Жойылған ұңғылар қоры



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1 Геологиялық бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 11
1.1 Кен орнының геологиялық құрылымының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1.1 Кен орнының жалпы
мағлұматтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.1.2
Стратиграфия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.1.3
Тектоника ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.1.4
Мұнайгаздылығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .18
2 Технологиялық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .25
2.1 Кен орынды игеру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .25
2.1.1 Игерудің ағымды жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.1.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің
технологиялық көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

2.1.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..28
2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру
режимдері..30
2.1.5 Қабатты және ұңғыны гидродинамикалық
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.1.6 Қабат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнай
бергіштігін арттыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .40
2.2 Мұнай және газ өндіру теникасы мен
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің
сипаттамасы...45
2.2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және
олармен
күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
2.2.3 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесінің талаптары
мен оларға
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
2.3 Арнайы бөлім (Құмкөл кен орнындағы мұнай дайындау резервуарларын
таңдау және
есептеу) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .57
2.3.1 Диплом жобасының тақырыбы бойынша қысқаша
шолу ... ... ... ... ... ... 57
2.3.2 Диплом жобасының тақырыбы бойынша
есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76
2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы
есептеу ... ... ... ... ... ..80
3 Экономикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..82
3.1 Кен орнын игерудің технико-экономикалық
көрсеткіші ... ... ... ... ... ... . ...82
3.2 Экономикалық тиімділік
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
85
4 Еңбекті қорғау
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..90
4.1 Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 90
4.2 Еңбек кауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету
шаралары ... ... ... ... ... ... ... .93
5 Қоршаған ортаны қорғау
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .98
5.1 Атмосфералық ауаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 98
5.2 Су ресурстарын
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...103
5.3 Жер ресурстарын
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .104
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .107
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 108
Қосымша
А ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 109

АҢДАТПА

Дипломдық жоба бес негiзгi 5 бөлiмдерден тұрады:
– геологиялық;
– технологиялық және арнайы;
– экономикалық;
– еңбектi қорғау;
– қоршаған ортаны қорғау.
Геологиялық бөлiмiнде Құмкөл кен орнының геологиялық зерттелгенi,
мұнайгаздылығы, өнімді объектілердің қалыңдығы, коллекторлық қасиеттерінің
сипаттамасы және олардың біртексіздігі қарастырылған.
Технологиялық бөлімінде ұңғы фонды сипатталады, игерудiң қазiргi
жағдайының талдауы, жинау және дайындау жүйесінің жағдайының талдауы,
игеріліп жатқан қабатты және ұңғының пайдалану жағдайы мен оның жабдықтарын
бақылау, сонымен қатар ұңғылардың түп аймағын өңдеуді жетілдірудің
техникалық шараларын негіздеу келтірілген.
Арнайы бөлімде Құмкөл кен орнындағы мұнай дайындау жүйесінің
резервуарларын таңдау және есептеудің негізгі жұмыс сипаттамалары берілген.
Экономикалық бөлiмiнде негізгі экономикалық көрсеткіштер мен жылдық
экономикалық тиімділіктің есебі берілген.
Еңбектi және қоршаған ортаны қорғау бөлiмдерiнде Құмкөл кен орнындағы
жұмыскерлердiң және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн
шаралар қарастырылады.

АННОТАЦИЯ

Дипломный проект состоит из пяти основных частей:
– геологическая;
– технологическая;
– экономическая;
– охрана труда;
– охрана окружающей среды.
В геологической части месторождения Кумкол рассматривается
геологическая изученность, нефтегазоносность, характеристика толщин,
коллекторские свойства продуктивных объектов и их неоднородности.
В технологической части подробно описывается фонд скважин, приведен
анализ текущего состояния разработки, анализ системы сбора и подготовки
скважинной продукции, контроль за разработкой пластов состоянием и
эксплуатацией скважин и скважинного оборудования.
В специальной части приведены основные расчетные характеристики и выбор
резервуаров подготовки нефти Кумкольского месторождения.
В экономической части дан расчет основных экономических показателей и
годового экономического эффекта.
В разделах охраны труда и охраны окружающей среды рассматриваются
мероприятия, обеспечивающие безопасность работающих и охрану окружающей
среды на месторождении Кумколь.

ANNOTATION

The diploma project consists of 5 main parts:

- Geological;

- Technical;

- Economical;

- Safety Section;

- Environment Section.
In the geological part of the Kumkol considered geological survey, oil and
gas, the characteristic thickness, reservoir properties of productive
facilities and their heterogeneity.
In the process of detailed wells, the analysis of the current state of
development, analysis of data collection and preparation of well
production, control over the development and operation of strata condition
of wells and well equipment.
In the special part presents the main design parameters and choose of oil
storage tanks Kumkol field.
In the economic part of the calculation of the basic economic indicators
and the annual economic effect.
The sections of the labor and environmental protection measures are
considered to ensure the safety of workers and the environment at the
Kumkol.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы
болып табылады. Сондықтан мұнай өндірісіне көңіл бөлу жылдан – жылға артып
бара жатыр.
Мұнай және мұнай өнімдері біздің еліміз үшін негізгі экспорт көзі
болғандықтан мұнайдың дүниежүзілік бағасы макроэкономикалық параметрлердің
маңызды бірі болып табылады. Сыртқы рыногтағы жағдай қазақстандық мұнай
компанияларының жағдайына да өз әсерін тигізеді. Мұнайдың дүниежүзілік
бағасының дағдарысы тек қана мұнай өндірісіне ғана емес, сонымен қатар
Қазақстанның бүкіл экономикасына қауіп төндіреді. Себебі, көптеген
ұңғымалар қор бөлігінің қайтарымсыз жоғалтуларымен тоқтатылады. Осыған
байланысты бюджеттің кірісінің азаюы, жұмыс орындарының қысқартылуы,
экономиканың барлық салаларында салықтардың көбеюі, т.б. жағдайлар
туындайды.
Еліміздің территориясында 200 – ден астам мұнай және газ кен орындары
бар. Соның ішінде ірі кен орындарының бірі, Қазақстан Республикасының
Қарағанды облысында орналасқан Құмкөл кен орны ерекше орын алады. Құмкөл
кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы Геология Министрлігінің
Южказгеология ГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды. 1995
жылдан бастап кен орын екі жер қойнауын пайдаланушы ААҚ ПетроКазахстан
Құмкөл Ресорсиз және ЖАҚ Торғай-Петролеум - мен игеріліп жатыр.
Осы дипломдық жобада кен орнының геологиялық зерттелгенi, мұнай
газдылығы, игерудiң қазiргi жағдайының талдауы, жинау және дайындау
жүйесінің жағдайының талдауы, игеріліп жатқан қабатты және ұңғының
пайдалану жағдайы мен оның жабдықтарын бақылау, сонымен қатар мұнайды
жинау, дайындау және тасымалдау кезіндегі жұмыстарына толық талдау
келтірілген.
Ұсынылып отырған диплом жобасы Құмкөл кен орнындағы мұнай дайындау
жүйесінің резервуарларын таңдау және есептеуі қарастырылған. Мұнай дайындау
жүйесінің резервуарларын таңдау және есептеу кезінде қауіпті факторлар
талданып, қауіпсіздік шаралары және тиімділігі талданған.

1 Геологиялық бөлім

1. Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы

1.1.1 Кен орнының жалпы мағлұматтары

Кен орын ауданы Қарағанды облысының Ұлытау ауданының оңтүстік-
шығысында орналасқан. Кен орын жері негізінен Қызылорда облысына қысқа
мерзімге пайдаланылуға берілген және Жезқазған қаласынан 280 км,
Қызылордадан 180 км жерде орналасқан. (1.1-сурет)
Оңтүстік Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың бас кезінде жоғарғы
палеозой шөгінділерімен байланысты. Магнитті және геология түсірген
масштабы 1:500000 және 1:200000 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Шу-
сары су депрессиясымен аймақтық сирек тораптық сейсмологиялық кескіннің
жұмысын орындап болғаннан кейін, Арысқұм мен КМПВ және жыланшық ғылыми-
геологиялык зерттеулер жұмыстары нәтижесінде Юра-Триас грабеньсинклиналы
(68-70) және мезозой қимасында жатады. Юра шөгінділерінің қимасындағы 2-қ
құрылымдық ұңғысында, сонымен қатар 2-қ Арысқұм көрсеткіш ұңғысында, ал
неоген шөгінділеріндегі 15-к құрылымдық ұңғысында мұнайдың алғашқы
белгілері кездесе бастады. Тұрландық ГФЭ "Казгеофизика" өндірістік
геология бөлімі, аудан аймағындағы осы ұңғылардан 1983 жылы алдымен
сейсмопрофильді іздестіру жұмыстары атқарылып, Кұмкөл ойпаңы болды. Осы
жылы қосылған III-горизонт ойпаңында, І-іздестіру ұңғысында бұрғылау жұмысы
басталып, осы процесстерден кейін, 4-П сынау кезінде ақпан айының басында
1984 жылы жоғарғы шөгінділерінен мұнайдың алғашқы атқылау ағысы болды. Ал
одан әрі жұмысын тереңдете түскенде юра шөгінділерінен мұнай және газдың
атқылауы болды. Іздеу барлама жүмыстарының нәтижесінде 1984-1985 жылдары
Құмкөл кен орнын төменгі және жоғарғы және ортаңғы юра шөгінділерінде мұнай
бар екендігі анықталды. Тұрландық геология-геофизикалық экспедициясы
тексергенде, Солтүстік Құмкөл пайда болды.
Келешекті бұрғылау жұмыстары анықтады. Ал жалғасып жатқаны солтүстік
синклиналь болып табылады. 1987 жылдың басында қайта өңдеу нәтижесінде
сейсмологиялық материалдың қиындатылған бағдарламасы бойынша Қазақстан
методикалық тәжірибе экспедициясы батыс және шығыс учаскелері құрылды.
Құмкөл кен орнымен қилысатын жері өнімді қабат болып табылады.
Маңғышылақ мұнай бірлестігі 1987 жылы кен орнында пайдалану, бұрғылау
жұмыстарын бірге атқарды.
Құмкөл экспедициясы 1988 жылдың қаңтар айынан бастап Құмкөл мұнай
бірлестігінің МГД-5 қарамағына беріліп, өздігінен мекеме болып саналады.
1984 жылы "Оңтүстік Қазақстан геологияның" кен орны бөлімімен Құмкөл
мұнай аймағы ашылды. Осы кен орнының ашылуымен оңтүстік Торғай ойпаты жаңа
өнеркәсіп мұнай газ облысы ретінде қарастырыла бастады.

1.1-сурет. Ауданның жалпы орналасуының шолу картасы

Кұмкөл кен орны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Қарағанды
облысының (Жезқазған облысының) Ұлытау ауданына қарайды. Кен орын
географиялық тұрғыдан оңтүстік Торғай үстіртінде орналасқан. Ең жақын
түрғылықты кең шарлар Жалағаш (150 километр) темір жол станциясы Жусалы
(210 километр), Қарсақпай (180 километр) Сәтпаев ауылы (250 километр).
Облыс орталығы Қызылорда, Жезқазған қаласына және жалпы үлкен
орталыққа дейінгі ара қашықтықтар шамамен 160 километр және 290 километрдей
болады.
Құмкөл өндіріс ауданынан шығысқа қарай 230 километр ара қашықтыкта
Омск - Павлодар - Шымкент мұнай құбыры өтеді.
Өндірістік ауданның тұрғылықты халқы (қазақтар) негізінен мал
шаруашылығымен айналысады. Экономикалық аудан әлі толығымен зерттелмеген.
Кен орнына тек қара жолдармен баруға болады. Жаз, күз айларында кез
келген автоколікпен жүруге мүмкін болса, ал қыс айларында карлы боран,
үргсн қардан өтуге қиынға соғады. Қыс, көктем айларында тек шынжырлы
тракторлармен ғана етуге болады, себебі түскен қардың әсерінен жер жібіп,
батпаққа айналадьг. Тура осындай жолдар Кұмкөл кен орнын Қызылорда мен
Жезқазған арасындағы грейдерлік жолмен шектесе асфальтталған жол арқылы
Қызылорда, Жусалы кең шарларын қосатын жолмен шектеседі (160-210
километр).
Солтүстік шығысқа қарай кен орнынан 20 километр қашықтықта Ленинск -
Жусалы электр желігі өтеді. Кен орны 106-169 метр теңіз деңгейінде жоғары
дала қыраттың үстінде орналасқан.
Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттарда құмды массивтер орын алған. Соның
ішінде ең үлкені - Арысқүм 10-15 метр биіктікте басқа қыраттардан
ерекшеленіп көрінеді. Кен орнынан оңтүстікке қарай тартылып қалған сортаң
Арыс көлі орналасқан, 15 километр батыс бетте үшкірленген биіктігі 70-90
метр болатын қырат бел тегіс бетті 200-250 метрлік рельефтен бөліп түрады.
Кен орнынан солтүстікке қарай 150-200 метрлік биіктікте орналасқан дала,
солтүстік-шығысқа қарай Ұлытау таулы аймағыменен үласады.
Абсолютті ең биік белгі 240,1 метр ең төмен қазан шұңқыр 75,1 метр.
Биік қыраттардан қазан шүңқырға кеуіп кеткен кептеген өзен арналары
бағытталады, соның ең үлкені (Ақлит және Теріскенеспе) солтүстік-шығысқа
және оңтүстік-шығыс беттерден бағытталған қазан шұңқырдын ең теменгі
бөліктері батпақты. Осы батпақтардан бұлақтар өз бастауларын алады және осы
батпақтарда ауыз су құдықтары көптеп кездеседі.
Кен орнының құрамы және оған жақын жатқан территория аймақтар майда
тасты сортаң сұрғылт қоңыр (почва) топырақты, құмды. Жер асты сулары 100
метр тереңдікте орналасқан. Кен ауданының климаты - континенталды тез
ауысады. Жауын-шашын аз түседі. Жазда температура +30 +35 °С болса, қыста
-40 °С дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 милиметрге дейін
негізінен қысқы, көктемгі түскен ылғалдың есебінен ғана болады.
Негізінен соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығыс бағытында қыс мерзімінде
үскірік аяз боранды болады. Су артериясы кен орнында жоқ. Жер беті жартылай
шөлді жерге тән шөп бұталармен көмкерілген күзде, қыста, көктемде киікке
толы болады. Тұрмыстық және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма су
қондырғылярынан алынады. Су құрамы жоғары минералданған 0,6-0,9 гдм . 50-
70 метр тереқдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады.
Судың қүрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына
сәйкес келмейді. 120 метр терендіктен су өз-өзінен ағады. Сейсмикалық
жағынан аудан қауіпсіз.

