Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Рахмет саған, Әліппе
Рахмет саған, Әліппе!
Барысы: (Музыка ойналып, оқушылар кіреді.)
Музыка қосылып тұрады. ( Асылбек Енсепов.)
Мұғалім: - Ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 «Ә» сынып
оқушыларының әзірлеген «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігін
тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап,
бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің
алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті
танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай
жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отырмыз.
1-жүргізуші:
1 «Ә» сынып оқушыларының «Рахмет саған, Әліппе!» атты
ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы -
«Әліппе»
1-жүргізуші:
Бұл кітап - бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге
бастайтын алғашқы соқпақ.
2-жүргізуші:
Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына енді. Сондықтан
әліппемен қоштасу салтанатты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
Мұғалім:
Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып - ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай,
кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
(Балалар өздерін таныстырады.)
1. Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын,
Мен боламын Айдана.
2. Бүгін үлкен салтанат,
Менің атым Азамат.
3. Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегені тым тәтті.
Ақбота деген қыздарың,
Сіздерге арнап тіл қатты.
4. Дарасы болар даланың,
Береке деген баламын.
5. Бармағынан бал тамған,
Балдай тәтті мен Балжан.
6. Жақсылықты жақтайтын,
Бәрін біліп жаттайтын,
Бектас жігіт мен болам.
7. Раушан қызбын кең маңдай,
Әдемімін мен қандай.
8. Бегзат деген баламын,
Есепті мен шағамын.
9. Менің атым Аяжан,
Әдемімін бе қалай?
10. Көп оқитын, көп тоқитын,
Менің атым Нұрасыл.
11. Ай мен күні анамның,
Ақылдысы атамның,
Мен Махабат боламын.
12. Би билеймін айнала,
Менің атым Айдана.
13. Желдей жүйрік баламын,
Мен Бекарыс боламын.
14. Сурет салар сәулелі,
Мен Аяулым боламын.
15. Үлкенге де, кішіге де,
Мейірімді болатын,
Мен Мирас боламын.
16. Талабы таудай талапты,
Бекасыл атты баламын.
17. Келешегі қазақтың,
Мен кішкентай Отанбек.
18. Жақсы оқып сабақты,
Білімді боп өсетін,
Мен Сейтхали Мадиярмын.
19. Білімнен бақыт табатын,
Мен Медина боламын.
20. Ақерке мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
21. Перизат деген мен бала
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара
22. Сәлем берем Сіздерге
Тағзым етем иіліп
Мерей атты қыздарын
Шуақ төксің әр кімге
23. Таныстырып өтейін
Баршаға бүгін өзімді
42 әріпті жазып оқи алатын
Мұқамет деген мен болам.
24. Орындалып ізгі арман
Оралған елге ата-анам
Елнұра деген ат қойып
Нұрланған елді ансаған.
1-жүргізуші:
Армысыздар жас достар,
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Балаң келді ортаға.
2-жүргізуші:
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден.
Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңіздерші
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар:
Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға
шақырайық.
Оқушылар:
- Әліппе, әліппе, әліппе!
(Ортаға әліппе шығады.)
Әліппе:
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың-
Қуанышы халықтың.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.
Мұғалім: Ендеше балалар әліппеге арналған сыйымызды тарту етейік.
(Оқушылардың орындауында хор «Әліппе».)
Нұрасыл: Сөзімізге құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз.
Раушан: Күмбір-күмбір қоңырау,
Соғылған ай қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма.
Жазылған ай қыркүйек.
Аяжан: Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Отанбек: Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
Бекзат: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.
Айдана: Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болар Әліппем.
Аяулым: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Махабат: Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Азамат: Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
1 - жүргізуші: Айдананың орындауында «Жұлдыздай» әні.
Мұғалім:
- Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап
алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен ?
Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
Мирас: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
1 - жүргізуші:
Ал осымен әріптер,
Шежіресін бастайық
Басшысы әріптердің,
А-дан сөзді бастайық.
1. Айдана «А» – Атыраудың айдыны,
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз - Астана,
Алматымыз - бас қала.
2. Береке «Б» - Бейбітшілік бар адам жүрегінде,
Бейбітшілік бар адам тілегінде.
3. Отанбек «Г» – Гу деп алғаш бөбектер
Гуілдейді ақырын
4. Махабат «И» - Иба, әдеп, ақыл-ой,
Имандылық басы ғой.
Иісі қазақ баласын,
Инабатты дейді ғой.
5. Бекасыл «З» – Зауза ұшады зырылдап,
Зымыранша зырылдап
6. Айдана «Ө» - Өнер іздеген өсер,
Өсек іздеген өшер.
7. Мадияр «С» - Сыйламаған аз досын,
Сыйлай алмас өз басын.
8. Ельнура «Е» - Еріншектің ертеңі,
Елге таныс ертегі.
9. Медина «Т» - Тәп-тәтті нан табанан,
Таба алмай қалдым табадан.
10. Мұқамет «М» - Мен көп тердім мақтаны,
Марат мені мақтады.
11. Нұрасыл «Н» - Нағашым өтінді Назардан,
«Науат әкел» деп базардан.
12. Бектас «О» - Орындықта отырып,
Оқулықты оқылық.
13. Бекарыс «Р» - «Р-рр» деп бір ит жолықты,
Раушан одан қорықты.
14. Азамат «Ұ» - Ұл атану ұрыншақ,
Ұят екен ұғынсақ.
15. Перизат «Щ» – «Щёткамен тазарт тісіңді»
Деп ағам маған бұйырды.
16. Ақерке «Ы» – Ырысбек сүйер жұмысты
Ықыласпен жуды ыдысты
17. Балжан «І» – Ізбасар болар ініміз,
Ісінен оны біліңіз.
18. Аяулым «Д» - Дәмежанға дәрігер,
Дәрі беріп әбігер.
19. Аяжан «Қ» – Қартқа қол бер
Жасқа жол бер.
20. Бекзат «Л»- Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды.
21. Раушан «Ш» - Шабындық жер шалғай ма?
Шалғысы бар шал қайда?
22. Ақбота «К» – Кекілік –ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
23. Мирас «У» - Улы жыланды У әлі,
Уақ тас алып қуады.
24. Мерей «Х» –Хат жолдады Ахмет
«Хакім саған рақмет!»
2-жүргізуші:
Әріптерді қатар қойып,
Алфавитті құраған.
Оқу, білім өнерді,
Шамшыраққа балаған
Кім екен ол данышпан?
Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз,
Ұстаздардың ұстазы.
Бекарыс: Данышпан даласына сеніп туған,
Өмірін халық үшін беріп туған.
Еліне еңбек еткен деген сөздің,
Алғашқы мағынасын сен ұқтырған.
2-жүргізуші: Қыздардың орындауында «Айгөлек» биі.
Мұғалім:
- Балалар сендер әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Бәрі: Математика, Дүниетану, Ән, Бейнелеу.
1-жүргізуші: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
2-жүргізуші: Қолға қалам алайық,
Қанша сан бар, жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды,
Қайта-қайта санайық.
Айдана – «0» – Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді ,
Десем «бұл нөл», ұқпайды.
Азамат – «1» – Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтес тәтем жүр сауып.
Медина – «2» – Екі аяқпен жүремін ,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
Аяулым – «3» – Үйімде бар үш қалам,
Үшеуінде ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балықты ұстаған.
Ақбота – «4» – Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
Бегзат – «5» – «Бестік» деген бағаны.
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
Мерей – «6» – «Алақай!»-дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?
Елнұра - «7» – Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.
Береке – «8» – Сен де, мен де баламыз
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
Бектас – «9» – Тоғыз жасқа келгенім
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
Айдана - «10» – Он жыл,он жас-он деген,
Он жас кіші он менен.
Онды жаза аламыз
Он – тұрған бір нөл менен.
Мадияр – «11» – Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты деп жүреміз.
1-жүргізуші: Айдана мен Аяжанның орындауында «Кесе» биі.
Мұғалім:
Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың
қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата - аналарға рахмет айтайық.
Бәрі: Рахмет саған ата-ана!
(Ақырын музыка ойналып тұрады)
Мұғалім:
Әліппені оқып, білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның
болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін.
Ал енді балалар болашақта сендер қандай маман иесі боламын деп
армандайсындар?
Балжан: - Мен есепші болсам.
Мен барлық жұмысшыларға,зейнеткерлерге дер кезінде,жеткілікті етіп
айлық табыстарын беруді қарастырар едім.
Азамат: - Мен әкім болсам.
Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.
Нұрасыл: - Мен білім министрі болсам.
Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.
Ақбота: - Мен дәрігер болсам.
Кез- келген аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер
едім.
Аяулым: - Мен мұғалім болсам.
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.
