Иран мен Ирактың соғысқа әскери дайындықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы :
Кіріспе

1 Иран – Ирак соғысы қарсаңындағы саяси ахуал
1969-1979 жылдарындағы Иран – Ирак 7
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... 10
Иран мен Ирактың соғысқа әскери дайындықтары 12
... ... ... ... ... ... ...
1.3 Иран мен Иракқа басты қару-жарақты
тасымалдаушылар ... ... ... ... ...
2 Иран - Ирак соғыстың басталуы және соғыс қимылдары
2.1 1980 жылдағы соғыстың 13
алғышарттары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Соғыстың Иранның қолына 14
өтуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Иранның Иракка басып 16
кіруі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
... 19
2.4 1984-1986 жылдардағы соғыс
барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.5 Иран – Ирак соғыстың соңғы жылдары және
аяқталуы ... ... ... ... ... ...

3 Иран – Ирак соғыстың аяқталуы және халықаралық қатынастарға
тигізген әсері 20
3.1 Иран-Ирак соғысының
нәтижесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
.
3.2 Иран-Ирак соғысы және Парсы шығанағындағы импералистік елдердің
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Әдебиеттер 26
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі. Иран мен Ирак арасындағы соғыс ұзақтығына
қарамастан, тарихта болған ерекше соғыстардың бірі. Соғыс территориялық
шиеленістен басталды. Территориялық мәселенің ар жағында елдің табысы, яғни
сол жерлерде орналасқан табиғи ресурстарға таластан туындаған болатын.
Территориялық мәселенің туындауы идеологиялық ұстаныммен тығыз байланысты
екенін ескеру керек. Бұл соғыс тек қана шиіттік Иран мен Ирак арасында ғана
болған соғыс емес, сонымен қатар мұнайлы империялардың артында, яғни
империялық саясат ұстанған елдердің соғысы деп нық айтуға болады. Бір
сөзбен айтқанда, бұл тақырыптың өзектілігі соғыстың яғни құр бос
территорияларға ғана емес, сонымен бірге идеологиялық, діни, экономикалық
мәселелердің шырмалып жатқандығында.
Ирак жасаған блицкриг ауыр және созылмалы соғысқа айналды. Бұл
соғыс туралы 1987 жылдың 20 ақпанында Ресейдің сыртқы істер министрінің
көмекшісі А.А.Громыко Кремльде болған кезіндегі айтқан сөздері дәл
сипаттайды. Ол: Иран мен Ирак соғысы – бұл қажет емес әрі мағынасыз
қақтығыстар. Ақылға қонар ендігі әрекет - өткенді еске ала бермей,
болашақтың жағдайын ойластыруымыз керек. Соғыстың әрі қарай жалғасуы тек
қана импералистік күштердің ұтуына әкеледі. Олар Иранға да, Иракқа да жат
мақсаттарды көздейді [1, 130 б.],- деп айтты.
Зерттеу объектісі. Иран мен Ирак конфронтациясы болып табылады. Оның
мәнісінде саяси, діни, этиникалық, территориялық, экономикалық мінездердегі
себептер жатыр. Иран мен Ирак бір-бірінен саяси-идеологиялық басқару
тәртіптерімен айрықшаланады [2, 57 б.]. Иран басшыларының Ислам
революциясын Иракқа бағыттау бұрынғы болған барлық келіспеушіліктерді
қайта оянуына әкелді. Оларға Шатт-эль-Араб өзенінің бойындағы
территориялық қақтығыстар, күрдтер мәселесі, Ирактағы шиіттердің құқықтары,
Хузестандағы арабтардың мәселесі, Парсы шығанағындағы аралдар маңындағы
сулар мен континентті шельфтер мәселесі, жаңадан ашылған мұнай орындарының
мәселесі, шекарадағы мал жайылым жерлері, Ирактағы шиіттік қасиетті
орындардың орналасуы т.б. мәселелердің жиналып, соғыстың басталуына түрткі
болған әрекеттер деп айтуға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Иран мен Ирак арасындағы болған созылмалы
әрі жанкешті соғыстың алғышарттарын, басталу себептерін, мақсаттарын,
кезеңдерін және нәтижесін қарастыру болып табылады. Жоғарыдағы айтылған
деректерден Иран-Ирак соғысы тақырыбының мазмұндық маңыздылығы көрінеді.
Осы себептерге сәйкес бұл тақырыпты таңдап алып, алға қойған мақсаттарға
жету үшін мынадай міндеттер айқындалады:
- Соғыс қарсаңындағы саяси ахуалға сипаттама беру;
- Иран-Ирак соғысының басталуындағы алғы шарттарын зерделеу;
- Соғыс жылдарындағы қарулы қақтығыстар барысын ашып көрсету;
- Соғыстың негізгі құралы болған қару-жарақ тасымалдаушы елдерді
туралы мәліметтерді анық көрсету;
- Соғысты жүргізу тактикасы және олардың ерекшеліктеріне тоқталу;
- Соғыстың нәтижесі мен зардаптарын барынша нақты жазу;
- Соғысты тиімді санаған мемлекетттердің, яғни импералистік елдердің
ұстанған бағыттарына толықтай тоқталуып кету;
- Соңында барлық мағлұматтарды ескере отыра қорытындылау;
Аталған тақырып бойынша курстық жұмысты жазу барысында бірқатар
деректік құжаттардың жинақтары және түрлі кезеңдерде жарияланған ғылыми
зерттеулер пайдаланылды. Шығыстанушы ғалымдарының мерзімді басылымдары,
жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралдары, отандық және
шетелдік еңбектермен танысып, тақырыпқа қатысты біршама құжаттар легінен
жетерліктей көп аналитикалық мағлұматтар алынды. Атап айтатын болсақ,
соғыстың барынша өрбуіне себеп болған Алжир келісіміне [3] (қосымшаны
қараңыз) қол қою арқылы достық қарым-қатынасқа жетсе, аталмыш келісімді