1.1.2 Стратиграфия

Құмкөл кен орнының шөгінді тілігі бойынша жасалған зерттеулер
нәтижесінде ол мезозой-кайназой шөгінділерінің өте терең кепкен ерте
протерозой негізгі бетінде орналасқан.
Төменгі протерозой РК1
18 ұңгыма қабаттың негізгі қалыптасқандығы анықталды.
2-ші ұнғыда қалындығы 245 метр болатын негіздің үстіңгі қабаты (120
метр шамасында) сұрғылт-жасыл сілім (массив) гидрослюдалы-каолинитті тақта
тастардың біртіндеп кепкен гнейстерге ұласты, кварц-биотит плагиоклазды
құрамға айналады.
3-ші үңғыда ерекше өзгерген метасоматиттер байқалып, олар аз
интрузивті декер құрамында болғандығы болжамдалды.
Барлық негіздің тығыз орналасып, көптеген бытыраңқы аймақтармен
бөлшектенген жазықтарда кварцты және қалыпты желілер қабаттасып кейбір
жерлерінде темірге айналған.
Осы жыныстардың жоспары Ұлытау мен Қаратау қыраттарының жасына
сәйкестелінген.
Мезозой - кайнозой топтары МZ-КZ
Арысқұм бөктерінде мезозой-кайназой шөгіндісі екі (структуралық)
қүрамдық қабатына бөлінеді. Атап айтқанда жоғарғы триас-юралы және бор-
палеогендік стратиграфиялық үйлесімсіздігінен шекараласқан.
Триас-Юра бөлім Т-J
Құмкөл кен орнының төменгі қабаты орта Юра жүйесінің бөлімдерінің
шөгіндісімен басталады.
Арысқұм бөктерінде грабен-синклинальдарының төменгі тілігінде жоғарғы
триас-төменгі юра шөгінділері де бар.
Кұмкөл аумағында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында аталған
шөгінділердің стратиграфиясы игерілген. Жоғарғы триас бөлімі Т3, төменгі
юра бөлімі J1 грабен-синклиналдарда бұл қабат төменгі құмбұлақ пен жоғарғы
айболин тастопшаларынан тұрады.
1200 метрге дейінгі 1 қабатты бірінен соң бірі қабаттасып құмтастар
мен (песчаник) гравелиттер, аргиллиттерден құралып кейбір жерлерінде
конгломераттарға айналады. Айболин тастопшасы қара аргиллиттер мен сазды
алевролиттерден тұрады. Олар органикалық заттармен, көмірге айналған
өсімдік қалдықтарына бай.
Оның қалыңдығы 535 метрге дейінгі шамада.
Юра жүйесі J Орта бөлім J2
Орта юра сұр құмайтты алевролиттер мен қара сұр аргиллитгер Дощан
қабат-қабат тастопша шөгіндісімен ерекшеленген.
Жаппа тастопша бөлігінде 12 метрден (скважина 12) 56 метрге дейін
(скважина 6) қабаттасқан құмайт аргиллиттерден құралып, мұнай газ беретін
(горизонт ю-4) қабат болып келеді. Тастопшаның төменгі құрылым қанаттарында
4-6 метр көмір қабаттары кездеседі (ұңғы 4,5,6). Тастопшаның төменгі жаппа
құрлымды бөлігі үшкірленіп ю-4 горизонты жыныс негізінде немесе
жынысқабығына жатады.
Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігінде. Дощан топшасы түгелімен үшкірленіп
(ұңғы 17,19), ал қанаттарында оның қалыңдығы 219 метрге дейін жетеді (ұңғы
5).
Орта-жоғарғы бөлімдер J2-3
Юраның орта-жогаргы бөлімдеріндегі шөгінділер карагансай тастопшасына
бірігіп (J2-3-КS) Дощан тастопшасына трансгрессивті орналасып, ал бұл
тастопша жоқ жерлерде жыныс негіздерінде орналасады. Литологиялық жағынан
өте күрделі. Қара аргиллиттермен аргиллиттерге ұқсас саз, гидрослюда-
каолинитті кұрамды азғана сұр сазды алевролитті қабаттарынан текшеленген.
Оңтүстік-батыс құрылымдық бөліктерде (ұңғы 17,19) тастопша жоқ, ал
қанаттарында 45 метрге дейін жетеді. Тастопша өзінен өзін жинақтау Дощан
тастопшасы үстегі доломиттер ретінде көрсетеді.
Грабен-синклинальдарда тастопшаның жогарғы бөлігі жанғыш сланецтерден
түзілген. Тастопшаның қалындығы 257 метр. Көптеген дәнталас-тартыстар
нәтижесінде тастопшаның жасы кейінгі баткелловей шаңтозандарына
жатқызылған.
Жоғарғы бөлім J3
Жоғарғы юра қабаты карагансай тастопшасының аргиллитында орналасқан
және Құмкөл, Қоскөл тастопшалары болып екіге бөлінеді.
Кен орнындағы Құмкөл тастопшасы (J3к) үш қабат горизонтальды өнімдік
құмайттар, құмдар және алевролиттер сазды алевролиттер және сазды болып
бөлінеді (Ю-1) (Ю-2) (Ю-3).
Бүкіл аймақта горизонттар саз және сазды алевролиттер болып бөлінген.
Тастопшаның қалыңдығы құрамды шекте жаппа бөліктерде 37-38, ал
қанаттарында және аймақтың солтүстік бөліктерінде 32 метрге дейін өзгереді.
Құмкөл тастопшасының қалындығы грабен синклинальдарында 300 метрге
дейін артады.
Бор жүйесі–К
Кен орнының төменгі бөлігінің бор жүйесі профильді құрамды ұңғылау
негізінде дауылды және қарашатау тастопшаларына бөлінеді.
Орта төмен бөлігі қызыл кен жоғарғы бөлігі балапан және турон-сенон
бор жүйелеріне бөлінеді.
Төменгі бөлім К1
Неоком жоғарғы текшесі (К1пс)
Неоком текшесінің шөгіндісінде дауыл тастопшасы жекеленген. Осы
тастопша кейбір келіспеушіліктің салдарынан төменгі және жоғарғы дауыл
тастопшалық екіге бөлінеді. Төменгі дауыл тастопшалығы арысқұм горизонтына
жатады жэне ол құмдар қоңыр сазды алевролиттер карбонаттық алевролиттер мен
саздан тұрады.
Арыскұм горизонтының қалындығының шектік өзгерісі 87 ден 123 метрге
дейін жетеді.
Арысқұм жазық горизонтты литологиялық құрамы жағынан Құмкөл
кұрылымында үш буда текшеге бөлінеді: төменгі мен жоғарғы құмды алевролитті
және ортаңғы-сазды. Жоғарғы құмды және төменгінің жаппа бөлігі өнімі мол
(горизонттар М-1 жөне М-2). Жоғарғы бөліктің төменгі дауыл тастопшалығы
сазды және карбонатты (карбонаттар мөлшері 30%) алевролиттер мен қалыңдығы
113-163 метр болатын саздан тұрады.
Жоғарғы дауыл тастопшалыгы тіліктің төменгі және орталық беліктерінде
қабатталған құм мен қызыл түсті жынысты сазды текшелерден тұрса, ал үстіңгі
жағы негізінен сазды.
Тастопшаның қалыңдығы 153-тен 241 метрге жетеді.
Дауыл тастопшасының негізінде табылған тұщы су жиынтық-тарының
мөлшеріне қарай оның готерив-баррем шөгінділерінен түратындығы анықталып
неоком дәуір аралығына жататыны дәлелденді.
Апт-альб ярустары (К1 а-К1 а1)
Апт-альб шөгіндісі шайынды арқылы дауыл тастопшасының үстіне
орналасып, қарашатау тастопшасымен бірігеді. Тастопша төменгі жағында қатты
бекілмеген гравелиттер қабаттарымен ауысып отыратын құм қабаттарымен
жоғарғы жағында саздан тұрады. Барлық жыныс көмірге айналған өсімдіктер
қалдығымен өте бай. Тастопша қалыңдығы 253-350 метр.
Спорово-пыльца талдауының берілгендері бойынша тастопша апт-орта-альб
дәуір аралығына жатады.
Төменгі-жоғарғы бөлімдер К1-2
Альб-сеноман ярустары (К1 а1+s)
Альб-сеноман шөгіндісі қарашатау тастопшасының үстінде орналасып,
қызылқия тастопшасынан ерекшеленіп тұрады. Ол ала шұбар саздар алевролиттер
мен сазды құм қабаттарымен құмайттардан түзілген. Тастопшаның қалындыгы 87-
186 метр.
Тастопшаның жасы соңғы альб-сеноман дәуір арасына жатады. Ол тозаң-
тұқымдар негізінде анықталған.
Жоғарғы бөлім К2
Турон ярусы К2t
Турон шөгіндісі балапан тастопшасынан бөлінген шөгінді трансгрессивті
қызылқия тастопшасының үстінде түзіліп, жасыл-сұр құм мен жұқа сазды
қабатшалардан тұрады.
Глауконит дәндерімен көмірге айналған өсімдіктер қалдықтары да
кездеседі. Тастопша қабаты 82-150 метр аралығында. Жан-жақты тозаң-
тұқымдарды зерттеу нәтижесінде тастопша жасы төменгі туранға жатады.
Жоғарғы турон, төменгі сенон (К2t-sn1)
Бұл қабат шөгінділері шайылған жыныстар мен балапан тастопшасымен
шекараласады. Литологиялық бұл қабат ала-шұбар түсті құм мен сазды
балшықтан тұрады, қабат қалыңдығы 123-136 метр. Қабат жасы жан-жақты
түқымды, тозандар негізінде анықталған.
Жоғарғы сенон (К2sn2)
Жоғарғы сенон қабаты (қүрылым жағынан) барлық ұнғыларда шайылып
кетуіне байланысты байқалмайды. Қабат сұр сазды балшық пен ақ құм
қабаттарына әктас қабатшасы қатарласып шегіп отырады. Ең жоғарғы шөгінді
қалыңдығы 43 метрге жетеді.
Қабат жасы теңіз қалдықтары (фауна) микроқалдықтар (микрофауна) және
тұқым шаң тозаңдары жан-жақты зерттеу нәтижелерімен анықталып
кампанмастрихті кезеңге жатқызылған.
Кайнозой тобы–Кz
Палеоген жүйесі–Р
Палеоцен-төменгі эоцен Р1-Р2
Палеоцен-төменгі эоцен шөгіндісі әртүрлі горизонтта шайылған күйде
жоғарғы бор үстінде орналасқан.
Олар көмірленген өсімдіктер дәнекер қалдықтарымен бай қара сұр саз
балшықтар мен кварц-глауконитті құмдардан түрады. Ең үлкен қалыңдығы 66
метрге жетеді.
Неоген - төрттік жүйелері N-Q
Арысқұм ойпатының батқан бөліктерінде жастау плиоцен -төрттік
шөгінділер дамыған. Құмкөл құрлымдық шегіне шартты түрде жазықтықты басып
жатқан кұмдар, саздықтар мен құмтастар да енгізілген. Олардың қалындығы 10
метрден аспайды.

