Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көне өлшемдер –ата-баба мұрасы

[pic]

Серикбаева Халия
ОҚО,Сайрам ауданы,
№ 41 М.Оразалиев атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Көне өлшемдер –ата-баба мұрасы

Мақсаты : а) оқушылардың көне өлшемдер бірлігі туралы ұғымын толықтырып іс
жүзінде пайдалана білуіне дағдыландыру
ә) ата салтымызбен, әдет ғұрпымен салт дәстүрімізді байырғы қара есептермен
халықтық өлшемдермен салыстыра отырып мән мағынысын түсіну есептер шығаруға
қалыптастыру.
б) пәнге деген қызығушылығын арттыру .
Сабақтың көрнекілігі: Киіз үйдің макеті; асық бидай шәй конфет топырақ
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру

Мұғалім: Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ , бізге көп
қонақтар келіп отыр. Біз бүгін көне өлшемдер туралы не үйрендік ,не
білеміз, соны ортаға салғалы отырмыз.
Бүгінгі сабағымызда байырғы өлшем бірліктерінің атауы оны қазіргі жаңа
терминдермен яғни қазіргі өлшемдермен салыстыра отырып есептер шығару.
Мұғалім: Математикадан қандай өлшем бірліктерін білесіңдер ?
Оқушы: Сиымдылық, салмақ, уақыт,ұзындық өлшем бірліктерін білеміз.
Мұғалім: Өте жақсы. Біз өткен сабақтарда байырғы өлшем бірліктерін өткен
едік қой.Енді соны әр топ атап береді.
1-2 топ. Сиымдылық өлшем бірліктерін атайықшы ? (шымшым,шөкім,бір уыс, қос
уыс, бір үзім, бір түйір, бір құшақ, бір топ)
3-топ.Салмақ өлшем бірліктері айтайықшы ?
(мысқал,қадақ,келі,пұт,зіл,батпан)
Мағалім: Осы жерден мен бір мақал келтірейің. Ауру батпандап
кіріп,мысқылдап шығады.
4-топ.Уақыт өлшем бірліктерін айтайықшы ? (тәулік,апта,ай, жыл,ғасыр,мүшел)
Мұғалім: Балалар бұрынғы уақытта сағат болмаған.Таңнын атып, күннің
батқанына дейінгі уақытты ата-бабаларымыз қалай атаған екен.
Сағатың қолда болмаса
Уақыт қалай өлшенер?
Мезгіл не деп аталады?
Білсең оны айтып бер.
Нұрдәулет: Ата-бабам мезгілді
Күнге қарап өлщеген
Сәресі деп атапты
Таңнын алдын мөлшермен
Күн шашырап шыққанын
Арай шапақ дейді екен
Оқушы:Көтерме күн сүйем,
Жақсы мезгіл сәске екен.
Оқушы:Күн төбеге келгенде,
Көлеңке тура түскенде.
Шаңқай түс деп аталар
Оқушы:Күн қызуы қайтқаның,
Батуға бара жатқанын.
Кешкі мезгіл дейді екен,
Ұяға күн кірерде.
Ымырт мезгіл болады
Қас қарайып барады
Жанса үйде шам шырақ
Келсе үйге мал жайлап
Ел орынға отырды деп атапты бабалар.
Мұғалім:Ал балалар өтілген сабақ бойынша әр топқа сұрақтар беріледі.
Карточка таратылады.
1-сұрақ. Қадақ қандай өлшем бірлігіне жатады?
1-оқушы: Қадақ байырғы өлшем бірлігіне жатады.
2-оқушы: Қазіргі математика тілінде 700-800 граммды білдіреді.
2-сұрақ. Білек деген сөз қандай ұғымды білдіреді?
Оқушы: Білек деп қолдың шынтақ пен білезік аралығын білек деп атайды.
3-сұрақ. Шымшым деген сөз қандай ұғым білдіреді?
Үш саусақпен шымшып алған затты айтамыз.Мысалы 1шымшым шай.
4-сұрақ.Байырғы ұзындық бірліктерін білесіңбе?
Оқушы: Елі,сүйем,қарыс,құлаш,адым,шақырым.
Мұғалім: Бір елі ауызға екі елі қақпақ.Қарыс-қарыс,сүйем-сүйем -деген
мақалдар бар екен.
Мұғалім: Ал енді үй тапсырмасы бойынша жұмысты тыңдайықшы.Мен сендерге ат
басындай,жұдырықтай,үйдей,таудай,зілдей,қаңбақтай сөздеріне сөйлем құрап
кел дегенмін.Оқушылар құрап келген сөйлемдерін оқиды.
Мұғалім: Ал енді балалар,мына алдымызда киіз үйдің макеті жатыр.Киіз үй
бөліктерге бөлінген.Кәне кім айтады,киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
Оқушы:(кереге,уық,шаңырақ,есік)осы бөліктердің сыртында есептер бар.Қай топ
есептерді дұрыс шығарады екен.Егер есеп дұрыс шықпаса киіз үй
тігілмейді.Кәне бәріміз ат салысайық.
Кереге: Балықшылар өзеннен екі балық аулап алды. Бірінші балықтың ұзындығы
17 қарыс.Екінші балық одан 3 қарыс ұзын. Екінші балық неше қарыс? 17+3=20
қарыс
Шаңырақ : Қойы көп шаруа, түйесі,жылқысы және сиыры көп ауылдасына келіп
түйесін, сиырын,жылқысын, қойға айырбастауын өтінеді. Сонда көршісі жарайды
сиырымның басына 4 қойдан, жылқымның басына 12 қойдан, түйемнің басына 24
қойдан бер деп көршісі келісе кетеді. Олай болса сиырға-4,жылқысына 12,40
түйесіне 24 неше қой алды?
Есік: Жадыра 9 құлаш арқан есті. Әсем одан 2құлаш арқанды артық есті.Әсем
неше құлаш арқан есті?Және екеуі неше құлаш арқан есті?
9+2=11+9=20
Құлаш дегеніміз не? Екі қолымызды жайғанды құлаш дейміз.
Уық: Бірінші шебер бір қанат киіз үйге 16 уық иді. Екінші шебер де сонша
уық иді.Екі шебер қанша уық иді? 16+16=32
Уық дегеніміз не? Уықтың бір ұшы шаңыраққа, екінші ұшы керегеге байланған
ағашты уық дейміз.
Мұғалім: Есебімізді дұрыс шығара отырып киіз үйімізді тіктік. Енді уақыт
өлшем бірліктерін атайықшы. Тәулік,апта,ай,жыл,ғасыр,мүшел деген не?
Сабақты қорытындылау: Сабақта аяқтай отырып әр топтың топ басшысы
сандығындағы асықтарын санасын, сол бойынша өздерін-өздері бағалайды.

Ұқсас жұмыстар
Топтастыру Аталар мұрасы
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
«дінтану негіздері» пәні бойынша тест сұрақтары
Ұлттық өлшемдер
Қазақ елі
Ертегілерде кездесетін қазақы өлшемдер
Отбасы - тәрбиенің басты ұясы жайлы ақпарат
Шешеннің сөзі - ақылдың көзі Шешендік сөздерден көрініс көрсету
Ана тілі туралы сөз өлеңі
Маңғыстау туған мекенім
Пәндер