Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Көрмелерді безендіру және көрсету

ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

№12 ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕР БОЙЫНША

ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Көрмелерді безендіру және көрсету

Сабақтың тақырыбы: Көрмелерді безендіру және көрсету

Сабақтың түрі: Машықтану сабағы

Уақыты: 90 мин

Сабақтың педагогикалық мақсаты:
• Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын
арттыру;
• Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың
маңыздылығын көрсету;
• Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік
шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал
ету;
• Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен
қызығушылығын арттыру;
• Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
• Ақпараттық ізденіс қабілетін арттыру;
• Пәнге деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімді қалыптастыру, студенттерді білімнен хабардар етіп қана
қоймай, тың мәліметтер беріп, алған білімдерін Power Point презентациясын
құруға үйрету. Жан бітірмді баптауды үйрету.

Дамытушылық: Жеке тұлғаны, жалпы қабілеттерін, талдау, салыстыра білу,
негізгісін ажырата білу, керек компьютерді дұрыс қолдана білуге
машықтандыру.

Тәрбиелік: Адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, еңбекке баулу, мамандыққа
бағдарлау.

Студент білуі керек:
- Слайд элементтерін безендіру;
- Мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандырды
қолдануды;
- Мультимедиалық нысандарды – бейнеклиптерді қолдану;
- Түрлі мультимедиялық нысандарды қолдануды;
- Жан бітірілген суреттерді қолдануды;
- Көрмелер көрсетуді, көрмені көрсету жолдарын
- Көрмелердің ағымдық слайдтарын;
- Безендіру қалыбын;

Студент істей алуы керек:
- Power Point бағдарламасында жан бітірімді баптау;
- Құрылған слайд элементтерін безендіру;
- Слайдтарды безендіру: мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты
түрлі нысандырды қолдану;
- Өзгертпелі жан бітірім құралдар үстелін қолдануды;
- Жан бітірім пәрменін әрбір нысан үшін жеке – жеке қолдануды үйрену
- Power Point бағдарламасындаа көрмелерді көрсету жолдары: өз бетімен,
слайдты нұқығанда, қандайда бір нысанды нұқығанда, дыбыспен ж/е т.б.

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Оқытудың
компьютерлік, ақпараттық, дамыта оқыту, бақылау-бағалау, деңгейлеп оқыту
және интерактивті технологиясы.

Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
Сабақтың әдісі - іздену, сұрыптау, сараптау, өзін-өзі бақылау, даралап
оқыту, тапсырмалар, суреттермен жұмыс, білім мен тәжірибені байланыстыру.

Пәнішілік байланыс:
- Оқыту модулі Д1 Power Point программасы туралы негізгі түсінік;
- Оқыту модулі Д2 Презентация құру техникасы: слайдтарды және шаблондар
безендіру;
- Оқыту модулі Д3 Презентацияға сурет, автофигура, дыбыс және клип енгізу
- Оқыту модулі Д4 Жан бітірмді баптау

Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)
Қамтитын пәндер:
- Математика (Арифметикалық амалдарды дұрыс орындау, арифметиканың орташа
мәнін табу);
- Физика (Меншікті балқу жылуын табу);
- Бухгалтерия (Есеп-қисап жұмыстарын жүргізу).

Қамтылатын пәндер:
- Тарих (Есептегіш техниканың даму кезеңдері);
- Жағрафия (Есептегіш техниканы алғаш пайдаланған елдер);
- Экономика (Бизнес және оның қоғамдағы рөлі).

Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
- Слайдтар;
- Электронды оқу құралы.
- Плакаттар.
Үлестірме материалдар:
- Интерактивті тақтадан тапсырмалар;
- Компьютерден тапсырмалар;
- Тесттер.
Техникалық оқу құралдары:
- Компьютер;
- Интерактивті тақта;
- CD, DVD дискілер.

Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
- Оқу құралы / Қазақстан Республикасының ақпараттық теңсіздікті
төмендету бағдарламасы бойынша халақты компьютерлік сауаттылыққа
оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал // К.Б. Есекеев, Г.Қ.
Нұрғалиева Алматы, ҰАО АҚ, 2007 -136 б. //

Қолданылған негізгі әдебиеттер
1. Симоновича С.В. Информатика 2-е издание 2004.
2. Рапаков Г.Г. Ржеуцкая С.Ю. «Программирование на языке паскаль». 2005
3. Салливан Ф., Уайт Дж.С. Основы медицинской информатики
4. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, - Алматы «Білім» 1995

Қосымша әдебиеттер
1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.« Новые информационные
технология» – Алматы-2003
2. Голобуцкий О.,Шевчук О «Электронное правительство».
3. К.Б.Есекеева,Г.К.Нургалиевой «Учебно методическое пособие по обучению
население компьютерной грамотности» Алматы 2007
4. Макарова Н.В., Матвеев А., Бройдо В.Л. и др. Информатика -2003

WEB сайттар тізімі

1. Ustaz@ mail.kz
2. Softzone@ mail.kz
3. Sabaktar@mail.ru
4. Inust@mail.kz
5. Savefrom@mail.net

Сабақ жоспары мен хронокартасы

|№ |Мазмұны |Уақыты |
|1 |Ұйымдастыру кезеңі (аудитория тазалығын, сабақтың |2 мин |
| |жабдықталуын, топ түгелділігін тексеріп, журнал толтыру) | |
|2 |Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлап, тақырыпқа |3 мин |
| |мотивациялық сипаттама беру | |
|3 |Студенттердің теориялық білім денгейін бақылау. |15 мин |
|4 |Тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру, студенттердің өзіндік |15 мин |
| |жұмысына әдістемелік бағдар беру | |
|5 |Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік|45 мин |
| |жұмысы | |
|6 |СӨЖ-ді бағалап, сабақты қорытындылау |5 мин |
|7 |Үйге тапсырма |5 мин |

Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) - Студенттерді түгелдеу, аудитория
тазалығына, студенттердің сырт келбетіне көңіл бөліп. Студенттердің зейінін
сабаққа аудару.

2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (3 мин) – Тақырыпқа мотивациялық,
сипаттама беру, маңыздылығын түсіндіру. Студенттерді сабақтың жоспарымен
және бағалау критерийлерімен таныстыру.

3 Студенттердің теориялық білім деңгейін бақылау (15 мин) –
а/ Студенттерден ауызша сұралатын сұрақтар:
1-сұрақ Көрмелерді көрсету дегеніміз не?
Жауабы
Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін шешіп алу
қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандай да бір нысандарды нұқығанда,
дыбыстық сүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б.
2- сұрақ Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді
Жауабы
• өң түсін;
• байрақшалар мен нөмірлер мәнерін;
• тақырыптың түсі мен өлшемін;
• негізгі мәннің түсі мен өлшемін;
• еренсілтеме түсін;
• өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б түріндегі безендіру
элементтерін.

3- сұрақ Рower Point-та Жұмысқа кірісу тапсырмалар аймағы жаңа көрмені
жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады
Жауабы
- Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын
қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды. Пайдаланушы
слайдтарды өз қалауынша безендіреді.
- Ашу. Көрме бұрынан бар безендірілген көрмеге негізделіп
жасалады. Қолда бар жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін
көшірмесі жасалады.
- Безендіру қалыбынан . Көрме негізгі безендіру элементтерін,
қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft
PowerPoint қалыбы негізінде жасалады.

4- сұрақ Microsoft PowerPoint – та көрме жасау барысы неден тұрады?
Жауабы
Microsoft PowerPoint – та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау,
жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау,
қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі
безендіру қалыптарын және әрекеттерден тұрады.

5-сұрақ Ағымдық слайдты көрсетіңіз?
Жауабы
Егер сіз ағымдық слайдты көрсеткіңіз келсе, Слайдты көрсету (ағымдық
слайдтан) батырмасын басыңыз. Ол кішірейтілген слайд белгішелері бар
үстелдің төменгі жағында орналасқан.

6-сұрақ Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағында орындалады?
Жауабы
Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағының Слайдты көрсету
–Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе пернесін басу керек.

7- сұрақ Слайдтар көрсетілімі режімін жабу үшін?
Жауабы
Слайдтар көрсетілімі режімін жабу үшін, яғни, слайдтарды көрсетуді
тоқтату үшін пернесін басуға болады

8- сұрақ Слайдтар ауысымы дыбыспен сүйемелдеу үшін?
Жауабы
Слайдтар ауысымы дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде
Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмаалр аймағында пайда болған Слайдтар
ауысуы үстелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет.

9- сұрақ Слайдтардың барлығы біркелкі мәндерде безендіру жолы?
Жауабы
Біркелкі мәндерде безендіру мақсатымен, слайдтарды безендіру амалдар
оңайлату үшін сондай-ақ Пішімдеу құралдар үстеліндегі Жасақтама батырмасын
пайдалануға да болады.

10- сұрақ Көрмеге жаңа слайдты кірістіру үшін?
Жауабы
Көрмеге жаңа слайдты кірістіру үшін Жаңа слайд батырмасын [pic] басу
немесе Кірістіру мәзіріндегі Жаңа слайд әмірін таңдап, слайдтың орналасуын
белгілеу керек

б) Тест тапсырмасы
Тест сұрақтары:
I – нұсқа
1. Ішкі командалар тізбегі?
a) коллекцядағы кино, файлға сақталған кино, коллекцядағы дыбыс, файлға
сақталған дыбыс
b) коллекцядағы кино, өңдеуде сақталған кино, коллекцядағы дыбыс, файлға
сақталған дыбыс
c) презентация параметрлері тағайындалады
d) презентация тақырыбы жазылады
e) коллекцядағы кино, кірістіруге сақталған кино, коллекцядағы дыбыс,
файлға сақталған дыбыс

2. Коллекциядағы кино немесе Коллекциядағы дыбыс командалары орындалса..

а) пішім – сурет –файлдан
b) Microsoft Clip Gallery сұқбат терезесінің,сәйкес жан бітірм немесе
жасақтама ішкі беттері ашылады
с) кірістіру- сурет- суреттер (жинағы)
d) пішім- сурет – суреттер (жинағы)
e) Microsoft Clip Gallery сұқбат терезесінің,сәйкес бейне(видео)немесе
дыбыс(звук)ішкі беттері ашылады

3. Слайдқа музыканы, дыбысты немесе бейне-клипті көрсету?
а) кірістіру музыка
b) слайдқа музыканы, дыбысты немесе бейне-клипті көрсету режимінде белгілі
бір уақытта тыңдаймыз етіп есептеп енгізуге болады
с) пішім- бейне клип- музыка
d) файл-музыка режимінде бейне клип
e) презентация – музыка

4. Бір слайдтан басқасына ауысудың қандай түрін таңдау мүмкіндігі беріледі?
a) жай, орташа, жылдам
b) автоматты
c) тышқан шертуімен
d) дыбыстық сүйемелдеумен, кідіріссіз
e) барлық жауабы жоқ

5. Мультимедия мүмкіндігін таңдау жолы...
а) слайдтарды безендіру амалдары таңдалған соң экранда әмбебап ойнауыш
терезесі ашылады
b) электрондық кестелерді кірістіруге мультимедияны орындаймыз
с) мультимедиа клипі қатары таңдалған соң, экранда әмбебап ойнауыш терезесі
ашылады файл-ашу командасын орындаймыз
d) сызбалық кескіндерді кірістіруге ойнауыш терезесі ашылады
e) сызбалық нысандары бар мәтіндік құжаттар жасау

6. Дыбыс,музыка және бейнеклиптер енгізіледі?

а) дыбыс, музыка және бейнеклиптер Power Point программасында пішім түрінде
енгізіледі
b) дыбыс, музыка және бейнеклиптер Power Point программасында слайд
түрінде енгізіледі
с) дыбыс, музыка және бейнеклиптер Power Point программасында жасақтама
түрінде
енгізіледі
d) дыбыс, музыка және бейнеклиптер Power Point программасында көрме
түрінде енгізіледі e) дыбыс, музыка және бейнеклиптер Power Point
программасында объект түрінде енгізіледі.

7. Слайдқа компакт-дискідегі жазбаларды қосудың бірінші жолы?

а) компакт-дискіні орналастырған соң,слайд режимінде жазба қосылатын
слайдты ашамыз.

b) сызбалық кескіндерді кірістіруге ойнауыш терезесі ашылады
с) мультимедиа клипі қатары таңдалған соң, экранда әмбебап ойнауыш терезесі
ашылады файл-ашу командасын орындаймыз
d) электрондық кестелерді кірістіруге мультимедияны орындаймыз
e) слайдпен жұмыс істеу объектісі

8. Слайд элементтеріне анимациялық эфеккетілер қосу үшін.
а) слайдты көрсету-анимация құру
b) слайдттарды реттеу, ауысулар қосу және көрсету ұзақтығын таңдау
с) ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған
көрмелерді жасау
d) қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен
интернет бетттерін жасау
e) слайдтарды безендіру амалдары таңдалған соң экранда әмбебап ойнауыш
терезесі ашылады

9. Дыбыс, музыка және бейнеклиптер қай программасында объект түрінде
енгізіледі?
а) мультимедия мүмкіндігі
b) Power Point программасы
с) Word Pad
d) Paint программасы
e) диаграмма элементі

10. Дискіде қанша бос орын барын және неше минут жазуға болатынын көрсетуге
сұхбат терезе ашылады?
а) слайд көрсету- дыбыстық жазба
b) енгізу-қою
с) компакт- дикіден ойнау
d) қосымша паремтр
e) анимация қосу

ІІ- нұсқа
1. Power Point слайдтың фрагментіне қозғалыс және дыбыс беру... деп
аталады.
а) демонстратция
b) презентация
c) анимация
d) архивтеу
e) сорттау

2. Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?.
a) Microsoft Clip Gallery объектілерін, файлда сақталып тұрған суреттерді,
сканерден көшірме
b) бір мезгілде бірнеше дыбыстық объектілерді
c) енгізуге болмайды
d) презентация шаблоны көмегімен
e) слайдпен жұмыс істеу объектісі

3. Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар...
a) слайдтар құру
b) презентация көрсетілуін автоматты түрде программалық тілге аудару
c) дыбыстық әне мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны
экранда көрсету
d) презентция материалдарын қағазға немесе 35 мм-лік қабыршаққа шығару
e) презентация мәтіндерін өңдеуге

4. Power Point программасында презентацияларды құрудың қандай тәсілдері
бар?(қате жауабын көрсетіңіз)
a) автомазмұн шебері көмегімен
b) презентациялар шаблоны көмегімен
c) бос презентация
d) программалық тілде жазу арқылы
e) слайдпен жұмыс істеу арқылы

5. Power Point бағдарламасы терезесінің қай бөлімінде жаңа әмір орналасқан:
a) файл
b) кірістіру
c) слайдтарды кірістіру
d) көрініс
e) пішімдеу

6. Слайдқа компакт-дискідегі жазбаларды қосудың бірінші жолы?

а) компакт-дискіні орналастырған соң,слайд режимінде жазба қосылатын
слайдты ашамыз.

b) сызбалық кескіндерді кірістіруге ойнауыш терезесі ашылады
с) мультимедиа клипі қатары таңдалған соң, экранда әмбебап ойнауыш терезесі
ашылады файл-ашу командасын орындаймыз
d) электрондық кестелерді кірістіруге мультимедияны орындаймыз
e) слайдпен жұмыс істеу объектісі

7. Слайдқа музыканы, дыбысты немесе бейне-клипті көрсету?
а) кірістіру музыка
b) слайдқа музыканы, дыбысты немесе бейне-клипті көрсету режимінде белгілі
бір уақытта тыңдаймыз етіп есептеп енгізуге болады
с) пішім- бейне клип- музыка
d) файл-музыка режимінде бейне клип
e) презентация – музыка

8.Мәліметтерді көрсетудің қандай режимдері бар...
а) кәдімгі, құрылымдық, сорттау, ескерту парағы ,слайдты көрсету
b) құрылымдық, беттерді белгілеу, веб-режим, көру, көрсету
с) дыбыс жазу, веб-режим, көрсету, слайд, сорттау
d) беттерді белгілеу, сорттау, ескерту парағы, көрсету, көру
e) кәдімгі, слайд, презентация, құрылымдық, сорттау

9. Мультимедия мүмкіндігін таңдау жолы...
а) слайдтарды безендіру амалдары таңдалған соң экранда әмбебап ойнауыш
терезесі ашылады
b) электрондық кестелерді кірістіруге мультимедияны орындаймыз
с) мультимедиа клипі қатары таңдалған соң, экранда әмбебап ойнауыш терезесі
ашылады файл-ашу командасын орындаймыз
d) сызбалық кескіндерді кірістіруге ойнауыш терезесі ашылады
e) сызбалық нысандары бар мәтіндік құжаттар жасау

10. Дыбыс, музыка және бейнеклиптер қай программасында объект түрінде
енгізіледі?
а) мультимедия мүмкіндігі
b) Power Point программасы
с) Word Pad
d) Paint программасы
e) диаграмма элементі

Тест эталоны:
I – нұсқа
II – нұсқа
1. a
1. c
2. e 2. b
3. b 3. c
4. d 4. d
5. c 5. a
6. e 6. a
7. a 7. b
8. a 8. d
9. b 9. c
10 a 10. b

10
дұрыс жауап «5»

9 - 8 дұрыс жауап «4»
7
- 6 дұрыс жауап «3»

5 және ↓дұрыс жауап «2»

4 Тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру, студенттердің өзіндік жұмысына
әдістемелік бағдар беру (15 мин)

Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
Microsoft PowerPoint – та көрме жасау барысы жалпы безендіруді
таңдау, жаңа
слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет
болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру
қалыптарын және әрекеттерден тұрады.
Power Point – көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиялық
нысандарды бейнеклиптерді, жан бітірлген суреттерді, дыбыстық үзінділерді
және т.б қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.
Power Point бағдарламасында презентацияны безендіру үшін көптеген
фондық
өрнектер, слайдтарды эффектті түрде ауыстыру әрекеттерін орындау мүмкіндігі
бар. Презентация слайдтарын шаблон арқылы және өз қалауымызша безендіре
аламыз. Презентацияны шаблон арқылы безендіру кезінде, барлық слайдтағы
элементтер арнайы бір түрлі түстер схемасына сәйкес болады. Ал, өз
қалауымызша слайдтың безендіру элементтерінің түстерін, құю тәсілін таңдай
аламыз. Сондай-ақ, слайдқа енгізілген объектілер, диаграммалар
безендірілуін де өз қалауымызша орындай аламыз. Ал, басқа бағдарламалардан
буферге алып, енділірген объектілерді сол бағдарламаның өзіне қайта оралып
безендіруге тура келеді.

Сабақтың тезистері:
1. Көрмелерді жасаудың тиімді тәсілдері;
2. Көрмелерді көрсету;
3. Power Point программасында дайындалған презентацияларды шаблон
арқылы безендіру
4. Слайдтарды безендіру элементтері, Слайд белгіленуі; Түрлі түстер
схемасы; Фондық түстерді өзгерту;
5. Құю тәсілдерін таңдау, Жеке слайдтарды безендіру; Фон үлгісін алып
тастау; Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері;
Презентациядағы слайдтардың бірдей ауысуы; Құрамдас мәтін
анимациясын таңдау; Слайдта қарастырылған бөлімдерді ерекшелеп
көрсету; Мәтінді безендіру және т.б.

Power Point-та тартымды, кәсіби түрде безендірілген көрмелерді аз күш
жұмсап жасауға болады.
Microsoft PowerPoint – та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау,
жаңа
слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет
болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру
қалыптарын және әрекеттерден тұрады.
Power Point-та Жұмысқа кірісу тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау
үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады:
- Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын
қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды. Пайдаланушы
слайдтарды өз қалауынша безендіреді.
- Ашу. Көрме бұрынан бар безендірілген көрмеге негізделіп
жасалады. Қолда бар жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін
көшірмесі жасалады.
- Безендіру қалыбынан . Көрме негізгі безендіру элементтерін,
қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft
PowerPoint қалыбы негізінде жасалады.
Слайдтардың барлығы біркелкі мәндерде безендіру мақсатымен,
слайдтарды безендіру амалдар оңайлату үшін сондай-ақ Пішімдеу құралдар
үстеліндегі Жасақтама батырмасын пайдалануға да болады.
Оны шерткен кезде тапсырмаалр аймағында безендірудің кішірейтілген
эскиздері болып табылатын Слайд жасақтамасы үстелі пайда болады.
Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді:
• өң түсін;
• байрақшалар мен нөмірлер мәнерін;
• тақырыптың түсі мен өлшемін;
• негізгі мәннің түсі мен өлшемін;
• еренсілтеме түсін;
• өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б түріндегі безендіру
элементтерін.
Слайдты безендіру үшін сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға
болады. Түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе жекелеген
жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер және еренсілтемелер
үшін қолданылатын сегіз тармақтан тұрады.
Көрмеге жаңа слайдты кірістіру үшін Жаңа слайд батырмасын [pic] басу
немесе Кірістіру мәзіріндегі Жаңа слайд әмірін таңдап, слайдтың орналасуын
белгілеу керек. Егер сіз барлық слайдтарда емес, тек кейбіреулерінің өңін
ауыстырғыңыз келсе, мәзір жолағының Пішім тармағында Өң әмірін таңдап,
ашылған сүхбат терезесінде қажетті параметрлерді белгілеп, Қолдану
батырмасын басу керек.
Көрмелерді көрсету
Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін шешіп алу
қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандай да бір нысандарды нұқығанда,
дыбыстық сүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б.
Слайдтар ауысымы дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде
Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмаалр аймағында пайда болған Слайдтар
ауысуы үстелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет. Осы
үстелде сіз сондай ақ жылдамдығын белгілеуіңізге болады.
Шындап келгенде, слайдтағы әрбір нысанды слайдтар ауысуын басқарушы
батырмаға айналдыруға болады. Бұл үшін нысанды бөлектеп алып, мәтінмәндәк
мәзірді ашып, Әрекеттер баптаулары әмірін таңдап, қажетті пареметрлерді
баптау қажет.
Егер сіз ағымдық слайдты көрсеткіңіз келсе, Слайдты көрсету (ағымдық
слайдтан) батырмасын басыңыз. Ол кішірейтілген слайд белгішелері бар
үстелдің төменгі жағында орналасқан.
Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағының Слайдты
көрсету –Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе пернесін басу керек.
Слайдтар көрсетілімі режімін жабу үшін, яғни, слайдтарды көрсетуді
тоқтату үшін пернесін басуға болады.
[pic]

Power Point программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы
безендіру
Слайдтарды безендіру үшін арнайы шаблондарды пайдалануға болады.
Құрылған бос презентацияны безендіру үшін немесе шаблон арқылықұрылған
презентацияның безендірілуін басқа түрге ауыстыру қажет болса, Стандарттар
саймандар тақтасындағы Безендіруді қолдану (Применить оформление)
батырмасын шертеміз немесе Пішім (Формат) - Безендіруді қолдану командасын
орындаймыз. Осы мезетте экранда арнайы бір түстік гаммаға сәйкес келетін,
форматталынған мәтін және графикалық элементтерден тұратын бірнеше
шаблондар орналасқан Безендіруді қолдану (Применить оформление)сұқбат
терезесі ашылады. Сұқбат тезенің оң жақ шетіндегі үлгіден қарап отырып,
қажетті шаблонды таңдап алған соң, Қолдану (Применить) батырмасын шертеміз.
Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны да осы әрекеттерді
орындай отырып,басқа шаблон түріне ауыстыра аламыз.
Power Point программасында шаблондар тізімінен таңдай отырып,
безендіру арқылы,презентацияның барлық слайдтарына бірдей түс және фонның
түрлерін бере аламыз. Бұл кезде презентацияның барлық слайдтарына сол
таңдалған шаблонның безендіру элементтері тағайындалады.

Слайдтарды безендіру элементтері

Әрбір адамның өз қалауы бойнша слайдтардың бір-біріне тәуелсіз
мынадай элементтерін тағайындауға болады:
• Слайд белгіленуі (Разметка слайда). Слайд белгіленуі ретінде слайдқа
орналастыратын мәтін,сурет,диаграмма т.б. формасын айтуға болады.
• Түрлі түстер схемасы (Цветовая схема). Түстердің кең мөлшерлі
спектрінен кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.
• Фон. Слайдтағы түстер тек біртүсті ғана болуы міндетті
емес.Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға
болады.Сондай-ақ,бір түстің өзін вариациялық түрде қанықтыра
отырып,түстің әр түрлі өрнектерін шығаруға болады.
Слайдтың осы элементтері,яғни слайд белгіленуі,түрлі түстер
схемасы,фонды үйлесімді түрде өзгерте отырып,өз шаблонымызды құруға болады.

Слайд белгіленуі

Слайд белгіленуін (Разметка слайда), яғни мәтін, сурет,
диаграмма элементтерінің слайдта орналасу схемасын презентацияның әрбір
слайдына өз қалауымызша таңдау мүмкіндігі бар. Слайд белгіленуін тек
презентация құрылатын кезде ғана емес,онымен жұмыс істеп отырып,кез келген
уақытта өзгертуге болады.
Слайд белгіленуін тек бір слайд үшін таңдау қажет болса,слайд
режимінде Формат-Слайд белгіленуі (Формат-Разметка слайда) командасын
орындаймыз. Ал, бірнеше слайдтың белгіленуін өзгерту үшін, осы команданы
слайдтарды белгілеп алған соң орындаймыз. Бірнеше слайдтар сұрыптау
(сортировка слайда) режиміне ауысып, біреуі белгіленген соң, келесісінде
тышқанды шерту кезінде пернесін басып тұру арқылы белгіленеді.

Түрлі түстер схемасы

Түрлі түстер схемасы әрбір шаблон компоненттерінің бірі
болып табылады. Ол презентацияның әртүрлі элементтерін безендіруге арналған
реттелген сегіз түрлі түстер тізбегінен құралған. Түрлі түстер схемасында
слайдтардың фоны бірінші орында тұрады, қалған жеті түс фонның үстіне
орналасатын мәтін,диаграмма және басқа объектілерді безендіруге арналған.
Формат-Түрлі түстер схемасы (Формат-Цветовая схема) командасын орындағанда
ашылған сұқбат терезенің Стандартты (Стандартная) ішкі бетінде схеманың
қажеттісін таңдау мүмкіндігі бар. Ал, Арнайы(Специальная) ішкі бетінде
түрлі түстер схемасындағы түстерді өзгертуге болады.

Осы сегіз түрлі безендіру элементтерінің(1-кесте)кез келгенін
өзгерту үшін, Арнайы (Специальная) ішкі бетінде қажеттісін таңдап алған
соң, Түсті өзгерту (Изменить цвет) батырмасын шертеміз. Келесі ашылған
сұқбат терезеде алтыбұрышты түрлі түстен және спектрден өзімізге ұнаған
түсті таңдаймыз.

|Түс өрісі (цветовое поле) | Сипаттама |
|1.Фон |Слайд фоны ретінде қолданатын түс |
|2.Мәтін және сызықтар |Жазба (Надпись) ішінде орналасқан |
|(текст и линии) |таңбаланған тізімдегі немесе |
| |мәтіндік блоктағы мәтіннің түсі. Осы|
| |түс Сызық (Линия) және Бағыттауыш |
| |(Стрелка) аспаптарының көмегімен |
| |құрылған сызық , бағыттауыштарға |
| |автофигуралар және сурет салу |
| |аспаптары көмегімен салынған басқа |
| |да объектілерге қатысты болады. |
|3.Көлеңкелер(Тени) |Көлеңке (Тень) батырмасы көмегімен |
| |құрылған көлеңкелердің түсі. |
|4.Тақырып (Заголовок) |Слайдтағы тақырыптар мен |
| |тақырыпшылардың түсі . |
|5.Акцент |Диаграммалар бірнеше тармақты |
| |диаграммалар (оргдиаграммы) және |
| |басқа ендірілген объектілерде екінші|
| |түс ретінде қолданылатын түс. |
|6.Құю (Заливка) |Автофигуралар және сурет салу |
| |саймандарының көмегімен құрылған |
| |объектілерді құю түсі. Осы түс |
| |диаграммаларды бірінші ретті |
| |мәліметтерге қатысты болады. |
|7.Гиперсілтемелі акцент |Диаграммалар бірнеше тармақты |
| |диаграммалар (оргдиаграммы) және |
| |басқа ендірілген объектілерде үшінші|
| |түс ретінде қолданылатын түс.Осы түс|
| |гиперсілтемені шақыратын |
| |объектілерге де қатысты болады |
| |(басқы слайдтағы презентацияға және |
| |WEB-парақтарға көшуді көрсететін |
| |объектілер). |
|8.Гиперсілтемемен жалғасатын |Диграммалар, бірнеше тармақты |
|акцент (Акцент с последующей |диаграммалар және басқа ендірілген |
|гиперссылкой) |объектілерде төртінші түс ретінде |
| |қолданылады. Бұл түс екпінді |
| |болыптұрған гиперсілтемелік |
| |объектілерге қатысты. |

Фондық түстерді өзгерту

Фонды таңдау үшін слайдтар режимінде Формат-Фон командасын
орындаймыз. Тізімді ашу батырмасында тышқанды шертсек, фон түстері
көрінеді. Таңдалған фондық түсті үлгіден көре отырып, тағайындай аламыз.
Таңдау батырмасын шерткенде небары 8 түс көрінеді. Бұл түстер
бірін-бірі толықтырады және көп жағдайларда слайдты безендіруге жеткілікті
болады. Бірақ,бұдан да басқа түстерді пайдалану мүмкіндіктері бар. Ол үшін
осы тізімнен Қосымша түстер (Дополнительные цвета) өрісін таңдаймыз. Бұл
кезде қосымша сұқбат терезе ашылады. Кәдімгі (Обычные), Спектр деген екі
ішкі беттен тұратын бұл сұқбат терезеде кәдімгі немесе спектрден түсті
таңдай отырып, жаңа түс дайындауға болады. Өзіміз дайындаған түс пен
бұрынғы түсті жаңа (новый), алдыңғы (текущий) өрісте салыстыра аламыз.
Фондық түс таңдалған соң Қолдану (Применить) батырмасын шертсек осы фон тек
жұмыс жасап отырған бір ғана слайдқа беріледі. Фондық түсті барлық
слайдтарға беру үшін Барлығына қолдану (Применить ко всем) батырмасын
шертеміз.

Құю тәсілдерін таңдау

Слайдтың бір бөлігінен екінші бөлігіне қарай түстің қанықтылығын
өзгертуге және өрнек немесе текстура түрінде түстерді әртүрлі етіп
дайындауға болады. Түс қанығуы өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталып
түрін қолдана отырып, өте әдемі дизайндарды дайындауға болады. Құю
тәсілдерін таңдау үшін Формат-Фон командасын орындағанда ашылған сұқбат
терезедегі таңдау батырмасын шерткенде ашылған тізімнен Құю тәсілдері
(Способы заливки) командасын орындаймыз. Осы мезетте Құю (Заливка) сұқбат
терезесі ашылады.
Градиентті ішкі бетінде кез-келген түстің бірін және оған сәйкес
штрихтеу типі мен вариантын таңдап, қажетті эффектіні дайындаймыз. Жарайды
(ОК) батырмасын,одан кейін Қолдану немесе Бәріне қолдану батырмасын
шертеміз.
Текстура және Өрнек (Узор) ішкі беттерінде слайдтағы фонның түрлерін
әртүрлі етіп өзгерту мүмкіндіктері бар. Ал, фонға сурет қосу қажет болса,
Сурет (Рисунок) ішкі бетінде Сурет батырмасын шерткен соң,тиісті форматта
сурет жазылған файлдың сақталған орнын көрсету қажет.
Жеке слайдтарды безендіру
Жеке слайдтарды безендіру үшін,алдымен безендірілетін бір
немесе бірнеше слайдты көрсету қажет. Ол үшін слайдтарды сұрыптау режиміне
көшеміз. Қажетті слайдтта тышқанды шертеміз. Егер бір мезгілде бірнеше
слайдты безендіру үшін тышқанды шерту кезінде Shift пернесін басулы күйінде
ұстап тұрамыз. Белгіленген слайдтар қалың жақтаумен қоршалады. Слайдтарды
белгіленген соң, тиісті безендіру әрекеттерін орындаймыз.

Фон үлгісін алып тастау

Кейбір жағдайларда слайдтың фоны өзіне үйлесімсіз болады.
Мысалы сыртқы беттегі өте әдәмі суреттер тағы да басқа безендірулер, басқа
слайдтарда оғаш көрінуі мүмкін. Мұндай жағдайларда слайд фонындағы
құрылымдық элементтерді өшіру немесе алып тастау қажет. Ол үшін, Формат-Фон
командасын орындап, ашылған сұқбат терезеде Фон үлгісін алып тастау
(Исключить фон образца) өрісінің белгісін көрсетіп қою керек (фонның
құрылымдық элементтерін қайта қалпына келтіру үшін осы белгіні алып
тастаймыз). Слайдқа енгізілген сурет слайдтың фонымен үйлесімсіз болған
жағдайда,суреттің түсін өзгертуге болады. Суретті белгілеп тышқанның оң жақ
батырмасын шерткенде ашылған жанама менюден Бейнені баптау тақтасын көрсету
(Отобразить панель настройки изображения)командасын орындаймыз. Осы
тақтадағы Суретті қайта бояу (Перекрасить рисунок) батырмасын шертеміз
немесе суреттің жанама менюінен Суреттің форматы (Формат рисунка)
командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Сурет (Рисунок) ішкі
бетінде Қайта бояу (Перекрасить) батырмасын шертеміз. Ашылған терезеде кез
келген түсті таңдап,суреттің және құю түсін өзгертуге болады.

Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері
Презентацияны құрайтын слайдтардың барлығы бір жүйеге келтірілуі және
анық бір матермалды тізбекті түрде бейнелеу мәселесін шешуі қажет.
Презентация арқылы берілетін ақпарат аудиторияда мағыналы қабылдануы үшін,
слайдтар бірінен кейін бірі алдынғысын толықтырып отыруы керек. Power
Point бағдарламасында презентация слайдының бірінен келесісіне өтудің
бірнеше тәсілдері қарастырылған. Слайд фондарын таңдау сияқты ,
презентацияның тақырыбына байланысты слайдтан слайдқа өту түрін де таңдауға
болады. Слайдтардың бірінен келесісіне ауысыдың әрқайсысы бірнеше
варианттан тұратын оннан аса түрі бар.
• Жалюзи. Жалюзи жаңа слайд толық көрінгенше біртіндеп ашылады. Терезеге
орнататын жалюзилер сияқты горизонталь және вертикаль түрлері болады.
Бір жарнаманы екіншісімен динамикалық түрде ауыстыруға арналған
жарнамалық слайдтарда қолдануға өте тиімді.
• Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыш слайдтың дәл центріндегі нүктеге дейін
үлкейеді.
• Дойбылар (Шашки). Кішкене квадратшалар слайдты тұтас алды да, жан-
жаққа немесе төмен қарай үлкейді.
• Ағын (Наплыв). Жаңа слайд жоғарыдан, төменнен, кез келген жақтан
немесе кез келген бұрыштан пайда болады да, бірте-бірте алдынғы
слайдты жауып қалады.
• Жарып шығу (Прорезание). Көшу әрекеті тез болатыны соншалық, басқа
ауысулардағыдай өту әрекеті байқалмай қалады.
• Еру (Растворение). Жаңа слайдты құрайтын кішкене нүктелер бірте-бірте
үлкейіп алдыңғы слайдты жауып кетеді.
• Қара түс арқылы гүлдену (Выцветание через черное). Біртіндеп жоғалу
және пайда болу әрекеті жүзеге асады. Жаңа слайд қара фоннан пайда
болады.
• Кездейсоқ жолақтар (Случайные полосы). Қалың және жіңішке (вертикаль
немесе горизонталь) сызықтар пайда болады да, біртіндеп жаңа слайдқа
айналады.
• Панорама. Слайд бетінде вертикаль немесе горизонталь орналасқан перде
сияқты көрінеді.
• Бұрыштар (Уголки). Жаңа слайд алдынғы слайдты диагональ бойынша тісті
қиықпен жаба отырып пайда болады.
• Ашылу (Открывание). Жаңа слайд бірден тұтас экранды алып тұратын
енгізуден бұның айырмашылығы, жаңа бейне экраны сегіз бағыттың кез
келгенінде біртіндеп ашылады.
• Пайда болу (Появление). Бұрынғы слайдты жаба отырып, жаңа слайд баяу
пайда болады.
• Кездейсоқ ауысу (Случайный переход). Жеке слайдтардың арасындағы
ауысылар әртүрлі және әрбір жаңа слайдта кездойсоқ түрде өзгереді.
• Ауысу жоқ (Нет перехода). Келесі слацдқа өту кезінде ешқандай эффект
болмайды.
Слайдтарға осы ауысулардың бірін қолдану үшін слайдтарды сұрыптау
режиміне көшу керек. Кез келген слайдты белгілеген соң,оның жанама
менюінен,яғни тышқанның оң батырмасын шерткенде ашылған менюден Слайд
ауысуы(Переход слайда) командасын орындаймыз.Осы кезде Слайд ауысуы
сұқбат терезесі ашылады.
Эффектілердің тұсындағы батырманы шертіп. Жоғарыда айтылған
эффекттілердің бірін таңдаймыз. Жай (медленно), орташа (среднее), тез
(быстро) жылдамдықта ауысу өрісінің бірін көрсетеміз. Сондай-ақ, ауысу
тышқанды шерткен кезде немесе автоматты түрде орындалатындай етіп,
тиісті өрістің қанат белгісін көрсетеміз. Дыбыс қосу батырмасын
шертіп, ауысу кезінде дыбыс шығару мүмкіндігі де бар. Осы көрсетілген
эффектілерді алдын-ала қарау үшін, Эффект аймағында тышқанды шерту
жеткілікті.
Презентациядағы слайдтардың бірдей ауысуы
Презентациядағы слайдтардың ауысудың барлық сладтарға бірдей ортақ
тәсілін көрсету үшін мына әрекеттерді орындаймыз:

1. Слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз де Түзету-Барлығын белгілеу
(Правка-
Выделить все) меню командасын орындаймыз. Барлық слайдтардың жақтаулары
қалың болып көрінуі тиіс.
2. Кез келген слайдтың бірінде тышқанның оң батырмасын шертеміз
де, жанама менюдегі Слайд ауысу (Переход слайда) командасын орындаймыз.
Слайд ауысуы сұқбат терезесі ашылады.
3. Қажетті ауысу эффектілер таңдаған соң, Қолдану (Применить)
батырмасын шертеміз.
Ауысу эффектілері тағайындалған соң, слайд режимінде әрбір
слайдтың төменгі жағында кішкене шарт белгілер көрініп тұрады. Яғни, бұл
шарт белгілер слайдқа ауысу эффектілері тағайындалғанын білдіреді.
Слайдтың пайда болуын автоматтындыру үшін, Слайд ауысуы сұқбат
терезесіндегі Автоматты түрде өрісіңің қанат белгісін және уақытын секунд
өлшемімен көрсетеміз. Осы әрекет орындалып, Слайдты көрсету ( Показ слайда
) режиміне көшсек, экранға слайдтың элементтері белгіленген уақыттан кейін
автоматты түрде шығатын болады. Слайдтың ауысуы қандай түрде болатын көру
үшін,оның төменгі жағында орналасқан шарт белгіде тышқанды шерту қажет.
Презентацияны көрсету барысында оған аудитория назарын аударту
үшін, слайдтың бір бөлігін ғана көрсете отырып, негізгі баяндаманың немесе
ақпараттың ішкі мазмұнын біртіндеп ашу керек.
Тұтас презентация үшін ең алдымен слайдтан слайдқа ауысудың
ортақ тәсілін тағайындау қажет. Одан кеін ғана жеке слайдтардың ауысу
тәсілін өзгертуге болады. Слайдтарды сұрыптау режимінде, ауысу тәсілін
өзгертетін слайдта тышқанды шертеміз. Ал бірнеше слайдтың ауысуы бір
мезгілде өзгерту қажет болса,тышқанды шерту кезінде Shift пернесін
басулыкүйінде ұстап тұрамыз. Жанама менюдегі Слайд ауысуы (Переход слайда)
командасын орындып, ашылған сұқбат терезеде қажетті ауысу эффектілер
тағайындаймыз. Бір презентацияда әр түрлі ауысу тәсілдерін көп қолдана
бермеген жөн.

Құрамдас мәтін анимациясын таңдау

Power Point бағдарламасында екпінді слайдқа мәтінді
біртіндеп енгізу үшін, құрамдас мәтін анимациясы (встроенная анимация
текста) қолданылады. Осы эффектілер қолданылған соң, слайдты көрсету
процесінде, тышқанды шерткен сайын слайдтың әрбір элементі немесе мәтіннің
таңдалған эффетілермен пайда болады
Power Point бағдарламасында слайд жасаудың бірнеше
варианттары қарастырылған. Мысалы, слайдттың форматталған бөліктері, әр
бағыттан “ұшып” келеді т.с.с.
Слайд жасауда құрамдас мәтін анимациясының варианттарын
таңдау үшін, Слайдты көрсету-Құрамдас анимация ( Показ слайда –Встроенная
анимация) командасын орындағанда шығатын тізімнен қажетті эффектінің бірін
таңдаймыз. Слайдтарды сұрыптау режимінде осы тағайындалған эффектілерді тек
алдын ала қарай аламыз. Ал, эффектіні толық көру үшін Слайдты көрсету
(Показ слайда) режиміне көшеміз. Осы мезетте тышқанның сол жақ батырмасын
шерткен сайын мәтін элементтері таңдалған эффектімен пайда болады. Слайдтты
көрсету режимінен аяқталмай тұрып шығу үшін, ESC батырмасын шертеміз.
Слайдта қарастырылған бөлімдерді ерекшелеп көрсету

Таңбаланған (маркерленген) тізімнен тұратын слайдтардан
құралған презентацияны көрсету кезінде оның әрбір бөліміне тоқталу қажет
болсын. Яғни, аудиториядағы адамдар презентацияның бір бөлімін қарастырған
мезгілде , оның алдындағы және соңындағы бөлімдеріне көңіл аудармайтындай
етіп жасайық. Бұны тізім элементтері біртіндеп аашылып, көрсетілген мәтін
өшіріліп қалатындай эффект жасау арқылы жүзеге асыруға болады. Мұндай
эффектіні тағайындау үшін:
1.Слайдтар режиміне көшеміз де, слайдтағы тізімді белгілейміз.
1. Белгіленген аймақта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, жанама менюден
Анимация қосу (Настройка анимации) командасын таңдаймыз.
2. Ашылған сұқбат терезенің Эффектілер ішкі бетінде , тізім бөлемдерінің
көріну эффектің таңдаймыз.Мысалы, Төменнен ұшып келу (Вылет снизу)
эффектін таңдайық.
3. Анамациядан кейін (После анимации) тізімінен Шертумен бірге жасыру
(Спрятать по щелчку) бөлімін таңдаймыз да, ОК батырмасын шертеміз.

Мәтінді безендіру

Әртүрлі қаріп түрлерін, түстерді, бояуларды бір-біріне
үйлесімді түрде қолдана отырып, презентация мәтінін безендіру мүмкідігі
бар. Бұл кезде әр слайдтағы мәтіндер де бір-бірімен үйлесуі керек.

Форматтау әрекетін мәтінің белгіленген кез келген элементіне
қолдануға болады. Мысалы, әрбір әріпке, сөзге, абзацқа т.с.с. Қажетті мәтін
элементін белгілеген соң, Формат-Қаріп (Формат –Шрифт) командасын
орындаймыз да, ашылған сұқбат терезеде қажетті форматтау мүмкіндіктерін
қолданамыз. Презентация безендірілген соң, ұнамаған жағдайда, Түр- Үлгі-
Слайдтар үлгіс і (Вид- Образец- Образец слайда) командасын орындап, оның
түрін өзгерту мүмкіндігі бар.

/Электронды оқу құралын және арнайы дайындалған слайдты интерактивті
тақтада ашып көрсете отырып студенттерге түсіндіру/.

5 Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (45мин
)

Студенттердің компьютерде орындайтын тапсырмалары:

1-тапсырма. «СПИД ғасыр дерті» тақырыбында презентация дайындаймыз.
Бірінші слайдқа «СПИД ғасыр дерті» тақырыбын Wordart нысаны арқылы
жазыңыз.
2-тапсырма. 1-ші слайдтың фонына «Менің құжаттарым» белгішесінен «СПИД»
қалтасынан қажетті «Доктор» деген атпен сақталған суретті қойыңыз.
[pic]

3-тапсырма. 2-ші слайдқа «Менің құжаттарым» белгішесінен «СПИД» қалтасынан
«Мәтін1» файлының мәтінін көшіріп алып, қойыңыз.

[pic]

4-тапсырма. 2-ші слайдтың өңіне (фонына) «Менің құжаттарым» белгішесінен
«СПИД» қалтасынан қажетті «спид114» деген атпен сақталған суретті қойыңыз.
[pic]

5-тапсырма. 3-ші слайдқа «Менің құжаттарым» белгішесінен «СПИД» қалтасынан
қажетті «спид» деген атпен сақталған суретті қойыңыз.

[pic]

6-тапсырма. 3-ші слайдтың суретіне Слайдты көрсету (Показ слайдов) – Жан
бітірімді баптау (Настройки анимации) әмірі арқылы Пәрменді үстеу
(Добавить эффект)- Выделение- Изменение размера пәрменін таңдаңыз.
[pic]

6-тапсырма. 4-ші слайдқа Қазақстан Республикасы облыстарының тұрғындарының
спидпен ауыратын науқастар санына (ойдан құрастырылған мәліметтер)
Кірістіру-Диаграмма әмірі арқылы диаграмма құрастырыңыз. Диаграмманың ішіне
мәліметтерді жазыңыз. Диаграмманың түрін өзгертіп көріңіз. Әр облыстың
бағандарының суреттерін ауыстырып көріңіз. Осы слайдтың фонына Формат- Фон
- Способы заливки – Градиентная – Загатовка - Рассвет пәрменін таңдаңыз.

[pic]

7-тапсырма. 5-ші слайдқа Фон - Разметка слайда әмірін таңдап, жоғарыда
тақырып және төрт сурет еннгізетін макетті таңдаңыз.

[pic]

8-тапсырма. 5-ші слайдқа тақырыпқа «ЖИТС» мәтінін енгізіңіз. Ал 4 сурет
орнына «Менің құжаттарым» белгішесінен «СПИД» қалтасынан қажетті «13»,
«14», «15» және «17» деген атпен сақталған суреттерді қойыңыз.
[pic]

9-тапсырма. 5-ші слайдтың фонына Формат- Фон - Способы заливки –
Градиентная әмірін орындап, одан кейін түстер дегенге қалаған екі
түсіңізді таңдап, өзіңізге ұнаған сызықтар түрін таңдаңыз.

[pic]

10-тапсырма. 6-ші слайдқа Фон - Разметка слайда әмірін таңдап, оң жақта
екі сурет, сол жақта мәтін және жоғарыда тақырып түсетін макетті таңдаңыз.
[pic]
11-тапсырма. 6-шы слайд тақырыбына «ЖИТС» тақырыбын, оң жақтағы екі
суреттер орнына орнына «Менің құжаттарым» белгішесінен «СПИД» қалтасынан
қажетті «Спид» және «16» деген атпен сақталған суреттерді қойыңыз. Ал
мәтін орнына орнына «Менің құжаттарым» белгішесінен «СПИД» қалтасынан
«Мәтін2» деген атпен сақталған файлдың мәтінін көшіріп қойыңыз. Осы
слайдтың фонына Формат- Фон - Способы заливки – Градиентная әмірін орындап,
одан кейін түстер дегенге қалаған екі түсіңізді таңдап, өзіңізге ұнаған
сызықтар түрін таңдаңыз.
[pic]

11-тапсырма. 7-ші слайдқа WordArt нысаны арқылы «1 желтоқсан – Дүниежүзілік
СПИДке қарсы күн» деп жазыңыз. WordArt пішімі терезесі арқылы WordArt
түрінен өзіңізге қажетті түрді, түсін таңдаңыз.
[pic]

12-тапсырма. 7-ші слайдтың фонына «Менің құжаттарым» белгішесінен «СПИД»
қалтасынан қажетті «17» деген атпен сақталған суретті қойыңыз.
12-тапсырма. Презентацияға Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) – Слайдтар
өтуі (Смена слайдов) әмірі арқылы Изменить переход әмірі арқылы презентация
жылдамдығын (медленно) қойыңыздар.

13-тапсырма. Презентацияға Жан бітірім пәрмендері (Эффекты анимация) әмірі
арқылы Титры пәрменін таңдаңыз.
[pic]

14-тапсырма. Презентацияға Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) – Слайдтар
өтуі (Смена слайдов) әмірі арқылы Растворение пәрменін таңдаңыз.

15-тапсырма. Презентацияға Слайдтар көрсетілімі (Показ слайдов) – Слайдтар
өтуі (Смена слайдов) әмірі арқылы Слайд өтуі (Смена слайда) әмірі арқылы,
слайдтардың ауысуын автоматты түрде 00:04 секундқа қойыңыз
15-тапсырма. Дайын болған презентацияны көру үшін Слайдты көрсету-
Көрсетуді бастау әмірі арқылы немесе F5 пернесін басыңыз.

6 Сабақты қортындылау (5 мин) - Студенттердің алған білімін қысқаша
түсіндіру арқылы қорытындылау.
/ Студенттердің алған білімін интерактивті тақтада арнайы дайындалған
слайдты ашып көрсете отырып қорытындылау/.
7 Үйге тапсырма беру (5 мин) - Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік
дайындалуға сұрақтар және тапсырмалар беру.
Тақырыбы: Жан бітірмді баптау
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
• Power Point көрмесі дегеніміз не?
• Көрме неден құралады?
• Кәдімгі Power Point көрмесі қамтитын файлдың кеңейтімін
көрсетіңіз?
• Power Point көрмесіне жаңа слайдты қалай үстеуге болады?
• Power Point көрмесін қалай сақтауға болады?
• Power Point бағдарламасы көрмесінің слайдына дайын дыбыстық
файлды қандай әмірлердің көмегімен кірістіруге болады?
• Қандай перне Power Point бағдарламасы көрмесінің слайдтарын
көрсетуді тоқтады?
• Қандай перен слайдтарды көрсетуді бастау әмірін орындайды?
• Слайдарды безендірудің дайын қалыбын қалай қолдануға
болады?
Қосымша:
- Power Point-та презентацияны құру техникасын және т.б жолдарын өз
беттеріңмен қосымша ізденіп «Менің өмірбаяным» тақырыбында презентация
құрып флешкаға көшіріп келіңіздер.

Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:
Қолданылған негізгі әдебиеттер
1. Симоновича С.В. Информатика 2-е издание 2004.
2. Рапаков Г.Г. Ржеуцкая С.Ю. «Программирование на языке паскаль». 2005
3. Салливан Ф., Уайт Дж.С. Основы медицинской информатики
4. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, - Алматы « Білім » 1995
Қосымша әдебиеттер
1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.« Новые информационные
технология» – Алматы-2003
2. Голобуцкий О.,Шевчук О «Электронное правительство».
3. К.Б.Есекеева,Г.К.Нургалиевой «Учебно методическое пособие по обучению
население компьютерной грамотности» Алматы 2007
4. Макарова Н.В., Матвеев А., Бройдо В.Л. и др. Информатика Макарова Н.В.,
Матвеев А., Бройдо В.Л. и др. -2003
WEB сайттар тізімі

1. Ustaz@ mail.kz
2. Softzone@ mail.kz
3. Sabaktar@mail.ru

Ұқсас жұмыстар
Презентацияларды құру. безендіру шаблондары. 6-сынып
Слайдтарды безендіру
Безендіру шаблондары
Powerpoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері
Көрмелерді безендіруде графикалық файлдармен жұмыс
Power point 2000-да слайд-фильмдер жасау
Көрме құру
Power Point та дайындалған презентацияны суреттер арқылы безендіру
Сабақты пысықтау
Ақпараттық сабақ
Пәндер