бұзу арқылы соғыстың басталуына әкелді. Алжир келісімінің тақырыбымызға
тікелей мыңыздылығы осыдан байқалады. Келесі маңызды құжат БҰҰ-ның 1987
жылы соғысқа байланысты қабылдаған резолюциясы [4] (қосымша № 2
көрсетілген) болып табылады. Аталмыш құжатта соғысты аяқтау және бейбіт
қатынастар орнату жайында айтылған. Соғысты тоқтату үшін БҰҰ-ның атқарған
ролі қаншалықты маңызды болса, оның қабылдаған құжаты соншалықты маңызды
болды.
Тарихнамалық тұрғыдан талдай кететін болсақ, осы тақырыпта кеңінен
ашып зерттелген әдебиеттер қатарына шығыстанушы Ш.А.Ниязматовтың орыс
тілінде жазылған „Ирано-Иракский конфликт“ [1] атты тарихи очеркінде
соғыстың басталуына түрткі болған себептер жайлы жақсы талданған. Екі
мұнайлы державаның соғысын тек бір позициядан ғана емес, әр түрлі жағынан
қыр-сыры ашып жазылған. Аталмыш еңбектің ерекшелігі тілінің көркемділігінің
арқасында қарапайым оқырманға түсініктілігі. Курстық жұмыста айрықша
қолданылған әдебиеттер қатарына интернет ресурстарынан алынған электронды
энциклопедия „История войн. Три войны Саддама Хусейна“ (II часть: Война с
Ираном) [5]. Электронды оқулықтың мағлұматтары соңғы кезде зерттеген
тәуелсіз эксперттердің баяндамаларынан алынған. Дәлірек айтсақ, соғыс
туралы нақты сандар мен деректер көрсетілген. Сонымен бірге, И.Кленов,
В.Орловтың Ирано-Иракская война [2], Н.М.Мамедов, М.Санаидың Иран: ислам
и власть [6], Г.Б. Поляк, А.Н.Маркованың Всемирная история: Учебник для
студентов [7], М.Р.Годстың Иран в ХХ веке: политическая история [8]
еңбектеріндегі мағлұматтар мазмұндас деп айтуға болады. Соғыстың басталу
алғышарттарына айтарлықтай мағлұматтар осы еңбектерге негізделді.
Л.И.Медведконың Ветры перемен в Персидском заливе [9], М.С.Ивановтың
Зона Персидского залива [10] еңбектерінде Парсы шығанағындағы биліктің
ауысуы, мұнайлы елдердің қарым-қатынастары барынша айқын жазылған. Сонымен
қатар, А.П.Криворучко, В.Т.Рощупкиннің Война с Ираном: жребий брошен
Багдадский вождь: взлёт и падение [11] еңбегінде соғыстағы С.Хусейннің
ролі мен атқарған іс-әрекеттеріне негізделген еңбек. А.З. Егорин Война
за мир на Ближнем Востоке [12] мен В.Примаков Анатомия Ближневосточного
конфликта [13] кітаптарында соғысқа деген көзқарастардың бірнеше
аспектілері орын алған. Соғыстың негізгі құралы қару-жарақ болғандықтан,
дәл деректер интернет ресурстарынан Энциклопедия военного искусства [14],
қару сату туралы деректер базасы SIPRI [15] сайттарынан алынды. Соғыстың
созылмалы болуына байланысты, әр елде әр түрлі еңбектер жазылып, әр түрлі
деректер келтіріледі. Сондықтан да соғыстың қалай өрбігеніне анық көз
жеткізу үшін сол кезде шығарылған газет беттерінен, тәуелсіз эксперттердің
еңбектерімен жұмыс істелді. Толығырақ тоқталып кетсек, Ресейлік тәуелсіз
эксперт Г.Фалуниннің Ирак–Иран: последняя "классическая" война ХХ века
[16] атты мақаласынан шындыққа жанасатын ақпараттар алынды. Сонымен қатар,
ақпараттық орталықтардан Ближневосточные конфликты [17] мақаласынан 1983
жылғы әскери жорықтарды, Красная звезда [18] газетінің сайтынан 1985
жылғы соғыс әрекеттерін, 1988 жылғы соғыс барысы Зарубежное военное
обозрение [19], Известия [20] газеттерінің сайттарынан барынша анық
түрде жазылған ақпараттар қолданылды. Сонымен бірге, көптеген мағлұматтар
түпнұсқаларында алынды. Ағылшын тілінен аударылған мақалалар қатарына: The
New-York times [21], журналынан алынған Iran-Irag: false or true
мақаласы және де соғыс шығындары жариялаған американдық зерттеуші
К.Mофидтің The economic Conseguences of the Iran-Irag war [22] деген
еңбегінің түпнұсқасынан алынды. Соғыстың аяқталуы мен бейбітшілікке жетуі
туралы айқын жазылған әдебиеттер қатарына А.Васильевтің Персидский залив в
эпицентре бури [23], В.Иваненконың Ирано-Иракская война: кто выигрыше
[24] жатады. Парсы шығанағында импералистік саясатты ұстанған елдер туралы
айрықша жарияланған әдебиетке А.Е.Примаковтың Персидский залив: нефть и
монополии [25] еңбегін атауға болады. Интернеттен электронды ашық
энциклопедиядан алынған [26] ақпараттардың маңызы да зор болды.
Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде соғыс
қарсаңындағы саяси ахуал сипатталады. Аталмыш бөлімде соғыс алдындағы он
жыл мерзіміндегі елдердің дамуы, ішкі саясаты, сонымен қатар соғысқа
дейінгі екі елдің қарым-қатынасына, соғыс алдындағы дайындық, қару
тасымалдаушы елдер туралы айтылады. Екінші бөлім соғыстың басталуы туралы
баяндалған. Аталған бөлімде соғыстың алғышарттары, басталуы, соғыс
бағытының өзгеріп отыруы, тактикалық жағынан жүргізілуі сипатталады. Үшінші
бөлімде соғыстың соңғы жылдары мен аяқталуына назар салады. Соғыстың екі ел
үшін әкелген зардаптарын нәтижелеумен аяқталады. Соңғы, қорытынды бөлімде,
жалпы тақырып туралы ой-тұжырымдалған. Қолданылған әдебиеттер тізімі
берілген. Сонымен қатар, қосымша мәліметтерде соғыс барысында жасасқан
құжаттар енгізілген. Территориялық мәселелерді анық көру үшін бірнеше
карталар бар.
Аталмыш жұмыстың хронологиялық шеңбері 1980 -1988 жылдарды қамтиды.

1. Иран – Ирак соғысы қарсаңындағы саяси ахуал

1. 1969-1979 жылдары иран-ирак арасындағы қарама-қайшылықтар мен оны шешу
жолдары

Иран ең ежелгі мемлекеттердің бірі. 1935 жылға дейін Парсы
империясының құрамында болды. ХIХ ғасырдың екінші жартысында ағылшындар мен
орыстардың экспансиясына ұшырап, жартылай отар елге айналды. Мемлекет
байлықтарын толық бақылауға алу және стратегиялық маңызды жерлерді қолдану
үшін ағылшын үкіметі 1921 жылы мемлекеттік төңкеріс жасады. Елде әскери
министр Реза Пехлевидің диктатурасы бекітілді. 1925 жылы Р. Пехлеви Иран
шахы болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Иран АҚШ пен Батыс Европа
елдерінің ізімен жүруге тырысады [5].
60 жылдары үкіметке қарсы топтар социалды-экономикалық реформалар
жүргізуге мәжбүр болды. Осы жоспар бойынша Иран тез арада Батыстық үлгімен
алдыңғы қатарлы елдерге қосылуы тиіс еді. 1967 жылы Коломбо жоспарына
кірді. 1972 жылы Иран Ислам Республикасы болып жарияланды.
Осы жылдар аралығында Иранда саяси жүйенің ауысу кезеңі болды. 1978-
1979 жылдары Иранда шах билігіне қоғамның барлық топтары қарсы шықты. Ислам
құндылықтарын орнына қайтару мақсатында шиіттік ағымның мүшелері белсенді
түрде көтерілді. 1979 жылы ақпан айында шах билігін құлатқан
антимонархиялық революция болды. Революция тарихта Ислам революциясы
деген атпен қалды. Оқиғаның нәтижесінде билік Революциялық кеңестің басшысы
аятолла Рухолла Хомейниге өтті [6, 154 б.].
Көптеген ғасырлар бойы Ирак жері әр түрлі империялардың, атап айтсақ
Парсы немесе Оттоман және Араб халифаты сияқты елдердің құрамында болды.
Сонымен қатар, Ирак территориясы ағылшындардың бақылауында болғанын
білеміз. Осы елдердің арасындағы Ирак үшін ғасырлар бойғы талас оның
көршілес Иран елімен арақатынастарының құлдырауына әкелді. Көбінесе жанжал
Шатт-эль-Араб өзенінің бойымен өтетін шекара мәселесі болды.
Тигр мен Ефрат өзендерінің ағысының қосылуынан пайда болған Шатт-эль-
Араб өзені шамамен 250 км. Парсы шығанағына құярға дейінгі 82 км шекаралық
болып табылады. 1908 жылы иран провинциясы Хузестан жерінде мұнай
жерлерінің ашылуы, шекараның толыққанды бекітулуін талап етті. 1913 жылы
Константинопольде Иран мен Батыс елдерінің арасында келісім жасалды.
Келісімге сәйкес Шатт-эль-Араб өзеніндегі шекара Иран жағалауы арқылы
өтетіндей етіп бекітілді. 1919 жылы Ирак елі құрылып, Иран елімен 1500 км
шекараласты. 1932 жылы Ирак тәуелсіздік алғаннан кейін иран-ирак
келіссөздері жүргізіле бастады [1, 177 б.].
Ирактың саяси ішкі жағдайы тұрақты емес еді. 1958 жылы әскерилер
корольді тақтан құлатты, ал 1963 жылы билікке баас-истер, яғни социалды
идеяны ұстанған ұлтшыл арабтар келді. Олар Иран шахымен дипломатиялық
қарым – қатынаста болмады. Бірінші рет Араб Социалистік Қайта Құру Партиясы
(БААС - арабша) 9 ай ғана билікте отырса, кейін 1968 жылдың 17 шілдесіндегі
сайлауда реванш алып, билікте жалғыз өзі 35 жыл үстемдік етті.
Тегеран мен Багдад арасындағы қатынас күрделене түсті. Екі жақта
территориялық келіспеушіліктер болды. Екі ел шекарасындағы Шатт-эль-Араб
өзені екі жаққа да әскери және экономикасына, әсіресе ирак үшін өте маңызды
үшін территориялық аймақ болды. Аса маңызды ирак порты Басра өзеннің
Парсы шығанағына құяр жерден 90 км жерде орналасқан. Негізгі мұнай құятын
Фао порты өзеннің жағалауында орналасқан. Бірнеше мұнай құбырлары өзенге
таяу әрі параллель аймақтан өтеді. Ирактың Парсы шығанағындағы теңіз
шекарасы 80 км шамасында. Бұл жерде елдің жалғыз порты Умм-Каср орналасқан.
Портқа тек қана Кувейттің бақылауынан өтетін жіңішке су жолмен қана келуге
болады. Өзеннің иран территориясында үлкен сауда порты әрі оңтүстіктегі
теміржол торабы – Хорремшехр орналасқан. Сонымен бірге, бұл аймақта мұнай
өңдейтін Абадан және әскери теңіз базасы Хосровабад орталықтары
орналасқан. Жүктерді Парсы шығанағы арқылы әкеліп, Хорремшехрдегі темір жол
арқылы тасу экономикалық жағынан басқа да оңтүстіктегі порттарды қолдану
орнына қарағанда үнемді саналады. Өзеннің шығыс бөлігінің иракқа
дипломатиялық жолмен өтуі, бұл ел үшін аса маңызды еді. Бірақ иран үшін
қолайсыз болғандықтан, олар келісім шартты кез – келген сәтте қайта
қарастыруларына әрі шекараның тальвег сызығы бойымен өтулеріне талап
етулеріне болатын-ды [5].
Сонымен қатар, иран мен ирак арасындағы жанжал кейбір құрлықтық
территориялар үшін де туды. Барлығын қосқанда жалпы ауданы 370 км болатын
Хорремшехрдің солтүстігінде орналасқан 6 территориялық аудандар: Фука,
Мехран (екі ауданнан), Нефтшах, Касре–Ширин. Ұзақ уақыт бойы шекарадағы
өзендердің суын қолдануы әрі мал бағатын жерлер жөнінде шешілмеген даулы
территорияларға жатқызылады [9, 217 б.].
Екі жақ осы мәселелерді жергілікті курдтар арқылы шешуге тырысты.
Багдадта билік басына баас-тардың келуі екі ел арасындағы қатынасты
жақсартпады. Одан да гөрі, жалпы арабтардың бірігу идеясын ұстанғандықтан,
иранмен шекаралық Хузистан (араб деректерінде Арабстан) территориясында
арабтардың сепаратистік көтерілуін және дамуына ықпал жасады. Бұған қоса
шекарадағы Шатт-эль-Араб өзенінің мұнайлы территорияларының мәселелері
қосымша салмақ салды [8, 57 б.].
Бұл уақытта Ирактың ішкі жағдайында төңкерілістер, күрдтермен соғыс,
экономикалық құлдырау үстінде болды. Осыны пайдаланған Иран 1937 жылы
қабылданған шекара туралы құжатты 1969 жылдың 19 сәуірінде біржақты жоққа
шығарды. Құжат бойынша ирак шекарасы Шатт-эль-Араб өзенінің иран
жағалауынан басталатын, енді шекара өзеннің нақ ортасынан өтетін болатындай
етілді. Ирак ештеңе істей алмады [7, 95 б.].
Бірақ Иранға жауап қайыру керек болғандықтан 1970 жылдың 20
қаңтарында белгісіз тұлғалар төңкеріс жасамақшы болып, жарылыс
ұйымдастырған. Ирак бұл әрекетті Иранға жапты. Жауап ретінде ирактың
ирандағы елшісі Тегераннан 24 сағат ішінде кетуі талап етілді [5].
Келесі жылы Иран Ирактың Абу-Мұса, Ормуз шығанағындағы Үлкен және Кіші
Томб аралдарын жаулап алды. Иракта Арабстан арабтардікі болу керек
дегендей ұрандар айтыла бастады [2, 54 б.].
1973 жылы болған Израиль дағдарысы – екі ел арасында дипломатиялық
қатынастар орнатуына әкелді. Бірақ бұл екі елдің бір-біріне істеп отырған
әрекеттерін тоқтатпады. Иран бұрынғыдай күрдтердің көтерілісін демдеп
отырды. 1974 жылы наурыз айында Иран Ирактың қуғын-сүргініне ұшыраған
күрдтер үшін өз шекарасын ашты. Сонымен қатар, Иранда күрдтерді әскери
өнерге үйрететін лагерлер ашылды. Ирактардан жауап ретінде 1975-1978
жылдары Иранмен шекарада араб белдеуі деп аталатын 25 км созылған
ауданға арабтардан шыққан ирактың азаматтары көшірілді [10, 151б.].
Екі мұнай өндіретін үлкен державалардың арасындағы жанжалдың өрбуі
ОПЕК-ке тиімсіз болды. Алжирде 1975 жылдың 6 наурызында Алжир президенті
Х.Бумедьеннің қатысуымен Ирак президенті С.Хусейн мен Иран шахы Р.Пехлеви
жаңа территориялық келісім-шарт жасасты. Құжат Шатт-эль-Араб өзенінің
маңындағы шекаралық аймақ туралы болатын. 1937 жылғы құжат өз күшін жойды.
Тальвег сызығы бойынша шекара өзеннің ортасынан өтетін болды. Жауап ретінде
Иран Ирактағы күрдтердің көтерілісін қолдаудан бас тартуы керек болатын.
Бұл 1975 жылы 13 маусымда екі ел арасында жасалған Алжир келісімімен
бекітілді [3].
Келісім бойынша Иран кейбір даулы территориялардан өз әскерлерін әкету
керек болды. Ирак Иранға 518 км2 территория беруіне келісті. Екі ел
дипломатиялық қатынастарды жалғасытруға келіскен-ді.
Барлық дипломатиялық қатынасты Иранда 1979 жылы болған Ислам
революциясы бұзды. Ирандағы шииттік басқармасы Багдадта отырған
баасистерді жақтыртпайтын. Аятолла Хомейни кезінде Ирактан шахтың бұйрығы
бойынша қуғындалған еді. Билік басында отырған Ирактың солтүстік-батыстан
келген сунниттіктерге 1977 жылы елдің оңтүстігінде болған шиіттік
көтерілісті жаншуларын естеріне салды. Иран кезінде Ирактағы күрдтерді ғана
емес, сонымен бірге Ирактың жартысынан көбі тұратын шииттерді қолдаған
болатын. Ирак территориясында Кербел, Энь-Наджафта шиіттердің қасиетті
заттарының орналасуы – тағы бір мәселені тудырды [6, 178 б.].
Ирак пен Иранда бір-біріне антогонистік биліктің болуы болған жағдайды
одан әрі ушықтырды. 1979 жылы Хомейни басқарған иранның үкіметі Ирактан
шиіттердің Кербел және Неджефтегі қасиетті заттарын Иранның Кум қаласына
берулерін талап етті. Бағдад кері жауап қайтарды. Тіпті С.Хусейн 1979 жылы
Неджеф қаласында өзін Мұхаммед (с.а.с) пайғамбардың ұрпағынан тарайтын
гениологиялық кестені көрсетті. Бұл әрекет шиіттердің ызасына тиді [2, 79
б.].
1975жылы Алжирде жасалған келісімді 1979 жылдың 17 қыркүйегінде
біржақты денонсациялады [2, 80 б.].
1979 жылы 7 қазанда Хорремшехрде ирак елшілігінің жарылысы болды.
Иран ресми түрде Парсы шығанағын Ислам шығанағы деп атады. Иракта жасырын
шиіттік ұйымдар құрыла бастады. (Мысалға Ислам Революциясының Жоғарғы
Кеңестік Ұйымы). Ирак Хомейниге қарсы оппозициялық Халықтың моджахеды
үкіметтін қаржыландырып, қаруландырып отырды [8, 67 б.].

2. Иран мен Ирактың соғысқа әскери дайындықтары

Соғыстың басталар алдындағы он жылдықта Иран мен Ирактың қарулы
күштері біршама өзгерістерге ұшырады. Екі жақта қару жарақтарын, әскерлерін
соңғы үлгімен қаруландырған. Әсіресе, Иран шахы Парсы шығанағының
жандармымын деп өз армиясын айтарлықтай қаруландырған. Иракта 1973 жылдың
қазанында Қиямет күнінің соғысы болған кезде армиясының өте әлсіз екенін
көрсеткен еді. Осы оқиғадан кейін Ирак армиясын күшті қару-жарақтармен
жарақтандырды.
Келесі кесте екі жақтың қару-жарақтардың милитаризациясы туралы
мағлұматтар келтіріледі [14].

Кесте № 1

Ирак Иран
1970ж. 1980ж. 1972ж. 1979-1980ж. 1981ж.
95 мыңға жуық + 241мыңнан Әскер181 мыңға 240 мың →   255 мың + 75
6 мыңға жуық астам + 75 жуық + 40мың 180мың мың
полиция халықтық жандармер. және (1980жылғы Революциялық
армия +5 полиция мәдени гвардия мен
мыңға жуық революцияға жандармерия
қорғаныс байланысты
әскерлері 250 генерал
кіші лояльді
командирлерге
ауыстырылды)
Әскери күш: 85 ӘК: 200 мың,ӘК: 150мың, бір ӘК: 190мың,
мыңға жуық, 4пд 3000 жуық одаққа жиналған. 1600 танк
+ 2 бртд, танк 3пд, 3 бртд, 5 (АҚШ,
артиллериялық, (кеңестік бр. отряд, 15 Ұлыбритания.
зенитті-артиллерТ-55,Т-72), отд. батальон Мысалға
иялық және т.б. 2500 БТР, мен дивизиялар, Чифтен)
Ескірген қару 800 полевое Атқыш және 2200 БТР,
жарақтар: орудие 1200артиллер. 1500 мылтық,
англо-американдызениттік құралыдары және 1400
қ + кеңестік артиллерия, Иранда жасалған. зен-артилл.,
240 САУ, Ауыр техника - реактивті
минометтер АҚШ. артиллерия,
реактивті ракеталар
артиллерия, түрі
тактикалық жер-жер,
ракеталар, ПТУР,
ПТУР-лар, СВ: 400
қарулар мыңнан астам
Кеңес
үкіметінен
алынған.
Әскери Әуе ӘӘК: ӘӘК: 22мыңнан ӘӘК: 45 мың,
Күштері: 8 37мыңнан астам, Англо-америка
мыңнан астам, астам, 330 Авиабригадаға ндық
 Авиабазар мен тікұшақ біріккен 211  300 тікұшақ,
эскадрилия (кеңестік тікұшақпен пен 600 ұшақ.
құрамында 200 МИГ-21) ұшақтар
тікұшақ Тікұшақтар
паркі: Ф-4, Ф-5,
Фантом
Әскери Теңіз ӘТК: 4 ӘТК: 9 мыңнан ӘТК: 20
Күштері: 2 мыңнан астам, 1 мыңнан астам,
мыңнан астам: астам, 50 эсминец, 5 Әр түрлі
торпедалы жеке шақты күзет кемелері, кемелердің 10
дивизиондар, катерлер, көмекші катерлер түрі, 400
көмекші кемелер.Әскери база-т.б. катерлер мен
Умм-Каср, кемелер, 5
Басра. эскадрилия.
Әскери
базалары:
Хорремшехр,
Хомейни,
Харк,
Бендир-Аббас,
Бушир.

Осындай қару-жарақ көлемдерімен екі ел соғысқа кірісті. Ирак Ираннан
жаяу әскерінен 1,5 есе артық болса, танк жағынан 2 есе артық болды. Бірақ
Иранның әскери теңіз күштері мықты болды. Соғыс барысында бұл өз ізін
қалдырды [15].
Айта кететін жайт, Иран армиясы ішкі революциялық ахуалдардың
салдарынан әлсіз күйде болды. Ирак әскерлеріне қарағанда біршама аз және
ешқандай тәжірибесіз еді. Ирак әскерлері Израильмен соғыста (1948, 1956,
1967, 1973), Күрдстандағы тау соғыстарында (1961-1970, 1974-1975) біршама
тәжірибе жинаған. Саддам Хусейн жеңіске әбден үміттенуіне болды. Бірақ
басты қаупі соғыстың тым ұзаққа созылуы еді. 50 миллион халқы бар Иран ирак
әскерлерімен басында аса соғысқа кіріспей, кейін Ирактың қару-жарағы біткен
кезде жауды шаншуынан қорықты. Бірақ оқиға осылай өрбіген жағдайда да Ирак
өзінің улы заттар мен ядролық қару-жарағы дайын тұрды [11, 101 б.].

1.3 Иран мен Иракқа басты қару-жарақты тасымалдаушылар

1973 – 1990 жылдар аралығында басты қару тасымалдаушы елдер туралы
мәліметтер кестеде келтірілген [15].

Кесте № 2

Қару тасымалдаушы Бағасы (АҚШ млрд. доллармен Жалпы %
елдер есептегенде)
КСРО 25.2 57
Франция 5.6 13
Қытай 5.2 12
Чехословакия 2.9 7
Польша 1.7 4
Бразилия 0.7 2
Египет 0.6 1
Басқа елдер 2.1 4
Б А Р Л Ы Ғ Ы 43.9 100.0

1981 жылдың соғыстың қарқынды жүріп жатқан алғашқы алты айында Египет
Иракқа 25 млн. долларға қару-жарақ тасымалдады [2, 112 б.]. Сонымен қатар
Ирак жағына Кувейт мемлекеті шығып, Иран-Кувейт арақатынастарының бұзылуына
әкелді. 1982 жылдың күзінде Иранның Әскери Ауа Күштері Ирак шекарасындағы
Кувейттің мұнай сақтайтын орындарын бомбалады [2, 77 б.].
Ал АҚШ болса Иранға жасырын түрде қару жарақ тасымалдады. 1985 жылы
Израилдықтардың көмегімен АҚШ зениттік Хок ракеталарын жеткізіп үлгерді.
1986 жылдың аяғында тарихқа Ирангейт деген атпен енген үлкен жанжал
болды. Иран-ирак қарулы қақтығыстарының болуына, АҚШ-тың Иранға қару-
жарақ тасымалдап отырғаны әлемге жария болды [2, 100 б.].

2. Иран – Ирак соғыстың басталуы және соғыс қимылдары

2.1 1980 жылдағы соғыстың алғышарттары.

1980 жылдың басында Иран мен Ирак арасында шекаралық соғыс жүріп
жатты. Ирактың жалпы есебі бойынша 23 ақпаннан 26 шілдеге дейін Иран
жағынан 244 агрессиялық әрекеттер болған [15]. Бірақ екі ел толыққанды
соғыстың басталуына алғашқы қадам жасағылары келмеді. Толыққанды соғыс
психологиялық және ақпараттық қана жолмен басталды.
1980 жылы 1 сәуірде Аль-Мустансирия университетінің студенттері Ирак
премьер-министрі Тарек Азизмен кездесуде бомба тасталады. Бірнеше адам қаза
болып, Т.Азиз контузия алды. Келесі күні С.Хусейн болған оқиғаны Иран және
Ирактың шииттік мекемесі Ад Давахқа жабады. 5 сәуірде қаза болған адамдарды
жерлеу барысында тағы да бомба тасталады. Саддам қатаң түрде жауап
қайтарды. 8 сәуірде С.Хусейн ирактың шиіттік мекемесінің (Ад Давахтың)
басшысы аятолла Мухаммед Бакр Садра мен оның апасын өлім жазасына кесілуін
талап етті. Сонымен қатар, Иранның шиіттік эммигранттар қаласы Касре-
Ширинге бомба тасталды [5].
Соғыс халықаралық дәрежеге дейін көтерілді. 1980 жылы Иранның сыртқы
істер министрі Садек Готбазе Дамаскка барған сапарында С.Хусейннің әскери
жорық кезінде қаза болғанын және Иранның Ирак оппозициясына өз қолдауын
көрсететінін айтты. Ирак болса БҰҰ-на Иранның 1971 жылы жаулап алған Ормуз
шығанағындағы Үлкен және Кіші Томб, Абу-Мұса аралдарын қайтарылуын талап
етті. Жауап ретінде Хомейни халықты С.Хусейнді Құран және Ислам жауы және
оның биліктен кетіруге шақырды [11, 123 б].
Жазда С.Хусейн соғыстың жаңа бағытын ұстануға бел буды. Шілде айында
шетел журналистері үшін өткен пресс-конференцияда Ирак агрессияға қарсы қол
қусырып отырмайтындығын жария етті. Өзінің мақсатын орындау барысында 1980
жылдың тамыз айында С.Хусейн Меккеге қажылыққа барды. Ақ киімге оранған
Хусейннің қажылыққа баруы және Сауд Арабияның ханзадасымен Фахдпен бірге
Қағбаны тауап жасауы – араб әлеміне теледидар арқылы тікелей эфирде
көрсетілді [11, 125 б].
Хусейн көршілес елдердің, сонымен бірге АҚШ-тың, КСРО-ның қолдауын
алды. Иранды тек қана Ливия мен Сирия қолдады (қосымша әдебиеттерден №2
картаға қараңыз) [26]. Енді Хусейнге Хомейнидің әскерін жоюға ешкім кедергі
жасамады.
1980 жылдың 4-6 қыркүйегінде шекаралық территориялардың бірі Касре-эль-
Ширин ауданында авиацияда және кеме жасақтарында ауыр артиллерияны
қолдануымен қарулы қақтығыстар өтті. Бағдадта Иранның уақытша
өкілеттілігіне Ирак қорғану мақсатында Зейн аль-Каус оккупацияны тоқтатуы
тиіс деген меморандумды ұсынды. Құжатта Иран бұрын жаулап алған
территорияларын Иракқа қайыруларын сұралды. Бірақ ол жауапсыз қалды. Ирак
армиясы Зейн аль-Каус территориясынан ирандықтарды қырды. 16 қыркүйекте
Алжир келісімі бойынша берілген 125 кв. миль өзіне қайтарды. 17 қыркүйек
күні Ирактың Ұлттық Кеңесі төтенше жиналыс жасап, Хусейн Алжир келісімін
жоққа шығарылатынын айтты. Шатт-эль-Араб өзені арабтардікі, яғни ирактікі
болуы керек екенін ашық жариялады [2, 112 б]. 1980 жылдың 22 қыркүйегінде
ирак армиясы Хузистан (Арабстан) территориясына стратегиялық жаулап алу
істерін бастады. Ирак әскері Шатт-эль-Араб өзенінің жағалуына ене бастады
және Хузистанға кірді. Ирактың тікұшақтары Тегеран және басқа да қалаларына
бомба тастады. Ал Ирак армиясы Ахваз қаласын алды. Иранның Абадан,
Хорремшехр, Харк аралындағы мұнай базалары бұзылды. Абадан жеріндегі қатаң
соғыс жүргізгеннен кейін ирак армиясы тоқтатылды. Ирак елдің шығыс бөлігін
жаулап алды. С.Хусейн жоспары бойынша соғыс 20 қараша құрбан айт мейрамына
дейін аяқтау жоспары іске аспай қалды. Ирак бастапқы орындарына келуіне
келісті, бірақ Иран келіспеді. Ирандағы КСРО-ның елшісі Виноградов Иран
премьер-министрімен кездесіп, әскери көмек беруіне дайын екенін айтты.
Премьер-министр келіспеді [16, 78 б].

2.2 Соғыстың Иранның қолына өтуі

1981 жыл қарашаның ортасында Ирак армиясы Хорремшехрді жаулап алды.
Иран-Ирак шекарасы 350 км созылған болса, соның 10 км-ден 40 км-ге дейін
енді (Кейбір деректер бойынша Хузистанның солтүстік-батыс бөлігін толық
жаулап алып, Иранның ішіне қарай 50 миль-ге дейін енген.) [16]. Сонымен
қатар Абаданға шабуыл жасау жалғасып жатқан болатын. Иран президенті әрі
қарулы күштердің басты басқарушысы Абольхасан Банисадр Иракка қарсы алғашқы
қарулы атыстарды бастауға бұйрық берді. 1981 қаңтардың басында басталған
бұл әскери жорық толық сәтсіздікке ұшырады. Соққы жалпы төрт жақты
жүргізілді, соның екеуінде ғана иран әскерлері елеусіз жетістіктерге жетті.
Қаңтар айында ирандықтар Дизфуль-Сусенгерд территориясына шабуыл жасады.
Өткір соғыстың нәтижесінде Иран 140 танкіден айрылғандықтан тоқтатуына
мәжбүр болды. (Ирак 50 танкіден айрылды). Абаданды азат ету үшін жіберілген
16-шы танкті девизиясы толықтай талқандалып, өзінің үш бригадасынан
айрылды. Көктем мен жаз айларында Иран әскерлері жалпы операция жасауға
тырысқанымен ешқандай нәтиже бермеді [14].
Иран әскерлерінің күйреуі ирактықтардың мықты қорғаныс жасап және
барынша дұрыс стратегия ұстанғанының нәтижесі деген жалған әсер пайда
болды. Иран әскерлері енді ешқандай әрекеттер жасай алмайтынына ирактықтар
шынымен сене бастады. Сусенгерд аймағына шабуылдан кейін ирактықтар
ешқандай жаулап алушылыққа бармады. Ирактың басшылары Тегерандағы саяси
биліктің құлайтынына үміттенді. Бұлай үміттенулерінің себептері –
қаңтардағы әскери қақтығыстың сәтсіз болуы, биліктегілердің ара-
қатынастарының құлдырауына әкелді. Иран әскерлерінің басты мәселесі
бұқаралық әскердің Ислам Революциясының Әскерлерінің Корпусымен (КСИР) мен
жарысуы. Қаңтардағы жеңіліс Иранның алғашқы президенті Банисадрдың биліктен
кетуіне, сонымен қатар маусым айында елден қашуына себеп болды . Иран
халқының моджахедтер ұйымы биліктегілерге қарсы шығып, террористтік
жарылыстар жасады. Ең үлкен террористтік жауыздық елдің жаңа президенті
Мұхаммед Али Раджан мен Мұхаммед Джавада Бахонардың өлтірілуі болды [2, 89
б.].
Ел ішіндегі төңкерістерге қарамастан, Иранда билік сақталды.
Моджахедтер жасаған террорлық әрекеттер жетекшілері түрмеге қамалды.
Соғыстың тынышталуы күштерді ұйымдастыруға қолданылды. Иран әскері
таңқаларлық дайындықпен Басра қаласын қайтару үшін жорыққа шықты. Басты
соққылар Басраға емес, Абаданның шығысында орналасқан ирак әскерлеріне
қарсы төнді. Қақтығыстар 26-29 қыркүйек аралығында болды. Абаданнан
ирактықтар шығарылып, Иранға қайтарылды. Бұл Ираның алғашқы жеңісі болды.
Иранның жеңісі Исламдық Революция Әскерлерінің Корпусы мен бұқаралық
әскерлердің бірігіп, иракқа қарсы соққы беруінің нәтижесі болды. Бірақ
жеңіс көпке созылмай, осы әскери жаулап алу ісіне қатысқан барлық
жетекшілер Тегеранға қайтып бара жатқанында қайтыс болды. Ресми түрде
кездейсоқ жағдай деп айтылса да, басқа да мәліметтер бойынша трагедияның
басқа да себептері болды [1].
Позициялық соғыс басталды. Иран авиациясы Басра мен Киркукедегі мұнай
сақтау жерлеріне бомба тастап, Багдадқа соққы берді. Хузистанда соғыс
әрекеттеріне байланысты қашқындар саны 1,5 миллионға жетті [19, 45 б]. Осы
жылдың ақпан-наурыз айында Гвинея, Пәкстан, Бангладеш, Гамбия президенттері
және ислам конференциясының басшысы Тегеран мен Багдадқа Ислам миссиясымен
екі елді татуластыруға барды. Бірақ татуластыра алмады [16]. Ал мамыр
айында Иран бомбардирлері ешқандай кедергісіз Ирактың барлық территориясына
еніп, Сириямен шекарасындағы базаларына бомба тастады. Ирак шығыстан
күтпеген соққы алды. 7 маусым күні Израиль авиациясы бомбалық қарудың
көмегімен Бағдадтан бірнеше шақырым жерде орналасқан ядролық орталығын
жойып жіберді. Соққыға қарсы ешқандай жауап қайтарылмаса да, бұл Ирактың
ұлттық ядролық зерттеу бағдарламаларына қатты нұқсан келтірді. Францияның
көмегімен салынған Ирактың ядролы реакторы Озирак Израиль авиациясының
атысымен жойылды. Шілде-тамыз айларында Иран Ирактың армиясына қарсы
бірнеше сәтті шабуылдар жасады [14]. Ирак армиясы біршама әлсіреп қалды.
Иран оңтүстікке қарай жылжып, Абаданды өздеріне қайтарады. Сесендеджа
ауданына фронт ашылады [5]. Иран артиллериясы Басраны атқылауға мүмкіндік
алады. Осы жылдың наурыз-мамыр айларында Иран әскерлері Фатх және Бейт
аль-Мокаддас операцияларының арқасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘСКЕРИ ӘРЕКЕТТЕН КЕЙІНГІ ИРАК ЖАҒДАЙЫ
Екі белдеулі әлем жағдайында екі ірі мемлекеттің бір бірінің саяси ахуалына, сыртқы саясатына қызығушылығы - заңды табиғи құбылыс
Араб монархтарының басқа араб мемлекеттерімен қарым-қатынасы. АҚШ-тың араб әлеміне ықпалының даму тенденциясы
Ирактағы ішкі саяси жағдай
АҚШ - тың Ауғаныстан және Иракпен соғыстары
Екінші дүние жүзілік соғыста Ирактың ролі
Америка Ирак дағдарысы
Күрдістан және күрдтер мәселесі (хіх ғ. 90 ж.– 1917)
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
Пәндер