Тармақталу алгоритмі мен шартты көшу операторлары: блок-схемалар және Pascal тілінде қолдану

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмі. Шартты көшу операторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Тармақталушы алгоритм ұғымымен, шартсыз және шартты операторларын ажырата білуді меңгерту, жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық - Оқушылардың белсенділігі мен біліктілігін, ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, өрнектерді пайдаланып компьютерде жұмыс істеуін дамыту.

Тәрбиелік - Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін - өзі басқаруға және бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ жауап

Сабақтың көрнекілігі : Таратпа қағаздар, бағалау парағы, компьютер, экран, проектор, электрондық оқулық, сабақтың өту жоспары слайд түрінде дайындалған.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. оқушылармен сәлемдесу
  2. келмеген оқушыларды белгілеу
  3. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

ІІ. «Мен нені білемін?» Үйге берілген тапсырманы тексеру

  1. Алгоритмдік тілде шамалардың қандай типтері қолданылады?
  2. Алгоритмнің жалпы жазылу пішіні қандай?
  3. Программа қандай бөліктерден құралады?
  4. Программаның жалпы жазылу түрі қандай?
  5. Деректерді пернетақтадан енгізу операторы
  6. Деректерді дисплей экранына шығару операторы
  7. Сызықтық программаларды құру үшін қандай операторлар қолданылады?
  8. Паскальда құрылған бағдарламаны орындау командасы
  9. Меншіктеу операторының белгісі

Жауаптары:

а. нақты, бүтін, литерлік

b. алг алгоритмнің аты (типі көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)

басы типі көрсетілген аралық шамалар тізімі

енгізу

командалар сериясы

шығару

соңы

с. Программа үш бөліктен тұрады: тақырыптан, сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен.

d. program программаның аты;

var: айнымалылар бөлімі;

begin

readln (берілгендер тізімі) ;

операторлар бөлімі

writeln (нәтижелер тізімі) ;

end.

e. read операторы

f. write операторы

g. program программаның аты;

var: типі көрсетілген айнымалылар тізімі;

begin

readln (берілгендер тізімі) ;

операторлар бөлімі

writeln (нәтижелер тізімі) ;

end.

  1. Run
  2. ‘:=’

ІІІ. «Білім шыңына өрлейік!» Жаңа сабақты түсіндіру

Программа операторының табиғи орындалу реттілігін өзгерту үшін басқаруды беру операторларын пайдаланады:

  • шартты өту операторы IF
  • шартсыз өту операторы GOTO;

Шартты өту операторы IF

Тармақталған алгоритмдер - алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 - жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы - ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if(иф) - егер, then(зен) - онда, else(элс) - әйтпесе. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар IF және CASE.

Толық оператордың жазылу түрі:

Алгоритмдік тілде
Pascal тілінде
Блок-схемада:
Алгоритмдік тілде: А) Толық пішімі:
Алгоритмдік тілде:

егер <шарт>

онда <1-әрекет>

әйтпесе <2- әрекет>

бітті

Pascal тілінде: if шарт then 1-серия else 2-серия;
Блок-схемада::
Алгоритмдік тілде: Ә) Қысқартылған пішімі:
Алгоритмдік тілде:

егер <шарт>

онда <әрекет>

бітті

Pascal тілінде: if шарт then серия;
Блок-схемада::
Алгоритмдік тілде: =
Pascal тілінде: Тең
Блок-схемада:: >
Үлкен
Алгоритмдік тілде: <
Pascal тілінде: Кіші
Блок-схемада:: >=
Үлкен немесе тең
Алгоритмдік тілде: <=
Pascal тілінде: Кіші немесе тең
Блок-схемада:: <>
Тең емес

IF шартты операторы: IF (егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оның синтаксистік диаграммасы:

IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын-ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық (boolean- бульдік) типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE ақиқат болса, онда THEN (онда) ELSE (әйтпесе) сөзінен кейінгі 2-оператор атқарылмайды. Екінші жағдайда шарт мәні FALSE (жалған) болса, онда ELSE сөзінен кейінгі 2- оператор орындалып, 1-оператор орындалмайды. IF операторы бірінің ішіне біріктіріп, қабаттасып та орындала береді.

және , немесе , емес қызметші сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар (логикалық өрнектер) құрама шарттар деп аталады.

Алгоритмдік тілде жазылуы
Pascal тілінде жазылуы
Алгоритмдік тілде жазылуы:

және

немесе

емес

Pascal тілінде жазылуы:

and

or

not

And( және ) логикалық операциясы бар күрделі шарт қарапайым шарттардың екеуі де орындалған жағдайда ғана ақиқат деп есептеледі.

Ал егер қарапайым шарттардың кемінде біреуі орындалса, онда or( немесе ) логикалық операциясы бар күрделі шарт ақиқат деп есептеледі.

Not а =0 логикалық операциясы а≠0 шартымен бірдей.

Мысал.

А және В екі натурал санның үлкенін табу керек.

алг ЕСҮ ( арг нақ А, В, нәт нақ у) program ESU;

басы var a, b, y:real;

енгізу А, В begin

егер А>B readln (a, b) ;

онда y:=A if a>b then y:=a else y:=b;

әйтпесе y:=B

бітті

шығару у writeln (‘y=’, y) ;

соңы end.

«Ой сергіту». Логикалық тапсырма

“Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады. ”

Ребусты шешіңдер.

ІV. «Білгенімді зердеме тоқу». Жаңа сабақты бекіту

А) Бағдарлама үзіндісін if …then операторын қолданып орындау

Ә) Блок-схемада көрсетілген алгоритмнің орындалу нәтижесі бойынша Х айнымалысының мәні қаншаға тең?

жауабы: Х=30


Ұқсас жұмыстар
Тармақталу командасы: блок-схема, шартты операторлар және Pascal тіліндегі жүзеге асырылуы
Паскаль тіліндегі басқару операторлары: шартсыз көшу, шартты және қайталау операторлары
Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер: командалар мен блок-схемалар
Паскаль тіліндегі басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу
Алгоритм командалары мен блок-схемалар: сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер
Паскаль тіліндегі тармақталу операторлары: IF және CASE шартты операторлары бойынша лекциялық-практикалық сабақ
Паскаль тілінде күрделі шарттар мен тармақталу операторларын практикалық қолдану
ІІ нұсқа: Алгоритмдер, блок-схемалар және Pascal программалау тілінен тест тапсырмалары
Pascal тіліндегі айнымалылар мен деректер типтері және алгоритм ұғымы: қасиеттері мен блок-схемалар
Тармақталу алгоритмдерін программалау: Паскаль тіліндегі шартты операторлар мен практикалық жаттығулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz