Халықаралық экономикалық байланыс - дүниежүзілік экономикалық байланыстардың көрінісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ--------
----------------------------------- ------------------5

1.1 Халықаралық экономикалық қатынастар: түсінігі, мәні, мазмұны---------5
1.2 Халықаралық экономикалық қатынастардың даму факторлары------------7
1.3 Дүниежүзілік шаруашылық және оның даму тенденциясы----------------9

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРЫ--------------------12
2.1 Қазақстан мен халықаралық елдер арасындағы экономикалық қатынастар------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
----------------14
2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуы----------15
2.3 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы----------------------
21

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН
ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ---------------------------- ------------------
-------------------------18

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ----------------------------------- ----26

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңдегі дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы қандай? ХХ
ғасырдың соңында елдердің және аймақтардың экономикалық дамуының көп
укладтылығына, әр түрлі стадиясына қарамай, глобализациялау бағыты жүріп
жатыр. Глобализациялау қазіргі кездегі халықаралық экономикалық
қатынастардың негізгі шешуші факторы. Қазір дүниежүзілік шаруашылық
жүйесін глобализациялау - өнім шығару мен тұрмыс қажетін өтеудің
дүниежүзілік нарығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу процесімен тығыз
байланысты. Оларды дүниежүзілік қаржы жүйесі және негізгі ұйымдар
біріктіреді.
Халықаралық еңбек бөлінісі уақыт бөлінісі уақыт өткен сайын
өзгеріп отырады. Ол еңбек өнімділігін арттырды; экономикалық аудандарды
қалыптастырады; өндіріс салаларын байланыстырады және елдер арасындағы
шаруашылық байланыстарын нығайтады.
Экономикада, әлемдегі өндірісте, саудада және де халықаралық
экономикалық байланыстардың басқа да формаларында әр елдің өз орны бар.
Елдің даму ерекшелігі, жалпы әлемдік шаруашылықтағы атаулы өзгерістерге
байланысты.
Қазақстан Республикасының экономикалық бағытының маңызды
ерекшелігі - оның басшылығының достық одақ елдерімен жалпы экономикалық
кеңістікті сақтауға ұмтылуы. Бұл ниет ТМД мемлекеттері мен үкіметтері
басшыларының барлық кеңестерінде айқын көрінуде.
Қазақстан жағы сол кеңестерде ұсынған барлық құжаттар
экономикалық байланыстарды нығайту, Достық одақтың экономикалық іс –
қимылдарын реттейтін мемлекетаралық органдар құру ұмтылысы бар екенін
көрсетеді.
Бүгінде Қазақстан сыртқы дүниемен интенсивті экономикалық
ынтымақтастық үшін ашық. Халықаралық бизнестің көптеген өкілдері осы
жағдайды пайдалана білді. ТМД елдері арасында Қазақстан шетелдік
инвестициялардың және капиталдың келіп құйылуының көлемі бойынша алдыңғы
орындардың бірінде тұр және ықтимал байлықты нақты байлыққа айналдыруына,
адамдарға айқын пайда беруіне көмектесетін озық идеялар мен
технологияларға, ең жаңа жабдықтарға, бағалы басқару тәжірибесіне, бос
қаржы активтеріне ынта қойып отырғанын жасырмауда.
Сыртқы экономикалық қатынастар – халықаралық экономикалық
саудалық қатынастар. Олар елдер арасындағы сыртқы саудалық, ғылыми –
техникалық, өндірістік, валюталық – қаржылық және несиелік байланыстардың
әр алуан түрлері, құралдары мен әдістерінің жиынтығынан тұрады.
Берілген курстық жұмыс тақырыбында: Мемлекеттің сыртқы
экономикалық саясаты Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық
қатынастары, халықаралық еңбек бөлінісі экономикалық қатынастардың даму
бағыты, негізгі факторлары қаралады.

І. МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Халықаралық экономикалық қатынастар: түсінігі, мәні, мазмұны

Бірнеше ұлттық шаруашылықтың бірігіп аймақтық экономикалық жүйе құрауын
халыкаралық экономикалық интеграция процесі дейміз.
Осы интеграциялық құрылымға — Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ)
жатады. ЕЭҚ 1957-ші жылы құрылып, оған алғашқыда алты мемлекет енді:
Бельгия, Голландия, Италия Люксембург, Франция, Германия.
Ал, 1973-ші жылы төрт мемлекет қосылды: Англия, Дания, Исландия,
Греция, 1986-шы жылы қантардан бастап Испания, Португалия қосылып — Еуропа
он екілігі дүниеге келді. Ұлттық Еуропа парламенті құрылып, өз мәжілісін
Страсбург (Франция) қаласында өткізеді. Қызмет саласына қауымдастықтың
бюджет-қаржы істерін бақылау жатады. ЕЭҚ-тың үкіметаралық органы болып
Министрлер Советі жатады. Министрлер Советінің шешімі серіктес-мемлекеттің
заңдарымен пара-пар саналады. Совет жұмысшының аясына қауымдастық
қызметінің негізгі сұрақтары толық енеді. Әр мемлекеттің басшысы Совет
мәжілісіне жарты жыл төрағалық жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавиттік
ретпен ауыстырылады.
Еуропалық экономикалық қауымдастық территориясында енген елдерден кеден
салығы алынбайды. Сондықтан тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өз
ара еркін қозғалып отырады.
Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруді Еуропалық экономикалық
қауымдастық елдері АҚШ-ты басып озды. Энергетикалық тәуелсіздікті
қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты бәсекелес
болды.
Ал, 1967-ші жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің сауда-экономикалық
тобы (АСЕАН) құрылды. Оған алты мемлекет мүше болды: Бруней, Индонезия,
Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин. Латын Америка территориясында 1980-
ші жылы сондағы елдерден ең ірі экономикалық сауда тобы құрылды. Мақсаты —
аймақтағы сауда мен экономикалық ынтымақтастықты дамыту, басқа елдермен
сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайту, келешекте латын американдық жалпы
нарықты құру болып табылады. Бұл қауымдастыққа 11 ел кіреді: Аргентина,
Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили,
Эквадор. Штаб-пәтері Монтевидо (Уругвай) қаласында орналасқан. Ал, 1992-ші
жылы ақпан айының 17-де Солтүстік америка жалпы нарығы (НАФТА) құрылды.
Оған: АҚШ, Канада, Мексика елдері мүше болды. Олардың ұйғаруынша: Канада —
табиғи (орманды) ресурстарды, Мексика — мұнай мен арзан жұмыс күшін жіберіп
отырады.
Сондай-ақ, 1991-ші жылы желтоқсан айында бұрынғы кенес Одағына кірген
республикалар егеменді мемлекеттер Декларациясын қабылдап Одағының Шартына
қол қойды. Сөйтіп, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) пайда болды.
Жаңа реформалау жағдайында олардың араларында қалыпты экономикалық
қатынастар түрі осы кезге дейін табылған жоқ. Экономикалық әріптестіктің
тиімді схемасының қалыптасуын Еуразиялық төртіліктің (1996 ж.) шартынан
байқаймыз. Оған: Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия елдері еңді.
Кеден одағы құрылды. Бірігуідің нәтижесі өз жемісін беріп келеді.
Экономикалық байланыстардың даму қарқының күшеюі: экономикалық, саяси,
мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың
негізін тереңдете түседі. Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия,
екінші жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жағдайда екі ел тепе – теңдікте
дами алмайды. Себебі өзара тең түсетін базасы жоқ. Осындай қарама –
қарсылықтар бірте – бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке
әкеледі. Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс екі функциялық бірлестікте
көрінеді. Бұл бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан,
ұлттық, халық шаруашылығы аспектіде көрінеді.
Қазіргі кездегі халықаралық экономикалық қатынасқа тән қасиет
оның сан және сапа жағынан өсуінің көрінуі.

Халықаралық экономикалық қатынастардың
маңызды түрлері

Халықаралық экономикалық байланыс – дүниежүзілік экономикалық
байланыстардың көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылық көп уақыттар бойы бір –
біріне қарама – қарсы саяси және экономикалық жүйеден тұрды. Соңғы
кездегі саяси картадағы өзгерістерге байланысты дүниежүзілік шаруашылық та
жаңа сипат алуда.

