Ұлттық білім беруді дамыту стратегиясы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
10
1.1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың теориялық
тұжырымдамасы
10
1.2 Қазақстандағы білім берудің қазіргі жайы
17
І.3 Білім беру деңгейінің сапасы мен мазмұны
20

2 ОБЛЫСТЫҚ КӨП САЛАЛЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП – ЛИЦЕЙІНІҢ БІЛІМ
БЕРУДІҢ САПАЛЫ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ
35
2.1 Облысық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп – лицейінің
әлеуметтік – экономикалық сипаты
35
2.2 Мектеп – лицейдің білім беру існің барысы, оқыту жүйесінің мақсаты мен
міндеттері
39
2.3 Қала мектептерін дамытуда тиімділікті арттыратын іс шаралар
59

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ
63
3.1 Жалпы білім беретін мектепті басқарудың қазіргі кезендегі өзекті
мәселелері
63
3.2 Білім берудің инновациялық технологияларын іс - әрекетке қосудың
әдіснамасы
66
3.3 Ұлттық білім беруді дамыту стратегиясы
75
ҚОРЫТЫНДЫ 78
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 80 ҚОСЫМША А
- Оқушылардың контингенттік құрылымы 82 ҚОСЫМША Б
- Мектеп – лицей мұғалімдернің бітіргені, диплом бойынша мамандығы
жетістіктері мен санаттары 83
ҚОСЫМША В – Лицейдің білім беру үрдісімен басқару құрылысы 87
ҚОСЫМША Г – Үш жыл бойынша оқушылардың абсолюттық және сапалық үлгерімі
жайлы мәліметі 88
ҚОСЫМША Д –2006-2008 жылдары Алтын белгі және үздік аттестатқа
бітірген оқушылар жөнінде мәлімет
89
ҚОСЫМША Ж – қалалар бойынша ҰБТ қорытындысы бойынша ақпарат 90
ҚОСЫМША З - 2008-2009 ж сапалы білім беру жүйесін дамыту
91

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік
ынтымақтастығы мемлекеттердің қатарына тұғыры биік тәуелсіз, өз саясаты мен
даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде мүше болып енуі, дербес деп
танылуы отандық білім берудің алдына жаңа міндеттер мен талаптар қойып
отыр. Сондықтан білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы, жоғары
және жалпы білім берудегі қалыптасқан дәстүрлерді жетілдіріп, өткен
тәжірибені ескеріп, шетелдік мемлекетердің білім беру жүйесіндегі озық
үлгілерімен ерекше тұстарын өзіміздің ұлттық білім беру жүйемізге ендіру
болашақтағы бастамасы игі жоспарлардың біріне айналмақ.
Кез келген елдің білім беру жүйесінің алдында қоғам дамуының қай
кезінде болмасын үлкен міндеттер тұрғаны белгілі. Өйткені білім беруді
дамыту арқылы, мемлекеттің өсіп - өркенденуіне жақсы жол ашылары сөзсіз.
Мемлекеттің қалыптасып, саяси экономикалық бағыттардың дамып гүлденуі,
білім беру жүйесімен тікелей байланысты болып отырған. Еліміздің Президенті
Н.Ә. Назарбаев Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұстаздары
және студенттерімен кездесуде сөйлеген сөзінде: ХХІ ғасырдың табалдырығы
алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі маңыздылығы жағынан
стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Білім беру ісі елдің даму
деңгейі арқылы бағаланатын болады - деп, оқу, ағарту, білім мен ғылымнан
жас қазақ елінің Орталық Азия барысына айналуы маңызының ерекше зор екенін
айтып, жастардың жан – жақты білім алуының қажеттілігіне кеңінен тоқталады.
Елбасының сөйлеген сөзінен білім берудің мемлекет дамуының аса маңызды
факторы екендігіне көз жеткізу қиын емес. Осылайша әр уақыттың, әр заманның
ұрпақтары алдында белгілі бір жоспарлар, міндеттер тұратынын айтпаса да
белгілі.
Білім берудің маңыздылығы сөз болған уақытта ең алдымен білімнің
сапасы да міндетті түрде алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады.
Білім сапасы жайында қазіргі уақыттың өзінде ұстаздар, студенттер, жалпы
оқу – ағарту ісіне қатысы бар адамдардың арасында кеңінен пікір – таластар
ұйымдастырылып, ғылыми – теориялық болжамдар көптеп айтылуда. Білім беруді
қоғамның әлеуметтік – экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан,
ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды. Сонымен қатар
онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша
ескерілуі тиіс. Бұл реттте еліміздің білім беру жүйесінің реформаланып,
заман талабына сай өзгеруі – заңды құбылыс. Өйткені халыққа білім беру, еш
уақытта қоғамдағы жағдайдан, мемлекеттің саясатынан тыс дамымаған, қайта
жаңа қоғам құрып, мемлекеттің дамытуда білім берудің орны ерекшеленіп, оған
жақсы мән беріліп отырған. Білім жүйесіне уақыт талабына сай өзгерістер
енгізу – қоғам өміріндегі аса маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі кезеңде
республикада іске асырылып жатқан білім реформасы оның ұйымдық –
экономикалық компоненттерін түбегейлі өзгертуге бағытталған.
Бұл дипломдық жұмыс барысында еліміздегі білім беру, оны дамыту,
қалалық мектептердегі оқыту үрдістерін басқару мен ұйымдастыру қалай жүзеге
асатынын зерттеуге тырыстым. Зерттеуді облыстық көп салалы дарынды
балаларға арналған мектеп – лицей қабырғасында жүргіздім. Мектеп –
лицейінің білім берудегі әдіс – тәсілдері мен жеткен жетістіктерін сараптап
талдадым. Дипломдық жұмысты жасай отырып басты қойылатын міндет, жаңа
ақпараттық технологияларды үйрене отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімді
қосу екенін ескердім.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ –ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың теориялық
тұжырымдамасы
XXI ғасырдың басындағы адамзат қоғамының тұр сипаты және дамуының
бағыттары төмендегідей ғаламдық масштабтағы құбылыстармен айқындалып отыр:
- барлық адамзатқа ортақ гуманитарлық, экономикалық және экология-
лық проблемалардан туындайтын қарама-қайшылыктардын көбеюі.
- қоғамдык-экономикалық қарым-қатынас жүйесіндегі жаһандану және ірі
геосаяси өзгерістер үрдісінің кеңеюі.
- ақпаратқа, білімге, көп мәдениеттілікке негізделген қоғамның
құрылуы.
- постиндустриалдык, ноосфералык, даму деңгейіне өтудің жылдамдауы
-адам капиталы құнының артуы.
Қазіргі кезеңде елдердің бір-бірінен салыстырмалы тұрғыдағы
артықшылығы, бәсекелестік күш-қуаты олардың табиғи ресурстарымен емес
көбінесе адам капиталымен, инновациялық технологияларды және ақпарат ағымын
ұтымды пайдаланумен анықталып отыр. Дүниежүзі көлемінде постиндустриалдық
қоғамға көшудегі білім беруді жаңарту қазіргі заманғы маңызды әлеуметтік
құндылыктар мен қоғамдық бағыттар жүйесін дұрыс қалыптастырудың шешуші
жағдайы есебінде көрінеді. Білім құндылыктары тұлғаның, қоғамның және
табиғаттың игіліктеріне сәйкестендіріліп, ашық, вариативті, рухани және
мәдени қаныққан толерантты, отаншылдық және шынайы азаматтықтың қалыптасуын
қамтамасыз ететін жүйеге бірігуі тиіс. Білім беру экономикаға мамандар
даярлау емес, қоғамның интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру, оның
бәсекелестік қабілеттерін инновация мен демократиялық прогреске лайық
дамыту, өмірдің қазіргі заманғы стилін қалыптастыру құралына айналуы тиіс
[11,10].
Адамзат дамуының осындай кезең әлемнің 100-ден аса елі өздерінің де
стратегиясы есебінде "Тұрақты даму тұжырымдамасын қабылдап отыр. Бұл елде
жоғары мемлекеттік деңгейдегі Ұлттық тұрақты даму кеңестері құрылып,
өзіндік жоспарлар жасалған. Тұрақты даму мәселесіне Қазақстанда тиісті
көңіл бөлініп, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Б¥¥ ДБ-мен
бірлесе отырып, 2001 -2004 жылдарға арналған тұрақты дамудың құрылымдық
шарттарын нығаю бағытында арнаулы бағдарлама қабылдады. Осы бағдарлама
аумағында қазір "XXI ғасырдың тәртібіндегі тұрақты даму" атты ¥лттық
комиссияны кұру жоспарланып отыр.
2000 жылы сәуір айында Дакарда өткен білім жөніндегі Әлемдік форумда
баршаға білім беру стратегияларын жүзеге асырудың жылдық қорытындысы
жасалып, білімді адам дамуының негізгі факторы деп есептейтін тұжырымды
одан әрі тереңдетті. Форумның Дакарлық әрекеттер шектері "Баршаға білім
беру: біздің міндетімізді орындау" атты негіз құжатында білім алу адамның
негізі құқықтарының бірі деп атап көрсетіліп, ол тұрақты дамудың, елдер
ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың, олар арасындағы қарым қатынастың
кілті болады және XXI ғасыр экономикасы мен қоғам өміріне тиім қатысудың
міндетті кұралы деп атап көрсетеді[11,10].
Әлемдік тәжірибе білім беру ұлттық немесе ғаламдық саясаттың жеке саласы
болы есептелмейді, ол адам құқығын сыйлауға, жақсы тұрмыс пен тиімді
басқаруға, қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялы
тұрақтылық даму процестерінің негізгі шарты және сенімді құралы, әлеуметтік
құбылыс пен процесс, әлеуметтік жүйе, ұлттық бірегейлік пен рухани
мәдениетті сақтау және дамытудың бірден-бір кепілі есебінде дәлелденіп
отыр.
Тұрақты даму талаптарына сәйкес білім беру жүйесінің құрылымын және
мазмұның дамытудың басты бағыттары негізінен төмендегідей сипатта
анықталуда:
жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттердің, қоршаған табиғи ортаның,
сонымен катар бүгінгі және келешек ұрпактың мүдделері мен қажеттіліктеріне
үйлесімді болуын қамтамасыз ету.
Ғылым мен технологияның, нарық экономиканың өзгермелі және өскелең
талаптарына сәйкес үздіксіз, пәрменді, дамымалы және үнемі жетіліп отыруға
бейімді болуын қамтамасыз ету.
Адамзат қоғамының мол ауқымды, кең аспектірлі, көп векторлы
полимәдениетті сипатына сәйкес ашықтығын, демократиялығын, интеграциялануға
бейімді болуын қамтамасыз ету.
Жер көлемі кең, халкы аз, табиғи байлығы мол, бірақ білікті ұлттық
мамандары және өндірістік жаңа технологиялары қалыптасып үлгермеген
Қазақстан мемлекетінің жаһандану үрдісіндегі бәсекелестікке төзіп, саяси-
экономикалық, рухани-әлеуметтік іргелі және түйінді проблемаларын шешуді,
ел ішінде және басқа елдермен бейбіт өмір сүруді, яғни тұрақты даму жолына
түсуді қамтамасыз ету үшін ең пәрменді және сенімді құрал есебінде отандык
білім жүйесін дамытудың өзектілігі ерекше екендігі анық[12,8].
Осы мақсаттарда төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс:
Білім жүйесіне мемлекеттің идеологиялык және экономикалық саясатында
басымдылық беру, оны ұйымдық-құрылымдык жаңарту, қаржылық, ғылыми-
әдістемелік, материалдық, акпараттық, технологиялық базасын нығайту,
мамандармен қамсыздандыру, кұқықтык-нормативтік, әлеуметтік статусын
көтеру, бүкіл қоғамдык қолдау жүйесін қалыптастыру.
Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін ашылуын және олардың пәрменді
қолданылуын қамтамасыз ету, білім жүйесінде жинақталған онды іс-тәжірибені
талдап, пайдалану, білім мазмұның, оқыту мен тәрбиелеудің технологияларын
жетілдіру, басқарудың, білім сапасын арттыру мен бағалаудың және білімге
ынталандырудың пәрменді әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру.
Білім жүйесіне мемлекет тарапынан тікелей әсер ету - оның негізінен
материалдық-техникалық базасын нығайту, экономикалық-материалдық
ресурстарын жетілдіру мен жаңғыртуға келіп саяды. Ол әрбір елдің
мемлекеттік басқару саясатында білімді дамытуға дер уақытында басым бағыт
берілуіне, елдің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты.
Көптеген дамыған елдер өткен ғасырдың ортасында-ақ білімді дамыту
мәселесін мемлекет саясатының басым бағыты есебінде белгіледі.
Өкінішке орай. Қазақстанда жалпы ішкі өнімге шаққанда білім беруге
жұмсаған мемлекеттің қаржы шығыны 1990-2003 жылдары аралығында кауырт
қысқарды. Айталық, 1990 ж. ол ІЖӨ-нің 8,2% құраса. 1995-4,5%; 2003 -3,1 %-
ге дейін төмендеген.
Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында Қазақстандык білім мен ғылымның сапалық жаңа
деңгейге көтерілуін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан кешенді іс-
шараларды өткізу және оларға тиісті қаражат бөлу мәселелері қарастырылып
отыр. Оның ішінде үздіксіз білім жүйесінің құрылымын өзгерту,
ақпараттандыру, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру,
білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, мұғалімдерді
даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту қарастырылған[17,9].
Ең күрделі және маңызды нәрсе - білім жүйесін мазмұндық өзгерту, оның
ішкі мүмкіндіктерін пайдалану, білім сапасын арттыру тетіктері мен
формаларын жетілдіру болмақ. Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін дамыту
білім жүйесінің жаңа моделін жасау, окушыларға берілетін білімінің
мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқыту технологиясын өзгерту арқылы
жүргізіледі. Ал мұның өзі жаңа мазмұндағы оқулықтар мен оқу әдістемелік
құралдарды әзірлеуді, педагогикалық университеттердегі мұғалімдерді даярлау
мазмұнын өзгертуді, мұғалімдерді және басшыларды қайта даярлауды, білім
жүйесінің барлық сатыларының үздіксіздігі мен үндестігін қайта қарауды
талап етеді.
Қазіргі кезде қолданыстағы білім жүйесі жан-жақты сынға алынғанда,
орта мектептегі білім мазмұны көбіне өмірге жарамсыз білім жиынтығын беруге
лайықталып келгендіктен, ол білім жүйесі сапасының сын көтермейтіндей
дәрежеде төмендеуінің және оның қазіргі қоғам талаптарына сәйкес
келмеуінің негізгі себебі деп есептелуде. Осыған байланысты еліміздің орта
мектебін әдіснамалық құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан түгелдей қайта
құру ұсынылуда.
Дегенмен де біз білім жүйесінің аса күрделі және жауапты сала екендігін,
оны реформалауда қателіктер жіберілсе, бірнеше ұрпақтың тағдырына,
мемлекетіміз бен ұлтымыздың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне зиянын тигізуі
мүмкін екенін, сондықтан білімнің пәрменділігін және сапасын арттыру үшін
бүкіл білім жүйесінде қысқа мерзім ішінде күрт өзгерістер жасаудың қауіпті
де, қатерлі екенін әрқашан ескергеніміз жөн.
Білім жүйесіне тікелей және жанама тұрде бүкіл қоғамның қатысы бар.
Білім жүйесін өзгерту қоғамның және жеке тұлғаның көзқарасын, ой-санасын,
психологиясын, мүдделерін, қарым-қатынасын кешенді тұрде өзгерту арқылы
жүзеге асырылады. Осындай кең ауқымды. Күрделі реформаны жасау мол
қаржылық, кадрлық ресурстарға қосымша реформа бағыттары мен мазмұның
әдіснамалық негіздеуді, жан-жақты байыпты даярлық жасауды, ғылыми-теориялық
зертеулер мен практикалық сынақтар еткізуді, білім жүйесінің басшыларының,
мұғалімдердің, окушылардың, жалпы қоғамының арасында психологиялық даярлык,
бейімдеу, ынталандыру жұмыстарын өткізуді қажететеді. Сондықтан да жаңа
білім моделін ғылыми-зерттеу зертханаларында ғана әзірлемей, озат
мектептердің тәжірибелерін саралау, жаңашыл педагог-мамандарды, ата-
аналарды, қоғам қайраткелерін, білім саласына қатысы бар барлық мекемелер
мен ұйымдарды кеңінен катыстыру, олардың қызметтерін өзара үйлестіру арқылы
жасауға тиістіміз. Осындай аса маңызды да ауқымды жұмыстарды кешенді және
іргелі турде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің басшылығымен Қазақ Білім академиясының жанында тұрақты және
кешенді жұмыс істейтін Ғылыми-қоғамдық үйлестіру кеңесінің құрылғаны
барынша тиімді болар еді[1,8].
Қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі оның білім жиынтығын беруге
бағытталғандығында ғана емес, сол білім мазмүнының шашыраңкы, қазіргі
өркениеттің өзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп
өндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға сәйкес дер кезінде жаңарып,
жетіліп, бейімделіп отыруға кабілетсіз, консервативті, орталықтандырылған,
жабық және шектеулі түрде болуында деп есептеймін. Оның үстіне, соңғы он
бес жылдың көлемінде мектептердің оқу-материалдық, кадрлық базасының
моральдық та, материалдық та жағынан барынша ескіріп, құлдырап кетуі білім
сапасына орасан зор зиянын тигізгені белгілі.
Окушыларға берілетін білімнің іргелілігі -бұл жарты ғасырдан астам уакыт
бойы Кеңестік білім жүйесінің қол жеткен және басқа дамыған елдер қазіргі
кезде мойындап отырған басты жетістіктерінің бірі. Егер білімнің жаңа
моделін жасау берілетін іргелі білімнің көлемін қысқартып, оның тек
қолданбалы сипатын арттыруға бағытталатын болса, бұл Қазақстанның тұрақты
дамуын қамтамасыз ететін басты тұғырларының бірін темендетуге, білім
жуйесінің салмақсызданып, осалданып, әлемдік бәсеке талаптарына
төзімділігінің әлсіреуіне әкеліп соғатынын болжай білуіміз қажет. Әлемнің
ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының Конгресінде білім мекемелерінде
берілетін білімнің тым таяз, үстірт болуының салдарынан сауатсыз ұрпақ
пайда болады, бүл мемлекеттің кауіпсіздігіне нұсқан келтіретін факторға
айналады деп есептей келе, "Ұлтымыз қатерлі жағдайда'" деп жариялауының
үлкен мәні бар екенін катаң ескергеніміз жөн[2,4].
Сондықтанда тұрақты даму талаптарына сәйкес келетін жаңа білім жүйесін
қалыптастыру оқушыларға берілетін білімнің іргелілік мазмұнын сақтай
отырып, оның:
- акпарттық жүйелілігін, кешендігін, үздіксіздігін, өзара және өмірлік
ортамен байланыстылығын, үйлесімділігін, үндестігін, өзіндік дамып отыруға
кабілеттілігін арттыру;
- неғұрлым өмірлік құнды, әр тулғаның жеке сұраныстары мен
қабілеттіліктеріне сәйкестей отырып, білім мазмұны мен бағдарламаларын
диверсификациялау;
- пәрменді интерактивті, акпараттык шығармашылык дамыту өзіндік іздену
сипатындағы технологияларды ендіру;
- практикалық бағыттылықпен, нақты нәтижелерге бағдарлылықпен
толыктыру арқылы жургізілуі тиіс деп есептеймін.
Бұл үшін қазіргі орта мектепте берілетін білім мазмұнын ғалымдар,
әдіскерлер және практиктер бірлесе отырып сараптап, екшеп жүйелеуі керек,
білім сатылары бойынша қазіргі талаптарға сәйкес емес, артық, сыныптар
бойынша қайталанып берілетін дүниелерден тазартып, соңғы ғылым
жаңалыктарымен, жеке тұлғаның, адамның, қоғамның табиғаттың өзара үйлесімді
даму мүдделері мен кұндылыктарына сәйкес келетін материалдармен толықтыру
қажет.
Алған білімді өмірдегі қажеттілікке айналдыру және оны сауатты және
пәрменді қолдана білуге үйрететін ең жаңа оқыту технологияларына және
құралдарына негізделген тәжірибелік-зертханалық сабақтарды өткізуге тиісті
жағдай жасалуы тиіс. Орта мектепте берілетін білімнің грамматикалық
мазмұнын және практикалық бағыттылығын 12-жылдык орта мектептің 8-
10сыныптарында профиль алды даярлык жасау, ал соңғы профильдік сатыдағы
білім мазмұнын және окыту технологиясын мамандыктарға сәйкес терендетіп,
практикалык бейімдеп беру арқылы жүзеге асыруымыз қажет.
Ең бастысы жаңа білім моделін жасауда табиғаты халқымыздың болмысына
сәйкес келмейтін, жат, шетелдік нұскаларды эталон, үлгі есебінде кабылдауға
болмайтынын естен шығармаған жөн. Жаңа мектебіміздің басты философиялык
тұғырнамасы тарихи-ұлттык, рухани-мәдени құндылыктарымызға негізделіп
кұрылуы тиіс. Сонан соң Қазақстандык және жалпы адамзаттык мүдделеріміз
үйлесетін жаңа мазмұнда жасалуы керек. Жаһандану үрдісі белең алып,
батыстық өркениетке еліктеу психологиясы өрістеп бара жатқан қазіргі
кезенде отандық білім жүйесін жаңарту ісімен айналысушылардың ұлтымыздың
рухани жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың: Қазақтың тағдыры да, келешек ел
болуы да мектебінің кандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді
таза, берік, жанымызға кабысатын, үйлесетін негізде құра білсек,
келешегіміз үшін тайынбай-ак серттесуге болады - деген даналық өсиетінің
мәні мен мағынасын білгені және ешқашан қаперінен шығармағаны дұрыс болар
еді[11,13].
Адамзат қоғамының қазіргі даму кезеңінде адамгершілік пен
мейірімділік құндылыктарының орнына материалдык байлыкка негізделген
сипаттағы қоғам калыптасып отырған жағдайда білім берудің тұлғаны
әлеметтендіру функциясы басым бағытқа ие болып, басты міндетке айналуы
тиіс. Еліміздің білімі мен ғылымын, техникасы мен технологиясын жасайтын,
халкының тілін, рухани қадір-қасиетін, табиғи байлығын сақтайтын
Қазақстанның елжанды азаматы. Сондықтан сол азаматтың, азаматтық тұлғасын
және ішкі жан дүниесін орнықты тұрде қалыптастыру білім беру жүйесінің
басты міндеті бола бермек. Тұлғаны әлеуметтендіру арқылы ғана білім мен
қоғамның тұрақты даму жолын қамтамасыз ете аламыз. Жаңа білім моделінің
басты ерекшелігі, артыкшылығы ол адамды білімді және сол білімді өте
ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де білікті етіп калыптастыратын
болса, осы тұлғаның адамгершілік, рухани ұстанымдары, басшылыққа алатын
құндылықтары қандай, оларды жасөспірім бойына дарытудың, тәрбиелеу мен
әлеуметтендірудің, қазіргі адамзаттық қоғамға, Қазақстандағы қоғамдык-
әлеуметтік жағдайға сәйкестендірілген тұжырымдамасы, тұр сипаты, мазмұны,
құндылыктары, өмірге ендіру әдістері мен құралдары қандай, соны дұрыс
аныктау кажет. Білім беру мен әлеуметтендіру үрдісін бөліп қарауға
болмайды. Білімнің де, қоғамның да тұрақты дамуын қамтамасыз етудің басты
ұстанымы адамды білімдендіру, біліммен қаруландыру ғана емес. Сол білімді
және біліммен қарулануды адамгершліктендіру болуы тиіс.
Еліміздің білім моделі ұлттық идеяға, ұлттық кұндылыктарға негізделіп
құрылып, ұлт мүддесін басым бағытта бере отырып дамытылуы тиіс. Жасөспірім
балаларымызға берілетін білім мен тәрбие мазмұны, ұлтымыздың ұрпақ
тәрбиесіндегі даналығынан. Тарихи мәдени мұраларынан, асыл дәстүрлерінен,
ұлы педагогтеріміз бен ғұлама-гуманистеріміздің классикалық философиялық ой
толғауларынан, ғұламалық бұлақтарынан, яғни тереңге бойлаған түп тамырынан
нәр алып, табиғи таза мәдени-рухани құндылықтармен қаныққан болуы тиіс.
Білімі мен технологиясы жедел өрлеп, экономикалық және қоғамдык тұрақты
даму жолына түскен Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Франция,Финляндия,
Швеция сиякты елдердің тарихи тәжірибелері осының айқын дәлелі.
Бір сөзбен айтқанда қазіргі жахандану заманында заңғар жазушымыз
Мұхтар Әуезовтың: Ал енді, қазақ, мешел ел ұлт болып қаламын демесен
бесігінді түзе деген сөздің өзектілігі барынша арта түсіп отыр[11,14].

1.2 Қазақстандағы білім берудің қазіргі жайы
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі
ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан
әлемдік өркениетпен ықпалдаса, жаңа прогресшіл технологияларды пайдалана
отырып, экономикада сілкініс жасады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму
перспективалары айқындалған.
Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдін
экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі
базасы болып табылатын, қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде, қазіргі
білім беру жүйесінің, адам капиталының рөлі мен мәні арта түседі.
Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістер өз кезегінде білім
беру ісіне ықпал етеді, одан ұтқырлықты және жаңа тарихи кезенің үндеуіне
сай жауап беруді талап етеді және де бұл өзгерістер тұтастай алғанда
экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс.
Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру
кеңістігіне кезең-кезеңмен енуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім
беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында өтіп жатыр.
Білім беру саласының жай-күйі бір жастан бес жасқа дейінгі балалардың
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларымен нашар қамтылғаның
көрсетеді.
Қазіргі жалпы білім беретін мектепте оқытудың мазмұны фактология
күйінде қалып отыр, Пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар
моральдық тұрғыдан ескірген. Оқушының дара тұлғасына бағдарланған білікті
көзқарас жоқ. Мектептегі білім беру оқушының өмірлік жолын, мүдделері мен
болашақ бағдарын айқындауына мүмкіндік туғыза алмайды. Жоғары сынып
оқушыларының тек 30%-ы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіби
қызметті таңдайды. Демек, бұл жоғары сынып оқушыларының 70% өмірден өз
орындарын табуға мүмкіндігі аз деген сөз[8,43].
ЮНЕСКО-ның соңғы бес жылдағы зерттеулері мен жалпы білім беретін мектеп
бітірушілерді тестілеудің нәтижелері білім сапасының ұдайы төмендеп келе
жатқанын көрсетеді.
Орта білімнің жоғарғы сатысында кәсіптік бағдар берудің
жеткіліксіздігінен мектеп бітірушілер еңбек нарығында талап етілмей отыр.
Кәсіптік бастауыш және орта білім беру жеке тұлғаның, қоғамның
қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандырмайды және техникалық
қызметкерлердің, техникалық, кызмет көрсету және басқару жұмысы орта буын
мамандарының біліктілік денгейіне қойылатын жаңа талаптарға байланысты
"кадрлық мұқтаждық" проблемасын шеше алмайды.
Кәсіптік бастауыш және орта білім беру бағдарламаларының мазмұны
Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі ұсынымдарда (ЮНЕСКО, 1974 ж.)
көрсетілген приңциптерге, 1997 жылғы Білім берудің халықаралық стандарттық
жіктелімі бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келмейді.
Сондай-ақ, жоғары білім беру жүйсінде де жекеленген жағымсыз үрдістер
белең ала бастады.
Жекелеген жоғары оқу орындары мен олардың көптеген филиалдарының
қазіргі талаптарға сәйкес келетін интеллектуалдық, кадрлық, материалдық-
техникалық әлеуеттің жоқтығынан, жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі
талаптардың төмендеуі мамандарды қайта өндіруге және еңбек рыногына талап
етілмеген кадрларды шамадан тыс көп дайындауға әкеліп соқты. Бұған сондай-
ақ тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдар ұстанған тар шеңберлі
мамандықтар бойынша жаппай даярлау ықпал етті. Біздің білім беру
бағдарламалары мен олардың шетелдік баламаларының өзара есептесу, білім
туралы құжаттарды өзара тану тетігінің жоқтығы студенттердің, оқытушылардың
және қызмет көрсету және басқару жұмысы мамандарының академиялық
ерекшелігін тежеп отыр.
Жаңа жүз жылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы
тұтастай алғанда білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Жаңа мектептер салу
ісі жандандырылды. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын
нығайтуға қаражат бөліне бастады. Алайда, бұл білім беру жүйесінің жағдайын
түпкілікті өзгерту үшін жеткіліксіз. Білім беру жүйесінің нарықтық
экономиканың, ашық азаматтық қоғамның кажеттіліктерінен алыс қалуы айқын
көрініп отыр[13,7].
Білім беру жүйесінде мұндай жағдайдың негізгі себептері мыналар:
- білім берудің барлық деңгейлерінде жекелеген келеңсіз сәттерді
тудыратын білім берудің сапасын түпкілікті бағалауда субъективтіліктің
басым болуы;
-білім беру жүйесінің жаңалықтарды қабылдау қуатының әлсіздігі және
оқыту сапасының жүйесін енгізуге дәлелдемелердің болмауы;
өскелең ұрпақтың бойында мемлекеттің тарихын, мемлекеттік тілді, Қазақстан
ха-лыктарының ұлттық мәдени құндылықтарын білуге негізделген этномәдени
және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру тетіктері тиімділігінің
жетіспеушілігі;
материалдық-техникалық базаның, оқу-лабораториялық жабдықтың, оқу және
әдістемелік әдебиеттің қазіргі талаптарға сәйкес келмеуі;
-мамандар даярлау жүйесінде білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз
етуге сұраныстың жоқтығы, кадрлардың тұрақтамауы, педагогикалық еңбекті
материалдық ынталандырудың азаюы.
Білім беру саласында қалыптасқан ахуал республиканы дамытудың қазіргі
әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларына және жоғары дамыған
елдердің прогресшіл тәжірибесіне сәйкес келеңсіз құбылыстарды болдырмау,
түбегейлі ұйымдық, құрылымдық қайта құрулар, білім берудің мазмұнын жаңарту
және мамандар даярлаудың сапасын жетілдіру қажет екенін көрсетеді.

1.3 Білім берудің деңгейінің сапасы мен мазмұны
Білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі, сабақтастығы және
халықаралық талаптар принциптерінің негізінде мынадай білім беру деңгейлері
көзделінеді мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, орта білімнен
кейінгі кәсіптік білім, жоғары және жоғары оку орнынан кейінгі кәсіптік
білім.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - баланың жас және өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке басының толыққанды қалыптасуы үшін
даму ортасын құрайтын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі.
Балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқуға деген құқығы мектепке
дейінгі ұйымдардың, сондай-ақ жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-
интернаттардын мектепке дейінгі топтарының және мектептен тыс ұйымдардағы
мектепке дейінгі топтардың желісі арқылы қамтамасыз етеді[10,16].
Осы кезең сонымен бірге мектепке дейінгі арнайы түзеу үйымдары мен
топтарында, "мектеп - балабақша" кешендерінде болуға айрықша мұқтаж
балалардың ұйымдасқан тәрбиесі мен оқуын камтиды.
Мақсаты - балаларды мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу
бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім
алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Міндеттері:
әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан, барлық балаларды мектепке
дейінгі ұйымдармен ертерек қамту;
* бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз
ету;
мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының сәйкестігіне
қол жеткізу. Баланы жалығудан қорғау, денсаулығын нығайту, салауатты өмір
салтының құндылықтарына баулу мақсатымен оны оңтайлы оқу жүктемесімен
қамтамасыз ету;
* баланың бойында білімді меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді
қалыптастыру;
* мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беруді дамыту.
Тәрбие мен оқыту мазмұны баланы өзіне тән қызмет түрлерімен және
баланың даму бағытын, оның кейін мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз
етуге тиісті.
Сапалы орта білім. Орта білім беру елдің біртұтас үздіксіз білім беру
жүйесінің базалық буыны ретінде жұмыс істейді.
Азаматтардың орта білім алу құқығы жалпы білім беретін мектептердің,
лицейлердін, гимназиялар мен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу
орындарының желісімсн қамтамасыз етіледі. Мектептер оқытудың ерекше
жағдайлары бойынша мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған
мектептер, даму және білім алу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған
мектептер.
Мектептен тыс мекемелер балаларға қосымша білім мен тәрбие беруді
қамтамасыз ете отырып, орта білім беру жүйесіне енеді.
Мақсаты: алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуге, өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және
жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында өз бетінше дүрыс, адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:
* азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына, Қазақстандық
патриотизмге. Мемлекеттік нысандарға, Қазақстан халықтарының тіліне,
дәстүрлері меп мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
* білім сапасын түпкілікті бағалаудың субъективтік факторларының әсерін
азайту;
* оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал
мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға
деген уәждемелер арттыру;
* білім алушылардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдай жасау;
* денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологияларды енгізу;
- даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау;
* оқушыларға қосымша білім мен тәрбие беруді қамтамасыз етуге жағдай
жасау. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін мыналар қажет:
- білім беру мазмұнын білім негізділіктен нәтижеге бағдарланған
біліктілікті сипатқа өзгерту;
- оқушылардың ақпараттық, экономикалық, экологиялық, құқықтық және тіл
білу даярлығын күшейту;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бағдарламалық-әдістемелік
қамтамасыз етумен бірге білім беру кеңістігін құру;
* ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен оқытуға жауаптылығын арттыру;
білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жоғарғы
сатыдағы оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру принципін қамтамасыз етудің
негізінде бейіндік және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру;
балалардың әлеуметтік және кәсіби қалыптасуы үшін олардың бейімділіктері
мен мүдделерін ескеріп, қосымша білім берудің құрылымы мен мазмұнын
жетілдіру;
* орта білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің жүйесін
жетілдіру;
білікті кадрлар мен мамандар даярлаудың кәсіптік білім беру
бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
техникалық және кәсіптік білім беруді сапалы ұйымдастыру үшін жұмыс
берушілердің қаражаттарын тарту мен ынталандырудын нормативтік және
құқықтық тетіктерін әзірлеу;
жоғары оқу орнына дейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының
мақсаттарына окытудың ұзақтығы бойынша салыстырмалылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан жағдайында орта білім берудің неғүрлым оңтайлы, ыңғайлы және
экономикалық жағынан тиімді құрылымы болып табылады. Бұл құрылым балалар
дамуынын ғылыми негізделген жас кезеңдеріне (6-10 жас – балалық шақ, 11-16-
жеткіншектік шақ, 17-18 – жасөспірімдік шақ) сәйкес келеді және қазіргі
мектептің барлық оң тәжірибелерін бойына жинақтаған.
Он екі жылдық орта білім беру үш сатыда іске асырылатын болады. Әрбір
сатының білім бағдарламаларын меңгеру сыртқы бақылаумен аяқталады.
I саты – бастауыш білім, 1-4-сыныптар. Оқудың ұзақтығы – 4 жыл. Оқу 6
жас-тан басталады. Бұл жас баланың ақыл-ойыныц дамуы мен әлеуметтік
даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Білім мазмүны шетел
тілі мен информатика негіздерін ерте үйрену арқылы байытылатын болады.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың жеке тұлғасын алғашқы
қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін аныктау және дамыту. Осы
сатыдағы оқу мен тәрбие оқу қызметінің әдеп біліктерін қалыптастыруға және
оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың
қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-
құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының
негіздеріне бағдарланады, сөйтіп кейін негізгі мектептің жалпы білім беру
бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.
II саты – негізгі жалпы білім, 5-10-сыныптар. Оқудың ұзақтығы – 6 жыл.
Негізгі мектептің функционалдық қызметінің басым бағыттары оқушылардың
ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеруі мен олардың бойында
тұлғааралық және этникааралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін
қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен кәсіби бағдарлануы болып
табылады. Бұл сатыда әрбір пәннің мазмұны негізгі базалық білім беру
шегінде қисынды түрде аяқталып отырады.Таңдау пәндерін оқыту үшін оқу
жоспарының вариативтік бөлігі кеңейтіледі. Бейіналды даярлық енгізіледі.
Сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша орта білім берудің III сатысындағы
оқыту мен нысандары бұдан арғы бейінін таңдау үшін оқушылардың қабілеттері
мен даярлық деңгейі айқындалады.
III саты – жалпы орта білім.
Бейіндік оқыту, 11-12-сыныптар. Оқудың ұзақтығы – 2 жыл. Орта білім
берудің жоғары сатысының функционалдық қызметінің басым бағыты оқушылардың
тереңдетілген кәсіптік білім беруге дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін
бейіндік оқытуды енгізу болып табылады[3,48].
Орта білімнің III сатысын құрудағы принципті жаңа көзқарас оқытудың оқу
мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде жүргізілуіне
байланысты туып отыр.
11-12-сыныптарда әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми,
техникалық және басқа бағыттар бойынша бейіндік даярлау енгізіледі.
III сатыда білім алуға бағытталған ұстанымнан әлем, қоғам және адам
туралы жүйелендірілген түсініктерді меңгеруге және оларды өз бетінше
кеңейтіп, тереңдете білуге көшу қамтамасыз етілуі тиіс.
Ш сатының оқушылары оқытудың нысандары мен әдістерін, шығармашылық
қызметке және оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға айрықша
орын бөлінген жеке білім беру бағдарламаларын таңдауына болады.
Ауылдық жерде шағын комплектілі мектептердің балаларына арналған
бейіндік мектеп-интернаттар ашу және салу қажет.
Техникалық және кәсіптік білім беру. Оқудың ұзақтығы негізгі жалпы
білім беру базасында – 2 жылды құрайды. Неғұрлым білікті техникалық және
кәсіптік білім алу үшін оқу мерзімі 1 жылға ұзартылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру қызметінің негізгі бағыты білім
алушылардың ең жаңа технологиялар талаптарының деңгейінде және еңбек
рыногының дамуына сәйкес білікті кәсіптік даярлығын қамтамасыз ету үшін
жеткілікті және қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты жеке тұлғаның және
жекелеген әлеуметтік топтардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қоғам
мен еңбек рыногының техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жоғары білікті
кадрлары мен мамандарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру болып
табылады.
