Қазақтың қос жұлдызы (Әлия мен Мәншүк)

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың қос жұлдызы (Әлия мен Мәншүк)

Сабақтың мақсаты мен міндеттері: ауызекі сөйлеу тілін дамыту, өткен материалды бекіту, пысықтау, мерекелер туралы алған білімдерін толықтыру, қазақстандық батырлармен таныстыруды жалғастыру.

Білімділік : етістік, етістіктің райлары туралы алған білімдерін бекіту, Жеңіс күні туралы әңгімелеу, Әлия мен Мәншүктің ерліктері жайлы баяндау, сауатты жазу, таза сөйлеу, сөйлемдерді дұрыс құрау талаптарын еске алып, жұмыс жүргізу, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге мүмкіндік жасау, түрлі ойындар арқылы оқушылардың жан-жақты білімдерін кеңейту, толықтыру, білімдерін нақтылау, ойын, есте сақтауын, көркем жазуын дамыту, талдау жұмыстары арқылы білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық : оқушылардың икемділігі мен ептілігін, қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту, жұмыс дағдыларын дамытуды жалғастыру; оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың танымдық белсенділіктерін ынталандыру, пәнге деген қызығушылықтарын, тапқырлықтарын, ой-өрістерін дамыту, өз ойларын шапшаң әрі анық айтуларын қалыптастыру, логикалық тұрғыда талдай білу, өз білімдерін практикада пайдалану.

Тәрбиелік : топта жұмыс жүргізуде өзгелердің пікірімен санаса білу; ортақ іске араласу сезімдерін, ұжыммен жұмыс істей білуге, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу; оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысының Батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру:

Негізгі құзіреттіліктер: табиғаттанушылық, денсаулық сақтау, жан-жақты мәдениеттілік.

Құрал-жабдықтар: «Шығыстың қос шынары» тақырыбына слайд, Әлия мен Мәншүк туралы видеофильм, Әлия мен Мәншүктің портреттері, кестелер, дидактикалық материалдар, үлестірмелі кеспелер, тақырыпқа сай ОБҚ қосымша материалдар.

Сабақ түрі:
□ үйрену және жаңа білімдерін алғашқы бекіту сабағы;

□ білімдерін кешенді пайдалану сабағы;
□ аралас.

Оқыту әдістері:
□- Оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру әдістері (Түсіндірушілік-көрнекілік: көрнекілік - суреттер, иллюстрациялар, кестелер және тағы басқаларды көрсету) .
□- Ізденушілік әрекет әдістері (оқушылар берілген танымдық тапсырмаларды өз беттерімен орындаса және мұғалімнің көмегін пайдалана отырып, оған қажетті әдістерді таңдай алса)

Пайдаланған жаңа технологиялар АКТ, сын тұрғысынан ойлау

Қолданылған жұмыс формалары жекелеме жұмыс, топтық жұмыс, жұппен, сыныппен жұмыс

Жаңа ұғымдар, терминдер: қаһарман, ерліктің үлгісі, қос шынары, өз еркімен, майдан шебі.

Сабақ құрылымы

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы
Мұғалімнің әрекеті
Оқушылардың әрекеті
Сабақ құрылымы: Кіріспе бөлімі: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің әрекеті:

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу.

Бүгінгі сабағымызға барлығыңда жақсы қатысып, жақсы көңіл-күйде болыңдар деген тілекпен сабағымызды бастайық.

Оқушылардың әрекеті:

Мұғаліммен амандасуы

Кезекшінің мәліметі

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін,

Баршаңызға қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Сабақ құрылымы: Үй тапсырмасын сұрау
Мұғалімнің әрекеті: «Қазақстандық батырлар» тақыры бына құраған әңгімелерін баяндау, 145 беттегі 3-тапсырманы қарап шығу.
Оқушылардың әрекеті: Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Сабақ құрылымы: Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсаты мен міндетін қою
Мұғалімнің әрекеті: Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсаты мен міндетін қою
Оқушылардың әрекеті: Сабақтың міндеті мен мақсатын анықтауда өзіндік көмектері
Сабақ құрылымы:

Жаңа материалмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс:

Жекелеме жұмыс:

Мұғалімнің әрекеті:

ОЖСБ-ға дайындық: етістіктің райларын қайталап, еске түсіру, етістіктің райларын анықтау: барғысы келеді, сыйлады, жүрейін, оқыса, барып келсе, кетейін, келемін, қарап отыр, жарқыраса екен.

Сөздік жұмысы: қаһарман, ерліктің үлгісі, қос шынары, өз еркімен, майдан шебі.

«Қазақтың қос шынары» туралы мағлұмат беру. Мәншүк Мәметова (шын есімі Мәнсия) Жиенғалиқызы 1922 жылы Батыс Қазақстанның Орда ауданында туған. Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанады.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж. ), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған.

Сергіту сәті

Оқушылардың әрекеті:

Топтық жұмыс

Ашық рай, қалау рай, шартты рай, бұйрық райлардың қалай жасалатынын қайталау.

Жұптық жұмыс

Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру. Құраған сөйлемдерінің бірнешеуін дәптерлеріне жаздыру.

Слайдтан көрсетіледі.

Достарым көп мектепте

Көңілдіміз мектепте

Достықты біз сүйеміз

Бірге күліп жүреміз.

Сабақ құрылымы: Қорытынды бөлімі
Мұғалімнің әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау. Шығыстың қос шынары деп кімдерді айтамыз?
Оқушылардың әрекеті: Бірнеше оқушы өз пікірін білдіреді.
Сабақ құрылымы: Оқушылардың іс-әрекетін бағалау
Мұғалімнің әрекеті: Сабаққа қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау.
Оқушылардың әрекеті: Топпен орындаған жұмыстары бағаланады
Сабақ құрылымы: Рефлексия
Мұғалімнің әрекеті:
Оқушылардың әрекеті:

Сабақ ұнаған оқушы бірінші бағанға белгі қояды.

+ + + т. с. с.

Сабақ құрылымы: Үй тапсырмасы
Мұғалімнің әрекеті: «Әлия туралы» өлеңді жаттау, сұрақтарға жауап беру, өткенді қайталау.
Оқушылардың әрекеті: Өткен ережені қайталау.

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ - ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (1922 - 1943 жж. )

Мәметова, Мәншүк (шын есімі Мәнсия) Жиенғалиқызы - 1922, Орал облысы Орда ауданы, - 1943 ж. қазанның 16-ы - қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының Батыры (1944) .

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. 1922 жылы Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген.

Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медикалық институтында оқып жүрді.

Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанады.

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі «Максим» оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан атты жолын.

Көзінен ұшқын оттай лапылдаған,
Жауына қанар тігіп, қатуланған.
Отан үшін шайқаста ауыр күнде,
Төнсе де өлім қаупі жасымаған.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) 1925 ж. 15 маусым Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келді. Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.


Ұқсас жұмыстар
Шығыстың қос жұлдызы-Мәншүк пен Әлия
Батыр қыздар
Ұлы даланың батыр қыздары. хиуаз доспанова
Қазақстандық батыр қыздардың ерліктері
Ол күндер мәңгі есте сақталады. 11 сынып
Қалайша соғысқа
Мен ер жетіп толамын
Қаһарман қызы қазақтың Мәншүк Маметованың 100 жылдығына арналған мектепішілік шара
Жеңіс келді алақай
Мәншүк туған облыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz