ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс

Студент: ЕҚ 303 топтың 3 курс
студенті
Қорабаева
Жауқазын
Ғылыми жетекші: Исаева Ақжолтай Тұрдақынқызы

Астана – 2010 ж.

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Салық жүйесінің даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Салық жүйесінің элементтері мен салық салу
қағидалары ... ... ... ... ... ... . 10
1.3 Салық қызмет ұйымдарының құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ...12

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ ... .15
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының барлық қалыптасу
кезеңдеріндегі салық жүйесінің рөлін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 23
2.3 Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің
көрсеткіштік жағдайына экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 35

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЛЫҚПЕН ЖҮЙЕСІМЕН
САЛЫСТЫРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
3.1ҚР-ның салық жүйесін дүниежүзілік салық жүйесімен
салыстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
3.2ҚР-ның салық жүйесіндегі мәселелер және салық жүйесін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..66

КІРІСПЕ

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы
болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси
әлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Салықтық жүйе мемлекеттік биліктің тиімді формаларының бірі болып
табылады.Салықтар – бұл мемлекеттік табысының негізгі көзі ғана емес, бұл
қоғамның барлық салаларына әсер ететін нарық түріндегі экономиканы басқару
жүйесінің әрекеттегі әдісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында 1991 жылы 25-желтоқсанда қабылданған Қазақстан
Республикасындағы Салық жүйесі туралы заңы тәуелсіз еліміздің салық
жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің
экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі болып табылады. Соған
байланысты еліміздің экономикасында елімізде бұрын болмаған жаңа құрылыстар
мен өзгерістер енгізіле бастады. Оларды атап айтатын болсақ шаруашылық
жүргізу еркіндігі, меншік түрлерінің бір-бірімен теңдігі, шаруашылық
жүргізушімен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізі жүргізілді.
Бұл заң салық жүйесін құрудың басты қағидаларының салықтар мен бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлерін, олардың бюджетке түсу
тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып табылады.
Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының
құқықтары мен міндеттері республикалық және жергілікті органдардың салыққа
байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын белгіленді. 1995
жылдан бастап салық жүйесіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар
енгізілді. 1995 жыл сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің
қабылдауымен заң күші бар Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер
туралы жарлығы қабылданып,  Қазақстан Республика-сының 1995 жылғы 1
шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі
біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп халықаралық
тәжірибеге мейлінше жақындатылған.
Салық мәселесімен А.Нұрымов, Б.Ермекбаева, Н.Мамыров, К.Ілиясов,
Ө.Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады.
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып
және нығайып келеді. Мысалы, 2006 жылғы Елбасының Жолдауына зерделей
үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты
болжаулармен  түйінделгенін ұғынамыз. Президент биылғы Жолдауында
Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе
жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы  негізгі жеті басым
бағытты айқындаған екен. Сол басымдардың ішінде салық мәселесіне біршама
өзгерістер енгізілді. Екінші басым бағыт Қазақстанды жаңа белеске көтеру-
тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы болмақ. Яғни экономикалық саланы
жаңарту және жаңғырту,  қарқынды дамыту жолдарын ұстануымыз қажет деп
қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі күні салық жүйесі – бұл тек қана салықтар
тізімі, олардың мөлшерлемелері, субъектілері, объектілері ғана емес. Бұл
экономикаға әсер етудің күшті тетіктерінің жиынтығы, мемлекеттік биліктің
тиімді формаларының бірі. Салықтар мемлекеттің өмір сүруін экономикалық
сипаттауын бейнелейді деп К. Маркс әділ көрсетеді. Салықтық жүйенің дұрыс
құрылуына, салықтар мен мөлшерлемелер үйлесімділігі ұлттық экономиканың
жағдайы, яғни Қазақстанның болашағына елеулі әсер етеді. Осы аталған мәселе
– дипломдық жұмысымның өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің
экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге,
экокномикалық өсімге инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін
және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады және
Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі
салық жүйесінің алатын орны мен рөліне талдау жасау және оны жетілдіру
жолдарын ұсыну болып табылады.
Зерттеудің алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді
шешу алға қойылды:
- салық жүйесінің мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, шет елдік салық
салу тәжірибесін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру
жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру,
қорытынды жасау;
- салық жүйесінің шаруашылық субъект қызметіне әсер етуін талдау;
- салықтардың мемлекеттік бюджеттегі орнын қарастырып, талдау және
салықтың экономикалық маңызын ашу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысым кіріспеден, үш тараудан
сегіз бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының теориялық және
практикалық өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу мақсаттары мен
міндеттері, зертеудің объектісі анықталып, қорғауға ұсынылған негізгі
ғылыми жаңалықтары келтірілген.
Бірінші бөлімінде  Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму
тарихы, салық жүйесінің элементтері мен салық қағидалары және салық қызмет
ұйымдарының құқықтары мен міндеттері қарастырылған.
Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылымы,
оның экономикалық дамуының барлық қалыптасу кезеңдеріндегі салық жүйесінің
рөлі талданып, қарастырылды.

Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының салық жүйесін дүниежүзілік
салық жүйесімен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасының салық
жүйесіндегі мәселелер мен салық жүйесін жетілдіру жолдары ұсынылады.

1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

1.1 Салық жүйесінің даму тарихы.

Салықтар-бұл ертеде пайда болған, мемлекетпен алынатын міндетті
төлемдер. Тарихтан бүгінгі күнге тек қана салықтың жеке түрлері жетті, яғни
ертедегі мемлекеттердегі салықтар жиынтығы ретіндегі салық жүйесі туралы
толық мағлұматты білмейміз. Салықтың ежелгі түрі-құдайға беру бес кітапта
келесідей жазылған: “Ағаш жемістері және жердегі тұқымның әрбір ондығына
Құдай ие”. Осыған байланысты салықтың алғашқы мөлшерлемесі табыстан 10%-ы
мешіт қызметкерлеріне берілді, кейінірек мемлекетпен алынатын салықтар
пайда болды.
Салықтарды алудың әдістері мен формаларының дамуында үш ірі кезеңді
бөліп көрсетуге болады:
Бірінші кезең-бұл көне әлемнен орта ғасырға дейінгі даму, мемлекеттің
салықтарды жинау және анықтау бойынша қаржылық аппараты жоқ. Мемлекет тек
қана алғысы келетін қаражаттардың жалпы сомасын ғана анықтайды, ал салық
жинауды тайпаға немесе қалаға жүктейді.
Екінші кезең (XVI – XIX ғасырдың басы) бұл елде мемлекеттік мекемелер
жүйесі, оның ішінде қаржылық пайда болып, мемлекет қызметтердің бір бөлігін
өз мойнына алады: салық салу квотасын белгілейді, салық жинау процесін
бақылайды.
Үшінші кезең-қазіргі мемлекет салықты белгілеу және жинау бойынша
барлық қызметтерді және салық салудың өңделген тәртіптерінің бәрін өз
қолына алады. Биліктің аймақтық ұйымдары мемлекеттің көмекшілік ролін
атқарады.
Қазақстан территориясында салықтар мен салық салудың дамуы өзіндік
әдістемелік теориясына ие, бұл мүмкін көшпелі тайпалар көшпелі емес
халықтарға қарағанда меншік, айырбас және ақша формаларын ерте дамытады
деген К.Маркстің тұжырымдамасына байланысты шығар.
Ертедегі ортағасырлық (батыс түрік және түркеш қағанаты) мемлекетінің
дамуы кезеңінде жеке меншік көрінісі ретіндегі әскери міндеттілік туралы
мәселе жазбаша мәселелерде шектелген. Соған қарамастан негізгі әскери
міндеттіліктің бірі соғыстық (басқаша айтқанда қан салығы) оған
байланысты вассалды тайпалардың барлық еркектері-сюзерене тайпасының
сұрамына енгізілгені белгілі. Құл-тайпалар бұл вассал-тайпалары, олар
сюзерен тайпасына тері, жүн түрінде алым төлеуге міндетті болды.
Қарахандықтар мемлекетінде маңызды әлеуметтік-саяси институт болып әскери
тайпалық жүйе болып табылады. Хандар өздерінің жақындарына, бұрын
мемлекетке төленетін, тұрғындардан жиналатын салықтарды иеленуге құқық
береді. Бұл жағдай икта деп аталып, ал оны ұстанушы араб терминімен
мухта, немесе иктадар деп атады. Икта институты Қазақстанның оңтүстік
және оңтүстік-шығысының шаруашылық және саяси өмірінде маңызды роль
атқарады. Икта мазмұны және иктодорлардың құқықтарын белгілеу нақты
анықталады. Низам-Аль-Мульканың Иктасы бар мукта өзінің заңды салымын ғана
жинауы тиіс, ал халыққа байланысты оларға ештеңе бұйрық берілмеген деген
сөзі айтылған. (Сиасет-нане Низам-Аль-Мулька жүзжылдығы XV ғасырдағы уәзір
басшылығы туралы кітап, Москва, 1949ж. 34 бет)
Вакфтық жерлерден (мұсылмандық дін басылардың жерлері) мемлекет
пайдасына салықтар алынған жоқ. Отырықшы елдерден сыбағаластық алынды:
жиналған өнімнің салық түріндегі белгілі бір бөлігі.
X-XII ғасырларда комендациялар институты кеңінен тарады: ұсақ меншік
иесі жерлерін басқа феодалдар мен шенеуліктердің зарлығынан сақтау
мақсатында байларға қамқорлыққа берді, ол үшін белгілі салық мөлшерін
төледі.
Салық салуда күрделі өзгерістер моңғол шапқыншылығы кезеңінде
жүргізілді: олар бірінші болып орталықтандырлған мемлекеттік билік ұсынысын
енгізді, сәйкесінше қазақ даласына да ортақ салық жүйесі енгізілді.
Моңғолдар Қазақстан территориясында дифференциалды салықтар жүйесін
бекітті: құлшыр-лан үйінің пайдасына салықтар, хардж-отырықшы аудандардың
жер салығы, зекет-малдан салық, әскерді азық түлікпен қамтамасыз ету үшін
натуралды сипаттағы тагар салық, авариз – күтілген салық. Шыңғыс хан
империясында тұрғындардың барлығы өздерінің табыстарынан 10% мөлшерінде
салық төлеуге мәжбүр болды. Зерттеушілер моңғолдармен белгіленген салықтың
20 түрін есептейді.
Қазақ қоғамының салық жүйесінде салықтың негізгі төлеушілері қарапайым
көшпелі-малшылар (шаруалар), жермен айналысушылар, қарапайым тұрғындар ұсақ
саудагерлер және райаттар болды. Оларға көптеген салықтар мен алымдар төлеу
міндеттемесі жүктелді: мал иелерінен-ұшыр, тоғар, баж, хараж.
Қазақстан территориясындағы салық жүйесінің келесі күрделі өзгерісі
Ресей империясына қосылу кезеңінде жүргізілді. Территориялық-әкімшілік
құрылымда және әлеуметтік-экономикалық дамудағы өзгерістер колониялық
империя қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа салық жүйесіне қабылдаумен
негізделді. Отырықшылық өсімінің қарқынына қарамастан көшпенділер салық
төлеушілердің негізгі тобы болып табылды. 1880 жылы олар 90,5% , ал 1897
жылы – 82% құрады. Қазақ тұрғындарынан мемлекеттік салық формасы ретінде
күркелік алым болды (Жетісу мен Сырдария отбасында бір күркеден-2 сом 75
тиын, ал дала жерлерінде -3сом). Бөкей ордасында салық салудың ерекше түрі
қалыптастырылды. Мұнда ертеде алынатын зекеттен соғым (натуралды салықтар)-
бірлік ақшалай жинаққа-малдан алымға көшірілді. Бұл көшпенділерді малдардан
қолма-қол ақшалары бар орыс көпестеріне өте арзанға сатуға мәжбүр етті.
Салық заңдылығы салықтарды алудың пропорционалды жүйесін әртүрлі
топтардың материалдық қамтамасыздығын сепке алмай енгізді. Бұл айқын
бейнеленген саяси сипаттама болды. Кейінірек қатаң, әділсіз салық саясаты
1868 жылғы Торғай және Орал облыстарындағы қазақтардың көтерілісінің
себептерінің бірі болды.
Қазақстандағы 1918-1920 жылдар кезеңі әскери коммунизм және азық-түлік
диктатурасы саясатымен байланысты болды. Бұл саясат арнайы әскери күштермен
жүргізіліп, кедей тұрғындардан асырғы азықтары тартып алынды. Соның
нәтижесінде аштық басталды. Мұндай “салықтық ауыртпалық” нәтижесі 1921
жылғы көтеріліс болды.
20-30 жылдардағы Қазақстан тарихы – үздіксіз қорлық тарихы: мал алу,
отырықшылыққа көшуге күштеу, репрессия және аштық. Күш көрсету саясатын
іске асыру үшін мемлекет салықтық қарыз ауыртпалығы Қазақстан ауылдарына
түсті. Сонымен, 1927-1928 жылдары ауыл шаруашылық салығының шаруа
қожалықтарына есептелген барлық соманың 33 % кулак шаруашылықтарын 4% ғана
төледі.
Осы шаруашылық жылында ірі мал шаруашылықтарының 0,6% мал шаруашылығы
салығының барлық сомадан 25% төледі. Ауылдағы бір шаруашылық орташа
мөлшерде 239 сом, ал ауылда 323 сом төлеп отырды. Бұдан бөлек “өзіндік
салық” деп аталатын, ауыл шаруашылық салығынан 4 есе көп салық енгізілді.
Салық нормасынан өсімі әсерінен шаруашылықтардың көп бөлігі қалаға
кетті немесе табыс көздерін және қызмет түрлерін ауыстырды. Мал
шаруашылығымен айналысушылар салық ауыртпалығын көтере алмай шет елдерге
қашып кетіп жатты. [1; 198-230 бб]
Қазақтанның салық жүйесі Совет үкіметінің салық жүйесі құрамында
дамыды. Мұнда “дүниежүзіндегі бірінші салықсыз мемлекет” құруды
көздегендіктен, салықтық жүйе теориясына жетік көңіл бөлінген жоқ.
“Американы адам басына өнім өндіруден озамыз” ұраны бойынша тұрғындар
жоғарғы салықтар төледі. Ауыл шаруашылығы нашарлап, 60 жылдары өндірістік
дағдарыс басталды. Ашаршылық қаупін сезгеннен кейін ғана ел басшылары шаруа
қожалықтарына салықтарды азайтты.
XX ғасырдың соңында Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып табылды, ел
алдында тиімді нарықтық экономиканы құру міндеті тұрды. Реформаларды
дамытудың маңызды факторларының бірі салық саясаты болып табылады.
Қазақстандық қаржылық ғылым алдында салық және салық салудың күрделі және
ауқымды мәселесі, яғни жоғарғы тиімді дамыған салықтық жүйе құру міндеті
тұр. [2; 1-2 бб]
       Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған
Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесі туралы Заң тәуелсіз салық жүйесін
құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады.
       Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі
болып саналады. Осы кезеңдерде елде көптеген өзгерістер болды және
экономиканың дамуына көптеген құбылыстар, атап айтқанда, меншіктің көптеген
түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы
қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі және тағы да басқа құбылыстар
іске аса бастады.[4]
       Осы Заң бойынша алғаш рет Қазақстан Республикасында 42 салық түрі
қызмет етті және олар  3 топқа бөлінді:
жалпы мемлекеттік салықтар – 10,
міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар – 11,
жергілікті салықтар мен алымдардың 18 түрі.
       Бұл салықтардың негізін табыс салығы, пайдаға салынатын салық,
қосылған құнға салынатын салық, акциз салығы, жер салығы және тағы басқа
салықтар құрады.
       Алғашқы салық жүйесінің көптеген кемшіліктері де болды. Атап
айтқанда, басқа елдерге қарағанда  біздің салық жүйеміздің жинақталған
ғылыми және практикалық тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, салық түрлерінің
көптігі, халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс қалуы, айналымды
анықтаудың қиындығы, дәлелсіз берілген жеңілдіктердің көптігі және тағы да
басқалары. Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі
туындады.[5]
       Қазақстан Үкіметі 1992 жылдың басында салық жүйесін кезеңді түрде
реформалаудың концепциясын қабылдады. Аталмыш концепцияны іске асырудағы
негізгі кезең болып Қазақстан Республикасы Президентінің 24-ші сәуірдің
1995 жылында қабылдаған „Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы” Заң күші бар жарлығы табылады. Ол 1995 ж 1-ші шілдесінен
бастап іске қосылды, нәтижесінде бұрын қызмет еткен 42 салық түрінің орнына
11 салықтар мен алымдар қызмет ететін болды. Бұл Салық Заңдылығы бойынша
еліміздің салық жүйесі нарықтық қатынастар талабына біршама бейімделіп,
халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылады. 1999 жылы салық жүйесі 5 рет
өзгерістерге ұшырады. Осыған орай 2000 жылы 1-ші қаңтарынан бастап
Қазақстан Республикасында 17 түрі салықтар мен алымдар қызмет етті. 4-ші
кезеңде, яғни 2001 жылдың 12 маусымында  Жаңа Салық Кодексі қабылданып,
2002 ж. 1-ші қаңтарынан бастап іске қосылды. Салық Кодексінде  Қазақастан
Республикасында қолданылатын салықтар  мен  бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер,  атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік
баж, 4 кедендік алым белгіленген.
       Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы
Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке, Қаржы
Министрлігіне  жүктеледі. Салық қызметі органы Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Салық Комитетінен және облыс, Астана, Алматы қалалары, аудандар
мен қалалар  бойынша салық комитеттерінен тұрады.
       Қаржы Министрлігінің салық комитеті салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің толық әрі уақытылы түсуіне мемлекеттік
басқаруды қамтамасыз ететін және салық қызметі органдарын басқаратын
орталық атқарушы орган болып табылады. Салық қызметі органдарына салық 
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін,
міндетті зейнетақы жарналарының толық және  дер кезінде аударылуын
қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық
міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі
міндеттер жүктеледі. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі
органдарына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы
органдарға жатпайды.

2. Салық жүйесінің элементтері мен салық салу қағидалары

Салық салу – бұл нарықтық экономиканың дамуының маңызды
факторларынының бірі. Бекітілген тәртіпте алынатын салықтармен, алымдардың
және басқа да төлемдердің жиынтығы салық жүйесін құрайды. Қазақстандағы
салық жүйесі мыналардан тұрады:
1. Жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар;
2. Жергілікті салықтар мен алымдар;
Жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдарға жатады:
1. Табыс салығы;
2. ҚҚС;
3. Акциздер;
4. Бағалы қағаздарды эммиссиясын тіркеу үшін алымдар;
Жергілікті салықтар мен алымдарға:
1. Жер салығы;
2. Заңды және жеке тұлғалардан мүлікке салық;
3. Транспортқа салық.
Сонымен қатар, бюджетке келесідей алымдар төленеді:
- заңды тұлғаларды тіркеу үшін алымдар;
- кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алымдар;
- қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық үшін алымдар;
- аукциондық сатулардан алымдар.
Салық қоғамның класстарға бөлінуімен және мемлекеттің қалыптасуымен,
... билікті ұстап тұру үшін қажетті, адамдардың алымдары ретінде пайда
болды .... [3; 171 б]
Қоғамның даму тарихында бірде-бір мемлекет салықсыз қызмет ете алмады,
себебі ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша өз функцияларын
орындау үшін белгілі-бір сомада ақша қаражаттары қажет болады, олар
салықтар есебінен ғана жинақталуы мүмкін. Осыдан келе, салық мөлшері
мемлекеттің өз функцияларының минимумын орындауға жұмсалатын шығындар
сомасымен анықталады. Бұл функцияларға мыналар жатады: басқару, қорғаныс,
сот, тәртіп сақтау. Мемлекетке неғұрлым көп функция жүктелсе, ол соғұрлым
көп салық жинауы керек.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салық жүйесі құрылуының жалпы
қағидаларын, салықтарды, алымдар мен басқа төлемдерді, сонымен бірге салық
төлеушілер мен салық органдарының міндеттерін, құқықтарын және
жауапкершілігін анықтайды.
Мұнда салық, алым және басқа төлем деп сәйкес деңгейдегі бюджетке
немесе бюджеттен тыс қорларға төленетін міндетті салым деп түсіндіріледі.
Осыған сәйкес салықтар табыс алатын барлық заңды және жеке тұлғалардың
міндеттерін көрсетеді.
Барлық елдерде, барлық қоғамдық құрылымдарда салық ең біріншіден
фискалды функцияны атқарды, яғни қоғамдық шығындарды қаржылан-дырды, соның
ішінде мемлекет шығындарын.
Салықтық төлемдердің мазмұнына терең ұғыну үшін салық салудың негізгі
қағидаларын анықтау керек. "Кез-келген салық жүйесіне қажетті сапа
экономикалық көзқарас тұрғысынан 4 негізгі классикалық қағидалар ретінде
Адам Смитпен қалыптасты"-деп Дж.Милль атап көрсетті. Олар:
1. Мемлекеттің қоластындағылар үкіметтің шығындарын жабуға қатысуы
қажет. Яғни олардың әрқайсысы мүмкіндігіне қарай, үкіметтің қарамағында
бола отырып, пайдаланатын табысының шамасына қарай қатысады.
2. Кез-келген төлеуі тиіс салық дәл анықталуы тиіс. Салық мөлшері,
оны төлеу уақыты мен тәсілі салық төлеушінің өзіне де, басқа адамға да
түсінікті болуы қажет.
3. Әрбір салық салық төлеуші үшін қолайлы уақытта және қолайлы
тәсілмен алынуы тиіс ...
4. Әрбір салық оны төлеушінің қалтасынан мемлекет кассасына түсетін
артық сомадан аз көлемде алынатындай құрастырылуы тиіс.
Адам Смиттің қағидалары олардың қарапайымдылығы мен түсініктілігіне
байланысты ешқандай толықтыруды және иллюстрациялауды қажет етпейді. Осыған
байланысты олар салық саясатының "аксиомалары"
болып табылды. Бүгінде бұл қағидалар жаңа уақыт талабына сәйкес
толықтырылған.
Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін
басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы,
әділдігі, салық жүйесінің біртұтастылғы және салық заңдарының жариялылығы
қағидаларына негізделеді.
Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері осы Кодексте
белгіленген салық салу қағидаларына қайшы келмеуге тиіс.
1. Салық салудың міндеттілігі қағидасы - Салық төлеуші салық заңдарына
сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде
орындауға міндетті.
2. Салық салудың айқындығы қағидасы -  Қазақстан Республикасының
салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға
тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері
туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін
салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
3. Салық салудың әдiлдiгi қағидасы - Қазақстан Республикасында салық салу
жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады. Жеке сипаттағы салық
жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.
4. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы қағидасы - Қазақстан Республика-сының
салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық
төлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады.
5. Салық заңдарының жариялылығы қағидасы - Салық салу мәселелерiн
реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде
жариялануға тиiс.

1.3 Салық қызмет ұйымдарының құқықтары мен міндеттері
Салық қызметінің міндеттері келесілерден тұрады:
1) Салық қызметінің ұйымдарына салықтарды және бюджетке басқа
міндетті төлемдердің түсімінің толықтығын қамтамасыз ету, міндетті
зейнетақылық төлемдерді уақытылы және толық аудару, сонымен қатар
салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауда салықтық бақылау
жүргізу бойынша міндеттер қойылады.
2) Салық қызметінің ұйымдары өкілетті мемлекеттік ұйымнан және
салық ұйымдарынан құралады.
3) Салық ұйымдарына аймақтық салық комитеттері, облыстар, Алматы
және Астана қаласы бойынша салық комитеттері, аудан аралық салық
комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақ құрылған жағдайда осы
аймақ территорияларында салық комитеттері құрылуы мүмкін.
4) Салық органдары тікелей сәйкес жоғары тұрған салық қызметі
органына бағынады және жергілікті ұйымдарға жатқызымайды.
5) Өкілетті мемлекеттік ұйым салық ұйымдарына басшылық жасайды.
6) Салық ұйымдарының басшылары өкілетті мемлекеттік ұйымның
бірінші басшысымен тағайындалады.
Салық қызметінің ұйымдарының құқықтары:
1) Кодекспен қарастырылған нормативтік құқықтық актілерді өңдеу және
бекіту;
2) Салықтық міндеттемелердің пайда болуы, орындалуы және тоқтатылуы
бойынша мағлұматтар және түсініктемелер беруге;
3) Кодекспен бекітілген тәртіпте салықтық бақылауды іске асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңды актілерімен белгелінген
тәртіптерді сақтай отырып, салық төлеушінің салықтық
міндеттемелерді орындаумен байланысты декларациялар және басқа
құжаттарды, есеп берулерді, құнды қағаздарды, ақша қаражаттарын,
металлдарды, бухгалтерлік кітаптарды, ақшалай құжаттардың
тексерісін жүргізуге;
5) Салық төлеушінің салық және бюджетке басқа міндетті төлемдерді
есептеу және төлеу (ұстап қалу және аудару) бойынша өкілетті мемлекеттік
ұйыммен белгіленген формаларға сәйкестігін, сонымен қатар салықтар мен
бюджетке басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және уақытылы
төлемін растайтын құжаттары талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңды актілерімен белгіленген тәртіпке
салық тексерістерін жүргізу кезінде салық төлеушіден салықт ық құқық
бұзушылықты растайтын құжаттарды талап етуге;
7) Орналасу жеріне байланысты салық салумен байланысты табыс
алу мақсатында кез-келген объектілерді зерттеуге, салық төлеушінің мүлкіне
тексеріс жүргізуге;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тізім бойынша
салық төлеушіден өкілетті мемлекеттік органымен анықталған тәртіпке
электронды құжаттар түрінде мағлұмат алуға;
9) Тексерілетін салық төлеуші – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкердің
салық салумен байланысты мәселелер бойынша банктік шоттардың бар
болуын және номерін Қазақстан Республикасының заңды актілерімен
белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы шарттардағы ақша
қаражаттарының қозғалысы және қалдығы жөніндегі мәліметтерді тексеру.
10) Кодекстің ерекше бөлімінен қарастырылған жағдайларда салық
төлеушінің салық міндеттемс ін жанама әдіспен анықтау;
11) Салықтық тексерістерге басқа мемлекеттік ұйымдардың мамандарын
тартуға;
12) Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес сотқа шағым
жасауға;
13) Сотқа заңды тұлғаны жою жөнінде бұйрық беруге;
Салық қызметі ұйымдарының міндеттері:
1. Салық төлеушінің құқықтарын сақтауға;
2. Мемлекет қызығушылықтарын қорғауға, яғни салық төлеушінің салықтық
міндеттемелерді орындауға салықтық бақылау жасауға, сонымен қатар
жиназ зейнетақы қорларын міндетті зейнетақы төлемдерін ұстауға
және уақытылы аударуға; белгіленген тәртіпке салық төлеушілердің
есебін, салық салу объектілерін және салық салумен байланысты
объектілердің есебін, салық есептелуін және төленуінің есебін
енгізуге;
3. Қабылданған салықтық есеп берудің формаларын толтыру тәртібін
түсіндіруге;
4. Салықтық тексерістердің қатаң тәртіп бойынша жүргізуге;
5. Кодекс талаптарына сәйкес салықтық құпияны сақтауға;
6. Салық төлеушіге салықтық міндеттемені уақытылы орындау бойынша
және кодекспен қарастырылған жағдайларда ескертпе жасау;
7. Салық төлеушінің өтініші бойынша үш күн мерзім ішінде салық
міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу жағдайы
туралы оның есеп айырысу шотынан көшірме беруге;
8. Бес жыл мерзім бойы салық және бюджетке басқа төлемдер төлемі
бойынша салықтық міндеттемелерді орындау фактын растайтын салық
төлеушіге берілетін квитанциялар көшірмелерінің сақтығын қамтамасыз
етуге;
9. Мемлекет меншігіне берілген мүліктің есебін сақталуын, бағалануын
және өткізілуі тәртібін сақтауға, сонымен қатар оны өткізуден
ақшалар бюджетке уақытылы және толық түсуіне бақылау жасау;
10. Салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету әдістерін
қолдану және Кодекске сәйкес еріксіз тәртіпте салық бойынша
қарызын алу;
11. Әкімшілік құқық бұзу туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне
сәйкес салық төлеушіге әкімшілік салықтар салу.
Салықтар тексеріс кезінде салықтардан және бюджетке басқа
міндетті төлемдерден жалтару анықталған жағдайда салық ұйымдары сәйкес
құқық қорғаушы ұйымдарға қылмыстық белгілері бар сәйкес материалдарды
жалдап, Қазақстан Республикасының заңды актілеріне сәйкес процессуалды
шешім қабылдауды талап етеді.
Салықтық қызмет ұйымдары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының
салық заңдылығымен қарастырылған басқа да міндеттемелді орындайды.
Салық заңнамасы Салық кодексінен және Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Мемлекеттік Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық
актілерінен тұрады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
мемлекеттік Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық актілері
қабылданатын мәселелер шеңбері де Салық кодексімен анық айқындалған.
Алайда, салық құқық қатынастары саласындағы барлық мәселелерді
реттеуді қамтитын біртұтас нормативтік акті – Салық кодексін әзірлеу
жөніндегі міндет мүмкін болмады, өйткені жариялану құқығындағы құқық
теориясына, оның ішінде салық құқық қатынастарына сәйкес құқықтық
қатынастарды реттеу салық төлеушінің мемлекет алдындағы салық
міндеттемесін орындаумен байланысты барлық рәсімдік сәттерді жіктеп
реттеуді талап етеді. Мәселен, салық міндеттемесін орындаудың осындай
нысандары декларациялар, есеп айырысулар және салықтық есеп берудің басқа
да нысандары болып табылады. Құқық теориясы бойынша заң актісіне
жататын салық кодексі, яғни осы заңды іс-әрекетті реттеуі тиіс қоғамдық
қатынастар қатынасушыларының құқықтары мен міндеттері құқық нормасын ғана
белгілеуі тиіс. Декларациялар, есеп айырысулар нысандарын және салық есеп
берулерінің басқа да нысандарын бекіту құқық нормасын белгілеу деп атауға
болмайды, сондай-ақ сол уақытты олардың нысандарын бекіту мемлекет үшін
де салық төлеуші үшін де міндетті болып табылады. Сондықтан салық кодексі
Үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерді
бекітуін көздейді. Мәселен, салық есеп беруі нысандарын бекіту
уәкілеттілік мемлекеттік органға берілген. Әдетте, салық есеп берушінің
аталған нормалары уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітіледі. Осындай жолмен, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Қаржы министрлігі мен үкіметтің нормативтік
құқықтық актілері салық заңдарының құрамына енгізіледі.
Салық кодексі Салық кодексіне тікелей көрсетілген тек сол
нормативтік құқықтық актілерді ғана бекітуді болжайды. Егер Үкімет немесе
уәкілетті орган Салық кодексінде жоқ қандай да бір нысанды немесе
нормативтік құқықтық актіні белгілемесе, онда мұндай нысандар салық
төлеушілер үшін міндетті мәні болмайды.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылымы
Салықтық жүйе Қазақстанда 90-жылдардың басында енгізілді. Қолданылып
отырған жүйені жедел және түбірімен өзгерістерге Қазақстан Республикасында
нарықтық қатынастарды қалыптастырумен экономикалық саясаттағы өзгерістерге
негіз болады.
Экономикалық реформаны Қаржы министрлігінің бағдарламасы бойынша өңдеу
және осы реформаларды Қазақстан экономикасына енгізу, нарықтық жүйені
дамыту мақсат болып табылады. Нарықтық жағдайға өту экономиканың ашықтығы
мен макроэкономикалық тұрақтылықты кез келген құралдармен
либерализациялау жеткілікті және осыдан кейін нарық барлық проблемаларды
жедел түрде шешеді деп есептелді. Осы кезде кейбір экономистер Қазақстан
үшін Жапонияда, Қытайда және басқа да мемлекеттерде қолданылып келген
жоспарлы нарық қолайлы деп есептеледі, ал шын мәнінде Қазақстан
экономикасының спецификасының үй тәжірибесі талап етілмеген болып
табылады. [4; 208-211 бб]
Нарыққа өту кезінде теориялық тұрғыдан алғанда Батыс Еуропа қолдан-ған
заңдарын қолдану қажет болғанды. Батыс Еуропа салық жүйесі 10 жыл қызмет
ету нәтижесінде қалыптасып, экономиканың тұрақтылықтарына салыстырмалы
әсер етті. Қазақстанда нарықта реформаны жүргізу барысын-да мұндай
экономикалық жағдай болған жоқ сондықтан да батыс тәжірибесін қолдану
Қазақстан экономикасының нарық жағдайына ұзақ уақыт әсер ете алмады. Бұл
кезде нарық құрылымы бірқалыпты қарастырған жоқ.
Нарықтық жағдайға өту қай жағынан болса да жаңа салық жүйесі
заңдылықтарын, ережелері мен инструкцияларын, оның қызметтерін, осы жүйені
басқаруға мүмкіндік беретін және де салық механизмін құруға әсер ететін
шараларды талап етеді. Қазақстандық жағдай 90-жылдардың басында салық
жүйесі американдық үлгіні таңдады. Салықтық қатынастар құрылымында
әкімшілік командалық жүйенің орнына жаңа салықтық жүйе елдегі нарықтық
құрылымға сәйкес болды.Сәйкесінше,бұрын қолданылып келген салықтың
экономикалық мазмұны өзгерді.
Осы салық жүйесі енгізілгеннен бастап біршама жыл өтті. Осы уақытта
саясатта, экономикада , әлеуметтік ортада түбегеді сапалы өзгерістер болды.
Бұл жерде айта кету керек, Қазақстан экономикасы нарыққа өту процесі
біршама қателіктер жіберді. Оның ішінде ең бастысы жаңа құрылымдар құру
ғана емес, көне акценттердің бұзылуы еді. Осы кезде Қазақстан экономика-
сының тиімділігін көтеруде салық жүйесі әсер етуші құрал болып табылады.
Салықтық жүйенің сол кездегі ең ірі жетіспеушілігі болып ондағы
фискалдық бағыттың шектен тыс кендігі табылды., салық жүйесінің басқа
функцияларын орындамады. Салық дәрежесінің қысымы салық төлеушіге мүмкіндік
бермеді. Қайта құру кезінің басында экономикалық және салықтық саясатқа
қосымша құн салығының мөлшерлемесі жоғары көрсетілді. Жоғары салық
мөлшерлемесінің жиынтығы теріс жағдайлар туғызды:
- отандық өндірістің құлдырауына және оның құрылымдарының нашар-
лауына, халықаралық ішкі нарықта Қазақстандық тауар өндірушілердің
әлсіреуіне әкеп соқты;
- барлық формадағы өндірушілердің салық төлеуден қашуына әсер етті;
- шетелге капиталдың кетуіне әсер етті;
- көлеңкелі экономиканың өсуіне, шаруашылық өмірдің қарақшылауына
әсер етті;
Басқаша сөзбен айтқанда, салық жүйесі түбегейлі өзгерісті қажет етті.
Бірақ бұған қол жеткізу үшін экономикалық реформаның курстарын өзгерту
керек еді.
Экономикалық реформаның мақсаты экономиканы бұзу емес, Қазақстан
азаматтарының әлеуметтік жағдайларын көтеру, ұлттық байлықты ұлғайту,
жаңғырту процесі болатын. Бұдан келіп салық реформасының жағдайы, олардың
бағыттылығы, мақсаты, іске асыру жарамдылықтары көрінетін. Бұл жағдайларды
ашып көрсететін болсақ:
1. Салық жүйесі мемлекетті оның әлеуметтік-экономикалық проблема-
ларын шешуді қамтамасыз етуі және салық жағынан сенімді болуы
тиіс.
2. Салық жүйесі салық төлеуші үшін тұрақты және түсінікті болуы тиіс.
3. Салық салу шаруашылық субъектілерінің формаларына, олардың
ұйымдық-құқықтық формаларына байланыссыз біркелкі болуы тиіс.
4. Салық жүйесі әділ болуы керек және салық ауыртпалығы
төлеушілер арасында тең бөлінуі тиіс.
5. Салық саны жеңілдетілген және біршама есе азайтылған бодуы тиіс.
6. Салық ауыртпалығы жеңілдетіліп, салық төлеушілерге салықтық
шығындарды көрсетуде құқықтары көрсетілуі керек.
7. Салық төлеушінің қорғауын қамтамасыз етуі керек. Салық төлеуші
әрқашан да әділ және заңмен қорғалу керек.
8. Салық төлеуді заңды және заңсыз жолдармен көрсету тоқтатылып,
салық төлеу дұрыстығын бақылайтын тиімді жүйе құру керек.
9. Бюджеттің аймақтық табыс бөлігі және өзін-өзі басқару
органдарына қатаң бақылау жүргізу керек.
Қазақстандағы салықтық жүйені реформалау мәселесін Қазақстан
экономикасы мен әлемдік экономикалық процесс есебін тиімді көтеру көзқарасы
қарастырылады.
Әрине, ҚР-ның салық жүйесін реформалаудың қарастырылған техникалық және
ұйымдық аспектілері үлкен қызығушылық тудыруда. Басқаша айтқанда, барлық
шаруашылық субъектілерін мынадай сұрақтар ойландырады (мазалайды): Салық
Кодексін қабылдау, шын мәнінде де, салық жүйесін тәртіпке келтіруге,
сәйкестендіруге және ықшамдауға (мүмкіндік бере ме), салық органдары мен
салық төлеушілердің өзара қарым қатынастарын қатаң құқықтың қоюға рұқсат
ете ме, салық заңдылығын өткізу мен қалыптастыруда биліктің түрлі
деңгейіндегі орындаушы және өкілдікті органдардың ролін анықтауға да
мүмкіндік бере ме.
Бірақ Қазақстанның салық саясатындағы өзгерістері қаншалықты икемдігі
тиімді салық жүйесінің негізгі ережесіне сәйкестенеді. Әңгіме салық
төлеушілердің (жеке және заңды тұлға) кез келген категориясының эконо-
микалық шығындарын азайту мақсаттарының өзара қатынасы мен бюджетке ақшалы
түсімдерді бір уақытты қамтамасыз ету жөнінде жүріп жатыр.
Құралдарды жұмылдыру қажеттілігі түсінігі шығындары салық төллеушілер
құралдарының есебінен жүзеге асырылатын қоғамдық игілік өндірісін кеңейту,
білім беру, әлеуметтік, ғылыми бағдарламаларын дамыту, инвестициялық
процестің дәстүрлік тиімділігі мен тағы да басқа жобалармен салық-бюджет
саясатының көптеген пунктерімен тікелей байланыстыруға мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар салық салу әдістері мен механизмдерінің алмасуы мен салық
мөлшерлемесін төмендету секілді, сонымен бірге Қазақстандағы инвестициялық
жағдайды жақсарту жөніндегі сұрақтар төңірегінде пікірталастар тудыратын
және салық мөлшерлемесін төмендету секілді мәселелер жайлы да сөз
қозғалуда.
Басқа жағынан алғанда, Қазақстан үкіметінің экономикалық блогына
жетекші ролінде мемлекет салық ставкасы-бюджет жағдайына тәуелді таза
техникалық сұрақ екендігін үнемі қолдай отырып, салық салудың қатал
жүйесін сақтауға ықылас білдіре отырып, 90-шы жылдардың басындағы
романтикалық салық салу дәуірін тоқтатудың қажеттілігін тікелей
мәлімдеді.
2000 жылы объективті қажеттілікке байланысты Қазақстан Республикасының
Салық кодексінің жобасын жасау үшін Ведомствоаралық комиссия,
Ведомствоаралық жұмыс тобы және Эксперттік Кеңес құрылды. Қабылданған
тұжырымдамаға сәйкес Салық кодексі үш бөлімнен тұрады: жалпы, ерекше,
салықтық ұйымдастыру.
Қазіргі таңда Қазақстанда (1999 жылдың 25 ақпанынан бастап) Қазақстан
Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі жұмыс жасайды, оның негізгі
міндеттерінің бірі болып бюджетке салықтар мен төлемдердің келуін және
мемлекет алдындағы басқа да міндеттемелерді қамтамасыз ету табылады. Осы
аталған міндетке сай министрлік құрамында Салық комитеті құрылды.Салық
комитеті барлық ақшалай құжаттар, бухгалтерлік кітап, декларация және
бюджетке салық аудару, төлеумен байланысты басқа да құжаттар негізінде,
Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес тәртіпте тексеру және
бақылауды жүзеге асырады. Салық заңдылығының анықталған тәртіп
бұзушылықтарды түзету туралы талаптары орындалмаған жағдайда, салық
органдарына декларацияны, есепті тапсырмағанда, бюджетке салық төлемдерін
төлеу және аудару, анықталған олқылықтарды шешу үшін салық органдарының
талабы бойынша қаржылық есептілікті көрсетпеген жағдайда салық комитеті
ұйымдар мен азаматтардың шығындық операцияларын банктегі және басқа да
ұйымдардағы шоттар бойынша тоқтатып тастайды. Салық заңдылығын бұзу
жағдайларын анықтаған жағ-дайда салық органдары құжаттары, материалдарды
алып алуына құқығы бар.
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының салықтық жүйесі 2002 жылдың
бірінші қаңтарында енгізілген Салық Кодексіне негізделеді.Салық Кодексіне
сәйкес Қазақстанда заңды тұлғалардан корпоративті табыс салығы,жеке
тұлғалардан табыс салығы , қосымша құн салығы, акциздер, әлеуметтік салық,
көлік құралдары, мүлік салығы және басқа да төлемдер мен алымдар
жиналынады.

Кесте 1- Қазақстан Республикасы салық жүйесі

Жоғарыда 1-кеседе келтірілген салық түрлерін жеке-жеке қарастыратын
болсақ, олардың арасындағы айырмашылықтарды байқауға болады.
Басқа салықтармен салыстырғанда қосымша құн салығының бірқатар
артықшылықтары бар. Ол тауар айналымының барлық кезеңін қамтиды және салық
базасы мен мөлшерлемесі ұлғайған сайын, түсімдер көбеюі мүмкін. Бұл салық
салудың қарапайым түрі, себебі, барлық төлеушілер үшін Қазақстан
Республикасының территориясы бойынша салық жинаудың бірдей механизмі
бекітілген және бұл салық кәсіпкердің табысының өсімді болуына
қызығушылықты арттырады, себебі кәсіпорында өндірістік шығындар салығынан
автоматты түрде босатады. Салық заңдылығы төлеуші тұлғалар жиынтығын
бекітеді.
Алғаш рет Қосымша құн салығы Францияда (1954 жылы) енгізілген, қазіргі
таңда ол көптеген елдерде әрекет етеді. Жанама салық ретінде Қосымша құн
салығы тауар (қызмет) бағасына қосымша ретінде болады, және кәсіпкердің
табыстылығына әсер етпейді. Бұл салық кәсіпорынға емес, тұтынушыға арналған
. Кәсіпорын оны жинақтаушы болып табылады.
Орналастырылған тауарға ҚҚС-ғы экспорт-импорт операциялық кезіндегі
сияқты жалпы тәртіп бойынша тауардың тағайындалған орнына байланысты
алынады. Ал оны өткізген елдерде нөлдік ставка бойынша алынады. Сатушыға
нөлдік мөлшерлемесін пайдалану құқығын алу үшін келесідей шарттарды
орындау қажет:
- Сатушы сатып алушының өзі тұрып жатқан жерінде ҚҚС-ғы бойынша
тіркелген нөмірін алуы және оны шот-фактурада көрсетуі қажет.
- Тауар сатып алушыдан Еуропаның басқа елдеріне өткізіледі.
- Сатушы елден әкелінген тауарды растайтын құжаттарды өзіне сақтайды.
Ол көліктік құжаттар, сатып алушының тауарды алғаны туралы қолхат және т.б.
болуы мүмкін. Сондай-ақ, егер тауар поезбен жіберілген болса, билеті де
болуы мүмкін.
Сатушы елдегі осындай сауда операцияларының тізімін кейін салық
органдарына тапсыру үшін және статистика, бақылау жасауға қолдану үшін
жасайды. Бұдан басқа, Еуропалық бірлестіктің құрамындағы елдерге сату ҚҚС
есебі бойынша ерекше жолда бейнеленеді. Сонымен қатар, Еуропалық
бірлестіктің басқа елдермен алған жағдайда да осылай жүргізілген. [5; 248-
303]
ҚҚС-ғы Кеңес үкіметі кеңістігінде 1992 жылы пайда болды. 1995 ж. 24-
сәуірде ҚР-ның №2235 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдері туралы Заңы қабылданды. Оның 3-бөлімі ҚҚС-на арналды. 2000 жылы
9 қазанда ҚР мен РФ арасында өзара сауда кезіндегі жанама салық салу
қағидасы туралы үкімет аралық келісім шартқа қол қойылды. Ол 2002 жылы 1-
шілдеде күшіне енді. 2001 жылы 1 шілдеде ҚР-ның 2001 жылғы 3 мамырындағы
№183-ІІ ҚР-ның Салықтар және бюджетке толықтырулар мен өзгерістер туралы
Заңына сәйкес, барлық салық төлеушілер үшін ҚҚС мөлшерлемесі 16%
өзгертілді. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР-ның Салықтар және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы жүйеленген салық кодексі
күшіне енді. Оның 49-бабы ҚҚС-на арналды.
ҚҚС-ның салық төлеушілерге әсерін оны төлеуден босатуды енгізу
есебінен немесе халықтың кедей бөлігінің тұтынатын тауарларына нөлдік
мөлшерлемесі бойынша салуды немесе байлардың қолданған қымбат заттарына
жоғары мөлшерлеме қолдану есебімен реттеу қабылданған. Бұл қағида негізінде
тауарлар мен қызметтер түрлеріне байланысты ҚҚС-ның бірнеше мөлшерлемесінің
қолдануы жатыр. ҚҚС-ның мөлшерлемесі әр елде әртүрлі.
Көпшілік елдердің салық жүйесінде ҚҚС-ның күрделі мөлшерлемесі
қолданылады. Олар үшеу:
Екі нөлдік — базалық және төмендетілген, қосылған нөлдік мөлшерлеме.
Кейбір тауарлар ҚҚС-нан босатылады. Бұл кезде кейбір елдерде ҚҚС-ның
бірыңғай нөлдік мөлшерлемесі қолданылады. Мысалы, Швейцарияда үш нөлдік
емес мөлшерлеме қолданылады.
25%, 12% және 6%. Швецияда да 12% бойынша азық-түлік сату, қонақ үй
қызметтері, жолаушылар тасымалдау қызметтері мен тауарлар жатады. Еуропалық
елдердің ішіндегі Швеция мен Данияда ҚҚС-ның ең жоғары мөлшерлемесі (25%)
қолданылады. Бұл елдерде жалпы салық жүктемесінің күрделілігі әдет-ғұрып
ретінде қалыптасқан.
Қосылған құн салығы өзінің экономикалық мазмұны бойынша жанама
салықтарға жатады. Жанама салықтар (Қазақстан оларға ҚҚС-ғы және акциз
жатады) сатып алуға салынған салық болып табылады және оны төлеу тауар-
ларды, қызмет немесе жұмысты соңғы тұтынушыға жүктеледі. Сол себептен
олардың әділетсіздігі мен әлеуметтік қарсы бағыттылығы туралы ойлар
туындауда. Алайда, ҚҚС бюджет кірістерінің тұрақты көзі болып табылады.
Кейбір экономистердің айтуы бойынша, жанама салықтар мемлекеттің ауыспалы
экономикалық дамуына экономикалық жағынан тірек болады.
ҚҚС-н есептеу және төлеу тәжірибесін қарастыру барысында екі негізгі
ойдың жетістігі көрінді: корпоративтік қаржылық мүдделердің көзқарасы
бойынша ҚҚС кәсіпорын айналымынан ақша құралдарының тартылуымен, ал
мемлекеттік қаржылық көзқарас бойынша ҚҚС бюджеттің кірісінің тұрақты да,
негізгі көзі қызметін атқарды. Қалай болса да, ҚҚС әлемнің көптеген
елдерінде қолданылады және өзінің әмбебаптылығы мен бюджетті қалыптастыруды
қамтамасыз етеді.
Тікелей салықтардан айырмашылығы — жанама салықтар тауар, жұмыс және
қызметтің бағасына қосылады және оларды төлеу тұтынушы немесе сатып
алушымен жүзеге асырылады. ҚҚС түсінігіндегі қосылған құн тауар өндірісі
мен айналымы үрдістегі құн өсіміне байланысты көрінеді. Өнімді өңдеуден
оның дайын өнімге дейін жету сатысында ол өз құнын өсіретін сапаға, шығару
мен өткізуге дейінгі кеткен шығындардың эквиваленттік санына ие болады.
Тауарлы-делдалдық ортадағы тауарлар айналымы кезінде қосылған құн сатушының
коммерциялық және сауда үстемесі түріндегі жасаған шығындары нәтижесінде
туындайды. Тауар өндіруші мен сатушы арқылы өткен әрбір тауар немесе өнім
қосылған құнға ие болады және сәйкес оны төлеуші де әрбір өндіріс пен
айналыс цикліне қатысушы болып табылады. Сондықтан да өндіруші құралдар
айналымдылығының жылдамдыығына, яғни қосылған құн салығын төлеуге кеткен
қаржының тез арада қосылуына мұқтаж болады. Жоғарыда айтылғандай, тауарды,
өнімді, ұызмет немесе жұмысты соңғы тұтынушы толығымен ҚҚС-ғы бойынша
есептеседі.
ҚҚС-ғы жанама салық ретінде салық төлеушінің мүлігі немесе пайдасына
байланысты бағаға және тарифке үстеме ретінде бекітіледі. Жіберілген
тауарға қосылған құнды сатушы бекітеді және ол өткізілген тауар айналымы
бойынша бюджетке есептеседі. ҚҚС есебімен тауарды сатып алған сатушы салық
саласын есепке қою бойынша анықтайды, яғни бюджеттегі төлемдердің
төмендеуін де есеке алады. Бюджетке төленетін ҚҚС өткізілген тауарлар мен
алынған тауарлар арасындағы айырма ретінде анықталады.
Мынаған көңіл аударған жөн: төлем түсінігі ҚҚС-н есептеудің мәнін
түсіну үшін пайдаланылады. Онда салықтық есепте фактілік төлемді аудару
әдісі,салықтың аударым үшін қабылданбайды. ҚҚС-н аудару және есепке қою
үшін тиелген тауары көрсетілген қызмет, орындалған жұмыстың шот-фактурада
көрсетілген фактілік дәлелі негіз болады. Осыған байланысты салық салуда
қолданылатын аударым әдісі салықты төлемге аударуды фактілік жүргізілген
есеп бойынша емес, салықтық шот-фактура мен бекітілген құжааттар
негізіндегі өткізу мақсатында тауарлардың өткізілген, қызметтің
көрсетілген және жұмыстың орындалғанынан бастап аударым жасауды білдіреді.
Сәйкес, есепке жатқызылған салық төлем уақытына байланыссыз есептеледі.
Мысалы, кәсіпорын басқа кәсіпорын үшін жөндеу құрылыс жұмысын орындады,
соған байланысты орындалған жұмыстың қабылдау актісі толтырылды.
Мердігерлер мен тапсырыс берушілерге төлемге құжаттар қабылданғаны туралы
шот-фактура табыс етілді. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысу алдын ала
төлем бойынша аяқталған деп есептеледі және аударымдар мен есепке алу
аналогиялық үйлесімділік тәртіпте жүргізіледі. [6; 4-9 бб]
Қосымша құн салғын төлеушілер - өндірістік және басқа да коммерциялық
қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғалар; коммерциялық қызметті жүзеге
асырушы шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындар; жеке кәсіпорындар;
Қазақстан Республикасының шеңберіндегі кәсіпорындардың филиалдары,
бөлімдері және бөлімшелері; Қазақстан Республикасының шеңберінде
коммерциялық қызметті жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық комитетінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Салық механизмі және оның мемлекеттік салық саясатын жүзеге асырудағы рөлі
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері
Салық жүйесінің атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасының орталықтандырылған қаржыларын қалыптастырудағы салық комитетінің қызметіне талдау
Жеке табыс салығының ставкалары
Салықтық құқықтық нормалар
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау
Пәндер