Қиын балалар ұғымының мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Қиын балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық
іс-әрекеттің объектісі ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.1 Қиын балалар ұғымының мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Мінез-құлықтың бұзылу себептері және жағымсыз әдеттердің
пайда болуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылықты
түсіндірудегі негізгі теориялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 Мектеп жасындағы қиын балаларды психологиялық ерекшеліктерін
эксперименттік зерттеу мен әлеуметтік-психологиялық жұмыс технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
2.1 Жеткіншектік жастағы қиын балаларды анықтаудағы психологиялық
жұмыстардың мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
2.3 Психологиялық түзету жұмыстарының әдіс-тәсілдері және тәжірибелік-
зерттеу жұмыстарының қорытындысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Қиын балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыстың қайта тәрбиелеу
әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі қоғам алдына қойылған
негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру. Бүгінгі таңда білімдер аймағы мен жүйесінде
жеткіншектердің өз мінез-құлықтарын саналы реттеу және ондағы
ауытқуларды жою мәселесін зерттеу жұмыстары көп кездеседі. Солардың бірі
адамның индивидуальды психологиялық ерекшелігінің табиғаты,
тұқымқуалаушылықтың ролі және оның орта жағдайына қалыптасуын зерттейтін
ғылым- психогенетика.
Бүгінгі біздің қоғамымызда адам жанын алаңдататын мәселелер көптеп
кездесуде. Солардың бірі қиын балалардың көптеп кездесуі. Әлеуметтік -
экономикалық жағдайлардың да салдарынан дүниеге қиын балалар легі
толастамай отыр.
Психологиялық аутқушылықң қандай да түрлі формасы болсын, олар бір-
бірімен тығыз байланысты. Маскүнемдік, есірткіні пайдалану, агрессивтілік,
жалпы алғанда заңға қарсы мінез-құлықтың барлығы бір блокты бейнелейді.
Сонымен қатар жасөспірімдердің бір девиантты іске еліктеуі оның басқа да
түрлеріне араласу деңгейін жоғарлатады.
Қазақстанда жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде
педагог, психолог ғалымдардан Л.К. Керімов қиын жасөспірімдерді жеке дара
қайта тәрбиелеу мәселесімен [1] девиантты мінез-құлық психолгиясымен И.К.
Аманова [2], А. Жаңғабылова [3], Л.С. Байсеркеев [4], ал шетелдік және
кеңестік психологияда И.И. Мамайчук [5], Ф, Райс [6] және т.б. үлкен
үлес қосты.
Заңға қарсы мінез-құлық өте қатал түрде болмасада қалыптың бұзылу
деңгейімен, психикалық денсаулықтың бұзылуымен байланысты болып келеді. Ал
бұл кейде кейбір жағдайларда көрсеткендей, әлеуметтік факторға да сәйкес
келіп отырады.
Демократиялық және экономикалық қайта өрлеу дәуірінде адам санасы да
біржола түбегейлі өзгерістерге енді. Бұл кезең әсіресе, жасөспірімдерге
ауыр тиді. Себебі олар жас ерекшеліктеріне байланысты тұрақсыз, қолайсыз
жағдайларды басынан өткереді. Соған сай біз мінез-құлық ауытқушылығын сөз
еткенде ең алдымен жасөспірімдерді есепке аламыз.
Жасөспірімдердің психикалық дамуындағы онтогенез кезеңінде олар
түсіністікті қажет етеді, сонымен бірге үлкендер тарапынан дұрыс
психологиялық қолдау күтеді. Жасөспірімдер мінез-құлқындағы аутқушылық
түрлі деңгейде көрсетуі мүмкін, бұл оның жеке ерекшеліктері (мінез
акцентауациясы, темперамент қасиеті, психикалық аурулармен ауруы, т.б.)
жанұядағы жағымсыз процестерге (бала тәрбиесіндегі жүйесіздік, маскүнемдік,
ата-аналардың айырылсуы) мектептегі қиындықтарға (оқушыға деген жағымсыз
қарым-қатынас, мұғалімдермен конфликтіге келу, оқушылар ұжымымен
келіспеушілік) байланысты дамып отырады. Жасөспірімдердегі мінез-құлық
ауытқушылығы формалары әртүрлі болып келеді. Мінез-құлық ауытқушылығы
уақытша және күнделікті, тұрақты және тұрақсыз формалармен кездесуі мүмкін.
Психолог мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың жанұясында
қадағалап отыруы тиіс.
Барлық нәрсеге қол жеткізу позициясы, заттық философия, баланы тәрбиелеу
адами саналылықтың жоғалуы жасөспірімдердегі қажеттіліктің фрустрациясына
алып келеді. Олар ата-анасынан артық мейірімділікті қажет етеді. Соның
салдарынан мұндай жасөспірімдердің қорғаныш реакциясы мінез-құлықының
адекватты емес формаларының көрінуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Зерттеудің мәселесі. Қазіргі таңда тұлға рөлі мен қалыптасуының
алар орны ерекше, соның ішінде мінез-құлқында ауытқушылығы бар
жасөспірімдердің өз өмірлік әрекеттері мен жеке уақытын тиімді ұйымдастыруы
өте маңызды. Аталған тақырыпқа деген қызығушылық теориялық және тәжірибелік
жағынан дәлелдеу қажет болғандықтан туындап отыр. Жасөспірімдік кезеңдегі
психологиялық ауытқушылыққа әсер етуші факторлар өте көп. Соның ішінде
психологиялық фактордың маңызы туралы кейінгі кезеңде көп зерттелуде.
Осыған байланысты жанұядағы тәрбие, ата-ананың өмірдегі
қателіктері, қайтып айналып келіп баланың тұлғасының дұрыс қалыптасуына
кері ықпалын тигізетінін анық. Оқытушылар мен психологтар жүргізетін
жұмыстары олардың моральдық нормасы мен тәртіптік талаптарына сәйкес келуі
керек. Жасөспірімдер арасындағы психологиялық ауытқушылық проблемасы
генетикалық психологияда, педагогикалық психологиядағы, медициналық
психологиядағы психокоррекциядағы ең күрделі қазіргі таңда шешімі табылмай
отырған зерттеу мәселелердің бірі болып табылады. Осы айтылған мәселелердің
өзектілігі, ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан жеткілікті
қарастырылмауы бiздiң зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты
Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылыққа әсер ететін
психогенетикалық факторлар туралы түсінік деп алуымызға негіз болды.
Себебі, бұл мәселенің шынайы қиындығы теория мен практиканың қарама-
қайшылықтарының туындауында, сонымен қатар қазіргі қоғам дамуы кезінде кең
етек алуында болып отыр.
Зерттеудің мақсаты. Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық
ауытқушылыққа әсер етуші факторды ғылыми тұрғыдан талдап, әдіс-тәсілдер
арқылы анықтау, арнайы зерттеу жүргізу арқылы мінез-құлқында ауытқушылығы
бар жасөспірімдердің теріс әрекеттерінің алдын-алу жолдарын қарастыру.
Зерттеу нысаны. 40 жасөспірімдер тобы, зерттеуге ата-аналар,
барлығы 15 отбасы қатысты.
Зерттеу пәні- жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылыққа
әсер ететін психогенетикалық, әлеуметтік- психологиялық факторлар.
Зерттеудің ғылыми болжамы : егер жасөспірім тұлғасының қалыптасуы
мен психологиялық ерекшелігіне әсер ететін психогенетикалық факторлардың
бірін алдын-ала анықтап, психокоррекциялық жұмыстар тиімді түрде
жүргізілсе, жасөспірім мінез-құлқында кездесетін психологиялық аутқушылық
алдын-алуға болар еді.
Жанама болжам:
- егер жасөспірім тұлғасының қалыптасуы әсер ететін тұлғалық мінез-құлықы,
нервтік-психикалық қалпы, ортамен қарым-қатынасы мен психогенетикалық
факторлары анықталса, онда жасөспірім мінез-құлқында кездесетін
психологиялық аутқушылық алдын-алуға болар еді.
-отбасы мүшелерімен дер кезінде диогностикалық және психокоррекциялық
жұмыстар тиімді түрде жүргізілсе, онда онда жасөспірім мінез-құлқында
кездесетін психологиялық аутқушылық алдын-алу жолдарын анықтауға әсер етуі
мүмкін.
Зерттеудің міндеттері:
- жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер етуші психогенетикалық
факторларды ғылыми тұрғыдан талдау жасау;
- жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер етуші әр түрлі
әлеусеттік-психологиялық, психогенетикалық факторларды анықтау;
- жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылығының алдын-алу жолдарын
қарастыру.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Онтогенез үрдісінде
өтетін тұлғаның даму заңдылықтары туралы, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту
мен тәрбиелеу туралы негізгі түрлері және жасөспірімдік кезеңдегі
психологиялық ауытқушылыққа әсер ететін психогенетикалық факторларды
мектептегі білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметі туралы зерттеу
құрады. жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылығын зерттеуге байланысты
жүргізілген тәжірибелері мол психолог ғалымдардың еңбектері қарастырылды.
Зерттеу негізінен К. Леонгардтың Акцентуациялық мінез туралы
тұжырымдамасының ұстанымдарынан психологиялық қызметтің үлгісі, құрылымы
мен түрі жүргізіледі.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу негізінен К.
Леонгардтың Акцентуациялық мінез туралы тұжырымдамасының ұстанымдарынан
психологиялық қызметтің үлгісі, құрылымы мен түрі жүргізіледі. Біздің
зерттеуіміздің практикалық маңыздылығына мінез-құлық құрылымындағы бірнеше
өзара байланыс деңгейлері анықталған, атап айтқанды, мінез-құлыққа әсер
ететтін қарым-қатынас, ортаға бейімділігі, себеп-түрткі, мінез-құлықпен
қатар жүретін эмоционалды процестер, мінез-құлықты реттеу, нервтік-
психикалық қалып және т.б. сырттай бақыланатын құбылыстар мен әрекеттер.
Осы жүйедегі бұзылыстар тұлғаның мінез-құлық ауытқушылығына себеп болады
және психологиялық әсер ету бағытын анықтайды. Девиантты мінез-құлықтың
қарастырылған себептері мінез-құлық ауытқушылығы бар тұлғаларға берілетін
психологиялық көмектің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыруға мүмкіндік
беру зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығын аша түседі.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Зерттеу проблемасы
психологиялық басылымдар мен нормативтік құжаттарды жүйелі теориялық талдау
мен қатар эмперикалық әдістерге генеалогиялық әдіс, биографиялық әдіс, Г.
Роршахтың проективті әдісі, оқушылардың ата-аналарына арналған сауалнама.
Зерттеу әдістері:
1. Шмишектің мінез акцентуациялық сұрақнамасы әдістемесі;
2. Жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерін зерттеуге Р. Б. Кеттел 16-факторлы
тұлғалық сауалнамасы;
3. А.Г. Маклаков, С.П.Чермяниннің Көп деңгейлі тұлғалық бейімделу
сұрақтамасы.
Зерттеудің практикалық базасы: Алматы обылысының Талдықорған
қаласындағы І. Жансүгіров атындағы №43 сауықтыру мектеп-интернаты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: жасөспірімдердегі мінез-құлық
ауытқушылығына әсер етуші психогенетикалық факторларды ғылыми тұрғыдан
талданды. Жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер етуші әр түрлі
әлеуметтік-психологиялық, психогенетикалық факторларды анықталып, зерттеу
тақырыбына сәйкес әдістемелер кешені жүргізілді. Жасөспірімдердің мінез-
құлық ауытқушылығының алдын-алу жолдарын қарастырылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы және көлемі: диплом жұмысы кіріспеден,
екі тараудан, қорытындыдан және 61- пайдаланған әдебиеттері тізімінен және
қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс көлемі -74.

1 ҚИЫН БАЛАЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ
ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1. Қиын балалар ұғымының мәні
Біздің қоғамдық дамуының күрделі әлеуметтік экономикалық жағдайға
және нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық
ортағ дәрігерлік қызметтің нашарлығына тағы басқа балалардың денсаулығына,
мінез-құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік психологиялық бейімделуге
қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8
сыныптарда, әсіресе ұл балаларда жиі байқалады делінген. Бірақ соңғы
жылдары мінез-құлқы қиын балалардың арасында жасару тенденциясы
байқалады. Олардың қатарын енді бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыр.
Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер
қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары
толықтырылып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда
болуының өзі болашақта әлеуметтік психологиялық дезадаптацияның тұрақты
түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлқының бұзылуының клиникалық және
криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады [2].
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда
Выготский Л.С. \1928ж\ еңбектерінде талқыланады, сондай-ақ А.С. Макаренко
тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Бұл мәселенің әрі қарай талқылануына
үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Бастауыш мектеп кезеңі балалардың жеке басының қалыптасуы үшін аса
маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған
күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болды, дамудың әлеуметтік
жағдайы түп-тамырымен өзгереді, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті
қалыптасады.
Баланың жеке қасиетінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін
педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы
және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ
нәтижелі жұмыс қажет.
Мысалы, бұл тұрғыда Әл-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы
өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәні мен жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі
оның тіршілік қажетінен туындайды. Мысалы, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты
пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Ана
құрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер заттың
түрін, түсін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір
барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше,
әрекеттену, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік,
имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің
жақсы өнегесінен туындайды. Адамның дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не
ақниетті болып келмейді, мұның бәрі жүре пайда болады.
Бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек
мен деп қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлщерлерге қалайша
бағынады, мінезі, ерік-жігері, қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме,
әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы
жөнінен де алып қарауға болады. Мінез-құлқы қиын оқушылар көбінесе
ашуланшақ болып келеді. Баланы үй-іші көп еркелетсе, онда ол болмашы
нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі.
Керісінше күтпеген жағдайда жақсы, өте жақсы баға алса, жұрттың
көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.
Мінез-құлқы қиын бастауыш мектеп оқушылары мектеп мотивациясының
төменгі деңгейімен, оқу әрекетіне құлықсыз қатысымен сипатталады. 4-
сыныпқа қарай мектеп мотивациясының төмендеу тенденциясы байқалады.
Мінез-құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың
психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек.
Конформды түрге жататын балаларға қайырымдылық жақсылық жасалынатын
қатынастар, олардың адалдық және ынталықтарын мадақтап, дем беретін
қолайлы орта болуы қажет.
Мазасыз түрге жататын балалар тыныш, қайырымды жағдайға қажетсінеді.
Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал.
Мұғалімдер мен тәжірибешілер, әсіресе, интровертивті түрге жататын
балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуы шарт, олардың ақыл-ой
функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және
мөлшерді меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара
қатынастарын жақсартуға көмек қолын тигізуі керек.
Өзінен өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы
қалыптастырылады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. Өзіне
деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы
адамдар балаға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы
сыйластыққа лайық екенмін деп санайды. Ал егер керісінше, оның жасаған
істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрысып, жаратпай жатса, оған өзіме
лайық емеспін дегеннен басқа түк қалмайды және бұл жағдайда баланың
реакциясы әр түрлі (апатия, ценизм) шектен шыққан арсыздық (агрессия т.б.).
Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған
оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады
да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады, міне тәртіп бұзу
содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі-сабаққа үлгере
алмаушылық, кейбір оқушы қатар-құрбыларынан сабақта артта қалып, тәртіп
бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі
келеді. Бұл мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дұрыс
тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда, тәртіпсіздікті
баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан
іздестіруге болмайды, ойын тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес,
оның үй-ішіндегі жағдайларға да, айталық ата – ана бірлігінің жоқтығына
және баласына қойған талаптың әртүрлі болып келуіне байланысты.
Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет.
Сонда балада жағымды мен бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі,
сезімі туады. Мұндай мен бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайда,
нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді [2] .
Жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі
жетілдіру оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмаудың алдын алудың
формалары мен әдістері белгіленген. Әрине, жекелеген оқушылардың қоғамға
жат мінез-құлықтар көрсетуі және заң тәртібін бұзуы отбасы , мектеп,
жұртшылықтың тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктерден демекпіз.
Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және
педагогикалық әдебиеттерде кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін
бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар қиын балалар сияқты терминдік
ұғымдар кездеседі. Біріншісіне кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін
бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжалдар шығаратын,
арақ-шарап ішіп жеке меншік пен қоғамдық мүліктерге қол сұғатындар жатады.
Олардың мінез-құлықтарында , жүріс-тұрыстарында жалқаулық, қатігездік,
бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әр түрлі ұрлық жасау т.б. қылықтар
кездесіп отырады.
Ал педагогикалық тәртібі нашар балаларға айналасымен қарым-
қатынастарында жоғарыда айтылған жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар
көрсеткенімен, бұндай ерекшеліктер мінез-құлықтарында тиянақты
қалыптаспағандар жатады.
Қиын балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез
ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық
формалар кездесетін, кейде ашулары қайнағанда дәрі – дәрмек беру арқылы
қозу күйін тежейтін балалар жатады. Осындай оқушыларға педагог тарапынан
гуманистік қасиеттер мен этикалық талап – тілектер қоя білетін педагогтік
шеберліктер қажет.
Қиын оқушыларды қайта тәрбиелету мәселелері жаңадан ғана қаралып
отырған проблема емес, революциядан бұрынғы орыс және шетелдік
педагогикалық ойшылдардың, қайраткерлердің бірі Г.П. Бельский, А.
Богдановский, А.Я. Герд, Д.А. Дриль, Д.Р. Тальберг, А.А. Фидлер және т.б.
еңбектерінде көтерілген. Осылардың кейбіреулерінің идеялары осы күнге
дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Мысалы, П.Г. Бельский және Д.Л. Дриль құқық
бұзушы жасөспірімдерді зерттеп-тану, олардың психологиялық ерекшеліктерін
анықтауды талап етеді. П.П. Пусторослов болса, педагогикалық тәртібі
нашарланған балалардың заң құқығын бұзу дәрежесіне орай әртүрлі типті оқу
– тәрбие мекемелерін ұйымдастыруды жөн көрген. Е. Альбитский, А. Ширген, А.
Герд тәрбие-еңбек еолонияларында оқу процесін жандандыруды қарастырады.
Н.Н. Горонович құқық бұзушы жеткіншектерді қайта тәрбиелеу процесін
жақсартудағы тәрбиешінің ролін көрсетуге кеңес берген [3].
20-30 жылдары құқық бұзушы және баспанасыз қалған жасөспірімдердің
проблемасын қолға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.
Бұл мәселелермен еліміздің аса көрнекті педагогтары мен психологтары
Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, Л.С. Выготский, Л.В. Заньков,
В.Н. Мясишев т.б. шұғылданды. Сонымен, бұл зерттеушілер балалардың
тәртіптерінің нашарлау себептерін екі мағынада түсіндірді: топтағы ғалым-
педагогтар, қоғамдық жағдайлар мен күнделікті өмірдегі тұрмыс – жағдай
негіз болады десе, екінші топтағы педагогтар баланың психикадағы табиғи
ерекшеліктері мен мінез-құлқыныңжағымсыз факторларға бейімділігінен деп
санады.
