ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .3
1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Шығыс Қазақстандағы орман қорларының географиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .5
1.2 Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының тарихы ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Орманды жерлердің жер бедері мен топырақ ерекшеліктері ... ... ... 14
1.4 Орман ағаш
аурулары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .21
2 КАТОНҚАРАҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯЖАЙЫ
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ
КҮЙІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 23

2.1 Мемлекеттік ұлттық саяжайдың құрылу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... 23

2.2 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының
климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...33
2.3 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының
гидрологиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3 6
2.4 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайы аумағы
ормандарына ағаш зиянкестерінің әсер
етуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..40
2.5 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайы аумағы
ормандарына өрттің әсер етуі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 0
2.6 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайы
орманының қазіргі
қоры ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .51
2.7 Орман қоғаудағы негізгі тиімді
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52

Орманды өрттен қорғау
шаралары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 2
ҚОСЫМША А Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің схемасы..64
ҚОСЫМША Б Катонқарағай орман жүйесінің таралу
жағдайы ... ... ... ... ... ...65
ҚОСЫМША В Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайы бойынша
орманшылықтардың
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 66
ҚОСЫМША Г Орманды қалпына келтірудегі жұмыстар (2008-2010ж.) ... ... .67

КІРІСПЕ

Өзектілігі: Орманды аймақтардың бірі - Шығыс Қазақстан облысы
еліміздегі тамаша табиғат байлығымен танылған. Бүкіл республика орманының
72 пайызы шоғырланған бұл өңірдің табиғат сұлулығы тіпті ерекше. Соның
ішінде Алтай тауының баурайында орналасқан Катонқарағай ауданы өзінің
табиғи сұлулығының нәтижесінде Шығыстың Швейцариясы атанғаны да жұртқа
мәлім. Өр Алтай табиғатының тамаша сұлулығын сақтап, оны қорғау шараларын
қамтамасыз етіп, өңірдің табиғи ерекшеліктерін әлем халқының назарына ұсыну
мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 17 шілдесіндегі
қаулысымен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. 2011
жылдың 17 шілдесінде – Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
құрылуына 10 жыл толды. Қазақстанда орман ең маңызды ресурс және сонымен
бірге, ұлттық шектелген экологиялық ресурстар болып табылады. Соңғы 30 жыл
ішінде ШҚО-да өрт, жел, адам әсерінен орман көлемі 95 мың га азайды. Бұл
мәселе әсіресе Катонқарағай ұлттық табиғи саяжайы аумағы ормандарына тән.
Мысалы, 2006 ж. Саяжай аумағында 6 өрт болды, оның 1-еуі найзағай
әсерінен, өзгесі белгісіз себептермен. Нәтижесінде 3,8 га орман түгелдей
өртеніп кетті. Қылқан жапырақты ағаштар қоры антропогендік әсерге
байланысты жыл сайын азаюда. Өрт пен адам әрекетінен басқа орманға кері
әсерін тигізетін орман зиянкестері - кемірушілер, ұсақ жәндіктер, өсімдік
аурулары, паразиттер, саңырауқұлақтар мен вирустар. Олар түрлі аурулар
таратып сапа мен өнімділікті төмендетеді. Зиянкестердің кесірінен құрылыс
материалдары үшін дайындалатын ағаштардың 45 %-ы сапасыз болып шығады.
Диплом жұмысын орындаудағы негізгі мақсат - Катонқарағай мемлекеттік
ұлттық табиғи саяжайының орман шаруашылығының қазіргі күйін зерттеу.
Міндеттері:
- Шығыс Қазақстан және Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи
саяжайының орман қорына қысқаша сипаттама беру;
- Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының ормандарының
негізгі экологиялық мәселелері және шешу жолдарын қарастыру;
- Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының орман
шаруашылығының қазіргі жағдайына баға беру.
Зерттеу нысаны. Ғылыми жобаның зерттеу нысаны ретінде Катон – Қарағай
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық
көрген материалдар, орман шаруашылығы жайында жазылған ғылыми еңбектер,
мақалалар алынды.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу жүргізу, сараптау және тұжырымдама жасау
әдістеріне сүйеніп жасалған.
Жобаның дереккөздері. Аталған мәселелердің шешімін табу үшін
зерттеуші ғалымдардың осы тақырыптағы мәселелерге арналған бірқатар
еңбектерді басшылыққа алдық. Атап айтқанда: Ш.Нұртаев Орман шаруашылығын
механикаландыру, Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның орнықты дамуы:
статистикалық жинақ, П.В. Сазонов Химически и биологические средства
защиты растений, Справочник по защите леса от вредителей болезней,
Э.Б.Бейсенова, Экология және табиғатты тиімді пайдалану,
Ж.А.Абылқанова Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінде қорғалатын
аймақтық мәселелер, С.Әлімбеков Табиғатты пайдалану және оны қорғау
негіздері және т.б.
Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы. Ізденіс жұмыстарының нәтижесінде
өлкеміздегі ағаш ауруларының түрлері анықталып, зиянкестер түрлерімен күрес
әдістері белгіленді.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысының жас
студенттерге білім жағынан болсын, тәрбиелік - дамытушылық тұрғысынан
болсын маңызы мен әсері зор. Болашақ мамандар осы бітіру жұмысында
жинақталынып берілген өз өңірінің орман шаруашылығының зерттелуі туралы
мәліметтерді, деректерді тиімді пайдалана білу арқылы ғылымды игеруінде
дербестік қасиеттерін қалыптастырады.
Жобаның құрылымы. Бітіру жұмысымыз кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытынды мен қосымшадан тұрады.

1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ

1.1 Шығыс Қазақстандағы орман қорларының географиялық жағдайы

Орман – жер шарындағы климаттың және адамдардың шаруашылығы
нәтижесінде өзгеретін ұзақ жылдық эволюциялық процестің өнімі. Орман
қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік үшін, оның ішінде адамзат қоғамы үшін
аса маңызды. Орман дегеніміз – Г.Ф.Морозовтың (1970) анықтамасы бойынша,
бір-біріне, топыраққа және атмосфераға әсер етуінің нәтижесінде сыртқы
формасы және ішкі құрамы өзгерген ағаш өсімдіктері жиынтығы. Ормандағы
өсімдіктер ішінде басты орынды ағаштар алады, бірақ өте көп ағаштардың өзін
орман деп атауға болмайды. Мұндай кеңістікте бір- бірінен бөлінген көптеген
ағаштар аллеяны немесе саябақты (паркты) құрайды. Көптеген ағаштар орман
құрау үшін тек сандық көрсеткіштері ғана емес, сапалық белгілері де болуы
қажет.
Орманды - жер шарының өкпесі деп бекер айтылмаған. Тіршілік
атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Дүние жүзінде орманды жерлердің
жалпы ауданы 4 млрд га, оның ішінде үзідіксіз ормандар 3 млрд га. Ормандар
Жер биосферасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, олар климатты
реттеуші, санитарлық және қорғаушы рөлін атқарады. Орманның жер және су
ресурстарын сақтаудағы маңызы зор, көптеген жануарлардың мекендеу ортасы,
және де олар таза ауа резервін құрастырады, атмосфераны оттегімен
толтырушы. Орманды пайдалану, қорғау және сақтау саласындағы қатынастар
және орман қорындағы жер ресурстарын пайдалану орман заң шығарушы
органдарымен реттеледі. Орман қорғау саласындағы негізгі нормативтік акт
Орман кодексі 2003 жылы 8-шілдеде қабылданған. [2. 44б.]
Орман пайдалану құқықтық нормалары - орманды пайдалану реті мен
шарттарын көрсететін құқықтық нормаларды, және де орманды пайдаланушылардың
міндеттері мен құқықтарын біріктіреді.
Орманды рационалды пайдалану мен өндіруге, және де ластанудан, құрып
кетуден, өрттен, зиянкестерден қорғауға бағытталған шаралар орманды
құқықтық қорғау түсінігін қалыптастырады.
Орманды қорғау және пайдалану саласындағы мемлекетік шараларды жалпы
компетенциялық орындар атқарады (ҚР Үкіметі, ҚР президенті, ауылшаруашылық
Министрлігі), сонымен қатар әлеуметтік саладағы органдар – ҚР орман
шаруашылығы комитеті, олардың территориялық органдары, ұлттық парктер,
қорықтар және т.б.
Орман шаруашылығы – экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу,
есепке алу, ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру,
орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, кесіп, реттеу,
питомниктерде көшет отырғызу, суландыру, орманды өрттен, зиянкестер мен
түрлі аурулардан қорғау, саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау, ағашқа және
орман өнімдеріне деген халық шаруашылық қажеттерін қанағаттандыру
мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады
(Сурет 1.1).

Сурет 1.1 Орманның пайдалы функциялары

Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Оның
басты себебі жеріміздің негізгі бөлігі құрғақ, жартылай шөл, шөлді
аймақтарда орналасқандығы, ал орман ағаштары негізінен ылғал мол түсетін
алқаптарда өседі.
Орманды териториясының көлемі жағынан Қазақстан Ресей Федерациясынан
кейін екінші орында тұр. Қазақстандағы орман қорының жалпы ауданы – 21,5
млн га.
Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем
небәрі 4,2% құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл алып жатыр. Ал
оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады (20%). Осы аймақтағы
ормандарда орман жемістері мен жаңғақтары айтарлықтай көлемде дайындалады.
Еліміздің батысы мен орталық бөлігінде ауа райы құрғақ болғандықтан, орман
жоқтың қасы. Сондықтан орман қорының 80%-ға жуығы солтүстік және солтүстік-
шығыс бөлігінде орналасқан, оның тең жартысы Шығыс Қазақстан облысындағы
қарағайлы және майқарағайлы орманға жатады. Мұнда негізінен орман
ағаштарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстан аумағының орман шаруашылығы географиялық ерекшеліктеріне
қарай үлкен 4 өңірге бөлінеді:
1) шығыстағы Алтай таулы ормандары (бағалы қылқан жапырақты орман);
2) солтүстіктегі орманды дала (қайың, көктеректен тұратын шоқ
ормандар және қарағайлы орман жолағы);
3) оңтүстік шығыстағы Тянь-Шань тауындағы және Іле Алатауындағы
шыршалы орман;
4) оңтүстіктің шөлейтті жеріндегі сексеуілді орман. Сонымен қатар ірі
өзендер бойына орналасқан өзен жағалауы ормандары бар. Олар Батыс
Қазақстандағы жалғыз орман типі болып саналады және суды реттеуде маңызды
рөл атқарады.

Кесте 1.1
Ертіс бойындағы жолақты қарағай ормандары
Көрсеткіштер Өл Павлодар және облыстар бойынша
шем Шығыс Қазақстан
бірлігі облыстарында
барлық қарағай
ормандары
Павло Шығыс
дар Қазақста
н
Орман қоры жерлерінің жалпы га 870505 277961 592544
алаңы
соның ішінде:
Орманмен қамтылған алқаптарга 479681 158470 320211
Оның ішінде орман екпелері га 98903 35423 63480
Кесілген ағаштар га 46024 26326 19698
Өртенгендер, қурап кеткен га 127199 12882 114317
екпелер
Ашық алаңқайлар га 95691 23688 72003
Сирек орман га 6211 909 5302
Қарағай екпелерінің алаңы га 451112 151695 299417
Қарағай екпелерінің қоры 48105,3 17363,6 30741,7
м3
Қарағай екпелерінің орташа м3 106,6 114,5 102,7
қоры
Қарағай екпелерінің орташа жыл 70 65 72
жасы

Шығыс Қазақстан облысы - Шығыс және Семей болып екі аймаққа бөлінеді.
Облыс алаңы - 28305,6 мың гектар, географиялық жағынан республика бойынша
орманды алқаптарының біршама көлемі орналасқан.
Орман қоры жерінің алаңы 3600 мың гектарды, немесе республикадағы
құнды қылқан жапырақты сүректердің жартысының қоры шоғырланған облыс
алаңының 12,8 % құрайды және 167,74 миллион текше метрді құрайды. Орман
көмкерілген алаң - 1769,3 мың гектар, облыстың ормандылығы – 6,3%. Шығыс
Қазақстанның аумағы биологиялық әртүрлілігімен ерекшеленеді (Кесте 1.1).
Облыстың аумағында жануарлар мен құстардың 394 түрі мекен етеді,
соның ішінде 32-сі сирек және құрып бара жатқан түрлерге жатқызылады,
өсімдіктердің 3000 түрі өседі, олардың 181-і сирек кездесетіндері.
Облыстағы мемлекеттік орман қорының аумағында республикалық маңызы
бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қосқанда 592,3 мың гектар орманы
жоқ ормандық жерлер бар, соның ішінде 204,0 мың гектар өртенген жерлер мен
ағашы шабылған жерлер, демек, орманды қалпына келтіруді қажет ететін
алаңдар үлкен.
Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі орман
шаруашылықтарының мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 2187,8 мың
гектарды құрайды, соның ішінде орман көмкерілген алқаптар 1,2 мың гектар
жерді алып жатыр; мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы 34,8 мың гектары
қолдан отырғызылған екпе ағаштар (орман дақылдары).
Шығыс аймағының орман қорының қазіргі жер жағдайы орманды
алқаптарының басымдығымен (67 %), және ормансыз алқаптармен (33 %),
жайылымдар және шабындықтармен сипатталады.
569,9 мың гектарды қылқан жапырақты екпе ағаштар алып жатқан немесе
орман жамылған жерлердің 47,6 % және 78,7 миллион текше метр көлемінде
жалпы қоры бар.
Қылқан жапырақты ағаштардан майқарағай, балқарағай, қарағай, шырша
және аздаған самырсын, жапырақты ағаштардан - көктерек, қайың, терек
облыстың Шығыс аймағының басты ағаштары болып табылады. Шығыс аймағы
ормандарының біршама бөлігі далалық-және-топырақ қорғаушы санатына
жатқызылған.

1.2 Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының тарихы

Алтайдың майқарағай ормандары ғана 371 мың га алқапты алып жатыр, ал
балқарағай орманы 300 мың га жерге орналасқан. Алтай тайгасын, Шығыс
Қазақстанның таулы ормандарын – республиканың жасыл алқасы дерсіз. Шығыс
Қазақстанның таулы ормадарында өсетін самырсын, қарағай, шырша – аса бағалы
шикізаттары.
Кеңес Одағы ыдырап, орман шаруашылығындағы байланыс үзілген соң 1990-
2000 жылдары бұрынғы Марқакөл, Катонқарағай аудандары, Семей мен Кереку
аумағындағы орман алқаптары аяусыз талан-таражға салынды.
Шығыс Қазақстанда қорықтық аумақтарды құру қажеттілігі туралы мәселе
профессор Г.А. Кожевниктің, академик М.П. Бородиннің және Россияның басқа
ғалымдарының ықпалымен өткен ғасырдың басында-ақ туындаған болатын. 1913
жылы Ақмола-Семей егін шаруашылығы және мемлекеттік мүлік басқармасының
жанындағы Орман Кеңесінің бірінші сессиясында қорғауды қажет ететін табиғат
учаскелері белгіленді.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының қиыр солтүстік
шығысында орналасқан. Ол 28, 3 млн гектар жерді алып жатыр, оның 23,09 млн
гектары аңшылық алқаптар болып келеді.
Сауыр жоталарында тянь-шянь шыршасының табиғи екпелері сақталған
жалғыз жер Теректі қонысы, ал оңтүстік Алтайда –Темір-Қаба, Арасан-Қаба
өзенінің аңғарлары, Бұғымүйіз шатқалы және Күршімнің бас жағы бағалы
табиғат бұрышының қатарына жатқызылды.
Алайда бұл аймақтарды сақтау іс жүзінде дұрыс жолға қойылған жоқ.
Өскемен уезінде 1923 жылы суда жүзетін құстарға арналған қаумал үш жыл
мерзімге құрылды. Кейінірек Қара Ертістің сағасына жақын бөлік (Зайсан
уезі) қорық болып жарияланды.
Шығыс Қазақстан үшін екі резерват жеткіліксіз еді. 30-жылдардың
аяғында аумақтарға табиғи зерттеулер жүргізілді, 1940 жылдың тамызында екі
қорық ұйымдастыру (Зырян және Катонқарағай аудандарында) туралы шешім
қабылданды, 1941 жылдан бастап бұл қорықтардың шекарасында аң аулауға тыйым
салынды. Соғыстан кейінгі жылдары, тіпті 60 жылдардың аяғына дейін қорық
ісі мүлдем дамыған жоқ. Балық қорын қорғау үшін бір резерват қана
(1975 ж.). құрылды. Зайсан өзенінің солтүстік-батыс бөлігін және өзен
бастауынан 1 шақырым қашықтықта орналасқан Ертіс аңғарының учаскесін алып
жатқан бұл резерваттың ауданы 25 мың гектарды құрады. Мұнда балық аулауға
ғана емес, суда жүзетін құстарды аулауға да тыйым салынды. Резерват бар-
жоғы үш жарым жыл жұмыс істеді. Біздің аймақта қазіргі заманғы қорықтық
аумақтарды құру 60-жылдардан басталды, қыстап қалатын киіктерді қорғау үшін
(1968 ж.) 10 жыл мерзімге 286 мың гектар алаңда Тарбағатай (Базар және
Шорға өзендерінің аралығы) және Құлжа (Қызылқұм, Тілеуқабыл құмдары және
Құлжа өзенінің жайылмасы) мемлекеттік зоологиялық қаумалдары құрылды. Осы
жылы Қалба жотасының солтүстік макробелдеуіндегі оқшауланған самырсын
учаскесі табиғат ескерткіші болып жарияланды (Көкшілтау самырсын тоғайы).
1976 жылы Қазақстан Алтайында бірінші рет екі шақырымдық қорғау
аймағы (30,0 мың га) бар Оңтүстік Алтай физико-географиялық шет
аймақтарының табиғи кешендерін табиғи қалпында сақтауға арналған Марқакөл
мемлекеттік табиғи қорығы (71,4 мың га) ұйымдастырылды. Екі жылдан кейін
шырғанақ, итмұрын, долана –дәрілік шөптері бойынша мамандандырылған
Қаратал құмдары, Төменгі Тұрғысын (1,3 және 2,2 мың гектар) табиғи
ботаникалық қаумалдары жарияланды. Тарбағатай және Құлжа қаумалдарының
әрекет ету мерзімдері тағы 10 жылға ұзартылды.
Бұдан кейін (1979 ж.) Рахман бұлағы профилакториясының дамуын
тездетумен байланысты осы аттас ботаникалық- геологиялық қаумал (109,1 мың
га) пайда болды, оның қызметіне ландшафтарды және емдеу-сауықтыру
қызметтері үшін қолайлы табиғи жағдайларды қорғау жатады. Дәл осы кезде
Тархан қимасы (2,0 га) және геологиялық-минералдық қаумал - Асубұлақ өзені
аңғарындағы пегматитті учаске алаңы облыстық маңызы бар геологиялық
ескерткіш болып саналды. Алайда соңғысы аяғына дейін заңды
рәсімделмегендіктен қазіргі уақытта маңызын жоғалтқан.
1982 жылы облыстық маңызы бар әрқайсысысын алаңы 2 гектар
болатын 4 геологиялық ескерткіш – Ашутас, Қиын Керіш, Алаулы адырлар,
Көгілдір бұғаз құрылды. Құрамына Құлжа және Бөкен өзендерінің
атырауларының учаскелері кіруі есебінен Құлжа қаумалының алаңы 3,4 мың
гектарға артты. 1983 жылы Тарбағатай қаумалы жаңа аумаққа – сирек
кездесетін жануарлардың түрлері шоғырланған Маңырақ жотасы мен Шілікті
ойпатына көшірілді.
1986 жылы бес қаумалға және Көкшілтау самырсын тоғайы табиғат
ескерткішіне мемлекеттік қаумал және республикалық маңызы бар табиғат
ескерткіші мәртебесі берілді, Марқакөл мемлекеттік қаумалының ауданы 75 мың
гектарға дейін ұлғайтылды, көл айдынының көптеген учаскелері және Тополевка
өзенінің бөлігі қорықтандырылды.
1992 жылы Қазақстанның шығысында Қара және Ақ Үбінің жоғарғы
бөлігінде 56078 гектар ауданда екінші қорық Батыс Алтай мемлекеттік табиғи
қорығы құрылды.
2001 жылдың маусымында бірегей, Оңтүстік Алтайдың эталондық табиғи
кешендерін сақтау, табиғи және мәдени мұра учаскелері мен объектілерін
сақтау; ғылыми зерттеулер жүргізу және табиғат ортасының жай-күйін бақылап
отыруды ұйымдастыру; туризмді ұйымдастыру мақсатында облыстағы бірінші
жалпы алаңы 647477 гектар Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ұйымдастырылды. [4. 5б.]
Осы жылы Үкіметтің 2001 жылғы 21 маусымдағы № 877 қаулысымен
мемлекеттік маңызы бар мемлекеттік қаумалдар мен табиғат ескерткіштерінің
тізбесі бекітілді.
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық
басқармасы 2003 жылы құрылды, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 08 сәуірдегі № 332 Қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық
орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы болып қайта аталды.
Шығыс Қазақстан облысының ормандары Қазақстан Алтайы мен Сауырдың
қоңыр қылқан жапырақты тайгасы мен жапырақты ормандары кіретін Шығыс аймағы
мен Ертіс бойының қарағайлы орман жалдары және Қазақ шағын адырының далалық
шоқ ормандары мен Тарбағатай кіретін Семей аймағына бөлінеді. Облыстың
мемлекеттiк орман қорының ауданы 3,6 млн. га. Шығыс Қазақстанда бүкіл
Қазақстан пайдаланатын ағаш қорының 75%-ы шоғырланған. Облыстың орманды
жерлері 6,2 %- ды құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі орман
шаруашылықтарының мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 2187,8 мың
гектарды құрайды, соның ішінде орман көмкерілген алқаптар 1,2 мың гектар
жерді алып жатыр; мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы 34,8 мың гектары
қолдан отырғызылған екпе ағаштар (орман дақылдары).

Кесте 1.2
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман шаруашылығы

Орман шаруашылығы Ауданы, га Орта класс
Кесте 1.2 жалғасы
Берел 139246 ІІІ, 3
Аршаты 72807 ІІІ, 0
Белов 78765 ІІ, 8
Медведка 9978 ІІ, 4
Алтай 25302 ІІ, 2
Чернова 75952 ІІ, 7
Усть-Язово 45534 ІІ, 6
Шыңғыстай 51944 ІІІ, 3
Барлығы 515538

569,9 мың гектарды қылқан жапырақты екпе ағаштар алып жатқан немесе
орман жамылған жерлердің 47,6 % және 78,7 миллион текше метр көлемінде
жалпы қоры бар.
Қылқан жапырақты ағаштардан майқарағай, балқарағай, қарағай, шырша
және аздаған самырсын, жапырақты ағаштардан - көктерек, қайың, терек
облыстың Шығыс аймағының басты ағаштары болып табылады. Шығыс аймағы
ормандарының біршама бөлігі далалық және топырақ қорғаушы санатына
жатқызылған.
Облыста қызметі бірінші кезекте орман қоғамдастығына және жануарлар
әлемін қорғау мен ұтымды пайдалануға бағытталған табиғат қорғау ұйымдарының
жолға қойылған және тұрақты жүйесі жұмыс істейді.
Облыстың аумағында Марқакөл және Батыс-Алтай қорықтары, Катон-
қарағай ұлттық паркі сияқты республикалық маңызы бар ірі ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауындағы Семей орманы
мемлекеттік табиғи орман резерваты мен облыс әкімдігіне ведомстволық
қарасты 13 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі бар (Кесте 1.2), (Сурет
1.2).
2006 жылғы қаңтарда Ертіс жағалауының реликті қарағайлы ормандарын
сақтау және қалпына келтіру мақсатында 665502 гектар алаңда Семей орманы
мемлекеттік орман табиғи резерваты құрылды.
Өткен жылы 2010 жылы аймақта орман алқаптарын өсіріп, қалпына келтіру
және қорғау шараларын облыстық бюджеттен қаржыландыру көлемі 7 есе артып,
720 миллион теңгеге жеткен.
Кенді Алтай ормандарының ағаштары құрылысқа, химия және целюлоза
өнеркәсібінде, мебель жасауға пайдаланады. Республика ормандары
материалдарынан дайындалған бұйымдар жоғары баға алады. Бөлмені
көріктендіре түсетін Арман атты мебель халық шаруашылығы жетістіктері
көрмесінің күміс және қола медальдарына ие болды. Ормандарды өрттерден,
заңсыз ағаш шабу мен басқа да орман заңнамасын бұзудан қорғау мемлекеттік
орман күзеті қызметкерлерімен және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік
инспекторларымен жүзеге асырылады.

Сурет 1.2 Шығыс Қазақстандағы қорғалатын аумақтар жүйесі

Орман шаруашылығы саласындағы қызметкерлер саны соңғы уақытта күрт
қысқарып кетті, бұл орман шаруашылығы саласын қаржыландырудың азаюымен
байланысты. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен табиғат қорғау
мекемелеріндегі инженер-техник қызметкерлерінің 30 % жуығының жоғары білімі
жоқ. Орта техникалық білімді мамандар жетіспейді. Кеңестік өкіметтен
кейінгі кезеңде ормандарды молықтыру көлемінің азайып кетуінің маңызды
себептері мемлекеттің орман шаруашылығын мемлекеттік жеткілікті
қаржыландырылмаудан басқа, білікті кадрлардың жетіспеуімен қатар, сапалы
отырғызу материалын жедел өсіру жөніндегі жаңа әдістер мен
технологиялардың, ормандарды молықтырудың және тез өсетін ағаш тұқымдарының
өнеркәсіптік плантацияларын орман шикізатын құрудың тиімді тәсілдерінің
жетіспеуі, орман саласына жергілікті атқарушы органдарды, өзін өзі басқару
органдарын және тұрғындарды, сондай-ақ экономиканың жеке секторын кеңінен
тартпай, ормандарды иелену және пайдалану функцияларын жүзеге асыратын
мемлекеттік институттарға ғана бағдар ұстанған ормандарды басқару жүйесінің
орынсыз орталықтандырылуы болып табылады.
Қазіргі кезде өңір бойынша соңғы 50 жылдағы орман шаруашылықтарының
қызметіндегі қолдан егілген ағаштардың көлемінің барлығы 33,5 мың гектарды
құрайды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
департаментімен Жасыл ел өңірлік бағдарламасын әзірленді және бекітілді.

Бағдарламаны іске асыру ормандарды қорғауды, күзетуді және
молықтыруды ары қарай дамытуға, оларды ұтымды пайдалануға, ормандардың
сақталуын қамтамасыз етуге және орман өрттерінен және заңсыз ағаш шабудан
келетін залалды азайтуға, орман шаруашылығын бұдан әрі жүргізудің
тиімділігін арттыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Көктемгі кезеңде орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері
қолданыстағы 9 орман тұқымбағына орман тұқымын екті, сүректік түрлердің
плантацияларының іргетасы қаланды. Орманның табиғи жаңартуына әсер ету
бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу департаментінің қарауындағы орман шаруашылығының мекемелері
мемлекеттік орман қорының учаскелерінде 2005 жылы 220 гектарға, 2006 жылы
223 гектарға, 2007 жылы 400 гектарға, барлығы 843,0 гектарға немесе сүрек
түрлерінің 4,2 миллионнан артық дана стандартты көшеттерін отырғызу
жүргізілді. 2310 гектар алаңда табиғи жаңаруға әсер ету бойынша шаралар
жүргізілді. Осы уақыттың ішінде 3153,0 гектар алаңда орманды қалпына
келтіру жұмыстары жүргізілді. 2005-2007 жылдары 270 гектар алаңда орман
дақылдарын толықтыру жүргізілді, осы кезеңде 1524 гектардағы орман
дақылдарына күтім жасалды.
Бағдарламаның маңызды бағыты елді мекендерді көгалдандыру және
олардың маңайында жасыл аймақтарды құру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін
адам, қаражат және техника ресурстарын жұмылдыруды көздеу болды.
Жасыл ел бағдарламасына студент жастарды тарту бойынша үлкен
жұмыстар жүргізілді. Студент жасақтары Өскемен, Семей, Риддер қалаларында,
Бесқарағай, Көкпекті, Зайсан, Күршім аудандарында жұмыс істеді. Орман
шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде ШҚМУ, ШҚМТУ, Риддер аграрлы-
техникалық және Семей теріүлдір колледжының студенттерінен құрылған
құрамында 450-ден астам студент бар студент отрядтары құрылды және орманды
қалпына келтіру жұмыстарына тартылды. Жасыл ел бағдарламасының түрлі
акцияларына 9 үкіметтік емес экологиялық
ұйымдардың, 806 өзін-өзі басқаратын мектеп ұйымдарының, 316 балалардың
қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Табиғаттың ғажайып сыйы – орманға деген мемлекеттік көзқарастың
әлемдік тәжірибесіне сүйенуге болады. Мәселен, Финляндияда орман
шаруашылығы және ағаш өңдеу өнеркәсібі мемлекеттің қолдауымен ұлттық саясат
қатарына жатқызылған. Мұнда орманды өсіру, өңдеу және кесілген ағаш
алқаптарын қалпына келтіру жүйелі түрде жүргізіледі. Аталмыш салада ғылым
мен техниканың ең озық жетістіктері, заманауи технологиялары пайдаланылады.
Осының нәтижесінде бұл ел әлемде қағаз, картон және целлюлоза өндіруден 6-
шы орын, ал оларды экспортқа шығарудан 2-ші орын алады.

1.3 Орманды жерлердің жер бедері мен топырақ ерекшеліктері
Орман – халықтың бағалы қазынасы. Орманды жерлердің топырағы өзіндік
қасиеттерімен ерекшеленеді. Орманда ауа мен топырақтың жоғары қабатында
ылғалдылық жоғары болады. Орман астындағы топырақтың терең қабаттары болса,
шөптесін өсімдіктер бірлестігімен салыстырғанда құрғақ.
Орман өзінен алшақ жатқан жерлерге де әсер етеді. Орман белдеуінің
шекаралас жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі ағаштардың биіктігіне,
тығыздығына байланысты.
Ағаштар мен шөптер - топыраққа әртүрлі әсер етеді. Топырақтағы
өсімдік қалдықтары, оның микроағзасының дамуына негізгі маңызды қоректік
заттар болып табылады. Өсімдік қалдықтарының ыдырауында топырақта
мекендейтін қарапайым жәндіктер, құрттар, жер қазушылар, тышқандар, т.б.
үлкен роль атқарады. Өсімдік қалдықтарын жеу арқылы органикалық заттардың
минералдарымен араласып, байланысуына да септігін тигізеді.
Шығыс және Семей болып екі аймаққа бөлінеді. Шығыс өңірінің аумағының
жер бедері таулы, Семей өңірінің аумағы-жазық.
Облыстың орманды алқабы 2 млн. га. жерге орналасқан. 2000 м.-ден
3000м. аралығын альпі биіктері мен көгалдары алып жатыр.
Облыстың топырақ-өсімдік жамылғысына биіктік белдеулік тән. Жазық бөлігінде
негізінен қара, қоңыр, сұр топырақ қабаттары қалыптасқан. Солтүстік
батысындағы жазықтың қара топырағында шөпті далалық өсімдік өседі. Ертістің
сол жағасында бозды-бетегелі, Зайсан қазан шұңқырындағы қоңыр топырақта
жусанды-бетегелі өсімдіктер өседі.
Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи парктің топырақ қабаты тік
белдеулікпен сипатталады. Парктің таулы жер бедері әр түрлі геологиялық
дәуірде үлкен тектоникалық әсерлердің тік қозғалыстары нәтижесінде
қалыптасқан.
Шалғынды - далалы белдемде шалғынды - шымтопырақты
сілтісіздендірілген және орманды- шалғынды топырақ (шығыс жағалау), сондай-
ақ қаныққан қара топырақ тәріздес шалғынды орман топырағы көп. Жағалауда
шалғынды - батпақты және жайылма сулы - шалғынды топырақ араласқан әртүрлі
батпақты топырақтар көп кездеседі.Жер бетіне жақын жатқан жер асты сулары
учаскелерінде батпақты шымтезекті- қопалы топырақ қалыптасады. Таулы -
орманды белдемде таулы- орманды, әлсіз және жабық күлгінденген таулы-
шымтопырақты, шалғынды оңтүстік және қара топырақ тәріздес таулы- орманды
топырақ қалыптасады. Таулы- шалғынды белдемде альпілік шымтезекті,
күлгінденген, толық қанықпаған (оңтүстік беткей бойынша) таулы- шалғынды
субальпілік топырақ жақсы қалыптасқан. Таулы- тундралы белдемде таулы-
тундралы күлгінденген және әлсіз және ірі қарашірік топырақ басым болып
келеді. [5. 23б.]
Жер бедері топырақ түзілу факторы ретінде екі түрге бөлінеді:
макробедер және микробедер. Макробедер - бұл үлкен аймақты алып жатқан
бедер, кейде энертикалдық жағынан үлкен ауытқушылықта болады. Олар таулы,
ойпатты және тегіс болып келуі мүмкін.
Микробедер - аласа және таяз кедір-бұдыр, тегіс емес далалық ойпат
жерлерді алып жатқан шағын аймақ.
Жер бедері топырақтың беткі қабатында ылғалдың таралуына, яғни су
режиміне үлкен әсер етеді. Қыраттарда судың біраз бөлігі ағып кетудің,
нәтижесінде жоғалады, ал ойпат және ой жерлерде шамадан тыс көп су жиналады
да, ыза судың деңгейінің жоғарғы көтерілуіне, сөйтіп топырақтың
батпақтануына, ал ыстық аймақта сортаң қабаттың пайда болуына әкеліп
соғады. Сондай-ақ, жер бедері топырақтың жылу режиміне де әсер етеді.
Солтүстік беткейлер оңтүстікке қарағанда нашар қызады, ал осы құбылыс сол
жердің өсімдік сипатына және топырақтың су режиміне ықпал етеді.
Жер бедерінің әр түрлі болуына қарай, оған судың келуі, сумен бірге
қоректік заттардың ілесе келуі, тіпті күн сәулесінің түсуі түрліше болады.
Жер бедерінің біркелкі болмауы топырақ түзілуге және олардың құнарлығына
әсер етеді. Топыраққа жер бедерлерінің әсерлері туралы айтқанда, оның аса
биік (макро) немесе орта (мезо) немесе майда (микро)  деп бөлінетінін естен
шығармауымыз жөн. Аса ірі таулы алқаптардан топырақ –климаттық зоналық
заңдылықтар жазық аймақтардағы топырақтың таралу заңдылығына сәйкес келе
бермейді.
 Топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топырақтың профилі (пішін) деп
аталалы. В.В. Докучаев топырақты бетінен төмен қарай негізгі үш қабатқа
бөлген, А – қара шірікті қабат. В – өтпелі қабат. С – топырақ түзуші аналық
тау жыныс қабаты. Олар тағы да өздерінің морфологиялық көріністеріне
байланысты әрқайсысы бірнешеге бөлінуі мүмкін. Оларды А1 А2, В1 В2, С1 С2,
т.б. деп белгілейді.
Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі
құрамдар:
1) Гумус заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді;
2) Темір және марганец топырақтары. Сары, қызыл, сия түстер  береді;
3) Кремний қосылыстары, әк, каолинит, алюминий гидроксиді және суға
тез ерігіш тұздар (хлоридтер және  сульфаттар). Оларды түстері – ақ.
Топырақтың сіңіру қасиеті деп, оның топырақ ішіндегі ерітінділерінің
кейбір қосылыстарды, майда ұнтақталған минералдарды және органикалық
қосылыстарды, микроорганизмдерді жәнс ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне
сіңіріп, ұстап қалуын айтады. Топырақтың сіңіру құбылысы жалпы топырақтың
дамуымен және топырақта өсетін өсімдіктерде элементтердің (азот т.б.
қоректік заттардың) жиналуымен қатар жүреді.
Жоғарыда топырақтың құнарына әсер ететін көптеген топырақ
қасиеттеріне сипаттама бердік. Топырақтардың ол қасиеттерін төменгі
топтарға ажыратуға болады:
1) Топырақтардың физикалық қасиеттеріне оның суға төзгіш құрылымы,
ауа өткізгіш кеуектілігі, ылғалды жақсы сіңіріп, оны ұстап тұру, оңай
өңдеуге болатын жақсы физикалық - механикалық қасиеттері жатады.
2) Топырақтардың химиялық және физика – химиялық қасиеттеріне:
топырақта қара шіріндінің молдығы, өсімдіктерге сіңімді азот, фосфор, калий
және микроэлементтердің неғұрлым жеткілікті болуы, топырақ ортасы
реакциясының ыңғайлылығы, топырақ сіңіру кешенінің кальций катионына қанық
болуы, топырақтың  ауамен  қамтамасыз  етіліп,   оның  тотығу- тотықыздану
мүкіндігінің мол болуы, зиянды суға еритін тұздардың неғұрлым аз болуы
немесе болмауы жатады.
3)Топырақтың биологиялық қасиеттеріне: микробиологиялық
белсенділіктің жоғарылығы негізінен бактериялардың басым, сонымен қатар
ауадан азот жинаушы микроорганизмдердің, биологиялық белсенді ферменттерді
шығаратын микроорганизмдердің, топырақ құрылымына және оны қопсытуға әсер
ететін төменгі сатылы жәндіктердің болуы.
4) Бүкіл өсімдіктердің өсіп-өнуі мезгілінде гидротермикалық режимнін
болуы, яғни өсімдіктерді қажетті ылғал мен жылумен қамтамасыз ету.
Осы көрсеткіштердің қосындысы топырақтың құнарлылығын анықтайды. [6.
55б.]
Қара топырақ - ең құнарлы топырақ. Ол орман және орманды дала
зонасында орналасқан. Топырақтың құрамы сол жердің табиғатына, яғни,
өсімдіктің, жан-жануарлар дүнисіне күннің түсуіне тікелей байланысты.
Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және
минаралдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал
жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы
қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол
алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы
микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде мәңгі жасыл, қылқан
жапырақты ағаштар өз жапырақтары арқылы өздері өскен ортаға зиянды ауру
қоздырғыш бактерияларды өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады.
Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып,
тынығатын курорт-санаторийлер орналастырылады.
Орманның мәнін түсіну үшін орманда және еркіндікте бірегей климаттық
және топырақ жағдайларында өсетін ағаштардың біркелкі түрлерін
салыстырайық.
Орманда өсетін ағаштардың желегі жоғары, көтеріңкі болады. Ағаштар
жалпы орман шымылдығын құрайды да, топырақ бетіне жарықты аз жібереді, сол
себепті олардың төменгі бұтақтары қурап қалады және көбіне бұтақшалардан
жақсы тазарған толық сүректі діндер өседі.
Осындай ағаштар халық шаруашылығының сүрекке қажеттілігін
қанағаттандыруда аса маңызды орын алады. Желсіздік, жазғы салқын және қысқы
тыныштық - орман ортасынын сипатты ерекшеліктері. Орман шымылдығы астында
топыраққа жететін жауын-шашынның, жарықтың, жылудың көлемі өзгереді, булану
өзгеше болады, орман төсеніштері құралады, микроорганизмдердің,
саңырауқұлактардың, жоғары сатыдағы өсімдіктердің жаңа түрлері мен топтары
дамиды.
Бір- біріне және орналасқан аумағына әсер ете отырып, ағаштар өзіне
және көрші ағаштарға жаңа сападағы ықшам климат жағдайын жасап, өзіндік
орта калыптастырады.
Еркін жағдайда өсетін ағаштардың бұтақтары төмен орналасқан
желектерінің пішіні шар тәрізді, жайыңкы болып келеді. Ағаштардың діңдері,
әдетте, бұтақты, қысқа, өте кішірейген болып келеді, сондықтан олардан
бағалы сортименттер алынбайды.
Республика ормандарында көз жіберсек, оның солтүстігінде қайың,
көктеректің көптеген ормандары тіпті Көкшетауға дейін жетеді. Одан
оңтүстігінде қарағай ормандары шағын алқаптар түрінде орналасқан
секілденеді. Шығыста Алтай тауын майқарағай, балқарағай, сибирь шыршасынан
тұратын қылқанды ормандар мен қайың, көктерек алып жатыр. Жоңғар Алатауы
мен Күнгей Алатаудың солтүстік беткейінде тянь – шань шыршасы өседі. Шөлді
аймақта сексеуіл ормандары таралған. Жайық өзені бойында еменді ормандар,
сондай – ақ Тобыл, Есіл және т.б өзендердің бойын талды, бұталы,
қандыағашты орман өсімдіктері алып жатыр. Сырдария, Шу, Іле өзендерінің су
жайылымдарында жиде, тал, тораңғы, жыңғыл, шырғанақтан тұратын ну тоғай, ал
Шарын өзенінің су жайылмасында шарын шетені өседі. Қазақ орман шаруашылығы
және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты айналысады.
Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей
дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды
субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.
Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетiн 4 биiктiк
белдеу бар: 1) тау етегiндегi шөлдi-далалы белдеу теңiз деңгейiнен 450 —
750 м (кейбiр аймақтарда 300 — 1000 м) биiктiкте орналасқан. Тянь-Шань тау
етектерiнде негiзiнен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегiнде сұр-қоңыр,
Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерiнде ашық қара-қоңыр топырақ
таралған. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгiрт қара-қоңыр және
қара
топырағы таралған. Ал Батыс Тянь-Шаньда (Оңт. Қазақстанда) сұр қоңыр және
таудың қоңыр топырағы басым.
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңтүстіктегі Алатау
өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 - 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай
тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы
басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы
географиялық белдемдiлiк заңына байланысты.
Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл
белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады.
Оңтүстік Алтай жоталарындағы жер бедерлерінің топырақтарың талдаудың
негізгі заңдылықтары бірнеше еңбектерде қарастырылған. А.А.Соколовтың
көрсетуі бойынша [7. 102б.] Оңтүстік Алтай тауларының топырақты
белдемдердің қайшылығы өте айқын білінеді. Бөктерлердің Оңтүстік және
солтүстік экспозицияларына сәйкес келетін жер бедерлерінің екі көлденең
климаттық қатарлары көрсетілген. Біріншісі - таулы-тундралы қолданбалы
топырақтын жалпы үстіңгі элементі, биік таулы ксерокриотермикалық
факторлардың әсерінен пайда болады. Солтүстік және шығыс экспозициялардың
беткейлерінен төмен таулы-тундралы шымтезекті топырақтар, таулы сазды
мерзлотты қышқыл топырақтар, таулы-орманды қара-сұр топырақты, сирек
кездесетін таулы-орманды қара топырақты, фрагменттерлі таулы қара
топырақты, ормаңды-далалы және далалы қара топырақтар кезектесе орналасқан.
Оңтүстік жәнс батыс тау беткейлерінде таулы-тундралы қолданбалы топырақтар
шымтезекті немесе таулы-шалғынды таулы-тундралы топырақтармен алмасады,
одан төменіректегі беткейлерде таулы орманды-шалғынды қара, таулы-далалы
шалғынды және таулы-далалы қара топырақтар кездеседі.
Ормандағы топырақ ерекшеліктері әртүрлі. Мысалы, орман астарының
орман өсірушілік маңызы өте зор. Ол топырақ қорғау ролін орындайды, яғни,
орман топырағын шөптесін өсімдіктерінің басып кетуін тежейді, топырақтың
борпылдақтығын жөне түйірлі құрылымын сақтайды, оны қоректі заттармен
байытады, көптеген пайдалы құстар мен аңдардың баспанасы болып табылады.
Бірақ, орман астары орман үшін теріс рольде атқаруы мүмкін: ол қалың болған
кезде өскіннін өсуін тежейді, орманның қайта жаңаруына кедергі келтіреді.
Мұндай жағдайда, орман астарын сирету жұмыстары жүргізілуі қажет.
Тірі топырақ жамылғысы - орман шымылдығы астында, кесілген жерлерде
және топырақты жауып тұратын мүктердің, қыналардың, шөптесін өсімдіктері
мен бұташықтардың жиынтығы.
Тірі жамылғы топыраққа және орманның басқа да құрам бөлігіне әсер
етумен қатар, олардың ықпалымен өзі де өзгереді.
Ормандағы топырақтың тірі жабындысы шалғынның, батпақтың, даланың
өсімдіктерінен өте ерекшеленеді. Өз кезегінде - орманның әртүрлі өсімдік
қауымдастықтары (фитонценозы) топырақтың тірі жабындысының құрамы және
құрылымы жөнінен өзгешеленеді.
Орман қордасы - шірудің түрлі дәрежесіндегі топырақ бетіндегі өсімдік
қалдықтарының жинағы.
Өсімдік қалдықтарынан орман қордасы жинақы, қат-қабат болып келеді,
ал кейде (шіру баяу жүргенде) едәуір қалың (20 см-ге дейін) болады.
Орман қордасы жыл бойы жапырақтардан, қылқандардан, бұталардан,
бұтақшалардан, жемістерден, өсімдік түсіндісінен және басқа орман
өсімдігінің қалдықтарынан құралады және орман топырақтарының тыңайтқышы
ретінде қызмет етеді.
Ризосфера - өсімдік тамыры жететін топырақ қабаты. Ол топырақтың
жоғарғы қабатымен шектелуі мүмкін (сүрекдіңнің калыптасуы ерте даму
кезеңінде) немесе топырақ деп жер үстіндегі өсімдік тамырлары байқалатын
барлық бет қабаты есептелетіндіктен, оның барлық көлемін қамтуы мүмкін.
Тұқымдармен барлық ағаш түрлері, ал түбірөркендер арқылы - көбіне
жалпақ жапырақтылар көбейеді.
Түбір өркендермен кайың, емен, шаған, үйеңкі, жөке және басқа ағаш
түрлері, тамыратпа бұтақтарымен көктерек, ақ қараған, қарағаш, терек және
басқалар қайта көбейеді.
Топырақпен жанасып, төмен орналасқан бұтақтар тамырлана отырып жаңа
өркен - сұлатпа сабаққа бастау береді. Сұлатпа сабақтармен шырша және
майқарағай көбейе алады.
Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер және балдырлар
сияқты әр түрлі микроағзалар өмір сүреді. Олардың саны өте көп. Мысалы
олардың 1 г құнарлы топырақтағы саны миллионнан миллиардқа дейін жетеді.
Бактериялар - топырақта ең көп тараған микроағзалар тобы. Қоректену
жағдайына қарай олар гетеротрофты және антотрофты болып екі топқа бөлінеді.
Гетеротрофты бактериялардың бейорганикалық заттарды органикалық заттарға
айналдыру қабілеті жоқ, сондықтан олар дайын органикалық қосылыстармен
қоректенеді. Антотрофты бактериялар органикалық заттарды өздері синтездеп
алады. Топырақта бос оттегіні пайдаланатын аэробты бактериялар және
оттегінсіз тіршілік етіп, көбеюге қабілетті анаэробты бактериялар болады.
Бактериялар топырақта органикалық және минералды қосылыстарды ыдыратуда әр
түрлі рөл атқарады. Актиномициттер, кейде оларды сәулелі саңырауқұлақтар
деп те атайды. Олар топырақтағы шіріген заттарды, жасушаларды
(клетчаткаларды) ыдыратады.
Актиномициттер құнарлы, органикалық заттарға бай, бейтарап реакциялы
топырақта жақсы дамиды.
Саңырауқұлақтар - жіпше тәрізді гетеротрофты ағзалар, олар топырақта
көптеп кездеседі. Мысалы, 1 га жердегі олардың саны 1 млн-ға дейін жетеді.
Олар органикалық заттарды минералдандыруға және гумификациялауға белсенді
қатысады. Топырақ саңырауқұлақтары арасында патогендер де кездеседі. Олар
әр түрлі аурулар қоздырады. Саңырауқұлақтың жоғары сатыдағы көптеген түрі
өсімдіктермен симбиозда болады да, олардың қоректенуін жақсартады.
Балдырлар - топырақтың барлық түрлерінің жоғарғы қабатында тараған.
Олардың жасушасында хлорофилл бар, сондықтан көмір қышқылын сіңіріп,
топыраққа оттегін бөліп шығарады. Бактериялардың шамадан тыс көбеюі
топырақтың гүлдену құбылысына әкеліп соқтырады.
Қыналар - саңырауқұлақтар мен балдырлардан тұрады. Саңырауқұлақтар
балдырларды сумен және онда еріген минералды заттармен қамтамасыз етеді, ал
балдырлар саңырауқұлаққа олар пайдаланатын көміртегін синтездейді. Қыналар
алғашқы топырақ түзілуге және биологиялық мүжілудің жылдам жүруіне
көмектеседі. Микроағзалардың тіршілік етуіне ең қолайлы топырақ
температурасы - 25-35°С, орта реакциясы бейтарап.
Микроағзалар топырақ түзілу процесінде маңызды және сан алуан қызмет
атқарады. Олардың ең басты қызметі органикалық заттарды тасымалдау,
топырақтың минералды және органикалык қосылыстарынан жай тұздар түзу,
топырақ минералдарының ыдырауына қатысу, атмосферадағы азотты фиксациялау.
Топырақта мекендейтін қарапайым, омыртқалы, омыртқасыз жануарларға
жататын ірі ағзалар топырақ түзілу процесіне белсене қатысады.
Микрофлоралармен қатар қарапайымдылар да топырақта кең тараған. Оларға
жіпшелер, тамыраяқтылар және инфузориялар жатады. Қоректену ерекшеліктеріне
қарай олардың көпшілігі гетеротрофты болып табылады. Олар негізінен
микроағзалармен қоректенеді. Қарапайымдылар топырақтың барлық түрлерінің
жоғарғы қабатында кездеседі. Қарапайымдылардың топырақ түзілу процесіндегі
рөлі әлі соңына дейін анықталмаған.
Омыртқасыз жануарлар - жауын құрты, буын аяқтылар, кенелер және тағы
басқалары өсімдік қалдықтарын минералдық заттарға айналдыру процесінде ең
басты рөл атқарады. Топырақ түзілу процесінде жауын құртының рөлі ерекше,
олардың саны 1 га топырақ бетінде жүз мыңнан бірнеше миллионға дейін
жетеді. Құрттар тіршілік әрекетіне өзінің ас қорыту жолы арқылы орга-
никалық қалдықтар мен топырақты өткізеді. Осы процесте топырақ өзіне
құрттар бөліп шығаратын жабысқақ заттарын сіңіреді де түйіршік формаға
айналған құылым құрады. Көптеген жолдар мен ін жасау арқылы олар топырақтың
физикалық қасиетін жақсартады: топыраққа ауа сіңу күшейеді, сонымен қатар
топырақтың қуыстылығы, су өткізгіштігі, ылғал сыйымдылығы 1 жақсарады.
Құрттардың тіршілік әрекеті арқасында топырақта қарашірік мөлшері
айтарлықтай көбейеді, зат алмасу жақсарады, топырақтың қышқылдығы кемиді,
құрылымы жақсарады.
Жәндіктер - қоңыз, құмырсқалар және тағы басқалар топырақта көптеген
жолдар жасау арқылы оны қопсытады және оның ылғалдық-физикалық қасиетін
жақсартады.

1.4 Орман ағаш аурулары

Адамзат тарихында орманның маңызы зор. Оның ауа райын реттеп, суды,
жер қыртысын сақтауға, әртүрлі биологиялық өнімдерді жасауға негізделген
табиғи қызметін еш нәрсемен, ешбір технологиямен алмастыру мүмкін емес.
Орман көш басы болғандықтан, ол – бір өзі 20 мың атаудан астам өнім беретін
ең кемел жүйе. Әртүрлі азық түліктер, витаминдер, құрлыс заттарын, химия
үшін шикі зат, мал азығына қажет, емге лайық таза ауа береді. Орманның бар
жоғы бір гектары бір жылда 18 млн. метр куб ауаны көміртегі газынан
тазартып, 32 – 64 тоннаға дейін шаң тозаңнан, зиянды газдардан арылтып,
сүзіп отырады.
Орманды өрт қауіпінен, заңсыз ағаш кесушілерден, белгіленген орманды
пайдалану ретінің бұзылуынан, және басқа да зиян келтіретін әрекеттерден,
сонымен қатар аурулар мен зиянкестерден қорғау қажет.
Фитопотология – бұл ағаш аурулары, оның туу себептермен оларға қарсы
күрес жолдары туралы ғылым. Ол грек тілінің үш сөзінің қосылысынан тұрады:
phyton – өсімдік, pathos – ауру, logos – сөз, ілім.
Кең тараған және қауіпті өсімдік ауруларының көбін саңырауқұлақтар,
бактериялар, вирустар және де басқада микроағзалар тудырады. Сондықтан да
фитопатология бірнеше ғылымның негізінде дамиды: микология (саңырауқұлақтар
туралы ғылым), бактереология (бактерия туралы ғылым), вирусология (вирустар
туралы ғылым), микробиология (микроағзалар туралы ғылым). [8. 56б.]
Орман фитопатологиясының ғылым болып қалануы, дамуы көптеген
ғалымдардың еңбегімен тығыз байланысты. Орман фитопатологиясының негізін
қалаушы неміс ботанигі фитопатолог Роберт Гартиг (1839 – 1901). Ол ғылыми
микологияның фитопатологиясының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының жағдайы және дамуы
Қазақстанның орман қорларын тиімді пайдалану мәселелері
Орман шаруашылығы мәселелерін шешудің жолдары
Орман шаруашылығы
Шығыс қазақстан облысының орман ресурстарына экономикалық-географиялық сипаттама
Орман шаруашылығы жұмыстары
Орман мен ормандыжерлердің өнімділігін жоғарылату жолдары
Орман кәсіпорнының орман өсімдіктері жағдайының және аумағының қысқаша мінездемесі
Қарағайлы орман зиянкестері
Қарқаралы аймағының табиғат ресурстарының жағдайы және экологиясы
Пәндер