Ежелгі герман тайпалары, Франк мемлекетінің құрылуы және Ұлы Карл империясының қалыптасуы мен ыдырауы

Сабақтың тақырыбы: §1. Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы
Сабақтың мақсаты:
- Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі, Франк мемлекетінің құрылуы, олардың мемлекеттіңк құрылымы туралы оқушыларға баяндау. Франктер мемлекетіндегі биліктің жаңа түрі-феодалдық монархияның қалыптасып, империяға айналып, кейін қайтадан ыдырау себептерін түсіндіру.
- Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :
- Өткен жылға материалдарды қайталау.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі.
- ІҮ-Ү ғасырлардағы ғұндар
- Б. з. б. 50 жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне қоныс аударған. Ал ІҮ ғасырдың 70-жылдары ғұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкіле көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.
- Франк мемлекетінің құрылуы.
- Мемлекеттің негізін салушы салий франктерінің мереовей руынан шыққан көсемі Хлодвиг. «Сали ақиқаты»
- Мемлекетті басқару.
- Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы-граф тағайындалып қойылды.
- Жер иелену
- Франктердің христиан дініне енуі.
- Майордом билігі«Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді. Карл мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс-феодализмнің қалыптасуының бастауы болды. Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі.
Ұлы Карл және оның империясы
Империяның ыдырауы.
- Ұлы Карл өлгеннен кейін оның империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнына Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.
Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті.
- Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.
Сабақты бекіту:
- Рим империясының әлсіреуінің басты себебі неде?
- Герман тайпаларын неліктен Рим жеріне басып кірді?
- «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» кімдер басқарды?
- Франктердегі жер иелену тәртібі қандай болды?
- Франктер неліктен христиан дінін қабылдады?
- Құл иеленуші қоғам қашан жойылды?
- Қортық Пипин король атағына қалай қол жеткізді?
- Ұлы Карл империясы қай жылдары өмір сүрді?
- Ұлы Карл империясы неліктен ыдырай бастады?
- Ұлы Карл мәдениетті дамытуға қандай үлес қосты?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1-2.
http://history. ucoz. co. uk/ сайтынан алынған