Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Шоқан Уәлиханов туралы

Саумалкөл қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Мурзахметова Гуля
Амангельдиновна
Қазақстан тарихы 8-сынып

Шоқан Уәлиханов
Сарамандық жұмыс
Сабақтың мақсаты: Шоқан жайында тарихи оқиғалар туралы толық, айшықты
ой қалыптастыру, Шоқан туралы тарихи оқиғаны өз түйсігімен көз алдыына
елестету, мәтінді саралау, өз қорытындысын жасай білу, өз пікірін
дәлеледеу.

Сабақ түрі. Сарамандық жұмыс

Сабақ әдісі. Қисынды сызба жасау, қатесі бар мәтін, хронологиялық дата
құру, слыстырмалы-жинақтау кестесі.

Сабақ барысы: І. Оқушылар алдына Шоқан Уәлиханов жайында мәтін
таратылады. 5 мин уақыт оқып, мәтін алынады.

ІІ.Сарамандық жұмыс

1.тапсырма. Қисынды (логикалық сызба).
Шоқан Уәлиханов ғалым болып қалыптасуына әсер еткен жағдайлар бойынша
қисынды сызбасын сызыңыз.

Әжесі Айғаным ертегілері Шоқан Уәлиханов Әкесінің орыс
мына жағдайлар зиялыларымен бай-
әкесінің ғылымға ден негізінде ғалым болып ланыста болуы
қоюы қалыптасты:
орыс ғалымы И. Н.
Берзинмен
Ұстазы Н. Ф. Костылецкиймен байланыста болуы

2 тапсырма. Рет тесті.
1.Г.Х. Госфорттың экспедициясына қатысып, Жетісу, Тарбағатай мен Орталық
Қазақстанды аралады; 2.Черняевтің әскери экспедиция құрамында Әулеата
бекінісі алуда әскери қимылдарға қатысады; 3.Қашқарияға саяхаты: 4.
ауруға шалдығып, ауылына қайтты; 5. Петербургте болды; 6.Алатау
қырғыздарына сапары. «Манас» жырын жазды; 7. Ыстықкөлдің көлемін
топографиялық және кортографиялық деректерде сипаттады.Күзінде
П.П.Семенов-Тяншанскиймен бірге Құлжаға барды. 8. Сібір кадет корпусында
оқиды.

3 тапсырма. Мәтінде баяндалған оқиғалардың хронологиялық таблицасын
жасаңыз.
|№ |Жылдары |Болған оқиғалары. |
|1 |1835 жыл |Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов қараша |
| | |айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде |
| | |дүниеге келген. |
|2 |1847-1853 |Сібір кадет корпусында оқиды |
|3 |1855 |Г.Х. Госфорттың экспедициясына қатысып, Жетісу, |
| | |Тарбағатай мен Орталық Қазақстанды аралады |
|4 |1856 |Ыстықкөлдің көлемін топографиялық және кортографиялық |
| | |деректерде сипаттады.Күзінде Достоевскиймен бірге |
| | |Құлжаға барды. |
|5 |1857 |Алатау қырғыздарына сапары. «Манас» жырын жазды. |
|6 |1858-1859 |Қашқарияға саяхаты |
|7 |1859-1861 |Петербургте болды |
|8 |1861 |?ауруға шалдығып, ауылына қайтты. |
|9 |1864 |?Черняевтің әскери экспедици құрамында Әулеата бекінісі |
| | |алуда әскери қимылдарға қатысады. |
|10 |1865 жылы |10 сәуірде дүниеден өтті. |

4 тапсырма. Қатесі бар мәтін:

1847 жылы күзде он екі жасар Шоқан әкесімен Орынборға келеді. Әкесі
сол кездегі ең алдыңғы қатарлы оқу орны Сібір кадет корпусына түсіреді. Жан-
жақты әрі терең білім беретін кадет корпусында Қазақстан тарихына барынша
көңіл бөлініп, өлкенің табиғи байлықтарын зерттеу қолға алына
бастады.Айдаудағы ақын И.Н. Березин, саяхатшы-ғалымдар П.П. Семенов-
Тяншанский, Г.И.Потанин Ш. Уәлихановтың білімділігін жоғары бағалаған. 1855
жылы 18 жасында Кадет корпусын бітірген Шоқан корнет деген офицерлік атаққа
ие болады.
Кадет корпусын бітірген соң Жетісу генерал-губернаторының кеңсесінде
жұмысқа қалдырылды. Шоқанның достары қатарында көрнекті орыс жазушысы Ф.М.
Достоевский де болды. Тұңғыш рет 1854 ж. Орынборда танысқан.

5 тапсырма. Салыстырмалы-жинақтаушы таблица.
|Ш.Уәлихановтың |Алатау |Қашқар саяхаты|М.Г. Черняевтың әскер |
|саяхаттарын салыстыруға |қырғыздарына | |экспедиция құрамында |
|арналған сұрақтар |сапары | | |
|Қай жылы сапарға шықты? | | | |
|Бұл сапарда Шоқанның | | | |
|жазған еңбері қандай? | | | |
|Бұл сапардағы Шоқанның | | | |
|жаңашылдығы неде болды? | | | |
|Бұл сапардың нәтижесінде| | | |
|Шоқан..... | | | |

6 тапсырма. Ұлы ойшылдардың Шоқан туралы көзқарастарын анықтау.
Н.Ядренцев Шоқанға берген « Шоқан өз халқын сүюден айныған жоқ, ол
европалық ағартушылық пен өз халқының ұлттық қасиетін ұштастыруды
армандады.» деген бағасын қалай түсінесіз және оның сізге берер тәрбиелік
маңызы қандай?

Өзіндік бағалау пікірлерін түзу және дәлелдеуге арналған тапсырмалар.
1. Шоқан Уәлиханов пен орыс зиялылары ақын С.Ф. Дуров, саяхатшы
ғалымдар П.П. Семенов Тяншанский, Г.Н. Потанин, Ф.М.Достоевский
арасындағы достық қатынастары туралы ойыңыз қандай?
2. 30 жасында Шоқан өмірден озады. Осындай өте аз уақытта Шоқан қазақ
әдебиеті, тарих, этнография, география, картография, типография,
сурет салаларында өз атын қалдырды. Мұның сыры неде деп ойлайсыз?
3. Бұл уақытта Патшалы Ресейде ұлтшылдық орын алған, атап айтқанда
қазақтарды «варварлар» деп есептеген. Ал Шоқанды патша үкіметі
ғалым деп мойындап тануы неліктен?

Шоқан Уәлиханов
(1835-1865 жж.)
1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Әжесі - Айғаным, шешесі –
Зейнеп.Оның жетіле беруіне, сана-сезімнің ерте оянуына әжесі Айғанымның
ықпалы ерекше болды.
Шоқанның жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс
зиялыларымен тығыз байланыста болуы да үлкен әсер етті.
1847 ж. күзінде 12 жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет сапар шегіп,
әкесімен Омбыға келеді. Әкесі өзінің орыс достарының көмегімен баласын сол
кездегі ең алдыңғы қатарлы оқу орнына – Сібір кадет корпусына оқуға
түсіреді.
Жан-жақты әрі терең білім беретін кадет корпусында Қазақстан
географиясына барынша көңіл бөлініп, өлкенің табиғи байлықтарын зерттеу
қолған алына бастады. Қазақ халқының тарихына да көңіл бөлінді. Шоқанның
көрнекті орыс ғалымы И.НБерезинмен, тңдаулы ұстазы Н.Ф. Костылецкиймен
байланыста болуы ғылымға деген бағытын дұрыс анықтауына себепші болды.
Айдаудағы ақын С.Ф. Дуров , саяхатшы-ғалымдар П.П. Семенов-Тяншанский,
Г.Н. Потанин Ш. Уәлихановтың білімділігін жоғары бағалаған. 1853 ж. 18
жасында кадет корпусын бітірген Шоқан корнет деген офицерлік атаққа ие
болады. Кадет корпксын бітірген соң Батыс-Сібіт генерал-губернаторығының
кеңсесінде жұмысқа қалдырылды.
1855 ж. ол генерал Г.Х.Госфорттың экспедициясына қатысып, Жетісу,
Тарбағатай, Орталық Қазақстанды аралады, Іле Алатауыөңірінде болды. 1856
жылы Ш.Уәлиханов Ыстықкөлдің көлемінтопографиялық және кортографиялық
деректерде сипаттады. Кей маршруттарда ол көрнекті ғалым, географ П.П.
Семенов-Тяншанскиймен бірге болып, достығыжалғаса түсті. 1856 жылы күзде
екеуі Құлжаға барып қайтты. Ол Қытаймен екі арадағы сауда байланысын
жақсартуға үлесін қосты.
1857 жылы Ш. Уәлихановтың алатау қырғыздарына сапары Қашқар
экспедициясының алдындағы қадам болды. Ол қырғыз елін жан-жақты зерттеп,
алғаш рет Ыстықкөл аймағының картасын жасауға қатысты. Ауыз әдебиетінің
«Манас» жырын жазып, Іле өзенінің жоғарғы жағындағы Манастың жорығымен
байланысты тарихи жерлерді барып өз көзімен көріп қайтты. Ол өзінің
зерттеулерінде Сібір мен Тянь-Шаньның аралығында көшіп жүрген қырғыздар
Алатаудың байырғы ежелгі халқы болып табылатындығы ғылыми тұрғыда
дәлелдеді.Шоқанның тарих және география саласындағы жетістіктері
Петербургтің оқымыстыларын таңдандырып, ол 20-дан жаңа асқан Шоқанды Орыс
география қоғамының толық мүшесі етіп сайлады. 1858-1859 ж.ж. Шоқан Қашқар
саяхатына барып қайтты. Шоқанның Қашқарияға сапары оның ғалым, ағартушы
ретіндегі еңбектері жаңа биіктерге көтерді. Ол Қашқардың экономикалық және
саяси құрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен этнографиясына қатысты
жаңа тың деректерді жинақтады. Ол сапарға байланысты ғылыми еңбек жазды.
Бұл Шығыс Түркістан халықтарының өткеніне арналған ғылыми шоқтығы биік,
әлемдегі ең алғашқы ғылыми зерттеу жұмысы еді. Көп кешікпей Шоқанның бұл
еңбегі Германияда және Англияда жарық көрді.
Петербургте болған жылдар 1859-1861 ж.ж. Шоқан өміріндегі ең қызықты
кезең болды. Орыстың озат ойлы, зиялы қауыммен араласып, өзінің
білімділігін, талантын танытты. Шоқанның достары қатарында аса көрнекі орыс
жазушысы Ф.М.Достоевский де болды. Тұңғыш рет 1854ж. Омбыда танысқан,
кейіннен Семейде жалғасқан бұл достық – ғалым өміріндегі ірі оқиға.
1861 ж. көктемде Шоқан ауруға шалдығып, аулына қайтады. Біраз ағайын-
туысымен келісе алмаған Шоқан қайтадан Омбыға келіп, қазақтардың сот
реформасындағы кейбір мәселелерді шешуге атсалысты.1864 ж. Ш. Уәлиханов
генерал М.Г.Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін
алуда әскери қимылдарға қатысады. Алайда генералдың жергілікті халыққа
әділетсіздігіне налыған Шоқан 1864 ж. маусым айында басқа да М.Г.Черняевқа
наразы офицерлермен бірге Верныйға қайтады. 1865 ж. сәуір айында
Ш.Уәлиханов Алтын Емел жотасының (қазіргі Алматы облысы, Кербұлақ ауданы)
етегінде, Көшен тоғаны деген жерде албан руының аға сұлтаны Тезек төренің
аулында қайтыс болады.
Шоқан Уәлиханов
Сарамандық жұмыс
1. тапсырма. Қисынды (логикалық сызба).
Шоқан Уәлиханов ғалым болып қалыптасуына әсер еткен жағдайлар бойынша
қисынды сызбасын сызыңыз.

2 тапсырма. Рет тесті.
1.Г.Х. Госфорттың экспедициясына қатысып, Жетісу, Тарбағатай мен Орталық
Қазақстанды аралады; 2.Черняевтің әскери экспедици құрамында Әулеата
бекінісі алуда әскери қимылдарға қатысады; 3.Қашқарияға саяхаты: 4.
ауруға шалдығып, ауылына қайтты; 5. Петербургте болды; 6.Алатау
қырғыздарына сапары. «Манас» жырын жазды; 7. Ыстықкөлдің көлемін
топографиялық және кортографиялық деректерде сипаттады.Күзінде
Достоевскиймен бірге Құлжаға барды. 8. Сібір кадет корпусында оқиды.

3 тапсырма. Мәтінде баяндалған оқиғалардың хронологиялық таблицасын
жасаңыз.

|№ |Жылдары |Болған оқиғалары. |
|1 | | |
|2 | | |
|3 | | |
|4 | | |
|5 | | |
|6 | | |
|7 | | |
|8 | | |
|9 | | |
|10 | | |

4 тапсырма. Қатесі бар мәтін:

1847 жылы күзде он екі жасар Шоқан әкесімен Орынборға келеді. Әкесі
сол кездегі ең алдыңғы қатарлы оқу орны Сібір кадет корпусына түсіреді. Жан-
жақты әрі терең білім беретін кадет корпусында Қазақстан тарихына барынша
көңіл бөлініп, өлкенің табиғи байлықтарын зерттеу қолға алына
бастады.Айдаудағы ақын И.Н. Березин, саяхатшы-ғалымдар П.П. Семенов-
Тяншанский, Г.И.Потанин Ш. Уәлихановтың білімділігін жоғары бағалаған. 1855
жылы 18 жасында Кадет корпусын бітірген Шоқан корнет деген офицерлік атаққа
ие болады.
Кадет корпусын бітірген соң Жетісу генерал-губернаторының кеңсесінде
жұмысқа қалдырылды. Шоқанның достары қатарында көрнекті орыс жазушысы Ф.М.
Достоевский де болды. Тұңғыш рет 1854 ж. Орынборда танысқан.

5 тапсырма. Салыстырмалы-жинақтаушы таблица.
|Ш.Уәлихановтың |Алатау қырғыздарына|Қашқар саяхаты |М.Г. Черняевтың |
|саяхаттарын салыстыруға |сапары | |әскер экспедиция |
|арналған сұрақтар | | |құрамында |
|Қай жылы сапарға шықты? | | | |
|Бұл сапарда Шоқанның | | | |
|жазған еңбері қандай? | | | |
|Бұл сапардағы Шоқанның | | | |
|жаңашылдығы неде болды? | | | |
|Бұл сапардың нәтижесінде| | | |
|Шоқан..... | | | |

6 тапсырма. Ұлы ойшылдардың Шоқан туралы көзқарастарын анықтау.
Н.Ядренцев Шоқанға берген « Шоқан өз халқын сүюден айныған жоқ, ол
европалық ағартушылық пен өз халқының ұлттық қасиетін ұштастыруды
армандады.» деген бағасын қалай түсінесіз және оның сізге берер тәрбиелік
маңызы қандай?
............................................................................
.......................................................................
............................................................................
......................................................................
............................................................................
....................................................................
............................................................................
......................................................................
............................................................................
...............................................................

Өзіндік бағалау пікірлерін түзу және дәлелдеуге арналған тапсырмалар.
4. Шоқан Уәлиханов пен орыс зиялылары ақын С.Ф. Дуров, саяхатшы
ғалымдар П.П. Семенов Тяншанский, Г.Н. Потанин, Ф.М.Достоевский
арасындағы достық қатынастары туралы ойыңыз қандай?
5. 30 жасында Шоқан өмірден озады. Осындай өте аз уақытта Шоқан қазақ
әдебиеті, тарих, этнография, география, картография, типография,
сурет салаларында өз атын қалдырды. Мұның сыры неде деп ойлайсыз?
6. Бұл уақытта Патшалы Ресейде ұлтшылдық орын алған, атап айтқанда
қазақтарды «варварлар» деп есептеген. Ал Шоқанды патша үкіметі
ғалым деп мойындап тануы неліктен?

Ұқсас жұмыстар
Қазақтың көрнекті ғалымы шоқан уалиханов. 5 сынып
Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп...(конференция сабақ) 7-8 сыныптар
Қазақ халқының ұлы ғалымы
Шоқан қазақ тұңғыш
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов жайлы ақпарат
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы шоқан уәлиханов
Сабақтардың тақырыбы Тұңғыш ғалымдар
Біртуар ғалым –шоқан. шеберлік сыныбы
Оқушыларды түгелдеу
Шығармашылық тапсырма. Үйге тапсырма
Пәндер