Айтылып отырған мәселе 30-50 жылдар аралықтарында объективті
жағдайларға байланысты тоқтап қалып, тек 50-60 жылдардан кейін ғана қиын
балалар мәселелерімен шұғылданушылардың ғылыми еңбектерінде \В.А.
Сухомлинский, Л.С. Славина, Г.П. Медведев, Л.М. Зюбин, Э.Г. Кюсташкин, Г.А.
уманов, М.А. Невский, З.И. Шыныбекова, В.В. Трифанов, Р.К. Мәмбетова, Л.К.
Керімов т.б. жарық көре бастады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстарының
дәлелдеуінше, қиын оқушылардың пайда болуына үш фактор себепші болатыны
анықталған.
1. отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы
ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық
ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің
болмауы т.б. жағдайлар себепші болған
2. мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен
кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық
ерекшеліктерін, ынта-ықыластарын, қызығушылығы мен талап-
тілегін ескермеу мүмкіндік берген.
3. жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни
оқушылардың тұратын микроаудандарында әр түрлі үйірме
жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты тартылмауы салдары
да негіз болған [5] .
Мінез-құлқындағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 ж. Пайда
бола бастады. (Блонский П.П.). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті
өмірде жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан
қолданысқа енді. Қазіргі кезде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты
орын алып отыр.
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, заңгер,
дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып
отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.

2. Мінез-құлықтың бұзылу себептері және жағымсыз әдеттердің пайда болуы
Қазіргі қоғамда кәмелетке жасы толмаған балалардың заң тәртібін бұзуы
және педагогикалық тәртіптерінің төмендеуі көп ретте кейбір объективтік
және субъективтік жағдайларға байланысты. Сонымен, қазіргі социологтар мен
психологтардың еңбектерінде жеке адамды қалыптастыруға екі топ факторлар:
макрожағдай мен микрожағдайлар себепші болады деп санайды. Макрожағдай
негізінде қоғамдағы экономикалық қарым-қатынас, партиялық басшылық,
қоғамдық сана формалары, тап және ұлттар қатынастары т.б. жеке адамның
қалыптасуына объективтік мүмкіндік туғызып, жастардың адамгершілік
белгілерді сақтап құқық тәртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің
заң нормаларын мойындамайды, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамауы, үлкен-
кішіні сыйламау қылықтары коллективте, топта, жанұяда, жора-жолдастарының
арасында т.б. Микрожағдай ортасында ғана қалыптасады. Өйткені баланың
алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора-жолдастары мен ата-аналарының
арасында жасалынады.
Психологиялық және психофизиологиялық ауытқулармен байланысты себептер
М.Раттер (1987) деректері бойынша балалардың 5-15 пайызы психологиялық
ауытқулары бар. Ал бұған эмоционалды бұзылулармен қоса, онда мәселенің
негізі және себептері түсінікті болады. Бұл балалардың тек қана аз бөлігі
психиатрға барады (ал біздің елде психиатрға бару мүлдем аз). Сол
М.Раттердің айтуы бойынша бұл мәселелерді шешуде медицинамен байланысы жоқ
педиатрлар мен педагогтар, әлеуметтік педагогтар, психологтар ат салысуы
керек. әрине, бұлар диагноз қоя алмайды, бірақ симптомдарын көрсетіп, қажет
болған жағдайда баланың ата-аналарына дәрігерге бару керектігін айтады.
Симптомдар арасында М.Раттер ең алдымен мыналарды атап көрсетеді [6]:
• оның жасына және жынысына сәйкес баланың адеквантты қорқыныш сезімі.
Мысалы: жақын адаммен айырылысу кезіндегі, сәби кезде бұл қалыпты, ал
жасөспірімдік кезде бұл қалыпсыз;
• қорқыныш сезімнен көп уақытқа дейін арылмау, қысқа мерзімді қорқыныш
сезімі, ештеңе естігісі келмеуі, балалардың көбісінде болады. Бірақ
бұл сезімдер көп уақыт бойы сақтала берсе, онда қалыптан ауытқу деп
саналады;
• баланың тәртібінде күнделікті тәртібінен ауытқу пайда болуы, егер бұны
қалыпты даму жағдайынан түсіндіру қиын болса;
• ауыр және қайталанатын симптомдардың пайда болуы. Мысалы: ата-аналары
балада түнгі қорқыныш сезімі пайда болады деп санайды. Егер олар мұны
баланың сөзінен айтса, бұған аса көңіл аударып керек жоқ. Ал егер ол
түнде жылап оянатын болса және бұл жиі қайталанып тұрса;
• бұл симптомдардың біреуі ғана болса, бұған аса көңіл аударып қажеті
жоқ. Ал бұлардың барлығы да бір уақытта болып, психологиялық өміріне
әр жақтарына кесірі тиіп тұрса.
Әрине жоғарыда көрсетілгендердің барлығы да баланың дамып жатқан
ортасына байланысты. Бұған қоғамдағы этикалық, әлеуметтік және мәдени
ерекшеліктерді ескерту қажет.
Психологтар мен психиаторларда ауытқудың қандай деңгейде екенін
анықтайтын әдістемелер бар. Олар педагогтармен бірге тәртіптегі
педагогикалық түзетулер әдістерін құрастыра алады. Мұғалімнің медицина
саласына байланысты мағлұматы болса да ол балаға диагноз қоя алмайды. Ал
егер де ол баланың қандай жағдайда екенін білсе, бұл жөнінде балаға және
оның ата-аналарына айтпауы керек, себебі олардың сенімін жоғалтыпалмас
үшін.
Ересектік дағдарысымен байланысты себептер.
Мектеп жылдарындағы баланың дамуы барлық кезде де жайлы өтпейді. 7-17
жас аралықтарында өсіп келе жатқан адам бірнеше даму сатысынан өтеді,
олардың әрқайсысында коммуникативті қабылдау өзгеріске ұшырайды. Жиі түрде
қалыптасқан ұғымдар мен жағдайлардың, армандар мен әдеттердің өзгерісі тез
арада туындайды. Онда бала бұл жағдайда неліктен мұндай өзгеріс болғанын
түсіне алмай, бейімделе алмай қалады. Осылай балалар мен жасөспірімдер
мектептік кезеңде бірнеше дағдарыстық жағдайларда болады. Осыған сай
балалардың көбісі бұл кезде қиын балалар қатарынан шығады.
