Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы
Мазмұны

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы

1.2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ

2.1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы

2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: 2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасында
білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, Білімді дамыту
Тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының Білім беру Заңында
приоритеттік міндеттер қатарында қазақ мектептері және оның білім беру
мазмұнын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Себебі, біздің мемлекетіміздің
әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына және әлемдік білім беру
кеңістігіне ену үшін жалпы бастауыш білім беретін мектептеріне арналған
білім беру мазмұнын реформалау қажеттілігі туындап отыр. Осы алға қойылған
көкейтесті мәселелерді шешу жолдарының бірі өткен уақыттағы бай теориялық
мұраны және тәжірибені ұғынып түсіну және қолдану болып табылады.
Бірақ, бұл уақыт жіберілген қателерді жою, сынау, мәселені шешудегі
жаңа жолдарды іздестіруге т.б. оқиғаларға толы уақыт болды. Сол мәселелер
ішінде өз шешімін күтетін білім беру мазмұнына қатысты проблемалар да бар.
Қазақ мектептері, ондағы білім беру мазмұнына қатысты мәселелер
педагогика ғылымы мен теориясының өте көкейтесті проблемаларының бірі.
Педагогика ғылымында оған байланысты көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Аталған феноменге қатысты проблемаларды зерттеудің түп тамыры, бастауы
тереңге кетеді. Бұл мәселе әлемдік педагогика классиктері Я.А.Коменский,
И.Г.Песталоцци, И.Гербарт, К.Д.Ушинский т.б. ғалымдардың есімдерімен және
олардың еңбектерімен тығыз байланысты.
Қазақстан педагогика ғылымында мектептің даму тарихы мәселесімен бір
қатар ғалымдар шұғылданып түрлі аспектілерден:
- ХІХ ғ. екінші жартысында халық ағарту ісі мен мектеп тарихын
(Т.Тажибаев, Г.М.Храпченков т.б.);
- қазақ кеңес мектебінің тарихын (А.И.Сембаев т.б.);
- халық ағарту саласындағы орыс-қазақ достастығын (К.Б.Бержанов);
- кәсіптік білім беру тарихын (Г.А.Уманов т.б.) қарастырды.
Бастауыш мектептегі білім беру мазмұнын теориялық тұрғыдан Ресей және
қазақстандық ғалым-педагогтар И.П.Подласый, Т.С.Сабыров, Р.М.Қоянбаев,
Қ.Т.Ыбраимжановтар зерттеді. Оның ішінде оқулықтарды құру мәселесімен
Ю.К.Бабанский, Т.А.Ильина, И.О.Харламов, Н.А.Сорокин, В.В.Краевский,
М.Н.Скаткин, Д.Д.Зуев, И.Я.Лернер, В.П.Беспалько, А.Е.Абылкасымова,
Ж.А.Караев, К.А.Аймағамбетова т.б. зерттеді.
Біздер зерттеуге алған мәселелер бойынша:
- бастауыш мектепке мұғалім кадрларын даярлайтын оқу орындарының даму
тарихын (Р.К.Бекмагамбетова);
- бастауыш мектептің даму тарихын (Қ.Т.Ыбраимжанов);
- кіші жастағы оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін (А.К.Аренова);
- музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін
қалыптастыруды (Ж.Таубалдиева);
- бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық технология
арқылы дамытуды (А.Б.Медешева);
- жалпы білім беретін ауыл мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларына
экономикалық тәрбие беру (Ж.А.Жүнісбекова);
- педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
кәсіптік шеберлігін қалыптастыру (К.І.Аманқұлов);
- бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы
ретінде пайдалану (Б.С.Сайдахметов);
- бастауыш мектепте математиканы оқыту жөніндегі әдістемелік ой-
пікірдің қалыптасуы (Б.М.Қосанов);
- бастауыш мектепте математиканы оқытудың мазмұны мен оның құрылымының
ерекшеліктері (Ж.Т.Қайынбаев);
- инновациялық бастауыш мектептің дамуы (И.Н.Шевченко);
- жаңа типті мектептерде оқушылардың білімге құндылық бағдарын
қалыптастыру (Найманбаева К.Қ)
Аталған еңбектер мектепке катысты болып, оның білім беру мазмұны
туралы кейбір ерекше аспектілері қарастырылғанмен тікелей кешенді мәселе
ретінде қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының даму тарихы
дербес проблема болып зерттелмегенін көрсетті
Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде біздер Қазақстан
Республикасы өз егемендігін алған кезеңнен бергі педагогика ғылымының
дамуына елеулі үлес қосатын мәселелердің бірі мектептің білім беру
мазмұнының тарихын педагогикалық аспектіден зерттейтін тұжырымдалған
жұмысты жасау қажеттігі ғана туындаған жоқ, сонымен қатар оны жүзеге
асыратын қолайлы жағдайда туындады.
Ал біздер зерттеуге алған кезеңдегі қазақ мектептеріндегі білім беру
мазмұнының даму тарихына байланысты материалдармен шынайы мәліметтердің
толық болмауы, оның дамуы туралы тұтас түсініктің қалыптаспауы бұл мәселені
теория және тәжрибе жүзінде деңгейін көтеру және әрі қарай жетілдіру туралы
мәселені шешу мүмкін емес.
Бұл жерде бүгінгі таңда біздің республикамыздың жүргізіп отырған білім
беру саясатына лайықты қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнын жаңартып
жетілдіру қажеттігі, теория және тәжірибенің сұранысы мен тарихта
жинақталған болашақта қолдануға болатын бай мұраның өз дәрежесінде
зерттелмеуі, тәжірибеде жеткілікті пайдаланбауы арасында қарама-қайшылықтың
бар екенін байқадық.
Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде біздер зерттеуге алған проблеманың
өз дәрежесінде зерттелмеуі, қазақ мектептерінің білім беру мазмұнының
дамуын баяндайтын жұмыстың жоқтығы оның көкейтестілігін көрсетіп тақырыпты
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен
қалыптасуы деп алуға мүмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты: бүгінгі таңдағы қоғамдағы болып жатқан демократиялық
өзгерістер позициясынан ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуының
тарихи жағдайлары мен әрі қарай даму тенденцияларын айқындау.
Зерттеудің нысаны: ұлттық білім беру жүйесі
Зеттеудің пәні: Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің
дамуы мен қалыптасуы
Зеттеудің міндеттері:
- ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-
педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
- ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын
анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- ұлттық білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде философтардың, тарихшылардың,
педагогтардың халық ағарту ісі мен мектептер тарихы, оның ішінде білім беру
мазмұны туралы идеялары, тарихи байланыс және детерминация тұрғысынан
қоғамдық құбылыстарды талдау туралы ережелер, қоғам мен құбылыстардың дамуы
туралы философиялық ілім, тарихи-педагогикалық құбылыстар мен процестерді
талдауда аксиологиялық, жүйелілік келістер, бүгінгі таңдағы ұлттық білім
беру мазмұнының дамуы туралы теориялар болып табылады.
Зерттеу көздері:
- білім беру мазмұнының даму мәселелеріне арналған философтардың,
тарихшылардың, педагогтардың еңбектері;
- ресми құжаттар: ҚР Білім беру туралы заңы, Жалпы орта білім беру
мазмұнының Тұжырымдамасы (1995 ж), Қазақстан Республикасында тарихи
сана қалыптасуының Тұжырымдамасы, ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы (2007 ж), 2005-2010 жылдарда Қазақстан
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы;
- нормативтік құжаттар: ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты, қазақ бастауыш мектептерінің оқу жоспарлары, оқу
бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық
әдебиеттермен танысып оларға талдау жасау, жүйелі-құрылымдық, талған
нәтижелерді талдап қорыту.
Зерттеу кезеңдері.
Бірінші кезеңде зерттеуге алынған мәселе бойынша ғылыми-педагогикалық
әдебиеттер мен танысып, мұрағат, оларға талдау жасалды, ғылыми және ұғымдық
аппарат анықталды, ұлттық білім беру мазмұнының даму негіздері мен
қалыптасу тарихы туралы шынайы деректік материалдар жинақталды.
Екінші кезеңде шынайы деректік материалдарға теориялық талдау жасалды,
ұлттық білім беру мазмұнының даму кезеңдеріне сипаттама берілді.
Үшінші кезеңде зерттеу барысындағы қол жеткізген нәтижелер талданып
қорытындыланды, тұжырым жасалды, зерттеу материалдары әдеби және
редакциялық тұрғыдан рәсімделді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- ұлттық білім беру мазмұнының даму кезеңдері анықталып, оларға
сипаттама берілді;
- Қазақстан ғалым-педагогтарының ұлттық білім беру мазмұны туралы құнды
пікірлері мен жасаған тұжырымдары жүйеге келтірілді.
- ұлттық білім беру мазмұнының даму тенденциялары анықталды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: зерттеуде талданып
қорытындыланған білім беру мазмұнының дамуындағы жағымды тәжрибесі
болашақта оны әрі қарай жетілдіруге ықпалын тигізеді;
зерттеу жұмысындағы жинақталған материалдар, теориялық тұжырымдар мен
ұсыныстар Педагогика тарихы, Педагогика курсының дидактика бөлімі
бойынша оқылатын лекциялар мен семинар сабақтарында қолданылуы мүмкін;
Зерттеу базасы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика-психология
факультеті.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеуге алынған мәселенің көкейтестілігі дәлелденіп, қарама-
қайшылығы, проблемасы, мақсаты, объектісі, пәні ғылыми болжамы, міндеттері,
әдістері анықталды, әдіснамалық және теориялық негіздері, практикалық
маңыздылығы анықталды.
Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының алғышарттары атты
бірінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім берудің басты
педагогикалық бағыттары мен ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен
дамуының алғы шарттары қарастырылды.
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің әрі қарай
дамуы атты екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру
жүйесін дамытудың негізгі тенденциялары мен Қазақстан Республикасында
ұлттық білім беру жүйесінің даму болашағы айтылады
Қорытындыда зерттеу нәтижелері талданып қорытындыланды, негізгі
тұжырымдар баяндалды, ұсыныстар жасалынды.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында - Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау
... делінген.
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім
ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар
негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі
реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол
қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты болады.
Қоғам дамуының әр кезеңінде жас ұрпаққа берілетін білімнің құрамы мен
құрылымына қойылатын жаңа талаптар мен соған сай енгізілетін өзгерістердің
сипаты сыртқы және ішкі факторлардың негізінде айқындалады. Осы тұрғыдан
жалпы білім беру жүйесіндегі бетбұрыстардың себепшісі болып жатқан саяси,
әлеуметтік және экономикалық өзгерістер әлемдік деңгейдегі білім берудің
жаңашыл үрдістері жатады.
Білім сөзі - өте күрделі және көпмағыналы ұғым. Жалпы мағынасында
білім – адамның жүйеленген білік, дағдыларын меңгеру үрдісі мен нәтижесі.
Соңғы уақытта білімге деген көзқарастың түбегейлі өзгергені XXI
ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болуы керек? деген сауалға жауап берері
анық. Демек еліміз бен өркениетіміздің даму деңгейі осы сапалы білім
нәтижесінің нақты көрсеткіші болмақ.
Білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының
Конституциясында, Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасында,
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім
беруді дамытудың Мемлекеттік құжаттарында негізделген.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан
реформалар, нарықтық экономика, қоғамдық экономика қатынастарының
ғаламдануы, қоғам дамуының ақпараттық кезеңге өту жағдайында сапалық
тұрғыда қайта қарауға бағытталған. Республикадағы осындай қайта құрулардың
нәтижелілігі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнына тәуелді.
Өскелең ұрпаққа білім беру, жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік
кешендер дайындау, олардың мазмұны мен құрылымын жетілдіру мәселелерімен
көп жылдар бойы педагог - ғалымдар, тарихшылар, әдіскерлер айналысуда.
Ағартушы ұстаздар Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаевтың қазақ
халқының тарихи кезеңіне сай келетін педагогикалық ой – пікірлері әлі
күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ.
Қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,
Ә.Бөкейханов білім беру мен оқыту үрдісін жетілдіру, оқулықтар даярлау,
білім мазмұнын іріктеу мәселелерін тереңінен зерттеп, дидактикалық ойды
уақыт талабына сай негіздейді.
Білім беру мазмұнын анықтаудың жалпы теориялық негіздері В.В.Давыдов,
Л.М.Занков, В.В.Краевский, В.С.Леднев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде сипатталған.
Білім беру мазмұнын әртүрлі салада отандық ғалымдарымыз К.Құнантаева
(Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуын), М.Ж.Жадрина (нұсқалы
білім беру мазмұнын құрастырудың дидактикалық негізін), А.А.Бейсенбаева
(жалпы білім беру мазмұнын), Т.М. Әлсатов, А.Қ.Құсайынов, Ұ.Ә. Асылов
(мектеп оқулығының даму тарихы мен оған қойылатын дидактикалық талаптар мен
ұстанымдарын), Н.Нұрахметов, С.Е.Чакликова (төл оқулықтарға қойылатын
дидактикалық талаптарды) зерттеген.
Білім мазмұнын іріктеудің теориялық негіздері, оқыту үрдісінің
ерекшеліктері, ұстанымдары мен талаптары, оқулық пен бағдарлама жасаудың
әдістері М.А.Данилов, Р.Г.Лемберг, М.Ә.Құдайқұлов, К.Успанов т.б. педагог –
ғалымдардың еңбектерінде ғылыми тұрғыдан негізделген.
Еліміздің төл тарихының рухани мұрасын дамытуға және мектеп
оқулықтарының пәндік ғылыми мазмұнын жетілдіруге тарихшы ғалымдар
М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев, К.Нұрпейіс, Т.Тұрлығұл және т.б. ғылыми
еңбектерінде жан -жақты талдау жасаған.
Бастауыш білім беру мазмұнын әртүрлі салада қарастырған ғалымдарымыздың
Рахметова С.Р, Мендекенова Р.Т, Оспанов Т.Қ, Сатқанов О.С, Уәйісова Г.И,
Жұмабаева А.Е, Б.Т.Қабатай, Л.А.Лебедева,А.К.Акпаева, А.К.Маханова және
т.б. ғылыми еңбектерін атауға болады.
Зерттеу еңбектеріне жасаған талдау жоғарыда аталған ғылыми жұмыстардың
құндылығын, практикалық мәнділігін, олардың білім беру мен оқытудың
теориясы бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік беретіндігін
айғақтайды.
Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны
күрделі көп аспектілі ұғым. Бiлiмнiң мазмұнын анықтау, бұл өсiп келе жатқан
ұрпақты неге үйрету, сондай – ақ оқытудың мақсатын, мiндетiн анықтау туралы
мәселенi шешу деген сөз. Осыған орай, мектепте қайда, қашан, кiмдi және не
үшiн оқытады деген сұрақтарға жауап берiлуiне қарай бiлiм мазмұны әр қилы
шешiледi. Бiлiм берудiң мазмұны дегенiмiз – оқушыларды жан – жақты дамытып,
олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын
бiлiмнiң, iскерлiктiң, дағдының дәл белгiленiп алынған шеңберi. Бiлiм
берудiң аса маңызды құрамды бөлiгi – бұл жалпы бiлiм. Жалпы бiлiм –
табиғат, қоғам, адам баласының ойлауы туралы оқушыларда негiзгi ғылымдардың
бiлiмдерiмен қамтамасыз етедi. Қандай да болсын, қоғамда мектеп бiлiмнiң
мазмұны түгелдей тәрбие беру мақсатына байланысты және осы мақсаттың
нақтылы көрiнiсi болып табылады.
Мектепте білім берудің мазмұны оқу жоспарында, оқу бағдарламаларында
және оқулықтарда өз көрінісін табады.
Оқу жоспары дегеніміз оқу пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша бұларды
оқытып-үйретудің тәртібі мен рет-жөнін, әрбір пәнге бөлінген сабақ санын
анықтайтын, сондай-ақ оқу жылының құрылымын белгілейтін мемлекеттік құжат..
Оқу жоспарына сәйкес оқу бағдарламасы жасалады. Оқу бағдарламасы
дегеніміз оқу пәнінің мазмұны, білім, білік және дағдыларды оқытудың әрбір
жолы үшін жүйесі мен көлемі, осы оқу пәнінің оқытылу тәртібі мен рет-жөні
белгіленген мемлекеттік құжат.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Педагогика және психология сөздігінде білім ұғымына былайша анықтама
берілген: білім – адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен
пайымдарының т.б жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды құралдарының
бірі болып табылады. Білім бүкіл адамзат ақыл – ойының адамды қоршаған
табиғатты, айналаны танып білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы;
қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай теориялық анықтамалар мен адамның
өмірлік қарекетінде айқындалып дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар
дүниесі. Білімді танымдық дәрежесіне, шындықты жан – жақты қамтуына, терең
мәніне, жете бейнеленуіне, дәйектілгі мен дәлдігіне қарай мынандай түрлерге
бөлуге болады: тұрмыстық білім, ғылымға дейінгі білім, ғылыми білім,
эмпирикалық білім, теориялық білім. Білімнің қай түрі болсын адамзат
тәжірибесінің негізінде дамып отырады, ... білім – табиғат пен қоғам
дамуындағы фактілерді, ұғымдарды, заңдарды меңгерудің нәтижесі.
Философия ғылымы тұрғысынан ғалым Д.Кішібеков Білім дегеніміз –
материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы, әрі нақты мәліметтер
жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, обьективті бейнеленуі – деді.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиялық сөздігінде білім адамдардың белгілі
бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы, – деп
атап көрсетіледі.
Ю.К.Бабанский білім мазмұны – оқыту үрдісінің негізгі компоненті, ол
ғылыми білімнің, біліктер мен дағдылардың жүйесі, оны меңгеру оқушылардың
ой және дене қабілеттерінің жан – жақты дамуына, адамгершілік қасиеттері
мен мінез – құлқының қалыптасуына, қоғамдық өмір мен еңбекке баулуға
дайындауға септігін тигізеді– деп атап көрсетеді. Білім беру – аса күрделі
әлеуметтік – экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан
қырлы. Білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық,
құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас
кешенді шаралармен тығыз байланысты. Ұлттық білім беру ісіндегі жаңа
үдерістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті
факторлар:
– Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып
қалыптасуы;
– экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі
пішімдерін дамыту;
– ұлттық білім беру ісінің әлемдік жүйесіне кіруі болып отыр.
Білім мазмұны әрбір тарихи кезеңдердегі мектеп реформасының негізіне
жатады. Білім беру саласына қатысты реформаларда заман талаптарына сай
білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі. Білім
мазмұны мен материалдық техникалық базасын жаңарту, білім сапасын арттыру,
әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру білім беруді дамытудың
стратегиялық обьективті заңдылығы. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде
білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап
бағалайды. Олай болса, әр халықтың әлеуметтік- экономикалық, тарихи-мәдени
ерекшеліктері диалектикалық бірлікте негізделіп, мектептегі білім мазмұнын
жаңартудың басты көзі болып табылады.
В.С.Ледневтің пікірінше білім мазмұны біртұтас процестен тұрады:
аға ұрпақтың тәжірибесін игеру, тұлғаның типологиялық сапалық мінезін
тәрбиелеу, адамның ақыл ойын және физикалық жағынан дамыту.
Ғалым Б.Қ.Абдугулова білім берудің мазмұны – дидактиканың негізгі
нысанасы, ғылыми білім мен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйесі,
өзіндік шығармашылық, ізденушілік әрекет тәжірибесі, жеке тұлғаның жан –
жақты дамуының сапалық мазмұны мен сипаты – деп тұжырымдайды.
Ғалымдардың айтуынша білім бағдарлы тұрғысы білім беру мазмұны үшін
құнды болып табылады. Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он
жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында тұлғалық
бағдар бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы М.Н.Скаткин,
И.Я.Лернер, В.С.Леднева еңбектерінде жан – жақты баяндалған.
Қазіргі жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырысы, оның жалпылама түрде
халықтың көпшілігі ғылым жетістіктерімен, мәдени құндылықтармен сапалы
жоғары білімді адамдардың ақыл –ой, дене еңбегі жағынан қоғам өміріне
белсене араласатын жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру.
Аталған ғалымдардың еңбегін басшылыққа ала отырып, білім беру
мазмұнының логикалық – құрылымын ғалымдар А.А.Бейсенбаева, М.Б.Тленбаева
былайша сипаттайды:
Төменде білім беру мазмұнының логикалық құрылымы берілген.

Кесте – 1. Білім беру мазмұнының логикалық – құрылымы

Білім беру мазмұнының логикалық – құрылымы
Білім беру Ю.К.Бабанский Білім беру И.Я.Лернер, Білім беру
мазмұнын бойынша білім мазмұнының М.Н.Скаткин, мазмұнын
қалыптастырудберу мазмұнының принциптері В.В.Краевский анықтайтын
ың көзі категорияларын нің бойынша білім оқу –
таңдау құрылымы беру мазмұнының нормативтік
компоненттері құжаттар
қоғам бейнесінің Тұлғаның, табиғат,қоғам, ҚР –ның
адам тұтастығы қоғамның техника туралы жалпыға
табиғат ғылымдар мәдениетпен білімдер; бірдей
техника негізінің білім ғылымның біліміс – әрекет міндетті орта
ғылым беру мазмұнының беру тәжірибені білім берудің
өндіріс ғылыми және мазмұнының жүзеге асырудағымемлекеттік
орындары тәжірибелік принциптеріне ойлау қабілеті; стандарты;
(рухани мәні; қоятын талабмншығармашылық Базистік оқу
материалдық) пәнді оқытуға сәйкестілігі; тәжірибе өзіңе жоспары
мәдениет берілген оқытудың және басқа (инварианттық
уақытпен мазмұнды адамдарға қарым ,
сәйкестігі; процессуалдық – қатынас вариативтік,
білім беру бірлікте болу жасауда оқитын құзырлық);
мазмұнын құруда принципі; обьектінің оқу
дүниежүзілік білім беру нақтылығының бағдарламасы,
тәжірибені мазмұнының бағдарлы оқу құралы
ескеру; әртүрлі эмоционалдық және
мектептің оқу – деңгейде құндылық оқулықтар
әдістемелік қалыптасуының тәжірибесі
базасының құрылымдық
материалдық бірліктегі
жағдайының принипі;
сәйкестілігі білім беру
мазмұнының
гумандық
принципі;
білім беру
мазмұнының
фундаменталдық
принципі

Ю.К.Бабанский ғылым мазмұны негіздерін кеңес педагогикасында
төмендегі өлшемдер бойынша таңдады:
1. Ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мазмұнының негізгі
теориялары, заңдары және ұғымдарын тұтас түсіндіру өлшемі;
2. Білім мазмұны материалының жоғары ғылыми және тәжірибелік мәнін
мектептегі оқытылатын, өздігінен білімін көтеретін материалдарды әрбір
пәнге және оқу оқу пәндер жүйесіне енгізу;
3. Білім мазмұнының күрделілігі оқушылардың жас ерекшелігімен оқу
мүмкіншілігіне сай болуын қарастыру өлшемі.
4.Әрбір пәнді оқытуға берілген мерзімі білім мазмұнының көлемімен
сәйкес болуы.
5. Қазіргі кездегі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен
білім мазмұнының сәйкес болуы.
Дегенмен де бұл зерттеулерде қазақстан Республикасы егемен алған
жылдардан бастап қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы
және даму мәселесі жете зерттелмегендігін дәлелдейді.
Қазіргі таңда мектептердің құрылу тарихына, ондағы білім мен тәрбие
берудің мазмұнына ерекше мән беріп зерттелуі – философиялық әдіснаманың
жетекші идеясы негізінде педагогика ғылымы тарихының тұтастық
тұғырнамасының бірлігі мен жүйелік сипатына бағытталған. Қай кезеңде
болмасын қоғамдық-экономикалық формацияларға тән қоғамның бастау бұлағы
болып табылатын құбылыстың бірі – білім беру негіздері. Қоғамдық даму
заңдылықтарына орай білім берудің мазмұны, міндеттері және оны ұйымдастыру
жолындағы формалары мен әдістері талапқа сай, өмір сұранысын қанағаттандыру
бағытына икемделіп отырады. Әр қоғамның даму бағытының жүйесі мен ондағы
адам тәрбиесі жөніндегі идеялар жаңа тарихи кезеңдер мен жағдайларға сәйкес
негізделіп, ондағы білім беру мазмұнының сипаты да шығармашылықпен дами
отырып, тарихи міндеттері жаңа тұрғыдан айқындалады.
Республикадағы қазақ мектебі мен білім беру мазмұнының дамуына
қатысты мәселелер ең алдымен нақтылы – тарихи келістер позициясынан
мәселенің шынайы жағдайына толыққанды талдау жасауды, осы саладағы
жинақталған жағымды тәжірибені сақтап қалуды және әрі қарай даму жолдарын
анықтауды талап етеді.
Мәселенің бұлай қойылуының себебі қазақ бастауыш мектептерінің білім
беру мазмұнының бүгінгі жағдайы мен оны әрі қарай жетілдіру қажеттігінен
туындап отыр.
Ұлттық мектеп ісі қайта құру деп аталған сексенінші жылдардың
ортасынан басталған демократиялық қозғалыстар кезеңінде де назардан тыс
қалған жоқ. Қайта дәл осы кезеңнен бастап ұлттық мектептер мәселесі батыл
көтеріліп, қолға алынды. Сондай күрестердің кезеңдік бір нәтижесі ретінде
1987 жылы 5 наурызда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен
Республика Үкіметінің Қазақ тілін оқып үйренуді жақсарту туралы қаулысы
жарияланды. Шындығында қазақ тілінің тағдыры үшін күрес осы кезден
басталды. Халықтың талабымен 1989 жылы 22 қыркүйекте Тіл туралы Заң
қабылданып, онда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Ал 1990 жылы
“Қазақ ССР – інде тілдерді дамытудың 2000 жылғы кезеңге дейінгі мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды. Бұл, жалпы қазақ мектептерінің дамуына кең өріс
ашты. Қоғамдық ой пікірдің қозғау салуымен Қазақ ССР Оқу министрлігі жалпы
білім беретін қазақ орта мектебінің тұжырымдамасын жасауды қолға алып,
оның жобасы баспасөзде кеңінен талқыланды. Жалпы орта білім беретін және
кәсіптік мектеп реформасын жүзеге асыруды жылдамдату жаңа мектептегі бүкіл
білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңартуды қажет етті.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет қоғамы құрылысында білім беруді
жетілдіру мен дамыту мәселесінде оның тарихын яғни, педагогика ғылымының
даму жолын қайта қарау қажеттілік тудырып отыр. Білім берудің тармақталуы
мен жаңа бағыттылығы педагогика тарихындағы бастауыш білім берудің тарихын
жете тануды қажетсінуде. Бұл білім беру жолының бағыт-бағдарлығы,
қоғамдағы саясат, білім берудің әлеуметтігі және экономикалық дамудың
қарқынымен біртұтас байланыста пайда болды.Білім берудің педагогика
тарихындағы зерттеулердің әдіснамалық мәселелері мен әдістері, білім
берудің түрлері мен бастауыш мектеп типтері, ондағы реформаланудың
тәжірибелік сипатының көрініс табуын қажет етеді.
Бұл міндетті шешу үшін біздер Қазақстан Республикасы өз тәуелділігіне
қол жеткізер алдындағы кеңес дәуірінің соңғы жылдарындағы біздің еліміздегі
саяси - әлеуметтік, экономикалық жағдайларға тоқталып талдау жасауды жөн
көрдік. Біздің пікірімізше, жоғарыда аталған жағдайдың сипаты белгілі ғалым-
тарихшы, академик М.К.Қозыбаевтың басшылығымен орындалған бір топ
авторлардың Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших времен до
наших дней атты еңбектерінде өте жақсы бейнеленген.
Аталған еңбекте XX ғ. 80–жылдардың ортасында Кеңес одағын басқарған
М.С.Горбачевтың қоғамды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзгертуге
бағытталған саясаты одан бұрынғы мемлекет басына келгендер сияқты өзін
белсенді, демократияшыл реформатор ретінде көрсеткісі келгендігі туралы
айтылады. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және
саяси акциялар тарихқа қайта құру атауымен енді.
Ғалым - тарихшылар сол жылдардағы қоғам дамуын 3 кезеңге бөліп
көрсетеді:
Бірінші кезең. 1985 (СО КП ОК апрель пленумы) – 1987 ж.
Екінші кезең. 1987 ж. жазы мен – 1989 ж мамыры.
Үшінші кезең. 1989 ж. мамыры мен 1991 ж тамызы.
Бірінші кезеңнің мазмұнын жеделдету концепциясын жүзеге асыру мен
тоқыраудан шығу жолдарының бірі маскүнемдікпен,бетімен кеткендікпен күресу,
тәртіпті күшейту, республика басшыларының өзгеруі, оның нәтижесінде 1986ж.
17 желтоқсан оқиғасындағы әлеуметтік конфликт;
( популистік әдіс арқылы көзбояушылық өзгерістер жасау;
( тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылмауы;
( партия жұмысында қазақ басшы орыстар мәселесімен, орыс басшы
қазақтар мәселесімен шұғылдану қағидасының ұрандатылуын құрайды.
Екінші кезеңде:
( жеңілдетілген келіс арқылы экономиканы реформалау талпыныстары;
( қоғамдағы өтіп жатқан процестерді тоқырау ретінде емес, кризис
ретінде сипаттала бастауы;
( жекеменшік және нарық арқылы мемлекеттің жолы туралы аксиоманың кең
өріс ала бастауы;
( социалистік нарық моделін құруға талпыныстың (жоспарлау мен нарықты
ұйымдастыруға талпыныс) жүзеге асырылмауы;
( мемлекеттік кәсіпорындар және кооперациялар туралы шала, жетілмеген
заңдардың шығуы .
Үшінші кезеңде:
( 1989 жылы көктемінде өтілген халықтық парламенттің сайлануы;
( азаматтық құқықтық қоғамды құрудың шарты ретінде нарықпен
жекеменшікке көшу туралы күрес;
( демократиялық процестердің дамуы;
( Қазақстан компартиясының ОК 1989 жылы маусым айындағы Пленум
республикалық партия ұйымының басшысы ретінде Н.А.Назарбаевты ұсынуы;
( оқиғалардың әрі қарай дамуы негізінде Жоғарғы Кеңес Н.А.Назарбаевты
Қазақ ССР Президенті етіп сайлауы;
( 1991 жылы 8 желтоқсанында ТМД құрылуы туралы Келісімге және 1991
жылы 21 желтоқсанында келісімнің хаттамасында қол қойылумен КСРО
мемлекеттік құрылым ретінде жойылуы;
( 1990 жылы мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация және 1991 жылы
Қазақстан Республикасының мемлекттік тәуелсіздігі туралы Жоғарғы Кеңестің
қабылдаған конституциялық Заңы. Бұл Заңда Қазақстанның тәуелсіз,
демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орны мен ролі анықталды.
Жоғарыда баяндалған тарихи кезеңдерге тоқталу себебіміз республикадағы
біздер зерттеуге алған уақыттағы әлеуметтік және саяси жағдайларды анықтап
олардың білім беру мазмұнының дамуына жасаған ықпалын көрсету мақсаты мен
байланысты болатын.
Осы кезде Қазақстан педагогика ғылымында маңызды проблемалардың бірі
болған жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі өз шешімін күтті.
Онда жеке тұлғаның қалыптасуы мектеппен шектелмейтіндігін ескеру
қажеттігі жалпы білім беру барысында оқушыны жан-жақты дамыған тұлға
ретінде қалыптастыру мақсаты қойылды. Сөйте тұрып оқушыға жеке тұлға деп
қарамай, оны ұжымның мүшесі, үлкен механизмнің тетігі, калыпқа салатын
объект деп түсінілді. Білім мазмұны баланы білім, білік және дағдылармен
қаруландыратын құрал деп қарастырылды. Сондықтан мектептегі тоқыраудың
негізгі себептерінің бірі білім мазмұнының құрылымы және оны іс жүзіне
асыртатын оқу-әдістемелік кешенмен байланысты да болды. Осыған байланысты
оқу-әдістемелік кешеннің білім берудегі маңызы мен құрылымы оның
құндылығына жеке тарауша арнадық. Өйткені, бұл білім беру парадигмасында
кездесетін, білім беру саясатын сауатты түрде жүзеге асыратын өте
көкейкесті, күрделі проблема.

1.2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, гуманитарлық
білім беруді күшейту, өндірістік технологияны дамыту, оқу пәндерінің
құрамы, көлемінің және оқытушылардың оқу-тәрбие үрдісіне қарым-қатынас
сипатының өзгеруі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер қажеттілігін
туғызды.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайлардағы білім
беру мекемелері экономикалық өзгерістерге әр түрлі әсерін тигізуде. Олардың
кейбіреулері өзгерістерді алдын-ала болжай алмайды, бұрыннан келе жатқан
талаптар мен шарттарға бағынады да, тек өзгермеске болмайтын жағдайда ғана,
оны қабылдауға мәжбүр болады. Ал келесі біреулері, жағдайды тез түсініп,
бірден іс-әрекеттің жаңа инновациялық түрін жүзеге асыра бастайды.
Қазіргі кезде елімізде жалпыадамзаттық құндылықтар өркендеуіне жол
ашылды. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту
тұжырымдамасындағы: ...жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында
алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,
оларды ұлтжандыққа, азаматтыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және еңбек
нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар
алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім
берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер,
технология сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру қажет деген жолдар
осының айғағы.
Еліміздің экономикалық, әлеуметтік-мәдени саласы өскен сайын, қоғам
дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы
да өзгеріп, жаңару үстінде. Бұрынғы кеңестік дәуірде туып-өскен адамдардың
түсіне де кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және
мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп, өркендеу үстінде.
Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген, іскер де
білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда, білім
ордасының табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүниетанымын
қалыптастыру, жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шыңдап, тәрбиелеу барысында
бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі.
Қоғамдағы серпінді әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында білім
беруге сапалық реформа жүргізу, білім беру саласында қалыптасқан нақты
жағдайды, өскелең үрдістер мен іс-жүзіндегі қатынастарды, сондай-ақ қоғам
мен мемлекеттің болашақтағы дамуының мүмкін жолдарын ескеретін егжей-
тегжейлі жасалған стратегия болғанда ғана мүмкін болады. Мұндай стратегия
жылдам өзгеретін нақты жағдайларға тұрақты бейімделетін икемді тактикалық
іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болуға тиіс.
Білім беруді дамыту бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытудың, жалпы орта білімнің, бастауыш және орта, жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі кәсіптік білімнің басты аспектілерін қамтиды, елдегі білім
беру саласының нақты жай-күйін бағамдайды, перспективаларын белгілейді,
білім беру жүйесін одан әрі дамытудың басымдылықтарын айқындайды және білім
берудің әрбір деңгейі үшін қойылған мақсаттарға жеткізу жөніндегі нақты іс-
шаралардан тұрады.
Бағдарламада ауыл мектебі оқушыларына білім беру деңгейін арттыру үшін
жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін қазіргі ауыл мектебінің моделін
жетілдірудің және жоғары кәсіптік білім алу үшін олардың түлектерінің
бастапқы мүмкіндіктерін теңестірудің қажеттілігіне елеулі көңіл бөлінген.
Бағдарлама оқытудың жаңа технологиясын әзірлеу мен енгізуді
инновациялық өзгерістерді жүзеге асыру, қоғамның әрбір мүшесінің қызмет
саласын жедел өзгерту үшін кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта
даярлауды қамтитын үздіксіз білім беру жүйесін дамытуды көздейді.
Бағдарлама жаңа оқу жоспарларын, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік
кешендерін енгізуге, балалар мен жастарға экономикалық, экологиялық,
құқықтық, азаматтық білім беру жөніндегі қазіргі заманғы оқу
бағдарламаларын енгізу арқылы білім берудің мазмұнын жаңартуға жәрдемін
тигізуге арналған.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - сапалы білімге кеңінен қол жеткізуді
қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін тиімді дамыту үшін
жағдай жасау.
Негізгі міндеттері:
( азаматтардың білімдерінің барлық деңгейлері мен сатыларына қол
жеткізуге арналған конституциялық құқықтарын қанағаттандыру үшін жағдайлар
жасау;
( білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру;
( білімнің және білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, білім
беру қызметтерін таңдауды ұсыну;
( тәрбие жұмысын жетілдіру, оқу мен тәрбие процестерінің бірлігін
қамтамасыз ету;
( педагогтың әлеуметтік мәртебесін көтеру;
( Қазақстанда білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біріктіру
үшін жағдай жасау.
Бағдарлама білім берудің әрбір деңгейі үшін елдің тиімді жұмыс істейтін
білім беру жүйесін құру нақты мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
Білім беруді дамыту бағдарламасының іске асуымен білім беру жүйесінің
әлеуеті мен ресурстары сақталатын болады. Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық дамуы үшін әрі ұтымды, әрі барынша тиімділікпен пайдаланылатын
болады. Осы бағдарламаның уақтылы іске асуы халықтың неғұрлым қалың жіктері
үшін білім беру бағдарламаларының қол жетімділігі мен сапасын жақсартуды
қамтамасыз етуге тиіс.
Қазіргі қоғам талабынан туындайтын бастауыш сатыдағы білім, тәрбие
мақсаты мен міндеттерінің аса жауапты және күрделі екенін байқауға болады,
бұл мақсатты жүзеге асыруды, міндеттерді тиімді шешуді қамтамасыз ететін
білім-тәрбие мазмұнын анықтап құру ақылды қисынмен де, үлгілі тәжірибемен
де орындалатын шаруа емес. Бұл үшін объективті ұстанымдарға сүйенетін
тәжірибе, идея немесе теория қажет.
Біздің зерттеу жұмысымызда алдымызға бірнеше міндеттер қойылды.
Олардың қатарында қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұны
тарихының даму кезеңдерін айқындап, олардың мазмұнын ашып көретіп сипаттама
беру болатын.
Қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуына ықпалын тигізген
әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайларына,
қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнына қатысты мәселелерді
зерттеуге арналған жұмыстар мен мұрағат материалдарына жасалған талдау,
оның даму тенденцияларын салыстыру, тарих ғылымындағы қабылданған кезеңдер
инновациялық процестерді қорытындылап зерттеуге алынған күрделі феноменнің
қалыптасып дамуын шартты түрде екі кезеңге бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:
1 кезең – 1991-1994 жылдар. Бірінші кезеңді біздер Егеменді
Қазақстан және қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы деп
анықтадық.
2 кезең – 1995-2007 жылдар. Екінші кезеңді Қазақстан Республикасында
-
ғы қазақ мектептерінің білім беру мазмұнының әрі қарай дамуы деп
тұжырымдадық.
1. Егеменді Қазақстан және қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнының
қалыптасуы (1991-1994 жж.):
(мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларациясының қабылдануы(1990 ж.);
( Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Жоғарғы
Кеңестің конституциялық Заңының қабылдануы (1991 ж.). Бұл Заңда
Қазақстанның тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орны
мен рөлі анықталуы;
( 1991жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алуы;
( 1991 жылы Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің
тұжырымдамасының жариялануы;
( Қазақстан Республикасындағы гимназия, мектеп-лицей туралы Үлгі
Ережелердің жариялануы (1991 ж.);
( республикада түрлі типтегі (лицей, гимназия) мектептердің және
жекеменшік мектептердің ұйымдастырылуы;
( орта және бастауыш білім беретін қазақ мектептері санының көбеюі;
( заңнамалық базасының қалыптаса бастауы. Білім беру сферасына
концептуалдық келістерді қайта қарауға негіз болған Қазақстан
Республикасының Білім беру туралы Заңының қабылдануы (1992 ж.).
Қабылданған Білім туралы Заң білім беру іс-әрекетін реттейтін негізгі заң
актілерінің бірі болуы;
( Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері
тұжырымдамасының қабылдануы (1992 ж.);
( Қазақстан республикасы Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясында Ата
Заң ( Конституцияның қабылдануы (1993 ж. 28 қаңтар);
( Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептер білім
мазмұнының тұжырымдамасының қабылдануы (1993 ж.);
( Білім беруді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы
дайындалуы (1993 ж.);
( саяси реформалардың қарқынды өрістеуі, демократия, сөз бостандығы,
жариялылық үрдістерінің етек жаюы (1993-1994 жж.)
( қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнын жасауда
тәжірибелік сипаттағы инновациялық ізденістер тән болуы;
( жаңадан ұйымдастырылған лицей мен гимназиялар негізінен қабілеттері
жоғары оқушыларға бағытталған жұмыстың жаңа ұйымдастыру формаларын
іздестіруі;
( көптеген мектептер профильдік іріктеуге бағытталуы;
( профильдік оқыту кейбір пәндерді тереңде оқытуға негізделуі;
( басым көпшілігінде білім беру мазмұнын өзгертуге емес оқу процесін
ұйымдастыру мен байланысты жаңалықтар кеңінен таратылуы;
( білім мөлшерінің өсуі және күрделенуі оқушылардың шамасынан тыс
болып денсаулықтарына кері әсерін тигізуі;
( осы кезеңде бірқатар тұжырымдамалар мен мемлекеттік бағдармалар
қабылданып бекітілуі. Олардың қатарында:
( Білім беруді мемлекет тарапынан қолдайтын Ұлттық бағдарлама;
( Казақстан Республикасындағы гимназия және мектеп-лицей туралы Үлгі
Ережелер (1991 ж.) болды.
2. Қазақстан Республикасындағы қазақ бастауыш мектептерінің білім беру
мазмұнының әрі қарай дамуы (1995-2007жж.):
( Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектебінің даму
тұжырымдамасы қабылдануы (1995 ж.);
( Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне арналған
оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді дайындау мен басып шығарудың
мақсатты бағдарламасы туралы қаулысының қабылдануы (1996 ж.);
( Гимназия туралы Ереже, Лицей туралы Ереже жариялануы (1996
ж.);
( Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны
тұжырымдамасының қабылдануы ( 1997 ж.) ;
( Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектебінің мемлекеттік
базистік оқу жоспары жасалуы (1997 ж.);
( бастауыш білімнің мемлекеттік тұңғыш стандартының жарық көруі
(1998 ж.);
( мемлекеттік базистік оқу жоспарының, тұңғыш бастауыш білімнің
мемлекеттік стандартының құрылымы (1998 ж.), өзгертілген жаңа құрылымы
(2001 ж.) ұсынылуы;
( қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу өнері, музыка, сауат ашу пәндері
бойынша оқу жүктемесінің көлеміне өзгерістер енгізілуі;
( оқушылар дайындығының деңгейін анықтау өлшеуіштері айқындалуы;
( оқушылардың дайындық деңгейін бақылайтын көрсеткіш ретінде тест
тапсырмаларының үлгісі жасалуы т.б.
