Алгоритм жазу жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.1.Паскаль – программалау
тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2.Паскаль тілінің негізгі
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.3.Алгоритм программа
ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.4.Алгоритмдердің
орындалуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..10

1.5.Алгоритм
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...13

1.6.Алгоритм жазу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..16

1.7.Алгоритмнің график түрінде
кескінделуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

1.8.Алгоритмдік тіл және программалау тілі
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... .20

2. Алгоритмдік тілдің жалпы
ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2

2.1.Алгоритм
командалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 24

2.2.Алгоритм
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .25

2.3.Паскальға бір есеп
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .32

1. Кіріспе.
Бұл курстық жұмыста компьютер көмегімен график тұрғызу, оларды
экранға, қағазға басып шығару, Паскаль тілінде жазылған программаны машина
тіліне аударып, объектік модуль жасау тәсілдері де толық көрсетілді.
Информатика терминдері ағылшын тілінде қалыптасып, одан кейін басқа
тілдерге аударылып келді.
Информатика және есептеуіш техника негіздері пән ретінде
қалыптасқан ғылымның бір саласы. Мұнда алгоритм құрастыру, жазу түсініктері
беріліп, қазіргі кездегі кең тараған программалау тілінің бірі – Паскаль
тілінің ерекшеліктері қарастырылып, оны пайдаланып математика, физика
есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады.
Информатика пәні, негізінен, тақырыптарды қамтиды:

1. Алгоритм, программа ұғымы типтері.
2. Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок – схема түрінде жазу.
3. Паскаль тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды
компьютерде орындау.
4. Әртүрлі операторларды жазу, функциялар мен процедураларды пайдалану
жолдары және т.б.
Паскаль тілі программалармен қатар, күрделі өндірістік мәселелерді
шеше алатын құрылымды тіл болып табылады. Біз соған байланысты есептер
немесе тағы басқа да құрылғыларын қарастырдық.

1.1.Паскаль – программалау тілі.
Паскаль тілін 1968 – 1971 жылдары швейцарлық ғалым Никлаус Вирт оқып –
үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің
стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН,
БЕЙСЕК тілдерінде қараған жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды.
Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние
жүзіне кең таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде
жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын
компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен
трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға
түрлендіріледі де содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде
программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі
алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объектік кодтағы жазылған программа. Есеп
нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны
түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы
өңделеді.
Қазіргі кезде паскаль кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең
таралған стандартты оқу тіліне айналды.

1.2.Паскаль тілінің негізгі элементтері.
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару
барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай
өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға
шығарылатыны айтылады.
Паскаль тілінде программа жеке – жеке жолдардан тұрады. Оларды теру,
түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол
немесе бос орын саны өз қалауымша алынады. Бір қатарда бірнеше команда
немесе оператор орналаса алады, олар бір – бірімен нүктелі үтір (;) арқылы
ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол
түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі
және операторлар бөлімі.
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның
тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау
бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар
тәріздіобъектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның
күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы
мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі Паскаль тіліндегі
программа құрылымы
бөлімі операторлар бөлімі болып табылады.
Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде
Орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, бірақ
Атқарылатын операторлар тізбегі жеке – жеке жолдарға
Жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады

Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі
шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша
программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі
әрекеттерді қарастырайық.
Деректер – сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде
қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар, т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе
солардың адрестері.
Деректер енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе
еңгізу – шығару порттарынан еңгізу арқылы жүзеге асады.
Операциялар немесе амалдар – берілген және есептелген мәндерді
меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Шартты түрде атқарылу – белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына
байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе
басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл – белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар
жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен
беріледі.
Көмекші программа – алдын ала қандай да бір атаумен атымен аталған
командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету
арқылы шақырылып атқарыла береді.
Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері
арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған
сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер
етпейді.
Тілдің негізгі анықтамаларын беру алдында Паскаль тілінде құрылған
бір қарапайым мысал к

1 – мысал: Берілген төрт санның цифрларының көбейтіндісін анықтайтын
программа құрындар.

Program kod;
var x, p ,d: integer;
begin
writeln ( төрт орынды сан еңгізіндер:);
readln (x);
p:=1;
d:=x div 10;
p:=p*(x-d*10);
x:=d;
d:=x div 10;
p:=p*(x-d*10);
x:=d;
d:=x div 10;
p:=p(x-d*10);
p:=p*d;
write (нәтиже =,p)
end.

Мұнда прогррамма мәтіні қарайтылған қаріппен терілген, ал оң жақ
шетте және оның төменгі жолында пішінді жақша ішінде түсініктеме мәтіні
берілген, түсініктеме программа мәтініне ешқандай әсер етпейді, оны
түсінуді жеңілдетеді, сондықтан әрбір программа түсініктемемен толықтырылуы
тиіс.
Әрине, бұл программасыз да шеңбер ұзындығын есептеуге болады, бірақ
200 – 300 шеңбер ұзындығын табу керек болса, компьютер программасы
өте
тиімді әрі нәтижесі тез. Ол үшін жоғарыдағы программаға аздаған ғана
түзету

жазса жеткілікті.
Күрделі есеп программасын құру үшін алдымен осындай қарапайым есеп
шығарып үйрену қажет. Қате жібермес үшін программа блок схема түрінде
немесе алгоритмдік тілде құрастырылады.
Жоғарыдағы программаның алғашқы жолы - оның тақырыбы, екінші және
үшінші жолы – сипаттау бөлігі, begin (басы) және end (соңы) сөздерінің
ортасында орналасқан операторлар, яғни әр түрлі амалдар орындау бөлігі.
Программаның сөздік элементтері ағылшын тілінде. Оны қазақшаға
(орысшаға) аударуға болады., алгоритмдік тіл де солай жасалған. Бірақ
барлық елдер программадағы негізгі немесе түйінді сөздерді өз тіліне
аудармай, олардың ағылшынша нұсқасын пайдаланады, олар көп емес (60 – 70
сөз). Сондықтан ағылшын тілін үйретуді осы түйінді сөздерден бастап әрі
қарай дамыту біздер үшін тиімді болады.болатын.

1.3. Алгоритм, программа ұғымдары.
Алгоритм ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына
жатады. Бұл атаудың мағынасын түсіну үшін оған жан – жақты талдау жасаған
жөн.
Алгоритм дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын шамалы тарихқа
жүгінейік. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн
Мұса әл – Хорезми (763-850 жж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми)
болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен
арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл орындауға қажетті
тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Оған дейін де арифметикалық амалдарды орындаудың көптеген ережелері
болған. Онда негізінен сандардың ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген
болатын. Ал әл – Хорезми көп орынды сандардың Хорезмидің ұсынған тәсілін
жақтаушыларды алгоритмдіктер деп, ал алгоритм ұғымын

бірқатар ұғымы бар ережелер жүйесі деп атаған.
Қазіргі кезде алгоритм ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен
ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын ала
берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттелген
амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн.
Оның көптеген анықтамасы бар. Соның бірі: алгоритм – берілген есептің
шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез келген есепті
қарапайым амалдарды тізбектей орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу
керек.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар
тізбегін орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын ала
жазылған программамен жұмыс істейді. Процессор программаның құрамындағы
командаларды кезекпен орындап отырады. Команда бір ғана қарапайым амалды
орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар тізбегін –
программа деп қарастыруға болады. Командалар: арифметикалық немесе
логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру
командасы; нәтижесі экранға, қағазға басып шығару командасы; келесі
командаларға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.
Компьютердің жұмысы программалық принципке негізделген, яғни ол
өзінің жадындағы командалар тізбегін орындау арқылы есеп шығарады.
Кез келген компьютер жадында берілген мәліметтермен қоса, оны қандай
жолмен және қай нұсқауды орындау қажеттігін көрсететін программа сақталады.
Компьютер берілген тапсырманы орындайтын техникалық құрылғы болғандықтан,
әрбір тапсырманы түсінікті түрде қысқаша жаза білу қажет.

1.4. Алгоритмдердің орындалуы.
Алгоритмді орындаушының рөлін, негізінен, адам немесе
автоматтандырылған құрылғы, яғни компьютер, робот т.б. атқарады. Мысалы,
у=(ах+b)(сх-d) функциясын есептеу төмендегі қарапайым іс - әрекеттерден
тұрады:
1) а-ны х-ке көбейту, оны R 1 деп белгілеу;
2) оған b-ны қосу, оны R 2 деп белгілеу;
3) с-ны х-ке көбейту, оны R 3 деп белгілеу;
4) одан d–ны азайту, оны R 4 деп белгілеу;
5) R2 –ні R4 -ке көбейту, оны у деп белгілеу;
Алгоритмді енгізу үшін оны белгілі бір заңдылықпен мәтін түрінде жазу
қажет. Ал алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын
бірыңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі программа болып табылады.
Алгорит мен программаға байланысты компьютердің мынадай жұмыс
ерекшеліктері болады:
1) есеп шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет;
2) алгоритм программа түрінде жазылуы тиіс;
3) программа компьютер жадында енгізіліп, ретімен орындалуы керек.
Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу
үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек:
1. мектепті тамамдау.
2. бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.
3. керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қортындысымен
бірге белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.
4. конкурстан өту.

5. таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.
Бұл көрсетілген пунктердің орнын ауыстыруға болмайды.
Олар көрсетілген ретпен кезегімен орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген
нәтижеге қолымыз жетеді.
Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының
бірі. Квадрат теңдеудің түбірін табу ережесі, үшбұрыштың ауданын есептеу
жолдары алгоритмдердің мысалдары болып табылады. Сонымен алгоритм – есеп
шығару тәсілі, яғни белгілі бір нәтижеге жету үшін қолданылатын амалдардың
реттелеген жиыны.
Қазіргі кездегі өңделетін ақпарат көлемінің тез өсуі көптеген
мәселелердің шешуін адамды әр түрлі автоматтарға, компьютерлерге,
роботтарға, техникалық құрылғыларға жүктеуге мәжбүр етіп етіп отыр.
Күнделікті тіршілікте біз күн сайын көптеген алгоритмдерді кездестіреміз
кездестіреміз және атқарамыз. Мәселен, мектепке бару, сабаққа даярлану, ас
әзірлеу, ағаш отырғызу, нан пісіру, автобус, трамвай, троллейбуспен межелі
жерге жету, сөздікпен қажетті сөзді іздеу кезінде белгілі бір алгоритмдерді
атқаруға, яғни бірқатар қалыптасқан әрекеттер тізбегін орындауға тура
келеді.
Сонымен алгоритм атқарушы – көрсетілген іс - әрекеттер тізбегін
бұлжытпай орындай отырып, керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина,
құрылғы немесе адам бола алады.
Техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану үшін есеп шешу жолы, яғни
орындалатын әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі дәл болу қажет. Есеп
шешу жолы дәл және түсінікті болса, оны орындау атқарушыға жеңіл болады.
Берілген мәселенің шешу жолының түсініктілігін оынң алгоритмінің
түсініктілігі деп қарастырады. Алгоритмде алдыңғы әрекеттің нәтижесі келесі
әрекетте пайдаланылады.
Алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында
атқарушыға қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі түсінікті, әрі
дәл етіп

көрсететін нұсқаулар ретін алгоритм деп атайды.
Бұл да шын мағынасында алгоритмнің анықтамасын толық сипаттай
алмайды. Алгоритм ұғымы туралы қарапайым түсінік алу үшін алдымен мынадай
мысал қарастырайық.
Баяғы бір заманда тоғайға бір қазына жасырылған екен. Егер ол туралы
ешқандай дерек болмаса, қазынаны табудың мүмкіндігі болмас еді. Алайда,
біздің қолымызда қазынаны көмген аймақтың картасы мен қазынаны қалай
іздеудің жолы баяндалған қолжазба түсті делік.
Картада сол елді мекеннің орны мен оның айналасындағы жер бедері
бейнеленген: елді мекеннің солтүстік шығысында тау, оның баурайында тоғай,
ал оның ортасындағы алаңда төбе, оның етегінде бұлақтың көзі белгіленген.
Қолжазбада былай деп жазылған. Бұлақ көзі іздеудің басы деп есептелуі
тиіс, осыдан кейін іздеушінің жасайтын 1- қадамын 1 м-ге тең деп
қабылдайық.Қазына табу үшін төменде көрсетілген бағыт бойынша жүруіміз
тиіс: а) оңтүстікке екі қадам жүру; ә) шығысқа бес қадам жүру; б)
солтүстікке сегіз қадам жүру; в)тоқтаған жерді қазу қажет. Қазына осы
жерде жатыр. Енді осы айтылғанды рет – ретімен жаздық.

1 – мысал: Қазынаны іздеу алгоритмі.
Бұлақ көзі – іздеу басы (1 – қадам – 1м).
1. Оңтүстікке 2 қадам жүру;
2. шығысқа 5 қадам жүру;
3. солтүстікке 8 қадам жүру;
4. Тоқтаған жерді қазу.
Осы 4 әрекеттен тұратын жазба – қазынаны іздеу алгоритмі болып
саналады.

1.5. Алгоритм қасиеттері.
Алгоритм ұғымының мәнін ашатын негізгі қасиеттерінен немесе оған
қойылатын талаптардан қысқаша мағлұмат келтірейік.
Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады:
1) алгоритм анық әрі дәл өрнектелуі тиіс;
2) оның модульдік қасиеті, яғни алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу
мүмкіндігі болуы қажет:
3) алгоритм шектеулі уақытта нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм
қадамдарының саны шексіз болмауы керек;
4) бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс.

1.Алгоритмнің айқын,дәл өрнектелу қасиеті.Алгоритмде келтірілген
барлық іс-әрекеттердін мағынасы айқын, нақты анықталған болу керек.Онда
қандай қадамдар көрсетілсе,солар ғана орындалу қажет. Есеп шығаруға
керектің бәрі біржақты анықталу және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы
тиіс.Атқарушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбауы
тиіс.
2.Алгоритмнің үзіктілік қасиеті.Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі,
яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерді жіктеу мүмкін болуы
керек. Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам
бөліктерге, ал олар одан да кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу
процессінің тізбегі жеке-жеке әрекетерге жіктеледі.Сондықтан алгоритмді екі-
үш бөлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі
қажет. Олардың әрқайсысы алдыңғы буынның қорытындысын керекті мәлімет
ретінде қолдануы тиіс. Орындаушы алғашқы әрекетті, қадамды аяқтамай, келесі
әрекетке көше алмайды. Олай болса, алгоритмдік процестің құрылымы үзікті
(дискретті) , яғни бір-біріне бөлек командалар біріктіріліп камандалар
тобын құрайды. Атқарушы алғашқы әрекетті – қадамды аяқтамай,
келесі

әрекетке көшә алмайды және алгоритмнің әрбір қадамын жеке нақты нұсқау
ретінде орындайды.Белгілі бір командалар негшізінде, алгоритмнің тізбекті
қадамдарға бөлініп атқарылуын – оның үзілікті қасиеті деп атайды.
3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез келген алгоритмнің нәтижесі
болуы керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта
қортынды нәтиже алуымыз керек. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы
мәліметтерді пайдаланады және олар нәтиже алуға жеткізеді. Алгоритмде
құрастырылған нұсқаулардың шектеулі саны орындалғаннан кейін, егер есептің
шешуі болса, оның шешуін, ал шешуі болмаса шешуі жоқ деген нәтиже беруі
қажет.
4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда
белгілі бір жеке проблемаға ғана (есепке) арналмай, осы тәріздес мәселелер
шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы тиіс. Бұл қасиетті
алгоритмнің жалпылық немесе жалпыға бірдейлік қасиеті дейді. Бұл қасиет
алгоритмнің пайдаланылу құндылығын артады. Алгоритмнің бұл қасиеті,
бастапқы мәліметтер мәнінің бір жиыны бір ғана нәтиже беретініне кепілдік
бере алады. Егер берілген мәліметтер өзгерсе, нәтиже де өзгереді. Басқаша
айтқанда, бір алгоритм бір типтес есептердің әр түрлі алғашқы мәліметтері
үшін әр түрлі нәтиже беруі тиіс. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі
кез келген а, b, с мәндері үшін оның түбірін дұрыс табуы керек. Егер а- ны
бір алгоритммен шығарылып, дұрыс нәтиже береді. Ал берілген бұрыштың
синусын табу алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның
(sin) нақты мәнің тауып бере алады.
Біз бұдан былай орындалатын іс - әрекеттер тізбегін өрнектеуде
қарапайым алгоритмдік тіл мен блок схемаларды пайдаланамыз. Алгоритмдік
тілде атқарылатын амалдар қысқа жазылады, түсініктеме беру үшін табиғи
тілдің кейбір түйінді сөздері пайдаланылады.
Енді алгоритм қасиеттерін ашатын бірнеше мысал қарастырайық:

1 – мысал. y=ax + b cx – d формуласы бойынша х-тің кез келген мәні
үшін у-тің мәнің есептеңдер. Бұл мысалда операциялардың орындалу қадамы
тізбектеп көрсетілген. Қазіргі кезде мұндай программалау тәсілі тек
машиналық тілдерде ғана қолданылады. Ал оны пайдаланатын оқушылар оларды
математикада қабылданғанындай өрнек түрінде бірден жаза береді.
У- тің мәнің есептеу алгоритмі:
1. а – ны х – ке көбейтіп, нәтижесін R 1 деп өрнектейміз;
2. R 1 –ге -ны қосып, нәтижесін R 2 деп өрнектейміз;
3. с – ны х – ке көбейтіп, нәтижесін R 3 деп өрнектейміз;
4. R 3 – тен d – ны азайтып, нәтижесін R 4 деп өрнектейміз;
5. R 2 – ні R 4 - ке бөліп, нәтижесін у деп өрнектейміз;
Осы алгоритмдегі a, b, c, d, x сандары алғашқы мәліметтер, ал у – тің
есептелген мәні нәтиже болып табылады.
Алгоритмде бес бұйрық – команда бар, әрбір команда белгілі бір нәтиже
беріп тұр. Бұл алгоритмнің үзіктілік қаситеі. Алгоритмді атқарушы берілген
амалдарды тізбекте көрсетілген ретпен біртіндеп орындаса жеткілікті, оның
алгоритмді білуі шарт емес. Бұл – алгоритмнің формальды атқарылу қасиеті.
Жазылған алгоритм бойынша х – тің мәніне өзгеруіне тәуелді a, b, c, d – ның
басқа мәндерінің у – ке сәйкестерін алуға болады.
Демек, бұл алгоритмнің әмбебаптық қасиеті бар.
5. Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы
оның әр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ
алгоритмнің әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алгоритм қасиеттері
Алгоритмдік тіл және программалау тілі
Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары
Алгоритм тілінде есеп шығару жолдары
Паскаль-программалау тілі туралы ақпарат
Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясы туралы
Физиканың оқыту әдістемесі
Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясы
Алгоритмдеу негіздері
Қызметкерлердiң жалақысын еңбек уақыты бойынша есептейтiн программа құру
Пәндер