Бізге қонаққа ұзын құлақ, сотқар қоян келді

1 кіші тобының жобасы «Бізге қонаққа ұзын құлақ, сотқар қоян келді»
Іске асыру мерзімі: қысқа мерзімді (1 жетілік)
Жобаның түрі: ақпараттық-шығармашылық.
Жобаның үлгісі: ойын түрінде
Қатысушылардың құрамы: тәрбиешілер, балалар 2-3 жас, ата-аналар.
Мәселе: «Біз тезірек білгіміз келеді:
Ол қандай қоян,
Онымен қалай ойнаймыз?»
Ойынның дәлелі: «Бізге қонаққа ұзын құлақ, сотқар қоян келді»
Мақсаты: Орман жануары-қоянмен таныстыру; қоян туралы ұсыныс беру керек, сыртқы түрмен және оның тән ерекшеліктермен таныстыру керек; тақырып бойынша сөздік қорын байыту және жандандыру керек; жануарларға деген қамқор қатынасын тәрбиелеу керек.
Міндеттері:
1. Балаларға қоянның өмірі туралы білім беру;
2. Баланың дала жануарына деген қызығушылығын қалыптастыру;
3. Оларға мейірбан, қамқор қатынасты тәрбиелеу;
Жоспардан күтілетін нәтиже:
1. Балаларда жануарларға деген қызығушылық қалыптасады.
2. Оларға қамқорлық, елгезектік, ықыластық қатынас тәрбиеленіп жатыр.
Жоспар кезеңдері:
1 кезең
Мақсатқа арқа сүйеу (Мәселелерді айқындау, мақсаты, міндеті анықтау)
2 кезең
Жоспарды әзірлеу. Жоба мақсатының шешімдерін іздестіру
3 кезең
Жоспардың орындалуы (Мәселе шешім бойынша практикалық қызметі, бірлескен қызметтерді жоспарлау)
4 кезең
Қорытындылау (балалардың жұмыстарының көрмесі және ұймдастырылған оқу іс-әрекетіні иллюстрациялар)
Жоспарды іске асыру
Тәрбиешілер мен балалардың біріккен қызметі.
1. Әңгіме «Бізге қонаққа ұзын құлақ, сотқар қоян келді»
«Сүйкімді қоян»
Мақсаты: Балаларды қоянмен таныстыру. Орманындағы олардың өмірі туралы бірінші ойларын қалыптастыру керек. Балаларды тәрбиешінің қоған сұрағына жауап беруге үйрету. Сын есімдерді және етістіктерді дұрыс іріктеуге үйрету. Сөздік қорын жандандыру. Балаларда жауарларға деген махаббаты мен мейірбандық қатынасын дамыту.
2. Тікелей білім беретін қызмет ( көркем шығармашылық( мүсіндеу) пен оқу облыстарын кіріктіру)
Тақпақ: «Қояндар», «Қоянға арналған сәбіз»
Мақсаты: «Қояндар» тақбағының мазмұнымен таныстыру, жадын жетілдіру; ермексазды алақаның арасына салып домалату білімін бекіту, бұрын алған дағдыларын бекіту; қызыл түсті айыру, дайын болған затқа сүйсіну.
3. Тікелей білім беретін қызмет ( Коммуникация мен көркем шығармашылық обылыстарын кіріктіру) «Орман тоғай шеттінде»
Мақсаты: Қыстағы ырымдарды анықтап алу керек. Балалардың тілін дамыту. Қағазға дайын пішіндерді ұқыпты жапсыру. Балаларда көңілді көңіл-күй қалыптастыру.
4. Сенсорды дамытуға арналған тікелей білім беретін қызмет «Қоянға көмектесейік»
Мақсаты: Балаларға шама мен пішін бойынша заттарды кезектестіруге үйрету керек, түс әсерлерді жинақтау, заттармен қарапайым іс-әрекеттерін бекіту керек, ұйымдастырылған оқу іс-ірекетінде қызу қатынасты қалыптастыру, мейірбан сезімдерді тәрбиелеу.
5. Тікелей білім беретін қызмет «Қоянды жасыр. Үлкен және кіші қояндар»
Мақсаты: Балаларға құрастыруға түрткі болу керек, әр түрлі пішіндерден қабырғаларды тұрғызуға үйрету, бір кубиктің үстіне біреуін қою, көлемі бойынша заттарды айыра білуге үйрету; балаларды бір орында және алға жылжып қос аяқпен секіруге үйрету.