Мақсатқа жету және жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін
техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың басым бағыттары мыналар
болып табылады:
* халықтың барлық жіктері үшін білікті техникалық және кәсіптік білім алуға
жол ашықтығын қамтамасыз ету және олардың ықыласын арттыру;
* техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының көп бейінді және
көп функциялы желісін құру;
* кәсіби даярлықтың сапасын тәуелсіз бағалау, біліктілікті растау және беру
жүйесін қүру.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны жалпы кәсіптік және
арнайы пәндердің білім беру бағдарламаларын табысты меңгеруде жетекші болып
саналатын жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша
кіріктірілген курстарды оқытуды және қалаған мамандық бойынша кәсіби
дағдыларын меңгеруді көздейді.
Техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы іске асырылатын
кәсіптік білім беру бағдарламаларының сипаты мен күрделілігіне қарай
мыналардан тұрады:
- бірінші сатыдағы техникалық және кәсіптік білім беру тереңдетілген
теориялық және кәсіби даярлықты қажет етпейтін техникалық және қызмет
көрсету саласынын күрделі емес бұқаралық кәсіптері бойынша атқарылатын
жүмыстарды орындаудың біліктері мен дағдыларын меңгеруді көздейді.
Оқудың ұзақтығы негізгі жалпы білім беру базасында – 2 жыл.
Бірінші сатының кәсіптік бағдарламаларының мазмұны оқу бітіргеннен
кейін таңдаған мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің (разряд, класс,
санат) қол жетімді деңгейін беруді көздейді.
- екінші сатыдағы техникалық және кәсіптік білім беру, ол неғұрлым
күрделі (аралас) мамандықтарды және жоғары технологиялар мен кәсіптік
қызметке байланысты экономиканың барлық салаларындағы техникалық және
қызмет көрсету еңбегінің жұмыстарын орындаудың практикалық дағдыларын
меңгеруді көздейді.
Осы сатыдағы білім беру бағдарламалары жалпы гуманитарлық,
экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және кәсіби дағдыларды
сіңіру мен нығайту жөніндегі практикалық жұмыстарды орындауды көздейді.
Нақты мамандық бойынша оқу бітіргеннен кейін неғұрлым жоғары кәсіптік
біліктілік беріледі. Оқудың ұзақтығы 3 жылды құрайды.
Орта білімі бар азаматтар таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік
қызметін айқындайтын жалпы кәсіптік, экономикалық және арнайы пәндерді
оқиды. Оқудың ұзақтығы кәсіптік бағдарламалардың күрделілігіне және
берілетін біліктіліктің деңгейіне байланысты.
Орта білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру ұлттық бірыңғай
тестілеумен аяқталады.
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру қызмет көрсету және басқару
салаларының орта буын білікті кадрларын даярлауға арналған кәсіптік білім
беру бағдарламаларын, құқық, экономика, білім беру, әлеуметтану және
психология, медицина және ақпараттық технологиялар саласындағы қызмет
керсету және басқару жұмысы мамандықтарын қамтиды[24,16].
Орта білім базасында оқытудың ұзақтығы (білім беру және медицина
мамандықтарынан басқа) – 2 жыл, техникалық және кәсіптік білім беру
базасында – 1 жылдан кем емес.
Мәдениет және өнер мамандығы бойынша білім бағдарламаларын іске асыру
ерте кәсібилендіру принципін және кәсіптік бағдарламалар мазмұнының
ерекшеліктерш ескере отырып, жүзеге асырылады.
Мақсаты: қоғам мен экономиканың басқару және қызмет көрсету саласының
орта буын білікті мамандарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Міндеттері:
* қоғамның, экономиканың және азаматтардың орта білім базасындағы
қажеттіліктерін ескере отырып, әртүрлі деңгейдегі кәсіптік білімнің қол
жетімділігін және оны таңдаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
* басқару және қызмет көрсету саласының біліктілік деңгейі жоғарылатылған
орта буын мамандарын тиісті біліктілік бере даярлау.
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім берудің мазмұны жоғары оқу
орындарында оқуды бакалавриат бағдарламалары бойынша 3-курстан бастап
жалғастыруға мүмкіндік беретін кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық және
жаратылыстану-ғылыми пәндерімен қатар қауымдастырылған білім беру
бағдарламаларын меңгеруді көздейді.
Көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында:
* орта білімнен кейінгі кәсіптік білім берудің жұмыс істеуінің нормативтік
құқықтык базасын қалыптастыру;
* Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім мамандықтарының тізбесін әзірлеу;
* Қызмет көрсету және басқару саласының орта буын мамандарын даярлауға
арналған мемлекеттік тапсырысты бөлудің тетігін енгізу қажет.
Кәсіптік оқыту және кадрлар даярлау бағдарламалары оқыту ұзақтығы 1-ден
6 айға дейінгі әр түрлі курстарда іске асырылады және бір бейінді кәсіптер
бойынша күрделі емес жұмыстардың біліктері мен дағдыларын меңгеруді, нақты
кәсіптер (мамандықтар) бойынша қолда бар біліктілік деңгейін ескере отырып
жасалған, өндірістегі жаңа техника мен ақпараттық технологияларды пайдалану
жөніндегі кәсіптік білім беру бағдарламаларын орындауды көздейді.
Мұндай курстар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және
жоғары білім беретін оқу орындарында, кәсіпорындарда және фирмаларда немесе
қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың салааралық оқу орталықтарында
ұйымдастырылуы мүмкін.
Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын
арттыру, даярлаудың, инновациялық дамудың жаңа бағыттарымен қамтамасыз ету,
қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдасу, жоғары оқу орындары
зерттеулерінің білім беру және ақпараттык технологияларды жетілдіру
негізіндегі қоғам қажеттіліктерімен тығыз байланысы болып табылады[16,154].
Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне жаңа сапа мен
қоғамдық мәртебе беру және оны айрықша сала ретінде қабылдау қажет, оның
бірінші кезектеп міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау,
икемділік пен бейімділік болуға тиісті.
Мақсаты: қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім
алуға деген сұраныстарын қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмүнын,
нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.
Міндеттері:
- іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен
технологиялардын өзгермелі талаптарына бейімделуге қабілетті маман даярлау;

-жоғары білім берудің барлық жүйесінің білім беру процесін
демократияландыру арқылы сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген
уәждемелерін күшейту;
* жекелеген жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау,
элитарлық жоғары оқу орындарын дамыту үшін объективті жағдайлар жасау;
* жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын
қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу және жоғары оқу
орындарының дербестігін арттыру;
* студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу
орны басшыларынын сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін
анықтайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу.
Көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында:
- жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту арқылы
ашық азаматтық қоғамның талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарын басқару
жүйесін жетілдіру;
- үздік жоғары оқу орындарының арасында кәсіптік кадрларды даярлауға
арналған мемлекеттік тапсырысты бөлу тетігін енгізу;
-оқу процесін ұйымдастырудың технологиясын жетілдіру, оны білім
алушылардың мүддесіне бағындыру және оқытушылар арасындағы бәсекелестікті
құру;
- жоғары оқу орындарының қызметіне жұртшылықтың сенімін арттыру үшін
олардың қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін шаралар
қабылдау;
- сапалы білім беру қызметін ұсыну үшін, ұйымдық-қүқықтық нысандарына
қарамастан, жоғары оқу орындары басшыларының жауаптылығын көздейтін
заңнамалық нормаларды енгізу;
- жоғары оку орындарында білім беру қызметтерін көрсетудің сапасын
басқару жүйесін енгізу, сондай-ақ жалпы жоғары оқу орындарын халықаралық
және қоғамдық аккредиттеудің жекелеген бағдарламаларын кадрлар даярлау
бағыттарын ынталандыру.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің құрылымы
бір-бірімен өзара келісімді байланыстағы бакалавриат, магистратура және
докторантура арқылы кадрлар даярлау жүйесіне айналады.
Бакалавриат алғашқы екі курсы барынша үйлестірілген жоғары білім беру
деңгейі болып табылады.
Бакалавриаттың келесі 2 курсында даярлау базалық пәндер бойынша
жүргізіледі, ал жоғары оқу орындары шеңберінде бейіндік даярлау жүзеге
асырылады.
Бакалаврлық білім беру мазмұны бакалавр-бітірушіні кәсіптік қызметтің
жалпы интегралдық әдіснамасымен қамтамасыз ету үшін болашақ мамандардың
пәндерден іргелі білім алуын, олардың кәсіптік шығармашылығын дамытуға,
өздігінен білім алу қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған кең көлемді
базалық кәсіби даярлауды ұсынады.
Жоғары білікті мамандарды даярлау негізіне оның үздіксіздігін, оқу
жетістіктерін шоғырландыруды және білім бағдарламаларын өзара тануды
қамтамасыз ететін оқытудың кредиттік технологиясы қолданылатын болады.
Нақты мазмұн әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, пәндердің типтік оқу
бағдарламаларымен белгіленеді.
Бакалавриаттағы нормативтік оқу мерзімі 4 жылды құрайды және
мемлекеттік қорытынды аттестаттаумен, сол және өзге де саладағы бакалаврдың
тиісті академиялық дәрежесін берумен аяқталады.
Бакалавриатты бітірушілердің одан әрі 1-2 жылдық магистратурада оқуын
жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім үздіксіз білім беру жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады және оған
магистратура мен докторантура (РҺБ) кіреді.
Мақсаты: білім беру мен ғылымды ықпалдастырудың негізінде қоғамды,
экономиканы, өндірісті, ғылымды жетілдірудің және жаңа технологияларды
әзірлеу мәселелерін шешуге кабілетті жаңа тұрпатты ғылыми, ғылыми-
педагогикалык кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін жасау болып табылады.
Міндеттері:
магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейге ауыстыру және РҺӘ
докторлық бағдарламаларын енгізу;
магистратурада оның жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың базасында
онын кызмет істеуін көздейтін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың
жаңа моделін енгізу тетіктерін әзірлеу;
шоғырландыра оқытудың кредиттік технологиясына негізделген кәсіптік
кадрларды даярлаудың тұтас үш деңгейлі жүйесін енгізу;
еңбек рыногының сүраныстарына сәйкес жаңартылатын білім беру
бағдарламаларының негізінде магистрлар мен докторларын мақсатты даярлауды
қамтамасыз ету;
бірнеше Қазақстандык университеттердің базасында халықаралық аккредиттелген
докторлык бағдарламалары бар жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен
серіктестікте докторларын даярлау женіндегі орталықтар қүру.
Магистратура екі бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін:
- бейіндік терендетілген даярлық;
- ғылыми-зерттеу даярлығы.
Магистратураның білім беру бағдарламалары оқытудың ғылыми-әдістемелік
бағытын және тиісті саладағы тереңдетілген мамандандырылған даярлықты
қарастырады.
Магистратураны бітірушілерге магистр академиялық дәрежесі беріледі.
Магистрлер оқуын докторантурада жалғастыруға құқылы.
Докторантура жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар
даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болып табылады.
Докторантураға аспирантура, адъюнктура, ізденушілік, шығармашылық
демалыстар беру, дәстүрлі докторантура және диссертаңиялар дайындаудың
барлық басқа да нысандары жатқызылуға тиіс.
Докторлық бағдарламалардың ерекшеліктері оқыту мен зерттеу қызметінің
арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті қамтамасыз ету болып табылады;
- кең көлемдегі ғылыми, білім беру және әдіснамалық даярлықтан
өту;елдің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын
қамтамасыз ету;
Докторантураның бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертация
қорғаған адамдарға философия докторы академиялық дәрежесі, ал бейіндік
докторантураны меңгерген кезде – бейін (медицина, музыка, білім беру, құқық
және тағы сол сияқты) жөніндеп доктор академиялық дәрежесі беріледі.
Докторлық бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды қүрайды.
Жоғары оку орнынан кейінгі білім беру жүйесі нарықтық экономиканың
қажеттіліктеріне, жаһандану процестеріне, жалпы танылған халықаралық
талаптарға сәйкестендіріледі, жастардың академиялық дәреже алуға деген
қызығушылығын арттырады, ғылыми-педагогикалық кадрлар қатарын жаңғырту
проблемасын шешеді.
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері. Тұжырымдама кезең-кезеңімен іске
асырылатын болады:
Бірінші кезең:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде мектепке дейінгі білім
берудің міндеттерін тек кана балаларды мектепке даярлау емес, сонымен бірге
әйелдерге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және әлеуметтік жағынан
қорғалмаған әрі аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау көрсететін
әлеуметтік институт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-2030 даму стратегиясы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Қазақстандағы бастау алған стратегиялар
Жоғары мектептегі педагогикалық жобалау
Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттер дамуының қазіргі заман тенденциясы
АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚЫТУ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы
Пәндер