Ақжар мұнай кен орнын игеру әрекетіне бөлінген территория



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
АНДАТПА

Ақжар мұнай кен орнының технологиялық сипаты - деп аталатын
дипломдық жоба Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы территориясында орналасқан
Ақжар кен орнына қатысты мәліметтер, соның ішінде, әкімшілік -
территориялық бөлінуі, географиялық орналасуы, геологиялық құрылымы, Ақжар
кенорнының зерттелуі, мұнайлылығы және мұнайдың физикалық – химиялық
сипаты, игеруге дайындау және игеру және нормативтік шаралары, Ақжар кен
орнын игерудің экономикалық сипаттамасы қарастырылған.
Дипломдық жоба мұнай және газ өндірісіне қатысты факультеттерде оқитын
студенттерге, Қазақстанның жер асты қазба байлықтарын зерттеумен
айналысатын мамандарға, сол сияқты көпшілікке тиімді материал ретінде
ұсынылады.

АННОТАЦИЯ

Дипломный проект “Технико-экономическое обоснование разработки
месторождения Акжар” составлен по материалам собранных с нефтяного
месторождения Акжар расположенного в Байганинском районе Актюбинской
области. В проекте расмотренно административно-территориальное,
географическое расположение изученность нефтяного месторождения. Также его
нефтеносность и физическое-химическое свойство нефти подготовка
эксплуатации и разработка месторождении. В экономической части проекта
рассчитаны все технико-экономические показатели по разработки
месторождении.
Дипломный проект предлагается как полезный материал студентам
факультетов связанных с нефтяной отраслью, специалистам изучающих полезные
ископаемые Казахстана.

МАЗМҰНЫ

К І Р І С П Е 6
1 Ақжар мұнай кенорнының технологиялық сипаты 8
1.1 Ақжар кенорнының геологиялық құрылымы 9
1.1.1 Географиялық және әкімшілік жағдайы 9
1.1.2 Ақжар кен орнының зерттелуінің тарихы 10
1.1.3 Геологиялық –стратиграфиялық кескін және геологиялық құрылымның
ерекшеліктері 11
1.1.4 Акжар кенорнының мұнайлылығы және мұнайдың физикалық – химиялық
сипаты 15
1.1.5 Мұнай қорлары және кен орынды өнеркәсіпті игеруге дайындау 16
1.1.6 Техтоника 17
1.1.7 Топырақ жамылғысы 19
1.1.8 Су ресурстары 20
1.2 Кен орнын барлауға дейінгі бағдарлама 20
1.3 Кенорнын игеруді жоспарлау 21
1.3.1 Игерудің объектілерін белгілеу 21
1.3.2 Кен орнын пайдалану тәртіптемесі 24
1.3.3 Мұнай өндірудің динамикасы 24
1.3.4 Эксплуатациялық бұрғылау бағдарламасы 26
1.4 Жер бетіндегі құрылыстың жобасы 26
1.4.1 Пайдаланушы ұңғыма сағалардың құрылысы 26
1.4.2 Мұнай мен газды жинау жүйесі және өлшеуіш қондырғылар 26
1.4.3 Мұнайды дайындау қондырғысы (МДҚ) 27
1.4.4 Қабат қысымын ұстап тұру жүйесі 28
1.4.5 Сыртқы коммуникациялар 28
1.4.6 Мұнай өндірудің технологиясы 29
2 Экономикалық сипаттамасы 32
2.1 Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны. 32
2.1.1 Мұнай және газды өндірудің өзіндік құны 33
2.1.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны 35
2.1.3 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары 37
2.2 Ақжар кенорнын игерудің экономикалық болжамы 38
3 Қоршаған орта мен еңбекті қорғау 60
3.1 Жалпы ереже 60
3.2 Үстіңгі қабатының ластануынан қорғау 61
3.2.1 Кәсіпорынның қатты қалдықтары 61
3.2.2 Үстіңгі қабатты ластанудан қорғау шаралары 62
3.2.3 Қатты қалдықтарды орналастыру үшін төленетін төлемді есептеу 63
3.3 Ауа алабының күйі 65
3.3.1 Атмосфераны ластаудан қорғау 66
3.3.2 Зиянды заттардың шығарылу көздерін түгендеу 66
3.4 Радиациялық ахуал және олдарды бағалаудың критерийлері 67
3.4.1 Радиацияның қауіпсіздік шаралары 69
3.5 Су ресурстарын қорғау 70
3.5.1 Судың физикалық - химиялық құрамы 70
3.5.2 Сулардың ластануы 72
3.5.3 Жерасты сулары 72
3.5.4 Жерасты суларын қорғау жөніндегі ұсыныстары 73
3.6 Қауіпті геоэкологиялық процесс 74
3.7 Топырақтың мұнай өнімдерімен ластануы 75
3.7.1 Ақжар кенорнының топырағын қорғау шаралары 77
3.7.2 Жер қойнауын қорғау шаралары 77
3.8 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы 78
3.8.1 Өнеркәсіптік объектінің төтенше жағдайларды жекелеу және жоюға
дайындықты қамтамасыз ету 79
3.8.2 Ақжар кенорнында апаттың пайда болуына және өршуіне әсер ететін
негізгі факторлар мен себептер 79
3.8.3 Апаттың тәуекелін азайтуға қолданылатын шаралар 81
3.8.4 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдер 83
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы 85
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 87

К І Р І С П Е

Әлемдегі кез-келген мемлекеттің өмір сүру деңгейі минералды
ресурстарды рациональды түрде тиімді пайдалана білуіне тікелей байланысты.
Дегенмен, әлемнің барлық елдері осы мүмкіндікті толық пайдалана алмай отыр.

Қазақстан табиғи ресурстардың ең үлкен потенциалына ие. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жер асты табиғат байлықтарын
игеру еліміздің гүлденуі мен көркеюі еліміздің экономикалық дамуының, өсіп
өркендеп өркениетті елдер қатарына енудегі ең басым бағыттарының бірі
ретінде атап өтті. Бұл ой барлық басымдықтардың ішінде қызыл сызықпен
белгіленіп ерекшеленеді. Ол өзінің Қазақстан халқына жолдауындағы (2001
жыл, көкек) жолдауында:
Біздің стратегиямыздың басты элементтерінің бірі: ұлттық
тәуелсіздігімізді және еліміздің кең-байтақ территориясының тұтастығын
қорғаудың сенімді негізігі көзі болып табылатын бай табиғи ресурстарымызды
игеру.
Экономикалық басымдылық: Біздің энергетикалық және басқа табиғи
байлықтарымызды игеру жалғасатын болады. Оның мақсаты – тек экономикалық
өсуге ықпал ететін экспорттан пайда табу ғана емес, сонымен қатар еліміздің
саяси тұрғыдағы тұрақтылығын, сол сияқты ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету болып табылады.
Бүгінгі таңда еліміздегі мұнай, көмір, қара және түсті металл
рудалары, фосфориттер республикамыздың ұзақ мерзімді қажеттілігін
қамтамасыз ете алады. Қазақстанның жер асты байлығы ТМД елдеріндегі
мұнайдың жалпы запас қорынан 60%, вольфрамның, 50%, қорғасынның, 40% мырыш
пен мыстың, 30% бокситтің, 25% фосфориттің, 15% темір рудасының, 10% жоғары
көмірдің, 90% хромның запас қоры болып табылады. Алтын запасынан еліміз
әлемдегі елдердің ішінде алтыншы орынды иемденсе, алтынның рудадағы құрамы
жағынан ЮАР-дан кейін екінші орында.
Қазақстан мұнай және газ қорының запасы жағынан әлемдегі алдыңғы
қатарлы орындарда. Мамандардың бағамдауы бойынша Батыс қазақстандық
аймақтағы, соның ішінде Каспий жағалауы жақын арада әлемдегі ең ірі мұнай
өндіруші және жеткізуші бола алады. Зерттеу нәтижелері бойынша Каспий
теңізі қайраңындағы мұнай қорының запасы 7 млрд.т. газ немесе 22,5 трлн.м
куб. құрайды.
Осы жұмыстың негізгі тақырыбы болып отырған Ақжар кен орны Каспий маңы
ойпатының тұз күмбезді ауданында орналасқандықтан бұл геологиялық аймақтың
ауданына шөгінді жабындылары жоғары бөлігінің құрылымы мен құрылысының
ерекшеліктерімен сипатталады. Ақжар мұнай кен орнын игеру әрекетіне
бөлінген территория.
Дипломдық жоба Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Ақжар кен орны
туралы толық мәліметтермен таныстыра отырып экономикалық тұрғыдан негіздеме
беру арқылы дайындалған. Ақжар мұнай кен орнын өндірістік игерудің қысқа
және ұзақ мерзімділігі Қазақстан Республикасының мүдделігіне сәйкес
жүргізіліп отыр.
Техникалық–экономикалық негіздеменің мақсаты – Ақжар мұнай кен орнын
игеру және пайдалануға дайындау бойынша инвестицияның тиімділігін талдау
болып табылады.
Ақжар кен орнының өндірістік қабаттарын бұрғылау үшін мұнай компаниясы
кенішті өндірістік жағынан игеру және оны дайындау жұмыстарын кеңейтуді
жоспарлап отыр. Бұл жобаға салынатын инвестиция көлемі пайдаланылатын
объектілердің түрлері мен мұнай өндірісі кешенінің негізгі элементтерінің
шығындарына байланысты болады. Мұнай және газды өндірудің өзіндік құнын
қалыптастыру органикалық геологиялық барлаудың, мұнай кенорындарын
игерудің, ұңғыларды пайдалану мен мұнай кәсіпшілігінің шаруашылығының
күрделі және көпжақты үдерістердің кешенімен байланысты қарастырылған.
Дипломдық жобаның жаңалығы. Рентабельдікті қамтамасыз ететін
өндірілген өнімнің жылдық көлемін анықтау және инвестициялық жобаның
пайдалылығын барлық деңгейде талдау жолдарын ұсыну болып табылады.

1 Ақжар мұнай кенорнының технологиялық сипаты

Әкімшілік бөлінуі жағынан Ақжар алаңы Байғанин ауданы Ақтөбе облысы
Қазақстан Республикасының құрамына кіреді.
Ақжар кенорнының ауданы халықтың ең төменгі тығыздығымен сипатталады.
Ақжар және Жем сияқты барлық қоныстанған пункттер кен орнынан 15-20километр
қашықтықтағы Ембі өзенінің жазығында орналасқан. Бұлақтыкөл кеңшары ғана
солтүстікке қарай 7 км қашықтықта орналасқан. Байғанин ауданының орталығы
Қарауыл-Келді, алаңнан солтүстік - батысқа қарай 90-100км қашықтықта
орналасқан. Ақтөбе – Атырау бағытында жақын арадағы теміржол станциясы
болып табылады,. Ұзаққа созылған өңдеуден кейін уақытша тоқтатылған
Шұбарқұдық және Жақсымай мұнай кәсіпшіліктері солтүстікке қарай 125–135км
қашықтықта орналасқан, ал жұмыс істеп тұрған Кеңқияқ және Жаңажол мұнай
кәсіпшіліктері солтүстік - шығысқа қарай 60 – 70км қашықтықта орналасқан.
Жақын арадағы іс-әрекеттегі мұнай құбыры Жаңажол кәсіпшілігінің аумағында
орналасқан. Кен орны барлық қоныстанған аудандармен жақсы қара жолдар
арқылы байланысқан. Байғанин, Кеңқияқ және Қарауыл–Келді сияқты ірі
аудандары Ақтөбе облыстық орталығымен әуе жолдары арқылы байланысқан.
Жақын арадағы әуежай Ақтөбе қаласының облыс орталығында орналасқан.
Мұнда үнемі Алматы, Астана, Атырау, Москва қалаларына рейстер жасалынып
тұрады.
Ақтөбе облысы Қазақстанның өнеркәсіптік дамыған аумақтарының бірі
болып табылады. Аумақта ең ірі экспорттық бейімделген кәсіпорындар – ААҚ
СНПС – Ақтөбемұнайгаз, Феррохром, Донской ГОК, Ақтөберентген,
Хромдық қосылыстардың Ақтөбе заводы жақын жатқан және алыс жатқан
шетелдердің нарықтарында белгілі.
Қарастырылып жатқан ауданда Бақтыбай, Қаратөбе, Көкжиде, Алибек мола,
Синельниковское, Жаңажол және т.б. мұнай және газ кенорындары өндірілді.
Солтүстік – шығысқа қарай 60км қашықтықта МГӨБ Кенқияқмұнай орын алған.
Одан Атырау - Орск (кенорнынан солтүстік – батысқа қарай 1000 км
қашықтықта) негізгі құбырының N 6 ОАС –на дейін құбыр салынды.
Пайдалы қазбаларына мұнай мен газдан басқа сенондық (Ақтөбе жырасы)
құрылыс материалдары (құмдар, суглиналар, өте қатты құм тастар) кіреді.
Сенондық саздар жақын маңындағы кенорындарды өндіруге арналған бұрғы
ерітінділерін дайындау үшін қолданылуы мүмкін.
Жергілікті халқының саны 24,7 мың адам. Айналысатын кәсібі – мал
шаруашылығы, яғни шөлейтті далалы жерлер жайылымға ыңғайлы.

1.1 Ақжар кенорнының геологиялық құрылымы

1.1.1 Географиялық және әкімшілік жағдайы

Әкімшілік бөлінуі жағынан Ақжар алаңы Қазақстан Республикасы Ақтөбе
облысының Байғанин ауданында орналасқан. АИ N 1549 ( мұнай) сериясының жер
қойнауын пайдалану құқығының лицензиясына ие. Геологиялық бұрмағы бойынша
Ақжар кенорнының бұрыштық нүктесінің координаторы төмендегідей:

Кесте 1 – Ақжар кенорнының бұрыштық нүктесінің координаторы

С.Ш В.Д С.Ш В.Д
1 Блок 1 Блок
48°09′ 30"------------- 56°32′ 47"8. 48°08′ 08" --------------
56° 35′ 56"
48°09′ 24" ------------- 56°33′ 9. 48°07′ 45" --------------
35" 56° 35′ 00"
48° 09′14" ------------- 56°33′45"10. 48°06′ 45" --------------
56° 34′ 45"
48° 09′17" ------------- 56°34′ 11. 48°07′ 10" --------------
30" 56° 34′ 45"
48° 08′ 46" ------------ 56°34′ 12. 48°07′ 17" --------------
32" 56° 34′ 10"
48° 09 ′06" ------------- 56°33′ 13. 48°07′ 32" --------------
35" 56° 34′ 12"
48° 09′ 13" ------------- 56°32′ 14. 48°07′ 25" --------------
28" 56° 34′ 45"
48° 08′ 03" ------------- 15. 48°07′ 40" --------------
56°35′19" 56° 34′ 45"

Геологиялық кескіннің жалпы ауданы 3,807 км2. Аудан екі оңаша бірдей
көлемді (1 және 2) участкілерден тұрады. Географиялық жағдайда Орал асты
үстіртінің шегінде орналасқан, шығыста Мұғаджар таулары (Ақжар блогынан
батысқа қарай 130– 40 км.) Каспий маңы ойпатының арасында орналасқан тау
алды жазықтықтың бөлігі болып табылады. Территория Ақжар учаскесінен (тура
бағытпен ≈ 10км-де оңтүстік–шығыс бағытында ағып жатқан Ембі өзеніне
бағытталған су ағары бар жыраларға бөлінген әлсіз төбешіктелген шөлейтті
дала болып табылады. Ақжар ауданы шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай Ақжар
сайына еңкейген. Бұл сайдың тік солтүстік – шығыс және жатық оңтүстік –
батыс беткейлері бар (1,5 –2,0 км-дей).
Солтүстік жағында жыраның оң жақ беткейі сенондық саздардан құрылған.
Бұл сазбалшықтар барлау жұмыстары және құрылымды – іздеуші ұңғылар үшін
сазды ерітіндіні дайындау үшін қолданылады.
6–7км қашықтықты оңтүстік – батыс бағытында жазықты Құрсай сайы қиып
өтеді де, оңтүстігінде Бүкембай құмдарымен аяқталады. Алаңнан шығысқа
қарай Мойынқұм құмды шағын массив орналасқан.
Аудандағы бедерінің абсолютті белгілері (+160) – (+210)м деңгейде
тербеледі, ал бедерінің салыстырмалы артықшылығы 60 – 70м құрайды.
Бұл аумақ ауа температурасының тәуліктік және маусымдық
тербелістердің үлкен амплитудасының қатаң континентті климатымен
сипатталады.
Қысы қоңыр салқын және қары аз жауады. Ең суық ай – қаңтар
(қаңтардың оташа температурасы –14° С), көбінесе жауын – шашын көп мөлшерде
күздің соңғы жартысында түседі.
Жазы ыстық, құрғақ, жауын - шашын жылы кезеңдерде аз түседі (100 –
150мм-ден аз). Температура +30 - +40° С-қа көтеріледі.
Орогидрографиялық жүйе әлсіз дамыған. Ақжар ауданының орталығында
ағынсыз Қоскөл көлін санамағанда, жалпы ауданда үнемі болатын су ағындары
жоқ.
Көлдің сулары көктемдегі еріген сулардан тұщы болады, ыстық кезеңдері
тартылмайды және Ақжар мұнай өндіру кәсіпорнының техникалық
қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін.
Ақжарсай сайы суға көктемде ғана толады.
Қатаң климаттық жағдайлары өсімдікке және жануарлар әлемінің
кедейлігіне және біркелкілігіне үлкен әсерін тигізеді. Ағаш өсімдіктері өте
аз. Қоныстанған пункттерде көкөніс шаруашылығы дамыған.
Жыртқыш аңдардан қасқыр және түлкілер кездеседі. Қояндар мен
тышқандардың түрлері өте көп. Үй жануарларынан ірі малдар, қой, түйе, жылқы
өсіріледі.

1.1.2 Ақжар кен орнының зерттелуінің тарихы

Қазіргі кезде белгілі тұз күмбезді Ақжар құрылымының орнында 1950
жылдары шағын гравитациялық ауытқу анықталды.
Гравиметриялық зерттеулерден кейін жүргізілген геологиялық түсіру
жұмыстары тұз күмбезінің барын анықтай алмады. Ақжар тұзды күмбез
құрылымының нақты ашылуы 1960жылы МОВ сейсмикалық жұмыстары іске
асырылғаннан кейін болды.
1961 жылы ІV –ІV аймақтың кескініндегі құрылымдық – іздеуші ұңғыларды
бұрғылау кезінде сейсмикалық барлаудың деректері расталды және Ақжар мұнай
кен орны ашылды. Содан кейін Ақжар ауданын қарқынды зерделеу басталды. МОВ,
КМПВ, МРНП сейсмикалық жұмыстары Ақжар құрылымының аумағында тұз үстіндегі
кешенінің деформациялық ерекшеліктері туралы көріністерін айқындауға
мүмкіндік берді.
Аудандағы сейсмикалық зерттеулер мен тұзды күмбездің тереңдігін
картаға түсірумен қатар, құрылымдық геологиялық түсірулер жүргізілді. Бұл
түсіру күмбездің дөңестелген бөлігін ғана емес, сонымен қатар оған
жалғанған күмбез аралық депрессияны да қамтыды. Алынған төрттік беттің
геологиялық картасы құрылымдық – іздеуші бұрғылауға негіз болды. Бұл
жұмыстың нәтижелері бойынша, сондай-ақ аудандық профилдік қиылысулардағы
құрылымдық бұрғылаудың берілгендері бойынша Ақжар мұнай кен орны ашылды
деуге болады. Оңтүстік – шығыс қанатының юра горизонтында және солтүстік
қанатының төменгі борлы горизонтындағы мұнай кеніштері контурланды. Бұл
Ақжар құрылымын терең іздестіріп бұрғылауына дайындауға мүмкіндік берді.
Ақжар алаңында арт және төменгі триас мұнай бергіш қабаттарын анықтау
және күмбездің геологиялық құрылысының кейбір бөлшектерін айқындау
мақсатымен барлаудың аяқталу сатысында құрылымдық және іздестіріп бұрғылау
жұмыстары өткізілді.
Терең іздеуші (1, 2, 3, 4, 7) және барлау (5, 6, 8, 9, 10, 11, 12,
13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27) ұңғымаларын
бұрғылау жұмыстары және сынау жұмыстары триас, юра және төменгі бор өнімді
қабаттарының өнеркәсіптік мұнай бергіштігін белгілеуге мүмкіндік берді.
1966 жылы геологиялық барлау жұмыстарының барлық мәліметтері өңделді, мұнай
қоры саналды және ГКЗ СССР мен бекітілді. Жоғарыда айтылған құрылымды
дайындау және зерттеу, мұнай кеніштерін зерделеу үшін өткізілген және кен
орынды өнеркәсіптік игеруге дайындау үшін толығымен қолданылған жұмыстардан
басқа, Ақжар алаңында өте терең перспективалық құрылымдарды аудандық,
тематикалық, алаңдық сейсмикалық зерттеулер өткізілді.
80-ші жылдары Ақжар аумағында табиғи шайырлар мен жоғары тұтқырлы
мұнайды іздеу жұмыстары өткізілді. Бұл жұмыстар Ақжар күмбезінің альб
шөгінділерінде табиғи шайырының кен орнын табуға мүмкіндік берді.
90-шы жылдары кен орнында алдын-ала барлау жұмыстары өткізілді және
табиғи шайырдың қорлары саналды.

1.1.3 Геологиялық –стратиграфиялық кескін және геологиялық
құрылымның ерекшеліктері

Ақжар мұнай кен орнының ауданы өзіне - Ақжар тұз күмбезді құрылымын
сыйдырады және ол 12,3 х 8,9км өлшеміне тең болады. Тұз үсті мұнай кенорны
тұз күмбезді құрылымының территориясынан кіші болып келеді.
Орографиялық жағдайда Ақжар ауданы шығыстағы Мұғаджар таулары мен
батыста Каспий маңы ойпатының арасындағы Орал асты үстіртінің шағын
учаскесінде орналасқан.
Геморфологиялық жағынан бұл аз төмпешіктелген шөлейтті дала, яғни бұл
дала Ембі өзенінің бағытына қарай су ағыны бар жоталы жүйемен бөлінген.
Ақжар ауданының шекараларында жер бедерінің абсолютті белгілері +160м-ден
+230м шегінде тербеледі, яғни ұзындығының артықшылығы 60–70м құрайды. Бұл
жер бедерінің шағын бөлшектенуін көрсетеді. Ақжар ауданынан шығыс және
оңтүстік–шығысқа қарай Мойынқұм құмдарының массиві, ал оңтүстікке қарай
Бөкембай құмдары орналасқан. Ақжар кен орны Каспий маңы ойпатының тұз
күмбезді ауданында орналасқандықтан бұл геологиялық аймақтың ауданына
шөгінді жабындылары жоғары бөлігінің құрылымы мен құрылысының ерекшеліктері
тиесілі.
Бұл аймақтың бөлігі ірі шөгінді жабындылардың бар болуымен
сипатталады (8 - 9 км). Бұл жабу кунгур гидрохимиялық шөгінділерімен 2
қалыңдыққа бөлінген: тұз үстіндегі және тұз астындағы қалыңдықтар.
Гидрохимиялық шөгінділерден жоғары орналасқан ойыстың шығыс ернеу
маңының литологиялық–стратиграфиялық тілігінің сипаты ойыстың басқа
бөлшектерінің бір жасты қалыңдығына жақын.
Тұз үстіндегі кешенінде жоғары пермдік, төменгі триас, юра, мел,
палеоген шөгінділері жақсы зерттелген және стратиграфиялық жеткілікті
дәрежеде негізделген. Литологиялық олар терригендік – кесекті (
континентальді және теңіздік), аз мөлшерде карбонатты шөгінділер ретінде
көрсетілген.
Жоғары тұз үстіңгі қалыңдықтың құрылысы дисгармониялық
галокинетикалық деформациялармен шартталған Каспий маңы ойпатының шығыс
күмбездердегі тұзды өзектерінің қалыптасуының негізгі кезеңі ертедегі
триастың басында аяқталды. Сондықтан жиі-жиі тікелей күмбездің тұзды
өзектердің апикалды бөліктерінің бетінде триас, сирек, юра немесе бор
жасының терригендік шөгінділері орналасқан. Ойпаттың үлкен бөлігінде юра
және бор қалыңдықтары деформацияланған, төрттікке дейінгі бетінің
геологиялық картасында анық байқалады. Тұзды күмбезді техтоникасымен
жаратылған жергілікті құрылымдардың арасында оң – тұзды белдіктер, тұзды
күмбездер, тұзды штоктар, түбірсіз күмбезаралық құрылымдар,
теріс–күмбезаралық депрессиялар, ауытқымалы белсенді мулдалар, тұндырылған
төбе үстіндегі мулдаларға бөлінген. Ақжар тұзды күмбезінен басқа, мынадай
тұз күмбезді дөңестер белгілі: Құрсай, Тасшы, Байғанин, Шоқыркөл,
Илеймесаймақ, Бұлақтыкөл, Солтүстік Мойынқұм және т.б.
Аймақтық жағдайда тұз бетіндегі техтоникалық және құрылымдық сұлбада
Құрсай, Илеймесаймақ, Қоздысай, Бозоба, Уанқарағанды тұз күмбезді
құрылымдардың тұзды өзектері, сонымен қатар Ақжар тұзды күмбезінің өзегі
тұзды тізбегінің жоғары бөлігінің кампаны болып табылатыны көрінеді. Бұл
тізбектер Каспий маңы ойпатының шығыс бортына субпараллельді бағдарланған.
Ойпаттың шығыс ернеу маңындағы тұз үстіндегі тілігінде жыныс коллекторлары
және қабат – флюидоупорлар горизонттары, яғни көмірсутектер жиналуының
қалыптасуына қолайлы жағдайлар бар. Ақжарға тектес жақын Қаратөбе тұз
үстіндегі кен орны оңтүстікке қарай 80-км-де орналасқан, тұз үсті
күмбезінің оңтүстікке қарай Кеңқияқ –Мортун тобы солтүстік – шығысқа қарай
70км-де орналасқан.
Стратиграфия және литология – Ақжар ауданының шегіндегі тұз кешені
әртүрлі құрылымдық жағдайларда іздеу және барлау ұңғымаларымен өтті. Тұз
үстіндегі қалыңдықтың өнімді бөлігі барлық стратиграфиялық бөлімшелермен
көрсетілген, қысқаша стратиграфиялық және литологиялық сипаттамасы төменде
келтірілген:
Палеозой шөгінділері Пермь жүйесінің төменгі және жоғарғы
бөлімдерімен көрсетілген төменгі Пермь –Р1, кунгур ярусы – Р1 кд – бұл өте
ескі шөгінділер болып табылады. Олардың тұз үстіндегі кен құрылымы мен
қалыптасуының ерекшеліктеріне тікелей қатынасы бар. Кунгур ярусы 2 таңбалық
емес қалдықтармен көрсетілген. Төменгі – галогенді қалыңдық ангидрит және
терригенді жыныс қабатшалары бар тас тұзынан құрылған (негізінен төменгі
бөлігінде). Тіліктің жоғарғы бөлігі – сульфатты – терригенді текше ақ
кристалды гипс қосындысынан тұратын аргиллит қабатшасы бар ангидриттер
ретінде көрінеді. Гидрохимиялық шөгінділер қабаттың қайта бөлу нәтижесінде
қатты деформацияланған, сондықтан галогенді қабатының қалыңдығы бірнеше
ондық метрден күмбезаралық депрессияларды 3,5 мың метрге дейін күмбездегі
тұзды өзекшенің жоғары орналасқан бөлігінде тербеледі. Сульфатты –
терригенді текшенің қалыңдығы 4 метрден 29 метрге дейін тербеледі.
Жоғары Пермь – Р2, татар ярусы – Р2 t күмбезаралық депрессиялардың
терең бөліктерінде ғана емес, сонымен қатар тұзды өзектерінің ірі
беткейлерінің жақын маңында анықталған. Жоғары пермдік шөгінділер барлық
ярустармен (татар, Қазан, Уфа) көрсетілген. Тұз үстіндегі мұнайкенінің
шегінде іздеуші және барлаушы ұңғылар тек қана татар ярусының шөгінділерін
ашты, ал тұзды күмбезінің оңтүстік– ығыс тік беткей маңында – қазан
ярусының жоғары бөлігі ашылды.
Татар ярусы литологиялық жағдайда әктас қабатшалары бар құмайт немесе
сазды жыныстарының алмасуынан көрінеді. Құмдар мен алевриттер ақшыл–сұр,
жасыл және қызғылт түсті, ұсақ түйіршекті, сазды, тығыздалған. Саздар ашық
түсті, алевриттелінген, жіңішке қабатты алевриттері бар, төменгі жағында
аргиллиттерге өтеді.Әктастар жасыл, сұр, сазды. Конгламераттар ұсақ жұмыр
тастардың қабатшалары сирек кездеседі. Татар ярусының қалыңдықтары,
ұңғыманың берілгендері бойынша кен орнының шегінде 0 метрден 138 метрге
оңтүстік–шығыс қанатында тербеледі, 0 метрден 35 метрге дейін мердианалды
опырық шегінде, оңтүстік–шығыс қанатында 0 метрден 117 метрге дейін, 0
метрден 85 метрге дейін солтүстік қанатында тербеледі.
Мезозой кешені триас, юра және мел жүйелерімен көрсетілген, олар
негізінен тұз күмбезді құрылымының тұз үстіндегі бөлігін құрайды.
Триас жүйесі – Т. Күмбезде тек қана триас жүйесінің төменгі бөлігі
орнатылған –Т, каспий маңы сериясының баскунчак горизонты.
Күмбездің төбе бөлігінің тыс шегінде Тасшы тастоникасының
шөгінділері орналасқан. Ол ойпаттың шығысында орта триасқа континентальды
ұқсастық болып келеді.
Литологиялы барлық бұл шөгінділер ұқсас және тектес әртүрлі жыныстар
ретінде бейнеленген.
Кеңқияқ–Мортун кеніш тобының триас тілігінің корреляциясы негізінде
Қаратөбе күмбезінің аймағындағы барлық қалыңдық тас топшаларға бөлінеді:
Соркол, Көкжиде, Ақжар, Құмсай, Тасшы.
Тас топшалар негізінен жыныстардың негізгі литологиялық
әртүрлілігінің алмасу сипатымен айрықшаланады, шамалы петрографиялық
сипатқа да келеді. Сазы қоңыр және жасыл, алевритті, құмайтты, кейбір
жерлері әк тасты, тығыз, бөлек қабатшаларда аргилитті. Алевролиттер сұр,
қоңыр, құмтас – сазды, әк тасты, тығыз. Құстастар сұр, жасыл, қызғылт
қоңыр, ұсақ және орташа түйіршіктелген, сазды, әктасты, негізінен қатты.
Юра жүйесі – J. Юра шөгінділері төменгі, ортаңғы және жоғары
бөлімдерінен көрініс табады. Төменгі юра тілігі – J1 литологиялық құрамы
бойынша екі текшеге анық бөлінген, олар күмбездің ішінде де, сондай – ақ
сыртында да байқалады.
Құмайтты – жұмыр тасты текше (11- 95 м) құмдармен, алевриттермен,
құмтастармен, ұсақ жұмыр тасты конгломераттардың қаралау келген саздардың
қабатшалары бар алевриттермен қосылған.
Сазды текше – (қалыңдығы 2,0 –ден 44- 48 метрге дейін) негізінен
өсімдік қалдықтарының қосындысынан, құмдардың, алевриттердің, құмтастардың
және алевролиттердің шағын қабаттарынан тұратын сұр, алевритті, әктасты
саздармен қосылған.
Ортаңғы юра – J2 арасында қоңыр көмірдің қабатшалары мен линзалары
бар құмтасты – саздың қалдығынан көрініс табады. Саздары сұр, қоңырдан
қараға дейін, кейбір жерлері жасыл болып келеді, шіріген өсімдік
қалдықтарының қосындысынан тұрады. Құмдар мен алевриттер жасыл–сұр, әртүрлі
түйіршіктелген, бос, кейбір жерлері тығыздалған болып келеді.
Жоғарғы юра бөлімі – J3 тек қана төменгі вольтен подьярусымен
сипатталады. Литологиялық жағдайда бұл–құмтастардың, алевролиттердің,
құмдар мен алвериттердің, сирек жағдайда конгломераттардың қабатшаларынан
тұратын саздар. Саздары сұр, жасыл өсімдіктің қалдықтарымен сынықтарының
қосындылары қосылады, тұтқырлы, кейде қоңыр көмірдің жіңішке қабаттары да
қосылады. Құмтастар сұр және жасыл, ұсақ және жартылай ұсақ,
түйіршіктелген, қатты 0 метрден 20 – 30 метрге дейін өзгереді.
Бор жүйесі – К. Бор жүйесінің төменгі бөлімі готерлік, баррем, апт
және альб ярустарынан көрініс алады.
Готер ярусы – К1д1 қабат арасында құмтастар, алевролиттер, әктастар
қосылған теңіз генезисінің біркелкі саз қалыңдықтарынан құралған.
Баррем ярусы – К1 вч континентальды – лагуналы шөгінділерден:
құмдардың алевриттердің және әктастардың қабатшалары бар саздардан көрініс
табады.
Апт ярусы – К1 а1 барлық жерге таралған, оның құрамында анық екі
текше байқалады: төменгі – сазды құмтасты және жоғарғы – сазды. Апт
ярусының жалпы қалыңдығы 39 метрден 53 метрге дейін (62 меридианды
опырықта) тербеледі.
Альб ярусы – К1 al алмасатын саздардың, құмдардың алевриттердің,
құмтастардың және алевролиттердің біртекті қалыңдығын көрсетеді.
Бор жүйесінің жоғарғы бөлімі – К2 саздардан және мергельдерден
көрініс табады. Мергельдер ақ, ақшыл сұр, жасыл сұр, тығыз, кейбір жерлері
бор тәрізді, пирит пен фауналық қалдықтардың қосындылары кіреді.
Стратиграфиялық жағдайда Ақжар алаңындағы жоғарғы бор қалыңдығы турон
– сантонды – К2t + st , кампанды – K2 км миастрихт ярустарына - K2 м
бөлінеді.
Турон-сантон ярустарының қалыңдығы 13-тен 24 метрге дейін, кампан
ярусының қалыңдығы 0-ден 97 метрге, миастрихт ярусының қалыңдығы 0-ден 60
метрге өзгереді.
Төрттік жүйе.
Бұл тастың қалыңдығы 4 метрден 18 метрге дейін жететін шөгінділер,
бор жүйесінің төменгі және жоғарғы бөлімдерінің жыныстарын жауып тастайды.
Олар құмдармен, супесялармен, суглиналармен, ірі құмдардың, жұмыр
тастардың, құмтастың қиыршық тастарының, мергельдердің қосындыларымен
сипатталады.

1.1.4 Акжар кенорнының мұнайлылығы және мұнайдың физикалық – химиялық
сипаты

Ақжар кен орны көп қабатты, тек қана мұнайлы болып табылады:
құрылымдық жоспары бойынша тұзды күмбездің төбесіндегі тұз үстінің
кешенінде техтоникалық экрандалған жинағыштармен шектелген. Күмбез
шекарасының сыртында триас және жоғарғы пермь шөгінділеріндегі кеніш - те,
көмірсутектері әлі табыла қойған жоқ.
Тұз астындағы кешенде, дәлірек айтқанда тұз күмбезінің астында
көмірсутек жиналымдарын сақтайтын құрылымдық жағдайлары жоқ. Ақжар алаңында
шығыс Ақжар тұз астындағы дөңесінің солтүстік периклиналы ғана орналасқан,
онда көмірсутек кеніштері анықталған. Төменгі бор қалдығының ең жоғарғы
бөлігінде жасалған арнайы жұмыстармен тұтқырлығы жоғары мұнайлар мен
табиғи битумдардың жиналымдары анықталды және алдын-ала барланды.
Ақжар тұзды күмбезінің тұз үстіндегі кешенінде өнеркәсіптік маңызды
мұнай горизонттары солтүстік және оңтүстік–шығыс қанаттарына жалғанған.
Онша маңызды емес мұнайдың жиналымдары баррем және апт қабаттарында да
анықталды. Құрылым лықсымалармен қатты бұзылды және мұнай жиналымдары тұзды
күмбезімен дарытылған лықсымалар арасында орналасты.
Ақжар кен орнында барлығы 12 номенклатуралық өнім горизонттары
белгіленген: соның 8-і солтүстік қанатына жалғанған, ал 4-уі – оңтүстік –
шығыс қанатына жалғанған.
Солтүстік қанатының тілігінде мұнайға қаныққан горизонттары келесі
түрде бөлінген: ортаңғы юра бөлімінде – екі (1 юс и пюс); баррем ярусында
–5 –еу (1б, Пб,Шб,ІVб, Vб) және апт ярусында 1-еу. Оңтүстік – шығыс
қанатында төменгі және ортаңғы юрада бекітілген (1 юв және Пюв).
Меридиандық грабендегі негізгі мұнай горизонттарынан басқа апт
ярусында мұнай кеніші анықталды.
Коллекторлары 270 метрден 520 метрге дейінгі тереңдікте орналасқан.
Юра кезеңінің горизонтында кеуектілік 16-дан 27% диапазоны аралығында
түрленеді. Жалпы қуаттылық 6-40 метрге дейін өзгереді, ал тиімді қуаты 2-
38 метрге өзгереді.
Төменгі бор горизонттарында кеуектілік 16-дан 27%-ға дейін өзгереді,
ал тиімді қуаты 3-тен 20 метрге өзгереді.
Мұнайдың физикалық–химиялық ерекшеліктері лабораториялық
зерттеулердің нәтижелері бойынша 13 ұңғымадан мұнайдың 40 сынамасы
зерделенді.
Бор горизонты. Солтүстік қанатындағы бор горизонтының мұнайы
Г–1, Г–6, Г–9, Г–11, Г–26 ұңғымаларындағы 18 беттік сынамамен
сипатталынған.
Мұнайдың тығыздығы 914 кгм3-тан 959 кгм3-қа дейін тербеледі, мұнай
аз күкіртті (0,19-0,81%) бәсең парафинді (0,28-1,51%), шайырлы (22-75%).
Қалыпты жағдайда кинетикалық тұтқырлығы 254-4344 сынап бағанын құрайды.
Асфальтендердің құрамы 0,24-2,15%, 300°С дейін қайнайтын жеңіл
фракциялардың шығуы 7-ден 23,5% дейін.
Бор горизонтының мұнайы ауыр болып саналады, оның қоры өнеркәсіпке
(мәнді) жарамсыз болып табылады, сондықтан мемлекеттің баланстық мұнай
қорына кірмейді.
Юра горизонты. Солтүстік қанатындағы юра горизонтының мұнайы Г- , Г-
9, Г- 1, Г- 27 ұңғымаларының 18 беттік сынамаларымен сипатталған.
Мұнай тығыздығы 857 кгм3-тан 931 кгм3 дейін тербеледі, бәсең
парафинді (0,28-3,08%), шайырлы (12-45%), қалыпты жағдайда кинетикалық
тұтқырлығы 20-1767 сынап бағанын құрайды. . Асфальтендердің құрамы 0,11-
1,14%. 300°С дейін қайнайтын жеңіл фракциялардың шығуы 5,5-тен 41% дейін
құрайды.
Оңтүстік – шығыс қанатындағы юра горизонтының мұнайы Г-15, Г- 18, Г-
19, Г-23 және Г- 25 ұңғымаларының 10 беттік сынамаларымен сипатталған.
Мұнайдың тығыздығы 838 кгм3-тен – 919 кгм3-қа дейін тербеледі, мұнай аз
күкіртті (0,10-0,21%) бәсең парафинді (0,20-1,28%), шайырлы (13-25%).
Қалыпты кинетикалық тұтқырлық 112-56 сынап бағаны. Асфальтеннің
құрамы 0,04-0,24%. 300°С дейін қайнайтын жеңіл фракциялардың шығуы 11,5-тен
25% құрайды.
Қабаттағы қысымы қалыпты. Қабат мұнайы негізінен тығыздығымен,
тұтқырлығымен, төменгі қабаттық қысымымен және температурамен
сипатталынған. Мұнайдың газбен қанығу қысымы төмен. Бұл мұнайдағы газ
мөлшерінің төмендігінен көрінеді.

1.1.5 Мұнай қорлары және кен орынды өнеркәсіпті игеруге дайындау

Ақжар мұнай кенінің мұнай қорларын есептеу үшін көлемді әдіс
қолданылады, өйткеі басқа есептеу әдістері мұнай кеніштерін игеру мен
пайдалануда ұзақ уақыт бойы орналасқан жағдайда ғана қолданылады.
Барлау ұңғымаларын зерттеу, бұрғылау, сынау нәтижелері бойынша
мемлекеттік баланстық геологиялық және алынатын ресурстардың есептемесі 914
2700 тонна және 2777000 тонна құрайтынын көрсетеді, сонымен қатар, барлық
қорлар С1 санатына жатады.
Жолаушы газ қорларының есептемесі құрамындағы еріген газдың
төмендігінен өткізілген жоқ. Газ факторы 0,5-7,0 м3т аралығында өзгереді,
горизонттардың көбісі 4,0м3т-дан аспайды.
Қойылған талаптарға сәйкес кен орынды игеруге және кәсіпшілік пен
өнеркәсіптік құрылысқа күрделі қаржылар салымдарын негіздеу үшін мұнай
кеніштерінің дайындылығы А1 В және С сатыларындағы мұнайдың баланстық
мөлшерінің қатынасымен анықталады. Шағын кен орындары үшін (Ақжар бұл
түрге жатады) А+В сатысының сапасы бойынша барлық қордан 30% төмен болмауы
қажет.
Ақжар кенорны мұнайының баланстық қоры 9143 мың тонна және толық
көлемде С1 сатысына жатады. С1 сатысынан қалған алынатын қорлары 2771
мың тоннаны құрайды. С1 сатысының баланстан тысқары қоры 5103 мың тонна.
Сонымен осы сандарға жүгінсек, тұз үстіндегі Ақжар кенорны өнеркәсіптік
игеру жұмыстарына дайын емес. Бірақ Ақжар кен орнының географиялық –
экономикалық жағдайлары мен өнімді горизонттарын зерделеу дәрежесіне
қарап сынама эксплуатациясын өткізуге толық дайын деп санауға болады.

Кесте 2 – Мұнай және сұйық бойынша жобалық деңгейлер

Қабаттар Мұнай өндіру, мың тоннаСұйық өндіру, мың тонна
І –ортаңғы юра (СК) 75 88,2
ІІ- ортаңғы юра (СК) 53 68,5
Төменгі юра + төменгі 127 189,8
триас (ЮВК)
І –ортаңғы юра (ЮВК) 31,9 88,0
ІІ- ортаңғы юра (ЮВК) 28,6 92,3
Апт қабаты ( 4,0 5,2
меридиандық грабен)

1.1.6 Техтоника

Кеңістік жағдайында Ақжар мұнай кен орны Ақжар тұз күмбезінің
тұз үстіндегі түзілімдерінде орналасқан.
Сейсмобарлаудың қазіргі деректері бойынша Ақжар күмбезінің тұз
ядросының апикалды бөлігінің тұз астындағы арнасы батысқа қарай – 4000
метрден – 44000 метрге дейін беті қисайған болып көрінеді. Шығыс Ақжардың
солтүстік периклині Ақжар алаңының шығыс бөлігінің астында орналасқан.
–4000 –4025 метр белгілерімен Ш қабатының шағын тұйықталған кедергісі
жоспарда 24-ші және 4-ші ұңғымалардың арасында орналасқан. Сондай-ақ, Ақжар
алаңының шекараларында орналасқан П – 7 және 11 ұңғымалармен тұз астындағы
түзілімдер - 4206 метр және -4138 метр белгілерінде ашылды.
Ақжар алаңындағы тұз ядросының астында П8 қабатында түбінің белгілері
– 6000 метрге жететін грабен тәрізді құрылым орналасқан және шығыс пен
батыстық белгілері 6580-5650 метрге дейін көтеріңкі блоктармен шектелген.
Ақжар күмбезінің тұз ядросының беті сейсмобарлаумен және бұрғылаумен
зерттелген.
Тұз ядросының апикальді бөлігінде орналасқан гидрохимиялық түзілімдер
жабынының абсолюттік белгілері – 250 метрден төмен емес. Сейсмобарлау
зерттеулерінің жаңа деректері келесіні көрсетеді:
Ақжар күмбезінің тұзды ядросы созылған субмеридианды бағдарланған
тұзды қырқалардың бетінде оңашаланған қампаюды көрсетеді. Гидрохимиялық
шөгінділер бетінің құрылымдық картасында (VІ–көрсететін қабат). Ядроның
салыстырмалы жайпақ апикальды бөлігімен ірі баурайлардың арасында шекара
анық байқалған. Тұз қырқасының батыс ірі беткейі тұзды қабатпен
күрделенген, сонымен қатар Ақжар алаңының оңтүстік бөлігінде де тұзды
қабаттың бар болуы болжанады. Тұзды күмбездің тұз үстіндегі бөлігі
гидрокинетикалық қозғалыстардың үрдісінде нақты деформацияланған. Күмбездің
сона бөлігіндегі тұз үстіндегі кешеніне толығымен өтіп кететін және
гидрохимиялық шөгінділердің жоғарғы бөлігіне енетін айырылымды бұзылыстар
тұз үстіндегі кешенді техтоникалық жекеленген элементтерге бөледі:
ендік және меридианды күмбез үстіндегі грабендері мен қанаттар –
оңтүстік–батыс, оңтүстік–шығыс грабені Ғ1 және Ғ2 субпараллельді
техтоникалық бұзылыстар құрылды; олар күмбездің солтүстік бөлігіндегі
бағытын субендікке өзгертеді және оңтүстік және оңтүстік –батыстан ендік
грабенді шектейді.
Ақжар алаңының оңтүстік бөлігінде Ғ1 және Ғ2 лықсымалары сөнбей
Құрсай тұзды күмбезіне созылады. Солтүстік бөлігінде меридианды грабені Ғ5
лықсымамен шектелген. Күмбез үстіндегі грабеннің меридианды тарамының ені
төртікке дейінгі бетінде 0,8-1,0 км-ден аспайды.
Оңтүстік-батыс қанаты көтеріңкі болып келеді. Оның күмбез маңының
бөлігінде төрттікке дейінгінің бетіне апт жыныстары шығарылған.
Солтүстік–шығыс пен шығыстан қанат Ғ1 лықсымамен шектелген.Солтүстік қанаты
әбден түскен, сондай-ақ қалыпсыздық палеомульданың ішкі ернеу аймағы болып
табылуы мүмкін. Бетінен қанат кампон жыныстарынан құралған лықсыма маңы
бөлігінде қанатының шегінде Ғ4 лықсымасы табылған.
Оңтүстік–шығыс қанаты оңтүстік–батысқа сәйкес салыстырмалы
түсірілген, ал солтүстік қанатына қарай салыстырмалы көтеріңкі. Батыстан
және оңтүстіктен ол Ғ2 лықсымамен шектелген. Оңтүстік–шығыс қанатының әбден
көтеріңкі бөлігінде төрттікке дейінгінің бетін төменгі альб жыныстары
шығарылған.
Ендік грабен батыс – солтүстік–батыс бағытында бағдарланған және
солтүстік қанатты оңтүстік–батыс және оңтүстік–шығыс көтеріңкі қанаттардан
бөледі. Грабен ассиметриялы: оны солтүстіктен шектейтін Ғ4 –Ғ4 бұзылысының
амплитудасы 80 метрден аспайды, оңтүстіктен (Ғ1 – Ғ1) –200 – 350 метр.
Меридианды грабен ендікке сәйкес 60–100 метрге көтерілген және оның
оңтүстікке қарай түсетін жыныстарының көлбеу жатысы бар. Өз кезегінде бұл
Ғ7 - Ғ7 лықсымалы екі грабені әртүрлі бөлімдерге бөлінеді: солтүстік және
оңтүстік.
Солтүстік бөлігі оңтүстік бөлігімен салыстырғанда 30 метрге түскен.
Сөйтіп, Ақжар құрылымы тұз үстіндегі түзілімдері бойынша үш қанатты, өте
күрделі құрылған лықсымалармен бұзылған, құрылысы жағынан оңтүстік Ембінің
әдеттегі тұзды, күмбезді құрылымдарына жақын, жасырынды бұзылған тұзды
күмбез ретінде көрінеді.

1.1.7 Топырақ жамылғысы

Ақжар кенінің ауданы табиғи жағдайлардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Геморфологиялық жағдайда Ақжар Орал асты үстіртінің шекарасында орналасқан.
Топырақты–географиялық жағдайда аудан оңтүстік далалы аймақта орналасқан
және де шөлейттермен шектеседі, сондықтан мұнда жылу мен ылғалдылық
балансының өзгеруімен байланысты құрғақ далалардан шөлейттерге көшуі анық
байқалады.
Ауданның климаты шұғыл континентті, шұғыл айқындалған материктік
климаттың барлық белгілерімен сипатталады. Құрғақ даланың белдемшелеріндегі
жауын–шашынның жылдық мөлшері 225 – 250мм жуық, сондай-ақ жылы кезеңде 10°С
– тан жоғары температурада 120-150 мм түседі. Қысы қатаң және суық, тұрақты
қар жамылғысы мен қыстың ұзақтығы 130 күн, абсолютті минимумы 42 - 48°С
аязға жетеді. Жазы ыстық және салыстырмалы құрғақ, абсолютті
температуралары +40 + 45°С-қа дейін. Солтүстік – шығыс және батыс бағытында
жиі жел соғады.
Ауданның топырақ жамылғысы бір текті еместігімен ерекшеленеді; бұл
табиғи – климаттық жағдайлардың ерекшеліктеріне, топырақ құраушы тау
жыныстарының сипатына, жердің бедеріне, грунтты суларының бар болуына және
орналасу тереңдігіне байланысты.
Белдемшенің белдемділік топырақтары селеулі – жағамұздық
өсімдіктерден дамыған ақшыл қоңыр түсті болып келеді. Далада сортаңдар кең
тараған. Қазақстан Республикасының Гипрозема топырақтану институтының
картографиялық және ақпараттық қор мәліметтерімен құрастырылған Ақжар кен
орны аумағының және оған жалғанған аудандардың топырақ картасында
топырақтың келесі түрлері белгіленген:
1. Қалпты ақшыл қоңыр;
2. сортаңды ақшыл қоңыр;
3. эродияланған ақшыл қоңыр;
4. қалыпты қоңыр;
5. шөлейтті далалы сортаңдар;
6. кәдімгі шалғынды ақшыл;
7. жартылай бекітілген дөңестелген құмдар.

1.1.8 Су ресурстары

Қарастырылып отырған аудан өте әлсіз дамыған өзен жүйесімен
сипатталады; ол – оңтүстік-шығыс бөлігінде ағатын Ембі өзені болып
табылады. Ембі өзені Мұғаджар тауларынан басталып оңтүстік-батыс бағытында
созылып жатыр. Қазіргі кезде өзен сулары Каспий маңының өзендеріне қосылып
кетеді. Ембі өзенінің сулары мұнай өнімдерімен ластанған. Мұнай өнімдерінің
құрамы балық шаруашылық су қоймасы үшін шектеулі рақалы концентрациядан 6 –
7 рет асып түседі.
Ауданның орталығында екі ағынсыз Қоскөл көлдері орналасқан. Бұл
көлдер көктемде еріген қар мен жауын–шашын суларымен толады және жыл бойы
тұщы суларын сақтайды.
Көлдің суларын Ақжар кәсіпорнының қажеттіліктері үшін техникалық су
ретінде қолданады. Солтүстік – шығыс жағынан Ақжар алаңын Ақжар сайы
шектейді; ол көктемде суға толып, жазда құрғап кетеді.

1.2 Кен орнын барлауға дейінгі бағдарлама

Іздестіру – барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша Ақжар алаңында тұзды
күмбезінің солтүстік және оңтүстік–шығыс қанаттарының тұз үстіндегі
шөгінділерінде мұнайдың өнеркәсіптік кеніштері табылды.
27 іздеуші және барлаушы ұңғымаларды терең бұрғылау кезінде триас,
юра және төменгі бордың өнімді горизонттарында мұнайдың өнеркәсіптік
кеніштері табылды.
Кеніштердің геологиялық – физикалық параметрлері әлсіз зерттелген:
аудан бойынша тиімді мұнайлы қалыңдықтардың мінез–құлқы, қабат –
коллекторлардың өткізгіштік коэффициенті, қабаттың жағдайлардағы мұнайдың
қасиеттері және ұңғымалардың шығымдық сипаттары. Бұл мұнайдың кен орнын
өнеркәсіптік игерудің орындылығына сәйкес мына жағдайларға байланысты үлкен
белсіздік бар:
• Мұнай ұңғымалары мұнай өндіру бойынша ұзақ мерзімді өнімділікті
анықтауға мүмкіндік беретін жеткілікті уақыт бойы сынаудан өткізілген
жоқ. Ақжар кенорнында өнімді қабаттардың ұзақ мерзімді сынама
пайдалану жұмыстары өткізілген жоқ;
• қабаттағы мұнайдың құрамында газ көп емес мөлшерде болады және өте
жоғары өнімділік мұнайдан шығатын еріген газбен қамтамасыз етіледі
және ұсталынады;
• берілген мұнай кен орны өте терең емес жерде орналасқан, қабат қысымы
өндіру деңгейін ұстап тұру үшін жеткіліксіз.
Ақжар мұнай кенорнын өнеркәсіптік игерудің орындалуына жағымсыз ықпал
ететін басқа факторға оның құбыр өткізгіш инфраструктурасынан алыстап кетуі
жатады.
Қазақстанның жергілікті нарықтарға кіру мүмкіндігін және ТМД
шекарасынан тыс нарықтарға экспорттауды қамтамасыз ету үшін ұзақтығы елеулі
мұнай құбырының құрылысы қажет.
Осы себептерге байланысты толық өнеркәсіптік игерудің орындылығын
анықтау мақсатында Ақжар мұнай кенорнында барлауға дейінгі жұмыстары
өткізілді.
Барлауға дейінгі жұмыс бағдарламасына келесілер жатады:
1. 10 ұңғыманы қайта енгізу әрекеті жүзеге асырылды. Бұл скважиналарды
қайта енгізу бағдарламасына келесілер кіреді:
• Цементтік көпір бұрғыланды;
• ұңғымалардың оқпандары толық тазартылды;
• зерделеніп жатқан қабатта перфорация өткізілді;
• ұңғымалардың сағалары, НКТ, батпалы сорап пен штангілер қолданылуда.
2. Каротаждық диаграммалардың жаңа сериясын және сұйықтықтың үлгісін,
қабат – коллекторының қасиетін анықтауға арналған Керн туралы
мәліметтер алу үшін бес жаңа барлаушы ұңғымалар бұрғыланды;
3. Екі өлшемді сейсмобарлаудың деректері қайта өңделді;

4. 49 шаршы километр ауданында үш өлшемді сейсмобарлаудың деректері
қабат–коллекторларды игеруді және контурлауды жеңілдету үшін алынды. Үш
өлшемді сейсмобарлаудың деректері мұнай кен орнын тиімді және оңтайлы
игеруді қамтамасыз ету үшін қолданылады.

1.3 Кенорнын игеруді жоспарлау

1.3.1 Игерудің объектілерін белгілеу

Кесте 3 – Ақжар кенорнының негізгі құраушысы

Объектінің құраушыларыӨндіріс объектінің құраушыларының
қысқаша сипаттамалары
1. Өндіруші ұңғылар
Өндіруші ұңғылар Барлығы 17 өндіруші ұңғылар. Ұңғылардыңсағаларында
винттік сораптар бекітілген. Мұнай-су қоспасы
өндіруші ұңғылардан сораптармен ұңғы алаңдарда
орнатылған мұнай резервуарларына айдалады.
Мұнай резервуарлары Ұңғылар алаңында 1 мұнай резервуардан орналасады.
Кейбір ұңғыларда 2 резервуардан орналасқан.Олардың
көлемдері әртүрлі болады, ал оңтүстік блогында Г –
25 ұңғының маңында 6 резервуарлан бар, біреуі – Ү
= 70 м3, бесеуі Ү = 40 м3. Өндіруші ұңғылардың
резервуарларының толық көлемі 1320м3 тең.

Кесте 3-тің жалғасы
АЗС А – 13 (Оңтүстік блок) ұңғымасынан 30 м
арақашықтықта орналасқан. Алаңда келесі жабдықтар
бар:
Жылу таратушы бағандар – 2 дана;
Ү = 25 м3 көлемді резервуарлардың отыны – 2 дана;
ДЭС – 100;
Ү = 10 м3 көлемді отынның жер астындағы ыдысы.
2. Мұнайды дайындау қондырғысы
Мұнайды қыздыру пеші Арнайы жабдықталған шағын вагонда орналасқан. Оның
қасында сыйымдылығы 5 т ішінде отыны (мұнай) бар
ыдыс орнатылған.
Реагенттер блогы Мұнайға реагенттер қосу үшін арналған.
Мұнайдың жерасты Ұңғылардан әкелінген мұнайды қабылдау және сақтау
резервуарлары үшін арналған. Ү = 50 м3, 2 дана.
Мұнайды айдау Мұнайды алаң ішінде айдауға арналған. Өнімділігі -
сораптары Ү = 50 м3.
Қабат суын құю тұрағы Автокөлікке қабат суын құю үшін арналған.
Суды айдау сорабы Автокөлікке резервуардан су айдау үшін өнімділігі
50 м3.
Трансформаторлық Мұнай дайындау қондырғыларын электр бергіш
подстанция тізбектерге қосу үшін арналған.
Тұндыру Мұнай айдау өнімділігі 50 м3.
резервуарларына
мұнайды айдау
сораптары (2 дана)
Мұнайды тұндырғыштар Мұнайды тұндыруға арналған 3 резервуар.
Әрқайсысының көлемі -Ү = 50 м3. Жүйенің жалпы
көлемі – 150м3.
Суға арналған ыдыс Тұндырушы – резервуарлардан қабат суын жинауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту
Прикаспий мұнай-газ провинциялары
Ақтөбе – Астрахан күмбезі
Көкжиде кен орнының игерілуінің сипаты
Ұңғы құрылымын жобалау
Жаңажол кен орнында суландыруды классикалық түрде пайдаланудың тиімділігін зерттеу
Кенқияқ мұнай кен орны
Тұз асты түзілімдері
Қазақстанның алтын қоры картасын құрастыру
Шұбарқұдық мұнай кен орны
Пәндер