6. Офтальмологиялық үзіліс «Қоян»
Мақсаты: Көздің шаршауын алу.
7. Өзіндікмассаж « Ертеде қоян өмір сүріпті»
8. Таңғы жаттығу. Ойын-жаттығу «Қоянның жаттығуы»
Мақсаты: Балаларға мәтінді тыңдауға үйрету керек және мәтінге сәйкес қозғалыстарды орындау керек; мәтіннің соңғы сөздерін естіп, алақанды ұруға, қашуға, оларды секіруге үйрету. Балаларға көңіл-күй сыйлау.
9. Күндізгі ұйқыдан кейінгі жаттығу «Орман жаттығуы»
10. Оқу. Қоян туралы шығармалармен танысу.
Мақсаты: Махаббатқа тәрбиелеу және бала әдебиетін оқу арқылы аңдарға (қоянға) мейірбан елгезектік қатынас қалыптастыру керек. Иллюстрация және қоян туралы кітаптар табу бойынша білуін жетілдіру керек.
Орыс халық ертегісі «Түлкі, қоян және әтеш»
Орыс халық ертегісі «Қоянның үйшігі»
Ертегі «Қайырымды қоян»
Ертегі «Түлкі мен қоян»
Тақпатар қоян туралы.
Жұмбақтар
11. Саусақ ойындары: « Қоян», «Қояндар», «Аңшы мен қоян»
Мақсаты: Қолдың саусақ моторикасын дамыту.
12. Дене шынықтыру сәттері: «Қоян» (2 ойын) «Аңшы мен қоян»
13. Қимылды ойын: «Қасқыр мен қоян», «Шуақты қоян», «Қоянға арналған сәбіз», «Аю және мейірбан қояндар».
Мақсаты: Имитациялық қозғалыстарды орындап, жануарлардың қозғалысына елiктеу.
14. Дидактикалық ойындар: «Қоянға көмектес», «Қоянды тамақтандыр», «Біз-көмекшіміз», «Дәл осындай суретті тап», «Жұп суреттер»
Мақсаты: Ойындар ережелері бекіту керек және ойын ереже бойынша әсерлерді орындауды үйрету.
15. Ата-аналармен жүргізілген жұмыс. «Қояндар»
Мақсаты: Ата-аналарға балалрымен бірігіп қоянның маскасын жасу. Отбасы мен бала. Тәрбиеші арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелеу. Бірлікке ұмтылу.
Балаларлардың дербес қызметі
1. Ойын жағдайы «Қонақтарды күту»
Мақсаты: Ойын отбасымен қарым-қатынасты үйрету.
2. Мозаика «Қоянға арналған сурет»
Тәрбиеші балаларды мозаикамен ойнауға шақырады. Одан кейін балаларға қоянға сйылыққа сурет жинап беруді ұсынады.
3. Қояның суреті салынған сурет пен иллюстрациялар қарау.
4. Сюжеттік ролдік ойын «Қояндар балаларда қонақта»
Балалар үстел жасайды. Дастарханды жаяды. Ойыншық ыдыстарды қояды.
5. Ойын «Сыйлықты сыйла»
6. Сурет салу «Қояндарға арналған шөп»
Мақсаты: Балаларларды ойын кейiпкерлерімен жақсы қарым-қатынаста тәрбиелеуді жалғастыру, оларға көмектесуге деген көңілдері; бейнелеу материалдарымен дұрыс жұмыс iстеу икемдiлiктерін бекiту, шөптің суретін салу, қысқа сызықтармен, қағаздың барлық бетiнде еркiн орналастыру.
Әңгіме «Бізге қонаққа ұзын құлақ, сотқар қоян келді»
Тақырыбы: «Сүйкімді қоян»
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру және экология
Аталған сабақтың білімділік мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызушылық туғызу.
Балалардың аңдар туралы білімдерін пысықтау (түр-түсі, қоршаған ортаға бейімділігі) т. б.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларды табиғатты сүюге, қорғауға, жабайы жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
(Мысалы: табиғат бұрышындағы көжек, кірпіні күту, тамақтандыру) .
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Қоршаған орта туралы көзқарастарын дамыту, ой-өрісін кеңейту.
Жабайы жануарлар туралы өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілер оқу арқылы баланың сөздік қорын дамытуға көңіл бөлінеді.
Сабақта жабайы жануарлардың суреттері, «Жабайы жануарлар әлемі» альбомы, мультфильмдер, орман суреттері, дидактикалық ойынға арналған түрлі-түсті суреттер, бет перделер, саусақты қуыршақтар көрнекілік ретінде қолданылады. Баяндау, көрнекілік, сұрақ-жауап, жұмбақ, ребустар шешу, сөздік ойындар сияқты әдіс-тәсілдер пайдаланады.
«Көжектер мен түлкі» деген қимыл-сынды ойын ойналады.
Ойынның шарты: Бір бала түлкі болып сайланады, қалған балалар көжек бет перделерін киіп, дөңгелене отырады.
Ойынды жүргізуші: ( қоян пердесін киеді)
Көжектерім, тұршы
Беттеріңді жушы.
Ну орманға барайық,
Тамақтанып алайық.
Қоян: Жалмаңдаған қу түлкі
Келіп қапты орманнан.
Көжектерің, қайда?- деп
Қуып келді соңымнан
Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөнеледі, түлкі қуады.
Тәрбиеші: Балалар, біздер бүгін орманда мекендейтін жабайы жануарлармен танысамыз - деп сабақтың мақсатын түсіндірген соң: балалар, сендер өздерің білетін жабайы жануарларды атаңдар, сонан соң жұмбақ шешейік - дейді.
Қыста ақ,
Жазда сұр.
Бұл қай аң?
Балалардың жауабы: Қоян.
- Өте дұрыс. Қоян маусымға байланысты өз түсін өзгертіп отырады. ( тәрбиеші үшін мәтін) .
Қоян шөл-шөлейтте, орманды далада мекендейді. Өсімдіктермен қоректенеді. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтанда биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді.
Кей ертегілерде қоянды «қыли» деп атайды. Неліктен?
Қоянның көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқан. Ол артынан, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқап қалады. Тісі өткір.
Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады.
Көктем, жаз айларында жасыл шөп, өсімдік тамырларымен қоректенеді. Ал қыста қалың қар астында тығылады.
Жаздағы сұр қоян күзде өз терісін ақ түске өзгертеді. Кейде ақ қоянды аңшыларға байқамай қалады. Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар кейде бақша дақылдары егілген жерлердегі қырыққабат, сәбіз қалдықтарын жейді. Қыркүйек айында адамдар егісте күздік егістерді ( бидай, қара бидай) себеді. Күз мезгілінің аяғында күздік егіс көктеп, қар астында басылып қалады. Кейде қояндар осындай егіске тап болса, қар астынан шұңқыр қазып күздік егіспен қоректенеді. Қыс мезгілінде қояндар жас теректердің қабығын кеміріп жейді. Орманды мекендейтін кейбір жыртқыш аңдар мен құстар: қасқыр, түлкі, сусар, бүркіт, қаршыға, жапалақ т. б. қоянды аңдиды. Бұл сәттерде қоян өзінің жүйріктігіне байланысты кейде құтылып кетеді.
Тәрбиеші балаларға қоян туралы осылай баяндап берген соң, оны қалай түсінгендерін мына сұрақтар арқылы пысықтайды.
1. Қоянның түр-түсі қандай?
2. Қоян немен қоректенеді?
3. Қандай аң түрлері қоянға шабуыл жасауы мүмкін?
4. Қоян қысқа азық жинай ма?
5. Қандай жерлерде тіршілік етеді?
6. Қоян өзіне үйшік жасай ма?
Бұдан кейін «Қояндар» деген тақпақ арқылы сергіту сәті жасалады.
Ерінбе, қояным,
Ертеңмен оянғың.
Секеңде сен енді,
Шынықтыр денеңді.
Балалар, мына жұмбақты шешеді.
Дыбыстан қашып,
Қаққан безек.
Қорқақ, жасық,
Бұл не . . . ?
(көжек)
Әрине, бұл қоянның көжегі. Ол да қоян секілді сыбдыр ести қалса, қаша жөнеледі. Көктемде қоянның көжектері пайда болады. Олар бірден жүріп кетеді. Қоянның көжегі көзі ашық, ширақ болып туады, кішкентай, терісі мамық секілді. Қоян көжегін сүтімен асырайды. Бірнеше күн өткен соң көжектер жасыл шөпті жеп үйренеді.
«Ақ қоян» деген қимылды ойын ойналады. Мұнда сөйлемді жалғастыру қажет.
Қоян қыста ақ, жазда . . .
Қоянның құйрығы қысқа, құлағы . . .
