген қала бар, онда
мифологиялық Оракул болған.
Неге Delphi де программа құру өте қолайлы? Delphi-ді басқа
программалау жүйелерімен салыстырайық – Visual Basic және C++.
Егер Delphi-ді, мысалы C++ салыстырсақ, онда біздің көретініміз
Delphi-да программа жазу тез және ыңғайлы.
Delphi-ді Visual Basic-пен салыстырсақ, онда көретініміз Visual
Basic-те жазылған программалар аз орын алады, бірақ оның жұмыс істеуіне
қосымша файлдар (DLL кітапханасы) қажет. Сол үшін жай программаның өзі 2
Мбайт орын алады.
1995 жылы шыққан Borland Delphi 1.0 революция болды, Pascal-дың
жетінші версиясынан кейін шықты. Егер оны Delphi-дің алдынғы
версияларымен салыстырсақ, онда Delphi 1 мүмкіндіктері бүгінгі күнде өте
ыңғайсыз.
Borland компаниясы жылдан жылға Delphi-дің жаңа версиясын
шығаруда. Windows 95 жаңа операциялық жүйесінің пайда болуында Delphi 2
шығарылды, онда оның мүмкіндіктері және стандартты жаңа операциялық жүйесі
ескерілді.
Delphi-дің бірінші версиясы екінші версиядан айырмашылығы 32
разрядты және жаңа компонеттерді қолдайды, олар Windows 95 стилінде
орындалады. Егер программист барлық қазіргі заманғы технологияларды және
жаңа компоненттерді қолданғысы келсе, Delphi дің соңғы версияларын
пайдалана білуі керек.
1997 жылы Delphi-дің үшінші версиясы шығарылды. Delphi 3
бағдарламасы сол кезде кең дамып келе жатқан Интернет желісіне және клиент
– серверлік технологиясына бағытталған. Delphi 3 – те мәліметтер базасында
жаңа драйверлер және SQL шығарылды.
Delphi 4 - те динамикалық массивтер енгізілді, ол өте ыңғайлы ,
жақсартылған программа отладкасын, жаңа компонеттер және CORBA қолдайды.
Delphi 5 2000 жылы шығарылды, мәліметтер базасын және көп тілді
қолдады. HTML беттерін құру үшін Internet Express жүйесі құрылды. Delphi 6
2001 жылы жарыққа шықты, өзімен бірге көптеген жаңа компонеттер алып келді,
ол Интернетпен өте тығыз интегралданды.
Delphi 7 өзін программалық қамтамасыздандырумен ортасымен
әзірлейді. Delphi жетінші версиясында Windows XP толығымен шықты. Delphi 2
сияқты жаңа компонеттер Windows 95 стилінде қосылды, алты жыл өткеннен
кейін жаңа компонеттер жаңа операциялық жүйе стилінде құруға рұқсат береді.

Қазіргі кезде Delphi соңғы версиясы – сегізінші. Borland Delphi 8
NET Framework формасында құруға қолданылады.

2.2 Объектілі бағытталған бағдарламауға түсінік (ОББ)

Бұл негізінде объект түсінігі көрсетілген бағдарламаларды әзірлеу
әдісі. Объект – нақты дүниенің объектісіне, оның қылығына сәйкес келетін
қандай да бір құрылым. ОББ әдісін қолданып есептер шешімі объект
терминдарында және онымен орындалатын сипатталады, ал программа өзін
объектілер жиыны және олар арасындағы байланыс ретінде ұсынады.

Класстар

Класс – бұл мәліметтерді сипаттаудан басқа класс мүшесі – объектпен
орындалуы мүмкіндігін процедуралар және функциялар сипаттамаларын
кірістіретін күрделі құрылым. Жалпы хабарлануы:
Type
TPerson=class
Private
fname : string[15];
fadress : string[35];
pnblic
procedure show;
end;
Класс мәліметтері алаңдар, процедуралар және функциялар әдістер деп
аталады. Яғни TPerson= класс, fname және fadress- алаңдар, ал show - әдіс.

Ескерту: Алаңдар аттары f (fields) сөзінен басталу керек класс оның кем
дегенде бір айнымалысы хабарланған кезінде хабарлануы керек, класс көріну
аймағымен хабарлануы керек.
type
класс аты = class
1) public
алаңдар, әдістер, қасиеттер, жағдайлар
2) published
алаңдар, қасиеттер
3) protected
алаңдар, әдістер, қасиеттер, жағдайлар
4) private
алаңдар, әдістер, қасиеттер, жағдайлар
end.
Мұндағы алаңдарға былайша қатынауға болады:
1) public – барлықтарынан қатынауға болады
2) published – инспектор объектісінде көрінеді және өзгереді
3) protected – тек қана ішкі пайда болып, туылған мәліметтер үшін қатынауға
болады
4) private – тек қана модульде
Класс өзінің атасынан (родителя) алаңдарды, әдістерді, қасиеттерді,
жағдайларды алады және осы класс элементтерін кейбіреуін ауыстыра алады
немесе жаңасын енгізеді. Класс элементтерін оның қандай бөлімінде
хабарланғанына байланысты анықталады.
1 ші бөлімінде сыртқы қолдану үшін бұл ашық интерфейс
2 ші бөлімінде проекциялау барысында инспектор объектісі қасиеттері бетінде
пайда болатын және проекциялау процесінде қолданушы орната алатын ашық
қасиеттері орындалады.
3 ші бөлімінде тек қана сақталатын онда хабарланатын класстан туатын
элементтер үшін қатынауға болатын хабарламалар орындалады.
4 ші бөлім жабық . Берілген класс ішінде ғана пайдалынатын алаңдарды,
процедураларды және функцияларды хабарлайды.

Қасиеттер

Мәліметтердің алаңдары санкциялық емес қатынаудан сақтандырылуы
керек. Оларға бару алаңдарды оқу және жазу әдістерін кірістіретін қасиеттер
арқылы орындау қажет. Сондықтан оларды private бөлімінде хабарлау қажет.
Кейбір жағдайларда protected сақтандыру бөлімінде
property қасиет аты : тип read
алаң немесе оқу әдістемесі
write алаң аты немесе жазылған әдістемесі
есте сақтау директивалары
Егер read және write бөлімінде алаң аты жазылса, онда мәліметтерді
тура оқу және жазу орындалады. Егер read бөлімінде оқу әдістемесінің аты
жазылса, оқу осындай аты бар функция арқылы орындалады. Оқу функциясы бұл
параметрі жоқ функция және ол қасиет үшін хабарланған типтің мәнін
қайтарады. Оқу функция аты Get префиксінен басталады, содан соң қасиет
арқылы жазылады. Тура сол сияқты write бөлімінде жазылым әдісінің аты
жазылса, онда жазу осындай аты бар процедурасы арқылы орындалады. Жазу
процедурасы бұл қасиет үшін хабарланған типтің бір параметрі бар процедура.
Процедура аты Set префиксінен басталады. Содан соң қасиет аты жазылады.
Егер write бөлімінде хабарлауда қасиет жазылмаса, онда бұл қасиет оқу үшін
ғана арналған және қолданушы оның мәнін бере алмайды. Есте сақтау
дерективалар .dfm форма файлын қолданушымен сақтау барысында қасиет мәнін
қалай сақтау керек екенін анықтайды.
Default келісім шарт бойынша мәні

Конструкторлар. Деструктуралар. Жағдайлар

Объектілер класс мүшелері ретінде var бөлімінде хабарланады:
var
student : TPerson
professor : TPerson
Ескерту: Delphi – да объект бұл динамикалық құрылым.
Объект айнымалылар – ішінде мәліметтер емес сілтемелер болады.
Сондықтан программист осы мәліметтер үшін жадыда орын бөлінуі керек
екендігін ескеру қажет. Жадыны болу кластың арнайы әдісі конструктор арқылы
орындалады. Оған жиі create (жасау, әзірлеу) аты болады. Классты сипаттау
барысында конструктордың ерекше ролін және қызметін көрсету үшін procedure
сөзінің орнына constructor сөзі жазылады.
Мысалы: TPerson класының құрамын конструктор арқылы енгізу:
TPerson = class
private
fname : string [15];
fadress :string [35];
constructor create
public
procedure show;
end;
Объект мәліметтері үшін жадыны болу объект типіне (классына) конструктор
әдісін қолдану кезіндегі нәтиже мәнін меншіктеу арқылы орындалады.
Мысалы: proffessor := TPerson.Create; қолданылған соң proffessor
объектісіне жадыда мәліметтер үшін орын бөлінеді. Сонымен қатар ереже
бойынша объект алаңына алғашқы мәндерді беру есебін шешеді.
Объект инициализациясын орындайды.
Мысалы: Tperson объекті үшін конструктор қолданылады.

Constructor Tperson create
Begin
fname :=′ ′;
faddress :=′ ′;
end;
Конструкторды пайдалану ерекшеліктері

Бірден дианмикалық жадыны бөлуді қамтамасыз ететін (жадыны бөлу
жұмысын компилятор орындайды) New инструкциясы денесінде жоқ; екіден
конструктор формальды түрде мәндерді қайтармайды, бірақ программада
конструкторды шақыру әдіс – функция ретінде орындалады. Объектіні хабарлап
инициялизациясын орындаған соң оны пайдаланғанға болады.
Мысалы: Объект алаңының мәнін орнатуға болады. Объект алаңына қатынау үшін
нүкте арқылы ажыратылған объект атын және алаң атын көрсеткен жеткілікті
proffessor. fname
Егер программада қандай да бір объектіні қолданбағандықтан оның
алаңдарына жадыны босатуға керек болса деструктор әдісін free қолданамыз
proffessor.free

Әдістер

Класс әдістері (процедуралар, функциялар) оларды хаабрлау класстарды
жазуға кірістірген. Класс объектілеріне қимыл жасайды әдіс орындалу үшін
нүкте арқылы ажыратылған объект атын және әдіс атын көрсету қажет. Мысалы:
proffessor. show. Мұнда show әдісін : proffessor объектісінен қолданылады
шақырады. Класс әдістері программада кәдімгі процедуралар және функциялар
ретінде анықталады. Сонымен қатар әдіс болып табылатын процедура немесе
функция аты 2 бөлімнен тұрады:
1) Әдіс жататын класс аты
2) Әдіс аты. Олар нүкте арқылы ажыратылады.
Мысалы: procedure TPerson.show;
begin
show Message (′аты: ′fname, #B+′адрес: ′ faddress) (#13-ASII коды)

Инкапсуляция

Инкапсуляция ретінде объект алаңдарын оларға тек класс әдістері
арқылы қатынауға болатындай мақсатпен көрсетпеу ұғылады. Delphi-да объект
алаңдарына қатынау объект қасиеттері арқылы орындалады. Объект қасиеті
қасиет мәнін сақтайтына алаңмен және қасиет алаңына қатынауды
қамтамасыздандыратын 2 әдістер арқылы мінезделеді. Қасиет мәнін орнату
әдісі қасиетті жазу әдісі (write) деп ал қасиет мәнін алу әдісі – қасиетті
оқу әдісі (read) деп аталады. Класты сипаттау кезінде қасиет атының алдыңда
property (қасиет) сөзі жазылады. Қасиет атынан соң оның типі көрсетіледі
және содан соң қасиет мәніне қатынауды қамтамасыздандыратын әдістер аттары
беріледі. Read сөзінен соң қамтамасыздандыратын әдіс аты, ол write сөзінен
соң қасиетті жазуды қамтамасыздандыратын әдіс аттары жазылады.

Мұралану

ОББ концепциясы бар кластарға жаңдан алаңдар, қасиеттер, әдістер қосу
арқылы жаңа кластарды анықтауға мүмкіндік береді. Осындай жаңа класстарды
алу механизмі туу деп аталады. Мұндағы туылған жаңа класс өзінің ата-аналық
класының қасиеттерін және әдістерін алады. Класс-потомок (тұқым) хабарлау
кезінде ата-аналық класс көрсетіледі. Мысалы: TEmplayee (қызметкер) TPerson

2.3 Delphi ортасының компонеттері

1. LABEL (метка) – формада әр түрлі текстік жазбаларды шығару үшін
арналған.
Қасиеттері:
•CAPTION – меткаға жазылған тексттен тұрады.
•COLOR – метканың фонының түсін анықтайды.
•FONT – меткадағы текст шрифтінің түрін анықтайды.
2. BUTTON – программаны басқару үшін жиі қолданылады.
Қасиеті:
•CAPTION – кнопкада шығарылатын тексттен тұрады.
3. EDIT – стандартты бір жолды текстік редакторды көрсетеді. Онда
мәліметтерді жинаумен байланыстырылған өріс ішінен мәліметтер көрінеді және
өзгертіледі. EDIT компонентінің тікелей класы CustomMaskEdit. Компонент
шаблондағы өріс үшін берілген редактірленетін мәліметтерді тексеруді
қамтамасыз етеді. Field объектісі редакторда мәліметтерді тексеру кезінде
қолданылатын EditMask құрамында бар. Редактірленген тексті тексеру
ValidateEdit әдісімен әрбір енгізілген немесе өзгертілген символдардан
кейін жүзеге асады. Компонетте алмастыру буферін қолдануға болады. Ол
CopyToClipboard, CutToClipboard, PasteFromClipboard әдістерінің көмегімен
орындалады.
4. MEMO – қарапайым редактірлеу өрісі. Оның негізгі ерекшелігі – бір
уақытта көру және айнымалы ұзындықтың бірнеше жолдарын редактірлеу
мүмкіндігі. Компонент биіктігі бойынша толық көрінетін жолдарды көрсете
алады.
5. CheckBox – қарапайым жалаушаны толық көрсетеді және екі мағынасы ғана
бар мәліметтерді редактірлеуге және көрсетуге арналған. Ол мәліметтердің
логикалық типі немесе кез келген жолдық мағыналар болуы мүмкін., бірақ өріс
тек екі жолдан тұратын мағыналарды қабылдайды.
6. RadioGroup – стандартты айырып-қосқыш тобын көрсетеді. Өрісте бекітілген
мағынаны беруге болады. Егер байланысқан өріс мағынасы қандайда бір айырып-
қосқыш мағынасына сәйкес келсе, онда ол іске қосылады. Егер қолданушы басқа
айырып-қосқышты қосатын болса, онда айырып-қосқышпен байланысқан мағынасы
өріске енгізіледі.
7. ListBox – мәліметтер жинау өрісімен байланысқан ағымды мағынаны
көрсетеді және оны тізімнен белгіленгенді өзгертуге мүмкіндік береді. Өріс
мағынасы тізім элементтерінің ішіндегі біреуімен сәйкес келуі керек.
8. ComboBox – редактілеу жолында мәліметтерді жинау өрісімен
байланыстырылған ағымды мағынаны көрсетеді және де өріс мағынасы тізімнен
алынған элементтер ішінен біреуімен сәйкес келуі керек. Ағымды мағынаны кез
келген тізімде белгіленген компонентке өзгертуге болады.
9. Panel – жалпылама мақсаттарда қолданылатын контейнер болып табылады. Оны
Caption қасиетін мәліметтер шығаруға болады. Бұл компонент үстіне қосымша
компонеттер орналастыруға арналған.
Қасиеті:
•BorderStyle– рамканың стилін анықтайды.
10. RadioButton – бұл компонент әр түрлі варианттарды көрсету үшін
қолданылады. - переключатель
Қасиеттері:
•CAPTION – мәтіннен тұрады.
•Checked – егер переключатель болса, онда true мәніне тең болады, ал егер
орнатылмаған болса, false болады.
ADDITIONAL астарлы бетінің компоненттері:
1. BitBtn – Button стандартты кнопкасының бір түрі. Оның ерекшелігі бұл
кнопкада нүктелік суреттерді орналастыруға болады.
Қасиеттері:
•Glyph – бірден төртке дейінгі нүктелік суреттен тұрады;
•Kind – кнопканың түрін анықтайды.
Нүктелік сурет дегеніміз bmp форматында сақталынған графикалық файл.
Графикалық компоненттерді қолдану:
1. Image компоненті – бұл компонеттің қолдануы қарапайым мысалдармен
қарастырады.
№1 мысал.
•әшекейлеу мақсатында қолданылатын суреттен тұратын программа құрамыз.
Проектілеу: формаға Image компонентін орнату. Ол Additional бетінде
орналасқан;
•картинканы іске қосу үшін оның Picture қасиетін таңдау керек.
батырмасын шертіп, load кнопкасын шертіңіз. Сосын суреттен тұратын
файлдарды бір папканы ашып, қажеттісін таңдаңыз. Картинка bmp, wmf, emf,
ico және т.б. кеңейтілімді файлдарда сақталыну керек. Бұл компоненттің ең
маңызды қасиеттері Center, Stretch болып табылады. Егер Center қасиетіне
true мәнін берсек, онда бейненің центрі Image компонентінің центрімен
сәйкес келеді. Егер Stretch қасиетіне true мәнін берсек, онда бейне Image
компонентіне сиятындай етіп кішірейеді.

