Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ғажайып моншақтар әлемі

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып моншақтар әлемі».

Сабақтың мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшық
еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Заттың салмағын
қасиеттерін ажырата білуге жаттықтыру.
Қиял-ойлау
есте сақтау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Кішкентай бассейн, тастар, құм, моншақ, су, әр-түрлі түске
боялған сиқырлы моншақ.

Сабақтың барысы

І. Ұыймдастыру бөлімі
-Сәлеметсіздерме балалар, көңіл- күйлерің қалай?
-Олай болса, орнымызға отырайық.
-Балалар бір жылда қанша жыл мезгілі бар ?
-Қазір жылдың қай мезгілі ?
ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ғажайып моншақтар әлемі» деп
аталады. Алдымен мен сендерге моншақ туралы түсінік берейін. Моншақ -
мойынға тағатын әшекей бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі-түсті, пішіні әр түрлі
(шар тәрізді, сопақша, қырлы) болады. Асыл тастардан, басқа да бағалы
заттардан жасалынады. (моншақ туралы слайд).
-Жарайсыңдар.
(Есікті қаққан дыбыс естіледі). Балалар бізге Ботакөз есімді қуыршақ
қонаққа келіпті.
Ботакөз қуыршақ.
Сәлеметсіңдерме балалар. Мен досымның туған күніне барайын дегем, моншағым
болып еді соларды жоғалтып алдым, тауып беруге көмектесіңдерші?

Мөлдір көлдің жағасына бардым,
Құммен жүрдім, тас жинадым.
Моншағымды соңда жоғалттым,
Әрі іздедім, бері іздедім.
Моншағымды табалмай,
Қатты мен шаршадым. (жылайды)

Балалар біз Ботакөзге моншағын тауып беруге көмектесейік, жаңа мен сендерге
моншақ туралы айттым. Сондай сияқты моншақты Ботакөзге іздеп көмектесейік.

Ендеше балалар жолға жиналайық, өзімізге сәттілік тілейік.

Топ-топ басамыз, ұзын жолмен келеміз.
1.Балалар біз құм жатқан жерге келдік.
-Ал, Ботагөз құммен ойнады ғой, мүмкін осында моншағын жоғалтып алған болар
-Балалар құм қандай ?
-Құмның түсі қандай ?
-Балалар құммен не істеуге болады ?
-Балалар сендер құмның арасынан моншақты таптындар ма ? Біз құмның арасынан
екі моншақ таптық.
Құм құрғақ, оның түсі сары.
Құммен ойнауға болады, оны құрылыста пайдаланады.
Құммен жүріп, сипап арасынан моншақтарды іздейді.
Біз екі моншақ таптық, мына жерде құмның арасынан.
Балалар тапқан екі моншақтарын жіпке кигізеді.
-Балалар, қолдарымызды қағып әрі қарай моншақтарды іздеуге барайық.
Балалар мұғалімнің артынан жүре отырып өлең жолдарын айтады:

Топ-топ басамыз, ұзын жолмен келеміз.
2.-Ой, балалар қарандаршы мынау тастар ғой жатқан, ал Ботакөз тастарды
жинады.
Мүмкін осында да моншақтар бар шығар, тастардың астарын қарап моншақтарды
іздейік.Балалар қызыға тастардың үстерінен жүре бастайды.
Тастарды көтеріп арасынан моншақтарды қарайды, екі бала 3 моншақты тауып
алады.Тастар қатты, ауыр болады.Тастардың көбісі дөнгелек пішінге ұқсайды.
-Балалар мына жерде моншақтар көбірек екен, оларды жіпке кигізейік. Екі
бала моншақтарды жіпке тізеді
-Балалар, тастар қандай қатты ма, жұмсақ па?
-Тастар қандай пішінге ұқсайды ?
-Балалар мына тастың түсі қандай ?

Топ-топ басамыз, ұзын жолмен келеміз.
3.-Балалар қарандаршы Ботакөз мына ыдыстағы суменде ойнаған ғой.
-Осы судың ішін қарайықшы. Су қандай ?
-Су жылы, мөлдір. Балалар судың түбіне қарайды, онда тастар мен
моншақтарды көреді.Су тұнық, таза сондықтан тастар көрініп тұр.
Балалар моншақтарды тауып алғандарына қуанады.
-Балалар суды біз не үшін пайдаланымыз ?
-Ертеде ата- бабаларымыз өте қиыншылық кезде, тамақ жоқ уақытында сумен
қоректенген, судың пайдасы өте көп. Не істейміз сумен ?
Жуынамыз, ішеміз, тамақ пісіреміз.
-Қанекей балалар біз моншақтарды судан алып,жіпке тізіп Ботакөзге тезірек
апарайық. Ендеше бәріміз бірге мына әдемі ғажайып моншақтардан білезік
жасайық. (жіп, түрлі-түсті моншақтар). Балалар мына моншақтар әдемі ме?
-ия
-ендеше бұл моншақтарды « Ғажайып моншақтар» деп ат қояйық.

ІІІ. Қорытынды:
- Міне балалар біздер Ботакөздің моншағын тауып беруге көмектестік.
- Жарайсыңдар. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

Сабақтың тақырыбы: «Жәндіктер әлемі».

Сабақтың мақсаты: Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру,
жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен
таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Балалардың қол қимыл
әрекетін жетілдіру, шығармашылық пен жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекіліктер: жәндіктер суреттері, жәндіктер, жаңғақ қабығы, ермексаз

Сабақтың барысы

Сабақтың барысы

І. Ұыймдастыру бөлімі
-Сәлеметсіздерме балалар, көңіл- күйлерің қалай?
-олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу үшін мен сендерге бірнеше
жұмбақ жасырамын
(Слайдқа жазылады, артынан суреті көрсетіледі)
1. Ызындап ән салады,
Жұп-жұқа қанаты,
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады. Ол не? (Шыбын)
2. Гүлдерге қонады,
Шырынын сорады,
Түр-түсі сары-ала. Бұл не? (Ара)
3. Қылдай белі бүгілген,
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? (Құмырсқа)
4. Төрт қанаты бар,
Инедей денесі бар.
Үлкен бақырайған көзі бар,
Бұл не екен, кім табар? (инелік)
5. Гүл үстінде әдемі,
Төрт жапырақ биледі,
Жұлып алайындеп едім,
Ұстатпай ұшып кетті. (көбелек)
-Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
-жәндіктер.
-дұрыс, жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар. Сонымен бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы «Жәндіктер әлемі» деп аталады

ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, жәндіктер көктем мезгілінде , күн жылынғанда шыға бастайды.
Мына жәндіктер қалай аталады? (көбелек, ара , инелік, құмырсқа, қоңыз,
щегіртке, қанқыз, шыбын). Жәндіктердің арасында пайдалысы да бар,
зияндысыда бар. Мысалы араны алсақ. Ол өте пайдалы жәндік. Ара гүлдердің
шырынынан бал жинайды, ал балды адамдар пайдаланады, емге қабылдайды,
әртүрлі тәтті тағамдар дайындайды. Көбелектер гүлдерді тозаңдандырады,
талшығынан жібек мата алынады. Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды
құрттардан тазартып, емдейді. Құмырсқа еңбекқор жәндік. Илеуіне қонған
құстардың бүргелерін тазартады. Шегіртке зиянды көк шөптерді , егінді жеп
құртып жібереді. Шегірткелер топталып жүреді.
Қанқыздың бізге тигізетін зияны жоқ, оны қолға ұстасақ өрмелеп жүреді,
қанаттарын жайып ұшады. Енді өзіміз қанқызды мүсіндеп үйренейік.

1 тапсырма .
Қанқызды мүсіндеп үйрену.
Қызыл ермексазды сылау әдісі бойынша жаңғақ үстіне біркелкі етіп жағамыз.
Қызыл ермексаз тегістеліп жағылған жаңғақ үстіне ұсақ қара дөңгелектерді
орналастырып, аяқтарын иіп, жаңғаққа қосып біріктіреміз. (қанқыз суреті)

2 тапсырма.
Сипап сезу арқылы қапшықтың ішінен жәндіктерді тап.
Қапшықтың ішінде бірнеше заттар салынған, соның ішінен жәндіктерді сипап
сезіп табу қажет.

Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты орнына.
Оңға, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

3 тапсырма
Топшамамен жұмыс
Артығын тап.
Шарты: Берілген топшаманың ішіндегі суретке мұқият қарап бір артық суретті
табу.

Ұқсас жұмыстар
Бисерден жасалған гүлдесте
Мұқағали мақатаев шығармашылығындағы түр мен түстің көркемдік ерекшелігі
Сөйлем жайлы
Дымқыл жүннен моншақ дайындау технологиясы
Жылы түске натюрморт орындау
Балалар ғарыш тұрғындарының көңіл күйі қандай болды деп ойлайсыңдар
Күшіктің туған күні
Көбелектер әлемі
«меруерт» алқа тұмаршасын – бисермен тоқу
Үйсіндердің шаруашылығы
Пәндер