ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ-------------6
1.1 Қаржылық есеп берудің мәні, мақсаты және қағидалары--------------------
-6
1.2 Қаржылық есеп беруді жасау------------------------------ ----------------
----------9
1.3 Қаржылық есеп берудің элементтері------------------------ ---------------
------12

ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ------------------
----------------------------------- ---------------------------18
2.1 Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі қателерді жөндеу------------------
-18
2.2 Іскер ақпарат көздерін жіктеу----------------------------- --------------
-----------23
2.3 Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру--------------------------
26
2.4 Инвестициялық және қаржылық қызмет----------------------------- ---------
---29
2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба-------------------------
--31
III. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ----------------------------34
3.1 Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесі-------------------------
---38
3.2 Қаржылық есептілік және элементтері------------------------ -------------
------43
3.3 Қаржылық есептің жүйесін реттеу----------------------------- ------------
-------49
3.4 Қорытынды ережелер--------------------------- ---------------------------
---------59
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------------------64
Қосымша материалдар мен құжаттар

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк
есеп пен қаржылық есептiлiк туралы № 234 Заңында Қазақстан Республикасында
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк
есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi
сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi. Сонымен қатар еліміздегі
бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның
пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін,
ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың
құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында
жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп
беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір
(белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны
өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны
басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын
жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына
экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан
бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі
болып саналады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның
қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып
табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды
инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер,
сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің
ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын
бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді
қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін
кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру
процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның
қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып
табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды
инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер,
сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің
ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын
бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді
қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Қаржылық есептер мәмілелер мен басқа оқиғалардың қаржылық нәтижелерін
оларды экономикалық сипаттамаларына сәйкес кең ауқымды категорияларға
қалыптастырып, көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар деп қаржылық
есептердің элементтерін атайды.
Қаржы-шаруашылық қызметін бағалаумен тікелей байланысқан қаржылық есеп
беру элементтері мыналар:
1) кірістер - меншіктеушілердің салымына байланысы жоқ, меншікті
капиталды көбеюіне әкелетін активтің немесе олардың құнының артуы, не
болмаса міндеттеменің азаюы түріндегі есепті кезең ішіндегі экономикалық
пайданың өсуі.
2) шығыстар - меншіктеушілер арасьшдағы бөлуге байланысы жоқ, меншікі
капиталдың кемуіне жетелейтін, активтердің немесе олардың құнының азаюы, не
болмас: міндеттеменің ұлғаюы түрінде есепті кезең ішіндегі экономикалық
пайданың азаюы.
Қаржылық есеп элементтерін мойындау, тану - мойындаудың мынандай
критерийлерін қанағаттандыратын және элементті айқындауға сәйкес келетін
бапты нәтижелері туралы есепке немесе бухгалтерлік балансқа кіргізу
процесі:
1) бапқа байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы субъект
алады немесе жоғалтады деген ықтималдық бар;
2) объектінің сенімді өлшенетін құны немесе бағасы бар.
Қаржылық есеп элементтерін бағалау - ақшалай соманы анықтау тәсілі, ол
бойынша активтер мен міндеттемелер қаржылық есептерде мойындалады және
мыналар бойынша бағаланады:
• бастапқы бағатымен. Активтер оларды сатып алған кезде қол жеткен
тараптардың келісімі мен белгіленген ағымдағы құны бойынша немесе төленген
ақшалай қаражат сомасында; міндеттемелер - міндеттемеге айырбасталып немесе
кеі жағдайлардағы белгілі бір шарттармен алынған (мысалы, салықтар) түсім
сома бойынша жағдайлардың қалыпты тоғысуы кезінде міндеттемелерді орындау
үшін төленетін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі.
• ағымдық құнымен. Активтер есепте сол немесе соған ұқсас актив
енді ғана сатып алынған жағдайда төленуге тиісті ақшалай қаражат сомасы
бойынша көрсетілетін міндеттемелер оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай
қаражаттың дисконтталмаған сомасы бойынша көрсетіледі;
• өткізудің (өтеудің) ықтимал құнымен. Активтер сатудан алынуы мүмкін
ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер - оларды өтеу
үшін талап етілетін ақшалай қаражат;
• дисконтталған құн. Активтер субъектінің қалыпты қызметі барысындағы
активтерді генерациялауға тиісті ақшалай қаражат болашақ түсімнің
дисконтталған құны болып танылатын ағымдағы құны бойынша;
• баланстық құнымен. Активтер мен міндеттемелердің бухгалтерлік
балансы көрсетілетін құны.

І. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Қаржылық есеп берудің мәні, мақсаты және қағидалары

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ
шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін
анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде
үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын
(үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып
табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері
Қазақстан Рсепубликасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады,
соған сәйкес енім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың
төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал
шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Толассыздық,. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды
және ондай ниетің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға
түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге
қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиғаларын)
бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған)
мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық
шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі
мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердін көрсеткіштерінен
құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар
болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша
қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы
пайдаланушьшарға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын
ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны
абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған
жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен
шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын
қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың
пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір
есептік кезеңмен салыстырьшуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі
есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның
көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек
қабьшданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып
табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі
түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде
жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және
жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру
кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын
бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша
жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық
қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып,
жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай
есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау
үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің
(деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін
толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден
өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік
мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі,
содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО,
ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс,
каржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп беру т.б.)
Төртінші кезең. ШС-нің каржылық-шаруашылық қызметі талданады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші
қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс белудің және есеп жұмыстарының
кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық
құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік
тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау
жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің
дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият
тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс
баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен
салыстырып, жыл соңындағы керсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы
есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен
қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да
енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай
ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті
жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді.
Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде
салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары,
кұрылтайшылары) белгілейді.

1.2 Қаржылық есеп беруді жасау
Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік
баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша
қаражатының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы)
кіреді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі
қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және
сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы
әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:
-инвесторлар - жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың
алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға
салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың
немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның
келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет
ақпараттарды талап етеді;
- кредитор — алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін
(мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- жабдықтаушылар –кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін
тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- сатып алушы - кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра
алатындығы женіндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
- қызметкерлер - кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына
мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен
телемін алады, ал акционерлер - тұрақты түрде дивиденд алып тұруын
кездейді;
- Мемлекеттік органдар — кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс
істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың кемегімен экономикалық саясатты
(салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық
мәліметтерді жинайды;
- Жұртшылық - жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді
мекенді, аймакты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып
келеді.
Каржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға,
несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағымын
бағалауға, кәсіпорынның міндетемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың
басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз
септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі
мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның
қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі
талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік
капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы
тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушьшардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін
ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі акдараттарға
мүдделі болып келеді.

Есеп берудін мәліметтері Пайдалылығы
Экономикалық ресурстары Кәсіпорынның табыс алу кабілетін бағалау және
(активтер кұрылымы) болашақта болатын ақша қаражаты
Қаржылық құрылымы Қарыз қаражатынын келешекке қажеттілігін
(кәсіпорынның қарызы мен бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша
мен меншік капиталының ара қаражатын мұдделі тараптардын арасына тарату;
қатынасы) кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың
потенциалдық икемділігін бағалау
Өтемділік пен төлем Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның
қабілеттілігінін ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу
коэффициенті қабілеттілігін бағалау
Рентабельділік пен іскерлікКәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігін
белсенділігінің бағалау
коэффициенті
Қаржылық жағдайынын өзгеруіҚаржылық, инвестициялық, оперативтік
қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған акша
ағынын бағалау; кәсіпорыннын келешектегі акша
каражатына қажеттілігін болжау

Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір
ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі
ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші
субъект пайдаланылады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық
мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында
(жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша
мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.
Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру
кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды
нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру еткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп
беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі — мың
теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл
саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін — заңды тұлға ретінде
статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін
саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы
бар (жылына бір реттен кем болмауы керек).