1.2 Халықаралық экономикалық қатынастардың даму факторлары

Қазіргі кездегі көптеген қарама – қайшылықтарға қарамастан, елдер
арасында өзара түсіну мен ынтымақтастық бағыты өсіп келеді. Дүниежүзілік
шаруашылықтың негізгі жолы бір бағытта даму және өзара байланысты,
бағынышты әлеуметтік - әділетті әлемге ұмтылу. Осыған байланысты ұлттық
экономиканың үлгісін жасау барысында экономикалық және әлеуметтік
қатынастарды бағалау сөз болып отыр. Әр түрлі елдер арасында
көзге көрінбейтін экономикалық даму деңгейі басталды. Әрине, бұл
өзгеріс өздігінен ешқандай себеп салдарсыз шешіле салады деу қиын; ол
қарама – қайшылығы мол, күрделі құбылыс.
Бұл қозғалысқа ықпал ететіндер:
1) индустриалды қоғамнан (ақпараттық постиндустриалдыға ауысуы;
2) технологиялық революция;
3) энергиялық шикізаттарының және азық – түлік проблемасы;
4) экологиялық проблема.
Ең негізгі қауіп – экономикалық ұлтшылдықтың дамуы және діни
фанатизм. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы дүниежүзілік
шаруашылықтағы жаңа кезеңнің басталуы, ХЕБ – ұлттық экономиканың дамуы мен
халықаралық капитал нарығын және ресурстарды өзіне тән жаңа сатыға
көтереді. Кез келген елдің әлемдік қауымдастыққа кіруі бірнеше
белгілермен ерекшеленуі қажет.
Бұл белгілерге жататындар:
1. Дамыған ғылыми – техникалық базасының болуы.
2. Шикізатпен және энергия ресурстарымен қамтамасыз етілуі, оның
салыстырмалы арзандау болуы.
3. Білікті маманның болуы (инженерлік – техникалық және нақты
ғылымдар жүйесінде). Қазірге кезде кәсіпкерлердің жаңа буындары,
басқару, сондай – ақ, білшікті маман кадрлары дамып келеді.Айта
кететін жағдай, әлемдік шаруашылықта қауымдастыққа кіру процесінің
табысы тек қалыптасқан факторларға байланысты емес, оны қолдану
тиімділігінің болуында. Жоғарыда айтылғандарға қарап, ХЭҚ – тың
болашағына және оның дамуына ықпал ететін факторларға қорытынды
жасауға болады:
❖ ғылыми – техникалық прогрестің жылдамдауы, жаңа
технологияның тарауы (оның ішінде байланыс, тасымалдау және
қаруландыру). Ғылыми – техникалық прогрестің дамуының ықпалы
мен экономикалық қызметтің компьютерленуінің
глобализациялануы халықаралық бизнесті кіргізудің әдістерін
жаңаша қарауды талап етеді. Глобальды түрдегі хабарландыру
коммерциялық, жалпы экономикалық, арнайы хабарды алуды
едәуір жеңілдетеді;
Экономикалық өзара бағыныштылық дүние жүзі елдер арасындағы
құқық нормасын, мәдени, байлық, өмір сүру қағидасын т.б. ұстау, басқа
елдердің топтарының позициясымен сәйкес келуін талап етеді. Бірақ бұл
жағдай әлемдік экономиканың даму сатысының алуан түрлі екенін, ондағы
субъектердің қызметі мәселелерін бірден шеше алмайды.
Қазіргі кездегі байланыстардың ерекшелігі:
− халықаралық ұыймдардың рөлінің күшеюі;
− мемлекеттік емес құрылымның рөлінің өсуі (трансұлттық
корпорация).
Халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық қауымдастыққа
кіретіндердің құрамын өзгерту мәселесінің шешілуі. Әлем және әлеуметтік
экономикалық жағдай үздіксіз қозғалыста болады. Бұл жағдайда бір – біріне
ұқсамайтын жаңа қауымдастық мүшелерімен қатар қызмет істеуге және олардың
рөлімен санасуға тура келеді.

1.3 Дүниежүзілік шаруашылық және оның даму тенденциясы

1991 жылы тәуелсіздік алған кезінде Республиканың экономикалық
тұжырымдамасы болған жоқ, оның экономикасы беталды дамыды. Сондықтан бұл
бөлімі ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан – 2030 жолдауымен
орайластыра қараған жөн, онда ол былай деп атап көрсеткен: Біз нені
орнатқымыз келетінін, таңдап алынған мақсатқа жеткізетін өз дамуымыздың
траекториясы, сара жолы қандай болуға тиіс екенін айқын білуге және
түсінуге тиіспіз. Өзіміздің басты мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті
стратегияларды таңдап, осы жолмен ілгері басу кезінде ерік пен шыдамдылық
көрсетіп, біз өзімізді бұлталақ жалт бұрылулардан, күш – қуатты, уақытты
және ресурстарды өнімсіз жұмсаудан сақтандырамыз. Күшті стратегияға және
нысаналылыққа ие бола отырып, біз өз жолымызда тұрған кез келген үлкен
бөгеттерден ойдағыдай өте аламыз.
Ең алдымен, нарықтық экономикаға өту – ұзақ, күрделі және қарама

қайшы үдеріс екенін ескеру керек. Дүниежүзілік тәжірибе бүкіл шаруашылық
жүйесін түбегейлі қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық
реформалар өндіріс деңгейінің, демек, халықтың тұрмыс деңгейінің елеулі
төмендеуіне әкеліп соғатынын дәлелдейді. Уақыт жағынан тығыз
реформалардың ешқашан және еш жерде ауыртпалықсыз өтпейтінін,
Қазақстанның бұл жерде де шет қалмағанын есте сақтау керек, - деп атап
көрсетті ХХІ ғасырдың бас кезінде мемлекет Президенті.
Сонымен бірге экономиканың қазіргі жағдайы ең бастысы әлі алда
екенін және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстанда
ықтимал мүмкіндіктердің бәрі бар екенін көрсетіп отыр:
1. айтарлықтай тиімді географиялық, геосаяси және геоэкономикалық
жағдай;
2. ғылыми және творчестволық әлеуетінің деңгейі биік жоғары білімді
халық, ғылыми идеялардың, жаңалықтар мен өнертабыстардың
айтарлықтай бай және сұраныс таппай отырған арсеналы;
3. табиғи ресурстармен, ең алдымен руда және отын пайдалы
қазбаларының аса бай қорлары, оларды, әлбетте, ұтымды пайдалану
қажет;
4. Республиканың дүниежүзілік аренада азық – түліктің елеулі
экспортшысына айналуына мүмкіндік беретін көлемді ауылшаруашылық
танаптар мен егістіктер.
Қазақстан Республикасының экономикалық бағытының маңызды
ерекшелігі - оның басшылығының достық одақ елдерімен жалпы экономикалық
кеңістікті сақтауға ұмтылуы. Бұл ниет ТМД мемлекеттері мен үкіметтері
басшыларының барлық кеңестерінде айқын көрінуде.
Қазақстан жағы сол кеңестерде ұсынған барлық құжаттар
экономикалық байланыстарды нығайту, Достық одақтың экономикалық іс –
қимылдарын реттейтін мемлекетаралық органдар құру ұмтылысы бар екенін
көрсетеді.
Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуының алғашқы бастамалары:
1. манифактуралық өндірістің дамуы;
2. экономиканың табиғи, тұйық шеңберіні ңи бірте – бірте ашылуы;
3. жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығының қалыптасуы;
4. сауда байланыстардың кеңуі.
Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуының шешуші рөлі; ірі
машина индустриясы, транспорттағы болған прогресс және дүниежүзілік
нарықтың пайда болуына байланысты.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРЫ
2.1 Қазақстан мен халықаралық елдер арасындағы
экономикалық қатынастар
Сыртқы экономикалық байланыстар іс жүзінде әлемнің барлық
елдерінің әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешуге әсер етеді. Олар
мемлекет, аймақ және кәсіпорын көлемінде іске асырылады. Сыртқы
экономикалық байланыстар – халықаралық экономикалық саудалық
байланыстар. Олар елдер арасындағы сыртқы саудалық, ғылыми – техникалық,
өндірістік, валюталық – қаржылық және несиелік байланыстардың әр алуан
түрлері, құралдары мен әдістерінің жиынтығынан тұрады.
Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың
белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік –
коммерциялық қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік
әріптесті, экспорттық – импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын
таңдаудан, баға белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін
анықтаудан көрінеді. Сыртқы экономикалық қатынастардың түрлеріне сыртқы
сауда, халықаралық инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық кооперация,
халықаралық ғылыми – техникалық ынтымақтастық, валюталық – қаржылық және
несиелік операциялар жатады.
Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске
асырылады. Сыртқы сауданың түрлері: экспорт, импорт, тауарлар мен қызметтің
кері экспорт пен және кері импорты.
Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық несиелік келісім,
халықаралық қаржылық лизинг, шетел инвестициясымен кәсіпорындар түрінде
іске асырылады.
Сыртқы экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына,
біріншіден, экспорттан валюталық түсім алу жолмен әсер етедіі. Қазіргі
кезеңде экспорт Қазақстан экономикасының өте ірі саласына айналды. 1999
жылы жалпы ішкі өнімнің 26,6 пайызы экспортқа шығарылды. 2000 жылы экспорт
көлемі 5592,3 млн. доллар болды, ол 1999 жылмен салыстарғанда 2,8 пайызға
артық. Экспорт көлемі 2000 жылы импорттан 1909,5 млн. долларға артық, ал
сыртқы сауда айналымы сальдосының өсімі 1999 жылға қарағанда 75,5 пайыз
болды. Валюталық түсім импорты өтеуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасына
инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолмен шетел инвестициясын тартуға
жағдай жасайды. Қазақстанда шетел капиталын белсенді түрде тарту 1992
жылы басталды. Алғашқы кезде ол қарапайым түрде екі тарапты несие беру
арқылы іске асырылды. Бүкіл несие алу мемлекет тарапынан, немесе оның
кепілдік беруімен жүзеге асырылды. 1993 жылы республика аумағында
бірінші рет, тікелей шетелдік инвестициялар тіркеле басталды. Мысалы,
1995 жылы олар елдегі жалпы күрделі қаржы жұмсалымы көлемінің 1,5
пайызын ғана құрады. Бірақ бұл бағыттың басымдылығына, инвестициялық
ахуалды жақсарту мақсатында заңдық негізді жетілдіруге байланысты
тікелей шетелдік инвестицияның үлесі тұрақты түрде өсті. 2000 жылы ол
республикадағы бүкіл инвестицияның 42 пайызын құрады. Көп жағдайда осындай
қомақты инвестициялар негізінде өндірістің базалық салаларында мұнай
және газ өндіруде, қара және түсті металлургияда, электроэнергетикада
дағдарыстан шығуға мүмкіндік туды.
Үшіншіден,сыртқы экономикалық қызмет осы заманға техника мен
технологияны импорттау жолымен өндірістің техникалық базасын жақсартуға
жағдай жасайды. Ғылыми – техникалық үдеріс әсерімен техника мен
технологияның моральдік ескіру қарқыны жылдамдады, ғылыми зерттеу және
тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар шығыны артты. Сонымен қатар осы
заманғы техника мен технологияны алу жолында, өнеркәсібі дамыған
елдердегі өндірушілердің, ерекше трансұлттық корпорациялардың дербес
техникалық саясат жүргізуіне байланысты кедергілер туындайды.
Төртіншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұзақ мерзімді өндірістік
ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім
өндіру мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен
қызмет жасау жолымен экономиканың дамуына әсер етеді. Бұндай бірлескен
қызмет бірнеше бағытта іске асырылады: комплектілік технологиялық құрал –
жабдықтарды сатып алу, оның жұмысын жолға қою, қызметкерлерді оқыту үшін
кеңестік қызмет көрсету; жаңа технологияға патенттер мен лицензияларды
сатып алу және т.б.
Сыртқы экономикалық қызмет елдердің әлеуметтік – экономикалық
дамуына әсер етеді және маңызды құрылымды қалыптастырушы, халықтың өмір
сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға әсер етуші фактор рөлін атқарады.

2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуы

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ – ға кірді және осы
бүкіләлемдік ұйымының 164 – ұлттық мүшесі болды. Қазақстан БҰҰ
қызметіндегі саяси мәселелерді, әсіресе ядролық қауіпсіздікпен
байланысқан сұрақтарды шешуге белсенді түрде қатысуда. Сонымен бірге
Қазақстан еуразиялық қауіпсіздікті нығайту саласында мақсатты бағытталған
жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Алматыда Азиядағы өзара байланыс және сенімдік шаралары бойынша
Кеңесті дайындау үшін арнайы жұмысшы топтың екі мәжілісі болып өтті. Бұл
мәжіліс жұмысына 20 – ға жуық Азия елдерінің сарапшылары қатысты.
Қазақстан өкілдерінің БҰҰ- ның көмекші органдарындағы жұмысы күн
санап кеңеюде. Соңғы жылдардың өзінде Қазақстан ел орналасқан жерлер
бойынша ЭКОСОС (БҰҰ – ның экономикалық және әлеуметтік одағы) комиссиясының
және ақпарат бойынша комитетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы мәліметтер
Сыртқы экономикалық байланыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын және сыртқы саясатын дамытудың жолдары
Халықаралық еңбек бөлінісі
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ақпарат
Әлеуметтік саясат ұғымы
Дүниежүзілік экономикалық қатнастар
Халықаралық экономикалық қатынастардың пәні және құрылымы
Халықаралық сауда түсінігі туралы
Пәндер