Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кітапхана сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану

Ақмола облысы,

Жақсы ауданы,
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы

Қима орта мектебінің

кітапханашысы
Есенгулова Тожан Сейткереевна
Тезис
Кітапхана сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды пайдалану
Жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан
жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның
бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.  ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық
қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның
денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі таңда
дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге,
меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр.
Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны
технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру –
жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамыта
оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды
көздейді.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл
кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты
барлық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің
барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Сол себепті
бұл авторлық бағдарлама мектеп кітапханаларының сабақтарында ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқырмандарды кітапханаға
тарту мақсатында пайдалану көзделіп отыр. ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей
міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет,
телекоммуникациялық желі, электрондық оқулықтарды, мультимедиялық
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын
көтеру.
Мектеп кітапхана сабақтарында АКТ-ны пайдаланудың негізгі мақсаты:
оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес
компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға
ретінде тәрбиелеу, яғни оқушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу. Заманауи АКТ
құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген
тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге
баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың
өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға
тәрбиелейді.
Міндеттері:
- Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалана білу;
- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып,
бағдарламалық сайттар мен құралдарды пайдалана білу;
- Өзіндік қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде
ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар
жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін
және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Осы
кітапхана саласындағы іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын
қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор
екенін  байқадым. Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау
жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды
ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның
мүмкіндіктерін пайдалану. Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын сабақта жиі
қолдану. Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу
процесінің  материалдық-техникалық базасын жетілдіру. Кітапхана
сабақтарында оқытудағы білім берудің негізгі міндеті-жеткілікті жоғары
деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы оқушылардың білімді игеруін және
сабаққа деген қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Жаңашылдық – жаңа талап: Биылғы жылы мектеп кітапхана сабақтарында
жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы
оқушылардың кітапханаға тарту мақсатында, жаңа талаптар қоя отырып,
оқушыларды кітап оқуға және сабаққа деген қызығушылығын оятуды жөн көрдім.
Бұл авторлық бағдарламаның оқушылар үшін жаңашылдығы мектеп
кітапханасында ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып,
заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиялардың элементтерін кітапхана
сабақтарында пайдалана отырып, оқырмандардың қызығушылығын ояту мен қатар
кітапханаға тарту. Қазіргі кезде ауыл мектеп кітапханаларында әдеби
кітаптардың тапшылығына байланысты, ақпараттық-коммуникативтік
технологиялардың көмегімен кітапхана оқырмандарын кітапқа деген
қызығушылықтарын қалыптастырып отыру. Осы авторлық бағдарлама 5-11 сынып
оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай жасалынған.
Бағдарламаны оқытудағы қойылған мақсатқа жету әдістері:
1.Тақырып бойынша талдау жасау, бағдарламаның мақсаты мен міндеті, аталу
себебіне талдау жасау.
2. Мектеп, ауыл, кітапханаларындағы ғылыми және көркем әдебиеттерді,
ғаламторды басшылыққа алу.
3. Кітапхана сабақтарында АКТ-ны пайдалана отырып, шығармашылықпен жұмыс
жасай білуге, пәнаралық байланыс жасауға, тапсырмаларды өз бетімен орындай
білуге үйрету.
4. Көркем әдебиет саладағы шығармалардың имандылық, парасаттылық,
адамгершілік, тәрбиелік мәнін түсіндіре отырып, жеке тұлғаның шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар:
1. Тақырыптың мақсаты мен міндетін толық ұғыну.
2. Компьютерлік технология құралдарымен танысу.
3. Кітапхана сабақтарының тақырыптық тұрғыда және құрылысына қарай талдау
жасай білу.
4. Ғаламтор желісінен және электронды оқулықтарды пайдалана білу.
Мектеп кітапхана сабақтарында АКТ-ны қолдануда оқу үрдісінің
тиімділігін қамтамасыз ету үшін не қажет?
• Бір қалыптылықты пайдаланбау;
• деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін
алмастырып отыру;
• баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету,
салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу
қасиеттерін дамыту;
• жеке, жұппен, топпен орындайтын тапсырмаларды қарастыра отырып,
кітапхана сабақтарында жеті модуль арқылы оқушылардың ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды пайдалануы мен қатар шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Сол себепті мен мектеп кітапханасында осы жеті
модулді қолдану барысында кітапхана оқырмандарының қызығушылығы пайда
болды. Бағдарламада ұсынылған жеті модульмен жұмыс жасаймын. Атап айтсам:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ)
пайдалану;
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Осы жеті модульді пайдалана отырып, бағдарламаның негізгі идеясы сыни
тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау
мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны
негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға
үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Осы жеті модульді сабақтарыма
қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасымен оқу үрдісіне
қатысты орын алған өзгерітерге тоқталғым келеді.
Сыныпқа ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру кезеңі: топқа бөлу,
топ ережесін құру, постерді қорғау, рефлекция.
Оқушылар өзін-өзі бағалауда жеті модулді сабағымда әр түрлі
стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың жеке, жұппен,
топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын,
қызығушылықтарын ояттым. Өйткені, бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері
дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын
ортаға салуы маңызды.
Бағдарламаны ұйымдастыру формалары: лекция сабағы, шығармашылық жұмыс
сабағы, пікірталас сабағы, сайыс сабағы.
Кітапхана сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдерім: Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану
жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты АКТ-ны
игеріп пайдалану, оқыту мен оқудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын
түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, сабақ беруде көмектесетін маңызды
құрал болып отыр. Мектептегі сандық технологиялар: теледидар
бағдарламалары, ғаламтор, ұялы телефон, планшет, интербелсенді тақта,
фотоаппарат, элетронды оқулықтар, видеороликтар, ұтқыр қондырғылар,
компьютер, ноутбуктермен жұмыс жасаймыз.
Сандық сауаттылық - бұл сандық технологияны пайдалана отырып
ақпараттың орналасқан жерін анықтау. Ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау
және құру қабілеті. Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық
құралдарды пайдалана білуін, сыни тұрғыдан ойлауын, әлеуметтік
хабардарлығын, оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді.
Өз сабақтарымда АКТ-ны жиі пайдаланамын. Өткізген «Өз денсаулығың - өз
қолыңда!», «Қазақ хандығына 550 жыл», «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!»,
«Имандылық – инабаттылық мұраты», «Зиянды заттар зардабы», «Санадан ешқашан
өшпейтін естелік» кітапханалық сабақтарында қолдандым.
Сабақта қолданатын көрнекі материалдары: компьютер, ноутбук,
электронды оқулықтар, видеороликтер, ұялы телефон, планшет, интербелсенді
тақта, фотоаппарат, интернет желісі, үлестірмелі материалдар, постер,
маркерлер, стикерлер, т.б.
АКТ-ны сабақ үстінде кез-келген кезеңінде қолданамын. Оқыту әдістері:
жеке, топпен, жұппен, жалпы ұжыммен жұмыс, рөлдік ойындар, постер құру,
рефлексия. Соған байланысты тапсырмалар: ой қозғау, постер қорғау, бағалау,
рефлексия, «Екі жұлдыз, бір тілек». Оқуға арналған тапсырма  жаңа сабақты
түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты ұялы телефон не планшет арқылы
интернет желісінен мәлімет іздеуді тапсыру тиімді. Мәліметті интернет
желісінен тез тауып, оқуда қолдануға үйренгеннен кейін тапсырманы
күрделендіремін. Мысалы, кітапхана сабағында «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз»
тақырыбын өтуде «Тәуелсіздік» дегеніміз не?, «Тәуелсіз ел» интернет
желісінен табу тапсырмасын кез-келген оқушыға ұсынуға болады, ал дарынды
оқушыларға өз елінің тарихы жайлы немесе  бұрын білмеген мәліметтерді
табуды тапсырған жөн. Мұндай жұмыстар нәтижесінде оқушыларды бір-бірінен
интернет желісін қолдану жолдарын үйренеді, алған материалды іріктеуге,
талдауға, қолдануға, ортақ нәтиже шығаруға дағдыландырады.
Планшетті қолданудың тағы бір жолы тапсырманы хат арқылы жіберу.
Яғни,  алдын ала кітапхана сабақтарында тапсырмаларды, сызбаларды теріп
қояды да, керек кезінде  электронды пошта арқылы немесе SMS-пен  жібереді,
оқушылар  тапсырманы жеке, топпен, жұппен, өз бетімен  орындайды. Бұл жұмыс
оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырумен қатар, жеке,
жұппен, топпен жұмыс жасауға үйретеді.
Видеороликтер мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде
қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және кітап оқуға
деген қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа
материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар,
т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге
осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін
жеңілдетеді.
Кітапхана сабақтарында видеосауалдарды пайдаланамын. Қажетті
сұрақтарды өзге сынып оқушыларына қойғызып, видеоға жазып аламын да,
интербелсенді тақтадан немесе теледидардан тыңдатамын. Мұндай сұрақтарға
оқушылар қызыға отырып, таласа жауап береді. Бұл әдіс оқырманның кітапхана
сабақтарына деген қызығушылықты оятады. Әрбір ұстаздың алдына келген бала
да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс
істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты)
қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын
пайдалана отырып интербелсенді тақтадан презентация құралдары арқылы
сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып беру қолайлы.
Сонымен қатар кітапхана сабақтарынан тақырыпты толығымен қайталап келу
үшін, сонымен қатар қорытындылау мақсатында берілетін тест тапсырмаларына
оқушы алдын ала дайындалуы үшін флеш-картаға сақтап беру жолдарын
қарастырамын. Бұл оқушыға қандай бағытта дайындық қажет екендігін түсінуге
көмектеседі.
Ұялы телефонның диктофонын пайдалана отырып, оқушыларға журналист
роліне еніп сұхбат алу тапсырмасын ұсынып отырамын. Қасына фотоаппаратымен
репортерді қосамын, бұл оқушылардың мамандық таңдауына кішкене үлес
қосқаным деп санаймын.
Ақпараттық-коммуникативті технология жағдайындағы жалпы оқыту
үрдісінің функциялары: оқыту, дамыту, ақпараттық болжау, шығармашылық
қабілеттерін дамыту, тәрбиелеу.
Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда
талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім
ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген
тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша
топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу,
түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты
қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.
Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді
реттейді, өз пікірлерін дәлелдеп айтады.
Оқушының коммуникативті құзырлылығы: жан-жақты зерттеу жұмыстары,
мәдениет танымдылық, өзін-өзі дамытуы, әлеуметтік еңбек, ақпараттық
технология, әдістемелік тәсілдер.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың
нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-
тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ, оқушылардың қызығушылығын оятатын,
арттыратын сабақ деп айтуға болатын сабақ. Жаңа технологияны сабақ
үрдісінде қолдану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас
ерекшелігін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Әр
оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, тапсырмаларды түрлендіру
барысында ойлау қабілеті жетіле түседі. Оқушы өз жетістіктерін көріп,
ізденеді, дамиды. Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір
сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Осы ақпараттық коммуникативтік
технологияларды барлық сабақта пайдалана бере алмайсын, сондықтан әр
сабағымды түрлендіріп отырамын.
Мектеп кітапхана сабақтарында  АКТ-ны пайдалану маған не берді?
• Оқушылар жаңа заманауи құрылғылармен жұмыс жасауды үйренді;
• оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға
мүмкіндік берді;
• АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін
кеңейтіп, жаңа материалды жеңіл меңгеретін болды;
• оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артты.
• Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік берді;
• Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
• Тіл байлығын жетілдірді;
• Жан-жақты ізденушілігін арттырды.
Күтілетін нәтижесі:
|Сәтті жақтары |Сәтсіз жақтары |Нәтижелері |
|Оқушылар бір-біріне |АҚТ-ны дұрыс меңгермеуі. |Интербелсенді тақтаны |
|көмектеседі. |Уақытты тиімді пайдалана |еркін қолдануы. |
|Бір-бірімен ақылдасады. |алмауы. |Оқушылардың ақпараттық |
|Тапсырманы бірігіп |Оқушылардың өз ойын |коммуникативті |
|орындайды. |айтуға дайындалмауы. |технологияны меңгеруі. |
|Диологпен сөйлеседі. | |Зерттеу дағдылары |
|Төмен оқитын оқушылардың | |қалыптасады. |
|жақсы оқитын оқушыларға | |Оқушылардың кітап оқуына |
|қарап отырып, олардың | |қызығушылығы арттады. |
|шығармашылыққа деген | | |
|ынтасы арттады. | | |

Қорытынды:
Қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу:
видео, аудио, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы
әдеби кітаптарды оқи отырып, алатын білім мен сауаттылықтың орны ерекше.
Мектептегі ақпараттық мәдениет – бұл кітапқа, кітап оқуға деген
ынтасы, сүйіспеншілікті оята білудің, түрлі ақпараттық дерек көздерді
іздестіруге және оларды тиімді пайдалануға машықтандыра отырып, өз бетімен
білім алуға үйретудің алғашқы қадамы. Сондықтан оқушыларды өзіне қажетті
ақпаратты дұрыс анықтауына, анықтаған ақпараттарды талдай отырып, ең
қажеттісін іріктеуіне және оған тиімді, әрі жылдам тәсілмен қол жеткізу
мүмкіндіктерінің әліпиін үйрету мектеп кітапханасының еншісінде.
Ақпараттық технологияларды игеріп, ақпаратты пайдалануға қол
жеткізген әр адам өзінің күнделікті ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыра
алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
 1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасы 3-деңгей
2. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов. Алматы,
2013.

Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Сабақ қорытындысын шығару
Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Жаңа ақпараттық технологияларда
Білімді бақылау
Сызу және бейнелеу өнері сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану өзектілігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану
Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану (баяндама)
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Ақпараттық технология
Пәндер