1.3 Қаржылық есеп берудің элементтері

Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа
топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес керсетіледі. Экономикалық мазмұн
қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив — бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және
мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Міндеттемелер - бұл еткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан
қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің
кредитор пайдасына жасалатындығын керсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас
тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндетемесін орындалуын талап етуге
құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу
қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда
болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект
келісім-шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу
жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-
ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып
саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі етіп кетсе).
Меншік капиталы - бұл субъекттің міңдеттемесі шегерілген активі.
Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа белінеді: жарлық капиталы, қосымша
теленген капиталы, резервтік капитал, таратьшмаған табыс. Қаржылық есеп
беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашьшық қызметін талдаған
кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес
салмағы кем болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын
көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі — бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық
қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу
элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс — бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің
азаюы; шығыс — бұл есептік кезеңде активтердін азаюы, не міндеттемелердің
кебеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы
субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын
таратып беру — шығыс болып танылады.
Табыстар — бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің
нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты,
қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық
құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары
жатады. Ал негізгі емес кызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі
құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша
табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен
табыстары жатады.
Шығыстар — өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен
байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар
және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток)
нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша
қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т.б.). Зиян
экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша,
шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та
саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану — бұл бухгалтерлік балансқа
енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және
мынадай тану тұжырымдамасын (критериясын) қанағаттандырады:
- кез келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу
ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
- баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен
олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен
міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың
келесі түрлері бар:
бастапқы құны — активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және
олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен
сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың тоғысуының (салдарынан)
қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;
ағымдағы құны — активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс
табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада
төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша
көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;
сату құны—активтер өзінің сатылған құны (ақша қаражатының сомасы)
бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша
көрініс табады, демек дисконтталмаған сомасын білдіреді және олардың
етелуін талап етеді;
дисконтталған құны — активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының
дисконтталған күнын білдіреді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол
субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі (немесе
қортындыланады);
баланстық құны — актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі
бағасы бойынша керініс табады.
Баланс Бас кітапта керсетілген шоттардың қалдығының негізінде жасалады.
Ол міндеттеме, меншік капиталы, активтер деген бөлімдерден тұрады. Активтер
мен міндеттемелер өз кезегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.
Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелердің өзара зачет жасалуы
рұқсат етілмейді. Баланстың кейбір баптары басқа баптарға енгізілмеуі
керек, немесе бұрып қоюға болмайды (мысалға, дебиторлық қарызды,
кредиторлық қарызбен жабуға болмайды).
Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және
олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай-ақ
пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол керсеткіштері бойынша
талдау жасалынады.
Сонымен ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және
ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңыңда
белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің кемегімен баланстың барлық баптары
расталуы тиіс.
Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.

Активтер Баб кодтары Жыл басындағы Жыл соңындағы
кезеңге кезеңге
І бөлім. Ұзақ мерзімді
акивтер
Материалдық емес активтер:
Бастапқы құны 010 1025 26791
Жинақталған амортизациясы 011 103 303
Қалдық құны
Негізгі құралдар:
Бастапқы құны 020
Жер 7435 7508
Ғимараттар мен қондырғылар 8435 21983
Машиналар мен құрал-жабдықтар 27767 34304
Басқа да негізгі құралдар 4488 7680
Жинақталған амортизациясы 021 1734 6862
Қалдық құны 022 46453 64613
Аяқталмаған құрылыс 030 281
Инвестиция
Бас серіктестік
Тәуелді серіктестік
Ұзақ мерзімді дебиторлық 050
қарыздар
Жиыны 090 47375 91382
ІІ бөлім. Ағымдағы активтер 8203 21854
Матералдар 100 412 1868
Аяқталмаған өндіріс 101
Тауарлар 102
Дайын өнім 110 7791 19986
Басқа ТМҚ 120
Дебиторлық қарыздар:
Сатып алушылар мен тапсырыс 130 12781 34447
берушілердің қарызы (борышы)
Бас және тәуелді 140
серіктестердің дебиторлық
қарызы
Басқа да дебиторлық қарыздар 150
Оның ішінде ҚҚС 151
Болашақ кезеңнің шығыстары 160 15 390
Берілген аванстар 170
Қаржы инвестициясы 180
Ақша қаражаттары 190 11541 10194
Оның ішінде есеп айырысу 191 11541 10194
қаражаты
Аударылған ақша 200
қаражаттарының жолдағысы
Валюталық шоттағы ақша 210
қаражаты
Басқа да ағымдағы активтер 220
Жиыны 230 32540 67461
Барлығы 240 79915 158843

ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЕСЕБІ
2.1 Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі қателерді жөндеу

Түгендеумен қатар қаржылық есеп беруді жасау үшін шындыққа жанасымы
ақпаратты алу мақсатында таңдап алынған есептік саясатқа сәйкес барлық
мүлік түрлері мен міндеттемелерге баға беруде субъект қолданатын бағалау
тәртібінің шынында жанасымдылығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Есептік кезең үшін қаржылық есеп беруді жасау өткен кезеңдегі қаржылық
есеп беруде кеткен барлық қателерді ескеру қажет.
Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі барлық қателерді елеулі және
елеусіз қателер деп бөлуге болады.
Егер қате пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізсе, онда ол
елеулі қате деп саналады.
Таза табыс немесе кезеңдегі залал, елеулі қателер және есептік
саясаттағы өзгерістер бухгалтерлік есеп Стандартына сәйкес елеулі қателер
- өткен кезеңде кеткен қатенің есептік кезеңде табылуы, бұл қатенің
елеулігі сондай, оны түзету күніне қарамастан өткен кезеңдегі қаржылық
есеп беру шындыкқа жанасымды деп есептелмейді.
Таза табыс немесе кезеңдегі залал, негізгі қателер және есептік
саясаттағы өзгеріс ХҚЕС негізінде негізгі қателерге анықтау жүргізіледі.
Негізгі қателер - бір ағымдагы кезеңде анықталған аса елеулі қате. Оның
елеулігі соншалықты, бір немесе алдағы кезеңдегі қаржылық есеп берулер
оларды шығару сәтінде сенімсіз деп саналады. Бір немесе бірнеше алдағы
кезеңдерге қаржылық есеп беруді дайындауда кеткен қате ағымдағы кезеңде
табылуы мүмкін. Қателер мыналардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін:
■ математикалық есептеулерден;
■ есептік саясатты дұрыс қолданбаудан;
■ ақпараттарды, алдауды немесе ынта қоймауды бұрмалап көрсету.
Бұл қателерді түзету таза табысты немесе есептік кезеңдегі залалды
есептеуде ескеріледі. Мысалы, өткен кезеңдегі қаржылық есеп беруге
аяқталмаған өндірістің айтарлықтай сомасын енгізу немесе жалған келісімшарт
бойьшша дебиторлық берешектердің кіруі елеулі қатеге жатады.
Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру
бухгалтерлік есеп Стандартына сәйкес және 5400 Таза табыс немесе кезеңдегі
залал, негізгі қателер және есептік саясаттағы өзгеріс ХҚЕС алдағы
кезеңдерге қатысты қателерді түзетудін 2 әдісі қарастырылған:
• бөлінбеген табыстың алғашқы сальдосын өзгерту жолымен есеп
беруде көрініс табу;
• таза табысты немесе есептік кезеңдегі залалды анықтауда қосу.
Мысалы. Старт АҚ 2007 жылдың каржылық есеп беруін әзірлеу кезінде
2008 жылдың қаңтар айында 2007 жылы кеңсені жабдықтау бойынша амортизация
есебінде 27 000 теңге жіберілген қате тапты, оған орай бұл кезең үшін шығын
сомасы кемітілді.
2008 жылы өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс 193 000 теңгені
қабылдайды, өзіндік құны -10000 теңге.
Старт АҚ 2008 жылы үшін қаржылық-шаруашылық қызметінің нэтижелері
туралы есеп беруде шна деректерді келтіреді:
Өнімді (жұмыс, кызмет) өткізуден тускен табыс 140 000
Салынған өнімнің өзіндік құны 85 000
Әдеттегі қызметтен түскен табыс 55 000
Табыс салығы
16 500
Таза табыс
38 500
Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру
Өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыс бабы бойынша
бухгалтерлік есеп 6000 Табыс Стандартына сәйкес танылған шот кредиті 6010
Дайын өнімдерді тауарлар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс бойынша
айналым қорытындысы нақты тауарды, жұмыс, қызметті сатудан түскен түсім
көрініс табады. Мұндағы есеп беруде тауарлы-материалдық қорын өткізуден,
орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен түскен таза түсім, сыйақы,
процент, дивидент, гонорар түрлерінде алынған табыстар, негізгі қызметке
байланысты рентадан, қосымша құнға салықты азайтудан, және
міндеттемелерден, сондай-ақ қайтарылған тауар құнынан, бағаны арзандатудан,
сатушының сатып алушыға ұсынатын сату жеңілдіктерінен түсетін табыс
көрсетіледі.

Таза түсім көрсеткіші мыналарға тең болуы мүмкін:
Мәміле келісімшартымен анықталған сомаға;
- шоттарды ұсыну күнінен әрекет ететін және жөнелтілген өнім,
орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлемнің не болмаса қаражатты
валюталық шотқа немесе субъектінің валюталық кассасына есептеулер басқа
есеп айырысу құжаттарымен Қазақстан Республикасы Ұлттық банк бағамы бойынша
шетелдік валютаны теңгемен қайта есептеу жолымен анықталатын сомаға.

Жазуларды тексеру және ақпаратты алу процесінде түзетуге жататын мына
қате жазулар анықталуы мүмкін.
1. Субъект тауарды үстеме бағамен сатудан алған, түсім ретінде көрініс
тапқан коммерциялық сыйақы түріндегі ақшалай қаражат.

Түзетілетін жазулар:
- есептік кезең операциясы бойьшша тауарларды сатудан түсетін түсім
ретінде алынған процент сомасы қызыл түзетпе әдісімен түзетіледі:
4010 Алу шоты шот дебеті

6010 Дайын өнімдерді (тауарларды, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын
табыс шот кредиті;
- қосымша құнға салынатын салық сомасы қызыл түзетпе
әдісімен түзетіледі:

2110 Алу шоты шот дебеті
3130 Қосымша құнға салық шот кредиті;
- алынған 2170 Есептелген сыйақы шот дебеті
процент сомасы көрініс табады:
6110 Сыйақы түріндегі табыс шот кредиті.
2. Есептік кезең операциясы бойынша түсімнің шоттық қатесінің
нәтижесіндегі кемітпе (заниженная) түзетіледі:
■ кемітілген түсім сомасы көрініс табады: 1210 Алу шоты шот дебеті
6010 Дайын өнімдерді (тауарларды, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын
табыс шот кредиті;
■ Түсімдегі ҚҚС сомасына:
2110 Алу шоты шот дебеті
3130 Қосымша кұнға салық шот кредиті;
■ өткен жыл операциясы бойынша кемітілген түсімнен алынған сома
көрініс табады:
1040 Ағымдық шоттағы ақша шот дебеті
6130 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай табыс шот кредиті.
3. Мәміле аяқталған күні шартты ақша бірліктерімен
бағаланатын міндеттемелерден түсетін түсім көрсетіледі:
■ мәміле аяқталған күні келісімшартқа сәйкес бағадағы түсім сомасы
көрсетіледі:
2110 Алу шоты шот дебеті
6010 Дайын өнімдерді (тауарларды, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын
табысшот кредиті;
■ шетелдік валютаға қатысты теңге бағамын төмендетпеуден ақшалай
қаражапы алу (мәміленің аяқталған) күні мәміле бағаларының арасындағы
айырмашылық қызыл түзетпе әдісімен түзетіледі:
1210 Алу шоты шот дебеті
6010 Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын табыс
шот кредиті;
■ айырмашылық сомасындағы ҚҚС қызыл түзетпе әдісімен түзетіледі:
2110 Алу шоты шот дебеті
3130 ҚҚС шот кредиті; ..
■ жағымды бағамдық айырмашылық сомасы қызыл тузетпе
әдісімен түзетіледі:
1210 Алу шотышот дебеті