Қоянның артқы аяғы ұзын, алдыңғы аяғы . . .
Қоянның құлағы неге ұзын?- ертегісін мәнерлеп оқып береді.
Ерте, ерте, ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады. Үйін ағаш жапырақтары және әдемі гүлдермен безендіреді.
Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Кірпіні, Түлкіні, Қасқырды, Аюды шақырады.
- Туған күнің, құтты болсын, ақ қоян! - деп, Кірпі бірінші келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.
- Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі, - деп Түлкі келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.
- Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі, - деп Түлкі келді.
- Бауырым қоян, туған күнің құтты болсын!- деп, Қасқыр бір шоқ қалампыр гүлін ұсынды.
- Аю неге кешікті?- деп төртеуі бір-біріне қарады.
Біраздан соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.
- Туған күнің құтты болсын! - деп Қоянның құлағынан тартты. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен.
Мына сұрақтар қойылып, ертегіні балалар қалай түсінгені тексеріледі.
1. Қоян достарын неге шақырды?
2. Қоян үйін қалай безендірді?
3. Ол туған күніне қандай аңдарды шақырды?
4. Кірпі қоянға не сыйлады?
5. Түлкі ше?
6. Қасқыр не әкелді?
7. Аю қандай сыйлық әкелді?
8. Қоянның құлағы не себептен ұзын?
Бұдан кейін «Жануарлар нені ұнатады?» деген дидактикалық ойын ойналады.
Қызықты арифметика.
Қоян көжегі мен бақшаға барып, қырыққабат, сәбіз жинады?
1. Қоян неше қырыққабат жинады? Сана.
2. Көжек неше сәбіз жинады? Сана.
Қосымша сұрақтар.
Қоян отырып сабақты пысықтау, белсене араласқан балаларды мадақтау, ынталандыру сыйлығын беру.
Тікелей білім беретін қызмет ( көркем шығармашылық( мүсіндеу) пен оқу облыстарын кіріктіру)
Тақпақ: «Қояндар», «Қоянға арналған сәбіз»
Мақсаты: «Қояндар» тақбағының мазмұнымен таныстыру, жадын жетілдіру; ермексазды алақаның арасына салып домалату білімін бекіту, бұрын алған дағдыларын бекіту; қызыл түсті айыру, дайын болған затқа сүйсіну.
Керекті заттар: Фланелеграф, фланелеграфқа арналған суреттер» қоян, сәбіз) сәбіз немесе оның муляжі, ермексаз, тақтайша, қағза майлық.
Барысы:
Тәрбиеші: Қараңдаршы, орындықтың артына кім тығылып қалған?
Балалар: Орындықтың артынан қоянды алып шығады.
Тәрбиеші: Бишара қоян! Шамасы ол қасқырдан қашып, бізге келіп тығылған ғой.
Тақпақ оқиды.
Тәрбиеші балаларға иллюстрация немесе сюжеттік сурет көрсетеді. Сұрақ қояды:
Тәрбиеші: Суретте не салынған?
Балалар: Суретте қоян салынған.
Тәрбиеші: Суретте қандай жыл мезгілі көрсетілген?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: Қояның түсі қандай?
Балалар: Ақ түс.
Тәрбиеші: Құлағы қандай?
Балалар: Құлағы ұзын.
Тәрбиеші: Қоянның құйрығы, көзі, мұрны қайда?
Балалар: көрсетеді.
Тәрбиеші: Неліктен қоян мұрны мен құйрығын тоңдырып алды№
Балалар: Қыста далада күн суық.
Тәрбиеші: Қоян қайда жылынуға барды?
Балалар: Балаларға жылынуға келді.
Тәрбиеші: Қоян нені жегенді ұнатады?
Балалар: Олар сәбізді ұнатады.
Тәрбиеші: Сендер қоянды аяйсыңдар ма?
Балалар: Ия аяймыз
Тәрбиеші қоянды аяуды, сипалауды, тоңып қалмау үшін көрпемен жабуды ұсынады.
Сергіту сәті: «Ұзын құлақ сұр қоян»
Тәрбиеші: Қоянды немен қуантуға болады?
Балалар: Оны қоректендіру керек.
Тәрбиеші: Әрине, өте дәмді және пайдалы сәбізбен. Қысты күні орманда сәбіз болмайды ғой, бақшаданда таба алмаймыз. Бүгін біз ермексаздан сәбізді мүсіндейміз ғой. Ол үшін бізге қандай түс керек болады?
(сәбізді көрсетіп, түсін атату)
Балалар: Бізге қызыл түсті ермексазы керек.
Тәрбиеші: Сәбіз қызыл түсті болғандықтан бізге қызыл түсті ермексаз керек. Кім тауып береді? (балалар қызыл түсті ермексазды тауып береді)
Тәрбиеші: Сәбіз неге ұқсайды? Біз оны қалай мүсіндейміз?
Балалар: Сәбіз жуан таяқшаға ұқсайды, біржақ шеті созылған.
Тәрбиеші: Еске түсіріңдерші, таяқшаны қалай мүсіндеймі? (Балалар алқанға салып көрсетеді)
Тәрбиеші: Қараңдаршы қандай сәбіз пайда болды. Бірақта қоянға бір сәбіз аз болады. Сендерде жасап беріңдер.
Балалар мүсіндеп қоянға береді. Қоян оларға ризашылығын білдіреді. Оған оларда қонақта болғаны ұнағанын, әліде қалғысы келетінін айтады.
Тікелей білім беретін қызмет ( Коммуникация мен көркем шығармашылық обылыстарын кіріктіру) «Орман тоғай шеттінде»
Мақсаты: Қыстағы ырымдарды анықтап алу керек. Балалардың тілін дамыту. Қағазға дайын пішіндерді ұқыпты жапсыру. Балаларда көңілді көңіл-күй қалыптастыру.
Керекті заттар: Ойыншықтар: қоян және сауысқан; Қағаздан жасалған себет, қоянға арналған көкөністер салынған сурет.
Барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бізде қазір жазба, әлде қыс па?
Балалар: Қыс. Қазір бізде қыс.
Тәрбиеші: Дұрыс, бізде қазір қыс. Ауа райы суық, тағы қандай?
Балалар: Қатты жел соғады. Қар жауады.
(Сауысқан ұшып келеді. )
Сауысқан. Кар-кар-кар!
Мен сауысқанмын.
Мен орманнан келдім.
Кішкене балаларды іздедім.
Сендерге қоянан хат әкелдім.
Тәрбиеші: Сауысқан не болды. Неге сен көңілсізсің? Мен қазір бұл хатты оқып берейін.
Балалар, қоян жалғыз өзі орманда қалып қойыпты, жылап жатқан көрінеді. Оған бірдеңе болғанға ұқсайды. Жан-жағы толған қар. Оған көектесу керек. Қанекей бәріміз орманға барайық. Ұмытпаңдар жол өте жіңішке, сондықтан ақырын біріміздің артынан біріміз жүруіміз керек.
(Балалар кедір бұдырлы жолмен жүреді және обручтан обручка секіреді)
Тәрбиеші: Міне біз орманғада келіп қалдық.
(Шыршаның астында жылап отырған қоянның дауысын естиді)
Саған не болды, қоян?
Қоян: Ой-ой-ой! Менің қысқа жинаған азығым бітіп қалды, жейтін ештеңе қалған жоқ. Аш болсам қасқыр мен түлкіден қашып құтыла алмаймын-әлім жоқ. Мені олар жеп қояды ғой.
Тәрбиеші: Сен жылама, қоян, біз саған көмектесеміз. Сенімен бірінші ойын ойнайық, саған көңілді болсын.
Хороводты ойын «Қоян»
Балалар қолдарынан ұстап шеңберге тұрады. Ортада көңілсіз қоян. Балалар өлең айтады:
Қоян, қоян не болды?
Сен неге көңілсіз отырсың.
Сен тезірек тұрда, секір!
Мына сәбізді алағой!
Мына сәбізді алағой!
Алда енді билей ғой!
Бір бала қағаздан жасалған сәбізді береді. Қоян оны алады да, қуанып билей жөнеледі. Балалар алақан соғады. Одан кейін басқасы қоян болады. Ойын 2-4 рет қайталанады.
Қоян: Өте әдемі, қызықты ойын екен. Бірақ өте тамақ ішкім келіп тұр.
Тәрбиеші: Балалар, менде себет бар. Қанекей, қоянға арнап осы себетті әр түрлі көкөністермен толтырайықшы.
(Балалар, себетті әр түрлі суреттер жапсырып қоянға сыйлайды. Қоян рахметін айтып орманға кетеді)
Сенсорды дамытуға арналған тікелей білім беретін қызмет «Қоянға көмектесейік»
Мақсаты: Балаларға шама мен пішін бойынша заттарды кезектестіруге үйрету керек, түс әсерлерді жинақтау, заттармен қарапайым іс-әрекеттерін бекіту керек, ұйымдастырылған оқу іс-ірекетінде қызу қатынасты қалыптастыру, мейірбан сезімдерді тәрбиелеу.
Керекті заттар: Екі шелек, (үлкен-қызыл, кішкентай-жасыл), шарлар, кубик, дөңгелек, шаршы(үлкен және кіші қызыл және жасыл түсті), сиқырлы дорба, Қоян.
Барысы:
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бізге кім қонаққа келді?
Балалар: Қоян. Бұл, Қоян. (балалар амандасады)
Тәрбиеші: Ол өзімен бірге шелектер ала келіпті. Бір шелек-кішкентай, екіншісі-үлкен. Мынау шелек қандай: үлкен бе әлде кішкентай ма?
Балалар: кішкентай.
Тәрбиеші: Шелек қандай түсті?
Балалар: жасыл.
Тәрбиеші: Дұрыс, жасыл. Ал, мына шелек қандай?
Балалар: Бұл шелек үлкен.
Тәрбиеші: Үлкен шелек қандай түсті?Дұрыс, үлкен шелек қызыл түсті. Бірақта неліктен шелектер бос. Қазір біз Қояннан сұрайық. (тәрбиеші қоянан сұрайды)
Тәрбиеші: Балалар, біз қоянға көмектесуіміз керек екен, мына сиқырлы дорбада жатқан заттармен шелекті толтыруымыз керек екенбіз. Қанекей, оның ішін қарайықшы. (тәрбиеші ішін қарайды)
Тәрбиеші: Ой, балалар, мында қаншама қызықтар бар. Қазір мен алып шығамын. ( кішкентай жасыл шар алып шығады) Бұл не?
Балалар: Шар.
Тәрбиеші: Дұрыс шар. Ол қандай үлкен немесе кішкентай?
Балалар: кішкентай.
Тәрбиеші: Кішкентай шар қандай түсті?
Балалар: жасыл.
Тәрбиеші: Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай шелекке оны саламыз?
Балалар: кішкентай жасыл шелекке.
(ұқсас сұрақтар және басқада заттармен әреккетер жүргізіледі. Балаларға сиқырлы дорбадан өздеріне заттарды алуға ұсыныс жасау. Дорба бос болған кезде-шелектер дұрыс толғанын қарау. Қоян балаларға рахметін айтып, ары қарай ойнауын ұсынады. Ойын өз еріктерімен таңдалады. )
5. Тікелей білім беретін қызмет «Қоянды жасыр. Үлкен және кіші қояндар»
Мақсаты: Балаларға құрастыруға түрткі болу керек, әр түрлі пішіндерден қабырғаларды тұрғызуға үйрету, бір кубиктің үстіне біреуін қою, көлемі бойынша заттарды айыра білуге үйрету; балаларды бір орында және алға жылжып қос аяқпен секіруге үйрету.
Керекті заттар: Ойыншық қояндар, (әр түрлі көлемде) түлкі; құрлыс материалдары(кубиктер, қышалар, брустар) тәрбиешіге және әр балаларға.
Барысы:
Тәрбиеші: Баяғыда орманда қоян болыпты. Онымен танысыңдар. Қоянның аты Прошка. (Тәрбиеші балаларға ойыншықты көрсетеді) Ол басқа қояндармен орманда көңілді секргенді ұнатады. Әсіресе Прошка және оның достары жазықтықта ойнағанды ұнатады. Бұл жерде күннің көзі жарқырап тұр және ағаштар секіруге кедергі етпейді.
Бір, екі, үш, төрт, бес-қоян секіре бастады.
Ол осылай он рет секірді.
Тәрбиеші: Мінекей жазықта түлкі пайда болды. (тәрбиеші ойыншықты көрсетеді) Не істеу керек? Айлакер түлкіден қояндар қайда тығылады? Біз қояндарға көмектесуіміз керек, әйтпесе түлкі оларды жеп қояды. Прошка мен оның достарын. Оларды қалай құтқарамыз?
Балалар: Оларды інге тығуымыз керек. Оларды алып кету керек.
Тәрбиеші: Қараңдаршы, бізде құрлыс материалдары бар: кубиктер, қышалар, брустар. (пішіндерді көрсетеді, балалар оларды атайды(хормен және жеке) қанекей осылардан стена құрастырайық, біздің қоянымызды соған жасырамыз. )
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz