Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Көктем мерекесімен, анашым

Сабақтың тақырыбы: Көктем мерекесімен, анашым!

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп
сыйлай білуге үйрету, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын
дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, гүлдер, шарлар.

1-жүргізуші: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біз бақытты балалар!

2-жүргізуші: Құрметті асыл аналар! Қадірменді ұстаздар! Сыныптағы қыздар!
Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты
қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір,жылылық, әсемдік сыйлайтын аналар
мерекесі келді. “Ана” осы бір қасиетті сөзде қаншама мейірім, асып төгілер
мол қуаныш бар.
1-жүргізуші: Олай болса, асыл аналар, көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей
күліп жүре беріңдер! – дей отырып, бүгінгі “Көктем мерекесімен, анашым!”
атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
2-жургізуші: Көктем-ең тамаша жыл мезгілі. Күн жылынып, қар ериді. 8 Наурыз
– Халықаралық Әйелдер күні мерекесі тойланады. Ер адамдар әжелерді,
аналарды, қыздарды құттықтап, гүл сыйлайды. Көктемде ең алғашқы гүл –
бәйшешек өсіп шығады. Сонымен бірге қызғалдақ та осы көктемде өседі. Дала
сұлуланып кетеді
1-жүргізуші: Қар еріп, жерді бу алып,
Әнші құстар қуанып.
Асыр салар торпағым,
Жылғалардан су ағып.
2-жүргізуші: Көңіл асып кемерден,
Күн менен түн теңелген.
Көктенм қандай тамаша,
Мол ырысқа кенелген!
1-жүргізуші: Бүгінгі кешімізге аналарды құттықтап көктем, көктем гүлдері
және көктем айлары келіпті. Кезекті соларға берейік.

Би: “Көктем.”
Ән: “Көктем келді.”
Көктем айлары: Наурыз келді. Жыл келді,
Күй шалқыды күмбірлі.
Келер біздің Жаңа жыл,
Кім біледі, кім білді?
Сәуір келді. Көк шықты.
Жердің тоңы көпсіпті.
Ботақандар тайраңдап,
Қошақандар отықты.
Мамыр келді. Майдай нұр.
Жайнайды қыз, жайнайды ұл.
Қаптап кетті бақшада.
Күндей гүл мен айдай гүл.
Көктем гүлдері: Бәйшешек.
Ыдырады мұз бен қар,
Сен шыққан соң сыналар.
Ала бұлттан жұлдыздар,
Қарағандай сығалап.
Аз өмірдің өзінде,
От – жалын боп лауладың.
Соғылған дер кезінде.
Күміс қоңырауларым.
Елемедің ызғарды,
Күнге күле қарадың.
Қызықтырып қыздарды.
Гүлге негіз қаладың.
Деп тұрсың ба: - Қыс тамам,
Иіскейін келші бір.
Ақ жалауша ұстаған
Айналайын, елші гүл.
Қызғалдақ.
Дейді қалып бала таң,
Секілді екен қарасаң:
- Жапырағы өз гүлін,
Аялаған алақан.
Егде де өтпес таң қалмай,
Салтанатты сән қандай?
Көз тартар гүл жапанда,
Жалғыз шырақ жанғандай.
Түсте де таң қаласың,
Иісінен ләззат аласың.
Сезгендей бейне боласың,
Сұлудың көз қадасын.
Бөртегүл.
Бұтаға сый боп тиіпті,
Мәлім боп елге ерте бұл.
Шыңғысханның сүйікті,
Жарының аты Бөртегүл.
Гүлдің атын қызына,
Ертеден қазақ көп қойған.
Гүлге ұқсаса қызыға,
Қарайды жігіт депқойған.
Бөртегүлдің түс - өңі,
Өзіне сәйкес келеді.
Мамырда көзге түседі,
Маңына жұпар себеді.
Раушан.
Қызыл, күлгін, ақ, сары,
Шешек атқан шақтағы.
Хош иісі сүйсінткен,
Ең әсем гүл бақтағы.
Сүйсінтер көркем қатпары,
Өте үйлесім тапқаны.
Сырт көзге дәнін көрсетпей,
Құпия сырын сақтады.
Қастерлеп гүлдүкені,
Бағбан баптап күтеді.
Өзін - өзі қорғайтын,
Абайла бар тікені.
Наурызгүл.
Бұл да гүлі көктемнің.
Ашылар қар кеткен күн.
Көк майсаға өң берер,
Сәні белес, бөктердің.
Кезінен сонау Гректердің,
Мәлім боп бізге жеткен бұл.
Емдік қасиеті үшін де,
Ел үйге, баққа еккен гүл.
Білген бақыт кілті деп,
Жер жүзінің жұрты көп.
Алғашқы жаңбыр жауғанда,
Өседі бұл гүл дүркіреп.
Інжугүл.
Жапырағың жайылған,
Секілді қос алақан.
Қоңыраудан жоқ айырмаң,
Келбетіңе қарасам.
Серуендеп барғанда,
Кездестірдім орманнан.
Көрдім үзіп алғанда,
Аумайды інжу – маржаннан.

2-жүргізуші: Әжем – ақыл бесігі,
Мейіріммен тербеткен.
Мен де ақылды боламын,
Аман – есен ержетсем.
1-оқушы: Аймалайды күнім деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті-ақ дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді,
Ертегі айтып беретін
Әжеге ешкім жетпейді!

Ән: “Сағындым әже.”

1-жүргізуші: Бақытты ғой шынында анасымен
балалар,
Хормен: Аман болсын аналар!
2-жүргізуші: Сіздерменен жарасады өңіміз,
Сіздерменен жарасады сәніміз.
Хормен: Құтты болсын мерекеңіз, құттықтаймыз
бәріміз!

2-оқушы: Жүзімізге қарасаңыз,
Біз бақытты баламыз.
Бізге қымбат құшағыңыз,
Бізге қымбат анамыз.
3-оқушы: Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам, мерекең.
Құтты болсын,жадыраған,
Қуанышты берекең.
4-оқушы: Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды талатпай.
5-оқушы: Мен өзіңмен қайда журсең біргемін,
Күн нұрындай жадырайды бір күлгенің.
Асыл сөзің жүрегімде жүр менің,
Қандай бақыт ортамызда жүргенің.

Ән: “Ана туралы жыр.”

6-оқушы: Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды талай бөліп, үн қаттың.
Әлпештедің, аяладың, өсірдің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
7-оқушы: Аяулы анам, сүйікті панам,
Өмірдің жолын ашқан маған.
Ақ сүт беріп өсіріп,
Әлпештеген анашым.
Үйреткен ол ару анам
Сыпайылыққа, жақсылыққа,
Ең қымбат жан осы маған
Әйбат анам, ақ анам.
8-оқушы: Өзіңсің сүйікті анам, құдіретім.
Жанымды жадыратып,күлдіргенің.
Сендегі маған деген мол мейірді,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Ән: “Анаға сәлем.”

9-оқушы: Аялаумен ер жеткізген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қажымашы,шаршамашы анашым,
Қарайлаймынкірбің шалса қабағың.
10-оқушы: Адалдыққа баулыдың әуел бастан,
Сақтадың оттан, судан, тау мен тастан.
Ақ батаңды демей гөр, беу, анашым,
Үлкен өмір жолында аяқ басқан.
11-оқушы: Қолың жеткен табысқа таспа дейсің,
Кем болдым деп біреуден саспа дейсің
Жаман жолға ешқашан барма дейсің
Ар-ұятты ешқашан сатпа дейсің,
Тас атқан, қайта тас атпа дейсің
Ала жібін аттама ешбір жанның,
Жаман атқа, боташым, батпа дейсің.

Ән: “Мама.”

1-жүргізуші: 8 наурыз – халықаралық әйелдер мейрамы. Бұл мейрам асыл
аналардың, сонымен қатар қыздардың, сіңлі-қарындастың, апа-жеңгенің, аяулы
әженің де мейрамы.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, олай болса,бүгінгі кешке қатысып отырған
ұстаздар қауымының да мейрамы екенін ұмытпайық.

12-оқушы: Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол – ұстаздар деп білемін.
Оқушыға мейірімі мол анадай,
Ол қуанса қуанады баладай.
13-оқушы: Түсе қалса қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
Жақсы шәкірт – жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт Ұстазы, ұлағаты келіскен,
Бар білімін ұрпағына арнаған!

14-оқушы: Сеніммен алдыңызға біз келеміз,
Күн сайын білім алып өзгереміз.
Шәкірттің біліміүшін еңбек еткен
Сүйікті ұстаздарды үлгі етеміз.
15-оқушы: Анамыздай аялаған, баптаған,
Ұстаздарым ізгілікке бастаған.
Еңбекпенен жана берсін бағыңыз,
Сіздерден бізге мың алғыс!
Ән: Білім оты көзімізде жанады
Әлдилейді әр сабақтың арманы.
Айтқандары заң сияқты біздерге
Білім берген ұстаздардың айтқаны.
Білім оты жанады,жана берсін
Ұстаздардың айтқаны бола берсін.
Бүгінгі көктем мерекесі
Бақыты мен табысын ала келсін.

Би: Вальс “Ана.”

1-жүргізуші: Ендігі құттықтау сөз сыныптағы қызғалдақ – қыздарымызға
арналады.
2-жүргізуші:
Біздің сынып ерекше, тату-тәтті, зерек те
Аямайды бар күшін, сізге көмек керекте.
Көп іскер де, оқу, еңбек, өнер де
Бағаланған еңбегі – біз мектептің сенгені.

Ән: “Он алты қыз.”

1-жүргізуші: Аяулы да ардақты көрермендер. Тағы да мерекелеріңізбен
құттықтап, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
2-жүргізуші: Ауырмаңыздар, шаршамаңыздар. Ортамызда жарқырап жүре
беріңіздер. Біз сіздерді жақсы көреміз. Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Анамыздың жүрегі
Аяулы да жан Ана
Құттықтаймын анашым
Ана - бақыт, ана - нұр
Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық
Жүректің жылуын сыйлыйншы анама
Аялаған анашым, Мәпелеген анашым
Хор Құттықтаймын ана туған күніңмен
Анамызға еркелеп
"жігіттер аруларды құттықтайды" атты тәрбие сағаты, 6 сынып
Пәндер