Аукцион-жарыс: Квадрат теңсіздіктерді аралықтар әдісімен шешу

№2 Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Математика пәнінің мұғалімі: Халимова Талжан Махашқызы

Сабақтың тақырыбы: Математикалық биржа «Квадрат теңсіздіктер»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Квадрат теңсіздіктерді шешудің аралықтар әдісін меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ой-өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аукцион - жарыс

Сабақтың әдісі: Қайталау, талдау

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, тапсырмалар салынған конверттер

Сабақтың құрылымы - барысы:

  1. Ұйымдастыру

А) Оқушыларды түгелдеу;

Ә) Сабақтың мақсатын, өту барысымен таныстыру;

Б) Оқушыларды 4 топқа бөлу.

2. Негізгі бөлім

Аукцион - жарыс 4 кезеңнен тұрады:

1 кезең. «Теориялық бақылау сұрақтары»

Әр сұрақ 1 балмен есептелінеді.

Сұрақтар:

  1. Қандай теңсіздікті квадрат теңсіздік деп аталады?
  2. Квадрат теңсіздікті шешу әдістері
  3. Квадрат теңсіздің шешімдері
  4. а-ның мәніне байланысты квадрат теңсіздіктің шешімдерін қалай анықтауға болады


2 кезең. «Математикалық биржа» аукцион-жарыс

А, В, С - 3 түрлі конверте деңгейлі тапсырмалар беріледі. Әрбір оқушы өз мүмкіндігі мен қабілетін қарай тапсырмаларды таңдап алады. Әрбір топ әр тапсырмадан 2 данадан алады. Әр топ өз орнында шығарып, тақтада орындайды.

Бағалануы: А - 1 балл

В - 2 балл

С - 3 балл

3 кезең. «Сәйкестендір»

Теңсіздіктер шешімдерімен беріледі, жауаптарымен сәйкестендіреді.

Барлық тапсырма - 6. Бағалануы - 1 балл.

4 кезең. Тест тапсырмалары.

А, В, С деңгейде әр топқа 6 есеп беріледі.

Бағалануы: А - 1 балл, В - 2 балл, С - 3 балл.

3. Бағалау

Бағалау парақтары бойынша топ басшылары өз тобының мүшелерінің деңгейін қорытындылайды.

Бағалау шкаласы:

«5» - 20 балдан жоғары

«4» - 13 - 19 балл

«3» - 10 - 12 балл

4. Үйге тапсырма:

1) «Квадрат теңдеулер мен теңсіздіктер» теорияны қайталау

2) ӨЖ - 16 (1 - 2)


Ұқсас жұмыстар
8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар: Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу
Теңсіздіктерді аралықтар тәсілімен шешу: әдістер мен практикалық тапсырмалар
Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу: сабақ жоспары
8-сынып алгебра: Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу - сабақ жоспары
8-сынып математикасы: интервалдар әдісімен теңсіздіктерді шешу бойынша ашық сабақ
8-сынып: Квадрат теңсіздіктерді квадрат функцияның графигі арқылы шешу
Интерактивті тақта көмегімен квадрат теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу
Квадрат теңдеуге келтірілген және биквадрат теңдеулерді алмастыру әдісімен шешу
Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен оқыту: сабақ жоспары және 8-9 сыныптар арасындағы математикалық сайыс
8-сынып: интервалдар әдісі арқылы квадрат және бөлшек рационал теңсіздіктерді шешу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz