Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Жүсіпбек Аймауытұлы – классикалық қазақ прозасының негізін салушы ұлы тұлға атты оқырмандар конференциясы

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ
«Жоғары медициналық колледж» МҚҚ

СЦЕНАРИЙ

«Жүсіпбек Аймауытұлы – классикалық қазақ прозасының негізін салушы ұлы
тұлға» атты оқырмандар конференциясы.

Дайындаған: М.Е.Буранбаева

кітапхана меңгерушісі

Астана, 2016 жыл

«Жүсіпбек Аймауытұлы – классикалық қазақ прозасының негізін салушы ұлы
тұлға» атты оқырмандар конференциясы.

Мақсаты:Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығын, қанатты
сөздерін оқи отырып, білім алушылардың көркем әдебиетке
деген
қызығушылығын арттыру. Ақынның өнегелі өмірінен
ғибрат ала отырып, Отанын, халқын сүйетін азамат
тәрбиелеу,
адами қасиеттерге баулу барысында жеке тұлғаның
мәдениетін
қалыптастыру.
«Ақбілек» романындағы қазақ қызы мен әйелінің тағдырын
тану
барысында өмірлік тағылымын паш ету және Ж. Аймауытұлы

шығармаларын оқырмандарға насихаттау.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар!
«Жүсіпбек Аймауытұлы – классикалық қазақ прозасының негізін салушы ұлы
тұлға» атты оқырмандар конференциясын ашық деп жариялаймыз.

2- жүргізуші: Жүсіпбек Аймауытұлы – классикалық қазақ прозасының
негізін салушылардың бірі, ақын, драматург, аудармашы, сыншы, ғалым.
Қазақ жұртшылығының сүйікті ғұламасы Жүсіпбек Аймауытұлы әлеміне қош
келдіңіздер дейміз!
Және де қазақ әдебиетінде өзіндік таңбасы бар «Ақбілек» романын оқып, проза
әлемінен сусындауға шақырамыз.
Кіріспе (слайд).
«Қазақ биі» ұлттық биі орындалады.
1- жүргізуші: Биыл еліміз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлағалы
отыр. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы еді.
Осы жолда қазақтың небір азаматтары басын бәйгеге тігіп, ұлт мүддесі үшін
ойын да, жігерін де аяған емес. Солардың бірі – ХХ ғасырдың қазақ ұлттық
интеллигенция өкілдерінің бірі, ақын, драматург, прозашы, публицист, сыншы
және аудармашы Жүсіпбек Аймауытұлы.
2- жүргізуші: Жүсіпбек Аймауытұлы 1889 жылы Павлодар облысы, Баянауыл
ауданы, «Қызыл тау» ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген.Жүсіпбек
жастайынан молдадан сабақ алып, арабша хат тану, оқу үйренген.
15-16 жасында Павлодарға барып, орысша-қазақша екі сыныптық мектепке
түседі. Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1913 жылы "Қазақ" газетінде
алғашқы мақаласы басылады.
1-жүргізуші: 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады.
Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып,
Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
1919 жылы Коммунистік партия қатарына өтеді. Қазақстан Кеңестерінің
Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, 1920 жылы Халық ағарту
комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады. Мұнан соң 1921
жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің
редакторы қызметін атқарады. 1922—1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі,
1924—1926 жыл аралығында Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім
меңгерушісі, 1926—1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының
директоры қызметтерін атқарады.
2- жүргізуші: Ал, 1929 жылы Қызылордада «Еңбекші қазақ» газетінде
жұмыс атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде
Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып,
ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы 42 жасында ату жазасына ұшырайды.
Ж.Аймауытұлының 3 баласы қалады: ұлдары Бектур, Жанақ және қызы Муза.
1988 жылы Қазақ ССР жоғарғы сот кеңесі Жүсіпбек Аймауытұлын толық ақтап
алды.
1-жүргізуші: Жүсіпбек Аймауытұлы проза жағынан романдар - «Қартқожа»
(1926), «Ақбілек» (1928), «Күнекейдің жазығы» повесі және әңгімелер жазды.
Өлеңдері - «Алаш ұраны», «Ой, Кер заман, кер заман», «Сарыарқаға
сәлем», «Жамила», «Жас көсемдер маршы», және тәғы басқа өлеңдер.
1928 жылы жазылған «Ақбілек» романы қазақ прозасындағы үздік шығарма.
«Ақбілек» романы бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде
әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру үрдісін суреттеген
алғашқы қазақ романдарының бірі.
Ақбілектің басынан өтетін оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау
кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын
кеңінен бейнелейді.
2- жүргізуші: Олай болса, жазушының «Ақбілек» романына кезек берелік.
Музыка ойналады. Романның кіріспе бөлімі туралы.
1- жүргізуші: Иә, осылай басталатын романның алғашқы беті ары қарай
Марқакөлде майға бөккен мал мен ел тау ызғары жамбасына өткен соң,
етектегі қыстауына еңбектесіп түскен шақта Мамырбайдың Ақбілегі жас түлегі,
айы-күні жалғыз қызы алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, ақ көйлегін
көлеңдетіп, қызыл жасыл көрпелерін қағып, сыңғырлай күлген бойжеткен тап
осы күні аспаннан түскен жай отындай орыс әскерінің қолында қор болып
кететінін білді ме екен. Әрине, білген жоқ.
2- жүргізуші: «Қыз өссе - елдің көркі,
Гүл өссе - жердің көркі» деп қазақ халқы қыз
баланы әрдайым жоғары санап бағалап, қадір-қасиетіне жеткен. Желге, күнге
тигізбей аялап өсірген жалғызын «кәпірге» қорлыққа қиғаннан өлімді артық
санаған анасы қанша арпалысса да жалғызына қалқан бола алмады. Ақыры
кәпірлердің қолынан мерт болды. Сөз кезегін оқырмандарға беріп, ой
бөліссек.
- Сіздердің «Ақбілек» романына деген көзқарастарыңыз қандай?
- Ақбілек сіздің пайымдауыңызша қандай қыз?
- Ақбілектің өмір тәлкегіне түсуіне нелер себеп болды деп ойлайсыздар?
- Орысқа қор болған соң, есін жиғанда Ақбілектің аузына қандай сөз түсті?
( оқырмандардың пікірін тыңдау ).
Ғ. Мүсірепов: «Біжекеңнің монологы»
Ән орындалады.
1- жүргізуші: «Ақбілек» романының басты кейіпкерлерін тыңдасақ.
Бекболат
Офицер
Мұқаш
Кейіпкерлерден кейінгі соңғы сөз оқырмандарда.
2- жүргізуші: «Ақбілек» романы «Әйел теңдігі» журналының 1927-1928
жылдарындағы сандарында жарық көрді. Бұл роман халқымыздың өткен өмірі мен
тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдырын кең көлемде суреттеген
тағылымды туынды. Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген
қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз
құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Бас кейіпкер Ақбілек өшіккен адамдардың
кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді.
Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық
тұрғыдан терең талдап шебер береді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің
айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді.
Көркемсөз оқу. Ақбілектің жан сөзі. Көрініс.
Ән орындалады. «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
1-жүргізуші: Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені- деп Ж.Аймауытұлы тілге
деген
сүйіспеншілігін жыр өрнегімен өрсе,
«Ана тілі – халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы; hәм өсіп,
өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» деген тұшымды пәлсафалық
оймен ана тілінің қадір-қасиетін сезіне де білген ұлы тұлға.
2- жүргізуші: Шықпаса жаным денемнен,
Не салса тағдыр көрем мен.
Бір өзім үшін өлмеймін,
Бір ғана соған көнем мен.
Кеудеде әзір жүрек бар,
Тілек бар.Соған сенем мен.
Артымда қыруар елім бар,
Өлсе де денем, мен өлмен!...,- деп жырлаған
Жүсіпбек Аймауытұлы өзі айтқандай өзі өлсе де сөзі, ісі мәңгі жасайды.
Себебі өзін жоқтар артында қыруар елі бар.
«Жүсіпбек Аймауытұлы – классикалық қазақ прозасының негізін салушы ұлы
тұлға» атты жазушының шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясы
осыменен аяқталды.
1-жүргізуші: Сүйікті оқырмандарымызға ақ жол тілейміз!

Ұқсас жұмыстар
"ақбілек"-қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман (конференция)
Б.момышұлы-мәңгі тірі (конференция)
Ж.аймауытұлы. «әнші» әңгімесі
Абайдың Көзімнің қарасы әні
Ашынған ана
Абайдың суреттері
Абай Құнанбаевтың Ескендір дастаны туралы
Әнші әмірқан бейнесі
«абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)
Әбдірахман кім
Пәндер