Сабақ жоспары :: Тарих
Файл қосу
Қалмақан Әбдіқадыров Қажымұқан туралы
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров "Қажымұқан" хикаяты.
Мақсаты:
Білімділігі:
Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятындағы дүниежүзі чемпионы Қажымұқан
Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, бөлімдерінің мазмұнын игерту;алған
білімдерін бекіту.
Дамытушылығы:
Оқушылардың іскерлік, өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын жетілдіру. Ойлау
қабілетінің дамуына ықпал ете отырып, шығармашылыққа баулу, өзіндік
көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелігі:
«Көп бейнеттің зейнеті болатындығын» ұғындыру арқылы шыдамдылыққа , басқаға
жақсылық жасау, қамқор болу, қайырымды,әділ болуға тәрбиелеу
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі
Әдістері: болжау, талдау, жинақтау.(СТО жобасы)
Көрнекіліктері: электронды слаидтар, электронды окулық.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу. Көңіл-күйлерін сұрау. Оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа
аудару.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру.
Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан»
тренингін өткізу. Оқушылардың бір-біріне тілек айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сұрақтар банкасы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1. Шоқан кім? Ол жайында не білесіңдер?
2. Шоқан мысықпен қай жерде кездесті?
3. Шоқан мен мысықтың кездесу кезіндегі диалогтерін оқы
4. Мысық кім? Мысық немен айналысады?
5. Шоқанға Мысықтың қандай заты ұнады?
6. Шоқанның Мысыққа қайырымдылығы?
7. Мысық Шоқанға не үшін сенбеді?
8. Жақып кім
9. Шоқан мысықтың мүсіндерін қалай бағалайды?
10. Күзек дегеніміз не?
11. Мысық Шоқанның үйіне барудан не үшін жасқанды?
12. Шоқанның әжесінің аты кім?
13. «Бала Шоқан» шығармасының авторы кім?
14. Шоқанды Мысыққа жақындастырған не?
15. Уәдеге берік болу дегенді қалай түсінесің?
16. Шоқан Уәлиханов қай жерде дүниеге келген??
ІІ. Жаңа сабақ: Қалмақан Әбдіқадыров "Қажымұқан" хикаяты.
І. Қызығушылықты ояту (бейноролик)
ІІ. Мағынаны тану
-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» хикаяты.
-Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы, южетістіктері туралы әңгімелеу.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой
балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын
бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған
топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс
медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы
атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28
мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ
ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүние жүзінің
чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг
Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда
осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі,
Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.Қажымұқан кедей
шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға
жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала
балуан деген атқа ие болған
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906
жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ
орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай
қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр
болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата
Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван
Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен
шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай
бастайды.
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді.
Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған
біріншілікте чемпион атанады.
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік
палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа
орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі
халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы
Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы
ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты
үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай
ақша тауып майданға жолдайды.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды.
Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан
Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен
жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс
тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры.
«Джиксо» әдісі арқылы жаңа сабақты топтарға бөліп беремін.
І топ: Қар күреген бала
ІІ топ: Жаяу сүйреген шана
ІІІ топ: Ұлы Петрдің қаласында
Топтағы оқушылар тапсырмаларды қарастырып, бірге отырып талқылап,
түсіндіреді. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады.
Топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін
толықтырады, ізденеді. Оқулықтан өздігінен оқып, постер қорғайды.
ІІІ. Толғаныс
«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы.
- Балалар, Қазақстанда 28 – қаңтар мен 8 – ақпан аралығында студенттер
арасында қысқы универсиада болып өткенін білеміз. Сол универсиадағадаға
біздер де үлес қосайық. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріп
олимпиаданың символын жасайық. (Мына сақиналардың артында сұрақтар
жасырылады)
[pic]
1.Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті? (көк)
2.Отыз пұт май қатырған кеспекті, бала шанаға қалай салды? (қара)
3.Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді? (қызыл)
4. Жас бала сарайға не себепті қайта-қайта қарай берді деп ойлайсыз?
(сары)
5.Қажымұқан жайында не білеміз? (жасыл)
Қорытынды:
-Бүгінгі сабақтан әлемдік аренаға шығып халық мәртебесін асырған
Қажымұқанның қиын тағдырына ортақтастық. «Көп бейнеттің зейнеті болады»
деуші еді ғой халық.Мұқан да қиындықтардан шыңдалып, жақсылыққа
жеткен екен.Келесі сабақта оның күрес алаңына шығуымен танысатын
боламыз. Ал енді «Сынып Қажымұқанын» анықтайық.
Үйге тапсырма: Эссе:
1.Қажымұқан ағаға хат.
2.Мен –балуанмын
3.Қалмақан ағаға хат.
Бағалау.
ІХ. Рефлексия
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып, «Білім ағашына»
жапсырады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz