Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

І ТАРАУ Таяу Шығыс және АҚШ-тың әлемде
алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .13

1.1 Таяу Шығыс аймағының халықаралық қатынастар жүйесіндегі
орны және стратегиялық
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.2 АҚШ-тың әлемдегі орны, сыртқы саяси
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ІІ ТАРАУ ақш-тың таяу шығыстағы геостратегиясы және джордж буш кішінің
сыртқы саяси
концепсиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..37

2.1 АҚШ-тың Таяу Шығыстағы
геостратегиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...37
2.2 АҚШ — тың Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы және Джордж Буш кішінің сыртқы
саяси
концепциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...42
2.3 АҚШ – тың Ирақтағы әскери операциясы және оны бейбіт реттеу
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .71
ПАЙЛАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .74

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Таяу Шығыс елдерінің қазіргі халықаралық
қатынастар жүйесінде алатын ерекше орны экономикалық, географиялық,
геосаяси, саяси, әскери, демографиялық сияқты факторлар қатарымен
анықталады. Араб әлемінің экономикалық маңыздылығы, ең алдымен, бұл аймақта
ірі көмірсутек кен орындарының көптеп шоғырлануымен түсіндіріледі. Парсы
шығанағы зонасының өзінде әлемдік мұнай қорының үштен екі және газ қорының
үштен бір бөлігі шоғырланған. Аймақтың стратегиялық маңыздылығы аймақтың үш
құрлық қиылысында орналасқандығымен анықталады. Таяу Шығыста Еуропаны Азия
және Тынық мұхиты аймағымен байланыстыратын теңіз және әуе жолдары келіп
түйіседі, Ормуз және Гибраалтар бұғаздары, Суэц каналы арқылы Еуропа,
Оңтүстік Азия, Қиыр Шығыс елдерін көмірсутекпен жабдықтау жүзеге асырылады.
Араб әлемі үш құрлық түйісінде, араб-мұсылман және батысеуропалық
өркениеттер арасындағы шекарада, исламның суннит және шиит тармақтары;
араб, парсы, түрік этностары; европеоидтық және негроидтық нәсілдер
арасында орналасқан. Оның геосаяси жағдайы Еуропаға, Орта Шығысқа,
Закавказьеге, Орта Азияға, Сахель зонасына, Африка мүйізіне жақындығымен
қалыптасады.
Бір мезгілде Таяу Шығыс аймағы өзінің үздіксіз қақтығыс жағдайымен де
белгілі. Бұнда туындайтын дағдарыстарды реттеудің қиындығы елеулі дәрежеде
бұл аймақтың мемлекеттері мүдделерінің үсті-үстіне үйілуімен, аймақтан тыс
державалардың бақталастығымен, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстармен
байланысты.
ХVIII ғасырдың соңынан бастап араб әлемі ұлы державалар мүдделерінің
қақтығысу және бақталасу аймағына айналды, ал қырғи-қабақ соғыс
жылдарында Таяу Шығыс аймағы Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы конфронтацияның
негізгі сахналарының біріне айналды. Қазірде Таяу Шығыс аймағы жетекші
батыс державалары сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі болып
табылады. Бұл аймаққа, әсіресе, АҚШ-тың қызығушылығы орасан зор. Аймақ
елдерінің басым көпшілігімен жақсы қарым-қатынас орната отырып, аймақтағы
оқиғалар даму барысына ықпал ете алу мүмкіндігіне ие.
ХХ ғасырдың екінші жартысында аймақ елдері орталық тәуелділіктен
еркіндік алғанымен, бұл аймақта орналасқан елдер өздерінің ішкі саяси,
экономикалық және гуманитарлық кеңістігін қалпына келтіру мақсатында дамушы
елдер қатарына шоғырланды.
Бүгін әлемде ұлы географиялық ашулар заманындағы геосаяси өзгерістерге
бара-бар бүкіл дүниежүзілік маңызы бар саяси процестер жүріп жатыр.
Стратегиялық тұрғыда аса маңызы бар Евразиялық құрлығында жетпіс жылдам
астам уақыт бойы өмір сүріп келген Кеңестік Социалистік Республикалар
Одағының ыдырап, жаңа тәуелсіз жас мемлекеттердің пайда болуы, Парсы
шығанағы аймағында қалыптасқан геосаяси ақуал дүниенің екі шектілігі
тәртібінің бұзылуы, ондаған жылдар бойы қалыптасқан геосаяси халықаралық
қатынастар жүйесіне түпкілікті бетбұрыстар мен әлемдік геосаясатқа үлкен
өзгерістерді алып келеді.
Қазіргі танда әлемдік державалардың және Таяу Шығыс мемлекеттерінің
басшылары, аймақтағы дағдарыс жағдайынан шығу үшін экономикалық және саяси
роформалар жүргізу керектігін қарастыруда. Бұл бағытта демократизациялау
жоспарына сәйкес Вашингтон белсенділік танытуда [1].
Біздің пікірімізшіе, аймақтағы жүргізіліп отырған реформалау саясаты
бұл аймаққа акторлардың саясаты нәтижесінде әлемдік қауіпсіздікке кауіп
төндіруі мүмкін. Сонымен катар, бұл аймақты энергетнкалық кауіпсіздікпен
қамтамасыз есту мәселесі алдынғы орында тұр, себебі, бұл аймақтағы
тұрақсыздықтың бірден бір себебі көмірсутегі қазбаларынының шет
мемлекеттерге шығаруындағы қауіпсіздік мәселесі болып табылады. Жалпы Таяу
Шығыста әлемдік көмірсутегі қорының 64% шоғырланған [2].
Мұсылман әлемінде көмірсутегінің шоғырлануы батыс мемлекеттерінің
энергоресуср қорларына қауіп төндіретіні даусыз, Келешекте бұл аймақта
орналасқан елдер экспортқа шығаратын мұнай қорларының бір калыпты дамуы бұл
көрсеткіштін 70%-ға көтерілуі сөзсіз. Американдық саяси-қайреткерлерінің
болжауынша: Вашингтон өзінің ішкі энергетикалық мұқтажын қамтамасыз ету
үшін жиырма жыл қажет және бұл мақсатта энерго көзі шоғырланған мұсылман
әлемімен байланысымызды жақсартуымыз абзал. Ол үшін Таяу Шығыстағы
қақтығыстарды шешуде өз септігімізді тигізу аркылы бұл аймақ елдерін
демократизациялау, аймактағы радикалды исламдык күштеріммен күрес жүргізу
керек [3].
Бұл аймақ өзінің геосаяси және энерго қорларының шоғырлануына
байланысты әлемдік қауымдастықта қызығушылық танытуда. Алайда, бұл аймақ
көпэтносты, терең тарихи және табиғи қорларына бай аймактық деңгейдегі
адамзаттың бүгінгі күнгі жаһандық мәселелеріне катысты аймак болып
табылады. Оның үстіне бұл аймақта Израиль мемлекетінің кырып-жою қаруын
иемденуі аймақтық қықтығыстарды шешуінде экстремизм және лаңкестіктің пайда
болуына бірден-бір фактор болып табылады. Сонымен қатар бұл фактордың
анықталуы Үлкен Таяу Шығыс аймағында жаңа әлемдік жаһандық қауіпсіздікке
кауіп төндіруімен анықталады. Кейбір саясаткерлер бұл мәселеге байланысты
өздерінің көз-қарастарын білдіреді: Ислам әлемі өркениет даму жолында
өздерінің дәстүрлі қағидасына сәйкес ілесуші аймак болып табылады [4].

Қазіргі жаһандану жағдайында Таяу Шығыс сияқты әлемдік маңызы бар
аймақтағы оқиғалар, ондағы күштер балансының өзгеруі, жетекші елдердің
ұстанымдары үлкен маңызға ие. Таяу Шығыста соңғы уақыттағы орын алған
тұрақсыздық күллі әлемнің дамуына кері әсерін тигізуде. Бұл орайда АҚШ-тың
аймақта жүргізіп жатқан белсенді саясаты ерекше қызығушылық тудырады.
Диплом жұмысының өзектілігі де осында жатыр. Әлемдік сахнада маңызды рөл
ойнайтын АҚШ-тың бұл аймақтағы саясаты әлемдегі оқиғалардың даму барысына
бірден-бір әсер ететін жайт. Тақырыптың өзектілігі қарқынды дамып келе
жатқан ғаламдық және аймақтық өзгерістер жағдайында АҚШ-тың сыртқы
саясатындағы таяу-шығыс бағытының негізгі қырларын, Таяу Шығыс аймақ
елдерімен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін зерттеудің қажеттілігіне
негізделген.

Жұмыстың мақсаты: АҚШ-тың сыртқы саясатындағы таяу-шығыс бағытының
негізгі қырларын ашып көрсету.
Осыған байланысты жұмыс келесі міндеттерді орындауға бағытталған:
– Таяу Шығыс аймағының әлемде алатын орны мен стратегиялық
маңыздылығын анықтау;
– Таяу Шығыс аймағына қатысты АҚШ-тың сыртқы саясатына
тарихи шолу жасау және аймақтағы саясатын анықтайтын
факторларды көрсету;
– АҚШ-тың Таяушығыстағы геостратегиясын толық зерттеп ашу;
– 2002 жылғы АҚШ- тың Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы және
Джордж Буш кішінің сыртқы саяси концепцияларын қарастыру;
– Құрама Штаттардың Ирактағы әскери операциясы және оcы
бейбіт реттеу мәселесіне талдау жасау;
– АҚШ-тың аймақ елдерімен ынтымақтастық мәселелерін
қарастыру;
Зерттеудің нысаны АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Таяу Шығыс бағыты болып
табылады.
Зерттеу пәнін АҚШ мен Таяу Шығыс елдері арасындағы ынтымақтастық
салаларының саяси аспектілері құрайды.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ
ғасырдың басы аралығын қамтиды.
Бітіру жұмысының деректік негіздері. Зерттеу жұмысындағы міндеттерді
орындау үшін келесі топтарға біріктіруге болатын кең ауқымды дерек көздері
пайдаланылды.
Деректердің бірінші тобын АҚШ-тың ұстанымына қатысты екіжақты және
көпжақты дипломатиялық және заңнамалық құжаттар құрайды. Сонымен қатар
алға қойылған міндеттерді орындау үшін АҚШ пен Таяу Шығыс аймағында
орналасқан мемлекеттер арасында қол жеткізілген, БҰҰ арқылы, халықаралық
келісімдер, декларациялар мен коммюникелерді қарастыру қажеттілігі
айқындалды. Оның ішінде Америка құрама штаттарының конституциясы [5], 2002
жылғы ұлттық қауіпсіздік туралы концепциясы, 2006 жылғы ұлттық қауіпсіздік
туралы концепциясы қарастырылды [6], Қауіпсіздік Кеңесінің 2002 жылы 8
қарашада қабылданған резолюциясы [7]. Аталған дипломатиялық құжаттарды
зерттеу ресми құжаттар деңгейінде АҚШ-тың Таяу Шығыс елдеріне деген сыртқы
саяси ұстанымын анықтауға үлкен мүмкіндіктер туғызды.
АКШ пен Үлкен Таяу Шығыс елдері арасындағы ұжымдық қауіпсіздік,
қорғаныс және экономикалык ынтымақтастық саласындағы сипаты мен даму
барысын зерттеуде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі, НАТО, МЭШЕҰ сында қабылданған
көпжақты дипломатиялык құжаттар жаңа қатерлер мен қауіптерге бірге қарсы
тұру деңгейін ашып береді.
Деректердің екінші тобын белгілі саяси қайраткерлердің жасаған
мәлімдемелері, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әр түрлі
ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар алға қойылған мақсатты
талқылауда мемлекет басшыларының өзекті мәселелерге қатысты жеке
көзқарасын, сондай-ақ сол сәттегі мемлекеттің саяси ұстанымын айқындауға
өзіндік зор үлесін қосты. Бұл деректердің ішінде Казіргі Ақ үй басшысы
Барак Обаманың [8] және экспрезидент Джордж Буштың [9], БҰҰ-ның Бас
хатшыларының атап айтсақ Кофи Аннан[10-11], Пан Ги Мун[12] аз ұлттар мен
Иракқа қатысты айтылған сөздері, РФ Президенті Д.Н.Меведев мен премьер-
министрі В.В.Путиннің және дипломат шығыстанушы ғалым Е.Примаковтың
еңбектерін ерекше атауға болады.
Бұл дерек көздерінде мемлекет басшыларының аймактық саясаттағы
ұстанымдары мен түрлі мәселелергеі қатысты саясаттарының өзіндік
көзқарастары көрініс тапқан.
Деректердің үшінші тобын статистикалық мәліметтер құрайды[13-16].
Статистикалық мәліметтерді пайдалану Таяу Шығыс елдерінің экономикалық,
өндіріс көлемі көрсеткіштері арқылы әлемде алатын орнын анықтауға зор
септігін тигізді.
Деректердің төртінші тобын зерттеу жұмысының тақырыбына тікелей
байланысты мәселелерді қамтушы бұқаралық ақпарат құралдарының, отандық және
шетелдік мерзімдік басылымдардың және ақпарат агенттіктерінің материалдары
құрайды[17-30].
Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық
зерттеуге және жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені
сөзсіз.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда әлемдік маңыздылыққа
ие Таяу Шығыс аймағында жетекші батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың, жүргізіп
отырған саясаты кең ауқымды саяси қызығушылық нысанына айналды.
АҚШ-тың Таяу Шығысқа қатысты сыртқы саяси бағдары мәселелеріне
арналған әдебиеттерді үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа шетелдік авторлар еңбектерін жатқызуға болады. АҚШ-тың
таяу шығыстық саясаты мәселесі төңірегінде зерттеулер жүргізіп жүрген араб
сарапшылары қатарынан доктор Ғимқи Мухаммад, Амр Куш, Амир Тахири, Ахмад
Мұстафа, Имад Хадар сынды зерттеушілерді атауға болады. Мәселен, араб
зерттеуші Амр Куштың пікірі бойынша, АҚШ дипломатиясы Палестина мен Израиль
арасындағы бейбіт келіссөздерді жандандыруға ат салыса алады[31]. Амир
Тахири өз еңбегінде АҚШ-тың араб әлеміне қатысты саясатына баға беруге
талпыныс жасады [32].
Американдық зерттеушілер АҚШ - тың Таяу Шығыстағы сыртқы саяси
басымдылығын, аймақ елдерінің тарихын, сыртқы саясатын, қырғи қабақ соғыс
жылдарындағы АҚШ–тың ұстанымына көңіл бөледі. Бұл авторлардың ішінде:
Д.Фуллер, М. Олкед, Г.Глиссон және т.б. ал АҚШ – тың Таяу Шығыстағы сыртқы
саяси басымдылығы, рөлі туралы Г.Киссенджер[33], З.Бзежинскийдің[34]
еңбектерінде көрсетілген. Қазіргі АҚШ-тың Таяу Шығыстағы сыртқы саяси
басымдылығы сараптауда автор сонымен бірге проблемалық принципті
пайдаланды. Бұл принципке сәйкес қазіргі жарық көрген еңбектерді
төмендегідей топтарға бөлуге болады:
АҚШ-тың сыркы саясатындағы ядролық қаруды таратпау мәселесі, Орта және
Таяу Шығыс аймағында ядролық қару таратпау мәселесіндегі АҚШ ұстанымы, АҚШ-
тың Таяу Шығыстағы геостратегиясы.
Екінші топқа кеңестік-ресейлік авторлар еңбектері жатады. Кеңестік
тарихшылар негізінен Таяу Шығыс аймағы елдерінің тарихына, саяси жүйесіне,
сыртқы саясатына әсіресе КСРО мен аймақ елдері арасындағы қарым қатынасына,
АКШ- тың Таяу Шығыстағы геосаяси қызығушылығына және қарым қатынасын
зерттеуге көңіл бөлсе, қазіргі ресейлік зерттеушілер Аймақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі аймақ елдерінің саяси ұстанымына, рөліне Ресей
Федерациясы мен араб елдерінің және XXI ғасырдағы АҚШ - тың аймақ елдерімен
қарым қатынастарындағы өзекті деген мәселелерді зерттеп, АҚШ - тың Парсы
шығанағындагы сыртқы саяси басымдылығын сараптайды. Кеңестік-ресейлік
авторлардың ішінен төмендегілерді атап өтуге болады: А.О.Воскресенский[ 35]
А.Ю.Олимпиев [36] Л.С.Васильев[37], А.Дугин[38], В.Ушаков[39],
С.Л.Агаев[40], Е.Примаков[41], И.Иванов[42], В.Гусейнов[43], Арбатов[44],
А.И. Уткин[45], С.Шурлов [46]және т.б.
Үшінші топқа отандық авторлар еңбектері жатқызылады. Бітіру жұмысы
тақырыбына қатысы бар мәселелер төңірегінде сөз қозғаған отандық зерттеулер
ішінде АҚШ - тың Таяу Шығыстағы сыртқы саяси басымдылығын, АҚШ-ның аймаққа
қатысты ядролық қауіпсіздік саясатын және аймақ елдерінің сыртқы саясатының
дамуы стратегиясы және Парсы шығанағы аймағы елдерімен Қазақстан арасындағы
қатынастары туралы еңбектердің қатарында Н.А.Назарбаев [47], Қ.Токаев [48],
К.Қожахметов [49], М.Лаумулин [50], Н.Надиров [51], СБ.Кожирова [52],
Е.Пастухов [53], К.И. Байзакова [54], Қ.Ә.Жүніс [55], сынды Қазақстандық
зертгеулер негізінен Қазақстан мен жалпы Таяу шығыс елдері арасындағы
қатынастарын және діни, этникалық татулық, Таяу Шығыс аймағындағы қазіргі
кездегі сыртқы саясатына көбірек көңіл бөледі.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысынын теориялык
негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми корытыныдылары құрайды.
Бітіру жұмысы тарихи окиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралык құжаттарға
жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен катар кенінен
қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына
арқау болды. Бұл әдістер АҚШ - тың Таяу Шығыстағы сыртқы саяси басымдылығы
жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде
жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау
түрінде негізгі мақсаттарға кол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді
зерттеген. Сыртқы саясаттың дамуына, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
батыс зерттеушілері, әсіресе американдык саясаттанушылар, өз үлестерін
қосқан. Олар зерттеудің билікті-элиталык, плюралистік, ұйымдастырушылық-
кұрылымдық, рационалды, бюрократиялык-саяси модельдерін ұсынып, сыртқы
саясат пен халыкаралық қатынастарды зерттеу мен талдаудың көптеген
әдістемелерін дамытқан.
Алға қойылған міндеттер тарихи-салыстырмалық және сараптамалық тұрғы
негізінде орындалды. Зерттеу жұмысында тарихи және саяси оқиғаларға
жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Бұл әдістер мәселені жүйелі
түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда
негізгі әдістеме ретінде қоғамдық ғылым саласында зерттеудің стандартты
сараптамасы – контент-сараптама қолдану өз септігін тигізді. Яғни, оның
көмегімен БАҚ хабарламасы, саяси тұлғалардың мәлімдемелері, т.б. секілді
мәтіндердің әр түрлі типтеріне сараптама жасалды.
Зерттеу жұмысында саяси құбылыстарға баға берудің тағы бір әдісі
ретінде ойындар теориясы пайдаланылады. Бұдан 40 жыл бұрын метематик Джон
фон Нойманн мен экономист Оскар Моргенштерн экономикалық мәселелерді
шешудің тиімді жолдарын табуға тырысқан, сол орайда өздерінің "Ойындар
теориясы және экономиканың тәртібі" атты ортақ еңбегінде көрсетілген
классикалык ойындар теориясын жасап шығарған. Онын негізінде рационализм
принциптері бойынша жұмыс істейтін субъектілердің типтеріне талдау және
болжау модельдері құрылатын мүмкіндік теориясы жатыр. Біртіндеп бұл ойындар
теориясы ғылымның басқа да салаларына қолданылатын құралға айналды. Саясат
ғылымында ол құрылым мен процесс тұрғысынан алғанда, мемлекетаралык
келіссөздер сияқты саяси құбылыстарды зерттеудің салыстырмалы әдісі болып
табылады.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ Таяу Шығыс және ақш-тың әлемде алатын орны

1. Таяу Шығыс аймағының халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны және
стратегиялық маңыздылығы

Таяу Шығыс жөнінде айтпас бұрын әуелі бұл аймақты қандай мемлекеттер
құратынын анықтап алу қажет. Шығыстанушылар, географтар, экономистер,
тарихшылардың бұған қатысты өз ой-пікірлері бар. Шетел авторларының (басым
бөлігі ағылшын тілді) еңбектері мен мақалаларында “Middle East”, яғни Орта
Шығыс термині жиі қолданылады. Сонымен қатар араб тілді дереккөздерде де
біздің түсінігіміздегі Таяу Шығыс аймағын الشرق الأوسط, яғни Орта Шығыс
деп атайды. Таяу Шығыс түсінігі батыс гуманитарлық ғылымда тұрақты
айналымға еніп, әлемдік ғылыми және атақты әдебиеттерде кеңінен қолданысқа
ие. Гуманитарлық ғылым Таяу Шығыс түсінігін география, мәдениеттану,
экономика, тарих, филология, т.б. ғылымдарды пайдалана отырып, кеңінен
түсіндіруге мүмкіндік берді.
Географиялық жағынан Таяу Шығыс Батыс Азияда орналасқан. Бұл
жағдайда культурологиялық және саяси әдіс-тәсілдер бізге Таяу Шығыстан
Солтүстік Африка аумағын бөліп алуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен отандық
және шетелдік әдебиетте Солтүстік Африканы Таяу Шығыс және Солтүстік
Африка сөз тіркесін қолдана отырып, бөлек қарастырады. Осылайша араб
Машриқын Мағрибтен бөліп алуға тырысады. Онда географиялық тұрғыдан
Оңтүстік-Батыс Азия мен Солтүстік Африка деп айту дұрысырақ болар еді.
Таяу Шығыстан басқа құрамына Иран, Ауғанстан, тіпті Пакистан жатқызылатын
Орта Шығысты бөліп қарастырады. Орта болып аталуының себебі Таяу және
Қиыр Шығыс арасында ортаңғы межеде орналасқандығынан. Бұнда да жақындық-
алыстық критерийі Еуропадан қашықтығы болып табылады.
Культурологиялық және өркениеттік тәсілдер өркениеттер бірлігі және
Таяу Шығысты мекендеген халықтардың мәдени ұқсастықтарын алға тартады.
Аймақ елдері саяси және экономикалық жағынан өзара байланысқан.
Әлемдік саяси және экономикалық процестердің жаһандануы жағдайында
онсыз да шартты сипатқа ие аймақ түсінігі елеулі өзгерістерді басынан
кешіруде. Ақпарат алмасу, көлік құралдарының дамуы есебінен қашықтықтардың
қысқаруы мен интеграцияның саяси және экономикалық процестері аймақтық
тұйықтықты қиратып, белгілі бір кеңістікті аймаққа айналдыру мәселесін
күрделендіре түсті. Сонымен қатар мемлекеттер арасындағы экономикалық және
саяси өзара байланыстар классикалық, жалпы қабылданған шеңберден
тысқары шығып, мәдени, тілдік, өркениеттік тосқауылдарды жойып, елдерді
басқа белгілер бойынша біріктіре отырып, ерекше геоэкономикалық және
геосаяси жүйелерді қалыптастырады. Сондықтан қазіргі жаһандану
үрдісіндегі әлемде экономикалық және саяси факторлар аймақ түсінігін
анықтап алу амалындағы негізгі фактор болып табылады.[56]
Кеңестік және ресейлік шығыстану және саяси ғылымдарда қалыптасқан
ғылыми дәстүрлер тұрғысынан Таяу Шығыс елдеріне әдетте Азияның араб
елдері мен Кипрді жатқызады. Түркия, Иран, Ауғанстан Орта Шығысты
құрайды. Дегенмен кеңестік ғылыми әдебиетте бірегей қолданыс жоқ – Үлкен
Кеңес Энциклопедиясы (1969-1978) Таяу Шығыс аймағына Түркия мен Судан
сияқты елдерді де жатқызады.[57]
Батыс дереккөздеріне келетін болсақ, олар әдетте Middle East
түсінігін кеңейтілген мағынада қолданады. Near East І дүниежүзілік
соғысқа дейін қазіргі Греция, Болгария, Түркия, Левант, Египет аумақтарын
белгілеу үшін пайдаланылды. Ал Middle East Арабия, Месопотамия, Парсы
шығанағымен шайылатын аумақтар мен Ауғанстаннан құралды.
БҰҰ мәдени-географиялық принципке негізделетін аймақтық жүйені
қолданады. Бұл принцип бойынша Таяу Шығыс елдері Батыс Азия мен Солтүстік
Африкада орналасады, алайда Иран Оңтүстік Азияға жатқызылады, ал Батыс Азия
аймағына Түркия мен Оңтүстік Кавказ (Әзербайжан, Армения, Грузия) кіріп
кетеді[58]
Үлкен Таяу Шығыс (Greater Middle East) АҚШ президенті Дж.Бушпен
2004 ж Үлкен сегіздік саммиті кезінде Үлкен Таяу Шығыс демократизациясы
атты жаңа американдық доктринаны жариялау аясында саяси айналымға
енгізілген ең жаңартылған түсініктердің бірі болып табылады. Үлкен Таяу
Шығыс араб елдерін, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ елдерін, Түркия, Иран,
Ауғанстан, Пакистанды, яғни Оңтүстік-Шығыс Азия мұсылман елдерінен өзге
күллі мұсылман әлемін қамтиды[59]. Осылайша, Таяу Шығысты ғаламдандыра
отырып, Буш өркениеттік теорияларға басымдылық танытты. Іс жүзінде
американдық әкімшілік бұл категорияларға сүйене отырып, өркениеттік
белгілеудің орнына (Ислам өркениеті) саяси-географиялық белгілеуді (Үлкен
Таяу Шығыс) пайдаланады.
Сонымен, Таяу Шығыс аймағын құрайтын елдерді анықтауда бірегей
көзқарас қалыптаспаған. Қазіргі әлемдік саяси және экономикалық
процестердің жаһандануы жағдайында Таяу Шығыс аймағын анықтауда
экономикалық және саяси факторлар негіз құраушы болып есептеледі. Осы
тұрғыдан Таяу Шығысты Жерорта теңізінің шығысы мен оңтүстік-шығысында
орналасқан Парсы шығанағына дейін созылып жатқан геоэкономикалық және
геосаяси аймақ ретінде анықтауға болады[60].
Таяу Шығыс қауіпсіздік тұрғысынан әлемнің шиеленіскен аймақтарының
бірі болып есептеледі. Аймақта 10-ға жуық соғыс өтті, олардың ішінде араб-
израиль соғыстары; Иран-Ирак соғысы; Ирактың Кувейтке шабуылы; 2003 жылғы
Ирактағы АҚШ-тың оккупациялық соғысы, Иран ядролық мәселесі, Израильдың
Палестинаны оккупациялауы, Израильдің Ливанға соғысы бар. Бұл аймақтың
саяси және стратегиялық маңыздылығын және жетекші елдер мүдделерінің бар
болуын ескерсек, бұл соғыстардың күндердің күнінде аяқталатынын болжау
қиынға соғады. Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ, Оман, Кувейт сияқты экономикасы
мұнай өнеркәсібіне арқа сүйейтін араб елдері экономикалық құрылымының
дамығандығымен және тұрмыс жағдайының жоғарылығымен ерекшеленеді[61]
Таяу Шығыстың әлемдік маңыздылығы жоғары, ол екі бағытта көрініс
табады: аймақтың экономикалық маңыздылығы орасан зор мұнай қорының бар
болуынан келіп туындайды, Таяу Шығыстағы мұнай қоры әлемдік жалпы мұнай
қорының 66% құрайды. ХХ ғасырдың соңында Таяу Шығыс мұнайдың әлемдік
өндірісінің үштен бірін өндірді. Бұл аймақ дамыған әлем елдерін, әсіресе
Еуропа, АҚШ, Ресей, Жапонияны мұнаймен қамтамасыз ететін басты жабдықтаушы
саналады. Бұл жайт аймақтың кейбір елдеріне экономикалық күш-қуат береді.
Таяу Шығыс мұнайы Парсы шығанағы аймағында көптеп шоғырланған. Таяу Шығыс
мұнайының ерекшелігі оның сансыз көп мөлшерде бар болуында: әрбір мұнай
скважинасынан орасан зор көлемдегі мұнай шығарылады, яғни жаңа
скважиналарды ашу немесе оларды тереңірек қазу қажеттілігі жоқ. Сонымен
қатар аймақтың оны қоршаған аймақтар арасындағы стратегиялық маңызы да
қалыспайды: Таяу Шығыс аймағы әлем елдері мен құрлықтарының арасын қосатын
көпір рөлін атқарады.
1 кесте
Таяу Шығыс елдерінің макроэкономикалық көрсеткіштері*
Мемлекет аты Аумағы (км2) Халық саны ЖІӨ көлемі Жан басына
шаққандағы ЖІӨ
Бахрейн 665 656,397 26.970 млрд $ 34,605 $
(2008) (2008)
Кувейт 17,820 3,100,000 137.190 млрд $39,849 $
(2008) (2008)
Оман 212,460 3,200,000 66.889 млрд $ 24,153 $
(2008) (2008)
Катар 11,437 793,341 94.249 млрд $ 85,867 $
(2009) (2009)
Сауд Аравиясы 1,960,582 23,513,330 593.385 млрд $23,834 $
(2008) (2008)
БАӘ 82,880 5,432,746 184.984 млрд $38,830 $
(2008) (2008)
Йемен 527,970 18,701,257 55.433 млрд $ 2,412 $ (2008)
(2008)
Газа секторы 360 1,376,289 770 млн $ 2,900 $ (2008)
(2008)
Ирак 437, 072 24,001,816 102.3 млрд $ 3,600 $ (2007)
(2007)
Израиль 20,770 7,029,529 200.630 млрд $28,206 $
(2008) (2008)
Иордания 92,300 6,507,470 32.112 млрд $ 5,314 $ (2008)
(2008)
Ливан 10,452 3,677,780 49.514 млрд $ 13,031 $
(2008) (2008)
Сирия 185,180 23,027,000 110.320 млрд $4,748 $ (2009)
(2008)
Египет 1,001,449 77,498,000 442.640 млрд $5,898 $ (2008
(2008)

* Дереккөз: International Monetary Fund, April 24, 2010, PPP GDP
2010(www.imf.orgexternalpublftw eo201101); World Bank, July 1, 2010,
PPP GDP 2009 (http:siteresources.worldbank.org )
Таяу Шығыс аймағы елдерінің басым көпшілігін (Ирак, Иран, Кувейт, Сауд
Аравиясы, БАӘ) шикізат экспортына бағытталған экономикалар қатарына
жатқызады. Дегенмен Парсы шығанағы елдерінің ғаламдық рөлі өте жоғары. Араб
елдерінің экономикалық өсу орташа темптері соңғы 20 жылдары 3-3.6% құрады.
Араб елінің әрбіреуі өздігімен ерекше және сонысымен сыртқы әріптестер үшін
тартымды. Сонымен қатар соңғы жылдары аймақтық рынокта анағұрлым анық
өзгерістер байқалуда[62].
Ұзақ уақыт бойына араб мемлекеттерінің экономикасы мұнайға ғана
негізделді және келешекте де негізделеді деген көзқарас басым болды. Әрине,
мұнай саласы әріптестік үшін басты сала болып табылады. Дегенмен аймақта
капитал рыногы жедел қалыптасып, қуатты қаржы орталықтары да құрылуда.
Соңғы уақытта бұл салада ерекше белсенділікті Бахрейн танытып отыр. Елдің
басқарушы топтары Бахрейнді аймақтық қана емес, халықаралық маңызы бар ірі
сауда және қаржы орталығына айналдыру ниетін алға тартады. Экономиканың
ашықтығы дәрежесі бойынша Бахрейнді әлемдегі Гонконг пен Сингапурдан кейін
үшінші орынға қояды. Бұнда жеке және заңды тұлғалардың табысына салықтар
алынбайды, капитал, табысты шығаруға, валюта конвертациясына еш шектеулер
жоқ. Шикізат, жартылай фабрикаттар өнімдері, жергілікті өндіріс үшін
капиталды шеттен әкелу алымсыз режим бекітілген. 100% шетел капиталына ие
компаниялардың құрылуына рұқсат етілген және оларды тіркеу рәсімі
жеңілдетілген.
Инвестициялық қызметтің ірі орталығы – Кувейт. Бұл ел дамыған
жергілікті капитал рыногына ие, ал оның халқы банк депозиттерінде Сауд
Аравиясы, Абу-Даби, Катар халықтарын қоса алғанда көбірек қаражат сақтайды.
Кувейт – шетелде ұзақмерзімді капиталдың ірі инвесторы, алайда бұндағы
субъект жеке меншік капитал емес, үкімет болып табылады.
Экономиканы либерализациялауға бет алу мен әлемдік экономикалық
қатынастардың ғаламдану процестері Парсы шығанағы елдерінде кең
танымалдыққа еркін экономикалық зоналар құру идеясы ие болып отыр.
Анағұрлым сәтті әрі тартымды еркін экономикалық зонаға араб әлемінде БАӘ
Дубай әмірлігіндегі Джебель Али аймағын жатқызуға болады. Тұрақты
заңнама, жоғары дамыған коммуникациялар және көлік желілері бүгінде бұл
еркін экономикалық зонада әлемнің 97 елінің екі мыңға жуық компанияларының
қызмет етуіне септігін тигізді. Бахрейн, Катар, Кувейттегі еркін
экономикалық зоналар қалыптасу процесінде.
Ірі энергетикалық ресурстарға иеленіп, Парсы шығанағы монархиялары
әлемнің анағұрлым өтеу мүмкіндігі бар елдер қатарына жатады және нашар
дамыған бауырлас араб елдерінің донорлары мен демеушілері рөлін атқарады.
Мәселен, Катар үлесіне әлемдік газ қорының 10% тиесілі, Сауд Аравиясы
әлемде мұнай экспорты жөнінен бірінші, өндірісі жөнінен екінші орынды
иеленеді. Ұлттық мемлекеттік мұнай және газ компанияларын шетел мұнай
монополияларынан жеке меншікті сатып алу нәтижесінде құру, шикізатты
тазарту және өңдеу сапасының жоғарылауы, Парсы шығанағы елдері жетекші рөл
ойнайтын OPEC қызметі аймақ мемлекеттерінің экспорттан түсетін валюта
табыстарының елеулі дәрежеде өсуіне алып келді. Экономиканы әртараптандыру
нәтижесінде елдер минералды тыңайтқыштар, алюминий, лактар мен сыр, дайын
өнімдерді экспорттай бастады, ол да, өз кезегінде, валюта табыстарын
арттырды. OPEC эксперттерінің пікірі бойынша, қазірде Сауд Аравиясы үшін
(басқа OPEC мүшелері үшін де) ресми қабылданған квоталарға қарамастан, іс
жүзінде қара алтын экспортына ешқандай шектеулер жоқ, себебі мұнайға
деген шектен тыс жоғары бағалар OPEC-ті халықаралық энергетикалық
рыноктарды тұрақтандыру мақсатымен өзі қабылдаған шешімдерді бұзуға тура
келіп тұр. Арамко мемлекеттік саударавиялық мұнай компаниясы құны 5
млрд. долларды құрайтын Қызыл теңіз жағалауында жаңа ірі мұнай айдау
зауытын салу жоспарлары жайлы мәлімдеген болатын. Кешен тәулігіне 400 мың
баррель мұнайды өңдеуге есептелген. Оның өнімі – ең алдымен АҚШ экспортына
бағытталатын ең жоғары сападағы бензин және Еуропа елдері үшін дизель
отыны.
Парсы шығанағы елдерінің қаржы рыноктары дамып келе жатқан әлемнің
рыноктары арасында анағұрлым эффективті түрде қызмет етеді. Қазіргі кезде
Парсы шығанағы елдері Таяу Шығыста ірі қаржы орталығын құрап отыр. Олар
әлемдік шаруашылықта маңызды рөл ойнап, энерготасымалдаушыларға деген
бағалардың тербелістеріне қарамастан алып валюта-қаржы потенциалына ие.
Аймақ елдері қомақты валюта қорларына ие, бұл қорлар Франция мен Италияны
асып түсіп, Ұлыбритания, Швейцария қорларымен бір деңгейде орналасқан.
Таяу Шығыс елдерінің қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде алатын
ерекше орны экономикалық, географиялық, геосаяси, саяси, әскери,
демографиялық сияқты факторлар қатарымен анықталады.
Араб әлемінің экономикалық маңыздылығы, ең алдымен, бұл аймақта ірі
көмірсутек кен орындарының көптеп шоғырлануымен түсіндіріледі. Парсы
шығанағы зонасының өзінде әлемдік мұнай қорының үштен екі және газ қорының
үштен бір бөлігі шоғырланған. Әлемдік экономикаға өмірлік маңызы бар
энергетикалық шикізат көзінің осында кең көлемде болуы Жер шарының басқа
аймақтарының бірде бірінде байқалмайды. Ірі мұнай қорларына ие елдердің
арасында Таяу Шығыс аймағының араб елдері алдыңғы қатарларды иеленеді.[63]
2 кесте
Ірі мұнай қорларына ие елдер, 2010ж.*
Ел Қоры, млрд. Әлемдік қордағы үлесі
баррель %
Сауд Аравиясы 264,1 21,0
Иран 137,6 10,9
Ирак 115,0 9,1
Кувейт 101,5 8,1
Венесуэла 99,4 7,9
ОАЭ 97,8 7,8
Ресей 79,0 6,3
Ливия 43,7 3,5
Қазақстан 39,8 3,2
Нигерия 36,2 2,9
АҚШ 30,5 2,4
Канада 28,6 2,3
Катар 27,3 2,2
Қытай 15,5 1,2
Ангола 13,5 1,1
ОПЕК мүшелері 955,8 76,0
Бүкіл әлем 1258,0 100,0

*Дереккөз: BP Statistical review of world energy 2010
Таяу Шығыс аймағының мұнай экспорттаушы араб елдерінің барлығы дерлік
Мұнай экспорттаушы араб елдері ұйымына (OAPEC) кіреді. OAPEC мүшелері бір
уақытта OPEC мүшелері де болып табылады. Аталған ұйымдар арқылы Таяу
Шығыстың мұнай қорына бай мемлекеттері әлемдегі саясаттағы оқиғалар
желісіне елеулі түрде ықпал етіп келеді. Осылайша энергия көзіне ие араб
елдері әлемдік саясатқа елеулі дәрежеде әсер ете алды. Мәселен, 1973 жылы
Араб-израиль соғысында жеңіліске ұшыраған араб елдері Батыс әлеміне қысым
көрсету мақсатында 1973-1974 жылдары мұнай өндірісін күніне 5 млн баррельге
шегерту шешімін қабылдаған болатын[64]. Сол жылдары жалпы мұнай өндіріс
көлемі 7%-ке қысқарып, мұнайға бағалар 4 есе артты. Нәтижесінде тарихта
болып көрмеген мұнай дағдарысы кең етек алды. Мұнайға деген жоғары баға
деңгейі 70 жылдардың ортасында да сақталып қалды, келешекте жоғары баға
деңгейінің нығайып алуына Иран революциясы мен Иран-Ирак соғысы әсер етпей
қоймады. Ирактың 1990 жылы Кувейтке басып кіруінен кейін де мұнайға бағалар
жоғарылаған болатын.[] Осылайша, Таяу Шығыс аймағында болып жатқан оқиғалар
әлемдік мұнай жағдайының да өзгеріске ұшырауына тікелей әсерін тигізіп
отырды. Мұнайға деген әлемдік бағаның бекітілуінде OPEC елдері ерекше рөл
атқарады.

1 Диаграмма

OAPEC мүше-елдерінде игерілген шикі мұнай қоры, млрд. баррель,
2010 ж.*

*Дереккөз: Organization of Arab Petroleum Exporting Countries (OAPEC),
Annual Statistical Report 2010

2 Диаграмма

Игерілген шикі мұнай қорлары, млрд. баррель,
2010 ж.*

*Дереккөз: Organization of Arab Petroleum Exporting Countries (OAPEC),
Annual Statistical Report 2010

1. Диаграмма
Араб елдерінің әлемдік мұнай қорындағы үлесі, %*

*Дереккөз: Organization of Arab Petroleum Exporting Countries (OAPEC),
Annual Statistical Report 2010

Таяу Шығыста Еуропаны Азия және Тынық мұхиты аймағымен байланыстыратын
теңіз және әуе жолдары келіп түйіседі, Ормуз және Гибраалтар бұғаздары,
Суэц каналы арқылы Еуропа, Оңтүстік Азия, Қиыр Шығыс елдерін көмірсутекпен
жабдықтау жүзеге асырылады. Жерорта теңізі арқылы жүргізілетін
тасымалдаулардың өзі Жер шары халқының төрттен бір бөлігін мұнаймен, мұнай
өнімдерімен қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, кеме жүзу еркіндігі жыл сайын
каналды пайдалану үшін төленетін қаражат есебінде 2 млрд доллар пайда
түсіретін Парсы шығанағы елдері және Египет экономикалары үшін де өмірлік
маңызға ие.
Араб әлемі үш құрлық түйісінде, араб-мұсылман және батысеуропалық
өркениеттер арасындағы шекарада, исламның суннит және шиит тармақтары;
араб, парсы, түрік этностары; европеоидтық және негроидтық нәсілдер
арасында орналасқан. Оның геосаяси жағдайы Еуропаға, Орта Шығысқа,
Закавказьеге, Орта Азияға, Сахель зонасына, Африка мүйізіне жақындығымен
қалыптасады. Әсіресе Еуропамен жақындығы Мағриб елдерінен эмиграцияның
Еуропалық Одақ елдеріндегі этникалық, әлеуметтік, мәдени жағдайға ықпалы
тұрғысында маңызды сипатқа ие.
Таяу Шығыс әлемнің анағұрлым тұрақсыз аймақтарының бірі болып
табылады. Бұнда туындайтын дағдарыстарды реттеудің қиындығы елеулі дәрежеде
бұл аймақтың мемлекеттері мүдделерінің үсті-үстіне үйілуімен, аймақтан тыс
державалардың бақталастығымен, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстармен
байланысты. Саяси шешімге келуге қосымша кедергі келтіретін жайт – тамыры
тереңге кеткен өзара сенімсіздіктің беки түсуі. Онжылдықтарға созылып келе
жатқан дағдарыстар бейбіт жағдайда өмір сүру түсінігінен айырылған және
зорлық-зомбылық амалдарын күнделікті, үйреншікті әдет ретінде қарастыратын
ұрпақтың пайда болуына алып келді. Аумақтық мәселелер әлі күнге дейін
реттелмеген (Иранның Бахрейнге талаптары, Парсы шығанағындағы үш аралды
иелену жөніндегі қарама-қайшылықтар, шекаралық даулар). Шекаралардың орасан
зор көлемі делимитациясы толығымен аяқталмаған (оның ішінде Йемен мен Сауд
Аравиясы арасында, т.б.). Су ресурстарын үлестіру жөнінен қайшылықтар
ошақтары қалыптасуда (Сирия, Ирак, Түркия арасында; Судан, Эфиопия, Египет
арасында; Сирия, Палестина ұлттық автономиясы, Израиль арасында)[64].
Тұрақсыздықтың жоғары деңгейі кең ауқымды қару-жарақ жарысын тудырады.
Таяу Шығыс соғыстан кейінгі кезеңде Ирак-иран қақтығысы барысында жаппай
қырып жоятын қару пайдаланылған әлемнің жалғыз аймағына айналды. Қақтығысты
потенциалға толы бұл аймаққа ерекше қауіп тудыра алатын нәрсе - аймақта
ядролық қарудың пайда болуы. Бұндай қаруға Израиль әлдеқашан иеленгені де
әбден мүмкін. Атом бомбаларына иелену амалдарын Ирак пен Ливия да жасап
көрді. Иранның ядролық бағдарламасының бағытталуына қатысты нақты пікір
қалыптаспауда.
Араб әлемінің спецификалық ерекшелігі ретінде сахнада ойыншы ретінде
мемлекеттер ғана емес, түрлі радикалды топтар ойнайтыны саналады.
Месопотамиядағы Каида аль-джихад, Хизбалла, Ислам қарсыласу қозғалысы
(ХАМАС), ислам Мағрибі елдеріндегі аль-Каида ұйымымен жүзеге асырылатын
акциялар ықпалы ұлттық шектерден тысқары шығып, Парсы шығанағы аймағы,
Левант, Солтүстік-батыс Африка, Сахель зонасындағы оқиғалардың даму
барысына ықпал етеді. Лаңкестік қауіп-қатер Оңтүстік Жерорта теңізінен
Еуропаға келіп төнуде.
ХVIII ғасырдың соңынан бастап араб әлемі ұлы державалар мүдделерінің
қақтығысу және бақталасу аймағына айналды, ал қырғи-қабақ соғыс
жылдарында Таяу Шығыс аймағы Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы конфронтацияның
негізгі сахналарының біріне айналды. Қазірде Таяу Шығыс АҚШ пен Еуропалық
Одақ елдері сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл
аймақтағы Вашингтонның басты стратегиялық әріптесі рөлін Израиль атқарып
келеді, Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұмтылысы 2003 жылы Иракқа
американ басып кіруіне, сонымен қатар Вашингтонның 1979 жылғы египет-
израиль бейбіт келісімін жасауға ат салысуына, палестина-израиль келіссөз
процесін алға жылжытуға септігін тигізу амалдарына түрткі болды. Израиль
АҚШ-тың әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы негізгі әріптесі болып
табылады.
Еуропалық елдерге келетін болсақ, олардың араб саясатындағы негізгі
екпіні Жерорта теңізі аймағына жасалады, 90 жылдардың ортасынан аталған
бағыт ЕО үшін басымды бағыттардың біріне айналды. Бұл аймақтың ЕО үшін
маңыздылығы географиялық жақындықпен, тығыз саяси, сауда-экономикалық,
мәдени, ғылыми байланыстармен, Мағриб мемлекеттерінен эмиграцияның Батыс
Еуропаның әлеуметтік тұрақтылығына ықпалымен, антитеррористік және заңсыз
иммиграциямен күресу саласында өзара әрекеттесу қажеттілігімен
түсіндіріледі.
Еуропалық Одақтың Левант және Мағриб елдерімен ынтымақтастығы 1995
жылдың қараша айында 15 батысеуропалық және 11 жерортатеңіздік елдері мен
Палестина ұлттық әкімшілігінің қатысуымен өткен Барселона конференциясынан
бастау алған Еуро-жерортатеңіздік әріптестік аясында жүзеге асады.
Кейінірек Еуро-жерортатеңіздік әріптестік шеңберінде 5+5 формуласы
бойынша Батыс-жерортатеңіздік диалогы және Жерорта теңізі үшін Одақ
Барселона процесі сияқты басқа да ұйымдар құрылды. Әріптестікті нығайту
үрдісі бастапқыда болжағандай жылдам жүріп келмеді. Әріптестікті
жеделдетуге ЕО және араб елдерінің даму деңгейлері арасындағы алшақтық және
әріптестіктің басымды бағыттарын ұғынудағы әртүрлілік (егер Солтүстікте
басты мәселе ретінде қауіпсіздік және заңсыз иммиграциямен күрес
саласындағы өзара әрекеттесуді қарастырса, Оңтүстікте экономикалық
жәрдемдесуді ұлғайту маңыздылығына екпін жасайды), израиль-араб
қақтығысының әлі күнге дейін реттелмеуі кедергі келтіреді.[65]
Қырғи-қабақ соғыс жылдарында Таяу Шығыс мемлекеттері, оның ішінде
пробатыстық бағдар ұстанған елдер де түбінде кеңес-американ
конфронтациясына тікелей тартылуына алып келетін оларды әскери блоктарға
тарту амалдарын теріс қабылдаса, қазіргі кезде бұл елдер НАТО ұйымымен
белсенді байланыстарды орнатуда.
Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай үш жақты ықпал негізінде қалыптасады:
жергілікті ойыншылар тарапынан; орташығыстық мемлекеттер (Түркия, Иран)
тарапынан; аймақтан тыс державалар тарапынан.
Парсы шығанағынан Атлант мұхитына дейін созылған араб әлемі қазіргі
халықаралық қатынастарда елеулі рөл ойнайды. Бұл, ең алдымен, 2 негізгі
фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, араб әлемі халқының саны 300 млн
адамнан асатын, мемлекеттік-саяси тұрғыдан әртекті елдер жиынтығын құрап,
әлемдік экономиканың дамуына маңызды болып табылатын орасан зор
энергоресурстар қорына бай.[66] Екіншіден, бұл аймақ маңызды
геостратегиялық жағдайға ие. Жоғарыда аталған жайттар араб әлеміне деген
артып келе жатқан қызығушылықты түсіндіреді.
Таяу Шығыста араб елдерінің сыртқы саясатына бірден бір әсер ететін
тетіктердің бірі араб елдерінен құралған ұйымдар болып табылады. Оның
ішінде әсіресе 1945 жылы 7 араб елінің (Египет, Ирак, Ливан, Сауд Аравиясы,
Сирия, Трансиордания, Йемен) бастауымен құрылған Араб елдері лигасының орны
ерекше. Оның негізгі бағыттарына қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастыққа
қол жеткізу саясатын координациялау және олардың тәуелсіздігі мен
егемендігінің сақталуын қамтамасыз ету және экономикалық, мәдени, басқа да
салаларда байланыстарға ат салысу айналды.[67] 1981 жылы құрылған және
қазірде жемісті қызмет етіп келе жатқан Парсы шығанағының араб
мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі де аймақтағы оқиғалар дамуына елеулі
ықпал етеді.
Араб елдерінің сыртқы саясатын діни фактор және оған сәйкес құрылған
қоғамдық-саяси, мемлекеттік-құқықтық қатынастар елеулі түрде анықтап отыр.
Барлық араб елдері Ислам конференциясы ұйымның мүшесі болып табылады және
бұл ұйымның қызметіне белсенді түрде араласады.
Араб елдерінің сыртқы саясатының ажырамас бөлшегі ретінде Таяушығыстық
реттеу процесі қарастырылады. Араб-израиль қақтығысы тамырларын сонау
отарлық заманға, Ұлыбритания үстемдігін бекіте түсі үшін мандат астындағы
Палестинада араб және еврей халықтарының арасындағы қайшылықтарды тұтандыра
бастаған кезге дейін жайған. Оның кейініректе шиеленісуі батыс елдерінің
Израильдің басқарушы топтарының араб елдеріне қарсы басқыншылық
талпыныстарын пайдалануымен байланысты болды. Араб мемлекеттері мен Израиль
арасында не бейбітшілік, не соғыс жағдайының орнамауы және қақтығысты
реттеу мәселелері қақтығысқа тікелей тартылған аталған мемлекеттер арасында
ғана емес, араб елдерінің өз ішінде де қатынастарды күрделендіруді
жалғастырып келеді. Таяушығыстық реттеу мәселелері әрдайым араб
мемлекеттерінің дипломатиясының орталық назарында болды. Бұл мәселелерде
араб елдерінің басым көпшілігі Мадрид және Ослода қол жеткізген
принциптердің мүлтіксіз сақтау және БҰҰ-ның сәйкес қарарларын орындап,
бейбітшілік үшін жер атты принципті жүзеге асыру қажеттілігін алға тартып
келеді.
Араб елдері Жерорта теңізі бағдарын өзінің сыртқы саясатының басымды
бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Жерорта теңізі аймағы түрлі
континенттер арасындағы байланыстырушы звено қызметін атқарады. Бұнда
әлеуметтік және мәдени алмасу процесі жүруде, ірі стратегиялық жағынан
маңызы бар сауда және көлік артериялары қиылысады. Шын мәнісінде, бұл
аймақта әлемде күннен күнге үлкен көңіл бөліп жатқан өркениеттер диалогы
жүріп жатыр.
Ирактағы жағдайға байланысты араб мемлекеттерінің басым көпшілігі
Иракқа 2003 жылы жасалған ағылшын-американ басып кіруін және оның іс
жүзінде елді оккупациялау шарасын өткір сынға алды. Араб елдері бұл
мәселеде Ирактан шетел әскерлерін сатылы түрде шығару, оның аумақтық
тұтастығының сақталуы, Ирак сунниттерінің басқарушы құрылымдарда лайықты
өкілдік етуі, оккупацияға қарсыласу және лаңкестік түсініктерін бөліп
қарастыру, заңсыз қамауға алынғандарды босату, тазартулар барысында адам
құқықтарының жаппай бұзылуын болдыртпау талаптарын қойып келеді.[68]
Араб мемлекеттерінің сыртқы саясатында түрлі деңгейде халықаралық
істерде теңгермелі, тәуелсіз бағдар жүргізу ұмтылысы, әлемдік саясатта
негізгі күштер орталықтарымен тығыз қатынастарды орнатуға бет алу, шетел
инвестицияларын тарту бағыты мен мүмкіндігінше тиімді шарттармен қаржы-
экономикалық байланыстардың әлемдік жүйесіне кірігу элементтері көрініс
табады.[69]
Таяу Шығыстағы саяси жағдай, аймақ мемлекеттерінде қалыптасқан
режимдер сипаты, олардың сыртқы саяси бағдары және бұл елдердегі әлеуметтік-
экономикалық процестер әлемдік қауымдастықтың үлкен қызығушылығын тудыруда.
Бұндай қызығушылық білдіруінің себептері бірқатар факторлармен анықталады:
– аймақтың әлемдік экономиканы көмірсутек
тасымалдаушыларының орасан зор қорының есебінен отын-
энергетикалық қамтамасыз етудегі стратегиялық маңыздылығы;
– аймақ мемлекеттерінің өнеркәсібі дамыған елдердің капитал
салымдарының, өнім, оның ішінде әскери импорттың, сонымен
қатар жоғары технологиялардың тиімді рыногы ретіндегі рөлі;
– аймақ мемлекеттері тобының АҚШ және Батыс Еуропаның
қаржылық доноры ретіндегі маңыздылығы (батыс банктерінде
Сауд Аравиясы жалғыз өзі, эксперттік бағалауларға сүйенсек,
500 млрд долларға жуық соманы шоғырландырды)[70]
– қазіргі қоғамдағы соңғы жылдары мұсылмандардың әлемнің
түрлі аймақтарында өзін-өзі идентификациялау процесінің
ұлғаюы мен саясаттандырылуын ескерсек, ерекше маңыздылыққа
ие исламның рөлі мен орны;
– қазіргі ғаламдық қауіп-қатерлердің бар болуы жағдайында
ерекше маңыздылыққа ие болатын Таяу Шығыс елдерінің ұлттық-
мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қолданатын
концептуалдық әдіс-тәсілі;
– ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі аса созылмалы және өткір
аймақтық қақтығыстардың бірі – араб-израиль қақтығысының
әлі күнге дейін шешімін таппай келуі;
– азаматтық соғысқа жақын Ирактағы жағдай және онда
орналасқан коалициялық әскерлердің рөлі;
– ядролық қару қаупінің шоғырлануы мен оның келешекте
әлемнің басқа аймақтарына таралу қаупі тұрғысынан Таяу
Шығыс аймағының анағұрлым қауіптілігі;
– аймақ мемлекеттерінде халықаралық лаңкестіктің ірі тірек
базаларының орналасуы мәселесі.
Осылайша, қазірде Таяу Шығыс геосаяси және стратегиялық тұрғыдан
алғанда маңызды аймақтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты Таяу
Шығыс аймағы түрлі мемлекеттер мүдделерінің соқтығысу алаңына айналды.
Өкінішке орай, бұл аймақ сонымен қатар, әлемге өзінің үздіксіз қақтығыс
жағдайындағы халімен де белгілі. Аймақ маңыздылығы онда орналасқан орасан
зор мұнай қорларының бар болуымен де анықталады. Мұнай өндіруші аймақ
ретіндегі Таяу Шығысқа Батыс елдері мен АҚШ-тың назары бұрынғыдан да
күштірек аударылуда [71].

1.2 АҚШ-тың әлемдегі орны, сыртқы саяси принциптер

XXI ғасырдың алғашқы он жылдығының соңына қарай, Америка Құрама
Штатының ғаламдық держава ретіндегі әлемдік өзгерістерге бақылау жасаудағы
монополиясынан айрыла бастады. Әлбетте, ұзақ уақыт Америка ғаламдық күштін
орталығы болмақ: жыл сайын өзінің қарулы күштеріне 700 млрд.тан астам
қаржы жұмсайды, оның құрлықтағы әскері, әскери-әуе және әскери-теңіз
күштері әлем бойынша заманауи болып табылады. АҚШ экономикасы дүниежүзі
бойынша жетекші болып табылады. Оның ЖІӨ шамамен 14 трлн.долларды құрайды.
Бірақ, АҚШ-тың қуаттылығын сөзсіз мойындай отыра, оның әлемдік жетекші
ел ретіндегі беделі мен ықпалының төмендеуін атап кетпеуге болмайды.
Әлемдік импорттағы АҚШ-тың үлесі 15 %-ға төмендеді, оның ЖІӨ-нің көрсеткіші
де төмендеуде оған себеп азиялық гиганттар деп аталатын Үндістан мен
Қытайдың экономикалық өсуімен салыстырғанда АҚШ-тың экономикалық өсуінің
төмен болуы. АҚШ-тың жетекшілігі басқа салалар бойынша да алдынғы қатарда,
яғни дипломатия жүргізу мен қарулануды тиімді пайдалану бойынша.
АҚШ-тың саяси және академиялық элитасының бір бөлігі, болып жатқан
жайсыздықтарды нәтижесіз басқару (Барак Обама) мен империя күшінің
толарсуынан (Пол Кеннеди) көруде. ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығының
соңына қарай сың-пікірдің бағыттары қырғи-қабақ соғыстың ардагерлерінен
қалыптасқан Джордж Буштын республикандық әкімшлігіне бағытталды. ХХІ
ғасырдың басындағы сыртқы саясаттың құлдырауы, бірнеше соғыстан жеңіліс
табу, ұлттық қаржы жүйенің құлдырауы мен америка экономикасының барлық
саласындағы келеңсіз жағдайлар осы әкімшіліктің жіберген қателіктерінен деп
айып тағылуда.
Бұл Американың сыртқы және ішкі саясатындағы проблемалардың нақты
диагнозы емес және осы келеңсіздіктер де Буш әкімшілігінің жіберген
қателіктері емес. Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Америка Құрама
Штатына американдық гегоманизмге қарсы көрініс ретінде пайда болған жаңа
тарихи қатерлермен жалғыз күресу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар
Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары
Халықаралық қатынастардағы аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі орта шығыс
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Әлемдік мұнай мен газ нарықтары-ның қалыптасуын көрсету, оның негізгі қатысушыларын және де еліміздің осы нарықтағы орнын анықтау
Әлем елдерінің мұнайгаз кешені
XXI ғасыр басындағы Қазақстан-АҚШ өзара ынтымақтастығына энергетикалық әлеуеттің ықпалы және мәні
АҚШ және Халықаралық қауіпсіздік жүйесі
Халықаралық қатынастар
Жетекші Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдары
Пәндер