2.4 Проект құрылымы

Delphi проекті өзін программалық бірліктер жиынтығы модульдер
ретінде ұсынады. Модульдердің біреуі-негізгісі программаның орындалуы
басталатын инструкцияларды кірістіреді. Негізгі модуль толық Delphi да
кірістірілген. Негізгі модуль толық Delphi да кірістірілген. Негізгі модуль
кеңейтілуі .dpr типті файл. Негізгі модульді көру үшін мына команданы
таңдау қажет Project →View Sourse
Негізгі модуль program сөзінен басталады және қасына проект атымен
сәйкес келетін аты жазылады. Бұл ат пректіні сақтау барысында беріледі. Ол
компилятор мен жасалатын орындалатын файлдың атын анықтайды. Содан соң
uses сөзінен кейін қолданылатын модульдер аттары жазылады: Forms
кітапханасы Project1 pas форма модулі.
{$R*.res} жолы – бұл файлдық ресурстарды қосу үшін компиляторға
деректива. Ресурстық файл қосымшалар ресурстарын қосады (кірістіреді) :
пиктограммалар, курсорлар, биттік бейнелер және т.с.с.
Мұндағы * - ресурс файл аты проект атымен сәйкес келетіндігін бірақ
кеңейтілуі res болатындығын білдіреді.
Ресурстық файл текстік файл емес. Сондықтан оны текстік редактор
арқылы көру мүмкін емес. Олар мен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалар
қолданылады. Мысалы, Resourse Work Shop. Сонымен қатар Delphi утилитасына
кіретін Image editor (Tools →Image Editor) командасын таңдау арқылы көруге
болады.
Негізгі модульдің орындалатын бөлімі begin және end сөздері арасында
орналасады. Оның арасында біздің мысалда 4 оператор тұр. Жиі ол 3 болады.
Олардың әрқайсысы Application объектісінің бір әдісін шақырады.
Application объектісінде барлық Windows программалардың дұрыс
функцияналдануы үшін керек мәліметтер және ішкі программалары жиналған.
Delphi автоматты әр жаңа проект үшін объект программасын әзірлейді.
Мұндағы Initialize әдісі арқылы Windows операциялық жүйенің
басқарылуымен жұмыс істеу үшін керек бірнеше көмекші функцияларды іске
асырады.
Application Initialize бұл жолды оқыған соң компилятор арнайы кодты
жасайды. Ал код процессорды Delphi әзірлеушілер фрагментін жасауға
шақырады.
CreateForm экранда негізгі форма терезесін әзірлейжі және көрсетеді.

Run әдісі Windows та қолданушының қимылдары туралы хабарламаларды алудың
және өңдеудің көптеген циклдарын орындайды. Сонымен қатар программа
(проект) негізгі модульден басқа кем дегенде бір форма модулін кірістіреді.
Delphi да әр формаға өз модулі сәйкес келеді.
Модуль аты unit сөзінен басталады. Одан кейін оның аты жазылады. Дәл
осы ат алдыңғы қосымшаның негізгі модулінің uses бөлімінде жазылған. Кез
келген модульдің жалпы құрылымы былайшы жазылады.

Unit аты
interface
интерфейстік бөлімі
implementation
орындалатын бөлімі
unitialization
инициализация бөлімі
finalization
аяқталу бөлімі
end.
Интерфейс бөлімінде компиляторға модульдің қандай бөлігі басқа модульдердің
қатынауға болатындығы хабарланады.
Мұндағы uses сөзінен соң осы модульмен қолдануға болатын барлық
кітапханалық модульдер хабарланады. Сонымен қатар мұнда type сөзінен соң
Delphi мен құрастырылған форма сипатталады.
Орындалу бөлімінде форманы қолдайтын локальды айнымалылар
процедуралар және функциялар хабарланады. Бұл бөлім {$R*..dfm} директивасын
хабарланудан басталады. Ол компиляторға орындалып жатқан форманы
генерациялау процесі кезінде форма сипатталуын қолдану керек екенін
көрсетеді. Форманың сипатталуы кеңейтілуі dfm болатын және аты модуль
атымен сәйкес келетін файлда сақталады. Форманың сипатталу файлы Delphi
ортасымен форманың сыртқы түрі негізінде регинацияланады.
{$R*..dfm} дерективасынан кейін форманы және оның компоненттерінің
жағдайларын өңдеу процедуралары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері жайында
Электронды оқулық құрылымы
Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық архитектурасы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
Электрондық оқулықтың құрылымы
HTML тілін оқытуға арналған электрондық құралдың құрылымы
Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары
Электронды оқу басылымдарына қойылатын дидактикалық талаптар
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың әдістері
Пәндер