Бектас: - Мен полиция қызметкері болсам.
Еліме адал қызмет етемін.
Бекзат: - Мен кәсіпкер болсам.
Ауылдағы ағайынды азық-түлікпен қамтамасыз етер едім.
Мұғалім:
Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе
қажет. Ендеше, осы әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып,
армандарыңа жетіңдер.
Медина: «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Мерей: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ақерке: Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Перизат: Әліппем, менің әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам 1000 рет
Өзіңе көп-көп рахмет!
Әліппе:
Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын
болыңдар.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінділмес кемдігім.
- Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай
мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.
Әліппе:
Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен
сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар
білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым. Қазақта айтады «Басы
қатты болса, аяғы тәтті болады» деп. Енді осы білімдеріңді ары қарай
жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,
білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!
ӘН: «Рахмет саған әліппе!».
(Оқушылардың орындауында)
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып – оқитын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың!
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
2 - жүрізуші: Қыздар тобының орындауында «Домбырасыз ән қайда?» биін
тамашалаңыздар!
1-жүргізуші: Балжанның орындауында «Ертегілер елінде атты» әні.
2-жүргізуші: Оқушылардың орындауында «Аррива» биі.
Мұғалім:
Ата - ана шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың,
Қорытындысын жасайық!!!
(шашу шашылады)
Мұғалім: Мұнда біреу жымиды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына
Мұнда сөз сөйлейді жараса
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма
Ол кім десең?
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол – ата - ана, әлемдегі сыйлы адам. - келесі сөз кезегін ата-
аналарымызға берейік.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Әліппемен қоштасу
1-куплет
Алғашқы рет қолыма ұстадым
Әліппені сыйлаған ұстазым
Білім атты әлемге аштын жол
Рахмет саған әліппе
Хош сау бол!
Қайырмасы:
Әліппе, әліппе арналады бүгін жыр саған
Әліппе, әліппе алғысымыз шексіз бір саған
2-куплет
Көмегімен өзінің әліппем
42 таныстық әріппен
Ең алғашқы білімді алдық мол.
Рахмет саған әліппе.
Хош сау бол!
Қайырмасы:
Әліппе, әліппе арналады бүгін жыр саған
Әліппе, әліппе алғысымыз шексіз бір саған
Барысы: (Музыка ойналып, оқушылар кіреді.)
Музыка қосылып тұрады. ( Асылбек Енсепов.)
Мұғалім: - Ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 «Ә» сынып
оқушыларының әзірлеген «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігін
тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап,
бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің
алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті
танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай
жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отырмыз.
1-жүргізуші:
1 «Ә» сынып оқушыларының «Рахмет саған, Әліппе!» атты
ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы -
«Әліппе»
1-жүргізуші:
Бұл кітап - бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге
бастайтын алғашқы соқпақ.
2-жүргізуші:
Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына енді. Сондықтан
әліппемен қоштасу салтанатты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
Мұғалім:
Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып - ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай,
кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
(Балалар өздерін таныстырады.)
1. Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын,
Мен боламын Айдана.
2. Бүгін үлкен салтанат,
Менің атым Азамат.
3. Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегені тым тәтті.
Ақбота деген қыздарың,
Сіздерге арнап тіл қатты.
4. Дарасы болар даланың,
Береке деген баламын.
5. Бармағынан бал тамған,
Балдай тәтті мен Балжан.
6. Жақсылықты жақтайтын,
Бәрін біліп жаттайтын,
Бектас жігіт мен болам.
7. Раушан қызбын кең маңдай,
Әдемімін мен қандай.
8. Бегзат деген баламын,
Есепті мен шағамын.
9. Менің атым Аяжан,
Әдемімін бе қалай?
10. Көп оқитын, көп тоқитын,
Менің атым Нұрасыл.
11. Ай мен күні анамның,
Ақылдысы атамның,
Мен Махабат боламын.
12. Би билеймін айнала,
Менің атым Айдана.
13. Желдей жүйрік баламын,
Мен Бекарыс боламын.
14. Сурет салар сәулелі,
Мен Аяулым боламын.
15. Үлкенге де, кішіге де,
Мейірімді болатын,
Мен Мирас боламын.
16. Талабы таудай талапты,
Бекасыл атты баламын.
17. Келешегі қазақтың,
Мен кішкентай Отанбек.
18. Жақсы оқып сабақты,
Білімді боп өсетін,
Мен Сейтхали Мадиярмын.
19. Білімнен бақыт табатын,
Мен Медина боламын.
20. Ақерке мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
21. Перизат деген мен бала
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара
22. Сәлем берем Сіздерге
Тағзым етем иіліп
Мерей атты қыздарын
Шуақ төксің әр кімге
23. Таныстырып өтейін
Баршаға бүгін өзімді
42 әріпті жазып оқи алатын
Мұқамет деген мен болам.
24. Орындалып ізгі арман
Оралған елге ата-анам
Елнұра деген ат қойып
Нұрланған елді ансаған.
1-жүргізуші:
Армысыздар жас достар,
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Балаң келді ортаға.
2-жүргізуші:
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден.
Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңіздерші
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар:
Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға
шақырайық.
Оқушылар:
- Әліппе, әліппе, әліппе!
(Ортаға әліппе шығады.)
Әліппе:
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың-
Қуанышы халықтың.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.
Мұғалім: Ендеше балалар әліппеге арналған сыйымызды тарту етейік.
(Оқушылардың орындауында хор «Әліппе».)
Нұрасыл: Сөзімізге құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз.
Раушан: Күмбір-күмбір қоңырау,
Соғылған ай қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма.
Жазылған ай қыркүйек.
Аяжан: Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Отанбек: Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
Бекзат: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.
Айдана: Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болар Әліппем.
Аяулым: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Махабат: Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Азамат: Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
1 - жүргізуші: Айдананың орындауында «Жұлдыздай» әні.
Мұғалім:
- Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап
алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен ?
Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
Мирас: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
1 - жүргізуші:
Ал осымен әріптер,
Шежіресін бастайық
Басшысы әріптердің,
А-дан сөзді бастайық.
1. Айдана «А» – Атыраудың айдыны,
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз - Астана,
Алматымыз - бас қала.
2. Береке «Б» - Бейбітшілік бар адам жүрегінде,
Бейбітшілік бар адам тілегінде.
3. Отанбек «Г» – Гу деп алғаш бөбектер
Гуілдейді ақырын
4. Махабат «И» - Иба, әдеп, ақыл-ой,
Имандылық басы ғой.
Иісі қазақ баласын,
Инабатты дейді ғой.
5. Бекасыл «З» – Зауза ұшады зырылдап,
Зымыранша зырылдап
6. Айдана «Ө» - Өнер іздеген өсер,
Өсек іздеген өшер.
7. Мадияр «С» - Сыйламаған аз досын,
Сыйлай алмас өз басын.
8. Ельнура «Е» - Еріншектің ертеңі,
Елге таныс ертегі.
9. Медина «Т» - Тәп-тәтті нан табанан,
Таба алмай қалдым табадан.
10. Мұқамет «М» - Мен көп тердім мақтаны,
Марат мені мақтады.
11. Нұрасыл «Н» - Нағашым өтінді Назардан,
«Науат әкел» деп базардан.
12. Бектас «О» - Орындықта отырып,
Оқулықты оқылық.
13. Бекарыс «Р» - «Р-рр» деп бір ит жолықты,
Раушан одан қорықты.
14. Азамат «Ұ» - Ұл атану ұрыншақ,
Ұят екен ұғынсақ.
15. Перизат «Щ» – «Щёткамен тазарт тісіңді»
Деп ағам маған бұйырды.
16. Ақерке «Ы» – Ырысбек сүйер жұмысты
Ықыласпен жуды ыдысты
17. Балжан «І» – Ізбасар болар ініміз,
Ісінен оны біліңіз.
18. Аяулым «Д» - Дәмежанға дәрігер,
Дәрі беріп әбігер.
19. Аяжан «Қ» – Қартқа қол бер
Жасқа жол бер.
20. Бекзат «Л»- Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды.
21. Раушан «Ш» - Шабындық жер шалғай ма?
Шалғысы бар шал қайда?
22. Ақбота «К» – Кекілік –ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
23. Мирас «У» - Улы жыланды У әлі,
Уақ тас алып қуады.
24. Мерей «Х» –Хат жолдады Ахмет
«Хакім саған рақмет!»
2-жүргізуші:
Әріптерді қатар қойып,
Алфавитті құраған.
Оқу, білім өнерді,
Шамшыраққа балаған
Кім екен ол данышпан?
Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз,
Ұстаздардың ұстазы.
Бекарыс: Данышпан даласына сеніп туған,
Өмірін халық үшін беріп туған.
Еліне еңбек еткен деген сөздің,
Алғашқы мағынасын сен ұқтырған.
2-жүргізуші: Қыздардың орындауында «Айгөлек» биі.
Мұғалім:
- Балалар сендер әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Бәрі: Математика, Дүниетану, Ән, Бейнелеу.
1-жүргізуші: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
2-жүргізуші: Қолға қалам алайық,
Қанша сан бар, жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды,
Қайта-қайта санайық.
Айдана – «0» – Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді ,
Десем «бұл нөл», ұқпайды.
Азамат – «1» – Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтес тәтем жүр сауып.
Медина – «2» – Екі аяқпен жүремін ,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
Аяулым – «3» – Үйімде бар үш қалам,
Үшеуінде ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балықты ұстаған.
Ақбота – «4» – Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
Бегзат – «5» – «Бестік» деген бағаны.
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
Мерей – «6» – «Алақай!»-дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?
Елнұра - «7» – Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.
Береке – «8» – Сен де, мен де баламыз
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
Бектас – «9» – Тоғыз жасқа келгенім
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
Айдана - «10» – Он жыл,он жас-он деген,
Он жас кіші он менен.
Онды жаза аламыз
Он – тұрған бір нөл менен.
Мадияр – «11» – Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты деп жүреміз.
1-жүргізуші: Айдана мен Аяжанның орындауында «Кесе» биі.
Мұғалім:
Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың
қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата - аналарға рахмет айтайық.
Бәрі: Рахмет саған ата-ана!
(Ақырын музыка ойналып тұрады)
Мұғалім:
Әліппені оқып, білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның
болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін.
Ал енді балалар болашақта сендер қандай маман иесі боламын деп
армандайсындар?
Балжан: - Мен есепші болсам.
Мен барлық жұмысшыларға,зейнеткерлерге дер кезінде,жеткілікті етіп
айлық табыстарын беруді қарастырар едім.
Азамат: - Мен әкім болсам.
Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.
Нұрасыл: - Мен білім министрі болсам.
Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.
Ақбота: - Мен дәрігер болсам.
Кез- келген аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер
едім.
Аяулым: - Мен мұғалім болсам.
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.
Бектас: - Мен полиция қызметкері болсам.
Еліме адал қызмет етемін.
Бекзат: - Мен кәсіпкер болсам.
Ауылдағы ағайынды азық-түлікпен қамтамасыз етер едім.
Мұғалім:
Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе
қажет. Ендеше, осы әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып,
армандарыңа жетіңдер.
Медина: «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Мерей: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ақерке: Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Перизат: Әліппем, менің әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам 1000 рет
Өзіңе көп-көп рахмет!
Әліппе:
Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын
болыңдар.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінділмес кемдігім.
- Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай
мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.
Әліппе:
Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен
сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар
білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым. Қазақта айтады «Басы
қатты болса, аяғы тәтті болады» деп. Енді осы білімдеріңді ары қарай
жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,
білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!
ӘН: «Рахмет саған әліппе!».
(Оқушылардың орындауында)
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып – оқитын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың!
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
2 - жүрізуші: Қыздар тобының орындауында «Домбырасыз ән қайда?» биін
тамашалаңыздар!
1-жүргізуші: Балжанның орындауында «Ертегілер елінде атты» әні.
2-жүргізуші: Оқушылардың орындауында «Аррива» биі.
Мұғалім:
Ата - ана шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың,
Қорытындысын жасайық!!!
(шашу шашылады)
Мұғалім: Мұнда біреу жымиды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына
Мұнда сөз сөйлейді жараса
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма
Ол кім десең?
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол – ата - ана, әлемдегі сыйлы адам. - келесі сөз кезегін ата-
аналарымызға берейік.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Әліппемен қоштасу
1-куплет
Алғашқы рет қолыма ұстадым
Әліппені сыйлаған ұстазым
Білім атты әлемге аштын жол
Рахмет саған әліппе
Хош сау бол!
Қайырмасы:
Әліппе, әліппе арналады бүгін жыр саған
Әліппе, әліппе алғысымыз шексіз бір саған
2-куплет
Көмегімен өзінің әліппем
42 таныстық әріппен
Ең алғашқы білімді алдық мол.
Рахмет саған әліппе.
Хош сау бол!
Қайырмасы:
Әліппе, әліппе арналады бүгін жыр саған
Әліппе, әліппе алғысымыз шексіз бір саған
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz