5-эксперименттік сынып: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар математика сайысының жоспары мен кезеңдері (19.01.2013)

Математика апталығы

5 -эксперименттік сыныбында

математикалық сайыс.

Тақырыбы: «Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар»

Күні: 19. 01. 2013 ж.

Пән мұғалімі: Токина Жанель Асанқызы

Петропавл қаласы

Сабақтың тақырыбы: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Сабақтың мақсаты :

1. Білімділігі: Математика пәнінен І жартыжылдықта өткен тақырыптарды қайталап, алған білімдерін көрсету.

2. Дамытушылығы : Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша ой- өрісін және логикалық ойлау қабілетін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелігі : Адамгершілікке, алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі : Топ бойынша жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест сұрақтары, сөздік, нақыл сөздер, суреттер.

Сайыстың өту кезеңі:

1) Топтардың таныстыруы.
2) «Көкпар» сайысы.

3) «Сиқырлы есептер» сайысы.

4) «Тіл - өнері» сайысы.

5) “Сен маған, мен саған”. Топпен жұмыс.

6) Тест жұмысы.

7) Топ басшыларымен сайыс.

8) Қорытындылау.

Жүргізуші сөзі.

Осы аптада «математика» апталығы аясында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» атты сайысымызды өткіземіз. Бұл сайыста қойған мақсатым оқушылардың алған білімдерін көрсету.

Бүгінгі шәкірт ертенгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

«Білімді азамат- ел ертеңі», «Білекті бірді, білімді мыңды жығар», «Білімділермен дос бол - тарыққанда ақыл береді», «Білгіштермен дос бол - адамшылығынды біледі» деген халықтың даналық сөзі бар. Бүгінгі сайысқа 5 эксперименттік сынып оқушылары қатысқалы тұр.

Бүгін біз математика пәнінің жұмбақты да, тартымды әлемімен танысамыз. Біз бұл әлемнің қаншалықты, қызықты әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

Біздің сайысымызға 2 топ қатысады.

Бірінші топ «Тапқырлар» , ал екінші топ «Алғырлар».

Асып әсте саспайық

Батыл қадам бастайық

Еркіңді билеп барынша

Жарыста сірә қалыспа!

Сайыс қызығын балалар

Осылайша шабытпен,

Кәне енді бастайық.

Армысыздар, қымбатты төрешілдер.

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер де әділ баға берерсіздер- дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырамыз.

Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

1 - тапсырма: «Таныстыру» . Эмблемалармен таныстыру және ұрандарын айту.

Тапқырлар тобы:

Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Алғырлар тобы:

Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

2-тапсырма: «Көкпар» атты сайысымды бастаймыз. Бұл сайыста оқушылар берілген жетондарды таңдап, өтілген тақырыптарды қайталау үшін сол жетондардағы сұрақтарға жауап беру керек. Әр топтан өз еркімен оқушылар шығады. Таңдаған жетондағы сан бойынша ұпай саны қойылады.

  1. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
  2. Қандай сандар 5 - ке бөлінеді?

3 . Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді.

  1. Жай сандар деп қандай сандарды атайды?
  2. Қандай сандар жұп сандар, тақ сандар деп атайды?
  3. 24 санының бөлгіштерін ата?
  4. Бөлшектерді қосыңдар:512+34\frac{5}{12} + \frac{3}{4}512+34\frac{5}{12} + \frac{3}{4}
  5. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар. Оқушы бір сан ойлады, одан 27 - ні азайтып, нәтижесін 2 - ге көбейткенде 144 саны шықты. Оқушы қандай сан ойлады?

3 - тапсырма: «Сиқырлы есептер»

\[\frac{\mathbf{Q}}{\mathbf{\tilde{O}}}\]
Бұл бөлімде оқушыларға интерактивті тақтада тапсырмалар беріледі. Оқушылар сол тапсырмаларды жылдам орындау қажет. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

  1. х-тің қандай мәнінде бөлшегі бұрыс болады?
  2. Қызыл май шамдар барлық май шамдардың қандай бөлігін құрайды?
  3. Жасыл тік ұшақтар барлық тік ұшақтың қандай бөлігін құрайды?
  4. Дұрыс бөлшектерді машинаға тие.
  5. Координаталық сәуледе жыпылықтаған нүктені белгіле.
  6. Координаталық сәуледе жыпылықтаған нүктені белгіле.

4 - тапсырма: « Тіл - өнер» сайысы. Бұл сайыста оқушылар берілген мақалды оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сол сөзді орысшаға аудару.

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Алғырлар тобы .

  1. . . . теңгең болғанша,

. . . досың болсын.

( жүз - сто)

  1. Білекті . . . жығады,

Білімді . . . жығады.

( бір - один, мың - тысячи)

  1. Жігітке . . . өнер де аз.

( жеті - семь)

Тапқырлар тобы.

  1. . . . байлық денсаулық,

. . . байлық ақ жаулық.

. . . байлық . . . саулық.

( бір - один, екі - два, үш - три, он - десят)

  1. Ағайың . . . , ана . . .

( алты - шесть, бір - один)

  1. Шындық . . . , бақыт егіз.

( сегіз - восемь)

5 - тапсырма: “Сен маған, мен саған”. Топпен жұмыс.

Блиц - турнир. Бұл турнирде топ оқушылары бір - біріне сөздер оқиды, сол сөздердің аудармаларын айту керек. ( шапшаң және дұрыс жауап беру) .

І - топ.

  1. Решить уравнение- теңдеуді шешу
  2. Өрнекті мәнін табу- найдите значение выражения.
  3. Найдите площадь прямоугольника- тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар.
  4. Бөлшектерді қысқарту -Сокращение дробей.
  5. Вычитание обыкновенных дробей -жай бөлшектерді азайту.

ІІ - топ.

  1. Выполните действия -Амалдарды орындау.
  2. Ауызша есеп -вычислите устно.
  3. Ең үлкен ортақ бөлгіш -наибольший общий делитель.
  4. Сложение смешанных чисел -Аралас сандарды қосу.
  5. Жай бөлшектерді салыстыру -Сравнение обыкновенных дробей.

6 - тапсырма: Тест жұмысы.

Тест жұмысының сұрақтарына 2 минутте жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

І - топ.

1. Тіктөртбұрыштың периметірінің формуласы?


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған Білімді мыңды жығар математикалық сайыс сабағы
Қаратоғай орта мектебінің 2013-2014 оқу жылындағы «Білекті мыңды жығар» спорттық көпсайысының бағдарламасы мен хаттамасы
Кенбай орта мектебінің Білімді мыңды жығар сайыс сабағы - электростатика
Білімді мыңды жығар - физика пәні бойынша танымдық сайыс
Білімді мыңды жығар: бастауыш сыныптарға арналған интеллектуалдық ойын-сабақ
8-сыныпқа арналған сабақтан тыс биологиялық сайыс Білімді мыңды жығар
Білімді мыңды жығар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сайыс сабақ жоспары
9-сынып оқушыларына арналған Білімді мыңды жығар химия кеші: білім және сайыс бағдарламасы
1-4 сыныптарға арналған дүниетану пәні бойынша Білімді мыңды жығар сайыс сабағының жоспары
№37 жалпы орта білім беретін мектептің Білімді мыңды жығар тақырыбындағы қазақ тілі пәні сыныптан тыс сайыс-ойын жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz