10-сыныптағы идеал газ заңдарын қайталау: сабақ жоспары мен тапсырмалар

Тақырыбы: Идеал газ заңдарын қайталау. (10 - сынып)

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға өткен материалдарды дұрыс және еркін меңгерту, идеал газ күйінің теңдеуін, газ заңдарын физикалық мағынасын ұғындыру.
  2. Газ заңдарына есептер шығара білу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін, танымын дамытып, формулаларды, өлшем бірліктерді есептеулерде қолдана алу дағдысын қалыптастыру.
  3. Пәнге қызығушылығын арттыру, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың типі: қайталау, білімді жинақтау, жүйелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, тәжірибелік және деңгейлеп оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, кеспе қағаздар, ғалымдарың суреттері, формулалар

Ұйымдастыру.

Гүл деген нәзіктікке қаратылған,

Кіршіксіз сәбидей жаңа туған.

Өмірде жақсылыққа жеткізетін,

Гүл деген сұлулықтан жаратылған, - дей отыра оқушыларды 3 топқа гүлдер арқылы бөлемін.

1 топ: «Біздің».

2 топ: «Класс».

3 топ: «Керемет».

Сабақ барысы:
1. «Мәңгі ұмытылмас» салаты. (Тест жұмысы)
2. «Рагу» (Жинақтау)
3. «Дәмін туралап келтір» (Есептер шығару)

4. «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ (Логикалық сұрақтар)

5. «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десерті. (Формулалар мен тұрақтыларды сәйкестендіру)
6. «Мерекелік шашу» торты
(Жұмбақ шешу)

1. «Мәңгі ұмытылмас» салаты. (Тест жұмысы)
1. Универсал газ тұрақтысын көрсет.

1. R=83, 1 Дж/(моль*К) ;

2. R=1, 38 Дж/(моль*К) ;

3. R=8, 31*10 23 Дж/(моль*К) ;

4. R=8, 31 Дж/(моль*К) ;

2. Идеал газ күйінің теңдеуі немесе Менделлев - Клапейрон теңдеуі.

1. p= RT;

2. pV= RT;

3. V= RT;

4. pV= kT;

3. Температура тұрақты болғанда жүретін процесс . . . деп аталады.

1. Адиабаталық;

2. Изобаралық;

3. Изотермиялық;

4. Изохоралық.

4. Қысым тұрақты болғанда жүретін процесс . . . деп аталады.

1. Адиабаталық;

2. Изобаралық;

3. Изотермиялық;

4. Изохоралық.

5. Көлем тұрақты болғанда жүретін процесс . . . деп аталады.

1. Адиабаталық;

2. Изобаралық;

3. Изотермиялық;

4. Изохоралық.

6. Сыртқы ортамен жылу алмаспайтын жүйеде жүретін процесс . . . деп аталады.

1. Адиабаталық;

2. Изобаралық;

3. Изотермиялық;

4. Изохоралық.

7. t = 10 0 С неше кельвинге тең?

1) 100 0 К 2) 283 0 К 3) 293 0 К

8. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?

1) 1кг 2) 1дм 3 3) 1л 4) 1моль

9. Абсольют шкала бойынша 200К Цельсий шкаласы бойынша неше градусқа тең?

1) -473 0 С 2) -73 0 С 3) 73 0 С 4) 473 0 С

10. Больцман тұрақтысының мәні:

1) 1, 38*10 23 Дж/К

2) 1, 38*10 -23 Дж/К

3) 1, 38*10 22 Дж/К

4) 1, 38*10 21 Дж/К

5) 1, 38*10 25 Дж/К

2. «Рагу» (Жинақтау)
Парта үстіне формулалар, физиктің суреттері, өлшем бірліктер және графиктер т. б жатады, соны оқушылар жинақтап, қағазға түсіру керек. 3 топқа изобара, изохора және изотерма процестеріне байланысты тақырыптар беріледі.

3. «Дәмін туралап келтір» . (Есептер шығару)
1. Температурасы 12 0 С, сыйымдылығы 20л баллондағы сығылған ауаның массасы 2кг болса, оның қысымы қандай?Ауаның мольдік массасы 0, 029 кг/моль. (8, 2 МПа)

2. Қысымы 0, 2МПа, ал температурасы 15 0 С болғанда газ 5 л көлем алады. Қалыпты жағдайларда газдың осындай массасының көлемі неге тең? (10л) .

3. Қысымы 200кПа, ал температурасы 240К болғанда көлемі 40л-ге тең газдағы зат мөлшері қандай? (4 моль)

4. «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ (Логикалық сұрақтар) .

Сергіту сәті. Оқушыларға физикаға байланысты логикалық және қызықты сұрақтар қойылады.

1 топ сұрақтары

1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)

2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)

3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)

5. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)

2 топ сұрақтары

1. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

2. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)

3. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)

4. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)

5. Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
3 топ сұрақтары

1. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)

2. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)

3. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)

4. Сандыққа нені тығуға болмайды? (күн сәулесі)

5. Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 мин ұшқан, ал Астанадан Алматыға дейін 90 минут ұшқан. Неліктен? (тең)

5. «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десерті. (Формулаларды және тұрақты шамаларды сәйкестендір)

1. Менделеев -Клапейрон

2. Зат мөлшері

3. Авагадро тұрақтысы

4. Молекулалық масса

5. Кельвин және Цельсий шкаласын

байланыстыратын формула

6. Идеал газдың ішкі энергиясының

формуласы

7. Больцман тұрақтысы

8. Молекула -кинетикалық теориясының

негізгі теңдеулері

9. Универсал газ тұрақтысы

10. Молекулалар консентрациясы

Қорытындылау. Әр кезең бойынша оқушылар қортынды жасап, бағалау парағына өз бағаларын қояды.

Үйге тапсырма. Қайталау.

Кері байланыс. Графикке смайликтер қойылады, сол арқылы, оқушылар осы сабақ бойынша алған әсерлерін бөліседі.

Саржансай орта мектебі

Ашық сабақ

Идеал газ тарауын қайталау

10 класс

Физика пәні мұғалімі: Қойшыбаева Н. Қ

2016-2017 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
10-сынып: Молекулалық-кинетикалық теория және идеал газ күйінің теңдеуін түрлендіріп есептер шығару
Идеал газ күйінің теңдеуі: графикалық, сандық және сапалық есептерді шешу бойынша семинар-сабақ
9-сынып физикасы: Сақталу заңдарын қайталау сабақ жоспары
Квадрат теңдеулер тарауын қайталау: сабақ жоспары мен тапсырмалар
Динамика заңдарын қайталау: Ньютон заңдары, күштер және есептер
Сан есімдерді қайталау сабағы: сабақ жоспары мен әдістемелік тапсырмалар
10-сынып физика: Молекулалық физика тарауын қайталау сабақ жоспары
Етістіктің райларын қайталау: сабақ жоспары мен әдістемелік тапсырмалар
Сабақ жоспары: Қозғалтқыштың газ тарату механизмі
7-сыныпқа арналған көсемше тақырыбын қайталау: сабақ жоспары мен тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz