Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қарауылдық қызметті атқаратын қызметі мен міндеттері,бекет,оны жабдықтау және жарақтандыру

"Долайты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Алғашқы әскері дайындық пәнінің
оқытушы ұйымдастырушысы: Исламов Марат Турсунович

Сабақтың тақырыбы: Қарауылдық қызметті атқаратын қызметі мен
міндеттері,бекет,оны жабдықтау және жарақтандыру.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға : Қарауылдық қызметті атқаратын қызметі
мен міндеттері туралы түсіндіру,бекет,оны жабдықтау және жарақтандыру
тәртібін үйрету.
Уақыты: 45 мин.
Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Әскери жарғы.
Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.

- Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?
- Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
- Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?
- Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?
- Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?
- Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс?

б) Негізгі бөлім – 23 мин.

Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті
ұйымдастыру.

Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады
және жеке құрамнан Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының
барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен
бастама қабылдай білуді талап етеді.

Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе
қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.

Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен
қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ
гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін
тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.

Қарауылдар: гарнизондық және ішкі болып бөлінеді. Олар тұрақты және
уақытша болуы мүмкін.

Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар
объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери
бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада
ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.

Ішкі қарауыл бір әскери бөлімнің объектілерін күзету мен қорғау үшін
тағайындалады.

Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді.

Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді.

Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны
бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, қажет болғанда қарауыл
бастығының көмекшісі, қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл
бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері тағайындалады.

Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету
жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған
адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта
жанындағы қарауылға – шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.

Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар
бөлінеді.

Сақшы дегеніміз - өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау
жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған әскери қызметші.

Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе аймақ пост деп
аталады.

Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы
күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілер мен жергілікті аймақ та
жатады.

Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі
қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын
ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен
жүргізеді.

Күзетілетін объектілер орналасқан аумақтың сым қоршауларының арасы: төменгі
бөлігі 5 см-ден, жоғарғы бөлігі 15 см-ден аспайтын арақашықтықтағы биіктігі
екі метрден кем емес ішкі және сыртқы қоршаулары болуы керек.Сыртқы және
ішкі қоршаулардың арақашықтығы жергілікті жерге қарай 10 м және одан да
көп болуы мүмкін.Қоршаулар арасынан сақшылардың жүруіне арналған сүрлеу
(жол) және ені 5 метрден кем емес, қоршаудың чыртқы жағынан өтетін бақылау-
қадағалау жолы жабдықталады.

Күзетілетін объектілерге кіре берісті бақылауға ыңғайлы болу үшін
қоршаулардың арасынан (сыртқы қоршауда) оқ өткізбейтін қоршауы бар,
байланыс, дабыл жүйесі құралдарымен, қуатты жарықтандырғыш құралдарымен
және найзағайдан сақтанк құрылғыларымен жабдықталған бақылау мұнаралары
орналастырылады. Аса маңызды объектілерде қару-жарақ пен бақылау
аспаптары қойылған арнайы инженерлік ғимараттар сондай-ақ инженерлік
бөгеттер (ОБК»сүріндірме», бағаналар, орлар), оқ өткізбейтін қоршауы және
гранатқа қарсы торлары бақылау мұнаралары орналастырылуы мүмкін (немесе
броньді объектілер қойылады). Күзетілетін объектілері бар аумаққа кіре
берісте түнде және күдіз жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер
қойылады: мысалы: «Жүрүге (өтуге) тыйым салынады (жол жоқ)». Айналып жүру
(айналып өту) көрсеткіштер арқылы көрсетіледі. Бұл көрсеткіштер тәуліктің
белгілі бір уақытыа ғана қойылуы мүмкін.

Жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдарының келісімімен,
заңдарға сәйкес әскери бөлімнің аумағынан тыс орналасқан объектілер
айналасына тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады.Тыйым
салынған аймақтың (ауданның) шекаралары тұрған жерінде жақсы көрінетін
қазақ және орыс тілдерінде жазуы бар көрсеткіштермен «Тыйым салынған
аймақ (аудан), жүруге (өтуге) тыйым салынады (жол жоқ)» деп көрсетілуі
керек. Тыйым салынған аймақ (аудан) шекарасына ортақ пайдаланып жүрген
жолдар, тұрғын жай және қызметтік құрлыстар,өңделетін алқаптар және т.б
кірмеуі керек. Пост аумағындағы сақшыға жергілікті жердің жағдайына
қарай 50 метрден кем емес жерді қарауға және атуға жағдай жасалуға
тиіс, сондықтан пост айналасы бұталардан тазартылған, ағаштар
кесілген, төменгі бұталары 2,5м биіктікте қырқылған, шөптері шабылған,
артық заттар жиналған болуы тиіс. Постыға бөтен адамдардың
жақындауынан тыйым салынатын қащықтықты белгілейтін тыйым салынған
шекара сақшыға күндіз, түнде және нашар көрінетін жағдайда
көрсеткіштермен көрсетіледі.Бірнеше постылары бар объектілер
аумағындағы әрбір постының шекарасы жергілікті жерде көрсеткіштермен
көрсетіледі, мысалы: «№ 2 постының шекарасы».

Әскери қалашықтан тыс орналасқан аса маңызды объектілерді
және қарауыл үй-жайын қорғау үшін оқпаналар олардан пост (қарауыл үй-
жайына) кіре берісін ата алатындай және мүмкіндігінше көршілес
постылармен байланысты қамтамасыз ететіндей есеппен қазылады және
жабдықталады.

Түнгі уақыттарда постыға және қаруыл үй- жаайына кіре беріс маңы
жарықтандырылуы керек. Жарықтандыру сақшы постыда тұрғанда немесе пост
аумағынд жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуі
тиіс.

Пост сақшысының қарауыл бастығын, оның көмекшісін немесе жұмысқа
таратұшысын дереу (ең кемі екі нүктеден, ал объектілерді патруль әдісімен
күзету кезінде-әрбір 250м жүргеннен кейін) шақыра алатын байланыс
құралдарымен жабдықталуы тиіс.

Ішкі, әсіресе жауынгерлік ту жанындағы постының биіктігі 0,7 – 1 м
қоршауы және жарықтандырылған болуы керек.

Бақылау-өткізу пунктінде сақшының күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз
ететін қоршау болуы қажет. Әрбір сыртқы ( қажетті жағдайларда ішкі)
постыларда, күзетілетін қоймаларда, сақтау орындарында және т.б. тікелей
өздерінде өрт сөндіру құралдары; өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер,
су құйылған бөшкелер,шелектер мен керек-жарақтар
(күректер,баталар,сүймендер,ілгекті бақандар) болуы тиіс.

Сыртқы постыларда сырт киімдерін сақтауға арнайы жабдықталған пост
«саңрауқұлағы» , ал ішкі постыларда киімді ілу үшін шкаф немесе киім ілгіш
болуы қажет.

Өрт сөндіру немесе тибиғат апаттарының зардаптарын жою кезінде сақшыға
қаруын «арқаға» күйінде ұстауына рұқсат етіледі.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Үйге тапсырма II-тарау § 5

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- Қарауыл дегеніміз не?
- Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?
- Қарауыл құрамына кімдер кіреді?
- Сақшы дегеніміз не?
- Күзетілетін объектілерді қоршауға қандай талаптар қойылады?
- Аса маңызды объектілерде қандай арнайы құрылыстар салынады?
- Постыдағы сақшының қаруы қандай жағдайда болуы керек?

Ұқсас жұмыстар
Сақшының міндеттері
Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау
Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары
Рота бойынша кезекшінің міндеттері
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері
Атыс бөлімшесін басқару
Тәртіп және әскери құқық
Сабақ жоспары. Сабақ типі
Қанағат ету
Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою
Пәндер