1.1.3 Тектоника

Оңтүстік Торғай ойпаты Туран плитасының солтүстік шығысында
орналасқан. Ойпат бор палеогенінің табан бойындағы кенішінің шөгінділері
теріс құрылым күйінде көрсетіліп, антиклинорий арасына тіркелген және оның
оңтүстік жалғасы шығыста, төменде Сырдария қосылған. Өз ретімен Оңтүстік
Торғай ойпаты екі иілімге бөлінеді. Арысқұм, Майбұлақ седловинасына
бөлінген. Құмкөл антиклинальды құрылымы Арысқүм иілімінің шегіне
орналасқан. Бұндағы бор-палеоген кешенінің қалындығы 1500-1700 м-ге жетеді.
Бұндағы триас-юра шөгіндісі өздігінен құрылымдық қабат құрып, ерекше
маңызды болып, ең үлкен қалындықтың таралуы және толық стратиграфиалық
диапазоны жіңішке сызықтық грабеньсинклиналы негізінде геофизикалық
мәліметтер бойынша Арысқұм иілімінің шегінде субмеридиональды
грабеньсинклиналь бағытында тартылғаны анықталды. Бұрғылау жұмыстары
нәтижесінде және оларды бөліп тұратын үш горст антиклиналь текшесі.
Тектоникалық бұзылулар нәтижесінде фундамент блоктарға бөлінеді. Солтүстік
батыс және солтүстік шығысында созылып жатыр. Фундаменттің созылу
нәтижесінде бірқатар горст және грабеньге бөлінеді. Шығыс бөлімінің
құрылымында горст ойпаты айрықша бөлініп, оның көлемі 2.5-3.5 км және
ұзындығы 24 км болғанда амплитудасы 320 м-ге дейін барады. Фундаменттің бас
жағының жатқан терендігі 1200-1600 м құрайды. Юра шөгіндісінде оның екі
құрылым беті көрінеді. Оның бірі Құмкөл горизонтының жоғарғы юра ойпаң
ернеуінің құрылуына шағылады. Екінші құмтас шөгіндісі ернеуінің ойпаңын
сипаттайды. Осы бет жағының біріншісі Ю-І өнімді горизонтының ернеуімен
байланысты, осы индекісте горизонттың шағылуы бар.
Екінші беткі жағына ІV-шағылысу горизонтына байланысты, келесі ретпен
ІV-горизонтының жамылғысына дәл келеді. Құмкөл ІV - шағылысу горизонт
жамылғысы бойынша, өзін геосинклинал қыртысы бойынша көрсетеді. Қыртыс
өлшемі изогипс бойында 1150 м құрайды, ең үлкен амплитуда кезіңде - 160 м.
Батыс жағында бұл жыныстың құлауы 1Ә30, шығысында 2Ә30 құрайды. Қыртыс
тектоникалық бұзылулармен (ҒІ; Ғ2; Ғ3;) қиындатылған: Көпке созылған Ғ2
амплитудасының күрт түсуі шығыстан 80-100 м құрап, қыртысты қамтиды.
Солтүстік жағында бұл бұзылыс Ғ бұзылысымен түйісіп, әрі қарай сөнеді.
Оңтүстік батыс бөлігі құрылымындағы 12, 17, 19 ұңғымаларының аудан
аймақтарындағы ұңғылардан өзгешеліктері орта юра шөгінділерінің жоқтығы
және фундаменті жоғарғы юра жыныстарымен жабылған. Уақытша қиындатылып,
өңделіп жасалған қимасында ортаңғы юра шөгіндісінің қалындығы фундамент
бетіне көтерілу кезінде төменгі бөліктің қимасына қиылысу есебінен анық
көрінеді. Бұл ұңғыма қимасындағы коореляция куәландырады. Аудандағы
ұңғымаларды аз ғана изотермиялық 1*1,5 км, амплитудасы 25 км өлшемі бөліп
тұр. Батыстан шығыс жағынан тектоникалық бұзылыстармен шектеледі. Орта
юраның шөгіндісі алаңның шегіне карап, 0-ден 200 м-ге өзгереді. Құмкөл
свитасының қалындығы алаң бойынша тербелісі 55-72 м шамасында, ал
фундаменті көтеріңкі ойпаң учаскесінде 34-48 м-ге дейін азаяды. Құмкөл өзін
сызықтық ассиметриялық антиклиналь қыртыста көрсетіп, оңтүстіке қарай
ығысқан. Ойпаң өлшемі 17*4 км құрайды, 57 м амплитуда кезінде тұйықталған
изогипс бойында 1000 м.
Әртүрлі ойпаң беттеріндегі жоспар бойынша орындарына қойсақ, Арысқұм
горизонтының ені азаяды да, оның конфигурациясы өзгереді.
Орталық шығыс Ю-І горизонты ойпаң бөлігіне қарап ығысқан.

1.1.4 Мұнайгаздылығы

Арысқұм ойпатын бұрғылау нәтижесінде 1983 жылы 2-ші құрылымдық
ұңғысынан мұнайлылығы жөнінен бірінші хабар алынды. Бұл 13541
сейсмопрофильді аймағында орналасқан. Юра шөгінділерінен алынған керндердең
күшті жанармай иісі мен мұнай белгілері жақсы байқалды жане алынған
керндердің беттерінде ала дақтар болды.
Арысқұм ойпатында жүргізілген геология барлама жұмыстары нәтижесінде
үш кешеннен тұратын ортаңғы юра және төменгі неоген шөгінділерінің
мұнайлығына көз жеткізіп отыр. Бұдан баска триас, төменгі триас кешені
бөлініп, І-к Арысқұм көрсеткіш ұңғысын бұрғьлау барысы нәтижесінде газдың
белсенді түрде шығуы байқалды. Осы Құмкөл кен орнындағы өндірістік қабат
кешенінен тұратын алаңнан, дощан алаңындағы 4-ұңғымадан айырмасы бар.
Жоғарғы юра шөгінділері Арысқұм алаңының көтеріңкі ойпат бөлігінде
жетілген. Шөгінділердің өнімді қабат қоры Құмкөл, Арысқұм және Қызылкия кен
орындарында орналасқан. Алаңнан мұнай ағысын жоғарғы юра шөгінділерін сынау
кезінде, қабат сынағышпен алады. Ақшабұлақ Ғ-параметрлік ұңғымадан және 2-4
Арысқұм ұңғыларын құрылымдық бұрғылау жұмыстарымен бірнеше ұңғыма қатарынан
алынған керндерден мұнайдың бар екендігі кернге жағылған түрде және майдың
иісі шығыуымен байқалды. Казіргі кезде сейсмологиялық зерттеулермен
Ақшабұлақ иіліміндегі құрылымында бірнеше тиімділігі бар Ақшабұлақ және
Ақсай үлкен аландарын ерекше атап өтуге болады. Одан басқа Майбұлақ
седловинасын өлшегенде жыланшық иілімінде тиімді ойпаң шықты. Құмкөл
орнында өндірістік мұнайлығының қоры юра шөгінділерінде орналасқан. Төменгі
юрада 2 өнімді (М-І, М-ІІ) горизонты байқалады, жоғарғы юрада үшеу (Ю-І, Ю-
ІІ, Ю-ІІІ) және де ортаңғы юрада біреу (Ю-IV). Бор қабатында өнім 1065-1120
м аралығында орналасқан. Ал юрада 1190-1370 тереңдікте.
Сонымен қатар кен орнында 2 қабатты өнімді қабаты бар. Төменгі бор
және- юра өнімді қабаттары көп ұңғылардан ерекше байқалып, кен орнында
жақсы таралған. Қалындығы 8-ден 20 м-ге дейін сазды бөлік М-І және М-ІІ бор
кабатын ажыратып тұр. Ал саз қалыңдық бөлімшелері қабат арасындағы Ю-І, Ю-
ІІ және Ю-ІІІ горизонттары 2-18.6 деңгейде болады. Біркелкі 12-34 м Ю-ІІІ
горизонтының саз калыңдығы биіктігі жағынан жақсы игерілген Ю-IV горизонтын
бөліп түр. Алаңның мұнайлылығы және бор деңгейіндегі биіктік қоры және
юраның өнімді кешені жоғарыдан төмен азаяды, сонымен баска кен орнының түрі
осы сияқты сипатталады.
Бор өнімді қабатына сипаттама:
М-І жазықгығы 3 қабатты коллектор түрінде көрсетілген, олар саздармен
бөлінген. Жоғарғы екі қабатының қалындығы бірдей тұрақты барлық құрылыммен
жүріп, алаңның оңтүстік бөлігіне келіп кұлайды. Төменгі қабат қалындығы
ұстамсыз және 20, 18, 3, І7, 10 ұңгыларында өткізбейтін жыныстармен
қосылған. Төменгі және ортаңғы қабаттар аландағы 9-шы ұңғымаға құяды.
Өнімді қабаттар (37, 9, 23, 24, 32, 40) ұңғыларында анықталып
дәлелденген. Орталық және солтүстік қорының бөлігі геология-геофизикалық
зерттеулер нәтижесінде 7 және 11 ұңғыдан бойынша су, мұнай, 7 ұңғымадан
981.7 м аралығында алынды. Ең үлкен қалыңдық шамасы 3, 8, 9, 24 ұңғы
аудандарына жалғасқан. Алаңнан мұнайлылығы 5109.7 га құрайды. Сонымен бірге
таза мұнай аймағы 62 %. Жоғарғы қабат
биіктігі 43.2 м. Мұнай қабат қоры 2 бөлімге бөлінген. Алаңдағы 27, 32,
40 ұңғылар жүзделі және оңтүстік қабатты қосылыс болып саналады. Шығыс
мұнайының биіктігі 8.5 м, ал оңтүстік жағы 17 м. Жалпы алаңның мұнайлылығы
1622 га, таза мұнай көлемі 800 га (33 пайыз).
М-ІІ жазықтығы М-І жазықтығынан біркелкі саздар қалындығы 8-ден 20 м-
ге дейінгі аралықта ажыратылған және 2 құмтас қабаты түрінде көрсетілген.
Өнімді қабаттан сынама алу жұмыстары нәтижесінде өнімділігі 4 ұңғымада
көрсетілген.
Мұнайдың өнімділігі 14 (м тәу), 180 (м тәу) дейін алады. Зерттеулер
нәтижесінде 3 және 23 ұңғыдан су алынған. Геологиялық зерттеу нәтижесі
бойынша 6, 8, 24 ұңғыларында су, мұнай қосылысы қабылданған 999 белгісінде
болады.