( төрт жылдық бастауыш мектептің білім мазмұнын жаңарту барысында
тұңғыш рет бастауыш сыныпқа арналған:
Ш.Әуелбаев, Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова, А.Құлжановала. Жалпы білім
беретін мектептің 1 – сыныбына арналған Әліппе оқулығы;
Г.И.Уәйісова, Р.С.Әміров, Ә.Е.Жұмабаева.Жалпы білім беретін мектептің
2 – сыныбына арналған Қазақ тілі оқулығы;
С.Рахметова, П.Жаманқұлова, Б.Қабатаева.Жалпы білім беретін мектептің
2 – сыныбына арналған Ана тілі оқулығы;
Т.Қ.Оспанов, Қ.Ә.Атаева, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева. 1 сыныпқа
арналған Математика оқулығы;
Г.Ә.Бадамбаева, Қабдолова Қ.Л, Масғұтова. 1 сыныпқа арналған Орыс
тілі оқулығы;
К.Ж. Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Нұрахметов Н. Жалпы білім беретін
мектептің 1 – сыныбына арналған Дүниетану оқулығы;
Ұ.Ш. Ибрагимов, Қ.Б. Болатбаев. Жалпы білім беретін мектептің 1
сыныбына арналған Бейнелеу өнері оқулығы;
Г.Оралбекова, Б.Қалназаров және т.б. Жалпы білім беретін мектептің 1
сыныбына арналған Еңбекке баулу оқулығы;
М.Т. Тұрыскелдина, С. Тайжанов, К. Құрманбаева 1 сыныпқа арналған
Дене шынықтыру оқулығы;
Ш.Б.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова. Жалпы білім беретін
мектептің 2 – сыныбына арналған Музыка оқулықтарының жариялануы (1998
ж.);
( 1998 жылы жарияланған алғашқы стандарт негізінде бастауыш сыныптарға
арналған оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер дайындалуы (1998–2000
жж.);
( Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңының қабылдануы
(1999 ж. );
( Білім мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы (2000 ж.);
( қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнын жетілдіру
мәселесіне арналған мақалалардың Қазақстан мектебі, Бастауыш мектеп
журналдары мен Қазақстан мұғалімі газеті беттерінде және басқа да
басылымдар да жариялануы (1994 – 2000 жж.);
( Ғылым туралы және Қазақстан Республикасының білім мәселесі
жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Заң қабылдануы ( 2001 ж.);
( Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары (жалпы бастауыш білім) қабылдануы (2002 ж.);
( Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары (жалпы бастауыш білім) жариялануы (2003 ж.);
( Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы жариялануы ( 2003 ж.);
( қазақ бастауыш мектептеріне арналған Қазақ тілі, Ана тілі,
Математика, Орыс тілі, Бейнелеу өнері, Еңбекке баулу, Айналамен
таныстыру, Денешынықтыру, Музыка пәндері бойынша альтернативті
оқулықтардың жариялануы ( 1994 - 2000 жж. );
( білім беру мазмұнының даму жолдарын айқындайтын Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы (2004 ж.);
( Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауы жариялануы (2007 ж.);
( Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңының қабылдануы
(2007 ж.);
( мектепке дейінгі және бастауыш білім: қазіргі жағдайы, даму
тенденциялары және мәселелері жайлы халықаралық ғылыми – практикалық
конференцияның болуы (2007 ж.);
( қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнына қатысты
мәселелердің түрлі конференцияларда, дөңгелек столдарда, семинарларда
талдануы ( 1996 – 2007 жж.).
Қазақ мектептерінің білім беру мазмұнының қалыптасып дамуының
көрсетілген кезеңдері біздің пайымдауымызша Қазақстанның егеменді ел
болған жылдарындағы зерттеуге алынған феноменнің даму динамикасын
көрсетеді. Ол білім беру мазмұнына қатысты құбылыстарды талдаудан қазақ
бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының мәнін ашып көрсетуге дейінгі
жолдардан өтіп келе жатыр. Сонымен бірге аталған кезеңдер қазақ бастауыш
мектептерінің білім беру мазмұнын құрайтын білім беру стандарты, базистік,
типтік оқу жоспарлары, оқу-әдістемелік кешендер, оқулықтар сияқты құрамды
бөлімдерінің жасалуымен әрі қарай жетілдірілуін байқауға мүмкіндік берді.
Олардың ішінде жалпы білім беретін оқу пәндерінің жиынтығын анықтау
заңдылығы бойынша білім-ғылым негіздері дара тұлға іс-әрекетінің құрылымы
арқылы беріледі. Осы заңдылық негізінде анықталған білім мазмұнының құрамы
мен құрылымының оқу жоспарына түсірілуі бірнеше деңгейде жүргізілді.
Алдымен бүкіл республикадағы жалпы білім беретін мектептерге ортақ базистік
оқу жоспары жасалды. Ал оның негізінде әр тілде оқылатын ұлттық мектептерге
арналған типтік оқу жоспарлары, әр аймақтың, облыстың ерекшеліктерін
ескеретін нақты жұмыс жоспарлары жасалды. Мұның соңғысы жергілікті жердегі
оқу бөлімдері мен жекелеген мектеп ұжымдарының ұйғаруымен іске асырылды.
Базистік және типтік оқу жоспарының негізінде жеке мектеп ұжымына
жергілікті жер ерекшеліктері мен сұранысын ескере отырып өз оқу жоспарын,
құқын жүзеге асыру мүмкіндігінің берілуі бүкіл үздіксіз білім беру жүйесін
демократияландыру, ізгілендіру сияқты принциптерінің шын мәніндегі іске
асырылуының көрінісі болып табылады.
Президентіміз Н.Назарбаевтың Қазақстан-2030 бағдарламасына сәйкес
Мемлекеттік білім беруді 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасы бекітілді,
оның негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған Қазақстан
Республикасының білім беру саласын дамытудың 2015 жылға дейінгі
концепциясы жасалды. Ауыл жылы жариялануына байланысты Ауыл мектебі
мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Білім беру жүйесін жетілдіруде ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама
Білім беру мәселесі
Жоғарғы кәсіби білім жүйесін стратегиялық дамыту кезеңі
Өркениетті дамыған елдердің білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда білім сапасын бағалаудың басым бағыттары
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қарастыру, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі дамуының мәселелерін шешу жолдарын қарастыру
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы, Білім Заңындағы жоғары білім алу туралы тұжырымдар
Пәндер