5330 Бағам айырмашылығынан түсетін табыс шот кредиті.
4. Сауда субъектісінде тауарларды комиссия шартымен сатудан түскен
түсім сату бойынша шығындарды ескерумен көрініс тапқан:
■ сату шығындарының сомасы қызыл түзетпе әдісімен түзетіледі:
1210 Алу шоты шот дебеті
6010 Дайын өнімдерді (тауарларды, жүмыс, қызмет) сатудан алынатын
табыс шот кредиті;
■ сату шығындары қызыл түзетпе әдісімен түзетіледі:
7110 Тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізу шығындары шот дебеті
1040 Ағымдық шоттағы ақша,
1210 Алу шотышоттар кредиті;
■ көрсетілген шығындардағы ҚҚС қызыл түзетпе әдісімен түзетіледі:
1210 Алу шоты шот дебеті
3130 ҚҚС шот кредиті.

5. Сатушы-субъектілерге сатып алушыларға қойылатын шарттарды
сақтамау туралы мәміле бойынша жеңілдіктер беріледі:
■ жеңілдіктер сомасымен түсім қайта есептеледі:
1210 Алу шоты шот дебеті
6010 Дайын өнімдерді (тауарларды, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын
табыс шот кредиті;
■ осы сомадағы ҚҚС сомасына:

■ 1210 Алу шоты шот дебеті
3130 ҚҚС шот кредиті;
■ көрсетілген сомма талапхат (претензия) бойынша есеп айырысу
көрсетіледі:
2810 Талапхат бойынша есеп айырысу шот дебеті
1210 Алу шоты шот кредиті.
Бұл көрсеткіш мына көлемдерде өнімдердің өзіндік құнын бағалау әдісіне
байланысты бағалануы мүмкін.
■ тікелей шығын;
■ толық нақты өзіндік құндар;
■ мөлшерлі (жоспарлы) өндірістік өзіндік құндар
■ шикізат, материалдар жэне жартылай өңделген өнім құндары.
Материалдың өндіріспен шұғылданатын субъектінің есептік кезеңнің
соңында өнімді өткізу бойынша шығындары мына баптарға жатқызылады:
8010 Негізгі өндіріс шот дебеті

7110 Тауарларды (жүмыс, қызмет) сату шығьшдары шот кредиті.

2.2 Іскер ақпарат көздерін жіктеу

Қаржылық, кешендік және операциондық аудиттердің ақпараттық базаларының
құрылымы олардың мазмұнымен және басқарудағы міндеттеріне байланысты.
Бизнес жағдайы туралы мәліметтерді аудиттеу алға қойылған мақсаттар мен
міндеттерге қарай мынадай негізгі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
1) функционалдық белгілеумен - жоспарлы, нормативті, есептік, есеп
берушілік, есептен тыс және талдамалы;
2) көздері және өндеу деңгейлері - бастапқы, аралық, нәтижелі деректі
(құжаттамалы, көзбен (визуальді) бақылау);
3) қажетті мағлұматтардың мөлшерімен - кешенді, тақырыптық және жеке;
4) мазмұндылығы (насыщенность) және пайдалылык-жеткілікті, жеткіліксіз,
артық, пайдалы және пайдасыз;
5) бейнелеу тәсілімен – мәтіндік, сандық, алфавиттік, алфавиттік-
сандық, шартты және графикалық;
6) өзгеру деңгейлерімен - тұрақты, шартты-тұрақты, өзгермелі және
сәттік;
7) ұсыну формаларымен - ауызша, жазбаша, телефондық, машиналық,
машиналық емес, магнит таспалары мен дискілер, дыбыс жазу (аудио-) және
бейне жазу (видео) таспалары және т.б.
Нормативтік көрсеткіштер бизнесті басқарудың тиіміділік деңгейі мен
жағдайын бағалауға ең жақсы сипаттама береді. Бұларды басқару жүйесі жетуге
тиісті ұдайы өндіріс процесінде олардың өзгеруінің белгілі бір
параметрлерін белгілеуге себепші болады.
Бизнесті ұйымдастыру туралы жоспарлы мәліметтер әлі болмаған, бірақ
белгіленген мерзімде және өнімнің, жұмыстың, қызметтің нақты саны мен
сапасында орындалуы тиіс құбылысты сипаттайды. Жоспарлы тапсырмалар ең
алдымен оның қалыптасуы мен жүзеге асуының әдістері мен кезендері бойынша
жіктеледі. Оның ішінде, келешектік (перспективалық) ағымдық және жедел
(оперативтік) деп бөлінеді.
Қарастырылған ақпарат көздерін дұрыс пайдалану шаруашылық жүргізуші
субъектілер қызметінің жоспарлану сапасын жедел (оперативті) бақылау мен
талдауды жүзеге асыруды алдын ала анықтайтын бизнестің түпкілікті
нәтижесіне тікелей әсер етеді.
Кешендік аудиттің маңызды көзіне статистикалық есеп пен есеп беру
жатады. Оның негізінде бизнестің макродеңгейінде де, микродеңгейінде де,
оның ішінде халық шаруашылығы, салалық жэне аумақтық (территориялық)
деңгейлерінде болатын жаппай күбылыстар мен процестер жете зерттеледі.
Осыған орай Қазақстан Республикасында барлық меншік түріндегі кәсіпорындар
үшін мемлекеттік статистикалық есеп берулердің формалары әзірленді.
Жүргізілетін зерттеулер үшін қаржылық-шаруашылық қызметтер туралы есеп
берулердің, негізгі жэне айналымға түсетін қаражаттардың құрамы мен
қозғалысының, өнім бағасының, салалардағы және аймақтар бойынша есеп
айырысулар жағдайының маңызы зор.
Соңғы жылдары кәсіпорындардың статистикалық есеп берушілігі едәуір
қысқарды және оны кеңейту әрдайым ақтала бермейді. Мұндай жағдайлар өндіріс
ресурстары мен қуатын және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің
экономикалық әлеуеті элементтерінің қалыптасуы мен пайдаланылуын терең
тексеру қадағалау және талдамалық іріктеулерді жүзеге асыру кең тарап отыр.
Дегенмен іріктелген мәліметтер ағымдағы бухгалтерлік есеп пен бастапқы
құжаттамалардан алынатындықтан, олар есеп сипатындағы шығу көзі ретінде
қарастырылса да, олар белгілі бір кестелердегі, графикалық және басқа
формалы тэсілдермен алдын ала өнделген, дәл әзірленген ақпаратты білдіреді.
Ақпараттарды осылай талдамалы тұргыдан ұсыну қаралатын объектінің кешендік
және операциондық аудиттерді жүргізу барысында алға қойылған мақсаттарға
қол жеткізуге көп жағынан пайдалылығымен, жеделдігімен және анықтығымен
көмектеседі.
Есептік ақпарат экономикалық объектінің нақты жагдайын көрсетеді, болып
өткен фактілер мен оқиғаларды сипаттайды. Оның көмегімен қызметтің
ұйымдастырылу жағдайы мен оны басқару жүйесінің арасындағы кері байланысқа
кол жеткізуге болады. Мұндай ақпарат басқарудың басқа міндетті істерін,
атап айтқанда, жоспарлауды, ұйымдастыруды, талдауды, бақылау мен реттеуді
жүзеге асыруына мүмкіндік туғызады. Есептік ақпараттың толық әрі уақтылы
болуы, анықтығы қабылданатын шешімдердің пәрменділігі мен негізділігіне
себепші болады.
Мұның бәрі барлық есеп түрінің, ең алдымен кәсіпорын деңгейіндегі
объектінің нақты басқарылу жағдайын бейнелейтін ақпараттармен қамтамасыз
етудегі негізгі жабдықтаушы болып табылатын бухгалтерлік есептің әдіснамасы
(методологиясы) мен ұйымдастырылуын ұдайы жетілдіріп отыруды талап етеді.
Бухгалтерлік есеп микродеңгейдегі бизнестің ұйымдастырылу процесінің
барысын үнемі қадағалауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметтің нәтижелерін
толығырак сипаттайтын барлық негізгі аудиторлық мәліметтерді есептеуге
мүмкіндік алу үшін қаржылық есептеме көрсеткіштерін біраз кеңейтудің
қажеттілігі пайда болды.
2.3 Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру

Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс
шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық-шаруашылық қызметінің есеп
беруі келесі көрсеткіштерден тұрады:
- өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және
басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі,
қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді
қоспағанда;
- өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған езіндік құнына кәсіпорынның
нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті ендірумен байланысты
тікелей шығындар кіреді;
- жалпы табыс
-өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты
өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;

Көрсеткіштер атауы Сызық жолының №табысы шығысы
Сатылған өнімнен
(қызметтен, жұмыстан) 3948098 х
түскен табыс 01
Сатылған өнімнің
(қызметтің, жұмыстың)
өзіндік құны 02 х 1845829
Жалпы табыс 03 102269
Кезең шығыстары-Барлығы:
04 х 77486
Оның ішінде:
Жалпы және әкімшілік
шығыстары 05 х 50480
Сату бойынша шығыстары
06 х 16556
Пайыз бойынша шығыстары
07 х 10540
Негізгі қызметтен түскен
табыстары 08 24784
Негізгі емес қызметтен
түскен табыстары
(зияндары ) 09 1730 4053
Салық салынғанға дейінгі
әдеттегі қызметтен түскен10
табысы 22460
Заңды тұлғадан ұсталынған
табыс салығы 11
х 7097
Кейінге қалдырылған
салықтар 12 х 844
Салық салынғаннан кейінгі
әдеттегі қызметтен түскен
табысы 14519
13
Төтенше жағдайдан алынған
табысы 14
Таза табысы 15 14519

- таза табыс (зиян)- есептік кезенде кәсіпорынның алған қаржылық
нәтижесі,
Сонымен, қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері:
6010 Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс
6020 Сатылған өнімді қайтаруы
6300 Қысқартылған қызметпен байланысты кірістер
7000 Сатылған тауардың және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

7010 Сатылған тауардың және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
7200 Әкімшілік шығыстар
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. Есепте негізгі (немесе
операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру
нәтижесінде алынған ақшалай каражат ағыны (тасқыны) туралы барлық
деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты,
ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың
басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері
көрсетіледі.
"Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның қаржылық
жағдайындағы өзгерісті бағалауға мұмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең
ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және
қаржы қызметтеріне жатпайтын езге де қызметі), инвестициялық (ұзақ мерзімді
алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен
заем қаражаттарының мелшері және құрамыңлағы өзгеріс нәтижесі болып
табылатын занды тұлғанің қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен
жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің
құрамында беріледі.
Жанама әдістер — бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы
активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен
жылдармен салыстыра отырып, каржылык және инвестициялық қызметтердің
нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарга түзету (корректир)
жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-
шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету
енгізуді көздемейді. Тек кана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру
арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.
Таза табысты түзететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Кәсіпорындағы бухгалтірлік есепті ұйымдастыруды зерделеу
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Өндіріс шығындарының есебін жүргізу
Еңбек ақы төлеудің есебі
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
Пәндер