Мұнайды сынау ұңғысынан сынама алу кезінде 994.9-996.4 м аралығыңда
геологиялық зерттеу экспедициясы қабылданғаннан кейін 2 қабат биіктігінде
орналасқан.
Мұнай қорының биікгігі 17.4 м, ал мұнай алаңының көлемі 1084.4. Юра
өнімді қабатынан сипаттама. Ю-І горизонтының мұнайлылығы алаңның біршама
көлемін алып жатыр. Төменгі бор қабат қорынан 80-148 м төмен аралықта
жатыр.
Горизонтты жуып жаткан Қоскөл свитасының біркелкі саз алаңдығы 16-дан
106 м-ге дейін барады. Геологиялық-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде Ю-І
горизонт үш құмтас күйінде көрсетіліп және барлық алаң көлемінде қатысады.
Құм қабатшалары БМ I жеткенде 2, 5, 11 аймағындағы ұңғылар горизонтта
көбінесе бөлшектеніп сипатталады.
Газ-мұнай қоры негізінен горизонтқа қатысты. Горизонтты зерттеулер
нәтижесінде 1 ұңғыдан өндірілмеген мұнай корының есебінен шығарылып
тасталған. Жалпы тиімді қалындық 0.8 м-ден 12.4 м аралығында өзгереді.
Сонымен қатар газдылықтың қалындығы әр ұңғы сайын 6.6 м-ден 8.8 м-ге
дейін өзгереді. Ал мұнайлылықтың тиімді қалыңдығы толық контур шегінде 0.4-
12.4 м деңгейіне өзгеріп түрады. Ю-ІІ горизонты жоғары жатқан Ю-І
горизонтынан қалындығы 3.6 м-ден 18.6 м-ге дейін біркелкі саздар арқылы
ажыратылып бөлінген және орталық қорындағы бөлімде 1-2 құмтас қабатшалар
күйінде көрсетілген. Алаңның мұнайлылық қоры 6414 га құрайды. Сонымен бірге
таза мұнай аймағы 67 процентті алып жатыр. Алаңның газдылығы 223 га тең.
Газдың биіктігі және мұнай қорының биіктігінің бөлігі 9 және 91.5 м-ге тең.
Ю-ІІІ горизонттары жоғарыда аталған бөлімдерден саздармен бөлініп тұр,
саз қалындығы 2-8 м. Горизонт 2 құмтас күйінде көрсетіліп, алаңның бойында
ұсталады. Тек қана 3, 7, 17 ұңғыларында жоғарғы қабат саздармен араласқан.
Бұнда ең кіші тиімді қалындықтың мәні белгіленген.
Жалпы тиімді калыңдығы 1.6 м-ден 220 м-ге дейінгі деңгейде өзгереді,
ал мұнайлылығы 10-нан 22 м-ге дейін өзгереді.
Горизонт 13 ұңғысында сыналып, осылардың ішінде 12-ші ұңғыдан мұнай
ағынын алды, және бірден су ағысын алды. Алаңның барлық жерінде су-мұнайдың
түйісуін 1198 м белгісі бойынша мұнай қорының биіктігі 84 м, алаңның
мұнайлылығы 4141.6 га. Таза мұнай аймағында 75 процент.
Ю-ІV горизонты аз ғана құмтасты болып, көбінесе бөлшектеніп
сипатталады. Оның құрамында 5 қабат коллекторларына шейін бөлінеді.
Сулылық
Құмкөл кен орны Отүстік Торғай артезиан бассейінінің шегінде
орналасқан. Кен орнында барлау процесі барысында суы бар 22 объектісі үрлеп
шығару тәсілімен ашық оқпанды, гидрогеологиялық зерттеу материалдары
бойынша екі суы бар қабат 32 ұңғыға бөлінген.
Құмкөл, Арысқұм алаңындағы барлау ұңғыларына гидрогеологиялық зерттеу
жүргізгенде, құрылымдық терең көрсеткіштік ұңғыларында бұрғыларында
бұрғылағанда протерозой сулы кешені Юра, Бор, Полеоген, Неоген және төрттік
шөгінділері бөлінеді, ұңғыларды сынағанда Құмкөл кен орнының суының
минерализациясы 77,6 гл, су ағыны 1416-1503 метр арлығында алынды.
Құмкөл кен орнындағы орта Юра шөгіндісінің сулылығы 2, 8, 16, 12
ұңғыларынан зерттелді. Су ағыны жақсы нәтиже беріп, сүзгіш қасиеті жолғары
болды. Жоғарғы Юра кешенінің шөгіндісінде 3 сулы Ю-I, Ю-II және Ю-III
горизонты бары белгілі болды.Ол жоғарыда жатқан әртүрлі ала түсті сазды
қалыңдықпен ажыратылған сұржыныстар және ашық сұр құмтастар. Аралықтардан
сынақ алғанда ағын жылдам және динамикалық деңгейге тез қалыптасты (1
сағаттан 5 тәулікке дейін).
Апт-альб кешені жоғарғы белгінің кешенімен сипатталып, жоғарғы
белгінің кешенімен 500метрге жетеді. Су араластырғыш жыныс болып жасылдау,
сұрғылт және қазылдау, қоңыр құмдар және ала саздағы әлсіз цементтелген
құмтастар болып табылады. Горизонт қалыңдығы 4-6 метр. Ағын суының өнімі 24
мс. Су гидрокорбанатты натрилі ph=7,45, жалпы қаттылығы 22 мг. Су
араластырғыш жыныстар 270 метр тереңдікте жатқан жасыл-сұр құм болып
табылады. Суы тұщылау, жалпы минерализациясы 0,6 гл. Төмендегі кестелерде
көрсетілген.

1.1-кесте
М- I горизонты қабаттары қалыңдығының сипаттамасы

Қабат зоналары Қабат бойынша
Қалыңдық Аталуы толығымен
ЧМЗ СМЗ
Орташа, м 16,4 17,0 16,7
Жалпы
Вариация 0,091 0,043
коэффициенті
Өзгеру аралығы, м 9,4-30,0 11,6-27,6 9,4-30,0
Орташа, м 9,2 5,0 7,1
Мұнайға
қаныққан
Вариация 0,073 0,266
коэффициенті
Өзгеру аралығы, м 4,6-16,7 0,6-9,8 0,6-16,7
Орташа, м 9,2 9,4 9,3
Тиімді
Вариация 0,073 0,064
коэффициенті
Өзгеру аралығы, м 4,6-16,7 4,5-17,2 4,5-17,2

Су қарқынды М- I горизонты қабаттың қалыңдығы 1.2 кестеде 983 метр
белгісінде белгіленді. Апт-альб сулы кешені Неоком горизонтының жоғарғы
Неоком аймағында бірге жетілген саз қалыңдығымен ажыратылған. Өзіне қосып
алған күшті саз қабатшасымен бірге кешен қуаты 250 метрге дейін болды. Кен
орнында барлау процесі барысында суы бар объектісі үрлеп шығару тәсілімен
ашық оқпанды, гидрогеологиялық зерттеу материалдары бойынша екі суы бар
қабат ұңғыға бөлінген.

1.2-кесте
М- II горизонты қабаттары қалыңдығының сипаттамасы

Қабат бойынша
Қалыңдық Аталуы Қабат зоналары СМЗтолығымен
Орташа, м 10,0 10,0
Жалпы
Вариация 0,242
коэффициенті
Өзгеру аралығы, м 1,0-22,6 1,0-22,6
Орташа, м 7,2 7,2
Мұнайға қаныққан
Вариация 0,251
коэффициенті
Өзгеру аралығы, м 0,8-15,2 0,8-15,2

1.3-кесте
Ю-I, II горизонты қабаттары қалыңдығының сипаттамасы

Қалыңдық Аталуы Қабат зоналары Қабат
бойынша
толығымен
ГЗ ГМЗ ЧМЗ СМЗ
Орташа, м 28,7 33,5 31,7 37,3 32,8
Жалпы
Вариация 0,027 0,16 0,035 0,021
коэффициенті
Өзгеру 19,0-34,24,0-50,7,5-46,024,4-45 ,7,5-50
аралығы, м 6 0 6

1.4-кесте
Ю-III горизонты қабаттары қалыңдығының сипаттамасы

Қалыңдық Аталуы Қабат зоналары Қабат бойынша
толығымен
ГМЗ ЧМЗ СМЗ
Жалпы Орташа, м 15,1 15,1 15,4 15,2
Вариация 0,005 0,065 0,062
коэффициенті
Өзгеру 13,6-17 308-35,8 7,2-22,6 3,8-35,8
аралығы, м
1.4-кестенің жалғасы
Мұнайға Орташа, м 5,3 7,5 5,9 6,3
қаныққан
Вариация 0,15 0,348 0,363
коэффициенті
Өзгеру 2,0-9,2 0,6-20,8 1,0-12,1 0,6-20,8
аралығы, м
Газға Орташа, м 3,5 3,5
қаныққан
Вариация 0,4
коэффициенті
Өзгеру 0,8-8,1 0,8-8,1
аралығы, м
Тиімді Орташа, м 8,8 7,5 10,5 8,9
Вариация 0,136 0,348 0,204
коэффициенті
Өзгеру 4,0-14,0 0,6-20,8 2,2-20,2 0,6-20,8
аралығы, м

1.5-кесте
Ю-IV горизонты қабаттары қалыңдығының сипаттамасы

Қалыңдық Аталуы Қабат зоналары Қабат бойынша
толығымен

ГМЗ ЧМЗ СМЗ
Орташа, м 7,6 7,6 8,1 7,7
Жалпы
Вариация 0,005 0,0654 0,062
коэффициенті
Өзгеру 4,6-9,60 3,6-17,4 5,1-11,8 3,6-11,8
аралығы, м
Орташа, м 1,6 1,8 2,6 1,8
Мұнайға
қаныққан

Вариация 0,15 0,348 0,363
коэффициенті
Өзгеру 0,8-3,9 1,2-15,1 1,2-10,8 0,6-15,1
аралығы, м

1.6-кесте
Құмкөл кен орны мұнайының қасиеттері

Көрсеткіш Шамасы
Мұнай тығыздығы 821 кгм3
Бастапқы каллектор қысымы 80.7 МПа
Еріген газ кезіндегі газ факторы 455 м3м3
Қанығу қысымы 23,7 МПа
1.6-кестенің жалғасы
Қабаттық көлем козффициенті 2,306
Мұнай тұтқырлығы 10,5 мПа·с

Мұнай және газ қорлары
01.01.2003 ж. жағдай мұнайдың бастапқы алынатын қорының 64 % өндірілді
және қалдықты алынатын қоры 13791,6 мың тоннаны құрайды.
Игерудің басынан бірінші объект бойынша мұнайдың бастапқы алынатын
қорынан 92 % өндірілді, ал 01.01.03 жылға қалдықты алынатын қоры – 904,6
мың тоннаны құрайды.
Игерудің басынан екінші объект бойынша мұнайдың бастапқы алынатын
қорынан 51 %, ал 01.01.03 жылға қалдықты алынатын қоры – 10200,6 мың тонна.

Игерудің үшінші объектісі бойынша талдау күніне қатысты мұнайдың
қалдықты қоры 2621 мың тонна, жиналған өндіру осы объектінің бастапқы
алынатын қорының 55 % құрады.
2010 жылда өндіру қорын пайдалану коэффициенті 75 - 98 % аралығында
ауысып отырды. Жылдың соңына ол 94 % құрады.

2 Технологиялық бөлім

2.1 Кен орынды игеру жүйесі

2.1.1 Игерудің ағымды жағдайын талдау

Құмкөл кен орны 1984 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының
Геология Министрлігінің құрамындағы Южказгеология экспедициясы
ашқан.1985 жылы НИПИМұнайгаз институты Құмкөл кен орнын игерудің алғаш
жобасын жасады.Ал 1987 жылдың 4 қараша айында Құмкөл кен орынның мұнай және
газ қоры есептеліп, СССР-дың қор жөніндегі комитетінде (ГКЗ) № 10283 құжат
есебінде қабылданды.1988 жылы НИПИМұнайгаз институтымен Құмкөл кен орнын
игерудің жалпы технологиялық схемасы жасалынды. Жасалынған технологиялық
схема ЦКР МНП СССР-да мақұлданып, негізгі игеру схемасы ретінде қабылданды.
Игеру схемасы бойынша кен орынның горизонттары 4 игеру объектісіне
бөлінген.
Жоғарыда айтып кеткендей, кен орындағы өндірістік маңызы бар мұнайгаз
ағыны төменгі неоком және жоғарғы бор шөгінді қабаттарынан алынған. Төменгі
неоком шөгінді қабаттарында 2 өнімді горизонт (М-I және М-II), ал юра
шөгінді қабаттарында 4 өнімді горизонттар (Ю-I; Ю-II; Ю-III және Ю-IV) бар
екені анықталған. КазНИПИНефть институты құрған Құмкөл кен орнын игерудің
Технологиялық жобасы негізінде 1990 жылдың мамыр айынан бастап өндірістік
игеру басталды.
1995 жылдың желтоқсан айынан бастап кен орынды екі компания Петро
Қазақстан Құмкөл Ресорсиз және Торғай-Петролеум игеруде.
Кен орынды игеру жобасы бойынша келесідей іс шаралар жасалуы
қарастырылған: жалпы ұңғылардың қоры 770 бірлік, соның ішінде 432 өндіру,
199 айдау, 21 су және 3 газ өндіруші ұңғылар бұрғылануы керек. Игеру жобасы
бойынша кен орын горизонттарының мұнай және газ, тау жыныстарының физика-
химиялық қасиеттерін ескере отырып 4 игеру объектісіне бөлу шешілген:
бірінші объект - М-I және М-II горизонттары, екінші объект - Ю-I және Ю-II
горизонттары, үшінші объект - Ю-III горизонты және төртінші объект - Ю-IV
горизонты болып ерекшеленеді.
Құмкөл кен орнының АҚ Торғай-Петролеум компаниясының аумағында қазіргі
уақытқа дейін 578 ұңғыма бұрғыланды. Оның 415 ұңғымасы пайдалану қорында,
149 ұңғымасы айдау қорында, 5 ұңғыма байқау жағдайында болып табылады. 5
ұңғыма техникалық мақсаттарға қолданылатын су алушы ұңғымалар. 3 ұңғы
консервацияланған.
Жалпы кен орын бойынша ұңғылардың қоры төмендегі кестеде келтірілген.

2.1-кесте
Ұңғылар қорының 05.05.2011 жылғы жағдайы. (Торғай-Петролеум
аумағында)

І ІІ ІІІ ІV Жалпы
Ұңғылар категориясы объекобъект объект объект саны
т
Өндіру фонтанды 0 0 0 0 0
ұңғыларыныңЖұмыс
қоры істеп
тұрған
ұңғылар
қоры
ВШН 2 0 2 1 5
ЭЦН 56 170 80 84 390
ШГН 1 7 4 2 14
жай - - - - -
Жалпы жұмыс істеп 59 177 86 87 409
тұрған қор
Жұмыс істемей тұрған 2 0 0 0 2
Меңгерілуде 1 2 1 0 4
Жалпы өндіру 62 179 87 87 415
ұңғыларының қоры.
Айдау Жұмыс істеп тұрған 5 85 40 11 141
ұңғыларыныңұңғылар қоры
қоры
Жай 2 1 2 2 7
Жұмыс істемей тұрған 0 0 0 0 0
Меңгерілуде 0 1 0 0 1
Жалпы айдау 7 87 42 13 149
ұңғыларының қоры.
Консервацияда 0 0 0 0 3
Байқау ұңғылар қоры 0 0 0 0
Су алатын ұңғылар қоры 5 0 0 0 5
Байқау ТВЗ қоры 4 0 0 0 4
Жойылған ұңғылар қоры 0 2 0 0 2
Жалпы ұңғылар қоры 90 147 64 2 578

2.1.2 Ұңғылар қорының құрылымын және олардың ағымдағы шығымын,
игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау

05.05.2011 жылғы игеру объектілері бойынша ұңғылар қорының бөліну
жағдайы төмендегідей.
I игеру объектісі бойынша пайдалану қоры 62 ұңғыны құрайды.
Барлық пайдалану ұңғылар қоры механикалық әдіспен өндіреді. Қазіргі
өндіру қорындағы 62 ұңғының 2-і бұрандалы сораптармен, ал 56 (1033, 1034,
1035, 1042, 1044, 1048, 1055, 1085, 1131, 2089 ... ) ЭЦН-мен пайдаланады.ШГН-
мен 1 ұңғыма.
IІ игеру объектісі бойынша қазіргі кезге дейін пайдалану қоры 179
ұңғыны құрайды.
Олардың ішінде 177 ұңғы өндіруші. Пайдалану әдістері бойынша ұңғылар
келесідей болып жіктеледі:170 ұңғы – ЭЦН, 7 ұңғы – штангалы терең сораппен
жабдықталған.
IІІ игеру объектісінің пайдалану қорының жалпы саны 87 ұңғыға тең және
олардың 1-і жұмыссыз жағдайында.
Пайдалану әдістері бойынша ұңғылар келесідей болып жіктеледі:80 ұңғы-
ЭЦН, 4 ұңғы штангалы терең сораппен, 2 ұңғы бұрандалы сораппен
жабдықталған.
ІV игеру объектісі бойынша пайдалану қорында 87 ұңғы бар.
87 ұңғыда жұмыс жағдайында: 2 ұңғы штангалы терең сораппен
жабдықталған,ВШН-1,ЭЦН-84.
Құмкөл кен орнындағы АҚ Торғай-Петролеум компаниясының аумағында
2011жылы 9-шы айда өндірілген мұнай мөлшері 1 888 223 тоннаны құрады.
Өнімнің орташа сулануы 92,5 % тең.
Кен орында мұнай өндіру алғашқы игеру кезінен бастап 2009 жылға
дейінгі аралықта 23000 мың тоннадан асты. Бұл бастапқы алынатын қордың 56
%. Орта есеппен алғанда әрбір өндіру ұңғысынан мұнай алу 40 ттәу, ал сұйық
алу 70 ттәу шығымды құрады.
2009 жылы өнімді қабатқа 4000 мың м3 жуық су айдалды. Айдау
ұңғыларының орташа қабылдағыштығы 276,3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңқияқ кен орнының игерілу жүйесі
Қаражанбас кен орны туралы
Кен орындарының игерудің жүйесі
Солтүстік Бозашы кен орнының игеру жағдайы
Аманкелді кенорнын газбен өндіру
Ұңғыны пайдалану
Жалпы ұңғылар қоры
Құмкөл кен орнында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында жиек ішілік су айдау әдісін қолдану
Өзен кен орнының игеру жағдайы, негізгі технологиялық көрсеткіштері
Өзен кен орын туралы жалпы мағлұмат
Пәндер