Психолог Р.С.Немовтың айтуы бойынша бір физикалық және психологиялық
жастың екіншісіне өткен кезде жастық дағдарыстар туындайды. Осылай әрбір
дағдарыста қиратушылық және құрастырушылық мін бар [7].
Мектеп жасындағы балалардың дамуын екі этаппен айтып көрсетуге болады:
кіші мектептік жас (6-7 жастан 10-11 жасқа дейін) және орта, үлкен мектеп
жастары (10-11 жастан 16-17 жасқа дейін). Екінші этап жасөспірімдік (10-11
жастан 13-14 жасқа дейін) және ерте жеткіншектік жастарға (13-14 жастан 16-
17 жасқа дейін) бөлінеді.
Кіші мектептік жастан жасөспірімдікке өту дағдарысы ағзадағы
физиологиялық өзгерістерге, ересектиермен қалыптасып жатқан қатынастарға
және тұлғаның дамуына интеллектуалды дамып жатқандығымен байланысты.
Бірақ жасөспірімдік жаста да, ерте жеткіншектік жаста да дағдарыс
оқушыларда әрбір жерде тосып тұрады. Жасөспірімдік жас - өсу, даму,
ержету жасы. Өзгерістер, оның ішінде қарым-қатынастағы өзгерістер тез арада
болады. Американ психологы А.Гезелл жасөспірімдік жастың классификациясы
мен периодтылығын құрастырады.
10 жас – бұл алтын жас, осы кезде бала өмірді оңай қабылдайды, ата-
аналарымен тең, сыртқы келбетімен байланысы жоқ.
11 жаста ағзада өзгерістер бола бастайды, бала импульсивті, көңіл-күйі
жиі өзгереді, құрбыларымен, ата-аналарымен қақтығысы мол.
12 жаста мұндай қатынас кішкене басылады, әлемге қатынасы оңалады,
отбасынан алыстайды, сол уақытта құрбылармен жақын болады. Бұл жастың
негізгі ерекшеліктері – ақылдылық, әзілқойлық, шыдамдылық, сырт келбеіне
көңіл бөлушілік және өзіне қарсы жынысқа қызығушылық.
13 жаста балалар өз-өздеріне сынды және сынға төзімді, өз-өздеріне
еніп кетеді, психологиямен қызыға бастайды, ата-аналарына сынды қарайды,
достықта таңдаулы болады. Көңіл-күйіндегі өзгерістер жоғары болады.
14 жаста интроверсия экстроверсияға ауысады, жасөспірім экспонсивті,
көпшіл, жылдам, өз-өзіне сенімді бола бастайды. Экспонсивтілік көпшілік
болуымен, адамдарға әдейі неше түрлі сұрақтар қоюымен көрінеді.
15 жастағылары бір формада бөліп көрсетуге болмайды, себебі тұлғалық
ерекшеліктері мол. Бұл жастағы ерекшелік жасөспірімнің мектептен, ата-
анадан тәуелсіз болуға ұмтылумен белгілі. Тәуелсіздікке ұмтылудың оңтайлысы
баланың өзін-өзін қадағалаумен және тәрбиелеуінің алғашқы кезеңінің
басталуы. Бұл оның кері әсерлерге бейім болуы қаупін жоғарылатады. Топқа
қосылу қажеттілігі туындайды.
16 жаста қайтадан тепе-теңдік туындайды, өмірге деген құштарлық өседі,
адамдармен қарым-қатынасы жоғарылай бастайды, келешекке ұмтылыс болады.
Әрине автор бұл жастардағы ерекшеліктердің кейбір жақтарын ғана
көрсете білді. Шындыққа келсек, жасөспірімнің жылдам өсуі және мәдени -
әлеуметтік өзгешеліктер мәні өте жоғары. Бірақ осы анықтамаларға сүйене
отырып жасөспірімдерді жастарына қарай топтап, олармен қарым-қатынас жасау
жүйесін құруға болады.
Сонымен бірге психофизиологиялық және әлеуметтік себептер де араласып
кеткен классификациялықта болады. Осылай Т.Клай (1991) жеткіншек
қылмыскерлердің бес типін бөліп көрсетеді [8].
1. Ол жағдайына ақымақтық жасап жүр. Тәртіптеріндегі
ауытқуларды, кішкене бұзақылық деп айтатын жасөспірімдер бар.
Бұл жерде не айтқымыз келіп тұр? Үйге кеш келу, өтірік айту,
мектепке бармау, киноға билетсіз кіру. Мұндай жасөспірімдер
үнемі ағаларын, не апаларын ызаландырады, көршісінің
машинасының балонын жарыа тастайды, мектеп би кешінде
түтіндеткіштер тастайды, есірткі қолданып көреді. Олар
куәліксіз автомобильді айдап кете алады, көрші үйді, не
болмаса мектеп ғимаратын бүлдіріп тастай алады.
2. Ата-аналар жауы. Мұндай жасөспірімдердің тәртіптерінің себебі
олардың ата-аналарының біреуіне, не екеуіне де қастандық
ойлаумен түсіндіріледі. Уақыт өткен сайын мұндай қатынас кішкен
соғысқа айналып кетеді. Жасөспірім – ұлдың қастандығы ата-
аналар үшін ашық аспандағы найзағай тәріздес болады. Олар
баланың осы жылдар бойы қастандығын ішіне сақтап келіп, қазір
сыртқа шыққанын түсінбейді.
3. Бұзылған бала. Мұндай баланы ассоциалды бағыттағы тұлға деп
атайды. Онда интеллектуалды, эмоционалды дамуына ауытқулар жоқ.
Бірақ тәртібінде оның ауытқуы бар. Бұл баланың сәтсіз отбасында
өскенін білдіреді. Енді ол сол жердің ережелері бойынша өмір
сүреді. Олар қылмыс өмірін қабылдап, соның ережелеріне
бағынады.
4. Органик. Бұл баланың миында ауытқу бар, не дамуында кеш
қалған. Оның тәртібіндегі бұзақылықтар интеллектінің төмен
болуына және өзінің жүріс-тұрысына баға бере алмауымен
түсіндіріледі. Бұл балаларды өкінішке орай құрбылары
мазақтайды, себебі олар барлығы тәрізді емес.
5. Түбінің жаман болуы. Мұндай жасөспірімдер типін психопаттар
деп те атайды. Олар өмір бойы қылмыс жасауға тән. Мұндай ауытқу
мектепке дейінгі кезде пайда бола бастайды. Мұндай жасөспірім
ұсталынып қалса да бұзақылық жасай береді. Оны қорқыныш сезімі
де тоқтата алмайды. Ол ешқашан да шын жүректен жақсы көре
алмайды. Оған ұят, кіне деген сезімдер белгісіз. Мен оған
ұрысамын, оны жазалаймын,-дейді осындай баланың әкесі. Ал оған
бәрі бір. Ол ештеңе болмаған тәрізді қайтадан бастайды [9].

1.3 Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылықты түсіндірудегі
негізгі теориялар
Жасөспірімдік кезеңде кездесетін психологиялық ауытқушылық түрлеріне
тоқталу үшін алдымен аномия түсінігіне анықтама бере кетейік.
Аномия түсінігін ғылымға Э. Дюркгейм енгізді. Аномия деп ол қоғам
жүйесіндегі нормалардың әлсіреп, бұзылуынан пайда болған өзгеріс, яғни
әлеуметтік ұйымдаспағандық (дезорганизация) деп түсіндірді.
Өткен ғасырдағы көрінбейтін үлкен апат антибатыр синдромы,яғни
бұнда біздің батыр тұлғаларымыз жойылып,қоғам нағыз патриот роліндегі
модельдің болмауына алып келеді. Антибатыр көптеген жастар үшін рольдік
модельдерге айналады.Барлық басымдармен фильмдерден көрінетін негізгі
қозғаушы күш –ақша деген махаббат барлық зұлымдықтың бастамасы болып
табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары - бұл ақыл-ойға әсер ететін ең күшті күш.
Қазіргі жастар антипедагогикамен ауыратын тәрізді. Бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы Филиппин, Полинезия, Африка, Америка халықтарына небір
түрлі жыныстық қатынастар тарату кездейсоқ болмағанымен, сол елдедің
халықтары қазіргі кезде өздерінің отандық тәжірбиелеріне ұялады. Ер адам
мен әйел адам бейнелері мен жыныстық қатынастар туралы қате түсінік
салдарынан жастар ересектік өмірдің интимдік жағына күлкімен, әзілмен
қарайды.
Негізінен аномия индивидтің барлығы тұжырымдарына өзгерістер алып
келіп,оның моральді қалыпты ұстанымдарын түпкілікті өзгертетін жеке
тұлғалықтан да пайда болуы мүмкін.
Өздерінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге
кездеседі.Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты
әртүрлі.Олардың кейбіреуі өмірлік айналымындағы тұлға дамуына байланысты
және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті табиғи
жағдайлар,сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады.
Кез-келген табиғи жағдай (жанұя құру, баланың дүниеге келуі, мектепке
баруы,біреудің ауырып не өлуі) және оның нәтежесіндегі қандай да бір
мәселені ситуация, дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап,осыған
орай қажетті күш жинауды қажет етеді.Оларды қалыпты стресс деп атайды.
М.И. Рожковтың пікірінше, қазіргі кезде адам көп тап болатын өзге
мәселелер мен дағдарыстар қалыпты емес жағдайлардан туындайды. Оларға
уақытынан бұрын болған өлім, ажырасу, сотталу,инфляция, жұмыссыздық, соғыс
жатады (7(.
Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде адамдар дағдарыс жағдайлары мен
ситуацияларды түрліше қабылдайды. Ол тұлға дамуында үлкен маңызға ие,себебі
біреулердің дағдарыстың шешімін тауып ары қарай дамыса, енді бірі оған
бейімделе алмай өзін бұзады. Бұл адамның дағдарыс жағдайын қабылдап,шешу
мүмкіндігіне байланысты.
Ғалымдардың көзқарасы бойынша, аномия бұл келіспеушіліктің немесе
мәдениет пен әлеуметтік құрылым арасындағы заңдарға, қалыптылыққа,
құралдарға түрліше қарап, қажеттілікті қанағаттандырудың жаңа жолдарын
іздеудің нәтижесі.
Ф. Райс түрлі бейімделу жағдайындағы аномиялық бейімделу реакциясы
ретінде аномиялық қысымның бес түрін көрсетті (6(. Олар: конфоризм,
инновация, ритуализм, ретритизм және мятеж.
Конформизм – сыртқы ортадан тәуелділік.
Инновация – белгілі мәдениеттің мақсатымен келіскенмен ,оған жетудің
әлеуметтік тәсілдерінен мойындамайды (қорқыту,рэкеттік).
Ритуализм –белгілі мәдениеттің мақсатымен келіспейді,бірақта оған
қол жеткізудің әлеуметтік тәсілдерін мойындамайды.
Ретритизм (кейін шегіну) – адам мәдениеттің мақсатында,оған қол
жеткізудің әлеуметтік тәсілдерінен де бас тартады (қаңғыбастар,нашақорлар,
т.б.).
В. Авериннің еңбектерінде девиаантты мотивацияның пайда болуын
күткенің болмауымен түсіндіріп, жасөспірімдер мен жастардың аномиясы
түсінігін ол – құндылықтар мен қалыптылық әлі түсініксіз немесе мүлдем
маңызын жойған деп қарастырады (8(. Осыған орай бағыну дифференциялық
құрылымды күшейтіп, келіспеушілік пен девиантты мінез-құлыққа алып келеді.
Қазіргі кезеңдегі мінез құлқында ауытқуы бар жеткіншектердің өзін өзі
бағалауы мен оның эмоционалды және когнитивті компоненттерін, талаптану
деңгейінің ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыдан зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар осы мәселе төңірегінде ғалым А.Т. Ақажанова да ұзақ жылдар
бойы зерттеу жұмысымен айналысып келеді. Ғалымның Кәмелеттік жасқа
толмаған балалардың девианттық мінез-құлқын педагогикалық-психологиялық
тұрғыда түзету атты зерттеу жұмысы (9(. Осы тақырыптың теориялық мазмұнын
ашуға көп үлесін қосты.
А.Т. Ақажанова көп жылдық зерттеуінде кәмелеттік жасқа толмаған жас
өспірімдердің қатыгездік және агрессивтік мінез-құлықтарының қалыптасуы мен
олардың көрініс беруіндегі түрткі болатын негізгі факторларды атап
көрсетеді: эмпатияның жоқтығымен, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі бағалаудың
төмендіғінен, отбасында жағымды ахуалдың болмауынан, өмірде кездескен
сәтсіздіктерден уақытша болса да құтыламын деген жаңсақ оймен ішкілікке
түсуінен, үйден қашудан, үлкендердің бақылауынан тыс қалған немесе ата-
ананың шектен тыс өбектеуінен және т.б. жайттардан қалыптасатынын айтады
(9(.
Психологияда агрессия деп өзгелерді өзіне бағындыру немесе олардан
басым болу мақсатында шынайы іс-әрекетте немесе қиялдауда көрініс табатын
үрдісті айтады. Латын тілінен аударғанда агрессия шабуыл деген мағына
береді. Қазіргі уақытта агрессия сөзі аса кең мағынада қолданылады. Бұл
құбылыс жағымсыз эмоциялармен және жағымсыз мотивтермен, сонымен қатар
жағымсыз нұсқаулармен және бүлдіруші әрекеттермен байланыстырылады.
Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға
сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз.
А.И. Захаровтың еңбектеріңде, балалар мен жеткіншектердің дамуы мен
мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызады:
1. Қоғамда өтіп жатқан үрдістер:
• Заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі,
қылмыстардың жазаланбауы;
• Жұмыссыздық (нақты және жасырын);
• Экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік
кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;
• Сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі;
• Темекіге, ішімдікке, нашақорлыққа жолдың ашықтығы;
2. Отбасының жағдайы және оның түрлері.
• Толық емес отбасы;
• Отбасының материалдық жағдайы (кедейлік, байлық);
• Ата-аналардың төмен әлеуметтік мәдени деңгейі;
• Балалардың қажеттіліктерінің жеткіліксіз немесе асыра
қанағаттандырылуы;
• Ата-аналардың ішімдікті, нашақорлық заттарды теріс пайдалануы;
3. Мектепішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуы:
• Мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; пәндік
мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы;
мектепте балалар ұйымдарының болмауы.
• Мұғалімдердің білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің
төмендігі; оқушылардың білімін бағалауда объективтіліктің
болмауы.
• Мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің
төмендігі.
Сондай-ақ балаларға бұдан басқа да педагог-психологтар білуге тиісті
ішкі тәуекел факторлары да әсер етеді. Оларға мыналарды жатқызуымызға
болады: өзінің қажетсіздігін және өзіндік орны жоқтығын сезіну; өзіндік
бағасының төмендігі; өзіне-өзі сенімсіздік, өз-өзіне және басқаларға өзінің
сезімдері мен реакцияларын көрсете алмауы (12(.
Л.Н. Анасимова пікірінше, кез-келген қоғамда әлеуметтенудің
жетілмеуінен, ішкі келіспеушіліктерден нормаға сай еместілікке орын
беріледі деген (11(.
А.И. Захаровтың пікірінше, белгілі девиантты мінез-құлықты
әлеуметтік жүйедегі мәдениет типі ретінде анықтама береді. Егер
құндылықтар мен нормалар өзгерсе, онда девиацияның өзі – құрастырылған
әлеуметтік ақиқат болып табылады. Ол қауіпті процестердің қарапайым
нәтижесі болады, бірақ әлеуметтік өзгерістердің потенциалды факторы болып
табылады (12(. Автор девиация феноменін 3 бағытта қарастырды:
1. Девиация дезадаптация ретінде ( екі аспектісі бар: әлеуметтік
психикалық иммуниция мен девиантты тұлғаны шететту);
2. Девиантты тұлғаның орны
3. Ауытқушылық
Девиациялық теориялық бағыттарын талдай отырып, А.И. Захаров (12(.
негізгі үш түрін анықтаған:
1. әлеуметтену көзқарасы бойынша;
2. әлеуметтік- психологиялық реакция позиция тұрғысынан;
3. әлеуметтік бақылау позициясынан;
Г.Г. Аракелов девиацияның үш компонентін анықтады:
1. белгілі мінез- құлқы тән адам;
2. девиантты мінез- құлық бағалау болып табылатын норма;
3. мінез- құлыққа көңіл аударатын өзге адам, топ (13(.
Девиацияны әлеуметтің күтуіне сәйкес немесе сәйкес емес құлықтарымен
анықталады. Қалыпты және идеал арасындағы соқтығыстар девиантты мінез-
құлықты туғызуы мүмкін.
Қазіргі заман талабына сай жеткіншектер шектен тыс шығуда. Мұндағы
мақсат ата-аналардың өз балаларының мінез-құлқын, тәртібін қадағалап
отырудың қажет екендігіне көз жеткізу. Мектеппен, мектептен тыс тәрбие
мекемелерінен тығыз байланыс жасау арқылы олар балаларының санасы мен
психологиялық ерекшеліктеріне алдын - алуына болады.
А.Т. Акажанова (9( мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтау,
қиындықтар не себептен пайда болатынын теориялық тұрғыда негіздеген
ғалымдар көзқарастарына талдау жасай келе, оны кесте түрінде берген
(кесте 1).

Кесте 1

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анытаудан туындаған қиындықтар
түрлері

№ Мінез құлқындағы қиындықтардыңЗерттеген Мінез құлқындағы
түрлері психологтар қиындықтардың пайда
болу себептері
1 Эмоциялық өріс (сезім Е.Е.Кравцова, Отбасының әлеуметтік
әрекетіне бой алдырғыш): А.А.Нурахунова, тұрмысына
ашуланшақ, долы, өкпелегіш, В.В.Степанова байланысты:толық емес
өзіне өзінің көңілі отбасы, жағдайы жоқ
толмаушылық, жылауық т.б. отбасы т.б.
2 Еріктік өріс: ашуланшақ, А.В.Запорожец, Жеке тұлғаның
қыңыр, сенімсіздік, Л.С.Выготский дамуында
қызғаншақтық өтірік айту, т.б. психологиялық бірізді
өзімшілдік т.б. жүйенің болмауынан.
3 Танымдық өрісінің бұзылуы. Л.С.Выготский, Психологиялық
Бала дамуындағы өнімсіз Л.В.Занков, заңдылықтарға сәйкес
әрекеттер, дұрыс ойлай алмауы,А.Н.Леонтьев, тұлғаның бойындағы
т.б. Л.А.Венгер қабілеттіліктерді
байқап, дамыта
алмаушылық.

Психологияда қазіргі жасөспірімдік хронологиясы жайында көптеген пікір
таластар, бар екені белгілі. Көптеген қөзқарастар бар, соларға тоқталып
кетейік. Атап айтқанда, А.С Выготский (14( пубертатты жастарда (14 – 18)
құлдырау кезеңін бөліп көрсетеді (13 пен 17 жас аралығы), Э. Эриксон (15(
бойынша жасөспірімдік кезең (адам 15 - 20 жас аралығы) идентикалық жас
аралығынан өтеді. И.К. Амнова қазіргі кезеңдегі жасөспірімдер 11 жас пен
20 жас аралықтарында 10 жылдай кезеңді қамтып кетеді ,- деп қарастырған
(18, 56б.(.
А.М. Прихожан (16( 10 - 11 жастан бастап жасөспірімдік 16 - 17 жасқа
дейінгі аралыққа созылады, осы кезеңдегі рессейдің V-XI сыныптар
аралығындағы оқушылармен сәйкес келеді деп көрсетеді.
Э. Ливнех, Дж. Эванс көзқарасы өте қызық: пубертаттылыққа жеткен
жетістіктер биологиялық дамуды анықтайтын жан - жақты қөзқарастарды
анықтайды... (17, 145б.(. Бірақта биологиялық крийтерилерді қолданғанда,
бірқатар қиындықтар туындайды:
1. Хранологиялық жас ерекшелігі биологиялық жас ерекшелігінің индикаторы
болып табылады;
2. Қызбалалар үшін алғашқы етек кір келуі, биологиялық дамудың білдірсе, ал
ер балалардың жыныстық жетілуі деңгейін білу қиынға соғады.
Э. Ливнехтің пікірі бойынша негізгі мәселелер жас ерекшешелік кезеңнің
соңында анықталады:
Девианттылықтың пайда болуы туралы танымал теориялардың бірі Я.И.
Гелинскийдің девиантты мінез-құлық теориясы. Бұл теория нашақорлықты ,
деликвентті мінез-құлықты, өзге де психикалық бұзылыстарды лангитюдті
әдіспен зерттеу арқылы дәлелдеген.
В.Г. Баженов, В.П. Баженованың еңбектінде, ең алдымен девиантты
мінез-құлық және өзін сыйлаудың төмендеуі жағымсыз жағдай болып есептеледі
де, өзін қабылдау жарақаттаушы қайғырулардан арылумен байланыстырылады.
Осының нәтижесінде адам өзін жоюдың субъективті мүмкіндігін төмендетіп,
өзін қабылдаудың субъективті мүмкіндігін жоғарлатуға алып келеді. Өзін
жоюдан өзгелерге қарағанда қатты қайғыратын адамдар өз мінез-құлқы арқылы
осы жағдайды өзгерткісі келмейді. Сондықтан өздерін жоғары қабылдаған
адамдар өздерін кері итеруші адамдарға қарағанда өздерін жоюға бейім келеді
(19(.
Өзін сыйлаудың төмендеуі статистикалық тұрғыдан қарағанда
жасөспірімдегі девиантты мінез-құлықтың кез келген түрімен байланысты.
Олар: әлсіздік, бұзақылар тобына тәуелділік, заң бұзушылық, наша қолдану,
маскүнемдік, агрессивтілік, суицидті мінез-құлық және түрлі психикалық
бұзылыстар.
С. И. Кон өзін жою сезімі, яғни талапқа сай болмау субъект алдына
таңдау мәселесін қояды. Ол талапқа бағынып, өзін жоюға қатты қайғыру
жалғаса береді немесе сыйлауды жоғарлатып осы талаптарға қарсы
әрекеттенеді. Әрине, екінші таңдау қолайлы болғандықтан, ұжымның қоғамның
тілегіне сәйкестілік жойылып, олардан қашу тілегі артады. Нәтижесінде,
ұстанымдар да, референтті топта, жасөспірім мінезі де антинормаға айналып,
девиацияға бағытталады (20(. Кей жағдайда өзін сыйлау мақсатына қол
жеткізіледі.
И.К. Аманованың еңбегінде, маскүнем өзіне зиян келіп жатқанын
түсінбей, өзі үшін мақтанады. Бұзақы топ арасында әлеуметтік қысым көрген
индивид өзін сыйлаудың жаңа критерийларымен тәсілердеріне қол жеткізеді,
енді ол жағында әлеуметтік есебінен емес әлеуметке жағымсыз әрекеттен өзін
пайдалы сезінеді. Жаңа әлеуметтік бірлік бұрынғы өзін бағалау критерийларын
жойып, бұрынғы минустар плюстарға айналады (2, 42б.(. Әрине, девиация
өзін жою сезіменен құтылудың бір ғана тәсілі емес.
Л.Н. Анасимованың көзқарасы бойынша, нашақорлық пен маскүнемдікті
уақытқа созылған ерекше ұзақ уақыттық стресс деп қарастырған. Бұзақының
өзін сыйлауының жоғары болуы проблемалы жағдай. Ол өзін көрсетуге
тырысқанмен шындығында ол өзін жалпы әлеуметтік тұрғыдан бағалауы мүмкін
емес, ерте не кеш бұл көрініс береді. Бірақ өзін сыйлауды жоғарлату және
психологиялық қорғаныс құралы ретінде девиациялық мінез-құлық өте тиімді
деп қарастырады (11(.
А.Т. Акажанованың зерттеулерінде, девиантты мінез-құлық ( лат.
deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс -
әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары;
қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-
кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез - құлық кез келген әлеуметтік
ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық,
альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар,
жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін,
дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт-
қушылықты білдіреді деп қарастыраған (9(.
Девиантты мінез - құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік
топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары
үшін жазалайды. Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-
құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль
Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын
ұсынды. Аномия термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның
болмауы. Ал, Л.В. Атраментованың мінез-құлық ауытқушылығының себебін
қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған
жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді (33(. Девиантты мінез-
құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық
факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б
жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың
көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз
ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат,
салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік
мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері,
отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар,
басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды
мінез-құлық.
• Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес
келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі.
Кейбір әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан,
еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат
қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады (33(.
Я.И. Гелинскийдің пікірінше, делинквентті мінез-құлық. Ол заң
бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін
дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде
көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-
үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке
байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
И.А. Невскийдің еңбегінде, криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып
табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты
жазаланады. Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып
табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң
бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және
ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді (26(.
Е.В. Змановская еңбегінде, девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар
девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді.
Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе,
екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың ерекше қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Қиын балалармен Әлеуметтік педагогикалық - психологиялық қайта тәрбиелеу жұмыстың әдістері
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда
Гумандық қасиеттер тән гумандық гумандык
Тұлға туралы
Қиын балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау
Проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесінің тиімділігін арттыру
«Оқушы тұлғасы-тәрбиенің обьекті және субьекті. Тұтас педагогикалық процессте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру»
Осыдан былай қарай, имандылық тәрбиесі жөнінде
Пәндер