Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Тарау Балалар ұжымы және оның даму процесі
1.1 Ұжымдастыру туралы ұғым және оның ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... 5
1.2 Сабақ процесінде балалар ұжымын қалыптастырудың
мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 6
1.3 Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.4 Ұжым мүшелерінің имиджін тәрбиелеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11

1.5 Ұжымның шығармашылық белсенділігін өзіндік жұмыс арқылы
дамытудың кейбір мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17

ІІ Тарау Мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы мен байланысының
әдістемелік жолдары

2.1 Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің
кәсіби қызметтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 23
2.2 Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі
... ... ... ... ... ... .. 26
2.3 Ұжымдық оқыту тәсілін қолдану арқылы балалар
ұжымын қалыптастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28
4. Бастауыш сынып ұжымының танымдық қызығушылығын
арттырудың әдістемелік бағыттыры
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 49
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
51
Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 53

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Балалар ұжымының жеке тұлғаның
қалыптасуына қосатын үлесі, яғни балалар ұжымы – тәрбиенің шешуші
факторы және біздің қоғам жағдайында бала ұйымдастырудың негізгі
формасы. Тәрбиенің басты міндеті – балаларды дамытудың әр түрлі
деңгейіне бара – бар қатынастың қазіргі кездегі тәжірибесін форма
есебінде беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жаңа, неғұрлым
жоғары қоғамдық қатынас деңгейіне бағыттап дайындау. Адамның тұтас
жеке басын қалыптастырудың аса маңызды шарты мен құралы - балалар
коллективі болып табылады. Ол жалпы да өзіне тән белгілердің
жиынтығын сипаттайды. Психологиялық көзқарас тұрғысынан коллектив-
ұжым баланың қоғамдық байланысы, қатынасы қалыптасатын, оның
психикалық дамуы жүретін, ғылыми дүниетанымы және өзіндік мінез -
құлқы қалыптасатын қоғамдық организм.
Балалар ұжымының ерекшелігі - ересектердің балаларды
біріктірген кезде, олармен қатынас құрған кезде көздеген
мақсаттарының бағыттылығында. Балалар ұжымы өсіп келе жатқан жеке
адамды біріктіре отырып , бұл тұрғыда тәрбие функциясын жүзеге
асырудың шарты мен құралын жасайды .
Қазіргі заманның жағдайдың талабына сай ұжым балаларды қоғамдық
өмірмен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына
айналады. Сонымен қатар, балалар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбек
жасампаздырын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді
құралы болу осы өзекті мәселесі болып табылады.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің биылғы халыққа арналған Жаңа
Әлемдегі Жаңа Қазақстан атты жолдауының І бөлімінде Біз бүкіл
еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын
бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн
деп атап көрсетті.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымдық іс -
әрекетін қалыптастыру, оларды әртүрлі іс - әрекеттеріне қатыстыру,
ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
Сондай – ақ балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін
балалардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық
балалардың күш – қуатын нығайту.
Зерттеудің міндеті :
- ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
- топта да, бүкіл мектепте де балалардың ұжымдық
белсенділігін арттыру;
- болашақ үміт дүниесі яғни іс - әрекет жүйесін құру, осы іс
- әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып,
бір міндет шешімімен екіншісіне ұжымды қозғалту;
- әрбір баланың өз тобының өмірі мен бүкіл мектеп ұжымының
өмірімен жұмысын байланыстыруға ынталы болуына ықпал ету;
- барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуін анықтау;
- ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
Зерттеу әдісі: Сабақ кездерінде балалар ұжымын дұрыс ұйым-астыруда
психологиялық - педагогикалық әдістердің бірі - әңгіме әдісі, тест әдісі,
байқау әдістерін қолдану.
Теориялық қолданымы: Балаларды ұжымдастырудың тиімді жолдарын
табуды және ұйымдастыруды жалпы ұжымдастыру әрекетін жүзеге асыру.
Практикалық қолданымы : Зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы
білім беретін мектеп оқушыларын оқыту процесінде енгізілген
жағдайда, балалардың ұжымдық іс - әрекетін қалыптастыруға кең
мүмкіндік жасайды. Педагогикалық жетекшілікті балалардың өз
қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым
талпынысымен саналы байланыстыру.

І Тарау Балалар ұжымы және оның даму процесі
1. Ұжымдастыру туралы ұғым және оның ерекшеліктері

Ұжым (коллектив) - балалардың жеке басының тұрақты
адамгершілік қасиетін неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалып-
тастырудың шарты. Балалар ұжымы (коллективі) тәрбие объектісі ғана
емес, оның субъектісі де. Әрбір бала осы ұжымның (коллективтің)
мүшесі, сондықтан да балалар тобына ұжымдық (коллективтік) іс -
әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып,
көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыру керек. Ұжымда әрбір баланың
дербестігін, инициативасын көрсетіп, даралығын дамыту үшін жағдай
жасалынып, сонымен қатар оның адамгершілік өрісі, оның моральдық
ерік сапалары да қалыптасады [1].
Ұжым балаға екі жақты: жеке адамға терісті ғана емес, оңды да
әсер етуі мүмкін. Бала басқа адамдармен қарым – қатынассыз өзіне
қажетті адами қасиеттерді игеруі мүмкін емес. Сондықтан ұжым оған
қажет . Әр педагог практикада мынадай күрделі мәселеге тіреледі:
ұжымды басқара отырып оның оңды жағын қалай көтеруге және оның
терісті жағының балаға әсерін төмендетуге болады. Баланың жеке
басына оңды әрі жан – жақты әсер ету үшін - топтық ұжым жеке
адамның дамуына әсер ететін іс - әрекет түрлерін енгізу керек.
Практикада көптеген топтық ұжымдар бір ғана іс - әрекет түрімен
айналысады . Мұнда бала жан – жақты, жеке адам болып дамуына мүмкіндік
ала алмайды. Бұдан шығудың бірден - бір жолы - баланы бірнеше
топтық ұжымға ендіру, іс - әрекеттің әр түрлі түрімен айналыстыру.
Әр түрлі іс - әрекет түрлеріне қатыса отырып бала әр түрлі жекелік
маңызды сапалар түрін игереді. Мұнда әр бала ұжымын адам іс -
әрекетінің әр түрлі аймағынан хабары бар 2-3 педагог басшылық етуі
керек [Қосымша 1].
Балалар ұжымының ерекшелігі - ересектердің балаларды
біріктірген кезде, олармен қатынас құрған кезде көздеген
мақсаттарының бағыттылығында. Балалар ұжымы өсіп келе жатқан жеке
адамды біріктіре отырып, бұл тұрғыда тәрбие функциясын жүзеге
асырудың шарты мен құралын жасайды [2].
Топ ұжымының жұмысы негізінде мектеп басшылығымен жүргізіледі. Топты
ұжым деп атау үшін мұнда тәрбие жұмысының дұрыс жолға қойылуы шарт
және оның белгілі бір критерилері кездеседі:
1. Ұжымдағы балалардың мақсаты мен талабы бір келуі керек;
2. Балалар топтың мүддесін өзінің жеке мүддесінен жоғары санап,
өзінің ісін ұжымның талабына бағындыруға ұмтылуы тиіс;
3. Балалар ортасында өз пікірін еркін айту;
4. Ұжымда белгілі – бір істер туралы шешім аларда мұны әкімшілік
ретінде жүргізбей, көпшіліктің пікірімен санаса отырып алынуы
шарт.
Осы критерилердің бірі болмаған жағдайда, сыныпта ұжымның
негізі толық қалыпта[17,18]. сқан деп айту қиын.
Ұжымның балалар үшін өзінше қоғамдық орта болғандықтан, мұның әрбір
жеке оқушының тәрбиеленуіне әсері үлкен.
Баланың өз мүмкіншілігін өзі дұрыс бағалауы үшін ұжымның атқаратын
ролі зор .

1.2. Сабақ процесінде балалар ұжымын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы
баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Бастаукыш
мектеп балалар ұжымы - бұл іс-әрекетімен ( оқу еңбек т.б.) бірігіп
топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Бастауыш мектепте ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар
ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы,
клубтар, секциялар балалардың еңбек бірлестіктері т. б. Бұлардың барлығын
бастауыш ұжымдар деп атайды.
Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы.
Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым не қоғам мүддесімен мызғымас
байланыстылығын көрсетеді [3].
Балаларды тәрбиелеуде және олардың бос уақытын мазмұнды өткізуде бұл
жұмыстың көпшілікті қамтитын түрін таңдаған тиімді.
Бастауыш мектепті басқару және педагогикалық ұжымның қызметін жақсарту
үшін жыл сайын бастауыш мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспары жасалуы тиіс.
Бұл жоспарда мектеп директорының, оның орынбасарларының және оқу-тәрбие
жұмысының барлық буындарының қызметі ескеріледі. Осыған орай жылдық жоспар
мынандай бөлімдерден құрылуы тиіс [Қосымша 2].
1. Кіріспе бөлімі. Өткен жылғы тәрбие жұмысын
талдау және алға қойылған оқу-тәрбие үрдісінің негізгі
мақсатгарын белгілеу;
2. Педагогикалық кеңестің қызметі;
3. Педагогикалық ұжымның балалардың жаппай оқуға тартылуын қамтамасыз
етуі;
4. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оны сапасын жетілдіру;
5. Сыныптан және мектептен тыс басшылық жасау;
6. Балалардың өзін-өзі басқаруына бийлік жүргізу, кеңес беру;
7. Балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу.
Жоспардағы әр бөлімнің мақсатына лайықты жұмысының формасы аныкталады.
Бастауыш мектеп жоспары педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Орындалуына мектеп басшылары тарапынан бақылау жасалады.
Педагогикалық ұжымның күш-қуатын жасау арқылы оқу-тәрбие үрдісінің аса
маңызды міндетін орындауға, балалар ұжымына басшылық кабілетті, өз
айналасына ата-аналар мен жұртшылық топтастыра алатын іскер, біртұтас
мектеп ұйымдастыруға бар ынта-жігерін арнау – басшының негізгі міндеті. Бұл
міндет —бастауыш мектептің педагогикалық ұжымының әрбір мүшесінің міндетіне
де айналуы тиіс.
Тәрбие жұмысына басшылық жасағанда бала отбасында, ұжым және ұжымнан тыс
тәрбиелену жәйін ескеріп отырғаны абзал [4].
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінін керек екенін түсінеді. Сондықтан
оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және
тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта
айтқанда ұжым - тәрбиенің манызды кұралы.

1.3 Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері

Балалар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.
С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің
мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты
ажыратты [5,7].
Бірінші кезеңде балалар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Сондықтан мұғалім топ өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан
бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер.
Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге
тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай
бастауыш сыныптарда және әр мектептегі іріктірілген окушылардың жоғары
сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқуларға сүйену керек.
Ұжым өміріне мұндай тәсіл топ белсенді ынталы жұмыс істейтін балалар тобың
көбейтуге және балалар тәрбиешілердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі
мүмкін.
Бірінші кезеңі аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
- ұжымды нығайтуға бағытталған (мақсаттарды анықтау)
- ұжым іс әрекетінің дамуы;
- жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік гуманистік қатынастардың
пайда болуы;
- барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобын
бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімгің негізгі қызметі — балалардың ұжымдық іс-әрекетгн
ұйымдасгыру, оларды әр түрлі іс-әреттеріне қатыстыру ұжымды балаға
педагогикалық ықпал жастайтын құралға айналдыру.
А. С. Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбиелік ұжымды тәрбиелеуден
бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып мұғалімінің
ұйымдастырушылық қызметімен тұрақты органдарына көшеді. Сондықтан бұл
кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп
жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым
мүшелеріне көмектесу, іс- әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен, байланыс жасау,
ұжымның өмірі үшін балалардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда
барлық балалардың күш қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау прниципті
қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең — бұдан былай белсенді топтың іс-әрекетінің дамуымен
сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда
қоғамдық, (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі.
Ұжым өмірінде, балалар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында
ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек ұжымда тілектестік, бір-
біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға
мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір бұл ұжым мүшелерінің
талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір
ұғымдар және кұбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды.
Демек ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік – қоғамдық
пікірдің негізгі ерекшелігі.
Балалар ұжымын нығайту мен калыптастыру аса маңызды мәселелердің бірі —
ұжым алдындағы мақсатты перспективаны таңдау. Осыған орай, А. С.
Макаренконың территориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық
атты перспективаларын еске түсірген жөн [9,10].
Жақын перспектива - бүл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр
түрлі іс - әрекеттіне ынталандыру, қызықтыру. Егер балалар алдында
куанышты, қызықты істер болмаса, да олар өмір сүре алмайды. А. С. Макаренко
адам өмірінің шын ымталандыруды ертеңгі қуаныш — деді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат жексембілік серуен, цирк, музей және
көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т. б. жатады.
Орта перспектива — бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл
сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарна қатысу әдебиет, эстетикалық
және этикалық тақырыптарға пікір талас өткізу т. б. жатады. Мұндай алда
тұрған оқиға балалар өте куанышты болады.
Қашық перспектива — бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ
мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек
мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық
шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы
оқу орындарына жатады.
Қоғам адамдары кашық перспектниа арқылы мүмкіндігін ше ұжымға, Отанға
пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен
мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір
мұғалімнің, міндеттері:
- Біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін
тандап білу;
- Екіншіден, балалардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық
дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы А. С, Макаренконың
сезімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты ықпалды және
тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде түрдің көптеген түрлерін байқауға
болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, сонғы қоңырау,
артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т. б. Барлық
дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын
ұқыптылыкпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
Дәстур — бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп
отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдары адамдардың қатынастарын керсететін
нормалар мен принциптер болып табылады.

1.4 Ұжым мүшелерінің имиджін тәрбиелеу

Бастауыш мектеп ұжымдағы педагогтар арасында түрлі қарым-
қатынастылықтар орын алады, соның ішінде өнегелілік. Ұжымның имиджі жекелей
тұлғалық ерекшеліктерден тәуелді болады: адалдық, адамгершілік, өз ісіне
беріле қарым - қатынасушылық. Сонымен қатар, ұжымда өмір сүрудегі
өнегесіздік стереотиптері қалыптасады. Осы мәселелерге байланысты,
өнегелілікпен өнегесіздікті нақтылай анықтау қажеттілігі туындайды. Егер,
осы ұғымдар мейірімділікпен қиянаттылықтың нақтылай тұрғысында қолданылатын
болса, онда ұжымның жұмыс істеу тиімділігімен өнегелілік көрсеткіштері
жақындайды. Тиімділік өнегелі бола алады, егер тиімдсіздікке қарсы тұра
алатын болса. Адамның тағдыры өз мақсаттылықты болып, ол адамдар арасындағы
қарым - қатынастылықтар осы идеалға, ұжым имиджін құруға қажетті шарттарды
құруға қызметтелетін болса тиімді, нәтижелі қол жетістіктерге жетуге
болатыны сөзсіз. Ұжым имиджінің негізгі құрамы ұжымдағы қалыпты өнегелі -
психологиялық орта. Ол орта адамдардан өзара қарым - қатынастылықтарына
байланысты. Әдебиеттерде, менеджердің өз қызметшілерімен араласуы, қарым -
қатынасуының үш негізгі стилін бөліп қарастырады: директивті (авториторлы),
қылмысқа жол берушілік (либералды) және демократиялық [12].

Ұжымдағы қарым -қатынастылықтың директивті стилінде барлық белсенді іс
- әрекеттер жаншыла отырып, жеке тұлғаның өз бетінше іс - әрекеттелуіне
мүмкіншілік бермейді. Қылмысқа жол берушілік стилі - орындалатын ісімен
қызметіне толық селқостылық ерекшеленеді. Адам өз ісімен қызметінің
нәтижелігіне қызықпайды. Өндірістік ұжымдағы демократиялық стиль қолайлы
өнегелі - психологиялық ортаны қалыптастыруға мүмкіншілік жасайтын
жұмысшылар мен қызметкерлердің өзара тығыз араласуына жағдай жасайды. Осы
бағытта жеке тұлғаның ерекшеліктері мен білім деңгейлері тиімді
қолданылады.

Осы аталған ұжымда қызмет бабы бойынша алған қозғалу, мақсаттылық
бағытында әрбір адамның, ұжым мүшесінің үлес қосу қызметтерінен
негізделген. Егер мектеп директоры оның қол астындағы қызметкерлер үшін
мақсаттылық түсінікті болмаса, позитивті имиджге жету мүмкін емес. Бастауыш
мектеп ұжымымен іскер қатынастылықты ауызбіршілікті табу, оңтайлы еңбек ету
сезімдерін ояту, әрбір оқушыны білікті тәрбиелеу үшін, мектеп директоры
ұжым алдына әлеуметтік маңызы зор мақсатты қояды. Бірлесе, әрекеттесе,
қызметтесе отырып, ұжым осы мақсаттылыққа жету жолын анықтап алады.
Позитивті имиджге жету және оны құра білу, қоғамдық алаптың көзқарастары
жеке тұлғаның өз білімі мен тәжірибесін толықтыруға, тәжірибелер алмасуға,
мақсаттылықты іске асыруға, өзге адамдарды өзара түсіністілікке үйретуге
жетелейді. Ұжымда тиімді құрылуында жүктелген іске, қызметке жекелей
жауапкершілік пен қарау, оны өз уақытысында орындай білу ерекше мәнге ие.
Мектеп директоры мен қызметкерлердің жауапкершіліктері парыз ретінде
көрініс таба отырып қызметтелуі тиісті, атап айтатын болсақ, ұжымдағы
талаптарға байланысты жеке тұлғаның дара іс - әрекеттерінің әлеуметтік
маңыздылығын ой - саналуы, нақтылай шарттарды есепке ала отырып талаптарды
орындау, жүктелген міндеттемелерді шешу. Мектеп директорының
жауапкершіліктері бірқатар артықшылықтарменен ерекшеленеді. Ол артықшылық
кәсіби іс - әрекеттіліктер мен кәсіпорынның, мекеменің жалпы және жекелей
мәселелерін шешудегі шығармашылық әдістемелермен, тәсілдерменен болжанады.
Ол өнегелілікпен сипатталды, себебі өндірістік іс - әрекеттіліктер,
қызметтер моралды - этикалық мазмұндала отырып тұлғалық құнды
ерекшеліктерді дамытуға бағытталған. Басты құндылық адамның өзі болып
табылатын демократиялық шарты қоғамда, адамдар арасындағы қарым -
қатынастылықты және жеке адамның өзін жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттер
басты әлеуметтік маңыздылыққа ие. Ал мұның өзі, өндірістік немесе
өндірістік емес ортадағы маманға терең гумманитарлы міндеттемелер мен
жауапкершіліктерді жүктейді [13].

Қазіргі заманғы экономикалық қатынастылықтар жеке тұлғаның ұжым
мүшелерімен өзара қатынасуындағы жоғарғы моралды жауапкершіліктерді талап
етеді. Егер, мектеп директоры мен қызметкерлерінің бойындағы
жауапкершілікке деген сезімдері тиісті дәрежеде болса, психофизиологиялық
деректері (ептілік, ой-өрісі, санасы) жоғары болғанымен де, ондай тұлға
қажетті дәрежеде жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ете алады. Қызметкерлепмен
жұмыстар атқаратын тұлғаның бойындағы жауапкершілікке деген сезімінің
жоқтығы орны толтырылмас шығынға жетелуі мүмкін.

Жұмысшы мен қызметшінің жауапкершілік сипаттары оның іс -әрекеттілік
мазмұнымен анықталады. Атап, айтатын болсақ, директордың жауапкершілік
спецификасы, жекелей мінез - құлықтарымен ғана емес, сонымен қатар, оның
жұмыстағы әріптестері, ұжым мүшелерімен сапалы, жауапкершілікті
ерекшеліктері мен көрсеткіштері арқылы сипатталады. Сонымен, өз қол
астындағы педагог-қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне деген жауапкершілік
–мектеп директорының жекелей тұлғалық жауапкершілігі.

Бастауыш мектепте ұжымды дамытудағы ең маңызды шарт – ол тәртіптілік,
тұлғалардың жауапкершіліктері. Осы аталған деректі ерекшеліктердің жоқтығы
тиімді іс-әрекеттіліктің мүмкіншілігін кемітіп қана қоймай, сонымен қатар,
ұжымның қоғамдық ортада қызметтелуін проблемаландырады. Тәртіптілік
–бастауыш мектеп ұжымының арасында сенімділік, ізгілік, өнегелік қарым–
қатынастарды құруға шарттастырады.

Тәртіптілікті қалыптастыру мен құру, жүйелендіру әдістемелері
ұжымды жетекшілік етудегі стилімен анықталады. Тәртіптілік пен
жауапкершіліктің формалары - ақпараттылық байланыстардың тиімділігін
қамтамасыз ете отырып, міндеттерді мәселелерді шешу жолын ұжымдық іс -
әрекеттерге түрлендіреді, ұжымды жұмыс режимімен, адамдар арасындағы
түсіністілікті қарым -қатынастылықты қамтамасыз етеді. Тәртіп бұл тек қана
нормативті талаптарды бұлжытпай орындау, ережелер бойынша іс - әрекеттелу
ғана емес. Тәртіптілік - тұлға мен ұжым мүшелері арасындағы психологиялық
орта.Мектеп директоры , ұжым ішінде қатаң бұйрық, үкім, сөгіс арқылы
бекітілген тәртіпшілікті емес, керісінше әділетті өмір талаптары, жеке
тұлғаларды іс-әрекеттіліктерге жетелейтін талаптардың көмегімен өнегелі
тәртіптілікті құра отырып қолдауға ұмтылуы тиісті. Осындай керекті тәртіп -
менеджер мен қызметкерлер арасындағы өзара сыйластық пен түсіністіктерге
негізделеді: Ол адамдардың бір - бірлеріне деген сенімділік, сезімдерін
оята отырып, жандырады. Тәртіптілікпен тікелей байланыса отырып, өзі-өзіне
өзге адамдарға деген талаптар оянады. Әлеуметтік - экономикалық
қатынастылықтар шартында, өз инициативалары бойынша ұжым, өзінің іс
-әрекеттеріне қойылатын талаптардың жоғарылауына ұмтылады. Айта кететін
мәселе, ұжым имиджіндегі жалпы мақсаттылықтың бірі-ұжыммен қабылданған
талаптарды ұжым қызметкерлерінің оң қабылдауы. Ұжымдық талаптарды қабылдау
сипаттары өте жоғары роль ойнайды. Тіпті, А.С.Макаренко осы мәселе бойынша
ұжымның даму кезеңдерін сипаттайтын бірнеше кезеңдерді бөліп қарастыруды
ұсынған [14,16].

- Бірінші кезеңде, ұжымға деген талаптарды қоғамның өкілеттілігі
ретінде ұжымның жетекшісі қояды;

- Екінші кезеңде - талаптар ұжымның активімен, кеңесшілерімен
қолданылады;

- Үшінші кезеңде - активтің талаптары, көпшіліктің ой - пікірі болып
сипатталады; және ұжым ол талаптарды әрбір жеке тұлғаларға қолдана
алады;

- Төртінші кезеңде - ұжым талаптарының әсері арқылы, тұлға қоғамдық
талаптарды өз - өзіне қоя алады.

Ұжымдық іс-әрекеттіліктегі қарым- қатынастылықтар, орындалатын
жұмыс түрлері мен қызмет түрлеріне тәуелсіз іске асырылады. Осы талаптар
бойынша мектеп басшылығына жоғарғы талаптар қойылады.Мектеп басшылары,
қандай да бір, дара шығармашылықты жобаны орындауға қажетті талаптарды
ұсыну жеткілікті емес. Мақсаттылыққа жету үшін жұмсалатын қаржы,
техникалық және моралды шығындарды да есепке алу қажетті. Талаптарды
жоғарылатудағы қажетті шарт – ол ұжымның кәсіби мүмкіншіліктерді, білім
мен мәдениеттілік деңгейлерді жоғарылату. Бастауыш мектепте
педагогикалық еңбекті ынталандыру - нақтылай жұмыс түріне қолайлы
пеадгогтарды қызықтыру, тарту үшін конкурстық түрде жүргізіледі.
Мұғалім, өзінің жұмыс істеуге деген ұмтылысымен, біліктілік
көрсеткіштерімен, бірнеше ұқсас мамандықтарды меңгере алушылығымен көзге
көрінуі тиісті. Осы аталған, деректі ерекшеліктердің барлығы, пеадагог-
қызметкерлердің шығармашылықты жұмыстарды атқара алушылықтары мен
ұжымның имиджін көрсетеді. Талаптарды көтеру, оңтайлы жұмысқа деген
көзқарастардың қалыптаса отырып дамуы - ұжым мүшелерінің қажеттіліктері
мен сұраныстарына ізгіниеттілікті көзқарасты, тұрмыстық жағдайларына
қамқорлық жасауды арттырады. Тұпнұсқаны, дұрыс талаптар қою, тек қана
ұжым мүшесіне, тұлғаға деген сыйластылық, оның мәртебесін төмендетпей
отырып, қарым - қатынастылықтың арқасында мүмкін. Жетекшілер тарапынан
талаптар беру қалпында қатаң бұйрық беру, оны ашумен орындату,
қызметкерлер мәртебесін төмендету жүйелеріне жол бермеу қажет. Осы
аталған көріністер ұжым имиджін келеңсіз, теріс көрсетеді.

Мектеп басшылары (директор, орынбасарлары, әдіскерлер,
мұғалімдер, оқушылар), әрбір ұжым мүшесінің көзқарастарын олардың
тұлғалық ерекшеліктерін есепке алып, оларды жұмысқа жігерлендіру
арқасында өндірістегі жұмыс өнімділігін арттыруға қызметтелуі тиісті.
Ұжымда ұтымды өнегелі - психологиялық ортаны мүшелерінің күш
жігерліктері мен жауапкершіліктерін, білімдерін, нақтылай қоғамдық
мағыналы мақсаттылыққа қол жеткізу үшін, бір бағытта жұмылдыра отырып
біріктіру.

Ұжымның қызметкерлері бір-бірлерімен тұрақты байланыстылықта, кәсіби
шеберліктері мен білімдерін жоғарылату мақсатында тәжірибелер алмасып
отырады. Өз еңбектері мен қызметтерінің жетілуіне, өз мақсаттарының
орындалуына, білім беру саласында іс-әрекеттері үшін олардың өздері жекелей
жауапты. Ұжымның имиджі педагогика мәдениеттілігінің базасы негізін
меңгеруге мүмкіншілік жасай отырып, Сонымен, еңбек ұжымының имиджін
қалыптастырудағы жоғарғы нәтижеліктер - нақтылай адамдық талаптарды есепке
ала отырып қол жеткізілуі мүмкін.

Табыс, қол жетістік, танымдылық, жұмысты ұтымды ұйымдастыру және
болашаққа мақсаттылықпен қарау негізі мотивтердің бірі. Осы мотивтерді іс-
жүзіне асыру ұжымдағы қолайлы, өнегелі ортаның қалыптасуына, мүмкіншілік
жасай алады. Қызметтесу, өзара түсіністіктеріне негізделген имидж, ұжымның
іскерлі және шығармашылықты нәтижелігін көтереді.

1.5 Ұжымның шығармашылық белсенділігін өзіндік жұмыс арқылы дамытудың
кейбір мәселелері

Қазіргі жаңару кезеңін бастан өткізіп отырған Қазақстан Республикасы
бәсекеге қабілетті, қоғам талаптарын қанағаттандыратын жауапкершілік сезімі
биік, шығармашылық белсенділігі жоғары, әрі осы қабілетті өз іс-әрекетінде
тиімді қолднана алатын тұлға тәрбиелеу міндетін аса өткір мәселе ретінде
күн тәртібіне қойып отыр. Сондықтанда қазіргі жалпы білім беретін
мектептерінің басты міндеттерінің бірі - педагогикалық процесстерді бірегей
жүзеге асыру үдерісінде бастауыш сынып оқушылар ұжымының шығармашылық
әлеуетін дамыта отырып, әлемдік ғылым жетістіктеріне негізделген ұлттық
мәдениет пен білімнің үздік үлгілері арқылы шығармашыл жеке тұлға
қалыптастыру болып отыр [16].
Бастауыш сынып оқушылар ұжымының шығармашылық іс-әрекет белсенділігін
қалыптастыру мәселесі өзектілігінің артуы, бастауыш мектеп педагогикалық
үдеріске жаңаша тұрғыда қарап, оны оқушылар ұжымының таңдаған пәндері
бойынша білім, білік, дағдыны меңгеруі ғана емес, танымдық - шығармашылық
іс-әрекетті өз бетінше жүргізілетін шығармашылық үдеріс ретінде қарастыру
міндетінен де туындап отыр. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының білім алуда
тек мәлімет жиынтығын меңгерумен ғана шектемей, өз бетінше орындалатын
жұмысты тиімді ұйымдастыра алатын, шығармашыл бағыт ұстанатын, өзін-өзі
кез-келген жағдайда таныта алатын тұлға етіп қалыптастыру және дамыту
міндетін жүзеге асыру болып отыр. Бұл талаптың жүзеге асуы бастауыш мектеп
педагогикалық үдерісте оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың
технологиясын меңгеруге тікелей байланысты. Осыдан келіп, бастауыш сынып
оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдістерімен
тәсілдерін, түрлерін меңгерту, солар арқылы шығармашылық белсенділікті
дамытудың кейбір шарттарын анықтау өзекті сипатқа ие болуда. Жалпы бұл
арада бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысы қандай белгілермен
дараланады деген сұраққа қысқаша түсініктеме берілуі өзінің қажеттілігін
сұранып отыр. Мұны көтерілген мәселенің логикасы да білдіреді.
Сонымен бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысы деген ұғымға не
жатады? Ол бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысы жеке тұлғаның
танымдық қажетсінуін, қызығушылығын (мақсатты қызығушылық, әрекеттік
қызығушылық, танымдық қызығушылық), белсенділігін, дербестігін қамтитын
танымдық, еріктік процесстері мен мотивтер бірлігі нәтижесінде бастауыш
сынып оқушыларының дара ерекшеліктері, болашақта кәсіби білімін,
біліктерін, дағдыларын дамытатын оқу мазмұны мен міндеттерді тиянақты
игеруді көздейтін шығармашылық сипаттағы ұжымдық оқу жұмысы болып табылады
[17,18].
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей бастауыш мектеп мекемесіндегі
педагогикалық үдерісте бастауыш сынып оқушыларының өз бетінше орындалатын
жұмыстарға, оның шығармашылық қызығушылығына ықпал ететін мотивациялық-
еріктік; танымдық-интеллектуалдық, креативтік – рефлекциялық, ұжымдық
(жеке, жұптық топтық,) бағалау компоненттерінің бар екендігі белгілі. Осы
компонентердің әр қайсысының өзіндік атқаратын қызметі де бар. Мәселе
бастауыш сынып оқушыларының осы қызмет сипаттарының мәнін түсініп өзіндік
жұмыс барысында оларды сауатты қолдана білуінде және осы білікке үйретуде.
Мәселен мотивациялық-еріктік компонент қызметі бастауыш сынып оқушыларын
оқу-танымдық іс-әрекетіне шақырады. Яғни білім берудің жаңа парадигмасына
сәйкес, бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық шығармашылық іс-әрекетке
құндылық бағдар ретіндегі ынтасы, жаңалыққа қызығушылығы, өзекті мәселенің
шешуін табуға құлшынысы, ерікті түрде өз іс-әрекетін жеке дара шығармашылық
сипатта ұйымдастыруға талпынуы, шығармашыл дербестікке ұмтылуы және
қажетсінуі сияқты құндылықтарды қамтиды. Міндет бастауыш сынып оқушыларының
осы қызмет сипатын мақсат міндеттер үдесінде өзіндік жұмысын жүргізу
процессінде іске асыру [Қосымша 3].
Ал танымдық немесе мазмұндық іс-әрекет компоненті қызметі- бастауыш
сынып оқушыларының өзін-өзі шығармашылық қызметтің субьектісі ретінде
тануы, жеке тұлғалық ерекшеліктері мен өзін-өзі шығармашылық дамытудың
тәсілдерін білуі, шығармашылық іс-әрекетті іске асыру біліктілігінің болуы,
ұжымдық шығармашылық жұмыстарға талпынуы және оны ұйымдастыра білуі, пәндік
ғылыми білімдерінің толымдылығын және оны қажетті жағдайда қолдана білу
мүмкіндіктерін қамтиды. Қызметтің бұл түрлерінде құжымдық шығармашыл іс-
әрекет еріктік-мотивациялық қызмет дағдысының жоғары деңгейде қалыптасуы
негізінде іске асады.
Рефлекциялық бағалау компоненті – ұжымдық шығармашылық іс-әрекетке
талдау жасай білуі, жетістіктермен мен сәтсіздіктер себептерін анықтай
білуі, ізденімпаздық іс-әрекетке даярлығының тұрақтылығы, жоғары танымдық
қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақтылығы сипатын
көрсететін қызметтік мүмкіндік. Сайып келгенде бастауыш сынып оқушылары
өзіндік жұмыстарды орындауға ықпал ететін компоненттер оқу танымдық
қызметке шақырудан бастап, оны жүзеге асырудың негізін жасауға және
аяқтауға дейінгі мүмкіндіктерді қамтиды. Бастауыш сынып оқушыларының өз
бетінше орындалатын жұмыстарына ықпал жасаушы құрылымдық компоненттердің
нәтижелік әсерлігі мынадай:
-өзіндік жұмысқа тұрақты қызығушылығы;
-үдеріске белсене кірісуі;
-дербес іс-әрекетті тұрақты қажетсінуі;
-танымдық материалдарға деген қажетсінуі мен қызыға қабылдауы;
-өзіндік жұмыс тапсырмаларының жоспарын жасау;
-жұмыс жылдарын орындау кезеңдерін белгілеу;
-жұмысты тиімді ұйымдастыру формаларын таңдау, іріктеу;
-жұмыс нәтижесін талдау, өзіндік баға беру; - сияқты көрсеткіштер
арқылы анықталады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей бастауыш сынып оқушыларының өзіндік
жұмыстарды орындау арқылы ұжымдық шығармашылық іс-әрекет белсенділіктерін
қалыптастыру шартына: бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс орындау
біліктерінің ең қарапайым дағдыларын төменгі курстан бастап меңгеруі; оқу-
танымдық жұмыс мазмұндарының ұжымдық, шығармашылық, қызығушылық пен
қажетсінуді қамтамасыз етерлік деңгейде болуы; өзіндік жұмыс
тапсырмаларының күрделікте жасалуы, яғни таныс жағдайдан таныс емес
деңгейлерге жіктеленуі; нәтижелердің тұрақты тексеріліп, дұрыс бағалануын
іске асыруды қамтамасыз ету жатады. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық
белсенділікте өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру дәстүрлі және
инновациялық принциптерге негізделіп олардың қажетті шарттары сақталғанда
ғана нәтижелі болады.Атап айтар болсақ:
- Ұжымда өзіндік жұмысты ұйымдастыру әуелі дәстүрлі жоспарлау
принципіне негізделеді. Мұнда ұжымдық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру
уақыттарды ұтымды пайдаланудың басшылыққа алынуына байланысты болады. Ал,
қажетті шарттары мыналар болып табылады:
- ұжымдық жұмыс кестесінің оңтайлы жасалуы;
- ұжымдық жұмыс көлемінің анықталуы және олардың негізделуі;
- ұжымдық жұмыстардың өзекті мәселелерді қамтуын, бастауыш сынып
оқушыларының қажетті біліктерін дамытуға бағыттылығын ескеру;
- ұжымдық өзіндік жұмыс көлемін, берілетін немесе орындалған уақытты,
нәтижелі бағалау,жоспарлау.
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық белсенділігі -өзіндік
жұмыста білімі мен біліктіліктерін тиімді, әрі белсенді пайдалана алуы
нәтижесінде ұжымдық шығармашылық сипатта еңбек етуге негізделеді. Мұнда
мынадай шарттар ескерілуі қажет:
- уақытты тиімді пайдалануы;
- ұжымдық шығармашылық-креативтік қызығушылық деңгейінің болуы;
- ұжымдық шығармашылық қызығушылық және біліктіктерінің интегративтік
деңгейінің болуы;
- ұжымдық танымдық ізденімпаздылықтың жоғарғы деңгейінің болуы.
Ұжымдық өзіндік жұмысты ұйымдыстырып жүргізудің келесі принципі -
өзектілік принципі. Ұжымдық өзіндік жұмысты орындау барысында проблемаларды
шешу және таңдау, проблемалық жағдаяттарды дәстүрлі емес әдістермен
тәсілдерді пайдалану арқылы нәтижелерге жетуге деген бағыттылыққа
негізделеді. Іс-шара орындалуының қажетті шарттарына:
- оқушылар ұжымының өзекті мәселелерін шешуге ұмтылуы;
- ұжымдық танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық ой-өрісін
жетілдіруге ұмтылысы;
-дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалана білуі;
- жаңашылдыққа құмарлығы, мақсаткерлігі жатады. Бастауыш сынып
оқушыларының сондай-ақ ұжымдағы өзіндік жұмыстарды орындау үдерісінде -
жұмыстардың сабақтастығы; үдеріс бірізділігі мен жүйелілік; бақылау және
бағалау сияқты принциптерге де негіз қалап отырғаны ұжымыдқ шығармашылық
қабілеттердің ұшталуы мен дамуына тиімділігін жасайды [17].
Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық шығармашылық
белсендіктерін қалыптастырып, дамытуға қызмет жасайтын өзіндік жұмыстардың
мынадай түрлері бар:
1. Инновациялық - теориялық білімді меңгеруге арналған өзіндік жұмыстар;
2. Жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік
жұмыстар;
3. Білік және дағды қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар
4. Ұжымдық шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыс.
5. Меңгерген білімдерді бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік
жұмыстар. Жоғарыда сақтаулы міндетті шарттардың барлығыда осы жұмыс
түрлеріне толық тиемелділігімен көрінісін таба алады.
Қорыта айтқанда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық шығармашылық
белсенділігін, ойлау белсенділігін дамытуда өз бетінше орындалатын
жұмыстарды тиімді ұйымдастыру өзектілігінің арта түсуі қоғам даму талаптары
мен міндеттерінен туындап отырады. Яғни бастауыш сынып оқушыларының өзіндік
жұмыстарын тиімді ұйымдастыру арқылы қоғам талабына сай жеке тұлға
қалыптастырудың мүмкіндігі арта түспек. Сондықтан да бастауыш сынып
оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселесіне кешенділік сипат
берілгені абзал. Оны сатылы түрде дамытып отыру керек. Өзіндік жұмыс
үдерісіндегі Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ұжымдық белсенділігі,
соның негізінде қалыптасатын шығармашылық қызығушылық, қабілет, қоғам
дамуына оң ықпал жасаушы күшті әсер болып табылады. Ол қазіргі ғаламдану
жағдайына сәйкес, жаңа қоғамға бейімделген жеке тұлғаға деген сұранысты
қанағаттандыруға мол мүмкіндіктер береді.

ІІ Тарау Мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы
мен байланысының әдістемелік жолдары

2.1 Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби қызметтері

Педагогика ғылымында балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның
тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі
де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек.
Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде тоқырап
кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде
қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн [18].
Мұндай психологиялық күш — болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа
ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжымның маңызды сәттерінің бірі.
Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық
жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А.С.
Макаренконың болашақ үміт дүниесінің педагогикалық ерекшеліктерінің бірі
—баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге
жету мүмкіншілігімен, еліктіреді, өзінің және ұжымның, болашағын құру
қатнасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын ұмтылуын туғызады
деп есептеді. Қалыптасқан кажеттіліктерді, тілектерді қанағаттандыруға
ұмтылу оқушының іс-әрекетін әлеуметтік кұнды арнаға жұмылдыру мем бағыттау
болып педагогнкалық турғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар
тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін
қанағатандыратын, ұжым мүшелерінің дамуының ішкі қажеттіліктерін
қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және
дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді,
максаттарды, істерді түсінуіміз керек.. Балалардың тәрбие ұжымын және
тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің –жалпы
сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:
-міндеті ұжым болып орындау жолындағы қиялдан туындайтын тікелей бала
қызығуына қуанышына негізделген істердің еліктіруі;
-нақты істер міндеттерінің, мақсаттарының қоғамдық кұндылығы және олардың
біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін
күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;
- балаларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педогикалық мақсатқа
сәйкестігі.
Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесі яғни іс-әрекет жүйесін кұру, осы
іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір
міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту [19].
Ұжымның жасампаз істері казіргі кезде тәрбие жұмысы құралдарының ішінде
ең өзектілерінің бірі. Шындығында, мәселен, еңбек мерекесі, ән-жыр
көктемі, тақырыптық кештер мектепте үйреншікті кұбылыстарға айналды.
Осындай іс-әрекет- тер түрлі жастағы балалар жігерін біріктіріп аға ұрпақ
өкілдерінің бірлескен катынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл бірлік
ұжымдық жасампаз істер жүйесін балалармен тәрбие жұмысында нәтижелі
пайдаланудың шарты болып отыр. Бастауыш мектеп кештерінде, арнайы
ұйымдастырылған кездесулерге мұражай және көрмелерге баруда аға ұрпақ
өкілдерімен тікелей қатнасып, балалардың танымдық мүддесін
канағаттандырады және тереңдетеді, ой-өрісін кеңейтеді, талғамды кұлықтық
көзқараспен кабылдауын және үндестігін, пейілін және зейінін дамытады.
Мектеп тәжиірбесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың мендегідей екі жолы
бар екенін көрсетеді:
- балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мұғалімнің
өзі олардың алдына болшақ үміт дүниесін міндет етіп қояды
және міндетті шешудің жолдарын, көрсетіп, балаларды еліктіреді;
- Өздеріне — болашақ үміт дүниесі ретінде алдына қойған мақсатқа жету
жөніндегі балалар бастамасын мұғалім қуттап, оған жету жолдарын табуға
көмектеседі.
Түрлі болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл
нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа
болашақ үміт дүниесіне жетудегі көмектесетін жоспарды, жобаны,
ұсыныстарды одан туындайтын ұжымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл
жұмыс — тәрбие ұжымын және біріктіру барысындағы бір маңызды кезең. Ортақ
іс-әрекетке барлық окушылардың қатысуын камтамасмз ету керек және ол
қатынасу белсенді, жасампаз сипатта болған жөн. Ұжым мүшелеріне
тапсырмаларды орынды бөлу-балаларды еліктірудің, болашақ үміт дүниесі
істеріне қатынастырудың негізгі жолы. Тапсырма топқа және жеке балаға
берілуі мүмкін. Кез-келген іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның сезіміне
әсер ететіндей, тек еңбегі мен қылығына ғана емес, әсемділікке
талғамды көзқарасын тәрбиелейтіндей ұқыпты ұйымдастырылған, саулетті
безендірілген болуы. Әсіресе мекемелер сәулетті және салтанатты
ұйымдастырылуы қажет. Бұларға ата-аналар, қонақтар қатынасуы, өту барысында
да балаларға сыйлықтар тапсырылуы, жарыс қортындысы жарияланғаны өте
жақсы. Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда
әсіресе мұғалімнің зор ұйымдастыру жұмысы қажет. Оның болашақ үміт
дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі,
балаларды еліктіру, болашақ үміт дүниесін айқын, бейнелі, әсем
суреттей білуі балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызық
еткісі келетініне сендіруі керек.
А. С. Макаренко әдепкі кезеңде балалар қарсылық білдірмей пікір
таластырмайтындай және тапсырмадан бас тартпайтындай талап қоюды қажет
екенін атап көрсеткен болатын [20].
Бұл жерде қойылған талаптың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы ұжым
мүддесіне кажетті екендігіне муғалімнің сенімі болуы керек. Бірақ бәрін өз
тарапынан туатын талапқа шоғырландыру қате болады. Бұл жағдайдың өзгермеуі
түрлі бастамалар мен өзіндік іс-әрекеттерді тежейді. Сондықтан болашақ үміт
дүииесі үшін күрестің алғашқы нәтижелері белгілі болғанда, мұғалімнің
балалар өмірінің қуанышты және қызықты етуге тырысқанына окушылар сенгенде,
балалардың көбі белсенділік көрсеткенде, оқушылар ұжымның өмір мазмұнын
күрделендіріп, ұжымға талап қою кызметінің бөлігін белсенділерге жүктеп,
оларды жан-жакты қолдап отыру қажет. Балалардың көбі балабақшаның белсенді
тобын және тәрбиешіні қуаттанды. Балалар ұжымдық қоғамдық пікірі құлық
тәрбиесінің шешуші кушіне айналады. Қажет болғанда бүкіл ұжым жеке
балалардан тәртібінің дұрыс болуын талап етеді.

2.2 Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі

Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар балалардың тәрбие ұжымының жетекші
буынға айналуы оқутылардың бүкіл мектептің өэін-өзі басқару ісіне қатынасуы
болады. Бастауыш мектепте ұйымдастыру міндетерінің орындауы ұжым өкілдері
бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының кұрамына енеді. Осылайша өз
ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдары өмірімен байланыстырады. Бұл
байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы ұжымның өз шамасына сай бастауыш
мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы болып табылады (мектел
жанындағы учаскедегі іс-әрекет, макулатура жинау, мектепке дейінгі
мекемелерге қамқорлық тағы басқа ). Олардың бұл ісі мектеп көлемінде
есепке алынады және бағаланады [9,14].
Балалар ұжымын қалыптастырудың пәрменді құралы олардың өзін-өзі
қызмет істеуге шамасына сай қатынасуы болады. Мұны ұйымдастыру барысында
балалардың жас ерекшелігін ескеріп еңбектің көлемі шамадан тыс кетпеуін
қадағалау. Балалар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылды.
Іс-әрекеті - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі
процесінің көзі, нақты мақсатка жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатьнас
және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің барысында
карым-қатынас дамиды [Қосымша 2, 3].
Қарым-катынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Сондықтан
педагогнкалық ұжымнын міндеті - жеке адам қарым-катынас жасаудың
негізінде басқа адамдармен бірігіп, куанышты көңіл күйін жеңілмейтін
тілекті сезуі тиіс.
Балалар қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың тұрақты
жүйесін және кіші топтың ролін іске асыру қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр
бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен жолдастарының алдында
беделді, ал екіншілерімен ешкімнің қарым-катынас жасағысы келмейді.
Бірақ барлық балалар катынас жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы
бастауыш сынып оқушылары катынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді.
Осыған байланысты кіші топ дербес катнас жасаудың негізінде ститхиялы пайда
болады.
Кіші топтардың кұрамы тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін. Кіші
топтардың маңызды ерекшіліктері - өзара қарым-қатынасының тартымдылығы.
Егер мұндай ерекшелік болмаса, сақтау мүмкін емес. Әрбір оқушы бір сыныптың
оқушыларымен немесе құрдастарымен ынтымақты қатықас жасау үшін олардың
арасында өзара ұнатушылық, бір-біріне сүйіспеншілік болуы қажет.
Оқушылардың түрлі тақырыптарға өзара әңгімелесуі, достық кездесуі, акпарат
алмасуы, әрбір баланы кызықтырады, ынталандырады. Бұл балалардың әлеуметтік
тәжиірбесін молайтады [21].
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын мұғалім
зерттеп, балалардың қарым - қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы
тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл ұжымда
педагогикалық меңгеру жолдарының бірі.
Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес жалпы
істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара тәуелділік
талап етіледі.
Өзара жауапкершілік катынастың мынадай жағдайларда еске алған жөн:
- ұжым мүшелері тең құқықты болады;
- басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан балаларға қысым
жасалмайды;
- жауапкершілік және өзара тәуелділік жүйесінде істі орындаудың барысында
әр түрлі бейімделушілікке жол берілмейді.
Әсіресе балалар ұжымын ұйымдастырып тәрбиелеуде күнделікті мынадай
жайларға көңіл бөлген жөн:
1. Бастауыш мектепте барлық мұғалімдердің оқуға қоятын талап-
тарының тәрбие жұмысының бағдарламасына сәйкес бірыңғай болуын жүзеге
асыру.
2.Топта да, бүкіл мектепте де балалар ұжымының
белсенділігін арттыру.
3. Балалардың өзі - өздерін басқаруды дұрыс ұйымдастыру.
4. Әрбір баланың өз тобының өмірі мен бүкіл бастауыш мектеп ұжымының
өмірімен, жұмысын байланыстыруға ынталы болуына ықпал ету.
5. Өз жұмысында бір міндеттерден кейін тағы жаңа міндеттер қойып отыруға
балалардың өздерін тарту.
Жатымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі жеке бастың қалыптасып дамуы
үшін тәрбие ісінде зор рөл атқарады. Бір данышпан жеке бастың рухани дамуы
үшін үш жағдай — үлкен мақсат, үлкен кедергілер және үлкен өнеге керек
деген екен.

2.3 Ұжымдық оқыту тәсілін қолдану арқылы балалар ұжымын қалыптастыру
әдісі

Әңгіме – баланың ақыл – ойын қалыптастыру әдісінің бір түрі.
Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) — бұл бастауыш мектеп
тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын
жол, тәсілдер, тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету
шараларыболып табылады.
Баланың санасын калыптастыру әдістері (ұғым, байымдау — пікірін айту,
баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме,
әнгімелесу, пікірталас, лекциялар, өнеге.
Бұл әдістердің балалар санасына ыкпал жасауда маңызы зор. Осы тұрғыдан
балаларды өмірдің енбектің коғамдық нормасына қатыстыру қажет, ал бұл
балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап
етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзкарасын
сипаттайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы
Бастауыш сынып оқушыларына бiлiм беруде ұжымдық iс-әрекетке тәрбиелеу
Оқушылар ұжымы
Ұжымдық тәрбиенің обьектісі мен субьектісі
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызы құралы
Оқушылар ұжымын зерделеу әдісі
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу
Ұжымның даму кезеңдері олардың бір-бірімен сабақтастығы
Пәндер